ҚР Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы



Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қорғаушылық қызметті атқарады. Реттеуші нор-маларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның азаматтың құқы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Мұндай конституциялық-құқықтық нормалар кем емес. Конституциялық құқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні мейлінше зор, олар конституциялык құрылысты нығайтуда, азаматтардьің құкы мен бостандығьш корғауда, саяси тұрақтылыкты сақтауда үлкен рөл атқарады. Құқық қорғаушы нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.
Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің айтарлықтай мәні бар.
Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) кандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді. Осындай құкық беруші нормалар көп мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқық беруші нормаларға Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялык Кеңесінің конституциялык өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.
Конституциялық заңдарда тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекетгің конституциялық негіздерін, зандылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді. Бұл туралы Конституцияда анық айтылған. 5-баптың 3-тармағында: "Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялык құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулык араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады" делінген.
Міндеттеуші конституциялык нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік оргаңдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да конституциялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн.
Конституциялық-құқықтық нормалардың, оларды құқық саласының басқа

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы

Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық
белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық
қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң
нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қорғаушылық қызметті атқарады.
Реттеуші нор-маларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру
және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын
белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе,
Конституцияның азаматтың құқы мен бостандығы туралы бөлімінде анық
көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті
бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен
анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Мұндай конституциялық-
құқықтық нормалар кем емес. Конституциялық құқық қорғау нормалары
салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні мейлінше зор, олар
конституциялык құрылысты нығайтуда, азаматтардьің құкы мен бостандығьш
корғауда, саяси тұрақтылыкты сақтауда үлкен рөл атқарады. Құқық қорғаушы
нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген
мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.
Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші
нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің
айтарлықтай мәні бар.
Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты
жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге (мемлекеттік
органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) кандай да бір жағымды әрекет
жасауға құқық береді. Осындай құкық беруші нормалар көп мөлшерде
азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік
құқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқық беруші нормаларға Қазақстан
Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялык
Кеңесінің конституциялык өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.
Конституциялық заңдарда тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың
белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді.
Айталық, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы
құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар
мемлекетгің конституциялық негіздерін, зандылық пен құқықтық тәртіпті
қорғауды көздейді. Бұл туралы Конституцияда анық айтылған. 5-баптың 3-
тармағында: "Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялык
құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне
нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және
рулык араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және
олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген
құрамалар құруға тыйым салынады" делінген.
Міндеттеуші конституциялык нормалар адамдардың, қоғамдық
бірлестіктердің, мемлекеттік оргаңдардың белгілі бір жағымды әрекеттер
жасау жауапкершілігін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары
Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да
конституциялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн.
Конституциялық-құқықтық нормалардың, оларды құқық саласының басқа
құқықтық нормаларынан ажырататын ерекшеліктер бар.
1. Конституциялық-құқықтық нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды
реттейді. Конституциялық-құкықтық нормалар адам мен азаматтың құқықтық
мәртебесінің негіздерін бекітуге қатысты конституциялык құрылыс негіздерін
нығайтумен, мемлекет органдары жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды
реттеуді көздейді.
2. Конституциялық-құқықтық нормалардың үлкен заңдық күші бар. Басқа
құқықтық нормалар Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Барлық басқа
нормативтік актілер Конституция негізінде шығарылады. Конституция
қағидаларына қайшы келетін құқықтық актілердің күші жойылуы тиіс.
Конституциялык нормаларды қорғау құқы Конституциялық Кеңеске және
Прокуратураға берілген.
3. Материалдық және іс-жүргізуші конституциялық-құқықтық нормалар
өзіндік кырымен ерекшеленеді. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықтан
айырмашылығы конституциялық құқықтың конституциялық нормаларды жүзеге
асырудың жалпы біржақты тәртібін белгілейтін мамандандырылған іс жүргізуші
саласы жоқ. Алайда, бұл конституциялық құқықта іс жүргізетін нормалар жоқ
деген сөз емес. Конституциялық кұқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық
қатынастар тобының қай-қайсысыньщ да өзіндік іс жүргізу нормалары бар.
