Қандағы билирубинді, қантты және жалпы белокты анықтау


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Қандағы билирубинді, қантты және жалпы белокты анықтау

Тобы: ВМ-401

Орындаған: Қалымова З. А.

Тексерген: Жайлаубаева А. Р.

Семей, 2015-2016 жыл

Жоспар

Кіріспе

Негізгі

1. Қан және қан сарысуы

2. Қан сарысуындағы билирубинді анықтау

3. Қан құрамындағы қантты анықтау

4. Қан сарысуындағы жалпы белокты анықтау.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.

Қан сарысуы - қанның сұйық бөлігі. Ол организмнен тыс ұйыған қаннан бөлініп алынады. Құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас, бірақ сарысуда фибриноген болмайды.

Қан сарысуындағы билирубинді анықтау

Билирубинді анықтауға арналған реактивтер: кофеинді реактив (5 г химиялық таза кофеин, 7, 5 г натрий бензоаты, 12, 5 г натрий ацетаты, 100 мл дейін дистильденген су) ; NaCl 0, 9 % ерітіндісі, диазо сүйықтығы (диазореактив 1-5 г сульфанильді қышқылын қыздырылған 400 мл дистильденген суда ерітіп, 15 мл концентрленген HCl қосып, сумен 1 литрге жеткізеді, диазореактив II-0, 5 г натрий нитриті және 100 мл дейін су, жұмыс алдында 10 мл диазореактив I және 0, 3 мл диазореактив II араластырады) ; гидрокарбонатты реактивтің ерітіндісі (60 мг натрий гидрокарбонаты, 0, 3 г NaCl, 25 мл дистильденген су және 75 мл этил спирті) ; билирубин, хлороформ.

Қан сарысуындағы билирубинді анықтау (Ендрашик, Клеггорн және Граф бойынша) . Үш пробиркаға екі есе 0, 9 % NaCl ерітіндісімен араластырылған 0, 5 мл қан сары суын құяды, сонан соң бірінші пробиркаға (тексеру) 1, 75 мл кофеин реактивін және 0, 25 мл 0, 9 % NaCl ерітіндісін қосып, калориметрлейді; екінші пробиркаға тура (түзу билирубин) 1, 75 мл 0, 9 % NaCl ерітіндісін және 0, 25 диазосұйығын құйып, 5 минут уақыт өткеннен кейін калориметрлейді (5 минут уақыт аралығында) ; үшінші пробиркаға (жалпы билирубин) 1, 75 мл кофеин реактивін және 0, 25 диазосұйығын құйып, 20 минуттен кейін калориметрлейді. Калориметрлеуді жасыл түсті фильтрінде 5 мм кюветтерде дистильденген суға қатар жүргізеді.

Тура және жалпы билирубинді зерттеуден шыққан оптикалық тығыздықтардан (көрсеткіш бойынша тексерудің оптикалық тығыздығының көрсеткішін есептеп табады) .

Калибрлеу графигінен (100 мл/ мг немесе ммоль/л) жалпы және тура билирубин мөлшерін табады, ал олардың айырмашылығы бойынша тікелей емес билирубин мөлшерін 100 мл/мг немесе ммоль/л анықтайды.

Калибрлеу графигін салу әдісі мына төмендегідей. Өлшегіш колбаға 10 мг таза билирубин салып, хлороформды 100 мл дейін қосады (1 мл ерітіндісі құрамында 0, 1 мг билирубин болады) . Пробиркаларға билирубин ерітіндісін: 0, 05, 0, 1, 0, 15, 0, 2, 0, 25, 0, 3 мл өлшеп құяды. Бұл пробиркалардағы билирубиннің құрамы (мг) : 0, 005, 0, 01, 0, 015, 0, 025 және 0, 3. Соңғы үш пробирка ішіндегіні ыстық су моншасында буландыру арқылы көлемін 0, 1-0, 15 мл жеткізеді. Сонан соң әр пробиркаға 0, 75 мл гидрокарбонатты спирт, 2, 5 мл дейін таза этил спиртін, 0, 5 мл диазосұйығын, ал 15 минуттан кейін 2 мл кофеиін реактивін (жалпы көлемі 5 мл) құйып, сол мезетте сумен қатарластыра калориметрлейді.

Ординаталар өсі бойынша оптикалық тығыздық көрсеткіштерін тізбектейді, ал абцисса өсі бойынша-билирубин мөлшерін тізбектейді. Бұл көрсеткіштерді 100 мл/мг аудару үшін, әрбір пробиркадағы билирубин мөлшерін тексеру үшін 200 санына көбейтеді, 0, 5 мл қан сарысуына бірінші пробирка 1 мг, екінші - 2 мг, үшінші - 3 мг, төртінші - 4 мг, бесінші - 5 және мг алтынша - 6 мг билирубинге сай келеді немесе 17, 1; 34, 2; 51, 3; 68, 4; 84, 5; 102, 6 мкмоль/л. Қан сарысуының 2 есе еселенуі есептелінбейді, себебі стандарт байқаулардың көлемі зерттелінетін қан сары суымен салыстырғанда 2 есе көп.

Сау малдың қан сарысуындағы билирубин мөлшері (мг 100 мл) . Сиырларда жалпы билирубин 0, 11-0, 48, тура билирубин жоқ; 15 күнге дейінгі бұзауларға-жалпы билирубин 0, 16-1, 86, тура - 0-0, 72; жылқыларда жалпы билирубин 0, 62-1, 42, түзу - 0, 04-0, 58 (Н. А. Савкин бойынша) ; қойларда жалпы билирубин 0-0, 39, тікелей - 0-0, 27; иттерде жалпы билирубин 0, 12-0, 14; тауықтарда - 0, 1-0, 35 (Л. Шлезингер бойынша) .

Қан сарысуындағы жалпы билирубин мөлшері (ммоль/л) : сиырларда-1, 88-8, 21; 15 күнге дейінгі бұзауларда жалпы билирубин 2, 74-31, 81, тура - 0-14, 31; жылқыларда жалпы билирубин 10, 6-24, 29, тура - 0, 68-9, 92; қойларда жалпы билирубин 0-6, 67, тікелей - 0-4, 62; иттерде жалпы билирубин 2, 05-2, 39; тауықтарда - 1, 71-5, 99.

Қан сарысуындағы тура емес билирубиннің көбеюі - гипербилирубинемия - қан паразиттері (пироплазмоз, бабезиоз, нутталиоз) және індетті (инфлуэнца, теңбіл қанды (кропятнистая болезнь) және т. б. ) аурулар әсерінен болған әртүрлі гемолитикалық улармен уланғанда (салонин, фтор, флюороз және т. б. ), сәйкес емес қан құйғанда кездеседі.

Тура билирубиннің қан сарысуындағы мөлшерінің көбеюі механикалық сарғаюда (өт жолдарының өт тастарымен, паразиттермен бітелуі, ісіктермен қысылуы, үлкейген лимфа бездерімен, қысылғанда, абсцестермен, эхинококктармен, тыртықтанып тартылып тарылу кезінде, он екі елі ішек кілегей қабығы қабынғанда) кездеседі.

Тура және тура емес билирубиннің қан сарысуындағы мөлшерінің көбеюі паренхималық сарғаюларына байланысты (жұқпалы қан аздық, жұқпалы плевропневмония, сақау, жұқпалы энцефаломиелиттер, лептоспироз, жіті және созылмалы гепатиттер, бауырдың улану дистрофиясында, фосформен улануда және басқаларда) .

Қан құрамындағы қантты анықтау.

Қантты анықтауға арналаған реактивтер: 0 - толуидин (колба-реторда 20 0 С құмды моншада дайындайды, ауа кірмейтін қара түсті шыныдан жасалған ыдыста сақтайды) ; мұзды сірке қышқылы ; 3 % үш хлорлы сірке қышқылы; тиомочевина; 0 - толуидинді реактив (94 мл мұзды сірке қышқылы, 0, 15 г тиомочевина және 6 мл 0 - толуидин-тоңазытқышта сақтайды) ; глюкозаның стандарт ерітіндісі (тұрақты салмаққа 100 0 С-та кептірілген 500 мг глюкозаның 100 мл 0, 2 % бензойлы қышқылда ерітеді-тоңазытқышта сақтайды) ; глюкозаның стандартты жұмыс ерітіндісі (1 мл глюкозаның негізгі ерітіндісіне 4 мл дистильденген су қосады, оны зерттеу жүргізілетін күні дайындайды, 1 мл ерітінді құрамында 1 мг глюкоза болады) .

Қан құрамындағы қантты орто-толуидин байқауымен анықтау.

ʺНағыз қанттыʺ немесе ʺнағыз глюкозаныʺ анықтау, тек глюкоза мөлшерін анықтауды Сомоджи (мыс сульфатымен) немесе Нательсон (пероксидаза және глюкозооксидаза) әдістері көмегімен жүргізеді. Осы әдістердің көрсеткіштеріне ұқсас көрсеткіштерді қантты орто-толуидин байқауы арқылы анықтау нәтиже береді.

Осы айтылған байқауды қою үшін пробиркаға 0, 9 мл үш хлорлы сірке қышқылының 3 % ерітіндісін және 0, 1 мл қан құяды. Сұйықты 10 минут аралықта минутына 3000 айналымда центрифуғалайды, 0, 5 мл мөлдір центрифугаға 4, 5 мл орто-толуидин реактивін қосып, пробирканы 8 минут қайнап тұрған су моншасында ұстайды. Айтылған уақыт өткеннен кейін пробирканы ағып тұрған салқын сумен суытып, 590-650 нм толқын ұзындығына (қызғылт немесе қызыл түсті сүзгі қалыңдығы 1 см кюветте бос байқауға қарсы калориметрлейді. 0, 5 мл үш хлорлы қышқылының 3 % ерітіндісіне 4, 5 мл орто-толуидин реактивін қосып, жақсылап араластырып, 8 минуттай қайнап тұрған су моншасында қыздырады. Стандартты байқауды дайындау дәл байқау сияқты дайындалады, бірақ біріншіге қан сарысуы орнына 0, 1 мл глюкозаның стандартты жұмысшы ерітіндісін (концентрациясы 100 мл 100 мг немесе 5, 55 ммоль/л) алады.

Есептеуді мына формуламен жүргізеді:

С б =

Мұндағы С б - байқау құрамындағы глюкоза мөлшері, мг 100 мл немесе ммоль/л; С ст - стандартты глюкоза мөлшері, мг 100 мл немесе ммоль/л; Е оп -байқаудың оптикалық тығыздығы; Е ст - стандарттың оптикалық тығыздығы.

Сау малдар қанындағы нағыз қанттың мөлешрі мына аралықтарда (мг 100 мл) : ірі қарада - 40-70; қойда - 35-60; жылқыда - 55-95; шошқада - 45-75; итте - 60-80; тауықта - 80-140.

Қант мөлшері мына аралықтарда (ммоль/л), ірі қарада - 2, 22-3, 88; қойда - 2, 05-3, 33; жылқыда - 3, 05-5, 27; шошқада - 2, 5-4, 16; итте - 3, 33-4, 44; тауықта - 4, 44-7, 77.

Қандағы қанттың мөлшерінің көбеюі - гипергликемия - қант диабетінде, азықпен қанттың көп мөлшерін қабылдағанда, стресс кезінде, В 1 және С гиповитаминозы, бұйрек жетіспеушілігінде, нефритте және т. б. байқалады.

Қандағы қант мөлшерінің азаюы - гипогликемия - кетозда, ашығуда, бұзау диспепсиясында, А - гиповитаминозында, лейкозда болуы мүмкін. Сонымен қатар қалқанша безінің қызметі нашарлағанда, бауырдың жіті қабынуы кезінде байқалады.

Қан сарысуындағы жалпы белокты анықтау.

Қан сарысуындағы белокты рефрактометрмен анықтау әдісі. Қан сарысуындағы жалпы белокты анықтау үшін әртүрлі рефрактометрлерді қолданады (ИРФ-1, ИРФ-22, ИРФ-23, РЛУ, РЛРПЛ және басқалар) .

РЛУ рефрактометрімен жұмыс жасау алдында ноль нүктесін тексереді, ол үшін өлшегіш призма бетіне 1-2 тамшы дистильденген су тамызады, шкала лупасын және көру трубкасы окулярын анық көрсететін қалыпқа келтіреді, көру аумағында шкала мен визирлі түзулер жақсы көрінуі керек, дисперциялық конденсатордың бұрандасын бұрау арқылы көру трубкасындағы окулярдың дисперциясын жояды, лупа шкаласындағы түзуді 1, бөлігіне, ал жарық көлеңкесінің шекарасын арнайы кілт көмегімен визирлі түзулер нүктесінен қиылысатындай етіп келтіреді.

Аспапты жоғарыда айтылғандай етіп дайындағаннан кейін, оның камерасын ашып, жоғарғы және төменгі призмасын сүзгіш қағазбен, содан соң жұмсақ сүрткішпен сүртеді. Төменгі призма бетіне 1-2 тамшы зерттелінетін қан сарысуын тамызады, камераны жауып, айна көмегімен жарықты оның саңылауына түсіріп, камераны жарық көлеңкесінің шекарасы визирлі түзулердің қиылысқан нүктесіне тоқтағанша бұрайды. Соңында шкала бойынша қан сарысуының сыну көрсеткішін санауды жүргізеді. Кесте көрсеткіштерін қолдана отырып, сыну коэффициенті көлеміне, көрсеткішіне қарап, белок мөлшерін табады (6-кесте) .

Сау малдардың қан сарысуындағы жалпы белок мөлшері мына аралықтарда болады (100 мл/г) : ірі қарада - 6-8, 5; қойда - 6-7, 5; жылқыда - 6, 5-7, 8; шошқада - 6, 5-8, 5; итте - 5, 9-7, 6; тауықта - 4, 3-5, 9 ал г/л оның мөлшері, ірі қарада - 60-85; қойда - 60-75; жылқыда - 65-78; шошқада - 65-85; итте - 59-76; тауықта - 3-59.

Қан сарысуындағы жалпы белоктың азаюы - гипопротеинемия - рацион құрамында белок мөлшері аз болуы кезінде, рационда амин қышқылдары құрамы бойынша тепе-теңдігі бұзылғанда, жіті және созылмалы қан кетуде, гидремияда, буаз малда, нефроздық ісінуде, созылмалы паренхиматоздық гепатитте, бауыр цирозында, абсцестерде, қатерлі ісікте, паратуберкулезде (клиникалық ауру малда), туберкулездің терминальды түрінде, созылмалы сепсисте, зілді тейлериозда, безгекте, интоксикацияларда (улануларда) және тағы сол сияқтыларда кездеседі.

Қан сарысуындағы белок мөлшерінің көбеюі - гиперпротеинемия - құрама концентрат азықтармен азықтанғанда қорытылған протеиннің көптігінде және жеңіл қорытылатын көмірсутек жетіспеушілігінде, дегидратацияда, құсуда, іш өтудің, диарреяның зілді түрінде, диабетте, гепатитте (жазылу кезеңінде), азықтарда каротин жетіспегенде, калций мен фосфор қатынасы өзгергенде, Д витамині жетіспегенде, жіті қабынуларда, флегмоналарда, сепсисте, зілді індетті және басқа аурулар кезінде байқалады.

6-кесте

Қан сарысуының сыну коэффициенттері және оларға сәйкес жалпы белок мөлшері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қандағы билирубинді, қантты және жалпы белокты анықтау туралы
Қандағы биллирудинді, қантты және жалпы белокты анықтау
Несептегі белокты анықгау
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар
Жануарлардың ішікі ауруларын клиникалық балау
Механикалық сары ауруды емдеу
Несептің физикалық және химиялық қасиетін анықтау
Ірі қара,ұсақ малдардың бауырын тексеру
Диспансеризация туралы мәлімет
Ірі қара, ұсақ малдардың бауырын тексеру жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz