Аймақтардың оптимальды ормандылығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Аймақтардың оптимальды ормандылығы.Тексерген: Самиева Г. Т
Дайындаған: Бағдатова А. Б
Семей
2015 жылы
Жоспар
Кіріспе . . . 3
І Аймақтардың оптимальды ормандылығы . . . 4
1. 1 Орман типологиясы құрылуының бастамалары . . . 6
1. 2 Орманды қалыптастыратын негізгі ағаш тұқымдары және орман туралы түсінік . . . 10
1. 3 Аумақтың ормандылығын арттыру мақсатында орындалатын іс - шаралар жиынтығы . . . 12
Қорытынды . . . 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 14
Кіріспе
Біздің жалпы негізгі мақсатымыз Қазақстан орман екпелерін дайындап, ормандарында питомниктерді аудандастыру жұмыстарының өткізілуі, маңызы болып таныладын тұқымдарға сараптама жасап, қорытындылау. «Семей орманы» МОТР РММ аумағында орман екпелерін жас ерекшеліктеріне және тұқымына байланысты орналастыру жұмыстарын стандартқа сай және қоршаған ортаға зиянын тигізбейтіндей орындау жұмыстарын орындау. Қала аумағын жасыл желектендіру және таза ауамен қамтамасыз етіп көркейту. Жыл сайын орман ағаштарының санын ұлғайтып, көлемін арттыру. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін зерттеу кезінде заң әдебиеттерін, нормативтік-құқықтық актілерді, бұқаралық ақпараттық құралдарды пайдалана отырып тақырыпты толық ашу және меңгеру. Ағашты өсiруге, оны қорғауға жұмсалатын шығын мен оның өнiмдерiн пайдалану процестерi үздiксiз қайталанып отырады.
Орман екпелерін жас ерекшеліктеріне және тұқымына байланысты орналастыру, басқару жұмыстарын жүргізу. Қазақстанда орман алқаптары айтарлықтай көп емес. Біз оларды көбейту мақсатында орман орман орналастыру жұмыстарын жүргіземіз. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің “Қазақстан-2030” деп аталатын бағдарламасында “Қазақстан-2030” жылы мөлдір су және таза ауасы бар, жасыл мемлекет болуы керек, -деп атап көрсетті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін 2030 жылға дейінгі республикамыздың орман қорының тұрақты даму Стратегиясыжәне жоспары қабылданды. Стратегияның негізгі міндеті еліміздің аумағындағы ормандарды 5, 1 арттыру. Көптеген питомниктерды жасап, ол жерлерде орман ағаштарының пайдалы, жақсы ағаш өскіндерін алу. Орман басқару жұмыстарын тиімді әрі тәртіппен орналастырсақ еліміздің болашағы жарқын әрі жасыл желекті болмақ. Орман су көздерiн қорғау қызметiн де атқарады. Ауылшаруашылық жерлерiн жолдарды құм, шаң басудан қорғайды. Орман халық шаруашылығына қажеттi құнды материал ағаш бередi. Ормандар дәрiлiк, тағамдық, техникалық өсiмдiктер жемiс-жидектер, саңырауқұлақтар өседi.
І Аймақтардың оптимальды ормандылығы.
Аймақтардың оптимальды ормандылығы - жергілікті жерде табиғи экологиялық т е петендікті сақтаған немесе орта түзетін құрауыштардың біреуінің өзгермеген қалпын сақтауды қамтамасыз ететін ормандылық.
Мемлекеттiк орман қорының жалпы ауданы 28, 4 млн. га немесе республика аумағының 10, 4 %-ын құрайды. Орманды алқаптар 12, 3 млн. гектарды немесе орман қоры жерлерi жалпы ауданының 43, 3 %-ын құрайды. Республиканың ормандылығы 4, 5 % құрайды.
Уәкiлеттiң органның қарамағында мемлекеттiк орман қорының 4, 8 млн. га (17, 3 %), облыстық атқарушы органдардың қарамағында 22, 8 млн. га (82 %) және басқа мемлекеттiк органдардың қарамағында 0, 8 млн. га (0, 7 %) бар. Қазақстанда ормандар барынша әркелкi орналасқан. Орман өсiмдiктерiнiң түрлерi табиғи аймақтардың әртүрлiлiгiне негiзделедi. Шөлдi аймақтарда сексеуiл ормандары өседi. Тау ормандарының негiзгi бөлiгi Алтай, Жоңғар және Iле Алатауында қою түстi кылқан жапырақты орманмен қамтылған. Дала мен далалы орманды аймақтардың жазық бөлiгiнде қайын-көктеректi ормандар, қарағай ормандар, Ертiс бойының салалы ормандары өседi. Ормандар құрамында ормандармен қамтылған ауданның 49, 6 % иеленетiн сексеуiл басым болып келедi және шөл және дала аймақтарда бұталы екпелер 24, 1 % алады. Бағалы қылқан жапырақтылар 13, 1 %, ал жұмсақ жапырақтылар 11, 2 % құрайды. Республика ормандары климаттық реттеу, орта қалыптастыру, дала және топырақ қорғау, су сақтау және санитариялық-гигиеналық функцияларын атқарады және елдiң биологиялық алуан түрлiлiгiнiң 86 %-ы табиғи резерваттар болып саналады.
Сурет 1. Біздің еліміздегі ормандандырылған аймақтардың жыл сайынғы көрсеткіштері
Республиканың орманды аумақтарын көбейтуде орман дақылдарын егудiң маңызы зор. Бүгiнгi күнi жасанды отырғызылған өсiмдiктер 1029, 3 мың га немесе орманды жерлердiң шамамен 10 % құрайды. Орман дақылдарын отырғызу жұмыстарын қамтамасыз ету үшiн республикада 143 орман питомнигi бар, мұнда жылына 200 млн-ға жуық дана түрлi стандартты тұқым екпе көшеттерi өсiрiледi. Аталған көлемдегi отырғызу материалдар шамамен 60, 0 мың га орман дақылдарын құруға жеткiлiктi.
Қазiргi уақытта аталған питомниктерде стандартты отырғызу материалының 60, 0 млн. данасы өсiрiлуде. 270 ағаштан, 45 га екпеден, 850 га астам ағаш тұқымды учаскелерден және ағаш тұқымды плантациялардан тұратын селекциялық негiздегi ағаш тұқымды база қалыптастырылуда. Астана қаласының жасыл аймақты аумағында 1998 жылдан 2009 жыл аралығында 45 мың га екпелер отырғызылды, оның iшiнде 14, 7 мың гектары Астана қаласы әкiмдiгiнiң теңгерiмiне берiлдi. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы ауданы 1724, 4 мың га орман ресурстары 394 жеке және заңда тұлғалардың ұзақ мерзiмдi пайдалануына берiлдi. Қолданылып жатқан шараларға қарамастан орман өрттерi мен орманды заңсыз кесу жалғасуда. Орман өрттерiнiң себебi табиғи факторлармен қатар адам әрекетiнен де болады, бұл көктемгi және күзгi өрт қауiпi өршiп тұрған кездерде аса қатерлi.
Сурет 2. Орман аумақтарын тазарту мақсатында күту
жұмыстарын жүргізу.
Республика бойынша iрi орман өрттерiн талдау дала өрттерiнiң мемлекеттiк орман қорының аумағына ауысуы салдарынан туындаған ең iрi ауданы - 62 %-ды құрайтынын көрсеттi. 2009 жылы орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi аумағының 3, 5 мың га ауданында 230 орман өртi оқиғасы болды, оның iшiнде орманмен көмкерiлген жерлер 1, 7 мың га құрады. Орман өрттерiнен болған залал 69842 мың теңгенi құрады. Өртке қарсы жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде орман өрттерiнiң саны 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 1, 4 есеге төмендедi, өрт шарпып өткен аудан көлемi 1, 6 есеге қысқартылды.
1. 1 Орман типологиясы құрылуының бастамалары .
Ормандарды жүйелеу - орман типологиясының негізгі мәселесі. Ал орман шаруашылығы ғылымдарының ішінен өзіндік тармақ болып бөлінуге әсер еткен XIX ғасырдағы орыс орман шаруашылығында пайда болған «екпе ағаштар типтері» деген түсінік. Сондықтан «құрғақ алқаптағы» және «сулы алқаптағы» орман типтері деп бөледі. Ормандарды типологиялық жүйелеуді морфологиялық жүйелеумен араластыруға болмайды. Өйткені морфологиялық жүйелеу орман таксациясының әдістеріне сүйенеді. Ал таксациялық жүйелеу екпе ағаштардың сыртқы және әсіресе сандық белгілерін анықтайды, яғни құрамы, тұқымдар басымдығы, толықтығы, қабаттар саны, бонитет, екпе ағаштар шығу тегі, өнімділік, өсу барысы. Жалпы орман қорларын арттыру үшін күту жұмыстары соның ішінде кесу жұмыстары дұрыс жүргізілуі қажет (1-кесте) .
Кесте-1
Орман қорларын арттыру мақсатындағы күту кесу жұмыстарының түрлері
Қылқан
жапырақтылар
Қылқан
жапырақтылар
Қылқан
жапырақтылар
Орманның құрамы, құрылымы, өнімділігі және өсу аймағын бағалаудатаксациялық сипаттама құнды негіз. Бірақта, орман шаруашылығы ісінде орман белгілерін біріктіріп сосын табиғи өсулердің әр түрлілігін түсіндіруде таксациялық әдістемелік орманшылардың қөңілінен шықпаған. Сондықтан орман типологиясы пайда болды, ол өсімдіктерді, кең биологиялық және географиялық негізінде, айқын белгілерімен жүйелейді.
Орман типі - орманның ағаш тұқымдары құрамымен біртектес участоктерін біріктіру. Сонымен қатар өсімдіктер даму реттері және фаунамен, микробтар мекені бойынша, климаттық, топырақтық, гидрологиялық шарттарымен, өсімдіктер өмір сүру ортасы арасындағы байланыспен, ішкі биогеоценоз бен биогеоценоз арасындағы түрлердің энергия және зат алмасуымен, биогеоценоздар құрастыру қасиеттерінің біртектілігімен біріктіргенде экологиялық жағдайлар және қолданылатын орман шаруашылық іс- шаралары бірдей болу керек. Жалпы орман қорын пайдалану көрсеткіштеріне келетін болсақ. Төмендегі суреттен көре аламыз.
Сурет 2. Халық шаруашылығы саласындағы орман ағаштарының пайдалану көрсеткіштері (%) .
Г. Ф. Морозовтың өсімдіктер типтері туралы оқытылымы.
Ғылыми типология негізін қалаушы Г. Ф. Морозов алғашқы болып өсімдіктер типтері туралы оқытылымды ұсынды. Ол орман өсімдіктері типі деп бір үлкен топқа біріктірілген және өсу жағдайларымен біртұтас өсімдіктерді атады. Морозовтың айтуы бойынша орман өсімдіктері типі - бұл климаттық фактормен байланысқан орманшылық - географиялық ұғымның ең төменгі жүйелік сатысы. Морозовтың бұл ойлары Алексеевтің, Воробьевтің, Сукачевтің және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінде өз жалғасын тапты. Погребняк жергілікті өсімдіктер әр түрлілігін анықтайтын топырақтық факторлар деп оны ормандар жүйелеу негізіне қойды.
Топырақтар жағдайлары және ормандар белгілері қарым - қатынасын анықтау үшін Погребняк эдафикалық тор қолданды. Ол тор екі қатардан тұрады: трофогендік, яғни құнарлығы және гигрогендік, яғни ылғалдылығы. Трофогендік қатардың мүшелері трофотроптар деп аталады, олар қарағай орманы немесе жалпақ жапырақты орман.
Сурет 3. Орман қорларын көбейту мақсатына жүргізілетін жұмыс жоспарлары.
Қарағай орманы, құнары тапшы құмдақ топырақтарда, өседі.
Жалпақ жапырақты ормандар топырақ құнарына көп талап қояды, сондықтан олар орманның сұр топырағы мен қара топырақта өседі, олармен қатар көптеген ағаштар және бұталар өседі.
Е. В. Алексеев жүйелеуі. Е. В. Алексеев орман жүйелеу жұмыстарында Г. Ф. Морозов, П. П. Серебренников, А. А. Кюрдинердің ілімдерін жалғастыра отырып қолданылма жағынан дамытқан. Е. В. Алексеев бойынша «орман участогінің типі» ол орман мен алып тұрған жерінің тұтастығы. Ол да жүйелеу негізіне екі ординатаны қолданған, А. А. Кюрденер сияқты, - ылғалдылық және топырақтың механикалық құрамы. Бірақта Е. В. Алексеев топырақты терең зерттеуге талап қояды, өйткені табиғатта тек «емендік» емес «қарағайлық» саздақтар бар.
Сурет 4. Қазақстан аумағындағы орман қорларын анықтаудағы
аэро-ғарыш түсірілімдері.
Е. В. Алексеев жүйелеуі екі нысанды сұлбаға сүйенеді, А. А. Нартов және П. П. Серебренников келісуімен, яғни екі категорияларға бөлу: а) құрғақ алқаптың орман типтері; б) сулы алқаптың орман типтері (шымды батпақтардағы, қарағайлы, қайыңды, шыршалы ормандар) . «Құрғақ алқаптағы» орман типтері ормандық саздақтағы қарағайлы, ақ букті, жалпақ жапырақты ормандарға және қара топырақтағы емен орманына бөлінеді. Сонымен қатар Е. В. Алексеев жалпақ жапырақты орманның климаттық формалары ретінде шамшаттық орманды сипаттайды. Е. В. Алексеев эрозияға ұшыраған, бүлінген, ауыл шаруашылығында ұзақ қолданылған топырақтарда пайда болған ормандарды зерттеп, жаңа көз қарас тудырды және шәйылған саз топырақта қарағай отырғызу керек екенін дәлелдеді. Ол орман типтері топырақтың механикалық құрамымен байланысты екенін айқындады.
Типологиялық түсініктер
1. Сүрікдіңдер - орман екпелерінің негізгі бөлігі болып табылатын ағаштар жиынтығы.
Бонитетімен, толықтығымен, нысанымен, құрылымымен және тегімен екпе ағаштар бөлінеді, жергілікті және туынды, тұқымдық және балақ шыбықтық, табиғи және жасалған, болып.
2. Тіршілік орны - орманның ішкі ортасы. Астынан тамырт орналасқан топырақпен, ал үстінен бөрікбасымен шектелген ағаштар көлеміндегі топырақ пен атмосфера жатады.
3. Орман - ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компонентерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен.
Орманды қалыптастыратын негізгі ағаш тұқымдары және орман туралы түсінік
Ағаш өсімдіктерін ботаника бөлімі немесе өсімдіктер туралы ғылым -дендрология зерттейді, ол ғылыми көзқараспен көп жылдық ағаш өсімдіктерінің - сыртқы және ішкі құрылысын, таксономиялық жағдайын, түр ішілік жүйеленуін, физиологиясын, экологиясын, географиялық орналасуын және шаруашылық мағнасын зерттейді. Ормандық ағаш өсімдіктері келесі өмірлік формаларына немесе топтарына бөлінеді: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шалабұталар.
Әсіресе кеңінен тарап және шаруашылықта мағналы болған ағаштар - жан - жағында бұталары мен жоғарыда өркені бар айқын діңді көп жылдық өсімдіктер. Олардың орман қалыптасуында және шаруашылық пен халыққа сүрік алуда маңызды орны бар. Ағаштардың биіктігі 8…10 м биік болады. Есейген бұталарда басты дің болмайды, оның орнына бірнеше діңшелер қалыптастырып 5 м биіктікке дейін өседі. Бұташалар тармақталған 80 см дейінгі биіктікке өсетін өсімдіктер, ал лиандар - иілгіш, ұзын, тұрақсыз, тіреу тілейтін сабақтары бар өсімдіктер.
Кесте-2
Ағаш пен бұта түрлерінің тұқым ылғалдылығын анықтауының техникалық шарттары
Тұқымсынама-сын дайын-дау
тәсілі
Кептіру уақыты,
сағат
Орман түсінігі көп қырлы . Орман биосфераның құрамдарының бір бөлігі болып есептеледі, жер шары өмірінің белсенді орны болып құралады, өйткені құрамы, құрылымдары тірі ағзалардың тіршілігімен байланысты; географиялық ландшафттың элементі ретінде оны орман ауқымы (массив) және орман қоры ж. т. б. құрастырады.
Орман - жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым - қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып, қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады.
Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.
Еркін өсетін ағаштардың бұтақтары солбырап, бөрікбасы шашыраңқы болады. Ағаштың діңі бұтақты, қысқа болады, оларда жақсы тауарлық түр болмайды. Ормандағы ағаштар, еркіндегі өсетіндерге қарағанда, 10 . . . 20 жыл кеш тұқым береді және дән беретін кезеңдері болады. Ол жылдар ағаштардың тұқымы мен табиғи жағдайларымен байланысты, сонымен қатар тұқым беру ағаштардың көлемдерімен байланысты. Өте ірі ағаштар 80% көп дәндер береді, ал нашар өсетіндері - 0, 5 % көп бермейді.
Орманда, ағаштармен қатар бұталар, шөптер, мүктер, қыналар және т. б. өсімдіктер өседі. Ол әсерлер жарық, көректік заттар және су үшін бәсекелестікте.
Сонымен, орман тек көптеген ағаштар араласы емес, ол бұталардың, шөптердің, мүктердің, қыналардың және т. б. өсімдіктердің қарым-қатынасы, онда ағаштар, ең бірінші болып, қоршаған ортаға әсер етеді: жарық, жылу, ылғал, ауа құрамы, жел және басқа экологиялық жағдайларға. Орман өз ортасын құрастыра отырып, қоршаған егістіктерге, шабындықтарға, су қоймаларына және т. б. әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz