Өртке қарсы жүйе



1 Өрт қауіпсіздігі 3
2 Мекемелерде өрт күзетін ұйымдастыру 8
3 Техника, өрт қауіпсіздігі бойынша іс.шаралар 8
4 Жарылыстан сақтандыруға қойылатын талаптар 13
5 Қорғанысқа қарсы талаптар 13
6 Жарылыстан сақтандыруға қойылатын талаптар 14
7 Өрт сөндірудің құралдары мен тәсілдері 14
Пайдаланылған әдебиеттер 18
Қазақстан Республикасының “Өрт қауіпсіздігі туралы заңы” 1996 ж қарашадан бастап мемлекеттік органдармен жеке физикалық және заңды тұлға лауазымды қызмет етіп жүрген жетекшілермен меншіктік алшағына қарамастан өртке қарсы қауіпсіздігті Қазақстан Республикасы барлық аймақтада зиянды түрде іске асырылуы қамтамасыз етілген. Өрт қауіпсіздігін қызмет ету мемлекет қызметін адам өмірінің және денсаулығын, жеке меншікті, халықтың байлығын және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бөлінбейтін бөлігі.
Өрт қауіпсіздігі - өрт шығудың және дамуының мүмкіндігі, өрттің қауіпті себептері адамға әсерінің ықтималдығы болдырмайтын, сонымен қатар құнды материалдың, бағалы заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін объект күйі.
Өрт қауіпсіздігі МЕСТ 12.1.033-81 бойынша реттеледі. Өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету адам денсаулығының, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекет ісінің басты бөлігі болып табылады.
Өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау туралы мемлекеттік іс-шаралардың ең бастысы болып табылады, үлттық байлық иеліктері мен қоршаған ортаны.
Өрт қауіпсіздігінің ең маңызды тапсырмасы: құрылыс ғимараттарын қираудан қүтқару және олардың өрт кезіндеп жоғары температура әсері кеззіндегі жеткілікті беріктігін қамтамасыз ету.
Негізгі заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, жеке меншік форма түріне байланыссыз, өрт қауіпсіздікті қамтамасыз етуді реттеп отырады.
Технологиялық процестердiң өрт және жарылғыш қауiптiлiгiн жобалау сатысында дұрыс бағалау өте қажет, сонымен бiрге апаттық себептердiң болу жағдайы қауiптi факторлар мен ғылыми дәлелденген әдiстер мен құралдарды таңдауды анықтау мен қорғау.
Өрт және жарылыс кезiнде адамдарға әсер ететiн қауiпке және зиянды факторларға келесiлер жатады: жалын, екпiндi толқын, қондырғылардың бұзылуы, ғимараттың конструкциясы, коммуникациялық қирау және олардың шишалары, iстен шыққан аппараттардан бөлiнетiн зиянды заттардың мөлшерi.
Өрт шығудың себебі электрлік және элктрлік емес сипатта болады. Егер ұшқын шығу көзі болса, онда жану процесі болуы мүмкін.
Өрт келесі себептерден пайда болады: электр желілерінің тозуынан, тармақтарды құрайтын электр желілерінің ақаулығы, электр тармақтарының қысқа тұйықталыуы.
1 Руденко П.А,Харламов Ю.А, Плескач В.М, Проектирование и производство заготовок в машинастроении.-Киеа:Выща школа,1991-247с.
2 Брюханов А.Н, Ковка и объемная штамповка.-М.:Металлургия,1975-407с.
3 Курдюмов А.В, Литейное производство.- М.:Металлургия 1982-280с.
4 Справочник технолога-машиностроителя под.ред.Косиловой А.Г,Мещяреков Р.К,- М.Машиностроение,1972.т1
5. Афонькин М.Г, Магницкая М.В. Производство заготовок в машиностроении.-Л.: Машиностроение, Ленингр. Отд-ние, 1987. – 256с.: ил.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

"Химия" кафедрасы

"Өнеркәсіп жабдықтары және жобалау негіздері" пәнінен
СӨЖ

Тақырыбы: Өртке қарсы жүйе

Орындаған: Абекова Тоғжан
Оқу тобы: ХН-221
Тексерген: Тлеуғали Е.Т.

