Топырақтың ауыр металдармен ластануы



КІРІСПЕ
1 Негізгі бөлім
1.1 Топырақтың ауыр металдармен ластануы
1.2 Топырақтың органикалық заттармен ластануы
2 Ақтөбе қаласының техногенез жағдайындағы топырақ .өсімдік жүйесіндегі ауыр металдар және олардың қаланың экологиялық жағдайына әсері
2.1 Ақтөбе қаласының топырағының физика . географиялық сипаттамасы
2.2 Ақтөбе қаласының топырақтарының ауыр металдармен ластану
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның көптеген аймақтарындағы экологиялық жағдай сын көтермейді. Ғылыми-техникалық прогресс қоршаған ортаның көптеген мөлшерде зиянды заттармен ластанып, қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Республиканың көптеген аймақтары газ, сұйық және қатты күйдегі өндіріс қалдықтарымен, сульфаттармен және ауыр металдармен ластануда. Қоршаған ортаның зиянды заттармен ластану деңгейі жоғары болуына байланысты олардың топыраққа, суға, ауаға түсуіне, тигізетін зияны мен биологиялық рөлін зерттеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Өндіріс ошақтары орналасқан аудандардың топыраққа көп мөлшерде әр түрлі химиялық қосылыстар, ауыр металдар түсуде. Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сыйымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдай тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақ ешнәрсеге айырбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылыми әлі күнге дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды. Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңызды мәселе топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу, сақтап қалуға барынша жағдай жасау.
1. Бимагамбетова Г.А. «Топырақтың химиялық құрамы және оның улы заттармен ластануы» ҚР ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері профессор Байжұманов Әнуар Байжұманұлының 70 жасқа толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.- Алматы, 2008. -309-312 б.
2. Мұхаметкарімов Қ.М., Бимагамбетова Г.А., Әлімбаев С.С. «Ақтөбе қаласына автокөліктен шығатын қалдықтардың зияны» ҚР ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері профессор Байжұманов Әнуар Байжұманұлының 70 жасқа толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.-Алматы, 2008. -442-447 б.
3. Бимагамбетова Г.А., Кенжебай М-Ш. «Өсімдіктер-табиғи орта химиялық ластағыштарының биоиндикаторлары» ҚР ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері профессор Байжұманов Әнуар Байжұманұлының 70 жасқа толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.-Алматы, 2008.-448-452 б.
4. Мұхаметкарімов Қ.М., Бимагамбетова Г.А. «Таза ауа – тіршілік көзі» Қазіргі кездегі экология және экологиялық білім беру мәселелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. -Ақтөбе , 2008.- 301 - 303 б.
5. Бимагамбетова Г.А. «Жарық дүние жанары» Астананың 10 жылдығына арналған облыстық ғылыми практикалық конференциясы.-Ақтөбе, 2008. -208 - 210 б.
6. Бимагамбетова Г.А. «Окружающая среда и транспорт» // Ізденістер, нәтижелер. -2009.- № 3. -78 -80 б.
7. Мұхаметкарімов Қ.М., Бимагамбетова Г.А. «Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайына байланысты топырақтарда ауыр металдардың шоғырлану ерекшеліктері» // Ізденістер, нәтижелер. -2009.- № 2. -157-159 б.
8. Бимагамбетова Г.А. «Ағаш өсімдіктерінің атмосфералық ауаны реттеудегі маңызы» // Ізденістер, нәтижелер. -2009 . -№ 2. -159- 162 б.
9. Мұхаметкарімов Қ.М., Бимагамбетова Г.А. «Ақтөбе қаласының ауасын ластаушы автокөліктер мен стационарлы объектілердің сипаттамасы». // Ізденіс.-2009. № 4 (1). -99-101 б
10. Бимагамбетова Г.А. «Ақтөбе қаласының топырағы мен өсімдік жүйесіндегі ауыр металдардың мөлшері».// Почвоведение и агрохимия . -2010.-№ 3. -59-63 б.
11. Бимагамбетова Г.А. «Экологическое состояние почв города Актобе. Өзбекстанның топырақтанушылар және агрохимиктерінің V съездінде Ташкент, -2010. -251-253 б .
12. Бимагамбетова Г.А. «Ақтөбе қаласы топырағы мен ағаш өсімдіктерінің жапырақтарында ауыр металдардың шоғырлануы» Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтының 65 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Алматы, 2010.- 512-515 б.
13. Канагатов Ж.Ж. Экологическая оценка влияния химических (пестицидов и нитратов) и физических факторов на агроценозы на примере Талдыкорганского региона. // Мат.науч-практ. Конф. молодых ученых, посвящ. Году поддерж. культ. – Талдыкорган, ЖГУ. 2000. - С. 48-52.
14. Бигалиев А.Б., Кенжебеков А.К., Канагатов Ж.Ж. Экологическая оценка влияния промышленных предприятий на водные ресурсы Талдыкорганского региона Алматинской области. // Мат. науч-практ. конф, посвящ. 10-летию Межгосударст. Координац. Водохозяйств. Комиссии (МКВК). 20-22 февраля 2002 года, МВК «Атакент-Экспо» - Алматы, 2002. - С. 401-403.
15. Бигалиев А.Б., Кенжебеков А.К., Канагатов Ж.Ж. Экологическая оценка влияния агропромышленного комплекса на водные ресурсы Талдыкорганского региона Алматинской области. // Мат. науч-практ. конф, посвящ. 10-летию Межгосударст. Координац. Водохозяйств. Комиссии (МКВК). МВК «Атакент-Экспо» - Алматы, 2002. - С. 404-405.
16. Бигалиев А.Б., Кенжебеков А.К., Смаил Н.Н., Канагатов Ж.Ж. Экологическая оценка влияния Текелийского ГОК ОАО «Казцинк» на компоненты природной среды в бассейне реки Каратал. // Мат. Межд. науч-практ. Конф. «Региональные проблемы экологии и безопасности жизнедеятельности» Казахская головная архитектурно-строительная академия. - Алматы, 2002. - С. 480-484.
17. Бигалиев А.Б., Кенжебеков А.К., Канагатов Ж.Ж., Бакенова А.К. Экологическая оценка влияния хвостохранилища Текелийского ГОК ОАО «Казцинк» на жесткость поверхностных вод Талдыкорганского региона Алматинской области. // Печат. Мат. Междунар. науч-практ.конф. «Современное состояние образования и науки в Казахстане и пути их реформирования». - Талдыкорган, 2003. - С. 151-158.
18. Қанағатов Ж.Ж. Өсiмдiктер физиологиясы пәнiнен оқу әдiстемелiк құрал // (оқу - әдістемелік нұсқау). - Талдықорған, ЖМУ, 2003. - 48 б.
19. Кенжебеков А.К., Тайсерекова Ж.А., Адилов А.А., Канагатов Ж.Ж. Экологическая характеристика отходов производства и потребления и пути их утилизации. // Учеб. пособие. - Талдыкорган, ЖГУ, 2006. - С. 107.
20. Қанағатов Ж.Ж. Омыртқасыздарды биотест ретінде пайдалануға арналған зертханалық жұмыстар. - Талдықорған, 2008. - 42 б.
21. Қанағатов Ж.Ж. Талдықорған қаласы аймағының экологиялық жағдайының бақылауда тышқантәрізді кеміргіштерді пайдалану. // Хабаршы/ вестник КазНУ, экологиялық серия, - Алматы, № 2(23). 2008. - 78-84 б.
22. Қанағатов Ж.Ж.Текелі қаласы атмосфералық ауасының ауыр металдармен ластану деңгейі. // ҚҰАУ / Ізденістер, нәтижелер ғылыми журналы, - Алматы , № 1. 2009. - 74-77 б.
23. Қанағатов Ж.Ж. Зерттелген ауданнан алынған топырақ сынамаларындағы ауыр металдардың мөлшері. // ҚҰАУ / Ізденістер, нәтижелер ғылыми журналы, - Алматы , № 1.2009. - 77-79 б.
24. Экологическое состояние окружающей природной среды Республики Казахстан и меры по ее улучшению. Государственный доклад. – Алматы, 1996. – 336 с.
25. Акуальные проблемы охраны окружающей среды. Экономические аспекты. Под. ред. Чумженко Н.Г., Белашова Л.А. АН СССР. Ин-т экономики промышленности. Ворошилоградский филиал. Киев: Наукова думка, 1979, - 319 с.

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның көптеген аймақтарындағы
экологиялық  жағдай сын көтермейді. Ғылыми-техникалық прогресс қоршаған
ортаның көптеген мөлшерде зиянды заттармен ластанып, қалыптасқан табиғи
тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Республиканың көптеген аймақтары
газ, сұйық және қатты күйдегі өндіріс қалдықтарымен, сульфаттармен және
ауыр металдармен ластануда. Қоршаған ортаның зиянды заттармен ластану
деңгейі жоғары болуына байланысты олардың топыраққа, суға, ауаға түсуіне,
тигізетін зияны мен биологиялық рөлін зерттеуге ерекше көңіл бөлініп отыр.
Өндіріс ошақтары орналасқан аудандардың топыраққа көп мөлшерде  әр түрлі
химиялық қосылыстар, ауыр металдар түсуде. Топырақ  ресурстары жер
бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып
табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай
алмай келеміз.  Топырақ  биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам,
жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол
энергетикалық сыйымдылығы жоғары,  топырақ  биотасы мен адамдар арасындағы
тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен
тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады.
Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдай
тек  топырақ  арқылы ғана жасалынады. Топырақ  ешнәрсеге айырбастамайтын
табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылыми әлі күнге дейін топырақтың орнын баса
алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің
кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды. Сондықтан
адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса
маңызды мәселе топырақтың  топырақ  түзілу процесіндегі өздігінен қалпына
келу, сақтап қалуға барынша жағдай жасау. Қазіргі кезде ауыр
металдардың  топырақта жинақталуын және олардың  қоректік тізбек арқылы
ауысуын зерттеу  маңызды мәселелердің бірі болып  табылады, себебі олар
барлық тірі ағзаларға, оның ішінде адамдар ағзасына ұзақ уақыт бойы
уытты әсер етеді. Ғылыми деректер бойынша, трофикалық байланыстар  арқылы
адам ағзасы тағам өнімдерінен 40-50%, судан 20-40%, ауадан 20-40%
улы заттарды қабылдайды. Сондықтан осындай жолмен жинақталған ауыр металл
иондары  адам ағзасында әр түрлі аурулардың қозуы мен пайда болуының басты 
себебі болып табылады. Техногенді ластанған ауруларда асқазан 
ауруы бірінші орында, тыныс алу  жүйелері аурулары екінші орында, қан 
айналу жүйелері аурулары үшінші орында тұр. Сондықтан да Қазақстан
топырақтарында ауыр металдардың жинақталуын және олардың қоректік тізбек
арқылы ауысуын зерттеу қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып
отыр.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан топырағындағы ауыр металдардың таралу мен
жинақталу ерекшеліктерін зерттеп, олардың тірі ағзаларға тигізген  
экологиялық әсерін анықтау.

Жұмыстың  міндеті:

• Қазақстан топырағындағы ауыр металдардың мөлшерін және олардың таралу
динамикасын қарастыру;

• Ақтөбе қаласының топырақ жүйесі химиялық, соның ішінде ауыр
металдармен ластану ерекшеліктерін және қауіптілігін анықтау;

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақстан топырағының ластануын негізге ала
отырып, өндіріс ошақтарынан бөлінген ауыр металдардың  мөлшері мен
динамикасын анықтау арқылы олардың қоршаған ортаға тигізген кері әсері 
экологиялық тұрғыдан толығымен бағаланды.

Жұмыстың практикалық маңызы: Жұмыс нәтижелерін экология сабағында
оқыған кезде пайдалануға болады.

1 Негізгі бөлім

1. Топырақтың ауыр металдармен ластануы

Қазақстанның  барлық жер көлемі 2724,9 мың км. Жер қорымыздың көлемі
өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді
дұрыс пайдаланбау салдарынан  топырақ  деградацияға ұшырап, құнарсыздану,
шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика
жерінің 180 миллион га жазық жерлер, 185 миллион га жайылым және 34 миллион
га құнарлы жердің 180 миллион га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30
миллион  га  топырақ  эрозиясы 60 миллион га тұздану, 10 миллион га
химиялық және радиактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 миллион га
жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр. Солтүстік
облыстарды тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай дақылын егу
топырақ қарашірігінің 25-30%-ын жоғалтты. Батыс Қазақстан аймағында мұнай-
газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000 га астам жерді қамтыса, топырақтың
техногенді бүлінуі 2,5 миллион га, ал тозған жайылым 3 миллион га жерді
алып жатыр. Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған сынақ полигондарының игілігіне
1,4 миллион га жер бұйырған. Оның үстіне Каспий теңізінің көтерілуі
болашақта осы аймақтың шамамен 2,8 миллион га жерін су басады деп болжам
жасалуда.

Топырақтың  ауыр металдармен  ластануы  барлық аймақтарды қамтып
отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба
байлықтарды өндіру, соғыс - өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму
аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3
миллиард тоннаға жетті. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс
Қазақстан бойынша жылына 5 миллион тоннаға жетіп отырғаны тіркелген.
Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғаджар,
Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым
жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор,
бор, мыс сияқты ауыр металдармен ластанған. Бар деректер бойынша Өскемен,
Риддер, Зырян қалалары маңындағы жерлерде қорғасынның мөлшері 100 РЗШ,
кадмий, мырыш 8-14 РЗШ, мыс 10 РЗШ-ға жеткен. Павлодар, Екібастұз, Қаратау,
Тараз тағы басқа өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялық ауытқуларға және
уытты заттармен ластануға ұшыраған. Семей өңірінің ауыр металдармен
ластануы  өте жоғары. Осы жерлерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан
жылына 294 мың тонна улы зат қоршаған ортаға шығарылады. Мәселен, мыс 100
РЗШ, қорғасын 100 РЗШ, мырыш 300 РЗШ, хром 100 РЗШ, кобальт 50 РЗШ, никель
50 РЗШ, тағы басқа ауыр металдардың шекті мөлшерінің тіркелгені Семей
қаласы бойынша жарияланған әдебиеттерде келтіріледі.

Ауыр  металдардың топырақта таралуы  көптеген факторға байланысты,  
негізінен, метеорологиялық жағдайға, ластаушы көздің табиғаты мен
топырақтың геохимиялық қасиеттеріне әсер етеді. 2009 және 2010 жылдың мамыр
айында қалдық сақтау орнының төрт жағынан (оңтүстік, солтүстік, шығыс және
батыс) алынған топырақ сынамаларындағы ауыр металдардың мөлшері   кесте 1
келтірілген.

Кесте 1 - Қазақстан  топырағының ластану мөлшері (мгкг)

Ауыр Шығыс Солтүстік Батыс Оңтүстік ШМК
металдар (мгкг)
2009 2010 2009
Zn 2,7 51,6 Қауіпті
Cu 4,7
Pb 0,4
Cd 2,3
Cr 41,5

Зерттеу нысандары бойынша ластану  көрсеткіштерінің жинағы ZC=51,6 
құрайды. Бағалау шкаласы бойынша бұл нысандар ластану көрсеткіші бойынша
қауіпті болып табылады, яғни тұрғындардың денсаулығана жағымсыз әсер етуі
кесте 3 берілген.

Кесте 3 – Топырақтың ауыр металдармен ластану көрсеткіші

Зерттеу Ластаушы Элементтер ШЖКШЖБ конц.Жоғары Ластану бойынша
нысандары көздер мөлшері көрсеткіш
Қарғалы АХҚЗ Cr 6 67 Cr,Cu,Cd,Zn,Pb
ЖЭО Zn 23 2.4
АФҚЗ Cu 3 4.09
Автокөліктер Pb 32 0.2
Автокөліктер Cd 0.5 2.6
АХҚЗ Cr 6 15.6 Cr,Cu,Cd,Zn,Pb
ЖЭО Zn 23 2.9
Саябақ Автокөліктер Pb 32 0,5
АФҚЗ Cu 3 5,1
Автокөліктер Cd 0,5 2,4
АХҚЗ Cr 6 237,3 Cr,Cu,Cd,Zn,Pb
ЖЭО Zn 23 3,8
Зауыт АФҚЗ Cu 3 7,1
Автокөліктер Pb 32 0,6
Автокөліктер Cd 0,5 3,5
ЖЭО Zn 23 4,8 Cr,Cu,Cd,Zn,Pb
АХҚЗ Cr 6 17,15
ТЖВ Автокөліктер Pb 32 1,7
АФҚЗ Cu 3 10,2
Автокөліктер Cd 0,5 5,4

Ақтөбе қаласының әр түрлі жерінен  алынған топырақ үлгілерін талдау
кезінде басты ластаушы элементтер және негізгі ластаушы көздер анықталды.

Ауыр  металдардың ағаш тектес өсімдіктердің  жапырақтарында
жинақталуы. Адам және жануарлар ағзасына ауыр металдардың сіңіп,
жинақталуының негізгі көзі өсімдік болып табылады. Көптеген ғалымдардың
деректері бойынша, өсімдікпен топыраққа 40-тан 80 % -ға дейін ауыр металдар
түседі және олардың тек 20-40%-ы ғана ауа және су арқылы түседі. Өсімдіктің
химиялық құрамы топырақтың элементтік құрамын көрсететіні белгілі.
Сондықтан өсімдікте ауыр металдардың артық мөлшерде жиналуына, ең алдымен
олардың көп мөлшерде топырақта шоғырлануы себеп болады. Зерттеу
нәтижелерінің көрсетуі бойынша зауыт пен темір жол маңынан алынған қарағаш
пен терек жапырақтарында ауыр металдардың мөлшерін Zn Cr Pb Cu Cd
қатар бойынша орналастыруға болады. Темір жол маңынан алынған терек
жапырағын зерттеу кезінде қорғасынның үлесі 13,09±0,23 мгкг, мырыштың
мөлшері 50,40±3,97 мгкг, хром мөлшері 12,81± 0,17 мгкг, кадмий 0,98±0,05;
зауыт маңында ол көрсеткіштер қорғасын бойынша 12,14±0,30 мгкг, мырыш
46,20±2,65 мгкг, хром 13,67±0,69 мгкг, мыс 6,73±0,08 мгкг, кадмий
0,88±0,03 мгкг көрсетті. ТЖВ-да терек жапырағы қарағаш жапырағына
қарағанда мырышты көп жинақтаған, ал қалған ауыр металдар жинақталуы
қарағаш жапырағында молырақ болатынын көрсетті.

Зауыт маңынан алынған терек  жапырағы құрамында қорғасынның 
мөлшері ШМК 24 есеге, кадмий 4 есеге  жоғарлығы анықталды.

Зерттеуге күзгі жапырақтардың  үлгілері де алынды.
Алынған нәтижелерін  талдаған кезде ТЖВ маңынан алынған 
күзгі қарағаш жапырақтарының құрамында  мырыштың мөлшері 57,75±3,47 мгкг,
хром мөлшері 33,43 ±2,78 мгкг, қорғасын мөлшері 17,97±1,22 мгкг, кадмий
мөлшері 1,04±0,05 мгкг, мыс 17,59±0,72 мгкг аралықтарында болды. Барлық
көрсеткіштер бақылау аймағынан  жоғары. Бұл аймақтың ауыр металдармен 
ластануына темір жол вокзалының орналасуымен байланыстыруға болады. Т.А.
Пилипенконың деректері бойынша  темір жол көліктері өсімдіктің
жер бетіндегі фитомассасының құрамында  ауыр металдардың жинақталуына әсер
етеді. Өсімдікке темір жол вокзалы  маңындағы топырақтағы мөлшерінің жоғары
болуына байланысты қорғасын, мырыш, хром және кадмий үлкен әсер етеді. Сол
сияқты зауыт аумағынан алынған қарағаш жапырағы құрамында да, ауыр
металдардың жоғары болу жағдайлары тіркелді. Мұндағы мырыштың мөлшері
56,40±4,13 мгкг, хром мөлщері 37,89 ±1,33 мгкг, кадмий 0,96±0,07 мгкг,
қорғасынның мөлшері 20,79±0,49 мгкг, мыстың мөлшері 15,74±1,26 мгкг
аралығында. Берілген мәліметтерге сәйкес Ақтөбе қаласының әртүрлі
аймақтарынан алынған үлгілердің барлығында қарағаш жапырақтарында ауыр
металдардың мөлшері жоғары. Бұл осы маңнан алынған топырақ үлгілерінің
құрамындағы ауыр металдардың мөлшерінің жоғары болуымен байланысты. Қаланың
топырақ грунттарының ластануы, атмосфералық шығарылымдар және қаланың
экологиялық ортасының өзгеруі өсімдіктің жағдайының нашарлауына әкелді.
Зауыт пен темір жол маңынан алынған қарағаш пен терек жапырақтарында ауыр
металдардың мөлшерін Zn Cr Pb Cu Cd қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам үшін қауіпті улы ауыр металдар
Өскемен қаласы топырақ жамылғысының экологиялық жағдайы
Ауыр металдармен ластану
Ауыр металдар, қосылыстары, мөлшері, жіктелуі
Ұзынағаш өзен аңғары топырағының ауыр металдармен ластануы
Ауыр металдардың топырақ қасиеттеріне әсері
Жер мониторингі ақпаратын алу мен пайдалану әдістері
Маңғыстау облысының ауыр металдармен ластануы
Босалқы жерлердің мониторингі
Ауыр металдардың өсімдіктерге зиянды әсері
Пәндер