Қазақстан Республикасында сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері



1 тақырып Сот сраптамасының түсінігі және негізгі сипаттамалары
1. Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамасы
2. Сот сараптамасының тақырыбы мен міндеттері
3. Сот сараптамасының обьектілері
4. Сарапшылық зерттеуге арналған үлгілер

2 тақырып Сот сарапшылық зерттеу әдістері және жіктеу
1. Сот.сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерінің түсінігі, оларды қалыптастыру
2. Сот.сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерін жіктеу
3. Сот.срапшылық технология түсінігі. Комьютерлік технология құралдарын сот срапшылық зерттеулерде пайдалану
4. Зерттеу тақырыбы бойынша сараптамаларды жіктеу
5. Сот сараптамасының даму бағыты
6. Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу
1. Сот – сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерінің түсінігі, оларды қалыптастыру

Сот – сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерінің түсінігі, оларды қалыптастыру.
Срапшылық зерттеу – күрделі шығармашылық процесс, онда ғылым мен техника жетістіктерін білу, қазіргі тиімді зерттеу әдістемелерін меңгеру, срапшының білік – дағдысы іске асырылады.
Сот сараптамасының әрбір тегі мен түрлеріне тән белгілер зерттеу әдістерінен тұратын сарапшылық зерттеудің тиісті әдістемесі болып табылады.
Сот – срапшылық зерттеу әдісі – бұл срапшының алдына қойылған сұрақты шешу үшін деректерді алудың логикалық және аспапты операциялар (тәсілдер, амалдар) жүйесі.
Сот – сарапшылық зерттеу әдістемесі – сраптамалардың белгілі бір тегі, түрі тақырыбына жататын нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы обьектілерін оқып – зерттеу кезінде қолданылатын әдістемелер (амалдар, техникалық құралдар) жүйесі.
Сарапшылық танымға әдістердің реттілігі, жүйелілігі тән, сондықтан да әдістеме мазмұнына енгізілген әдістер шешілетін міндеттер мен зерттеудің шарттарына тәуелді белгілі бір дәйектілікпен қолданылады.
Сот – сарапшылық зерттеудің әдістемесі сарапшылық міндеттерді шешуге бағдарланған болғандықтан, оның өзіндік ерекшелігі сраптаманың тақырыбы мен обьектілерінің ерекшеліктерімен есептеледі.
Сот сараптамасында пайдаланылатын әдістер, көбінде, жаратылыс және техникалық ғылымдардан алынған және сраптаманың міндеттерімен обьетілерінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес түрлендірілген.Олар іске асыру нысандары – амалдар, техникалық жабдықтар бойынша жалпы ғылыми әдістерінен елеулі айырмашылығы болады.
Кез келген ғылыми – техникалық құрал мен әдіс сот сараптамасының мақсаттары үшін ұсыныла қоймайды.Оларға, алдымен, іс жүргізу заңы белгілейтін бірқатар талаптар ұсынылады.
Срапшылық зерттеу дәлелдеудің элементі болғандықтан, тиісті әдістер ҚІЖК – нің 129- бабы 3-бөлігінде көзделген сипаттамаларға сәйкес, олар:
1. заңмен тікелей көзделген немесе оның нормалары мен принциптеріне қарама – қайшы келмейтін;
2. ғылыми орныққан;
3. қылмыстық іс бойынша жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін;
4. қауіпсіз болуы керек.
Сондай- ақ заңда сот сараптамасы әдістеріне сәйкес келетін обьектілердің бірегейлігімен себептелген, олароды барынша сақтау талабы да көрініс тапты. Обьектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соқтыратын әдістерді пайдалану тек қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен ғана жол беріледі.
Сот – срапшылық зерттеу әдістерін қолданудың нәтижелері барлық процеске қатысушылар үшін анық және көрнекті болуы керек.
Сараптама тағайындау процесінде сраптамалардың әр түрлі кластарын, тектері мен түрлерінің әдістерін әзірлеу деңгейлерін ескерген маңызды, ол үшін сарапшылық зерттеу мүмкіндіктері жөнінде алдын ала кеңестер өткізу керек.
Жаңа әдістерді қалыптастырудың негізгі көзі сот – срапшылық мекемелердің ғылыми зерттеу бағдарламаларында көрініс табатын өзекті сарапшылық міндеттерді шешу қажеттілігімен себептелген арнайы ғылыми зерттемелер болып табылады.
Сонымен бірге, аз ғана таралуы, бірақ дәл криминалистика үшін ерешелігі бар ғылыми – техникалық құралдарды ендіру бағытын да атап көрсеткен жөн, соған сәйкес криминалист «сыртқы» ғылымның жаңа жетістіктері туралы ақпарат алып, сараптама мақсаты үшін осы ғылыми ешімді пайдалану мүмкіндігін іске асырады. Атақты криминалист Е.Ф Буринскийдің өмірі мен қызметін зерттеген А.И Винберг, аталған заңдылықты ең алғашқы рет осы адам ғылыми түрде сипаттады және ол трансформация принципі аталады деп көрсетті.
Мысалы, осылайша бірқатар обьектілерді зерттеу үшін қолданылатын оптикалық кванттық генераторларды пайдалануды көздейтін әдістемелер кешені құрылған болатын.
Сот сараптамасының дамуы тек жаңа міндеттерді шешу мүмкіндіктерін құруды ғана көздеп қоймай, сонымен қатар бұрын белгілі шешімдерді оңтайландыруды да көздейді, қолдағы бар сарапшылық зерттеудің әдістемелері зерттеудің жаңа әдістерін пайдалану есебінен ұдайы жаңарып отыру керек.
Егер зерттелетін обьекті туралы ақпараттың қолданыстағы сипаты және көлемімен, сондай- ақ уақыттық және материалдық шығын тарапынан салыстырғанда артықшылығы болса жаңа әдісті енгізу аяқталады.
Сот сараптамасының жаңа әдістермен баюы бірнеше нұсқаны көздейді. Заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде сот ісін жүргізуден тыс басқа ғылымдарда ұқсастығы бар проблемалық жағдайлар жиі пайда болғандықтан, сарапшылық практикаға өзге ғылыми міндеттерді шешу үшін әзірленген әдісре кеңінен енгізіледі.
Шешілетін міндеттің өзіндік ерекшеліктері басқа ғылымдарда қолданыстағы әдістерді тек түрін өзгерте және оларды толықтыра пайдалануға мүмкіндік беретін болса, сарапшылық практикаға жаңа әдістерді енгізудің екінші жолы да қолданыс табады. Мұнда әдістің модификациясы құрылады. Мысал ретінде биологиялық обьектілердің термикалық сипаттамаларын зерттеу әдісі негізінде жасалған сұйық кристалл индикаторларын пайдалану әдісін әзірлеуді келтіруге болады.
Аталған екі әдістен басқа, заттай дәлелдемелерді криминалистік зерттеуге әдейі арналған әдістердің әзірлеме нұсқалары бар.Криминалистік сраптама әдістерін медицинада, антропология мен өзге де ғылыми білім салаларында пайдалану мысалдары бар.

2. Сот – срапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерін жіктеу
Сот – срапшылық зерттеу әдістерін ғылыми практикалық қызмет ретінде жіктеу әр түрлі – ортақтық дәрежесі мен олардың дәреже сатысы, әдістер алынған ғылым салалары, алынатын ақпарат сипаты, зерттеу обьектісіне әсер ету дәрежесі негіздері бойынша жүзеге асырылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Ж алпы бөлім

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СОТ САРАПТАМАЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ МЕН ЖҮРГІЗУДІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 тақырып Сот сраптамасының түсінігі және негізгі сипаттамалары
1. Сот сараптамасының түсінігі және негізгі сипаттамасы
2. Сот сараптамасының тақырыбы мен міндеттері
3. Сот сараптамасының обьектілері
4. Сарапшылық зерттеуге арналған үлгілер

2 тақырып Сот сарапшылық зерттеу әдістері және жіктеу
1. Сот-сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерінің түсінігі,
оларды қалыптастыру
2. Сот-сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерін жіктеу
3. Сот-срапшылық технология түсінігі. Комьютерлік технология
құралдарын сот срапшылық зерттеулерде пайдалану
4. Зерттеу тақырыбы бойынша сараптамаларды жіктеу
5. Сот сараптамасының даму бағыты
6. Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу
7.
1. Сот – сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерінің түсінігі,
оларды қалыптастыру

Сот – сарапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерінің түсінігі, оларды
қалыптастыру.
Срапшылық зерттеу – күрделі шығармашылық процесс, онда ғылым мен
техника жетістіктерін білу, қазіргі тиімді зерттеу әдістемелерін меңгеру,
срапшының білік – дағдысы іске асырылады.
Сот сараптамасының әрбір тегі мен түрлеріне тән белгілер зерттеу
әдістерінен тұратын сарапшылық зерттеудің тиісті әдістемесі болып табылады.
Сот – срапшылық зерттеу әдісі – бұл срапшының алдына қойылған сұрақты
шешу үшін деректерді алудың логикалық және аспапты операциялар (тәсілдер,
амалдар) жүйесі.
Сот – сарапшылық зерттеу әдістемесі – сраптамалардың белгілі бір тегі,
түрі тақырыбына жататын нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы
обьектілерін оқып – зерттеу кезінде қолданылатын әдістемелер (амалдар,
техникалық құралдар) жүйесі.
Сарапшылық танымға әдістердің реттілігі, жүйелілігі тән, сондықтан да
әдістеме мазмұнына енгізілген әдістер шешілетін міндеттер мен зерттеудің
шарттарына тәуелді белгілі бір дәйектілікпен қолданылады.
Сот – сарапшылық зерттеудің әдістемесі сарапшылық міндеттерді шешуге
бағдарланған болғандықтан, оның өзіндік ерекшелігі сраптаманың тақырыбы мен
обьектілерінің ерекшеліктерімен есептеледі.
Сот сараптамасында пайдаланылатын әдістер, көбінде, жаратылыс және
техникалық ғылымдардан алынған және сраптаманың міндеттерімен обьетілерінің
өзіндік ерекшелігіне сәйкес түрлендірілген.Олар іске асыру нысандары –
амалдар, техникалық жабдықтар бойынша жалпы ғылыми әдістерінен елеулі
айырмашылығы болады.
Кез келген ғылыми – техникалық құрал мен әдіс сот сараптамасының
мақсаттары үшін ұсыныла қоймайды.Оларға, алдымен, іс жүргізу заңы
белгілейтін бірқатар талаптар ұсынылады.
Срапшылық зерттеу дәлелдеудің элементі болғандықтан, тиісті әдістер
ҚІЖК – нің 129- бабы 3-бөлігінде көзделген сипаттамаларға сәйкес, олар:
1. заңмен тікелей көзделген немесе оның нормалары мен принциптеріне
қарама – қайшы келмейтін;
2. ғылыми орныққан;
3. қылмыстық іс бойынша жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін;
4. қауіпсіз болуы керек.
Сондай- ақ заңда сот сараптамасы әдістеріне сәйкес келетін
обьектілердің бірегейлігімен себептелген, олароды барынша сақтау талабы да
көрініс тапты. Обьектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы
түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соқтыратын әдістерді
пайдалану тек қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен ғана жол
беріледі.
Сот – срапшылық зерттеу әдістерін қолданудың нәтижелері барлық
процеске қатысушылар үшін анық және көрнекті болуы керек.
Сараптама тағайындау процесінде сраптамалардың әр түрлі кластарын,
тектері мен түрлерінің әдістерін әзірлеу деңгейлерін ескерген маңызды, ол
үшін сарапшылық зерттеу мүмкіндіктері жөнінде алдын ала кеңестер өткізу
керек.
Жаңа әдістерді қалыптастырудың негізгі көзі сот – срапшылық
мекемелердің ғылыми зерттеу бағдарламаларында көрініс табатын өзекті
сарапшылық міндеттерді шешу қажеттілігімен себептелген арнайы ғылыми
зерттемелер болып табылады.
Сонымен бірге, аз ғана таралуы, бірақ дәл криминалистика үшін ерешелігі
бар ғылыми – техникалық құралдарды ендіру бағытын да атап көрсеткен жөн,
соған сәйкес криминалист сыртқы ғылымның жаңа жетістіктері туралы ақпарат
алып, сараптама мақсаты үшін осы ғылыми ешімді пайдалану мүмкіндігін іске
асырады. Атақты криминалист Е.Ф Буринскийдің өмірі мен қызметін зерттеген
А.И Винберг, аталған заңдылықты ең алғашқы рет осы адам ғылыми түрде
сипаттады және ол трансформация принципі аталады деп көрсетті.
Мысалы, осылайша бірқатар обьектілерді зерттеу үшін қолданылатын
оптикалық кванттық генераторларды пайдалануды көздейтін әдістемелер кешені
құрылған болатын.
Сот сараптамасының дамуы тек жаңа міндеттерді шешу мүмкіндіктерін
құруды ғана көздеп қоймай, сонымен қатар бұрын белгілі шешімдерді
оңтайландыруды да көздейді, қолдағы бар сарапшылық зерттеудің әдістемелері
зерттеудің жаңа әдістерін пайдалану есебінен ұдайы жаңарып отыру керек.
Егер зерттелетін обьекті туралы ақпараттың қолданыстағы сипаты және
көлемімен, сондай- ақ уақыттық және материалдық шығын тарапынан
салыстырғанда артықшылығы болса жаңа әдісті енгізу аяқталады.
Сот сараптамасының жаңа әдістермен баюы бірнеше нұсқаны көздейді.
Заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде сот ісін жүргізуден тыс басқа
ғылымдарда ұқсастығы бар проблемалық жағдайлар жиі пайда болғандықтан,
сарапшылық практикаға өзге ғылыми міндеттерді шешу үшін әзірленген әдісре
кеңінен енгізіледі.
Шешілетін міндеттің өзіндік ерекшеліктері басқа ғылымдарда қолданыстағы
әдістерді тек түрін өзгерте және оларды толықтыра пайдалануға мүмкіндік
беретін болса, сарапшылық практикаға жаңа әдістерді енгізудің екінші жолы
да қолданыс табады. Мұнда әдістің модификациясы құрылады. Мысал ретінде
биологиялық обьектілердің термикалық сипаттамаларын зерттеу әдісі негізінде
жасалған сұйық кристалл индикаторларын пайдалану әдісін әзірлеуді келтіруге
болады.
Аталған екі әдістен басқа, заттай дәлелдемелерді криминалистік
зерттеуге әдейі арналған әдістердің әзірлеме нұсқалары бар.Криминалистік
сраптама әдістерін медицинада, антропология мен өзге де ғылыми білім
салаларында пайдалану мысалдары бар.

2. Сот – срапшылық зерттеу әдістері мен әдістемелерін жіктеу
Сот – срапшылық зерттеу әдістерін ғылыми практикалық қызмет ретінде
жіктеу әр түрлі – ортақтық дәрежесі мен олардың дәреже сатысы, әдістер
алынған ғылым салалары, алынатын ақпарат сипаты, зерттеу обьектісіне әсер
ету дәрежесі негіздері бойынша жүзеге асырылады.
Ортақтық дәрежесі мен олардың дәреже сатысы бойынша әдістер былайша
бөлінеді:
1. Жалпылама әдіс (диалектикалық және формалды логика)
2. Жалпы әдістер: бақылау, салыстыру, сипаттау, өлшеу, эксперимент,
модельдеу және т.б.
3. Жеке ғылыми әдістер. Т.В. Аверьянов дәл атап көрсеткендей, негізінде
өзінің мазмұны бойынша бұл санат ғылыми зерттеудің арнаулы әдістері
санатына ұқсас. Жеке ғылыми әдістерді қолданудың аясы бір текті
немесе пайдаланылатын сипаты бойынша бір – біріне жақын бірнеше
білімдердің сараптамасы болып табылады. Мұндайға фотографиялық,
физикалық, химиялық, математикалық және сол сияқты әдістер жатады.
4. Арнайы әдістер. Бұл әдістер нақты, жекелеген обьектіні зерттеу үшін
әзірленеді. Мысал ретінде адсорбциондық – люминесцентті, диффузиялық
– көшірме әдістерді келтіруге болады.
Обьектілердің зерттелетін белгілеріндегі бейнеленіп алынатын ақпараттың
сипаты бойынша, әдістер бейнелерді талдау, морфологиялық талдау, физикалық,
химиялық және обьектілердің басқа қасиеттерін талдау әдістері деп бөлінеді.
Обьектілерге әсекр етудің дәрежесінен шыққанда, бұзылмайтын әдістерге
бөлінеді, оларға обьектіге әсер етпейтін және сынама дайындықты іске
асыруды қажет етпейтін әдістер жатады.
Сот – сарапшылық зерттеу әдістемелері де жіктеледі.Мысалы, орталық
дәрежесі бойынша типтік және нақты әдістеме болып бөлінеді.
Типтік срапшылық әдістеме - типтік срапшылық міндеттерді щещудің
жинақтап қорытылған тәжірибесінің көрінісі. Белгілі бір жағдайларда бұл
әдістемені сарапшы қандай да бір бейімдеусіз, өзгертусіз қолднауы мүмкін.
Нақты немесе жеке әдістеме – типтік әдістемені бейімдеу, өзгертудің
нәтижесі немесе сарапшылық міндетті шешуге шығармашылық түрде келудің
жемісі болып табылатын нақты сарапшылық міндетті шешудің тәсілі.
Нақты әдістеме сарапшының қызметі нәтижесі ретінде мына жағдайларда
пайда болуы мүмкін:
- сарапшының практикада немесе сараптама процесінде жүргізген
эксперименті нәтижесінде жаңадан, алғашқы рет туындаған
сарапшылық міндетті шешу үшін өзінің жеке тәжірибесін іске
асыруда;
- сарапшының шығармашылық тәсіл көрсетуі: стандартты аспапты
жетілдіруде, жалпы қабылданған әдістемені өзгеше ерекше амалмен
толықтыруда;
- әр түрлі ғылымдардың деретері мен әдістерін синтездеу арқылы осы
зерттеу үшін құрылған сарапшылық әдістеме негізінде міндетті
толық көлемде шешуде.
Сарапшылық практикада тек ғылыми негізделген, мақұлдап – қорытылған,
сарапшылық әдістеме типтік мәртебе алу үшін, ол мақұлдану және ендіру
сатыларынан өтуі керек. Осыған сәйкес әдістемелер алдын ала ғылыми сынаққа
берілуі, оны сот сараптамасы органының ғылыми - әдістемелік кеңесінің
бекітуі, арнаулы мемлекеттік тізілімінде стандартты ресімдеу мен тіркеуден
өтуі керек.

3.Сот – сарапшылық технология түсінігі. Компьютерлік технология
құралдарын сот – сарапшылық зерттеулерде пайдалану.
Қазіргі уақытта сот – срапшылық технологиялар сот – сарапшылық
мекемелердегі сарапшылық зерттеуді ұйымдастырудың жоғарғы деңгейінің моделі
болып табылады.
Технология белгіленген жүйелікте тиісті кеңістік – уақыттық
интервалдарда және таңдалған мақсатқа жету үшін белгілі бір техника
негізінде іске асырылантын әр түрлі операциялар мен дағдылардың жиынтығы
бон ұсынылады. Технологияның аталған белгілері тек технологияның элеметтері
боп ұсынылатын әдістер мен әдістемелеріне оның айырмашылығын айтуға
мүмкіндік береді.
Сарапшылық технология түсінігін М.Я. Сегай мен В.К. Стринжей енгізді.
Олар: Сарапшылық технологияны
- мемлекеттік сот – сарапшылық мекемелердегі сот сараптамаларын
жүргізуді ұтымды және тиімді ұйымдастырудың ережелері, тәсілдері
мен амалдарының жиынтығы;
- технологиялық сұлбаларды, процестер мен карталарды сипаттау;
аталған ережелерді, тәсілдерді, амалдарды, биологиялық
сұлбаларды, процестер мен карталарды әрі қарай жетілдіру
жөніндегі жалпы және жеке ережелерді әзірлеу болып табылады.
Жалпы сарапшылық технологияны құрудың элементтері нақты профиль мен
рангтағы сот – сарапшылық мекемелерінің типтік сұлбасын әзірлеу, сарапшылық
өндірісті жүзеге асырудың деңгейлерін анықтау, сарапшылық өндірістің
барлық деңгейі мен операциялық сұлбалары үшін қызмет субьектілерін анықтау
болып табылады.
Жеке сарапшылық технологияларды әзірлеуге мамандар мен қызметкерлер
құрамын пайдаланудың технологиялық сұлбаларын, сондай- ақ құрал –
жабдықтарды орналастыруды, сарапшылық міндеттерді шешудің негізгі және
қосалқы операциялық сұлбаларын әзірлеуді, нақты сараптамаларды жүргізудің
технологиялық карталарын әзірлеуді құру кіреді.
Қазіргі уақытта сарапшылық технологиялардың элемееттері срт сараптама
органдарының қызметіне табысты енгізілуде, оның мысалы ретінде, обьетілік
принцип бойынша, сол сияқты әдістемелік прицип бойынша құрылғанг көп
мақсатты сарапшы – кешенін құру болып табылады.
Қазіргі заманғы компьютерлік технология құралдарын кеңінен ендіру
бүтіндей осы сот – сраптама қызметіне де қатысты.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы сот сараптмасы органдарының
пратикасында сот сараптмасына компьютерлік технологияларды ендірудің мына
бағыттары іске асырылып жатыр:
1. Компьютерлік құралдарды аспаптық зерттеулер барысында алынатын
эксперименттік деректерді жинау мен өңдеуді автоматтандыру үшін
пайдалану;
2. Бейнелерді талдау жүйелерін пайдалану Соның ішінде, олар:
жазутану баллистикалық дактилоскопиялық, габитологиялық,
құжаттардың срт – техникалық сараптама аумағындағы зерттеулерді
жүргізуге мүмкіндік береді;
3. Нақты сараптама обьектілері бойынша деректер қор мен
автоматтандырылған ақпараттық – іздеу жүйелерін жасақтау;
4. Сарапшылық міндеттерді шешу ретінде, сондай- ақ сарапшының
қорытындысын тұжырымдау мен басу кіретін сарапшылар
қорытындыларын автоматтандырылған дайындығы үшін бағдарламалық
құралдарды әзірлеу;
5. Сот сараптамаларын тағайындау туралы қаулыны құруға мүмкіндік
беретін компьютерлік бағдарламалар.
Сарапшының автоматтандырылған жұмыс орнын қаматамасыз ету құрылымына:
- тиісті деректер базасы;
- сараптаманың белгілі тегі мен түрінің міндеттерін шешудің
математикалық модельдерді, алгоритмдері мен автоматтандырылған
бағдарламалары;
- автоматтандырылған жасақтау, жазбалар, редакциялау мен мәтінді
сыртқы құрылғыға шығару жүйелері жатады.
- Автоматтандырылған жасақтау, жазбалар, редакциялау мен мәтінді
сыртқы құрылғыға шығару жүйелелерін қолдану сарапшылық қорытынды
мәтіндерін ресімдеуге қызмет етеді. Негізінде, сарапшы
қорытындысынң мәтінін жасақтау бағдарламаны пайдаланушының
сұхбаты процесінде жүзеге асырылады.

4. Зерттеу тақырыбы бойынша сараптамаларды жіктеу.
Сот сараптамаларын жіктеу оларды тағайындау, жүргізу, сондай – ақ
сарапшының қорытындысын бағалау кезінде елеулі рөл атқаратын фактор болып
табылады.
Сот сараптамаларын жіктеу туралы мәліметтерді білу сараптама
тағайындаған органға сот сараптамасы органын дұрыс анықтауға ,сондай –
сарапшының ғылыми құзыреттілігін бағалауға мүмкіндік береді.
Сондай – ақ сот – сараптама қызметі ұйымында сараптамаларды жіктеу де
маңызды рөл атқарады. Сараптамалардың нақ бөлініп алынған кластары,
тектері, түрлері сот сараптамасы органдарының құрылымын, сарапшылық
кадрлардың дайындығын ұйымдастыру мен біліктілігін жетілдіруді, сот –
сараптама қызметінің даму келешегінің бағытын анықтайды.
Мақсаттық бағытына байланысты, сот сараптамаларын жіктеу әр түрлі
негіздемелер бойынша жүргізілуі мүмкін.
Қылмыстық сот ісін жүргізу үшін де, сондай – ақ сот сараптамасы
органдарының қызметін ұйымдастыру үшін де сараптамаларды зерттеу тақырыбы
бойынша жіктеу басты рөл атқарады.
Сараптаманың әр түрлерін және сол сияқты сарапшының құзыретін айырып
көрсетудің критериі сарапшылық зерттеулердің тақырыбы, яғни сараптама
жүргізу арқылы анықталуға жататын мән – жайлар болып табылады.
Бұл аспектіде тақырып жинақтап қорыту түрінде, сараптама обьетісінің
қатысының жақтары ретінде түсіндіріледі, олар іс үшін мәні бар және
білімнің тиісінше саласы аясына кіретін сұрақтарды шешу мақсатында
сараптаманың осы саласының құралдарымен зерттеледі және танылады.
Сот сараптамасы туралы ғылымда қабылданған жіктеуге сәйкес барлық сот
сараптамалар тақырыбы бойынша кластарға, тектерге, түрге, түр тармақтарына
бөлінеді.
Осы жүйенің ең ірі элементтері кластар болып табылады, кластар
тектерге, сараптамалар тектеріне олардың түрлері, түрлерге – түр тармақтары
кіреді.
Сараптамалар класы сот сараптамаларының теориялық және әдістемелік
негіздерін қалыптастырудың көзі болатын білімдердің ортақтылығыменг
біріктірілетін сарапшылық зерттеулерді құрайды.
Сараптамалар тегі – Ортақ тақырыбы, обьектісі, сарапшылық зерттеу
әдістемесі мен сот сараптамасы туралы ғылымның тиісті саласы бойынша
бөлініп алынатын белгілі бір кластағы сараптамалардың көп түрлілігі.
Сараптама түрі – обьекті тегі, әдістемелер, міндеттер үшін жалпы
тақырыптың өзіндік ерекшелігімен сипатталатын сараптама тегінің элементі.
Сараптаманың түр тармағы – сараптама түрінің тақырыбына тән өзіндік
топтық міндеттерімен жен зерттеу әдісінің кешенімен ерекшеленетін сараптама
түрлілігі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінң сот сараптамасы
органдарында жүргізілетін сараптамаларды ескергенде, мынадай:
криминалистік, медициналық және психофизиологиялық; инженерлік –
техникалық; инженерлік – көліктік; инженерлік – технологиялық;
экономикалық; өнертану кластарын қарастыратын сараптамаларды жіктеу қолайлы
болып табылады.

5. Сот сараптамасының даму бағыты.
Сот сараптамаларының орнығуы мен дамуының заңдылықтары жалпы теория
аумағындағы, сондай – ақ жалпы ғылыми заңдар ерекшелігінің көрінуіне сәйкес
өтетін білімнің даму процестеріне негізделеді.
Сарапшылық практиканың негізі болып табылатын ғылыми білімнің дамуы
үшін сарапшылық білімнің дифференциациясы мен интеграциясы және ғылыми
танымдағы субьектілік – обьектілік қатынастары заңының үлкен мәні бар.
Дифференциация мен интеграция факторларының әрекетін сот сараптамасы
саласындағы білім дамуының талдау және синтетикалық үрдістері анықтайды.
Олардың әрекеттерінің бағыттары зат + обьект - әдіс танымдық жүйенің
барлық элементтері болып табылады. Дифференциация факторы тереңдеу үрдісін,
обьектілер туралы білімдерді нақтылауды, олардың байланысы мен қарым –
қатынастарын көрсетеді.
Сот сараптамасындағы білім дифференциациясының базалық нысаны
обьектілер түрлерімен сәйкес олардың шоғырлануы, обьектілердің жақтары мен
қасиеттеріне сәйкес зерттеу бағыттарының бөлшектенуі болып табылады.
Дифференциация соңынан обьект бойынша зерттеу тақырыбының бөлінуі, оның
нақтылануы, сарапшылық зерттеу аясына таным құралдарын тарту болады.
Дифференциация процестері білімдердің қорытындылауы, кешенділігі,
нығыздалуы талаптарын көрсететін интегративтік процестермен жалғасады.
Сараптамалардың жаңа түрлерінің пайда болуы кезіндегі дифференциация
туындауының мысалы сот компьютерлік – техникалық сараптаманың дамуы болып
табылады.
Қазіргі уақытта сараптаманың мынандай түрлері бар:
1. Аппараттық – компьютерлік сараптама, оның тақырыбы компьютерлік
жүйенің техникалық құралдарын зерттеу кезінде анықталатын нақты
деректер болып табылады.
2. Бағдарламалық – компьютерлік сараптама, оның тақырыбы зерттеуге
ұсынылған компьютерлік жүйенің программалық жасауын құру мен
пайдаланудың заңдылықтары болып табылады.
3. СКТЭ – нің негізгі түрі ретіндегі ақпараттық – компьютерлік сараптама,
оның тақырыбына компьютерлік жүйедегі ақпараттық процестерді
ұйымдастыру үшін пайдаланушы дайындаған немесе бағдарламамен туындаған
ақпаратты іздеу, табу, талдау және бағалау барысында нақты деректерді
анықтау кіреді.
4. Компьютерлік – желілік сараптама, оның тақырыбы іс бойынша шындықты
анықтау үщін тергеушінің тапсырмасы бойынша желілік және
телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға байланысты фактілер
мен жағдайларды зерттеуді қамтиды.
5. Телематематикалық сараптама, оның тақырыбы қылмыстық не азаматтық іс
бойынша қандай да бір факті немесе оқиға туралы ақпараттың материалдық
жеткізгіштері ретіндегі телекоммуникация мен жылжымалы байланыс
құралдарын зерттеу кезінде арнаулы танымдар қолдану негізінде
анықталатын нақты деректер болып табылады.
осы кезеңде сот сараптамаларының орнығу және даму процестері кейбір
ерекшеліктерге ие болады.Мысалы, сот –сарапшылық бөлуде артықшылық рөлді
обьекті емес, іс бойынша дәлелдеуге жататын қандай да бір мән – жайлардың
сарапшылық таным деңгейіндегі бейнесі болып табылатын, соңында талданатын
оқиға механизмінің элементтерімен анықталатын зерттеу тақырыбы атқарады.
Адам психикасы мен психофизиологиялық процестері күйінің сот сараптама
тектерінің шегінде өзіндік дербес деңгейіндегі мына түрлерін: сот
психологиялық – криминалистік; сот инженерлік – психофизиологиялық; сот
психологиялық – филиологиялық сараптамаларды қалыптастыру мен бөлу болып
табылады..

6. Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу.
Қылмыстық іс жүргізу заңы (ҚІЖК –нің 249, 250, 255 - баптары) және
Қазақстан Республикасының Сот сраптамасы туралы Заңы (Заңның 8 - бабы)
сараптамаларды жіктеуді мына іс жүргізу істері бойынша қарастырады:
- қатысатын сарапшылардың саны бойынша (жекелік және комиссиялық)
- пайдаланатын арнаулы білімдердің сипаты бойынша (біртекті және
кешенді)
- жүргізілетін зерттеулердің көлемі бойынша (негізгі және қосымша)
- жүргізудің жалғастығы бойынша (бастапқы және қайталама).
Жеке сараптаманы сарапшы жеке өзі жүргізеді (ҚІЖК – нің 249 – бабы 1-
б).
Комиссиялық сараптаманың мынандай айрықша белгілері бар:
- оны бір мамандықтық екіден кем емес сарапшылары жүргізеді. Егер
сарапшылар комиссиясына екіден көп адамды енгізсе ол жөнінде
ҚІЖК – де көрсетіледі (ҚІЖК – нің 249 – бабы 3-б);
- оны жүргізу күрделі зерттеулер қажеттілігі жағдайында болады;
- сараптаманы жүргізу әрбір сарапшының толық көлемде зерттеу
жүргізуді және тұжырымдарды шығару мен қорытынды беру кезінде
шешімді алқалы қабылдауды қарастырады.
Біртекті сараптама оны жүргізу процесінде арнацулы білімдерді
пайдаланудың біртектілігімен сипатталады.
Кешенде сараптаманың ерекшелігі іс үшін мәні бар бір мән – жайды
анықтау үшін, арнаулы ғылыми білімдердің әр түрлі мамандықтағы сарапшылары
негізінде зерттеу үшін, демек, әр түрлі мамандықтағы сарапшыларды тарту
қажеттілігі болып табылады.
Кешенді сараптамаға тән белгілер:
1. өндіріске әр түрлі мамандықтағы бірнеше сарапшының қатысуы;
2. сарапшының жеке өзінің, сонымен бірге басқа сарапшылардың жүргізген
зерттеулері негізінде қорытынды беру.
Кешенді сараптама, көбінде, сарапшылардың алдына қойылған негізгі
міндеттерді шешу үшін қажетті аралық міндеттерді шешу кезінде,
сараптамалардың бірнеше кластарының теориялық және әдістемелік ережелерін
қолданумен қамтамасыз етілетін жаңа интеграциялық міндеттерді шешу үшін
жүргізіледі.
Кешенді зерттеу дегеніміз, біртекті комиссиялық немесе жеке
сараптамалар шеңберінде бір обьектіні зерттеу үшін әдістер кешенін
пайдалану болып табылады.
Қосымша сараптама тек негізгі сараптама жүргізілгеннен кейін
тағайындалады. Қосымша сараптаманы жүргізудің негіздемесі сарапшы
қорытындысынң жеткілікті түрде айқын немесе толық болмағаны, сондай – ақ
осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мәселелер туындауы болып
табылады.Қосымша сараптама тек екінші емес, сонымен бірге үшінші және
солайша ретпен кете беруі мүмкін.
Қорытындының қосымшасы дегеніміз қорытындыда жоқ, бірақ жүргізілген
зерттеулерден шығатын тұжырымдар мен олардың негіздемелері.
Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде
негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптаманы
тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған
жағдайларда дәл осы обьектілерді зерттеу және дәл осы мәселелерді шешу үшін
тағайындалады.
Қайталама сараптама тағайындалған кезде сарапшының алдына бұрын
қолданылған зерттеу әдістерінің ғылыми негізділігі туралы сұрақ қойылуы
мүмкін.
Қайталама сараптама тағайындаудың бір даулы негіздерінің бірі оны
жүргізу кезінде болған іс жүргізудің елелі бұзушылықтарын анықтау болып
табылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Арсеньев В.Д. Соотношение понятий предмета и объекта судебной
экспертизы. М.,1980г.
2. Энциклопедия судебной экспертизы Под. Ред. Т.В. Аверьяновой и Е.Р.
Россинской.М.,1999г.
3. Бычкова С.Ф. Судебная экспертиза. Алматы., 2002г.
4. Российская Е.Р., Усов А.И. Судебная компьютерно – техническая
экспертизе. М.,2001Гг.
5. Майлис П.П. Криминалистическая трасологи как теория и система
методов решения задач в различных видах экспертиз. Дис. Докт. Юрид.
Наук. М., 1992г.
6. Моисеева Т.Ф. Комплексное криминалистическое исследование
потожировых следов человека. М., 2000г.
7. Бычкова С.Ф. Формы проявления интегационныхпроцессов в развитии
науки о судебной экспертизе. Алматы., 1993г.
8. Орлов Ю.К. Пройзводство экспертизы в уголовном процессе. М., 1982г.
9. Словарь осовных термиов судебных экспертиз. М.1980.
10. Винберг А.И. Роль учения Е. Ф. Буринского в развитии отечественной
криминалистики. Волгоград. 1981.
11. Энцеклопедия судебной экспертизы под ред. Т.В. Аверьяновой и Е.Р.
Россинской. М. 1999.
12. Зинин А. М., Майлис Н.П. Судебная экспертиза. Учебник. М. 2002.
13. Сегай М.Я., Стринжа В.К. Актуальные проблемы экспертного познания.
Киев., 1984.
14. Основы судебной экспенртизы. Общая теория. М. 1997.

3 тақырып Сот сарапшысы

1. Сот сарапшысы түсінігі. Қазақстан Республикасында сот сараптамасын
жүргізу тапсырылуы мүмкін адамдар
2. Сот сарапшысына қарсылық білдіру
3. Сот сарапшысының іс жүргізу функциялары, құқықтары мен міндеттері

1. Сот сарапшысы түсінігі. Қазақстан Республикасында сот сраптамасын
жүргізу тапсырылуы мүмкін адамдар. Сарапшы – ол белгілі бір білім
саласындағы хабардар адам. “Сарапшы“ терминінің бірнеше мағынасы бар:
1) сот сараптамасын жүргізу үшін тартылатын хабардар адам ( сот сарапшысы),
2) сот сараптамасы органдарындағы штаттық лауазым, 3) қоғамдық өмірдің әр
саласында туындайтын мәселелер бойынша консультация және сарапшылық
бағалау үшін шақыртылатын адам.
Қылмыстық жүргізу мағынасында сөз ұғымның бірінші аспектісі жөнінде
болып отыр. “Сот сараптамасы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 1 –
бабының мазмұнында, сот сарапшысы қылмыстық процесті жүргізуші адам немесе
оның талабы бойынша сот сараптамасы органның басшысы сот сараптамасын
жүргізуді тапсырған, істің нәтижесінде мүдделі емес арнаулы ғылыми білім –
білігі бар адам болып табылады.
Сараптаманы жүргізу тапсырылуы мүмкін адамға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының “ Сот сараптамасы туралы “ Заңында толық түрде
тұжырымдалған, оған ҚІЖК – нің 243 – бабы, 1 – бөлігінде сілтеме жасалған.
Қазақстан Республикасының “ Сот сараптамасы туралы “ Заңының 10 –
бабы 1 – тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында сараптама жүргізу:
1) сот сараптамасы органының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот – сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
3) аталған Заңының талаптарына сәйкес бір жолғы рұқсат бойынша өзге
адамдарға тапсырылуы мүмкін.
Сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын және сот –
сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия құқығы жоқ адамдарға бір жолғы
рұқсат бойынша тапсырылуы мүмкін жағдайлардың тізбесі Заңның көзделген 10 –
бабының 1 – 1 тармағымен шектелген:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1999 жылғы 16 маусымдағы “
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығынды
жүргізілетін сараптама түрлерінің және ол бойынша Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі тағайындайтын біліктіліктер бойынша сарапшылық
мамандықтардың Тізбесін бекіту туралы “ № 44 бұйрығында және оған
енгізілген өзгертулер мен толықтыруларда көзделген сараптама түрлерінің
тізбесіндегі белгілі бір заңнамамен көзделмеген сараптаманы тағайындау:
2) Заңның 27 – бабына сәйкес сот сараптамасы саласындағы шетел
мемлекетінің маманы сарапшы ретінде тарту:
3) Сот сараптамасы органдарының қызме,ткерлері болып табылатын, сондай – ақ
лицензия негізінде сот – сараптама қызметін жүзеге асырушы тиісті
мамандықтың барлық сарапшыларына қарсылық білдіруді қанағаттандыру немесе
бүтіндей осы адамдарды және сот сараптамасының тиісті органын сараптама
жүргізуден дәлелді босату:

Қазақстан Республикасының “ Сот сараптамасы туралы “ Заңының 10 –
бабы 2 – тармағына сәйкес сот сарапшысының жоғары білімі және сот
сараптамасының белгілі бір түрі саласында арнаулы білімі болуы керек.
Сот сараптамасы органның қызметкерлері болып табылатын және лицензия
негізінде сот – сараптама қызметін жүзеге асырушы адамдар белгілі бір
сараптама түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігі болуы және Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің комиссиясында аттестациядан өтуі тиіс.
Заңның 10 – бабы 3 – тармағына сәйкес сот сараптамасын:
1) Заңмен белгіленген тәртіпте іс - әрекетке қабілеті шектеулі және іс -
әрекетке қабілетсіз деп танылған;
2) Бұрын сотталған;
3) Сот – сараптама қызметімен байланысты лауазымнан келеңсіз себептер
бойынша жұмыстан босатылған адамдарға тапсыруға болмайды;
Сот сараптамасын жүргізуді тапсыру мүмкіндігін болдырмайтын өзге де
жағдаяттар іс жүргізу заңымен көзделген және сарапшыға қарсылық білдіру
негізінде болады.
Сот сарапшысы біліктілігін алған және Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі комиссиясында аттестациядан өткен, сот сараптамасы органның
қызметкердері болып табылатын, сондай – ақ сот сараптама қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия алған адамдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 9 қазандағы № 1021 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 15 мамырдағы № 57865 қаулысымен енгізілген өзгертулерімен
бекітілген “Сот сарапшыларының Мемлекеттік тізілімін жүргізудің
Ережелеріне” сәйкес заңның 18 – бабы негізінде құрылатын Сот сарапшыларының
Мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Хабардар адам нақты қылмыстық іс бойынша мына шарттар болғанда сарапшы
болады: 1) Сараптама тағайындау туралы қылмыстық процесті жүргізуші
органның (адамның) қаулысының шығуы; 2) Сот сараптамасы органынан тыс сот
сараптамасын жүргізу кезінде – қылмыстық процесті жүргізуші органның
(адамның) сараптаманы жүргізуді тапсыруы, сарапшының іс жүргізу
мәртебесінен туындайтын құқықтары мен міндеттерін оған түсіндіруі, оларды
орындамаудың жауапкершілігі туралы ескертулері мен оның бұл
жөніндегі қолхаты; 3) Сотр сараптама органның сот сараптаманы жүргізуі
кезінде – оның басшысының сараптаманы жүргізу туралы тапсырмасы.
2. Сот сарапшысына қарсылық білдіру. Процеске қатысушылар ішінен
сарапшы ауыстыруға жатқызылады, сондықтан да қарсылық білдіру туралы (
өзіне - өзі қарсылық білдіру) өтінішін қанағаттандыру арқылы іске
қатысушыдан шеттелуі мүмкін.
Сарапшының іс қорытындысына тікелей немесе жанама мүдделігінің жоқтығы
іс мән – жайларын жан – жақты, толық, объективті зерттеуге жол береді.
Соған байланысты осы аталған мүдделіктер болған кезде қылмыстық іс жүргізу
заңнамасы сарапшыға қарсылық білдіруді көздейді.
Сарапшының тікелей жеке мүдделілігі деге,німіз – ол нақты іс бойынша
сараптама жүргізуге байланысты оған материалдық немесе өзге де пайда
беретін немесе берілуі мүмкін мүдделілік. Сарапшының жанама мүдделігі
дегеніміз, ол сараптама жүргізу нәтижесінде сарапшының өзі емес, оның
туысқандарының не өзге де онымен байланысты бар адамдардың мүдделілігі.
ҚІЖК – нің 90 – бабы 1 – бөлігі мен 96 – бабына сәйкес, мына мән –
жайлардың кез келгені болған кезде:
1) егер ол аталған іс бойынша жәбірленуші, азаматтық талапкер,
азаматтық жауапкер, куә ретінде шақыртылса не шақырылуы мүмкін болса;
істі жүргізуде куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеуші,
прокурор, судья, қорғаушы, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің,
азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің өкілі ретінде іс
жүргізуге қатысса. Қарсылық білдіру үшін аталған негіздер маман мен өзге
процеске қатысушылардың іс жүргізу функцияларының қиылысуына жол
берілмеуіне байланысты:
- Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе
олардың өкілдерінің, айыпталушының немесе оның заңды өкілінің туысы,
прокурордың, судьяның, қорғаушының, тергеушінің немесе анықтаушының туысы
болса; егер маман жеке, тікелей немесе жанама осы іске мүдделі деп санауға
негіз беретін өзге де мән – жайлар болса. Санамаланған мән – жайлар істің
қорытындысына жеке мүдделі еместігі талаптарымен байланысты.
2) егер ол анықтаушыға, тергеушіге, прокурорға, судьяға, сезіктіге,
айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, заңды өкілдеріне, жәбірленушіге,
азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкілдеріне не
маманға қызметтік немесе өзге де байланысты болса немесе болып отырса. “
Өзге байланыс “ деген терминді материалдық байланыс, бақылауға алыну деп
түсіну керек. Материалдық байланыс туралы тұжырым жасау үшін процестің
басқа қатысушылары жағынан сарапшыға материалдық қолдау кездейсоқ сипатта
емес, жүйелі түрде болуы керек.
3) егер ол оның нәтижесі қылмыстық іс бойынша іс қозғау немесе
қылмыстық ізге түсуді бастау үшін негіз болған ревизия немесе басқа да
тексеру әрекеттерін жүргізсе. Тексеру әрекеттеріне нәтижесі қылмыстық істі
қозғауға негіз болған кез келген ведомстволық, инспекциялық тексеру жатады;

4) егер оның құзыретті еместігі байқалса, яғни арнаулы ғылыми білім
негізінде қойылған сұрақтарды шешуде кәсіби дайындығының
жеткіліксіздігі болған кезде сарапшыға қарсылық білдіріледі.
Сарапшыға қарсылық білдіру туралы мәселені қылмыстық процесті
жүргізуші орган шешеді. Егер сарапшыға қарсылық білдіру туралы мәселе ол
сараптама жүргізгеннен кейін шешілсе, онда оның алдында берген қорытындысы
ҚІЖК – нің 116 – бабы 1 – бөлігі 3 – тармағына сәйкес заңды күшін жояды.

3. Сот сарапшысының іс жүргізу функциялары, құқықтары мен міндеттері
Сарапшының жалғыз іс жүргізу функциясы қорытынды беру үшін арнаулы
ғылыми білім негізінде дәлелдемелерді зерттеу болып табылады.
Сарапшының іс жүргізу мәртебес, ең бірінші, ҚІЖК – нің 83 – бабында
көзделген оның құқықтары және міндеттерімен белгіленеді. Аталған бапта
сарапшының жасауға құқылы немесе жасамауға құқысы жоқ іс - әрекеттер
тізбесі берілген.
Сарапшының:
- қылмыстық істің сараптама жүргізуге қатысты материалдарымен
танысуға. Оның қармағына ұсынылатын материалдардың көлемі әрбір
жағдайда сараптама тағайындаған органмен ( адаммен) белгіленеді;
- өзіне қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды беру,
сондай – ақ істің нақты мән – жайлары жөнінде сұрақтар мен
деректерді нақтылау туралы өтініш білдіруге құқылы. Сараптама
тағайындау туралы қаулымен танысу, сонымен бірге оны жүргізу
кезінде қосымша материалдар беру туралы өтініш білдіруге болады.
Қосымша материалдарды ұсыну мүмкіндігінің жоқтығы жөнінде жауап
келген кезде, сарапшы қолдағы бар материалдарды соның негізінде
сұрақтарды шешуге барлық қажетті шараларды, соның ішінде, ішінара
және ықтималды нысанда жасауға міндетті.
- Қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен тергеу және
басқа іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге қатысуға және оған
қатысушыларға сараптама тақырыбына қатысты сұрақтар қоюға; өзі
қатысқан тергеу немесе өзге де іс жүргізу әрекеттерінің
хаттамасымен, сондай – ақ тиісті бөлігінде сот отырысының
хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеті мен жауаптарының толық
және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгізуге жататын
ескертулер жасауға құқылы;
- Сараптаманы тағайындаған органның келісімі бойынша іс үшін маңызы
бар және өз бастамасымен анықталған, егер бұл анықталған мән –
жайлар оның арнаулы ғылыми білімі ауқымына жататын болса, өзге
мән – жайларды көрсетуге құқылы. Сарапшының бастамашылық таныту
мүмкіндігі сараптама тағайындаған органның сарапшыға берілетін
тапсырмасының көлемін әр кезде дәл анықтай алмауы мүмкіндігімен
белгіленеді, өйткені сот сараптамасының жаңа мүмкіндіктері туралы
ақпарат, әрдайым, тергеушіге кешігіп жетеді. Сарапшылық
бастамашылық таныту кезінде процестің жарысымпаздық сипатымен
байланысты аспектілерді ескеру керек - бастамашылық немесе
тараптардың өтініші бойынша сараптама жүргізу кезінде, сарапшы
тиісті келісімсіз сұрақтарды қоюға және шешуге құқылы емес,
өйәткені сарапшының өз бастамасымен анықтаған мән – жайлары,
оның мүдделерін сот сараптамасы құралдарымен “қорғауға” тиісті
процеске қатысушының жағдайына келеңсіз әсерін тигізуі мүмкін.
Сарапшы қаулыда аталмаған объектілерді зерттеу миссиясын өзіне
алған жағдайларда заң елеулі бұзылады, өйткені объектіні сарапшы
өзі тапқан кезде, дәлелдеудің қатыстығы туралы сұрақ туындайды,
оның астарында соңғының мазмұны мен іс бойынша анықталатын мән
жайлар арасындағы байланыс түсіндіріледі. Осыған байланысты
зерттеу процесінде сарапшының жаңа объектілерді табу кезінде
барлық іс жүргізу ережелері сақтала отырып, алынған ақпарат
оқиға орнын қосымша қарау хаттамасында көрсетілуі тиіс;
- Қорытындыны және айғақтарын өзінің ана тілінде немесе еркін
меңгерген тілде беруге, аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
- өзінің арнаулы білімдер шегінен асып кететін мәселелер бойынша,
сондай – ақ егер оған берілген материалдар қорытынды беру үшін
жеткіліксіз болса, қорытынды беруден бас тартуға;
- қылмыстық процесті жүргізуші органның сараптама жүргізу кезінде
өз құқығына нұқсан келтірген әрекетіне шағым жасауға;
- ҚІЖК – нің 173 – бабы бойынша сот сараптамасын жүргізуді
жүзеге асырған сарапшы:
1)егер жұмысты қызметтік тапсырма ретінде орындаса, жұмыс орны бойынша
жалақы;
2)егер орындалған жұмыс оның лауазымдық міндеттер ауқымына кірмейтін және
жұмыс уақытынан тыс кезде орындалған болса, ҚР Үкімет белгілеген ставкілер
шегінде республикалық бюджет қаражаты есебінен сыйақы.

Сарапшыға сыйақы беру қылмыстық процесті жүргізуші органның, оған
есеп ұсынылғаннан кейінгі қаулысы негізінде төленеді.
ҚІЖК – нің 174 – бабына сай қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен
сарапшыға төленетін шығындар:
1)қылмыстық істі жүргізуші органның шақырту бойынша келуге байланысты
шығыстар:
-теміржол, су, автомобиль көлігімен және сол жерде бар басқа да көлік
түрлерімен жол жүру құны, ал қылмыстық процесті жүргізуші органның
келісуімен - әуе көлігімен жол жүру құны;
-қызметтік іссапарларға ақы төлеу үшін қабылданған норма бойынша бұл
шығындарды ұйым, жұмыс беруші өтемейтін реттегі тұрғын үйді жалдау құны.
2)Бұл адамдар үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның талап етуі
бойынша тұрғылықты тұратын жерінен тысқары жерде тұруы қажет болған кезде
және тәуліктік ақыны ұйым, жұмыс беруші өтемейтін реттегі кездегі –
тәуліктік ақы.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шыққан шығындар сот
шығыстары сомасына жататындықтан, сарапшының өтініші бойынша қылмыстық
процесті жүргізуші органның қаулысы негізінде заңнамада белгіленген
мөлшерде өтелуге жатады. Заңда белгіленген жағдайларда аталған шығыстар
сарапшыны іске тартқан тараптың есебінен, сондай – ақ қылмыстық процесті
жүргізуші органның есебінен өтелуі мүмкін.
Сарапшының:
-өз бетінше қорытынды беруге арналған материалдар жинауға құқығы жоқ,
өйткені бұл жағдайда ол өзінің іс жүргізу функцияларының шегінен шығып
кетеді, ал бұл дәлелдемелерге жол беру принципін бұзуға әкеп соқтырады;
-егер оған сараптама тағайындаған органның арнаулы рұқсаты болмаса,
объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе
негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соқтыратын зерттеулер жүргізуге құқығы
жоқ.
Сарапшы:
-қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге
міндетті. Сарапшының келмеуінің дәлелді себептері ҚІЖК – нің 158 – бабы 2 –
бөлігінде белгіленген;
-жүргізілген зерттеулермен берілген қорытындыға байланысты мәселелер
бойынша жауап беруге міндетті. Сарапшыдан жауап алу ережесі ҚІЖК – нің 253
– бабында баяндалған;Тергеу әреке,ттерін жүргізу кезінде және сот отырысы
уақытында тәртіп сақтауға міндетті;
-сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған істің жағдайы
туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді жарияламауға міндетті.
Сарапшы сот сараптамасы органның қызметкері болғандықтан,
қызметінің тегіне орай, құқықтарымен міндеттерімен танысқан және оған
көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапқа тартылатындығы
туралы деп саналады.

4 тақырып Қылмыстық процесте сот сараптамасын тағайындау, жүргізуді
ұйымдастыру, зерттеу

1. Сараптама тағайындаудың негіздері
2. Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру
3. Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары
4. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін ресімдеу

Қылмыстық процесте сот сараптамасын тағайындау.

1. Сараптама тағайындаудың негіздері.
Кең аспектіде сот сараптамасының түсінігі, ол – қылмыстық процесті
жүргізуші органның оны тағайындау, жүргізу, сарапшының қорытындысын бағалау
деген үш сатыдан тұратын күрделі іс жүргізу іс-әрекеті.
Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес сараптама қылмыстық іс жүргізу
барысында, іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде, істі бірінші және
апелляциялық сатыдағы сотта қарау кезінде тағайындалуы мүмкін.
Сараптама тағайындаудың негізі нақты және заңды деп бөлінеді.
Сараптама тағайындаудың нақты негізі іс бойынша іс жүргізу барысында,
бір жағынан, қылмыстық процесті жүргізуші органның қарамағындағы бар іс
бойынша ақпаратты, екінші жағынан, оның істің мән-жайларын арнаулы ғылыми
білім негізінде анықтау қажеттілігін сипаттайтын проблемалық танымдық
ситуациялардың туындауы болып табылады.
Сараптаманы тағайындаудың заңды негізі арнаулы ғылыми білімдерді
пайдаланумен мәселелерді шешудің қажеттілігі расталатын іс материалдары
болып табылады.
Заңға сәйкес сараптаманы анықтаушы, анықтау органы, тергеуші, прокурор,
сот тағайындауы мүмкін. Тергеуші сараптаманы қылмыстық істі қозғау
сатысында және алдын ала тергеу жүргізу кезінде тағайындайды. Анықтау
органы, анықтаушы сараптаманы қылмыстық істі қозғау сатысында және алдын
ала тергеу жүргізу міндетті емес сол істер бойынша анықтау жүргізу кезінде,
қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін оның нәтижелері қажет
болған жағдайда прокурор тағайындауға құқылы.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 241-бабына сәйкес сараптаманы
тағайындау:
-өлімнің себептерін анықтау үшін;
-денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін анықтау үшін;
-іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе күмән
туғызғанда сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын анықтау үшін;
-ақыл-есінің дұрыстығы немесе қылмыстық іс жүргізуде өз құқықтары мен заңды
мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеті жөнінде анықтау органы, тергеуші
немесе сот күмән тудырғанда сезіктінің, айыпталушының психикалық немесе
тәнінің жай-күйін анықтау үшін;
-іс үшін маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар
беру қабілетіне күмән тұған жағдайда жәбірленушінің, күәнің психикалық
немесе тәнінің жай-күйін анықтау үшін;
-қылмыстық заңда өлім жазасы түріндегі жаза көзделген қылмысты жасаған
айыпталушының психикалық жай-күйін анықтау үшін;
-істің өзге мән-жайы басқа дәлелдемелермен дәл анықталмайтын өзге мән-
жайларды анықтау үшін міндетті.
2. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сараптама
тағайындау.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сараптама істі
қозғау туралы шешім қабылданған кезде, сондай-ақ анықтау немесе алдын ала
тергеу сатысында тағайындалады.
Сараптаманы тағайындау дайындық және сараптама жүргізуді тапсыру екі
кезеңіне бөлінеді.
Дайындық кезеңіне мына элементтер кіреді: 1) сараптама тағайындау
туралы шешім қабылдау; 2) осыған байланысты процессті жүргізуші органның өз
іс-әрекеттерін жоспарлауы; 3) сот сараптамасының түрін анықтау; 4)
сарапшыға сұрақтарды қою; 5) сараптама жүргізуді тапсыру жоспарланған сот
сараптамасы органын немесе адамды таңдау; 6) сараптама жүргізу үшін
сарапшыны алғашқы мәліметпен қамтамасыз ету.
Сараптаманы жүргізуді тапсырудың екі негізгі элементі бар:
1) сараптама тағайындау туралы қаулыны шығару;
2) алғашқы ақпаратты сарапшыға немесе сот-сараптама мекемесінің басшысына
тапсыру.
3. Бірінші және апелляциялық сатыдағы сотта сараптама тағайындау.
Сараптама бірінші сатыдағы сотта тағайындаудың қажеттілігі істі алдын
ала тыңдау барысында да, сондай-ақ тікелей басты сот талқылауында да
анықталуы мүмкін.
Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде судья
өзінің бастамасы немесе процеске қатысушылардың өтініштері бойынша басты
сот талқылауында сараптаманы тағайындау қажеттілігі туралы мәселені шешеді.

4. Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптама тағайындаудың
ерекшеліктері.
Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптаманы тағайындаудың
өзіндік ерекшелігі аталған сараптама түрлерін тағайындаудың тәртібін
белгілейтін қылмыстық іс жүргізу заңымен анықталады.
Комиссиялық сараптама бір мамандықтағы сарапшылардың күрделі сарапшылық
зерттеу жүргізу қажеттілігі жағдайында тағайындалады. Егер сараптама
тағайындаған органның қаулысында ол комиссиялық болып белгіленбесе,
комиссиялық сараптама жүргізу туралы шешімді сот сараптамасы органының
басшысы қабылдауға құқылы.
Практикада зерттеуге біртекті объектілердің біраз мөлшерін ұсынған
кезде, көбінде комиссиялық сараптама қате тағайындалатындығына назар аудару
керек. Бұл жағдайларда сот сараптамасы органының басшысы немесе жетекшісі
сарапшы объектілерді комиссия мүшелеріне бөліп береді, ал олар бөлінген
топтар ауқымында оларды жеке зерттейді және ортақ тұжырым шығарады.
Кешенді сараптама іс бойынша бір мән-жайды анықтау үшін әр түрлі
сарапшылық мамандықтардың негізінде зерттеулер жүргізу қажет болғанда
тағайындалады.
Қосымша сараптама қорытынды толық және жеткілікті түрде айқын болмаған,
сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты туындаған қосымша
мәселелер туындаған жағдайда негізгі жүргізілгеннен кейін тағайындалады.
Қосымша сараптама тағайындау кезінде сарапшыға барлық алдыңғы
сараптамалардың қорытындылары ұсынылуы тиіс.
Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде
негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптама тағайындау
мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда дәл
сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.
5. Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің сараптама тағайындау кезіндегі
құқықтары.
Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің сараптама тағайындау
кезіндегі құқықтары ҚІЖК-нің 244-бабында белгіленген. Сондай-ақ аталған бап
куәлардың және медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі
іс жүргізіліп отырған адамдардың да тиісті құқықтарын белгілейді:
1) сараптама жүргізілгенге дейін оны тағайындау туралы қаулымен танысуға
және ол жөнінде хаттама толтырылатын оның құқықтары жөнінде түсініктер
алуға;
2) сарапшыға қарсылық білдіруге немесе сот сараптамасы органын сараптама
жүргізуден шеттету туралы өтініш білдіруге;
3) сарапшы ретінде ол көрсеткен адамдарды немесе нақты сот сараптамасы
органының қызметкерлерін тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы
сарапшылар комиссиясы жүргізуі туралы өтініш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР сот сараптамасы пәнінен лекциялар
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер
Қылмыстарды ашуда арнайы білімдерді қолдану тіркеу қызметін жетілдіру
Сот сарапшысының қорытындысы
Сот экспертологиясы пәнінен қысқаша лекция жинағы
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сот сараптамасының қорытындысы
Сот сараптамасының жіктелуі
Соттық сараптаманы тағайындау
Алаяқтық қылмысын тергеу ерекшеліктерінің кейбір мәселелері
Мәнжазба
Пәндер