Айталық, Парламенттің зандар қабылдауының белгілі бір тәртібі, Президент
импичментінің, Парламентке депутаттар сайлауын өткізу, референдум өткізу
тәртібі және басқалары конституциялык нормалармен белгіленеді.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен онша көп
уақыт өте қоймаса да, жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір
қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Мемлекеттілікті құрудың
бастаулары туралы әңгіме болатындықтан бұл мемлекет тану ғылымы үшін және
мемлекеттік құрылыс практикасы үшін барлық уақытта да көкейтесті проблема.
Қазақстанның жаңа конституциялық заңдарының қалыптасу тарихы Қазақ КСР
Конституциясына Қазақ КСР-ның "Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы"
1990 жылдың 24 сәуірдегі заңымен өзгеріс енгізу кезеңінен бастау алады 2.
Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің катарына
жатпайды. Аталған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс
әкелді. Президенттің қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси
және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрылысты
нығайту мақсатында белгіленеді. Одан кейінгі оқиғалар көрсеткендей,
тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің президенттік басқару жүйесін қалыптастыру
осы заңнан басталады.
1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-ының мемлекеттік егемендігі туралы
Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып
табылады. Ол жәй "көздеушілік Декларация" емес еді, оның нормативтік
құқыктық сипаты болды.
Декларацияда Қазақ КСР-ының басқа республикалармен бірге КСРО-ға
ерікті түрде бірігетін және олармен шарт негізінде өзара қарым-қатынас
құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы бірінші рет жарияланды. 1937
жылғы Конституцияда Қазақ КСР-ы, КСРО-ының басқа да тең құқылы
республикаларымен бірге, ерікті түрде бірікті делінді. Ал Қазақ КСР-ының
1978 жылғы Конституциясында, тек кіріспесінде ғана Қазақ КСР-ы КСРО
құрамындағы тең қүқылы республика деп атап көрсетілді. Декларация
Қазақстанның егемендігін ғана емес, сондай-ақ одақтас республикалар
арасыңдағы шарттың қажеттігі туралы конституциялық идеяны да жариялады.
Сонымен бірге Декларацияда: "Қазақ КСР-ы ұлттық мемлекеттікті қорғау,
сақтау және нығайту жөнінде шаралар қолданады" (2-бап) деп бірінші рет
ұлттық мемлекеттілік туралы жария етілді, онда қазақ ұлтының және
Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың тууы мен дамуы Қазақ КСР-ының
мемлекеттілігінің ең маңызды міндеттерінің бірі екендігі белгіленді. Әрине,
"ұлттық мемлекеттілік" және "Казақ КСР-ының мемлекеттілігі" ұғымы -
синонимдер емес. Бұл ұғым — Қазақстанда мемлекеттілік сипатына екі түрлі
көзкарастың көрінісі. Оның негізінде көп ұлтты Қазақстан жағдайында өзін-
өзі саяси тану құқына деген әр түрлі түсінік жатты. Одан әрі көрінгендей,
алдымен бірінші көзқарас, ал Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
Конституциясында екінші көзқарас конституцияланды.
"Конституциялық заң" ұғымы кейін, мемлекеттік тәуелсіздік Декларация
— Қазақ КСР-ының бұрын буржуазиялық саяси институт ретінде үзілді-кесілді
теріске шығарған билік бөлісу принципін бірінші рет жариялаған акт. Қазақ
КСР-ының 1978 жылғы Конституциясы, жалпыға мәлім, бұл органда ешқандай
бүкіл билік болмаса да, Жоғарғы Кеңеске бүкіл билікті бекітті.
Заң шығару билігі Жоғарғы Кеңеске берілді. Президент республиканың
басшысы болып белгіленді және жоғары басқарушы-атқарушы билікті иеленді,
яғни, атқарушы билік те Президенттің иелігінде болды. Жоғары Сот билігі
Жоғарғы Сотқа берілді.
Қазақ КСР-ы Декларациясында бұрын болмаған егемен кұқық —
республиканың егемен құқын және Конституциясын бұзатын заңдарды және
Одақтың жоғары органдарының басқа да актілерінің қолданылуын өз аумағында
тоқтату құқы орнықтырылды.
Сондай-ақ өз аумағындағы және ғылыми-техникалық қуат Қазақ КСР-ының
қатаң меншігінде екендігі жарияланды, яғни, Қазақстанның экономикасы,
негізінен, КСРО экономикасынан бөлінді және енді КСРО-ның біртұтас халық
шаруашылығы кешенінің құрамдас бөлігі болмайтын болды.
Декларацияда мемлекеттің әлеуметтік негізін таптық тұрғыдан анықтайтын
көзқарас жоқ. Қазақ КСР Конституциясының 1-бабындағы (19)-тармақша)
"жұмысшы", шаруа", "интеллигенция" ұғымдары заңдардың нормаларынан шығып
қалды. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің бастауы халық
екендігі жарияланды. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Конституциясында
да орнықтырылды.
Қазақ КСР-ы халықаралық қатынас субъектісі ретінде дербес құқықты
иеленді. КСРО Конституциясы және Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясы
бойынша Қазақстан халықаралық қатынастың дербес субъектісі бола алған жоқ.
Қазақ КСР-ында Сырткы істер министрлігі болғанмен, Қазақстан халықаралық
аренаға дербес шыға алмады, халықаралық шарттарға отырған жоқ. Қазақ КСР
Конституциясының 28-бабына сәйкес сыртқы саясат қызметінде республика КСРО
Конституциясы белгілеген сыртқы саясаттағы мақсаттарды, міндеттер мен
принциптерді басшылыққа алды.
Демек, Қазақстанда тәуелсіздікті жарияламастан бір жылдан астам бұрын
КСРО Конституциясындағы негізгі нормалардың қолданылуын тоқтатқан және
дербес, тәуелсіз дамудың алғашқы қадамын жасаған конституциялық сипаттағы
актілер қабылданды. Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясына елеулі
өзгерістер енгізген бірқатар заңдар қабылданды. Ол— 1990 жылғы 20 қарашада
қабылданған "Мемлекеттік билік пен басқарудың құрылымын жетілдіру туралы"
заң. Конституцияға Президенттің атқарушы және басқарушы биліктің басшысы
болып табылатындығы, Министрлер Кеңесінің Министрлер Кабинеті болып қайта
құрылатыны, Премьер-министрдің қызмет орны бекітілетіндігі туралы қағидалар
енгізілді. Министрлер Кабинетін құру құқығы Президентке берілді, оны
Жоғарғы Кеңес бекітті. Конституция Қазақ КСР-ы КСРО-ының, оның барлық
жоғары өкімет органдарының иелігіндегі мәселелерді шешуге қатысатындығы
туралы қағидалармен толықтырылды. Бұл Қазақ КСР-ының егемен құқын кеңейтуге
жасалған тағы бір қадам болды.
1991 жылдың 15 ақпанында қабылданған, соған сәйкес Қазақ КСР-ының 1978
жылғы Конституциясына елеулі өзгерістер енгізілген "Жергілікті өзін-өзі
басқару және Қазақ КСР-ы халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы"
Заңның маңызды конституциялық мәні бар. Онда жергілікті өзін-өзі басқару,
оның жүйелері ұғымы бірінші рет берілді. Бұл мәселенің маңызы зор және 1993
жылғы және 1995 жылғы Конституцияларда әр қырынан шешілді. Заң жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті Кеңестерін,
аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын, сондай-ақ жергілікті
референдумды, жиналыстарды (жиындарды), азаматтардың конференцияларын
қамтыды және іс жүзінде оларды таратып жіберуге дейін қолданылды.
Конституциялық заңдардың орнықтырылуының екінші кезеңі Қазақстан
Республикасы 1991 жылғы 10 желтоқсанда қабылдаған "Қазақтың Кеңестік
Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы" Заңнан басталады. Заң
конституциялық деп аталмағанымен, Қазақ КСР Конституциясына және мемле-
кеттік егемендік туралы Декларацияға өзгерістер енгізгендіктен, ол іс
жүзінде сондай заң болды. Бұл заңның мәні мынада, мемлекеттік ұйымдардың
идеологиялык негізі Республика атауынан алынып тасталды.
Бұл заңның тағы бір мәні — бүкіл халықтың өзін-өзі саяси тануы:
Республиканың көп ұлтты халқының "өзін-өзі тану принципіне негізделген
демократиялық, тәуелсіз, бейбіт сүйгіш, құқықтық мемлекет құру талпынысына
орай" Қазақ КСР-ы Қазақстан Республикасы деп аталды. Мұнда ұлттың өзін-өзі
тануы айтылмайды. Алайда, таңғаларлығы, бұл идея 1991 жылдың 16
желтоқсанында, яғни, бар болғаны алты күннен кейін қабылданған "Мемлекеттік
тәуелсіздік туралы" Заңда ескерілген жоқ. "Мемлекеттік тәуелсіздік туралы"
Заңда Жоғарғы Кеңестің "Қазақстан халқының еркін білдіре, қазақ ұлтының
өзін-өзі тану құқын сендіре отырып.., Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігін жариялайтыны" айтылды.
Осы конституциялық заңда тәуелсіздік бірінші рет жарияланды, онда
тәуелсіз мемлекетке тән элементтер: біртұтас азаматтық, аумақтық дербестік,
мемлекеттік органдардың дербес жүйесі, тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес
дербес экономикалық жүйе, жеке Қарулы Күштің болуы орнықтырылды. Сөйтіп,
Қазақстан әлемдік қауымдастыққа дербес мемлекет ретінде енді.
Конституциялық заңның қалыптасуының екінші кезеңдегі бір ерекшелігі,
мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңға қайшы келмегендіктен, Қазақ КСР-ы
Конституциясының нормалары, КСРО мен Қазақ КСР-ының заңдары одан әрі
қолданылды.
Осы кезеңде Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясына елеулі
өзгерістер енгізген бірқатар заңдар қабылданды. Айталық, 1991 жылдың 20
желтоқсанында қабылданған "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы"
конституциялық заң КСРО азаматтығын, сондай-ақ қос азаматтық институтын
таныған жоқ. Ол Қазақстан азаматтығын алудың жаңа негізін белгіледі және
азаматтық туралы заңның конституциялық мәртебесі Қазақстан Республикасының
1993 жылғы Конституциясымен танылды. Бұл мән-жайды атап көрсеткен жөн,
өйткені 1995 жылғы Конституция азаматтық туралы заңды енді конституциялық
заңдардың қатарына жатқызбайды.
Мемлекеттік органдар жүйесіне 1992 жылғы 5 маусымдағы "Конституциялық
сот туралы" заң елеулі өзгерістер енгізді. Бұл органның тағдыры өте күрделі
болды. Конституциялық сотты 1993 жылғы Конституция танығанымен, екі жылдан
сәл ғана астам уақыт өмір сүріп, 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейін-
ақ тарих қойнауына кетті.

ҚР Конституциясы – мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы.
Демек, бірінші және екінші кезеңде Қазақстан Республикасының
конституциялық заңдары социалистік конституцияға тәуелді мемлекеттік
ұйымдардың Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен
дамыды. Бұлар заң шығарушылардың қамтылмасты қамтимын деген нәтижесіз
талпынысы еді. 1992 жылдың маусымына дейін Қазақ КСР Конституциясының 51-
бабына өзгерістер енгізілді. Одақтық Конституцияға негізделген, мықтап
идеяландырылған Конституцияны ешқандай өзгеріс пен толықтыру жақсарта да,
лайықтандыра да алмас еді. Әрине, заң шығарушылар мұны түсінді, сондықтан
1991 жылдың өзінде жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу жөнінде
Конституциялық комиссия және жұмыс тобы құрылды.
Қазақстан Республикасы конституциялық заңдары қалыптасуының үшінші
кезеңі Жоғарғы Кеңестің 1993 жылғы қаңтарда жаңа Конституцияны қабылдаудан
басталады. Бұл Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық құрылысын мүлдем
жаңаша белгілеген тарихи құқықтық акт болды. Әрине, Конституция
Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланған кезден бастап шығарылған
конституциялық заңдардың көптеген құқықтық нормаларын,принциптері мен
идеяларын қабылдады. Халықтық егемендік, мемлекеттің тәуелсіздігі, билік
бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тану, Президентті
мемлекеттің және атқарушы биліктің біртұтас жүйесінің басшысы ретінде тану,
сот органдарын - Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Төрелік сотты,
прокуратураны тану осының қатарына жатады.
Конституция 1978 жылғы Конституцияның кейбір қағидаларын қабылдады,
айталық, Жоғарғы Кеңес бір палаталы өкілетті және заң шығарушы орган болып
қалды, бірақ енді бүкіл билікті иеленген орган ретінде танылған жоқ. Оның
өкілеттік тізбесі конституциялық тұрғыдан белгіленді. Бірақ СОКП үстемдігі,
біртұтас саяси партияның басшылығымен жұмыс істеу кезіндегі Жоғарғы
Кеңестен ерекшелігі 1993 жылғы Конституция бойынша Жоғарғы Кеңес заң
тұрғысынан да, нақты істе де өзінің қызметін конституциялық құзыреті
шеңберінде дербес жүргізе алатын болды. Жергілікті Кеңестер уәкілетті
органдар ретінде сақталды. Азаматтардың көптеген құқықтары мен
бостандықтары негізінде Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясында жа-
рияланған құқықтық қағидалар мен идеялар сақталды. Ол - барлық азаматтардың
тең құқылығы, саяси құқық, еңбек ету құқығы, білім алу құқығы, денсаулықты
сақтау құқығы және басқалары. Азаматтардың тәуелсіз мемлекет кезеңіндегі
негізгі жауапкершілігінің кеңестік кезеңдегі осындай жауапкершілігінен
ешқандай ерекшелігі жоқ.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясына бірқатар жаңа
қағидалар енгізілді. Айталық, Қазақстан Республикасы "өзін-өзі таныған
қазақ ұлтының мемлекеттілік нысаны ретінде" жарияланды. Кіріспеде "қазақ
мемлекеттілік" формуласы қолданылды. Бұл тек қазақ ұлтының өзін-өзі саяси
танығандығын білдірді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік егемендік тек ұлттық
егемендіктің жүзеге асуы ретінде танылды. Сонымен бірге Конституция "
Қазақстан халқы Республикадағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы
болып табылатындығын" орнықтырды. Тиісінше, Қазақстан Республикасының 1993
жылғы Конституциясы мемлекеттік егемендік негізіне ұлттық емес, ха-лықтық
егемендікті қабылдады. Бұл қайшылықты диалектикалық қайшылық деуге бола
қоймас. Ол, менің пікірімше, 1993 жылғы Конституция қабылданар қарсаңда
ойдағыдай шешімін таппаған көзқарастардың екі саяси-құқықтық жүйесінің әлі
де жалғасып келе жатқан текетіресінің көрінісі.
Конституцияда "зиялы және біртұтас мемлекет" деген ұғым бірінші рет
қолданылды. Мемлекеттік зиялылық сипаты діни бірлестіктердің мемлекеттен
бөлінуінен көрінеді. Конституция мемлекеттің қандай да болсын бір дінге
немесе атеизмге артықшылық бермейтіндігін жариялады. Саяси партияларды діни
негізде құруға жол берілмеді. Діни бірлестіктер саяси мақсаттар мен
міндеттерді көздемеуі тиіс. Ақыр соңында, мемлекеттік органдардың және
лауазымды адамдардың қызметіне заңсыз араласуға жол берілмеді. Мемлекеттік
құрылым нысаны жағынан Қазақстан Республикасы біртұтас мемлекет болып
табылады, демек, оның аумағында саяси да, сондай-ақ мәдени автономиялар
құруға да мүмкіндік берілмейді. Бұл тарихи тұрғыдан белгі-ленген және саяси-
құқықтық жағынан өзін ақтады.
Конституциядағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының
"тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы олардың өзара қарым-
қатынас жасайтыны" туралы қағиданы да жаңа қағида деп есептеуге болады.
Мұның қатарына Конституция Президенттің тыйым салуға қатысты институттарын,
Президенттің тыйым салуын еңсеруді, Президенттің қызметтен кетірілуін,
Министрлер Кабинетінің тұтас және оның әр мүшесінің жеке-жеке қызметтен
кетірілуін, Жоғарғы Кеңестің ұсынысы бойынша Президенттің Министрлер
Кабинетінің мүшесін лауазымынан алуды жатқызды. Бұдан көрінгендей,
тежемелік және тепе-теңдік кұралдарының жиынтығы билікті бөлу принципін
толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтіндей онша қомақты емес.
Конституция оның нормаларын тікелей қолдану туралы қағиданы
орнықтырды. Конституция нормаларын тікелей қолданудың бірсыпыра қырлары
бар. Ол, біріншіден, Парламенттен, Президенттен және Үкіметтен бастап
жергілікті мемлекеттік органдарға дейінгі мемлекеттік органдардың заң
шығарушылық қызметіне ықпал ету. Мұндай ықпал заң шығарушылық өкілеттігін
анықтау жолымен сияқты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың нормативтік
актілерінің конституциялық нормаларға сәйкестік талабын белгілеу жолымен де
жүзеге асырылады. Екіншіден, Конституцияның тікелей қолданылуы оның
нормаларының мемлекеттік органдар, ұйымдар арқылы тікелей жүзеге асырылуын
білдіреді. Конституцияда тура "Қазақстан Республикасының Конституциясына
қайшы келетін заңды қолдануға соттың құқы жоқ" (104-бап) деп жазылған.
Үшіншіден, азаматтар Конституцияға сүйеніп, өз құқықтары мен бостандықтарын
пайдалануға және қорғауға құқылы. Тиісінше, Конституция адамдардың құқықтық
санасын тікелей қалыптастырып, өмір салтына және қоғамдағы көңіл күйге
осылайша ықпал етеді. Төртіншіден, Конституцияның тікелей қолданылуы
институттық қайта құрылулардан көрінеді. Ол, атап айтқанда, Парламент,
жергілікті өкілетті органдар сайлауларының, Президент сайлауының және басқа
сайлаулардың Конституцияда қаралған мерзімде өткізілуі тиістігін білдіреді.
1993 жылғы Конституция Жоғарғы Кеңестің заң шығару өкілеттігін беру
институтын қарастырған жоқ. Алайда, Президентке тек жәй заңдық күші бар
Жарлықтар шығарумен бірге, конституциялық заңдар шығару өкілеттігін
бергендігіне қарамастан, республиканың Жоғарғы Кеңесі Президентке уақытша
заң шығару өкілеттігін берді.Оны Конституциялық Сот өз қаулысында таныды.
Сондықтан Жоғарғы Кеңес 1993 жылғы 10 желтоқсандағы заңымен 1993 жылғы
Конституцияға заң шығару өкілеттігін беру туралы елеулі өзгеріс енгізді
деуге болады.
Конституциялық заңның қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы
қабылданған Конституциямен байланысты. Бұл кезең одан әрі жалғасуда. Осы
Конституцияның бірқатар елеулі жаңа қырларына тоқталайын. Онда КСРО-ның да,
КСР-ының да не Конституциялары, не заңдары еске алынбайды. Конституция
күшіне енген кезеңге дейін қолданылып келген Казақстан Республикасы
заңдарының Конституцияға қайшы келмейтін бөліктерінің одан әрі
қолданылатыны туралы айтылды. Бұл өте үлкен мәселе, өйткені Қазақ КСР-ының
көптеген кодекстері әлі жаңартылған жоқ.Оларды конституциялық нормаларға
сәйкес келтіру - заң шығарушы органдардың міндеті. Президенттік басқару
жүйесі орнықтырылды. Менің пікірімше, атқарушылық билікке жақын тұрғанымен
Президент енді биліктің бір де бір тармағына жатпайды. Қалыптасып үлгерген
қос палаталы Парламент орнықтырылды. Конституциялық Сот сот органы болып
табылмайтын Конституциялық Кеңеспен алмастырылды. Жоғарғы Соттың шеңберінде
біртұтас жүйе орнықты. Құқық қорғау органдарын қайта құру қарастырылып, ол
жүзеге асырылды. Осындай қайта құрулардың нәтижесінде мемлекеттік биліктің
Президенттік басқару жүйесіне тән жоғары және жергілікті органдарын қайта
құрулар негізінен аяқталды.

ҚР констициялық құрылымының негіздері
Конституциялық кұқық өзіндік мемлекеттік-құқықтық институтка ие.
Құқықтық норма — қүқықтық әлемнің тіні. Ал құқықтық институт құқықтық
жалпылықты, яғни, өздерінің заңдық мазмұнының жақындығы бойынша топтасқан
құқықтық нормалар жиынтығын білдіреді. Құқықтық нормалар конституциялык
кұқық саласын сырттай емес, құқықтық институттар арқылы құрады.
Конституциялық құқықтың конституциялык институттары конституциялық-кұкықтық
нормалардың ықпалындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскелерін
реттеуді көздейді. Әр құкыктық институт шартты түрде конституциялык кұқық
саласының дербес құқықтық нормалар тобын білдіреді. Құқықтық институттың
шартты түрдегі дербестігі құқықтық реттеудің тұйықталмаған механизмімен,
конституциялык құқықтың баска да құқықтық институттарымен байланыста және
тәуелділікте екендігімен көрінеді және олардың бәрі өзара байланыста
конституциялық катынастарды реттеуді қамтамасыз етеді.
Конституциялық құқықтың құқықтық институттары қоғамдық катынастардың
ірі немесе шағын тобын реттей алады. Алайда, бүған қарап, олардың
мәнділігін жоғары немесе төмен деп бағалауға болмайды. Әр құқықтық институт
өз учаскесінде құқықтық қатынастарды тиімді реттеуі тиіс. Бүл үшін құқықтық
институт реттелетін қатынастардың барлық қырын қамтитын құқықтық нормалар
кешенін толық меңгеруі қажет. Әрине, ол бір-ақ рет кайталанатын процесс
емес. Реттеу пәні — қоғамдық қатынас — жанды, серпінді құбылыс. Осыған
орай, оның жағдайын назардан шығармай, тиісінше қүқықтық институт
жетілдіріп отыру керек.
Әр конституциялық-құқықтық институт тек қоғамдық қатынастардың белгілі
бір учаскесін ғана реттемейді. Оның нормаларында арнаулы ұғымдар,
терминдер, кағидалар жатыр. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны
"азамат", "азаматтық", "азаматтық алу", "азаматтықты жоғалту",
"азаматтықтан шығу", "азаматтың құқы, бостандығы және жауапкершілігі" тағы
басқа осындай ұғымдардан көрінеді.
Конституциялык-құқықтық институттың, кез келген басқа құқықтық
институттың сияқты, өз құрылымы бар. Бұл құрылымды қүрайтындар әр қилы
зандық мазмұнымен сипатталады. Мұндай әр қилылық қоғамдық қатынастардың
тиісті бөлігін реттеуді қамтамасыз етеді. Бүкіл әр қилылығына қарамастан
құқықтық институттың нормалары ортақ құқықтық принциптермен, идеялармен
бірлестірілген. Айталык, қабылдау негіздеріне қарамастан азаматтық
институты азаматтардың бірлігі мен тендігі принципімен бірлестіріледі.
Құқық институты кей кездері жекелеген нормативтік құқықтық актілерде
бекітіледі. Арнаулы заң қабылданған сол азаматтық институтын-ақ алалық. Бұл
азаматтық қатынастарды реттейтін барлық құқыктық нормалар осы заңның ішінде
деген сөз емес. Азаматтық туралы негіз боларлық нормалар Қазақстан
Республикасының Конституциясында жазылған.