Семей, 2015

Мазмұны
1 Өрт қауіпсіздігі 3
2 Мекемелерде өрт күзетін ұйымдастыру 8
3 Техника, өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар 8
4 Жарылыстан сақтандыруға қойылатын талаптар 13
5 Қорғанысқа қарсы талаптар 13
6 Жарылыстан сақтандыруға қойылатын талаптар 14
7 Өрт сөндірудің құралдары мен тәсілдері 14
Пайдаланылған әдебиеттер 18

1 Өрт қауіпсіздігі

Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі туралы заңы" 1996 ж қарашадан бастап мемлекеттік органдармен жеке физикалық және заңды тұлға лауазымды қызмет етіп жүрген жетекшілермен меншіктік алшағына қарамастан өртке қарсы қауіпсіздігті Қазақстан Республикасы барлық аймақтада зиянды түрде іске асырылуы қамтамасыз етілген. Өрт қауіпсіздігін қызмет ету мемлекет қызметін адам өмірінің және денсаулығын, жеке меншікті, халықтың байлығын және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бөлінбейтін бөлігі.
Өрт қауіпсіздігі - өрт шығудың және дамуының мүмкіндігі, өрттің қауіпті себептері адамға әсерінің ықтималдығы болдырмайтын, сонымен қатар құнды материалдың, бағалы заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін объект күйі.
Өрт қауіпсіздігі МЕСТ 12.1.033-81 бойынша реттеледі. Өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету адам денсаулығының, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекет ісінің басты бөлігі болып табылады.
Өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау туралы мемлекеттік іс-шаралардың ең бастысы болып табылады, үлттық байлық иеліктері мен қоршаған ортаны.
Өрт қауіпсіздігінің ең маңызды тапсырмасы: құрылыс ғимараттарын қираудан қүтқару және олардың өрт кезіндеп жоғары температура әсері кеззіндегі жеткілікті беріктігін қамтамасыз ету.
Негізгі заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, жеке меншік форма түріне байланыссыз, өрт қауіпсіздікті қамтамасыз етуді реттеп отырады.
Технологиялық процестердiң өрт және жарылғыш қауiптiлiгiн жобалау сатысында дұрыс бағалау өте қажет, сонымен бiрге апаттық себептердiң болу жағдайы қауiптi факторлар мен ғылыми дәлелденген әдiстер мен құралдарды таңдауды анықтау мен қорғау.
Өрт және жарылыс кезiнде адамдарға әсер ететiн қауiпке және зиянды факторларға келесiлер жатады: жалын, екпiндi толқын, қондырғылардың бұзылуы, ғимараттың конструкциясы, коммуникациялық қирау және олардың шишалары, iстен шыққан аппараттардан бөлiнетiн зиянды заттардың мөлшерi.
Өрт шығудың себебі электрлік және элктрлік емес сипатта болады. Егер ұшқын шығу көзі болса, онда жану процесі болуы мүмкін.
Өрт келесі себептерден пайда болады: электр желілерінің тозуынан, тармақтарды құрайтын электр желілерінің ақаулығы, электр тармақтарының қысқа тұйықталыуы.
Құралдардың тұтануын және оның өртке өтудің алдын алу үшін ай сайын желілердің қаптамасының бүтіндігінің және өрт кезінде қызметкерлерді эвакуация жасау үшін авариялық шығыстар тексеріледі. Өрт сөндіргіш құралдарын қолдану бойынша нұсқау өткізіледі.
Бөлмелерде, қоймаларда сигнал беру және өрт сөндіру құралдары болуы керек. Өрт сөндіру процесі отты таратпауда және оны жою болып екіге бөлінеді. Өртті таратпау дегеніміз оттың аз көлемге жайылуын және оны жою үшін жағдай жасау.
Өртке қарсы қорғаныс мыналарды қамтамасыз етедi: объектiнiң өртке тұрақты дәрежесiн және элементтер мен конструкциялардың от тұрақты шегiн дұрыс таңдау, өрт басталуы жағдайында өрттiң таралмауын қамтамасыз ету қажет; түтiнге қарсы қорғаныс жүйелерiн пайдалану; адамдарды қауiпсiз жерге көшiру; өрт сөндiру және хабарлау; өрт күзетiн ұйымдастыру.
Өрттен сақтанудың мақсаты жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, материалды құндылықтарды сақтау, өндірістік үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету. Бөлме ішіндегі өртпен күресу үшін өрт сөндіру құралдары және сигнализациялар, сонымен қатар өртке қарсы стендтер орнатылады. Обьектілердің өрт қауіпсіздігі қамтамасық ету үшін перспективті бағыттардың бірі өртқауіпсіздік құралдарының автоматикасы және кептіру құралдарын орнату болып табылады.
Жану деп газдың, жылудың және жарықтың сипатымен байланысты химиялық процестiң тез тотығуы немесе жанғыш заттың және ауа оттегiнiң қосылуы. Технологиялық процестердiң интенсификациясы, яғни өрт және жарылғыш қауiптi материалдардың көлемi мен жүру жылдамдығының жоғарлауы, жоғарғы температура мен қысымдарды қолдану, максималды механизация мен автоматтандыру өрт және жарылғышты қорғаныс тиiмдiлiгi мен сенiмдiлiк талаптарының жоғарлауын көрсетедi.
Жануда өзбетінше жану, жарылыс және детонацияны қарастырады. өз бетінше жануда 1 сек оттың таралу арақашықтығы 10м аспайды, жарылыста - секунда 100м астам, ал детонация кезінде секундына 1000м.
Жану үшін оттың материалдар, тұтанғыш және жандыру көзі керек. Тәжірибеде толық емес жануды қарастырады, толық жану оттегі көп болған жағдайда болады, ал толық емес, оттегі жетпей қалған жағдайда.
Химиялық процесстер бойынша оттық заттың ішкі жылуына байланысты өзіндік жану (жылу, жарылыс) пайда болады. Өзіндік жану температурасы әр түрлі факторларға байланысты: оттық қоспалардың құрамы мен көлемі, қысымы және т.б. газдар мен сұйқтың көбісі 400-700 0С температурада жанады, ал қатты денелер (ағаш, көмір, шым тезек және т.б.) - 250-450 0С температурада жанады.
Оттық заттармен материалдардың түріне сәйкес 8 кестеде өрт сөндіру құралдарына жақсы көрсетілген.
Кесте 8. Өрт сөндіруге арналған құралдар.
Жанғыш заттар мен материалдар
Өрт сөндіру құралдары
Температурасы 20 0С - ға дейін мұнай өнімдері (бензин, полярлық емес ерітінділер)
1. Ірі көлемді жерлерде көбік, ПСБ ұнтағы.
2. Бөлмелерде көлемді сөндіру
3. Кішігірім орта - ПСБ, СО2
Температурасы 20 [0]С жоғары - мұнай өнімдері (керосин, дизель оттығы, мазут, май, лак, және т.б.
1. Ірі көлемді жерлерде көбік ұнтағы.
2. Бөлмелерде көлемді сөндіру.
3. Кішігірім орта - ПСБ, СО2,су.
Су ерітінді, кәсіптік көміртегі (спирттер, ацетон, эфир және т.б.)
1. Ірі көлемді жерлерде көбік, ұнтақ, шашыраған су..
2. Бөлмелерде көлемді сөндіру,ПСБ ұнтағы
Қатты көмір құрамдас материалдар (ағаш, қағаз,каучук,пластмасс, мақта және т.б.)
Сулағыш заттары бар су, көбік, ПСБ ұнтағы.
Органикалық материалдардың шаңдары (пластмасс, бояу және т.б.)
Сулағышы бар шашыратқан су.
Кремний органикалық қоспалар (мономерлер және т.б.)
1. Шашыраған су, ПСБ ұнтағы, және СН-2.
2. Бөлмелерде көлемді сөндіру, ұнтақтар.
Көміртегі газдар (метан, пропан және т.б.)
Көлемдік өшіру, ПСБ ұнтағы, су мен салқындату.
Ерітілген көміртекті газдар
Көлемдік өшіру, ПСБ ұнтағы, су мен салқындату.
Сутегі
Суыту құрасқан құраммен көлемдік өшіру (N2+СО2).
Металдар (сілтілі, сілтілі- жер)
ПГС ұнтағы, құрасқаан құрамымен көлемдік өшіру.
Алюминий органикалық қоспалар
СК-2 ұнтағы, араласқан ерітінділер.
Литий органикалық қоспалар
СИ-2, СО2 ұнтағы.

Өрт және жарылыс кезiнде адамдарға әсер ететiн қауiпке және зиянды факторларға келесiлер жатады: жалын, екпiндi толқын, қондырғылардың бұзылуы, ғимараттың конструкциясы, коммуникациялық қирау және олардың шишалары, iстен шыққан аппараттардан бөлiнетiн зиянды заттардың мөлшерi.
Ғимараттар мен бөлмелер тұңғышқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы қажет. Олар:
oo құм салуға арналған жәшік, сиымдылығы 0,5; 1,0 немесе 3м3 (МЕСТ 3620-76 бойынша);
oo өрттік щит (Сурет .): күрек, балта, лом, екі шелек, екі өрт сөндіргіш. Өрттік щит, қоймаларда, өндірістік орталарда, механизацияланбаған инструменттер мен өрттік инвентарларды орнатуға арналған. Ол, ППБ 01-03 бойынша комплектеледі.

Сурет 44. Өрттік щит.

Киіз - кішігірім жану ошағында ауа жібермеу үшін жабынды ретінде тиімді қолданылады.
Өрт сөндіру краны: кернеудегі электржабдықтардан басқа барлығы өрттерді сөндуге арналған.

Сурет 45. Өрт сөндіру краны.
Сурет 45. Өрт сөндіру краны.

Өрт сөндіргіш кран, еденнен 1,35м биіктікте арнаулы шкафта орналасады, кранға қосылған арнаулы жең және бағанмен жабдықталады. Крандарды жылда 2 рет тексереді.
Өрттерді тез жою үшін дұрыс құралдар мен тәсілдерді таңдаған дұрыс. Ол үшін жану процесіне әсер ететін жағдайларды ескерген жөн.
Олардың ең маңыздысы:
1. жанғыш жүйелерінің сипаты мен жану процесінің түрі;
2. жанудың өтуі;
3. метеорологиялық жағдай;
Өртті сөндіргенде тотықпен немесе жанғыштармен қызу реакцияға түсетін заттарды пайдалануға болмайды. Мысалы, суды пайдалануға болмайды, егер сонымен әсерленгенде жанғыш заттар пайда болса немесе жылу шығарса (сілтілі және жер сітіліметалдар, көптеген металорганикалық қоспалар, метал гидридтері), сондай-ақ, өрт сөндіру үшін азотты да пайдалануға болмайды. Себебі онымен реакцияға түскен заттардан нитридтер пайда болады. Өртті сөндіру шараларының тиімділігі жанғыш сұйықтардың тұтану температурасына тәуелді болады. Тұтану температурасы төмендесе судың және көбіктің шығыны өртті сөндіргенде жоғарылайды.
Өрт сөндіру кезінде өрт көзіне ауаның болғаны, желдің күші мен ағымы және басқа метеорологиялық жағдайлар әсер етеді. Жел жанғыш булар мен ауаның алмасуын өрістетеді, сонымен жанудың жылдамдығын жоғарылатады да, жану ошақтарына өрт сөндіргіш заттардың берілуін қиындатады.
Өрт сөндіру қоспалары мен құралдарын - өрт сөндіру заттар деп атайды, ал қолмен тасымалдайтын және таситын өрт сөндіргіш құралдарды өрт сөндіргіш құралдар деп атайды. өрт сөндіру жүйелері - стационарлы, жартылай стационарлы және т.б. болып бөлінеді.
Стационарлы өрт сөндіру құралдары, барлық элементтері жинақталған және әрдайым жұмыс істеуге дайын құралдар жатады. Стационарлық қондырғылар мен ғимараттарды, құрылыстарды, технологиялық линияларды, топтарды немесе бөлек технологиялық құралдарды жабдықтайды.
Стационарлы өрт сөндіру құралдары ереже бойынша жергілікті автоматты немесе дистанционды қосылу және бір уақытта автоматты өрт сөндіруді сигнализациялау функциясын орындау қажет.

Сурет 46. а- спринклерлік , б - дренчерлік стационарлық
құрылғылар: 1-обойма; 2-сақина; 3-қамыт (хомут); 4-розетка; 5-жеңіл ерітін құлып; 6-шынылы қақпақша; 7-диафрагма.

Сурет 46. а- спринклерлік , б - дренчерлік стационарлық
құрылғылар: 1-обойма; 2-сақина; 3-қамыт (хомут); 4-розетка; 5-жеңіл ерітін құлып; 6-шынылы қақпақша; 7-диафрагма.

Қазіргі кезде спринкелі және кептіру стационарлы қондарғыларының көп таралуы орын алған. Қондырғы өрт ошағына суды жеткізу үшін суландырғыштан, құбыр тармақтарынан және спринкерлік головкалардан тұрады (46 сурет).
Спринкерлік жүйелердің кемшіліктерінің бірі оның инерциялылығы. Оның құлыптары температура көтерілгеннен бастап 2 - 3 мин кейін бұзылады, одан басқа тек температура жоғары зоналарда ғана құлыптар ашылады.
Бұл кемшіліктер автоматты кептіргіш өрт сөндіру қондырғыларында жоқ. Қондырғы қолмен немесе өрттен қорғау зонасындағы орнатылған сигнал датчиктерінің көмегімен автоматты қосылады.
Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділіг оның отқа төтеп беру шегі болып табылады. Ол келесідей түсіндіріледі: конструкцияларды отпен тексері кезінде отқа төзімділігінің үш жағдайының біреуі пайда болғанша жүреді: тығыздығы бойынша - конструкция бетіне сызатар мен тесіктердің пайда болуы (1600С); көтеру қабілеттілігін жоғалту - конструкциялық типіне байланысты бұзылуына немесе қисаюы.
Өрт қауіпсіздік ережелерін және өндірістегі нормаларды бақылап отыруды мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

2 Мекемелерде өрт күзетін ұйымдастыру

Мекемелердегі өртке қарсы ережелер мен нормаларын қадағалау мемлекеттік және қоғамдық органдар қарастырады. Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің өрт күзетінің бас мекемесіне жүктелген. Өрт қауіпсіз ережелерін дұрыс қолданбаған жағдайда мекемелермен ұйымдардың басшыларын жеке қарастырады. Осы мекемеде өрт қауіпсіздігіне, өрт техникалық комиссиясын құрайды. Оларды басшы орынбасары, сондай-ақ өз бетінше құрылған өрт дружиналарын басқарады.
Өз бетінше құрылған дружиналар мекемелердің өртке қарсы ережелермен нормаларды орындағанын және өрт сөндіргіш құралдарының дайындығын бақылап, жұмысшылар арасында өрт қауіпсіз жұмыстары туралы анкета жүргізеді, өрт пайда болған жағдайда өрт сөндірушілерді шақырып оны сөндіруге шаралар қолданады. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауда өзінің басқару жұмысында орын алатын қоғамдық бақылаушыларды сайлайды. Қоғамдық бақылаушыларға Мемлекеттік өрттік қадағалаумен бір үлгімен қойған құжат беріледі, бұларға мекемелердегі өрт қауіпсіздік ережесін бақылауға құқық қойған. Мекемелердің бөлек бөлмелерін арнайы автоматтық өрт сигнализациясы мен қамтамасыз етілген.
Су қоймаларына автокөлік кіріп, ішінде бұрылуға мүмкіндік болуы керек.
Өртке қарсы гидранттар әр 100-110 м ара қашықтықта орналасуы қажет. Бұл өрт жағдайында өшіруге және уақыттан ұтуға ыңғайлы.
Егер өрт бола қалған жағдайда ғимаратта немесе зауыттың өрт сөндіру құралдары реттінде әртүрлі көлемдегі ыдыстарға толтырылған сұйық көбікті қолданады, одан басқа құм шашу, брезентпен бүркеу және т.с.с.
Өндірістер мен кәсіпорындар аймақтарының жобалануы, өрт қауіпсіздік шараларын жүргізу кезінде үлкен маңызы бар.
Бөлек ғимараттармен құрылыстарды орналастыру және олардың өзара байланысын өрт қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкес шаралар ұйымдастыру қажет. Өндірісте әр қондырғы, ғимарат және объектіге еркін жету үшін өнеркәсіп аумағында негізгі және қосалқы жолдар қарастырылады.

3 Техника, өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар

Қазақстан Республикасының заңдары негізінде 2004 жылдың қаңтарында еңбекті қорғауды жақсарту үшін жұмыс істеуге шараларды тұрақты қолдануға үлкен көңіл бөлуде. Заңда көрсеткендей қауіпсіз еңбекпен қамтамасыз етілмеген болса, ешбір өндіріс цех бөлімінде өнім шығаруға, пайдалануға берілмеуі тиіс делінген.
Қазақстан парламентінің сессиясында қабылданған бағдарламаға сәйкес былай делінген.
Еңбек жағдайын мейлінше сауықтандыру - халық жағдайын көтерудің бірден бір маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Барлық өнеркәсіп орындарында қазіргі заманғы жаңа санитарлық гигиенаның жағдайлар орнатылған және өндірістік мертігу және кәсіптік ауруды жоғалтуды қамттамасыз ету.
Өрт қауіпін бақылау, құрылыс техникалық шешімдерді СН и Е 11 - 2 - 80 және СЕ 110102 - 86 жобалау кезінде технологиялық өндірістің негіздері болып саналады.
Өндірістің өртке қарсы жағдайы өндірістік кәсіпорынға арналған өртқауіпсіздігінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Кәсіпорын шекарасында және өндірістік бөлімшелерде темекі шегу тек қана арнайы белгіленген орындарда рұқсат етіледі. Бұл орындарда ГОСТ 12.4.026-76 бойынша сілтеме белгілер ілінуі қажет.
Арнайы киімдерді, майланған материалдарды өндіріс бөлімшелерінде сақтау, сонымен қатар сүрткіштерді кептіру рұқсат етілмейді.
Өндірістік бөлімшелер өртке қарсы су желісімен қамтамасыз етуі керек.
Өндірістік бөлімшелер өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен қамтамасыз етілуі керек: өртсөндіргіштер, құм, күректер, шелектер және т. б.
Өрт жабдығы мен өрт инвентарі ГОСТ 12.4.009-75 талаптарына сай болуы керек.
Өрт сөндіру әдістерін және шараларын таңдағанда оның жану дәрежесіне және жанғыш зат сипатына байланысты болады. Өрт сөндіру үрдісі отты таратпауда және оны жою болып екіге бөлінеді. Өртті таратпау дегеніміз оттың аз көлемге жайылуын және оны жою үшін жағдай жасау. Өртттерді жою дегеніміз өрттің қайта пайда болу жағдайын болдырмау.
Отты сөндіру әртүрлі өрт сөндіру құралдарды қолданумен жүргізіледі. Өртті өшіруде қолданатын заттар: су, көпіршік, инертті газдар, құрғақ және қатты өрт сөндіргіштік қасиеті тиімді заттар. Олар жоғары жылусыйымдылық және булану қасиетімен өрт ошақтарының жылуын өзіне эффективті тартып алуға мүмкіндік береді.
Су басқа да өрт сөндіру заттарымен салыстырғанда жылу сыйымдылығы төмен және көпшілік жанғыш заттарды өшіру үшін тиімді. Судың термиялық тұрақтылығы басқа да өрт сөндіру заттарынан жоғары болып келеді. Су өрт орнына лақтыру жеңі арқылы беріледі, бас бөлігіне металдан жасалған ствол жалғанады ., оның қысымды судың шашырауын бағыттау үшін керек. Жабық бөлмелердегі өрттерді сөндіру үшін су буын пайдаланады, ол түрлі сұйық және қатты заттарды сөндіру үшін қолданылады. Құралдардың тұтануын және оның өртке өтуін алдын алу үшін ай сайын электр желілердің қаптамасының бүтіндігін және өрт кезінде қызметкерлерді эвакуация жасау үшін авариялық шығыстар тексеріледі.
Өрттің пайда болуы үшін жанатын материалдар, тотықтырғыштар және от көзі болуы қажет.
Практикада өрттің жануын толық және толық емес деп айырды. Толық жану оттектің жеткілікті көлемі кезінде болады , толық емес жану - оттектің жетіспеушілігінен болады.
Өзіндік жану жанғыш заттың химиялық үрдіс салдарынан ішкі жылыту кезінде пайда болады. өзіндік жану Температурасы әр түрлі себептерден тәуелді болады: жанатын қоспалардың құрамы және көлемі , қысымдар және т.б. Көпшілік газдардың және сұйықтықтардың тұтануы 400-600С температура кезінде, ал қатты денелердің (ағаш, көмір, торф және т.б.) - 250-450 С-та болады.
Барлық жанатын сұйықтықтар өртке қауіпті. Олар ауада булардың шоғырлануына тәуелді белгілі бір жағдайларда жанады.
Жанатын сұйықтықтар тұтану температураға байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа 450С тұтанатын сұйықтар жатады. Практикада бірінші топ сұйықтықтарды жеңіл тұтанатын, ал екінші топ - жанғыштар деп аталады.
Оңай тұтанатын сұйықтықтарды сөндіру үшін газбен сұйықтық қоспалы көбікті пайдаланады.
Сумен сөндіруге болмайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоба материалдарының сараптамасы
Құрылыс конструкциялардың сараптамасы
Эвакуациялық жолдар мен шығулар
Өрт қауіпсіздігі, өрттерді алдын алу жұмыстарының негізгі талаптары
Өрт қауіпсіздігі негіздері жайлы ақпарат
Өртті сөндіруді басқару
Автоматтық өрт сөндіру қондырғылары
Автоматты өрт сөндіру жүйелері
Жарылыс
Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын жобалау
Пәндер