Ластану проблемасы



КІРІСПЕ
1 Негізгі бөлім
1.1 Табиғат ластануының түрлері мен жіктелуі.
1.2 Қазақстан жерлерінің геоэкологиялық ластануы
1.3 Табиғатты ластанудан қорғауда табиғатты пайдалану құқығын енгізу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Геоэкологиялық көзқарас бойынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінде пайда болып жатқан заттар;
2) қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялық заттар).
Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары - өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады.
Ластаушы загтар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұл классификациялау - ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:
-сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;
-инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;
-өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер;
-органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;
-шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток);
-радиоактавті заттар;
Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.
1. Арынғазииев С.«Табиғат ластануының негізі», Алматы.-2007 ж.
2. Амманиязов К. «ҚР табиғи ландшавтылардың бұзылуының геоэкологиясы, оны болдырмаудың шаралары», Алматы.-2009 ж.
3. Сағынтаев Б. «Энергетикалық ластану-бүгіні мен болашағы», Павлодар-Кереку-Екібастұз,2009 ж.
4. Сағынтаев Б. «Табиғатты пайдалану құқығы мен пайдалану тиімділігінің технологиясы», Екібастұз.- 2008 ж.
5. Сарғадықова М. «Табиғатты ластаушы көздерінің сыныптамасы», - Астана.- 2005 ж.
6. Костромов В. «Жаһандық геоэкология-21 ғасыр»,-Эксмо.-2003 ж.
7. Васильев В. «Геоэкологиялық ластану негіздері мен оны зерттеу аспектілері»,-Москва.,-2008 ж.

КІРІСПЕ

Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық,
химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи
ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Геоэкологиялық
көзқарас бойынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды
әсерлердің нәтижесінде пайда болып жатқан заттар;
2) қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялық заттар).
Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы)
биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су,
жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз
құраушылары - өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады.
Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс
орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік,
мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады.
Ластаушы загтар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін
ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұл классификациялау
- ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын
қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар
саналады:
-сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;
-инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;
-өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер;
-органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;
-шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток);
-радиоактавті заттар;
Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер
сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-
қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.
Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз)
болып табылытындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи заттардың бір заттың
көптігі немесе онда басқа заттардың болмауы (жаңа қоспалардың) экологиялық
факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар
өзінің шынайы мәнінде эколгиялық фокторлар болып табылыды. Демек, бұл
факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қандай да организмнің (немесе
қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды.
Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция
қарқындылығы, ендеше бүтін биогеоценоздың да өнімділігі кемиді.
Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез келген зат
алмасушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттарды
құрамдас бөліктер деп атайды. Құрамдас бөліктер табиғи да (мысалы,
жанартаудың атқылау, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң т.б.), антропогенді
де (қоғамның іс - әрекетінің нәтижесі) текті бола алады.

1 Негізгі бөлім
1.1 Табиғат ластануының түрлері мен жіктелуі.

Ортаның ластануы – күрделі, көп түрлі үрдіс. өндіріс қалдықтарындағы
химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқы болмаған жерлерге тап болады.
Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына
кіретін молекулармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде
тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып
табылатыны түсінікті.
Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы). Шыққан тегі бойынаша
ластанудың екі түрін қарастыруға болады:
– адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын
ластанулар;
– адамдардың іс – әрекеттерінің нәтижесінде болатын антропогенді
ластанулар; бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлердің үлкен үлес
қосады.
Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:
1)Биологиялық - кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы;
2)Механикалық - қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің
нәтижесінде ластануы:
3)Химиялық - қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ жылдар
бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі;
4) Физикалық ластану - бұл бес түрге бөлінеді:
а) Өнеркөсіп жөне жылу-энергетикалық комплекстердің жұмысы
арысында коршаған орта температурасьшың бұзылуы, мұны жылулық деп
атайды.
ә) Жарықтық - жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен баска,
жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік жөне жануарлар дүниесінің тіршілік
ету жағдайының өзгеріске үшырауы;
б) Шу, дабыл нәтижесінде;
в) Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;
г) Радиоактивті ластану.
5) Микробиологиялық ластану — адамның тіршілік етуі барысында,
антропогенді жүйелерде немесе ортада әр түрлі ауру тарататын зиянкес
организмдердің көбеюі.
Қоршаған ортаның ластануы - кез келген экологиялық жүйеге, оған тән
емес сипаттағы жанды-жансыз компоненттердің қосылуы немесе құрылысының
өзгеруі нөтижесінде, экожүйенің - зат, энергия алмасуы бұзылып,
өнімділігінің төмендеуі.
Ластаушылардың табиғаты бойынша ластанудың мына түрлерін айырады:
1. биологиялық ластану – экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу
және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай – ақ
бактериологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды;
2. физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік, шулық
және т.б.);
3. химиялық (биосфераның химиялық заттармен ластануы.
Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды айырады.
Біріншілік ластануға – биосферадағы табиғи және антропогенді процестер
арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады. Екіншілік ластану –
қоршаған ортадағы физикалық- химиялық процестердің нәтижесінде орта мен
адамға зиянды заттардың түзілуі жатады. Мысалы, екіншілік ластануға ауадағы
газдардың әр түрлі газдардың қосылысынан түзілетін қала үстіндегі тұманды
келтіруге болады (смог).
Қоршаған ортаның компоненттеріне байланысты біріншіден атмосфераның,
гидросфераның, (литосфераның) және атмосфералық ауаның, жербеті мен жерасты
суларының және топырақтың ластануын қарастырады. Адам организміне ылғи
түсіп тұратын ластаушы заттардың 70% тамақпен, 20% - ауамен, ал 10% - сумен
бірге түседі.
1.2 Қазақстан жерлерінің геоэкологиялық ластануы

Қазір ғылыми-техникалық үдеу заманында адам коғамының барлық тірлігі
саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай
жағдай, әсіресе біздердің табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген
енжарлығымыздан, немқұрайды қарауымыздан анық байқалады. Кезінде дарынды
орыс оқымыстысы академик В.И.Вернадский (1944) аңсаған адам қоғамының
саналы қимылының нәтижесінде биосферадағы тіршілік жаңа сатыға "ноосфераға"
(ақыл-еркіне) көшу жолының әзірше жүзеге аспай тұрғанын мойындауымыз керек.
Белгілі Америка экологы О.Одумның (1975) бағалауы бойынша адамға жақсы
өмір сүру үшін (мекендеуі, тамақтық т.б. заттармен қамтамасыз етілуі, дем
алуы) орта есеппен әр адамға 2 гектардай жер керек екен. Оның 0,6 гектары
тамақтық заттар өндіру үшін; 0,2-сі мекендеу мен өндіріс үшін, ал 1,2
гектары жыртылмай, табиғи күйіндс сакталуы керек. Бұл жерлер дем алып,
саяхат жасаумен қатар биосфераның экологиялық қалыпты болуына қажет.
Ескеретін жай, казіргі әлемдегі 6,3 миллиард халық үшін жоғарғы кажетті
көрсеткіш көптен бер-ақ кеміген. Мысалы, жер жүзіндегі әр адамға қажетті
0,6 гектар жыртылған жер орнына 0.3 гектар-ақ келеді. Дегенмен бұл
көрсеткіш әр мемлекеттерде әр түрлі. Соңғы жылдарға шейін бұрынғы орталық
Мәскеу Қазақстан өндірісінің 93%-на қожалық етіп, жерімізге, қоршаған
ортамызға өте үлкен нұқсан келтірді. Себебі республикамыз Одақтың
нұсқауымен негізінен шикізат өндірумен шұғылданып келді, ал шикізат өндіру
- өндірістің ең "лас" саласы. Өктемдігі күшті империя 70 жылдан астам қазақ
жерінің барлық байлықтарының беткі "қаймағын" ғана алып, экологиялық зиянды
қоқыстарын қалдырып отырды.
Қазақстанда бүкіл Д.И.Менделеев кесте жүйесіндегі элементтердің
барлығына жуығы табылғаны белгілі. Халық шаруашылығымызға қажетті барлық
пайдалы қазба байлықтар, құрылысқа қажетті құрылыс материалдары да осы
өзімізге мекен болып отырған жеріміздің қойнауында, оның әр түрлі
тереңдігіндс жатыр. Осы байлықтарды барлау, қазып алу, байыту, тасымалдау
кезінде жерімізге көптеген - "жарақаттар" түсті. Онын үстіне олардың
көбісін ең "арзан" ашық әдіспен қазып алғандықтан, бұл аймақтардың
экологиялық жағдайы нашарлады. Мұндай бүлінген жерлер қатарына негізінен
кен карьерлері және оларды казу кезінде кен байлықтарды басып жатқан
жамылғы топырақтар мен тау жыныстарын басқа алқаптарға жылжытудан пайда
болған құрамы әр түрлі тау жыныстарынан тұратын үйінділер жатады. Бұған
байыту фабрикаларынан шығарылған қалдық-қоқыстарды, жылу
электростанцияларынан шыққан күл мен шлактарды, мекенді орындар мен
өндірістік мекемелерден тасталынған металл қалдықтары, резиналар, шыны-
әйнектер, бетондар т.б. тұрмыстық қоқыс-қалдықтарын қосыңыз. Ескеретін жай,
бұл қалдықтарды көбінесе тез арада ыдыратып, минералдандыратын бірден-бір
жәндік немесе микроорганизмдер жоқ. Сондықтан олар бірнеше ондаған,
жүздегсн жылдар бойы жатуы да мүмкін. Бұл қалдықтар пайдасыз өнім ретінде
өзі жатқан жердің шөбін өсірмейді, өлі жердің көлемін арттырады, алқаптың
санитарлық жағдайын нашарлаталы. Міне сондықтан да өз қолымызбен табиғатқа
енгізген зиян әрскеттерімізді өзіміз қолымызбен жақсартып, бүлінген
жерлерімізді қайта культивациялап, ал өнімді жерлерімізді басып жатқан
қоқыс-қалдықтардан тазалап, оның құнарын қалпына келтіруіміз қажет.
Қазақстан ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда
өндірісіміз бүлдірген жер көлемі санитарлық зонаны қоспағанда 200 мың
гектардай екен.
Ескеретін жай, республикамызда мұндай қазба байлықтарды алған кезде
"таза бұзылған" жерлерден басқа әскери-өндірістік кешендерден бүлінген
жерлер қаншама. Олардың басым көпшілік жерлері ядролық қару-жарақтарды
сынау, ғарыш кемелерін көкке ұшырған кездерде бұзылып, зақымданып оның
ішінде радиацияға шалынып, "ғарыш" қоқыстарымен ыластанады. Бұл
мәліметтердің көп уақыт құпия болып келгені мәлім. Қазақстан Жоғарғы
Кеңесінің депутаттар тобы кейінгі кездерде анықтағандай, еліміздің
"қорғаныс" мақсатына бөлінген жер көлемі 20 млн гектардан асады. Бұл
"қорғаныс" мақсатындағы объектілердің қазақ жеріне, халқына тигізген және
болашақта да тигізетін кесапат зияндарын нақтылап есептеу - келешектің ісі.
Қынжылатын шындық, Жер планетасында тек Қазақстанда ғана ядролық-
стратегиялық бағдарлама толық жүзеге асты. Оларға қажетті шикізат осында
табылып алынды, ядролы қондырғылар осында дайындалып, осында сыналды,
ракеталы-ғарышгық кешендер осында сыналып, осында көзі жойылды. Мұның
барлығы 40 жыл бойы. Жалпы Қазақстанда 500-ден астам атом бомбасының
жарылысы болды, оның 20-дан астамы Семей полигонынан басқа аймақтарда. Уран
кеніштерінің аймақтарында экологиялық жүйенің барлығы да қатты ластанды.
Батыс Қазақстан аймағындағы Азғыр, ал осы облыстармен шектес жаткан
Ресейдегі Капустин-яр полигондарының қазақ жеріне тигізген экологиялық
зияндары ұшан-теңіз екені даусыз.
Біздің шамалауымызша ол жерлердің кемінде жартысы бүлінген және
ыластанған жерлер. Бұл жерлер негізінен Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе,
Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында
орын алған.
Бұзылған, шаңы шыққан жерлер қатарына бүлінген жайылым жерлер де
жатады. Жайылымдардың тарлығынан олардың біркелкі суландырылмағандығынан
қыстау мен мал суаратын және елді мекендер төңірегіндегі миллиондаған
гектар жайылымдар "тұяқ тесті" алқаптарға айналған. Ауылшаруашылығы
айналымына жарамай шыққан жайылымдар көлемі қазақ ауылшаруашылығы
академиясының академигі А.Асановтың (1991) мәліметіне қарағанда 15 млн га,
ал өнімі көп кеміп, бүлінген жайылымдардың жалпы көлемі 60 млн гектардан
асады.
Өнімділігі көп кеміп, бүлінген жерлер қатарына біздср тағы да ауыр
техника мен транспорт салмағымен бұзылған және мұнай-битум қалдықтарымен
ыластанған Каспий өніріндегі жайылым жерлерді де жатқызамыз. Шамамен
олардың көлемі 4-5 млн гектардай. Сонымен құнары қатты кеміп бұзылған,
ыластанған жерлер көлемі республикада 85-90 млн гектарға жетеді. Олардың
құнарлығын қалпына келтіру үшін әр түрлі топырақты қайта құнарландыру
шараларын қолдану қажет. Бұл шаралардың күрделілігі, мерзім ұзақтығы әр
жерде әр түрлі болады.
Ескеретін тағы бір жай, жерді қайта құнарландыру объектілеріне су
тасқынынан кейін сайлы-салалы, құм-тасты болып қалған алқаптар және су
астынан жаңа босаған жерлер де жатады.
Қазақстандағы дағдарыс аймақтарын айтқан кезде территориясы түгелдей
Қазақстанда жаткан Балхаш көлі аймағы, территориясы шамамен жартылай
Қазақстанда орналасқан Арал теңізі аймағы. Каспий теңізінің терістік-шығыс
алқабы. Бұлардың ішіндегі экологиялық апатқа өте қатты ұшырағаны Арал
теңізі бассейнінде орналасқан жерлер.
Арал мәселесі, оның тағдыры, оған суын құятын екі үлкен өзендермен -
Әмудария жәнс Сырдариямен байланысты. Кезінде белгілі географ ғалым
А.И.Воейков (1908) шөл далада мұндай теңіздің пайдасыз жатуы бос ысырап, ол
табиғаттың "қатесі", оның қоршаған ортаға да ықпалы елеусіз, сондықтан да
дұрысы оған құятын өзендердің суын мақта, күріш өсіруге пайдалану тиімді
деп есептеген. Кеңес заманындағы империя белсенділері осы есепке сүйене
отырып, табиғат "қатесін" жөндеуте кірісті. Сонымен күдіреті күшті
Орталықтың су министрлігінің тікелей араласуымеи Орта Азия республикалары
мен Қазақстанда мақта, күріш т.б. егістерін өрістету кездеріндс өзен
бойларында бірнеше су қоймалары салынып, екі өзен сулары ауыздықталып егіс
алқаптарына пайдаланылды. Сонымен 1960 жылға дейінгі сақталып келген,
өзендер құятын сумен Арал айдынынан булану тепе-теңдігі бұзыла бастады.
Әрине, Арал қасіретін толық сипаттап жату мүмкін емес, сондықтан тек бұл
жайындағы қорытынды мәліметтерді келтірейік. Арал деңгейі осы жылдар
арасында 17-18 метрге төмендеді, теңіз жүздеген шақырымға шегінгендіктен,
су астынан босаған алқаптар теңіздің бұрынғы көлемінің жартысына жуықтады.
Теңізге құятын тұщы судың күрт кемуінен теңіз суының тұздылығы көп артты.
Бұрынғы 1 литрдегі 8-11 г тұз енді 30-35 г-ға жетті. Теңізде балық құрыды.
Құрғаған теңіз табанынан жел суырып ұшыратын тұз бен шаңның зияны тек
Қызылорда облысы, Қазақстан ғана смес, әлемнің талай түкпірлеріне баратыны
туралы деректер келіп түсуде. Сондықтан Арал қасіретін тек жергілікті емес,
дүние жүзілік қасірет деп түсіну керек.
Арал қасіретіне тікелей ұшыраған Қызылорда облысы түгелдей, Актөбе,
Шымкент және Қарағанды облыстарының Арал бассейнімсн шектескен аймақтары
үкіметіміздің шешімі бойынша экологиялық апат аймағы болып жарияланды. Арал
апатын халық бұрынырақ сезген еді, бірақ оған араша түсу орталықтың
құдіреті күшті кезде мүмкін болмады. Оның үстіне "шегініп бара жатқан
Аралды жуырда келетін Сібір суымен толтырамыз' деген үміт бар еді. Тек
1986 жылы орталык көптен айтылып келе жатқан мол сулы Сібір өзендерінің
суын Орта Азия мен Қазақстанға бұру жөніндегі жобаларды үзілді-кесілді
тоқтатқаннан кейін бүкіл Арал аймағындағы халық "Аралға араша", "Арал
тағдыры - адам тағдыры" деген ұрандарды айта бастады. Бірақ бұл тілектің
орындалу уақыты өтіп кеткен еді. Арал аймағы экологиялық апатқа көптен
ұшыраған-ды. Енді Аралды бұрынғы қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін емес.
Әңгіме - экологиялық жағдайды әрі қарай ушықтырмау үшін ең болмағанда теңіз
деңгейін осы қалыпта сақтау жайында болып жүр. Арал апатының халық
шаруашылығына, адам өміріне тигізген зияны көптен бері айтылып келеді.
Сырдария суы Аралға шамалы жеткенімен, жалпы Қызылорда облысының халық
шаруашылығына, оның күріш тағы басқа егістеріне, мүқтаждарына негізгі өзек
болып отырғаны шындық. Бірақ "су басындағылар су ішеді, су аяғындағылар у
ішеді" дегеннің кері келіп, Дарияның суы бүкіл Өзбекстан, Оңтүстік
Қазақстан жерлерін басып өтіп, ондағы мақта тағы басқа егістіктерді
'"химияландырудың" әсерлерін өзімен бірге ала келеді. Аралға жақындаған
сайын Дария суына облыстың жоғарғы аудандарындағы күріш, тағы басқа
егістіктерді "химияландыру" әрекеттерінің "жемістері" қосыла береді. Судың
тұздылығы артып, оның химиялық құрамы нашарлап адамнан бастап бүкіл
тіршілікке, жер экологиясына қатты зиянын тигізуде. Ол туралы нақтылы
материалдар баспасөздс айтылып жүр.
Арал бассейніндегі апат теңіздің шегінгенінен, Каспий аймағындағы
апат, керісінше, теңіз деңгейінің биіктеуінен, құрғақ жерлерді басып,
өзінің көлемін ұлғайтуға байланысты болып отыр. Осыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау
Экологиялық кризистер және экологиялық катастрофалар
Шымкент қаласында топырақтың ауыр материалдармен ластану дәрежесі
Дүниежүзінің ғаламдық экологиялық мәселелер
Мен және мені қоршаған орта
Қоршаған ортаның ластануы – ғаламдық мәселелер
Экологиялық проблемалар туралы
Қалдықсыз және жартылай қалдықты өндірістік технологиялар
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясы
Пәндер