Құқықтық принциптер — тәртіптің нақты ережелерін бойына жинақтамаған,
бірақ мемлекеттің, оның органдарының, азаматтардың, олардың
бірлестіктерінің, лауазымды адамдардың кызметін ұйымдастырудың белгілі бір
бағыттарын карастыратын құқыктық нормативтік идеялар. Конституциялык
принциптер — Конституцияда бекітілген және конституциялық кұрылысты, оның
қызметін ұйымдастыру бағытын аныктайтын құқықтық нормативтік идеялар.
Сондықтан олардың мемлекет үшін, азаматтар үшін айрықша маңызы зор.
Конституциялык принциптер қандай болса, конституциялык құрылыс та сондай
немесе керісінше.
Конституциялык принциптер, түптеп келгенде, Конституция қабылданар
кезеңде қалыптасқан экономикалық, саяси, әлеуметтік, этникалық факторлармен
және мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық идеяларымен қамтамасыз
етіледі. Сыртқы факторларды әлем таныған халықаралық құқық нормаларын да
назардан тыс қалдыруға болмайды. Республика Конституциясында Қазақстан
халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейтіндігі атап
айтылған. Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларын талдау
көрсеткендей, конституциялык принциптерді айтылу нысандарына карай екі
топқа: 1) Конституцияда айқындалған; 2) айқындалмаған конституциялык
қағидаларды талдау аясында рәсімделген топтарға бөлінеді. Айтылғандарға
республика қызметіне негіз болатындай принциптер (1-баптың 2-тармағы),
мемлекеттік билікті заң шығару, атқару, және сот тармақтарына бөлу принципі
(77-баптың 3-тармағы) жатады. Бұл принциптердің нақ Қазақстан Республикасы
Конституциясында көрінуінің себебі бар ма? Бұл сұраққа осы принциптердің
колданылу аясы белгілі бір деңгейде түсінік береді. Республика қызметі
негіз боларлық принциптер бүкіл мемлекетке, оның бүкіл механизміне,
тұтастай алғаңда қоғамға, азаматтардың бірлестіктеріне ықпал етуі тиіс.
Басқаша айтқанда, аталған барлық субъектілер өз қызметіне нақ осы
принциптерді негіз етіп алулары керек. Аталған принциптердің азамат, қоғам
және мемлекет үшін өмірлік маңызы бар. Сондықтан олардың Конституцияда
айкын көрсетілуі рөлі мен беделінің көтерілуіне игі ықпал ете алады.
Конституция Қазақстан Республикасының қызметіне негіз боларлык принциптерді
орныктырады. Принциптерді қарастырмастан бұрын, "республика" үғымының
аталған тіркесте нені білдіретінін анықтап алу керек. Конституцияның
кіріспесінде айтылғандай, Конституция мемлекеттің де, қоғамның да ең
негізгі заңы болып табылады. Көптеген конституциялык нормалардың мазмұны
мен мәні де олардың қоғам өмірінің аса маңызды қырлары мен салаларын
реттеуге арналғандығын көрсетеді. Нақ осы себептерге орай "Қазақстан
Республикасы" атал-ған жағдайда мемлекет, оның органдары сияқты қоғам, оның
институттары ұғымын да білдіреді. Тиісінше, Қазақстан Республикасы
қызметіне негіз боларлык принциптер туралы конституциялык қағида Қазақстан
мемлекетіне, оның органдарына және қазақстан қоғамына, оның қоғамдық-саяси
институттарына арналады. Қоғамдық келісім принципі бірінші орында тұрады.
Мұндай принципті нығайтудың қажеттігі мынада, әр түрлі объективтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
Конституциялық құқықтың қайнар көздері
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Жер құқығының қайнар көздері
Адам құқығы туралы
Қазақстан Республикасының азаматтық іске қатысушылар
Конституциялық құқық қайнар көздері
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Нормативті актілердің әрекет ету уақыты және кеңістікте ие болуы
Пәндер