Азаматтық құқық туралы ақпарат



1) Азаматтық құқықтың жалпы ережелері
2) Мәміле ұғымы, түрлері және нысаны, жарамсыз мәмілелер
3) Өкілдік және сенімхат
4) Мұрагерлік құқық
5) Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын – азаматтық құқық.
Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оның римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқық цивильді (jus cіvіle) құқық деп атаған.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының пәні — тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Сонымен қатар, мүліктік қатынасқа байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Азаматтық құқық реттелетін қоғамдық қатынастар негізінде мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен, мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен басқа да мүліктермен байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас) мүліктің (тиістілігіне қарай) меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі.
Мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
Азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені олардың өзі әр түрлі сипатта кездеседі.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді.
Азаматтық құқық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлық анықтайтын мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбеті құқығы. Жеке өмірден құпиялылығы, тұрған үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға жатқызуға болады.
1. Ашитов З. О., Ашитов Б. З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері.— Алматы, Жеті Жарғы, 2003.
2. Баққұлов С. Д. Құқық негіздері.— Алматы. 2004.
3. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.— Алматы: «Жеті Жарғы», 2001.
4. Төлеуғалиев Ғ. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім.— Алматы: «Жеті жарғы», 2001.
Нормативтік-құқықтық актілер:
ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. (21 мамыр 2007 ж. өзгертулер мен толықтырулар).— Алматы, 2007.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). 27 желтоқсан 1994 жыл.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім). 1 шілде 1999 жыл.
4. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ Заңы.
5. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы.
6. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II Заңы.
7. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңы.
8. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1) Азаматтық құқықтың жалпы ережелері
2) Мәміле ұғымы, түрлері және нысаны, жарамсыз мәмілелер
3) Өкілдік және сенімхат
4) Мұрагерлік құқық
5) Пайдаланған әдебиеттер

1 Азаматтық құқықтың жалпы ережелері
Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын - азаматтық құқық.
Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оның римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқық цивильді (jus cіvіle) құқық деп атаған.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының пәні -- тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Сонымен қатар, мүліктік қатынасқа байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Азаматтық құқық реттелетін қоғамдық қатынастар негізінде мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен, мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен басқа да мүліктермен байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас) мүліктің (тиістілігіне қарай) меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі.
Мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
Азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені олардың өзі әр түрлі сипатта кездеседі.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді.
Азаматтық құқық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлық анықтайтын мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбеті құқығы. Жеке өмірден құпиялылығы, тұрған үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға жатқызуға болады.
Азаматтық құқықтың принциптері. Принцип (қағида) термині латын сөзі бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық құқықтық принциптер -- ол нормативтік сипаты бар қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз.
Азаматтық құқықтың мынадай принциптері бар:
1. Азаматтық құқықтың қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
2. Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
3. Шарт еркіндігі;
4. Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;
5. Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
6. Нұқсан келтірген құқықтарды қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7. Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы. Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларды тәуелді болатын жақтар арасында қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Адамдар өз өміріне және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді.
Азаматтық құқықтың субъектілері.
Жеке тұлға -- азаматтық құқықтың субъектісі, құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. Жеке тұлға деп ҚР азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз.
Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде ҚР азаматтарына беріледі.
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі -- азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қызметі барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады.
Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әр түрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әр түрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттердің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тері туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Құқық қабілеттілік -- құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз -- азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігімен ерекшеленеді. Азаматтық құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанша бірге болады.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтанда азаматтық құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді.
Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтың әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Әдебиеттерде азаматтық әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес), әрекет қабілеттілігі әдетті, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:
а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар
б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрде бөлуге болады:
:: өздерінің заңды өкілдерінің келісімсіз-ақ өз бетімен жасалған мәмілер;
:: ата-анасынан рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
Азаматтың құқығы мен міндеттерін алу мен жүзеге асыру тиісінше дербестікке ие болуы керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. Азаматтық Кодекстің 15-бабы 1 тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы, өз есімін, сондай-ақ қаласа әкесінің атын қоса алады. Азаматқа туған кезде ат қояды. Некесіз туған бала әкесі жоқтығынан сот арқылы қажет болмаған жағдайда анасының фамилиясы беріледі.
Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер азаматтық тұрғылықты жерінде жүзеге асырады.
Азаматтың есімі мен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі нақтылай түседі.
Заңды тұлға деп -- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретін, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретінде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлік қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін.
Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметіне байланысты мiндеттердi Азаматтық кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкін. Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкін.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бір қызмет түрін жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшін басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуі мүмкін.
Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады.
Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеме) құқық қабiлеттiлiгi Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.
Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретін өз атауы болады.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.
Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетін аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерінен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бір фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiледi.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар. Бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
Мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң актілерінде, Президенті мен Үкiметi актiлерiнде белгіленген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми атауларына сiлтемелердi пайдалануға тыйым салынады.
Заңды тұлғаның тұрған жері. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрғылықты жері болып танылады. Заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында пошталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi.
Заңды тұлғаның құрылтайшылары. Заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлiктi меншiк-тенушiлер не олар уәкiлдiк берген органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда, мүлiктi шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншiк иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның келiсiмiмен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
Заңды тұлғаның құрылтайшылары, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы заңды тұлғаның құрылтайшылары болып табылмайтын оның басқа қатысушыларынан қандай да бір артықшылықтарға ие бола алмайды.
Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары. Азаматтық кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметін жарғысы және құрылтай шарты негiзiнде, немесе eгep заңды тұлғаны бір тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрі жөнiндегi жалпы ережелер негiзiнде іс-әрекет жасай алады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметін Қазақстан Республикасының үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгі жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.
Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекiтедi. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бір адам болса, құрылтай шарты жасалмайды.
Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мәні мен мақсаты белгіленуге тиіс.
Шаруашылық серiктестiгi, акционерлік қоғамы мен өндiрiстiк кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.
Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлға құруға мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бірлескен қызмет тәртiбiн, оның меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне оралымды басқаруына) өз мүлкін беру және оның қызметіне қатысу ережелерін белгiлейдi. Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудің, заңды тұлға қызметін басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның жарғысы бекiтiледi.
Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы мен түрлері.
Азаматтық құқық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Азаматтық құқық объектілеріне:
а) мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның ішінде валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет шығармашылық-интелектуалдық қызметтердің объектісі айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлар белгілері және бұйымдары дараландырудың өзге де құралдары мүліктік құқықтары мен басқа да мүлік жатады;
б) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі атағы, іскерлік беделі, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.

2. Мәміле ұғымы, түрлері және нысаны, жарамсыз мәмілелер
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп аталады.
Мәмілелер бір жақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін.
Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет. Біржақты мәміле, мәміле жасаған адамға міндеттер жүктейді. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттерде ғана міндеттер жүктей алады.
Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінгі қалдыратын шартпен жасалады деп есептеледі.
Егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің толықтырылуын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі.
Егер шарттың басталуы тиімсіз болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп есептеледі.
Мәмілелер нысаны. Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай және нотариалдық). Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше көзделмесе ауызша түрде жасалған болып табылады.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімімен мәлім жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша жасалуы мүмкін.
Мәміленің жазбаша түрі:
Мынадай мәмілелер:
:: егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
:: мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіш жоғары сомаға;
:: заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасауға тиіс.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефон жазба, телетайп жазба, факс немесе субъектілерді немесе олардың еркі білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдарда немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасаған мәмілеге теңестіріледі.
Мәміленің нысана мазмұнына және қатысушыларына сондай-ақ олардың еркі білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекет орындарының, не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Біржақты мәміле дегеніміз -- заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Біржақты мәміленің жиі кездесетін түрі-өсиет қалдыру.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады. Ал бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бірнәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қорғаудың түсінігі
Материалдық емес игіліктер және жеке мүліктік емес құқықтар
Жеке мүліктік емес игіліктер
Мүліктік құқықтар
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар
Азаматтық құқықтың обьектілері
Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы
Міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік
Пәндер