Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік универитеті

СӨЖ

Тақырыбы: Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу

Тексерген:Татенов А. Б

Орындаған: Кенжебаева Т. Х

Тобы: ТЖ-405

Семей қаласы 2015

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Сұлының морфологиялық ерекшеліктері оны өсіру технологиясы
  3. Қарақұмық және оны өсіру технологиясы
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын артырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз етудің айтарлықтай шарты.

Астық немесе қонырбастар тұкымдасы (Gramineae, Роасеае) даражарнақтылар класының ішіндегі ең үлкені, оған 7-10 мың түр және 700- дей туыс жатады. Олардың ішінде космополит түрлері кұрлыктардың барлығында кең таралған болып келеді. Астық тұкымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейі жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады. Тамаққа пайдаланылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде олардың халык шаруашылығындағы манызы аса зор. Тіршілік формалары негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Тұкымдастың ағаш тәрізді өкілдері өсетін тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік формалары алуан түрлі болып келеді. Көптеген астық тұқымдасының, мысалы бидайдың, қарабидайдың, атқонактың, сабағынын буын аралығының іші қуыс, ал буындары ұлпалармен толтырылған болып келеді. Мұндай сабақты сабан деп атайды. Жапырактары кезектесіп орналасады және екі қатар түзеді. Астық тұкымдасынын жапырақтары, әдетте жінішке, ұзын, параллель жүйкеленген болып келеді және олардың кынапшасы болады. Астық тұкымдасының ұсак, көріксіз гүлдері жай гүлшоғырын - масақтарын түзеді. Олар өз кезегінде күрделі гүлшоғырын - күрделі масак , сыпырткы түзеді. Гүлінің формуласы: Р( 2 ) +2A:, G(2) Астық тұқымдасының жемісі дәнек деп аталынады 2-3. Мәдени жағдайда себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз мөлшерде тұқым деп атайды, ал кен мөлшерде тонналап немесе нептнерлеп жиналған дәндерін астық деп атайды.

Сұлы. Оның өсу фазасы және өндіру технологиясы

Биологиялық ерекшеліктері

Сұлы - қоңыржай климаттың өсімдігі. Тұқымдары 1-2 0 С-та өне бастайды. Көктеу мен түптену кезеңдерінде салқындау (15-18 0 С) ауа-райы дұрысырақ. Егін көгі қысқа мерзімді аязды -7-8 0 C жақсы көтереді. Өсімдіктерінің дамуына қарай оның төменгі температураға төзімділігі төмендей береді және гүлдену кезеңіндегі бозқырау (-2 0 С) ол үшін қауіпті. Толысу кезеңінде салқынға сезімталдығы шамалы, оның дәндері -4-5 0 С бозқырауды қалыпты көтереді. Өсіп-жетілу кезеңінде сұлы үшін белсенді температура жиынтығы ерте пісетін сорттарында - 1000-1500 0 С, орташа мерзімдегілерінде - 1350-1650 0 С ал кеш пісетін сорттарында - 1500-1800 0 С.

Сұлы тез дамитын тамыр жүйесіне байланысты жаздық бидай мен арпаға қарағанда көктемгі құрғақшылықтан аз зардап шегеді. Жоғары температура және жазғы ауа құрғақшылығын жаздық бидай мен арпаға қарағанда сұлы нашар көтереді. Дәннің толысуы сұлыда бидайға қарағанда төменірек температурада қалыпты жүреді. Сұлы жоғары температурадан осы кезеңінде ғана емес, сонымен қатар гүлдену және дәннің толысу кезеңдерінде де қиыншылық көреді. Ыстық ұруға сұлы өте бейім келеді. Оның үстіне жапырақтар жасыл күйінде қурап қалады, масақша қауыздары ағарып кетеді. Вегетативтік мүшелерінің қалыптасу кезеңдеріндегі оңтайлы температура 12-16 0 С.

Өсіру технологиясы

Сұлы тамыр жүйесінің дамуы және қоректік заттарды жақсы сіңіруіне байланысты сұлы бидай мен арпаға қарағанда топырақ құнарлығына аздау талап қоятын дақыл деп есептеледі. Алайда сұлының астық өнімі жақсы алғы дақылдардан кейін күрт артады, сондықтан оны отамалы және дәнді бұршақ дақылдарынан кейін орналастырған дұрыс. Ол көп мөлшерде азотты қажетсінеді, осыған байланысты оған дәнді бұршақ дақылдары, әсіресе асбұршақ жақсы алғы дақыл болып табылады. Фитосанитарлық жағдайға байланысты сұлыны өзінен және арпадан кейін орналастырған жөн. Топыраққа талғамы аз, алғашқы кезеңдегі шапшаң өсуі және жоғары жапырақтылығы ауыспалы егісте сұлыны соңғы дақыл ретінде орналастыруға мүмкіндік береді. Ауыспалы егісте оны соңғы дақыл етіп орналастырғанда басқа дақылдармен салыстырғанда астық өнімін шамалы ғана төмендетеді. Сонымен қатар жақсартылған агротехника шараларына оның қайтарымы мол.

Топырақ өңдеу жүйесі

Сұлы үшін топырақ өңдеудің негізгі мақсаты - оның өсуіне және дамуына қолайлы жағдайлар жасау, топырақта оңтайлы ауа-ылғал және қоректік заттар ережесін қамтамасыз ету, жалпы алғанда сұлыға топырақ өңдеу жүйесі арпаға ұқсас.

Экологиялық және экономикалық себептерге байланысты топырақ өңдеу мақсаттары мүмкіндігінше жұмыс операцияларының санын, өңдеу қарқындылығын азайтуды қарастырған дұрыс, басқаша айтқанда, минималды топырақ өңдеу жағдайына егістікті тікелей себу ойдағыдай жауап береді. Қыста қар тоқтату СВУ-2, 6, СВШ-7, СВШ-10 ылғал қорын молықтыруға көп септігін тигізеді. Көктемгі ылғал жабу БИГ-3 жалпақ дискілі сыдыра жыртқышпен, себу алдындағы топырақ өңдеу КПШ-5, КПШ-4, КТС-8, КТС-10-2 құралдарымен жүргізіледі

Себу жұмыстары.

Қазақстанда сұлыны астыққа өсірудің маңызды агрошарасы. Биологиясына байланысты сұлы ерте мерзімде себілетін дақыл. Алайда Солтүстік Қазақстанда ерте себілген сұлы төмен астық өнімін береді, ең алдымен қыста болатын тоң қабатының баяу жібуінің әсерінен топырақтағы микробиологиялық үдерістің әлі әлсіз жүруінен сұлыға азот қоректік затының жетімсіздігімен түсіндіріледі. Аталған ерекшелік негізінен сұлы дақылына тән, өйткені ол өсіп-жетілуінің басында өте тез өседі, ал сұлыны әдетте азот қоретік затының қоры аз топырақтарға орналастырылады. Оның үстіне, ерте себілген егістіктер Қазақстанда әдетте байқалатын көктемгі және ерте жазғы құрғақшылыққа тап болады да сұлының «ширатылу» ауруына ұрынады, осының нәтижесінде өнім күрт төмендеп кетеді. Айтарлықтай ерте себілгенде сұлының толысу кезеңі де қолайсыз жағдайларда өтеді. Жоғары температурада піскенде сұлы қабықтылығы жоғары және ұсақ дән қалыптастырады. Солтүстік Қазақстанда сұлының оңтайлы себу мерзімі - 25 мамыр - 5 маусым аралығы. Өйткені аталған аймақтың далалы және орманды-дала аудандарында өте ерте себілген сұлы егістігі «ширатылудан» көп зардап шегеді. Ауруға ұрынған сұлы молынан түптенеді және мүлде шашақ түзбейді, әсіресе бұл ауру ылғалды жазда күштірек байқалады.

30 мамыр - 5 маусымда себілгенде сұлының ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі - түтікке шығу - шашақтану - аймақта жиі болатын жаздың екінші жартысындағы мол жауын-шашынға сәйкес келеді. Орталық Қазақстанда сұлының жақсы себу мерзімі 28-30 мамыр. Батыс және Шығыс Қазақстан жағдайлары сұлының оңтайлы себу мерзімін мамырдың 15-нен 25 дейінгі аралыққа жылжытады. Себу мөлшері топырақ, климат жағдайларына қарай 2, 5-4, 5 млн/га өнгіш тұқым аралығында өзгереді: Қарағанды, Павлодар облыстарында 2, 5-3, 5; Ақмола, Қостанай - 3, 5-4, 0; Солтүстік Қазақстан облысында - 4, 0-4, 5 млн/га.

Күтіп-баптау жұмыстары

Сұлыда егістікті күтіп-баптау себуден кейінгі топырақты тығыздаудан басталады. Салқын және ылғалды көктемде арамшөптерге қарсы және топырақ қабыршығын құрту мақсатында тұқым өскіндері, дән ұзындығына тең кезеңде егістікке көлденең бағытта тісті тырмалармен тырмалау жүргізіледі. Қосжапырақты арамшөптерді құрту үшін жаздық бидай егістігінде қолданылатын гербицидтердің бірімен сұлының түптену кезеңінде бүріккен дұрыс.

Жинау

Сұлы біркелкі піспейді, әсіресе сабан өркен көп болғанда. Пісу кезеңінде бір өсімдіктің әртүлі шашақтарында, тіпті бір шашақтың өзінде дәндердің пісуінде алшақтық байқалады. Сұлы дәніне пластикалық заттардың жинақталуы бидайға қарағанда ұзағырақ жүреді, сондықтан тым ерте жинағанда айтарлықтай бөлігі толысып үлгермейді. Сұлы сабанының пісуі дәннің пісуінен өте кешігеді. Сондықтан сұлының ең оңтайлы жинау мерзімі - шашақтағы масақшалардың жоғарғы бөлігі толық пісіп, ал төменгі бөлігі балауызданып пісу кезеңіне жеткенде жинау барынша тиімді деп есептеледі. Дестеде дегдіткенде немесе бастырғаннан кейін дән толық пісіп-жетіледі де себу сапа көрсеткіштері қалыпты жағдайда болады. Мұндай жинау тәсілінде сабанның мал азықтық құндылығы да жоғары.

Сұлы

Қарақұмық

Қарақұмық - бағалы және маңызды азық-түлік дақылы. Басқа жармалық дақылдардың ішінде азық-түліктік құндылығы бойынша ол бірінші орынды иеленеді. Азық-түліктік мақсатқа ол негізінен жарма түрінде, шамалы мөлшерде ұн түрінде қолданылады. Қарақұмық жармасы жеңіл қорытылатын ақсылдарға, майларға, минералды заттар мен дәрумендерге бай. Ол жоғары калориялығымен, жақсы дәмдік сапасымен ерекшеленеді және диетикалық қасиеттері бар.
Қарақұмық шамамен 2, 5 мың жыл бұрын Азияның шығыс бөлігінде ылғалды аудандарында мәдени өсімдік ретінде қалыптасқан. Қазақстанда ол өткен ғасырдың 60-жылдарында (тың игеру жылдары) кең тарады. Негізгі егістігі Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған және орташа астық өнімі тиісінше - 3, 5-6, 7 ц/га құрайды. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында сортсынау телімдерінде оның астық өнімі 13, 5-19 ц/га дейін жетеді.
Қарақұмықтың өнімділігі жоғары емес және жыл сайын ауытқиды, оны қанша күтіп баптағанмен қолайсыз жылдары 2-3 ц/га дейін өнім береді, қолайлы жылдары ол көрсеткіш 10-12 ц/га дейін барады. Қарақұмық үшін қолайсыз жылдар тозаңдану жүрмей, тұқым аз байланатын салқын және дымқыл жылдар болып табылады. Қолайлы жылдар болып жаз ыстық және жауын-шашын жеткілікті ылғалды жылдар саналады.
Дүние жүзінде жыл сайын қарақұмық 3, 5 млн гектар егістікте өсіріледі. Қазақстанда соңғы 10 жылда орта есеппен 70 мың га алқапта өсіріліп, орташа астық өнімі шамамен 5 ц/га болды. Қарақұмық- жеңіл сіңімді ақуыз ( 13-13, 3 %) мен крахмалы ( 66-68% ) мол бағалы жармалық дақыл. Жарма құрамында 1, 6% органикалық қышқылдар мен адам ағзасына пайдалы фосфор, темір, кальций және мыс қосылыстары да болады. Қарақұмық жармасы емдік қасиеті бар құнды тағам. Дән маңызы ( клейковина ) болмағандықтан, қарақұмықтың ұндық нандық сапасы төмен. Қарақұмық ұнын шелпек дайындауға ғана аз мөлшерде пайдаланылады. Сиырды қарақұмықпен азықтандырса, майы қатты болады. Сабаны мен топаны қатты малазық болғандықтан, оларды басқа жемдерге қосып пайдаланады. Сабанының күлі мен дәнінің қалдықтары- құнды тыңайтқыш. Олардың құрамында 40% аса KO, 10% көп PO және 19% дейін CaO болады.

Қарақұмық тамаша балды өсімдік. Оның егісінің әр гектарынан аралар 60-100 кг дейін дәмі мен иісі тамаша бал жинайды.

Дәнді дақылдардың ішінде қарақұмық өте қысқа вегетациялық кезеңімен (60-75 күн ) ерекшеленеді. Бұл оны күздік және ерте жаздық дақылдардың көктері шықпай қалған танаптарына қайта егуге және де аңыздық аралық дақыл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай ақ қарақұмықты көк балаусасын жыртып жасыл тыңайтқышқа да пайдаланады.

Қарақұмық кәдімгі жапырақтары шыққаннан кейін тез өсіп, бұтақтанып арам шөптерді басып тастайды. Сондықтан, ол жаздық дақылдар үшін жақсы алғы дақыл, ал ерте пісетін сорттары екпе сүрі жер дақылы бола алады.

Қарақұмықтың орташа өнімі гектарына 8-12 ц, ең жоғарғысы 20-25 ц жетеді.

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Мәдени қарақұмық (Polygonum fagopyrum L. ) -Қарақұмық (Polygonaceae) тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік.

Тамыр жүйесі- кіндікті, топыраққа 80 см дейінгі терендікке енеді.

Сабағы- бұтақты, іші қуыс, сырты қырлы, биіктігі 70-100 см, піскенде қызарады.

Жапырағы- жүректәрізді үшбұрышты. Гүл шоғыры- қойын шашақгүл, жартылай шатыршагүл. Гүлдері қосжынысты. Олардын түсі ақ, алқызыл, қызыл және құрылысы да түрліше болып келеді. Бір гүлдерінде аталықтары қысқа, аналықтарының бағаншалары ұзын, екіншілерінде - керісінше, аталықтары ұзын, аналықтарының бағаншалары қысқа.

Жемісі- ашық- қонырдан қараға дейінгі түсті және әртүрлі формалы, үшқырлы, қабықты жаңғақша. 1000 дәннін салмағы18-32 грамм. Жағдайлар мен сортқа байланысты қабықтылығы 30% .

Өсіру технологиясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу мен зерттеу
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеуі
Сұлы, қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Сұлы, қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу туралы ақпарат
Жарма өндіру технологиясы
Жарма дақылдарын ақтау
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АУЫЛШАРУАШЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Дәнді ұнға өңдеу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz