Алтын адам жәдігерінің зерттелуі-ұлттық құндылық
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.5
I. ЕСІК ОБАСЫ ЖӘНЕ АЛТЫН АДАМДЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН ТҰЛҒА
1.1. Есік обасының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.12
1.2. К.Ақышев . қазақ археологиясының бірегейі ... ... ... ... ... ... ... ... 12.15
ІІ. ҚАЗАҚСТАННАН ТАБЫЛҒАН АЛТЫН МҰРАЛАР
2.1. Шіліктідегі сақ патшасы ескерткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.19
2.2. Тақсай және Талды.2 қорғандарындағы алтын бұйымдар ... ... ... ... ... .. 20.27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28.29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Еліміздің тәуелсіздік алғанына жиырма жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында егемен ел болудың алғышарты ретінде бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Ендігі кезекте еліміздің рухани, мәдени және тарихи саласын түгендеу қажеттілігі қолға алынуда. Ең бастысы, ұлт болашағы жас ұрпақтың санасына туған елінің, туған жерінің қадірін біліп, Отанын сүюге баулу үшін әлі де көп еңбек жасалуы керек. Оның бір бөлігі – ұлттық тарихты саралау, зерделеу, зерттеу.
Қазақтың байтақ даласы құдды алтынмен әспеттеліп жазылған алып кітап секілді көрінеді де тұрады. Әр парағын ашқан сайын тамсанасың, таңданасың. Ойымызда бары – осынау ұлы даланың тарихының түпсіз тереңінде мен мұңдалап жатқан көне тарихымызды, тарихи тұлғарымызды келешек ұрпақ санасына жеткізу, дәріптеу.
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тарихы – зерттелуі тиіс мол қазына. Қазақстан жерінен археологиялық қазба жұмыстары барысында табылып жатқан көптеген Алтын адамдар бүгінде Қазақстанды әлемге танытуда, осы тұрғыда табылған тарихи-мәдени жәдігерлеріміз қатарына үлкен қазына болып енген құндылықтарды зерттеу және оны таныстыру өзекті мәселелердің бірі.
XIX ғасырда Ф. Энгельс: «Тарих алыптарға мұқтаж болғандықтан, әр дәуір ақыл – ой, парасат пен білім – ғылым жағынан мықты данышпандарды дүниеге әкеліп отырды», - деп дұрыс байқаған. Осы ойды дәлелдеуде әлемдік тарих талай мысалдарды келтіре алады. Олар бар ғаламға атақты болғандықтан, атап шығуды қажетсінбейді.
Біздің еліміздің қилы да қиын тарихында көптеген тұлғалар – ұлы қолбасшылар, мемлекет қайраткерлері, реформаторлар мен ұйымдастырушылар және ғылым мен мәдениеттің дарынды өкілдері кездеседі. Осы адамдар тобында Кимал Ақышев та бар. Ұлы ғалымның ұлттық археологияны дамытуда сіңірген еңбегі ерекше екені мәлім. Биыл Кимал атамыздың туылғанына 90 жыл толды. Осы орайда ғалымның тұлғасын сомдауды да жөн санадық.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Қазақстанда табылған Алтын адамдарды зерделей отырып, оның ерекшеліктерін түсіндіру және де ең алғаш Қазақстанды Алтын адамымен әлемге паш еткен К.Ақышев өмірі мен шығармашылығына, қазба жұмыс нәтижелеріне шолу жасай отырып, қазақстандық археология ғылымының жарты ғасырлық қалыптасу тарихын сараптауға тырысу - жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Осы мақсаттан жұмыстың мынадай міндеттері айқындалды:
-К. Ақышевтің қазақ археологиясындағы орны мен қызметін ашып көрсету.
-Археология ғылымына жарты ғасыр бойы қызмет етуіне шолу жасау.
-Есік обасындағы жүргізілген археологиялық зерттеулерді қарастыру.
-Шілікті, Тақсай, Талды-2 обаларындағы жүргізілген археологиялық зерттеулердің мәнін ашу.

1. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. А., 1966.
2. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или.А., 1963.
3. Акишев К.А. Курган Иссык. Искусство саков Казахстана. М., 1978.
4. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А., 1979.
5. Акишев К.А. Саки азиатские и скифы европейские ...//Археологические исследования в Казахстане. -А., 1973. С. 43-58.
6. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. -Отрар. А., 1972.
7. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Поздний средневековый Отрар/ XYI – XYIII вв./. А., 1981.
8. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Отрар в XIII – XY вв. -А., 1977.
9. Хабдулина М.К., Талеев Д.А., Ганиева А.С. Мобилизованный археологией Акишев Кималь Акишевич. -Астана: ЕНУ, 2004.
10. Чугунов К.В. Аржан-1 и Аржан-2: сравнительный анализ // Наследие народов Центральной Азии и сопредельных территорий: изучение, сохранение и использование. – Кызыл, 2009. – Ч. 1.
11. Мыңжылдықтар куəлары: қазақстан археология ғылымы 20 жылда(1991-2011): ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы, 2011. – 448 б., + 64 б. түрлі-түсті сур.

-----------------------------------
Алтын адам жәдігерінің зерттелуі-ұлттық құндылық
\
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5
I. ЕСІК ОБАСЫ ЖӘНЕ АЛТЫН АДАМДЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН ТҰЛҒА
1.1. Есік обасының зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-
12
1.2. К.Ақышев – қазақ археологиясының бірегейі ... ... ... ... ... ... ... ... 12-15
ІІ. ҚАЗАҚСТАННАН ТАБЫЛҒАН АЛТЫН МҰРАЛАР
2.1. Шіліктідегі сақ патшасы
ескерткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-19
2.2. Тақсай және Талды-2 қорғандарындағы алтын
бұйымдар ... ... ... ... ... .. 20-27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 28- 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
0
Кіріспе
Еліміздің тәуелсіздік алғанына жиырма жылдан астам уақыт өтті. Осы
уақыт аралығында егемен ел болудың алғышарты ретінде бірқатар жұмыстар
атқарылып жатыр. Ендігі кезекте еліміздің рухани, мәдени және тарихи
саласын түгендеу қажеттілігі қолға алынуда. Ең бастысы, ұлт болашағы жас
ұрпақтың санасына туған елінің, туған жерінің қадірін біліп, Отанын сүюге
баулу үшін әлі де көп еңбек жасалуы керек. Оның бір бөлігі – ұлттық тарихты
саралау, зерделеу, зерттеу.
Қазақтың байтақ даласы құдды алтынмен әспеттеліп жазылған алып кітап
секілді көрінеді де тұрады. Әр парағын ашқан сайын тамсанасың, таңданасың.
Ойымызда бары – осынау ұлы даланың тарихының түпсіз тереңінде мен мұңдалап
жатқан көне тарихымызды, тарихи тұлғарымызды келешек ұрпақ санасына
жеткізу, дәріптеу.
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тарихы – зерттелуі тиіс мол қазына.
Қазақстан жерінен археологиялық қазба жұмыстары барысында табылып жатқан
көптеген Алтын адамдар бүгінде Қазақстанды әлемге танытуда, осы тұрғыда
табылған тарихи-мәдени жәдігерлеріміз қатарына үлкен қазына болып енген
құндылықтарды зерттеу және оны таныстыру өзекті мәселелердің бірі.
XIX ғасырда Ф. Энгельс: Тарих алыптарға мұқтаж болғандықтан, әр дәуір
ақыл – ой, парасат пен білім – ғылым жағынан мықты данышпандарды дүниеге
әкеліп отырды, - деп дұрыс байқаған. Осы ойды дәлелдеуде әлемдік тарих
талай мысалдарды келтіре алады. Олар бар ғаламға атақты болғандықтан, атап
шығуды қажетсінбейді.
Біздің еліміздің қилы да қиын тарихында көптеген тұлғалар – ұлы
қолбасшылар, мемлекет қайраткерлері, реформаторлар мен ұйымдастырушылар
және ғылым мен мәдениеттің дарынды өкілдері кездеседі. Осы адамдар тобында
Кимал Ақышев та бар. Ұлы ғалымның ұлттық археологияны дамытуда сіңірген
еңбегі ерекше екені мәлім. Биыл Кимал атамыздың туылғанына 90 жыл толды.
Осы орайда ғалымның тұлғасын сомдауды да жөн санадық.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Қазақстанда табылған Алтын адамдарды
зерделей отырып, оның ерекшеліктерін түсіндіру және де ең алғаш Қазақстанды
Алтын адамымен әлемге паш еткен К.Ақышев өмірі мен шығармашылығына, қазба
жұмыс нәтижелеріне шолу жасай отырып, қазақстандық археология ғылымының
жарты ғасырлық қалыптасу тарихын сараптауға тырысу - жұмыстың негізгі
мақсаты болып табылады.
Осы мақсаттан жұмыстың мынадай міндеттері айқындалды:
-К. Ақышевтің қазақ археологиясындағы орны мен қызметін ашып көрсету.
-Археология ғылымына жарты ғасыр бойы қызмет етуіне шолу жасау.
-Есік обасындағы жүргізілген археологиялық зерттеулерді қарастыру.
-Шілікті, Тақсай, Талды-2 обаларындағы жүргізілген археологиялық
зерттеулердің мәнін ашу.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Жұмыстың зерттелу дәрежесіне тоқталсақ,
Қазақтың көрнекті археологы Кимал Ақышұлы Ақышевтің археология ғылымы
саласында қажымас еңбек етуін ескеріп, ұлы тұлға туралы қалам тартқан бір
топ ғалымдардың еңбегі бар. К.М. Байпаков, Д. Талеев, Д. В. Семенов, Е.
Смағұловтардың еңбектерінде ғалымның өмір жолымен археология саласындағы
орнымен қызметі баяндалған болатын. Ғылыми жұмыстардың алғашқы жемісі -
Кимал Ақышев басқарған бір топ авторлардың Ежелгі Отырар атты аса құнды
кітабының дүниеге келуі болды. Монографияда Отырарды зерттеу барысында
табылған тың материалдар мен олардың Қазақстан археологиясының теориялық
және практикалық мәселелерін шешудегі орны қаралып жаңа тұжырымдар мен
болжамдар ұсынылды. Мұның барлығы Отырарды жаңаша зерттеудің басы
болатын. Д. Талеевтің айтуы бойынша: К. А. Ақышев өмірде өте қарапайым
кісі еді. Саналы мінез құлқы соғыс жылдарында қалыптасқан Кемекең өмір бойы
сол қалпынан таймады. Ол кісінің өмір жолы талайларға өнеге боларлықтай
оқиғаларға толы. Адамның ойын кезіне қарап түсінетін қасиеті сол өмірден
жиған тәжрибиесінің жемісі болар. Археологи скупы ра слова, но верны
памяти деген сөзі бүкіл археологтарға берген мінездеме деуге тұрады. Өзі
таңдаған мамандықтың қыр-сырын толық меңгерсе де кейбіреулер секілді оңай
атақ жинаудың жолын қумай ескеркіштердің келер ұрпақ үшін жақсы сақталуын
ойлайтын Кемекеңнің көп қазғанына емес, көп қазбағанына қуанғанына талай
куә болдым. Сондай-ақ К.Ақышевтің еңбектері қазақ-орыс тілдерінде ғана
емес, өзге тілдерде де жарық көрді. Бұл кісі жайлы шетел ғалымдары өз
мақалаларымен еңбектерінде сыр шерткен. Тақырыбымызда біз алғашқы
зерттеулер жүргізген ғалымдармен танысу олардың жазған еңбектерімен
атқарған жұмыстарының ауқымдылығын маңыздылығын білуден кейінірек әр түрлі
себептерге байланысты зерттеулердің біршама тоқтап қалуы, тек ХХ ғасырдың
соңына қарай археология ғылымындағы аса биік орын алатын ғалымдардың бірі
А.Н.Бернштам, Е.Агеевалар Отырар өңірін зерттеулерінде Ақышевтың Отырар
өңірі жайлы еңбектерін жоғары бағалаған. Сақ үйсін мәдениетін зерттеуде К.
Байпаков, К.Л.Ерзакович К. Ақышевтың атқарған жұмыстарына тоқталған. 50-
жылдардың аяғы К.А. Ақышев атақты Бесшатыр обасын қазумен байланысты болды.
1954, 1957-1961 ж.ж. Іле өзені бойында зерттеген сақтардың Бесшатыр,
Қызылауыз, Жуантөбе, Қадырбай, Қарашоқы, Алтынемел ескерткіштерінің
материалы негізінде Древняя культура саков и усуней долины реки Или атты
монографиясының кіріспесінде сақтардың шығу тегі туралы шетел және сол
кездегі кеңес археолог ғалымдарының пікірлеріне жан-жақты талдау
жасаған. Алынған материалды жан-жақты анализдеу К.А. Ақышевке 1963 жылдың
өзінде-ақ сақтардың таза көшпенді болмағанын, өздерінің үнемі қыстаулары
мен жылы жайлары болғаны туралы айтуына негіз болады. Сақ кезеңінде
Жетісуда жайылымдық көшпелі жүйе орнаған. Осы монографияда археологиялық
деректер негізінде К. А. Ақышев сақтардың Орталық Қазақстанның андронов
тайпаларынан шыққанын айтады және Қазақстандағы қола жебелер ұштарының
классификациясы мен хронологиясын келтіреді. Осылайша ғалымның ғылыми
ізденісінің тағы бір бағыты –сақ өнерінің шығу тегі проблемасы пайда болды.
Қ. Ақышев сақтар мәдениетін талдауда Алғы Азиялық, Үндіирандық мәдениет
болмысына жүгіну, солармен салыстыра отырып сөйлету бағыты басым болатын
және ежелгі дүниеде Жетісуда металлургия мен қола еріту өндірісін жүргізу
болғанын айтады. Ғалымның Қазақстан археологиясына қосқан аса ірі
жаңалықтарының бірі Алтын киімді адамды тауып зерттеуі болды. 1969 жылы
Жетісу археологиялық экспедициясы Есік қорғанын қазуды бастайды. Қорған
Есік кітабында тек керемет материалдар ғана жарияланып қойған жоқ, сонымен
қатар сақтардың әлеуметтік қатынасы саласына экскурстар жасалынды. Есікте
табылған жазу авторға сақтардағы мемлекеттік мәселесін сенімді түрде қоюға
мүмкіндік береді. Бұл ерекше мәселе Қазақстандағы өркениеттің дамуына
ерекше қарауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың құрылымы 2 тараудан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1.1. Есік обасының зерттелу тарихы
Археологтар алғаш рет әлемдік тәжірибеде республика көлемінде
археологиялық карта жасап, онда материалдық құндылықтың 5 мыңға жуық
ескерткіштері есептеліп, сипатталды. 50- жылдардың соңында К.Ақышевтің
қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның
ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады. Одан жинақталған материалдарды
талдай келе, К.Ақышев сақтардың таза көшпенді емес, олардың қыстайтын орны
мен жылы баспаналары болғандығына көзі жетеді және осы тұжырымға нық
тоқтайды. Сол жылдардың өзінде-ақ ол тағы бір ғылыми ізденістің бағытын –
сақ өнерінің шығу тегін зерттеуді көздейді және ежелде Жетісуда дербес
металлургия ошағының және қола құю өндірісінің дамығандығын дәлелдейді.
Бұл бағыт Есік қорғанынан Алтын адамды тапқанда да әрі қарай жалғасын
тапты. Қорғандардың көпшілігі ертеде тоналған, тек бүйірдегісі ғана, яғни
жас сақ көсемінің жатқан жері аман қалған. Қазу тәсілі мен түрлі сызбалар
арқылы Алтын адамның бейнесі қайтадан жаңғыртылды. Сақтар түсінігінде
ескірмейтін, шірімейтін алтын зат мәңгіліктің символы ретінде танылған.
Ғылымнан белгілі, тірі кезінде алтын бұйымдар тек патшалардың киіміне ғана
жапсырылған. Ал о дүниеге алтын әшекей заттармен аттандыру оның өмірін
мәңгілік ету идеясымен байланысты болу керек.
Алтын адам 1969-1970 жылдары тарих ғылымдарының докторы, академик
Кимал Ақышев бастаған археологтар тобының қазба жұмыстары нәтижесінде
Алматы қаласына 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған. Топырақ
қорғандармен ұштасып жатқан зираттар солтүстіктен оңтүстікке қарай аумағы
үш шаршы километрдей жерді алған. Бұл қорғандар патша қорғандары деп
аталады. Есік қорғанының диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. Бір қорғанда
орталық зират және қырынан жерленгендердің зираты бар болғаны анықталған.
Орталық зират бірнеше қайтара тонаудың нәтижесінде өзінің бұрынғы қалпынан
өзгерген. Тонаушылар қырынан жерленген зиратты таба алмаған, ол ешкім
тимеген күйінде түгелдей сақталған. Бейітте ұзындығы 1,5-3 метрлік Тянь-
Шань шыршасынан жасалған табыт болған. Ағаш табыттың солтүстік бөлігінде
ұзыннан жатқыза жерленген адамның қаңқасы, ал оңтүстік және батыс
бөліктерінде ыдыс-аяқтар орналастырылған. Жерленген адаммен бірге киімінен
алтын пластиналар, белбеу, қару-жарағы, жанынан қола айна, жақұт тастармен
әшекейленген алтын сырға табылған. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар,
жылқы, түрлі құс бейнелерін беретін хайуанаттар стилі деп аталатын скиф-сақ
зергерлік өнерінің үздік үлгісі. Жерленген адамның басынан бастап аяғының
ұшына дейін 165 см.
Есік обасы біздің заманымыздан бұрын V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ
тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш.
Обадан табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған.
Бас киім 150-ге жуық әшекей заттармен безендірілген. Биік, шошақ
төбелі, ұзындығы 70см шамасындағы бас киімі әшекейлердің орналасуына
байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі және жер асты
әлемі. Арқардың алтын статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан. Ол
таудың мәңгілік қар-мұз басқан шың құздарын мекендеуші жануар тәңірге бір
табан жақын, кіршіксіз деп есептелген. Әсемдікті көрсетіп тұрған жан-
жағындағы төрт жебе, әлемнің төрт жағын бейнелейді. Олар сабы жіңішке алтын
лентамен спираль сияқтандырып оралған және жоғары жағы жапырақ тәрізденіп,
ортасы қуыс болып келген. Бұл бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің
төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді
білдіреді.
Сақ тайпаларының мифологиялық бейнелерінің бірі – жылқы болып
есептелінген. Бас киімде бір-біріне қараған екі жылқы бейнесі кездеседі. Ол
кәдімгі мініс жануары, әлем аймақтарының бірінен-біріне өтудің көлік
құралы, тәңірдің бұйрығын сақтап жеткізуші, дүниені жалғастырушы буын.
Сонымен қатар жылқы адамдар әлемі мен аспан әлемі арасындағы дәнекер болған
және ол өзінің иесіне өлімнен кейінгі сапардан соңғы мақсатына жетуіне
көмектеседі деген. Сақ жауынгерінің бас киімінің дәл ортасында
таңғажайып қанатты тұлпарорналасқан. Жылқы – сыннан өткен дос, жолдас,
соғыс қаруы, ата-бабалар дүниесімен қарым-қатынас құралы ретінде көрінеді.
Сонымен қатар салтанатты рәсімдік, тәңірлік және аластаушы жануар қызметін
атқарған.
Құстардың бейнелері негізінен көк аспанның нышаны болып есептеледі. Құс
бейнелері нақтылықты, дәлме-дәл мергендікті, жылдамдық пен тегеурінділікті
де білдіреді. Мұндай бейнелер жүйріктік пен ұшқырлық болсын деген тілектен
туындаған. Құстың ерекшелігі, олар бір жағынан-құс, яғни аспан аясының
нышаны, ал екінші жағынан, бұл құстардың табиғаты, яғни биологиялық
ерекшеліктері оларды Ғарыштың төменгі өрісімен байланыстырады және аспанда
тек Құдай ғана мекендейді, ал оған құс қана ұшып жете алады деген ұғымдар
қалыптасқан. Сондай-ақ, құс көсемнің билік нышаны да болып есептелген.
Таудағы барыс – бұл образ жоғарғы әлем – аспанды білдіреді. Жалпы
алғанда жоғарғы дүние мен адамдар әлемін байланыстырушы-әлемдік тау деген
мағына береді. Жауынгер идеалын кейіптейтін барыс бейнесі ер жүректіліктің,
тәкаппарлықтың, еркіндіктің және патшалық тұқымның нышаны санатында
есептелген. Осыған қарап еліміздің болашаққа ұмтылысын білдіретін барыс
образы мемлекетіміздің елдік рәміздерінен лайықты орын алып отыр.
Бас киімнің артқы жағындағы табиғат көрінісін тау тәріздес
әшекей бейнелеп тұр. Ежелгі кезде адамдар әлемді тауға ұқсатты, сондай-ақ
Құдайлар мекені деп те есептеген. Ол адамды жаугершілікте, аң аулауға
шыққанда сақтап жүреді деп сенген. Ал алтынды қасиетті металл ретінде күн
шуағына теңеді және бұл бағалы металл хан билігін меңзеген.
Тауешкі бейнесіндегі әшекей де кездеседі. Ол ірі де мықты мүйізі бар
тұяқты жануар ретінде жаратылыстың ортаңғы аймағымен байланысты болған. Оны
өмір бәйтерегімен, әлем өзегімен байланыстырады. Тауешкі жердегі рухты
көктегі жайылымға, яғни жоғарғы әлемге апарады деген наным қалыптасқан.
Тау ешкісі таза құрбандық жануары, Құдайлар және жоғарғы әлемнің жануары
ретінде қабылданған.
Мойнында домалақ жүзік сияқты үш оратылған алтын алқа, екі ұшында
жолбарыстың бас пішіні бейнеленген. Бұйымның материалы мен көркі оның
көшпелі ақсүйек өкілдерінің сән-салтанаттық киімінің ең маңызды
элементтерінің бірі екендігін көрсетіп тұр.
Үстінде үшбұрышты алтын жапсырмалармен тағылған қысқа қамзол,
көкірегінің тұсы, жеңі алтын тағалармен өрнектелген. Бұл жапсырмалардағы
басты идея – көк аспан идеясы, яғни күн нышаны мен кульминациясы.
Пластиналардың киімге тігуге арналған тесіктері бар. Бұл киімді ұсақ, жұқа
шытыралармен безендіру, күнделікті тұрмыста киюге арналмаған. Мұндай ұсақ
бұйымдар жерлеу ғұрпына арнайы дайындалған. Ежелгі халықтардың ұғымы
бойынша алтын мәңгі өмірді, қуаттылықты білдірген. Бір жағынан, алтын
белгілі бір топтың өкілін білдірсе, екіншіден, бағалы металл ретінде күн
Құдайы ұғымдарымен байланысты болды және осылайша жерленген адамды мәңгілік
өмірге жетеледі.
Қысқа қамзол – құрастырмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас
бейнелер, сонымен қатар 16 тоға бұғы бейнесінде жапсырылған. Белдікті
безендірген шығыршық және алтын белдік бас. Оған барыс бейнесі және иіріліп
жатқан қасқырды бейнелеген. Қасқыр мен барыс басқа әлемді бейнелейтін және
жендеттік жасайтын жыртқыш болып есептеледі. Сондықтан да жауынгер идеалын
кейіптейтін қасқыр образы ер жүректіліктің, тәкаппарлықтың, еркіндіктің
және патша тұқымының нышаны ретінде саналған. Шексіз даланың жауынгерлері
өздері қасқырға еліктей отырып, олардың сарбазға қажетті қасиеттерін
бойына жұқтырып, өздерін қасқыр, барыс түрінде сезінетін болған.
Бұғы мүйізінің үлкендігі сонша, тұтасымен арқасын жауып тұр және
аяқтарын бүгіп жатыр. Бұғы ертеде тотемдік аң болып есептелді, яғни оған
табынған. Ол мифологиялық, дүниетанымдық, діни және сақ тарихымен тығыз
байланысты. Бұғының мүйіздері тым ұзын әрі салалы, арқасына қарай жайылған,
сирақтары бауырына бүгілген. Ширыққан серпінді қалпы дәл берілген. Бұлшық
еттері жиырылып тұрғандай әсер қалдырады.
Белдіктің оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын
пластинкалар бұғы және жылқы бейнесінде жапсырылған қынға салынған темір
акинак. Жылқы және қару-жарақ, бұл екеуі далалық көшпелі образынан айрылмас
алғашқы діни құндылыққа ие болған дәнекерші деген ұғым, яғни батырлық
негізімен байланысты және патшаға мәңгілік өмір бере алатын қасиеттерге ие
болатын жануар. Оң жақ қолында екі алтын жүзігі бар. Оның бірінің бетінде
тәж киіп қырынан қараған адам бейнесі, ал екіншісінде айналы қалқаншасы
бар. Айналы қалқанша биліктің белгісін білдіреді. Жүзік адам жанымен
жалғасып және жер әлеміндегі болып жатқанның бәрін ғарышқа жеткізіп тұрады
деген ұғым болған, сондай-ақ жерге бағыт бағдар беруші болып есептелген.
Саф алтыннан тұратын бұл жүзік асқан шеберлікпен, үлкен талғампаздықпен
жасалған. Мөр жүзікте мамандардың айтуынша, ежелгі көшпенді тайпалар мен
кейбір жергілікті халықтардың құдайларының бірі – Митра бейнеленген. Бұл
мөр рөлін атқарған деген жорамал да бар.
Аяғында өкшесі жоқ ұзын қонышты етік. Сақтардың мифологиясы, олардың
қоғамдағы дәрежесі, көшпенділердің идеологиясы олардың киген киімдерінен
айқын көрінген. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі Алтын адамның Жетісу жерін
мекендеген көрнекті елбасы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын
көрсетеді. Бұл олжа сақтар мәдениетін, олардың мифологиясын, өнерін,
жазуын, әлеуметтік құрылысын зерттеуге мүмкіндік береді. Сақ жауынгерінің
киімі өте күрделі де үйлесімді композиция.
Барлығы қорғандағы бейіт ішінде металдан, балшықтан жасалған 31 түтік
және күміс қасық пен ағаш ожау да бар екен. Ыдыстар мынадай тәртіп бойынша
орналастырылған: қабірдің оңтүстік қабырғасында ағаш түтікшелер, ал батыс
жағында балшық және металл түтікшелер, құмыралар.
Жазу мәдениетінің сол кезде жоғары дамығандығын, күміс
тостағандағы жазу дәлелдейді. 26 таңбадан тұратын, Қазақстан жерінен
табылған ең көне жазу. Бірнеше оқылу нұсқалары бар.
1. Ғалым, тіл маманы Алтай Аманжоловтың оқуы бойынша: Аға, саған (бұл)
ошақ! Жат адам тізеңді бүк! Ұрпағымызда ас-су мол болғай!
Қазақтың шаңырағына бөтен адам келгенде еңкейіп кіріп, сәлем беріп,
асығыс болған жағдайдың өзінде тізе бүгіп отырып кетеді. Ол шаңыраққа деген
құрмет. Осы үрдіс сыры да Алтын адамның қасынан табылған күміс тостағандағы
жазудан басталған болу керек. Күміс тостағандағы жазу ғалымдармен әлі
зерттелу үстінде.
Бұл ескерткіштер осы арадағы өмір сүрген тайпалардың мәдениет
дәрежесінің, әлеуметтік-экономикалық даму сатысының, бірдей өмір сүру
сипатының этникалық және қан жағынан туыстық, жақындық белгілерін
дәлелдейді.
1.2. К. Ақышев – қазақ археологиясының бірегейі
Халқымыздың тұңғыш маман археологтарының бірі – Кимал Ақышев. Ол
зерттелуі архивте жүзеге асатын тарихпен емес, мағлұматтары жер астында
орналасқан археология ғылымымен айналысқан. Ғылымның бұл саласын таңдаудағы
басты мақсаты – жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылым жолын кеңейтіп, қазақ
жерін бүкіл әлемге танымал етуге арман етеді. Бұл салада жолы болып, еңбегі
ақталған ғалым-археолог Кимал Ақышұлы Ақышев 1924 жылы Павлодар облысының
Баянауыл ауданындағы Керегетас тауының баурайындағы қыстауда дүниеге
келген.
1942 жылы Алматы қаласындағы №25 орта мектепті бітіргеннен кейін кеңес
әскері қатарына тіркеліп, Воронеждегі әскери байланыс училищесіне
жіберілді. Орта мектепті бітіргенге дейін Кимал Сәтпаев болып атанып жүрген
ол ағасының рұқсатымен өз тегіне өтеді.
Әскери училищені аяқтаған соң, 1943 жылы көктемде 230 Сталиндік
атқыштар дивизисы құрамында Воронеж түбіне майданға аттанады. Қазақ
арасында ең сәнді болып танылған геолог мамандығына деген қызығушылығы
болған К.Ақышев ағасы Қаныштың ақылына құлақ асып, С.М. Киров атындағы
Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1950
жылы бітіреді. 1947 жылы А.Х. Марғұланның бастауымен Орталық Қазақстан
жеріне өзінің алғашқы археологиялық экспедициясына шығады.
КСРО Ғылым Академиясы Археология институтының Ленинград бөліміне
аспирантураға түсіп, 1953 жылы 4 желтоқсанда Мемлекеттік Эрмитаждың Ғылыми
кеңесінде М.П. Грязновтың жетекшілігімен Орталық Қазақстанның қола дәуірі
атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғайды. Студенттік жылдары
археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. 1953 жылы Қазақ КСР ҒА Тарих,
археология, этнография институтының археология бөліміне жұмысқа
қабылданады.
ХХ ғ. 50-жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табылған
сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын
алады. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлемдік маңызы
зор Есік обасынан табылған Алтын адам (б.з.б. V-ІV ғасырлар), Бесшатыр
(б.з.б. VІ-V ғасырлар), Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді. Қола, ерте темір
дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу мәселелерін анықтады.
Нұра мен Есіл өзендерінің сағасындағы ортағасырлық қалалар туралы
алғашқы деректер Ресей империясы Бас штабының тапсырмасы бойынша 1816 жылы
Есіл мен Нұра аумағын зерттеген кен инженері Иван Шангиннің күнделігінде
келтірілген. Оның бұл күнделіктері 1820 жылы Ресейдің императорлық
Сибирский вестник журналында жарияланған. Осы ерте ортағасырлық
қалалардың жұрнағын табу жұмысымен өткен ғасырдың 50-70 жылдарында Әлкей
Марғұлан айналысқан. Алайда Астана қаласы төңірегінде орын тепкен Бытығай
және Бозоқ қалаларының орны тек еліміздің астанасы Алматыдан Ақмолаға
көшірілген кезеңде анықталды. Бозоқ қаласының орнын 1998 жылы тауып, 1999
жылы алғаш археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген Есіл археологиялық
экспедициясының негізін қалаушы және жетекшісі К. Ақышев болатын.
Кимал Ақышұлы көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға
белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын
айқындауға елеулі үлес қосты.
XIX ғасырдың II жартысында Қазақстан археологиясы жақсы дамыды, ол
материалдық ғылыми зерттеуінде анық байқалады.Зерттеушілер қатарына сол
кездегі В.В. Радлов, П.П. Семенов Тянь-Шанский, Ш.Ш. Уәлиханов, Г.Н.
Потанин сияқты ғалымдар жатады.
1933 жылы Орталық Қазақстанда ірі археологиялық қазба жұмысын
Мемлекеттік Академия экспедициясы өткізеді. Оның құрамында П.С. Рыков, М.П.
Грязнов, М.И. Артоманов, И.В. Синицын, М.Н. Комарова сияқты тәжірибелі
ғалымдар болды. 40-50 жылдарда ерте көшпелілердің өнері туралы тарихына
арналған мақалалар жарыққа шығады. А.Н. Бернштам еңбектерінде Бурабай мен
Карагалинкада табылған олжалар туралы кездеседі. Соғыстан кейінгі жылдарда
Н.В. Валукунский ежелгі тау-кен ісі мен металлургия жайлы қызықты тарихи
деректерді жинаумен айналысады.
1946 жылы республика территориясында археологиялық зерттеумен
айналысқан Қазақ ССР ғылым Академиясында археология секторы
ұйымдастырылады. Орталық-Қазақстандық экспедиция құрамында А.М. Оразбаев,
М.К. Қадырбаев, Л.Р. Қызыласов, А.Г. Максимова, Г.И. Пацевич сонымен қатар
К.А. Ақышев та қатысты.
Экспедицияның негізгі қазба жұмыстары Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай мен
Қарқаралы аймақтарында шоғырланған. Бұл жерлердің топографиясы әр алуан,
көбінесе қола мен ерте темір ескерткіштері кездесетін өзен аңғарлары мен
ойпаттар бар. 1946 жылы археологиялық барлау негізінде Сарысу өзені бойында
жаңа археологиялық ескерткіштер табылды [4, 119-145-б.].
1947 жылы Бетпақдаланың Солтүстік пен Солтүстік-Батыс бөлігінде
жүргізілген барлау ісі қола мен ерте темір дәуірлерін зерттеуде маңызды
материалдар берді. Мұнда Айшырақ, Дарат, Сангру обалары мен Атасу І, Бұғылы
І, ІІ, ІІІ тұрақтары ашылды. Сол жылы Беғазы обасын зерттеу жұмысы алға
қойылды, бұл 1948 жылға дейін ұласты. Алынған материал қаланың екі
кезеңіне: андроновтың және кейінгі қолаға қатысты болды. Жұмыстың нәтижесі
көп кешікпей жарияланды [4, 3-36-б.].
1951 жылы Талды-Нұра өзенінің жоғарғы бөлігінде андроновтың Былқылдақ І
мен ІІ обалары қазалап алынды. Барлық назар андронов мәдениетінің дамуының
ерте кезеңін анықтау үшін материалдың алынуына аударылды. Талды-Нұра
маңындағы шатқалдарда көптеген жаңа қола ескерткіштер, соның ішінде
Ақбауыр, Байтбала мен Сенкебай тұрақтары табылды. Археологтар Есіл өзен
бойындағы Сарыарқа мен Атасу тұрақтарының микроаудан ретіндегі салу
принципін атады. Мұнда баспана ман шаруашылық құрылыстары біріне-бірі дәліз
арқылы жалғанған және осы микроаудандар бір шатыр астында орналасқан. Үй
ішінде жылулық жылы еден жүйесі жүргізілген. Бұл жүйе бойынша жылу
ошақтан еден астынан тор арқылы ирек түрде жіберіледі.
Тарихи лингвистика, археология, этнология зерттеулері андроновтың
тарихи арийлер екеніне ешқандай күмән келтірмейді. Бұл ғылымда ежелгі
Авеста мен Ригведа жазба деректері арқылы белгілі.
Авеста мен Ригведа -б.з.д. ІІ мыңжылдықтағы халықтың мифологиясы,
мәдениеті мен тарихы жайлы құнды мәліметтері бар ежелгі арийлердің діни
әнұрандар жиынтығы. Онда ежелгі арийлердің тұрмысы мен мінез-құлығы, арман-
үміті өлең жырлармен жазылған. Арийлердің тарихи Отаны - ұлы Арья
Внейджудің бейнелеуі Орталық Қазақстандық далалар мен географиялық,
климаттық жағымен өте ұқсас.
Есіл, Тобыл мен Нұрада соғыс арба қалдықтары мен сүйектен жасалған ат-
әбзелдерімен бірге жылқы қаңқалары бар ежелгі арийлік жауынгерлердің
қорғандары табылды. Өлген адаммен бірге дәмді тағам мен оның қаруы: қола
найза, қанжар, оғы бар садақ жерленген. Бұл олжалар қасиетті Авестаның
мәтінін дәлелдейді. Археологтардың табыстары ежелгі арийліктерде
өркениеттің жоғарғы деңгейде болғанан, олардың Батыс Сібірлік далалық
жерлерінен Шығыс Түркістан шөлдеріне дейін мекендегеніне мен Орталық
Қазақстанның даласынан Үндістанның солтүстік аймақтарына, Синьцизянның
шығысына дейін (Қытайлық археологтармен ашылған Қытайдың солтүстік
батысындағы ақ шашты мумиялар бар обалар) миграциялағанын көрсетеді.
Андроновтардың құрылыстарында критмикендік мәдениет қалдықтары
байқалады. Андроновтықтар азаттық далаларда тау-кен ісімен алғаш
айналасушылардың бірі, олар берік металл-қоланы өндіру технологиясы мен
руданы балқытатын пешті тұңғыш жасағандар болып табылады. Сонысен қатар,
андроновтар Атасу мен Қолбада, Нарым мен Шығыс Қазақстанда қалайыны бірінші
болып өндірді. Шығу тегі жағынын Қазақстандық қалайы химиялық құрамы
бойынша Еуразия батыс жеріндегі Днепрде, Солтүстікте кездеседі. Олар алтын
өндірушілердің алғашқылырының бірі еді, ашылған шахталары алтынжерлі
Степняк, Бестөбе мен Ақсуда орналасқан. Бұл жылы, әдемі металлды
андроновтық өзіне әшекейлі бұйымдар жасау үшін пайдаланған. Бұған дәләл
ретінде археологтар қорғандардан қола мен алтыннан жасалған әшекейлі
заттарды тапты. Олардың саны соншалықты, ғалымдар ежелгі андронов
әйелдеренің сәнді киімін қайта құрай алды. Әр қоғамда сияқты әлеуметтік
жас аралықты бейнелейтін нышан болып табылатындықтан, андронов қыздарының
да бас киімі мен киім-кешегі әйелдерден ерекше болған.
1952 жылы Атасу өзенінің бойындағы Айшырақ І, ІІ мен Шерубай – Нұра
өзенінің бассейнінде Ақсу – Аюлы І мен ІІ және Бұғылы обаларының қазба
жұмысы жүргізілді. Алынған материалдарды Орталық Қазақстандағы қола
дәуірінің ескерткіштеріне байланысты К.А. Ақышевтің диссертация жұмысында
көруге болады [5,3 – 5-б.]. Онда ескерткіштер классификациясы үш сатыда:
федорлық, алакөл, дәндібай баяндалады. Сонымен қатар, шаруашылығы мен
тұрмысы, металургиялық ісі, қоғамдық құрылымы мен діни ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz