Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы : Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
Орындаған: Мырзабекова Н. Т
Тексерген :Ахметжанов О. Н.
Семей 2015 жыл
Жоспар:
І. Кіріспе:
ІІ. Негізгі бөлім:
» »» Үсіктің дамуы мен қалыптасуы
»»» Үсудің дәрежелері
»»» Үсу кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
ІІІ. Қорытынды:
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Үсік - дене ұлпаларында жергілікті мұздаудың арқасында қалыптасатын шіру мен кері әсерлерден қабынулар арқылы бейнеленетін зақымдалу. Қалыпты жағдайда ішкі өзгерістер (микроклимат), малдың жылуды реттеудегі әрекеттері үсікке шалынуға тосқауыл болады.
Денедегі ішкі өзгерістер малдарға тән физиологиялық ортада болатын тері бетіндегі қалыпты жылуды тудырады. Мұндай ішкі өзгерістердің жоғалуы қарлы боранда, аяздарда, жоғары ылғалдықта кездеседі. Үсіктің пайда болуына желдің жылдамдығы мен бағыты және ылғалдықтың қосар әсері көп. Ауа жылуды нашар өткізсе, су жақсы өткізеді. Тері тесіктерінде жиылған ылғал жергілікті ұлпаның жылулығын төмендетеді. Сырттан әсер етуші себептерден басқа, үсікке соқтыратын бірнеше іштен әрекет етуші жағдайлар бар: қансырау, әлсіздену, арықтау, физикалық шаршау, буындардың ауруы, бұдан бұрын да үсікке шалдығу, т. б.
Жекешеленген ұлпалар мен ағзалар оң температура аралығындағы ұзақ уақытта суыққа жақсы шыдап қана қоймай, аз мерзімдегі мұзданудыда көтере алады. Қоянның терісі сұйық азоттың - 196
°
ұзақ мерзімде мұздатуына шыдайды, ал егер оны содан соң дереу жылы физиологиялық ертіндіде жылытса, ол өз тіршілігін сақтай алады. Бұдан шығар қорытынды, жарақаттаушы себеп тек төменгі температураға ғана байланысты емес. Сонымен қатар, басқа да пікірді жақтаушылар бар. Кейбір ғалымдар- үсіктегі орын алатын ұлпалардың шіруін суықтың торша протоплазмасына тікелей әсерімен байланыстырады немесе ішкі су-тұз алмасуының тежелуін тіндер мен торшалардың өліміне тікелей себепші болады деп, - санайды. Ұлпалардың бірінші кезектегі суықтан зақымдалу мүмкіндігі шектеулі, өйткені малдың өлімі жаурап, мұздануға қарағанда, жалпы тоңуда жиірек кездеседі.
Үсіктің дәрежелері
Ғылыми әдебиеттерде үсіктің 4 дәрежесі болатындығы белгілі. Үсіктің дәрежелеріне сай белгілері малды жылы жерге әкелгеннен кейін біліне бастайды. Бірінші дәрежесінде ісіну жақсы байқалады, іші қызарған сұйықтыққа толған күлдіреу пайда болады. Үшінші дәрежеде жан-жаққа жайылған сұйық ісіну қызара көгері, сезімталдығының, жайылуы мен дымқыл өліеттену байқалады.
I дәрежелі үсіну зақымдалған жер бозарып, малдың жалпы күйінде өзгеріс байқалмай, терісі аздап тығыздала түседі де, бірнеше күннен кейін үсіген аумақ түлейді немесе терінің эпидермисі әр түрлі көлемде тілінеді.
II дәрежелі үсіну тері едәуір тығыздалып, күңгірттеніп аздаған қанды сарысуды күлдіреу пайда болып, кейде тоңазытқан етке ұқсайды, күлдіреуіктер жарылады немесе ондағы қанды сарысу сіңіп кетеді. Оған қоздырғыштар түссе ластанып іріңді жараға айналады. Асқынған жағдайда малдың жалпы қызуы көтеріледі.
III дәрежелі үсіну тері бозарып, жансызданып салқын тартып қатаяды, жылытқаннан соң қара қошқыл, кейде қарайып кетеді. Үсіген аумақта қоңыр күңгірт сұйығы бар үлкен көлемді үлкен күлдіреу байқалады. Аталған жердің және айналасындағы ұлпалар ісініп, жансызданып тілінеді.
IV дәрежелі үсіну зақымдалған аумақтың ұлпалары жарылған аған сияқты сынып кете береді, қолмен ұстасақ бұл жерлер мұздаған жылыған соң, домбығу ұлғаяды, дымқылданып өліеттену тереңгі ұлпаларға (бұлшық ет, сүйекке дейін) жайлайды.
Дамуы мен қалыптасуы . Тәжірибеде үсіктің пайда болуы тек мынаған байланысты - суықтың әсері жаурауды емес жергілікті жылуды төмендетеді (гипотермия) . Ұлпалар жылулығының жергілікті төмендеуі қан ағымын баяулатып (3-6°С), қан айналысы мен бұлшықет - жүйке аралық байланыстың, веналық қан ағысының тежелуіне әкеліп соқтырады (4-8 ° С) . Осының бәрі үсіктің белгілерімен сипатталатын ұлпалардың қалыпты өмір - тіршілігінің бұзылысына әкеледі.
Шірудің пайда болуы былайда болуы мүмкін: салқындаудан - дене қызуының төмендеуі кезінде гемоглобин мен оттегінің жақындығы артып, олардың өзара алмасуы (диссоциация) 3-4 есе төмендейді. Бұл оттегі жетімсіздігін күшейтіп, торшалардағы зат алмасуды тежеп, келе-келе ол қан айналысының әлсіреуінен шіруге әкеліп, дененің қарсы қабілетінің әлсіздігінен қабынудың қалыптасуын тудырады. Суықтың әсерінен тамырларда жиырылу, тарылу пайда болса, көршілес аймақтың бөліктерінде олардың кеңеюі байқалады. Қалыптасқан жиырылудан соң жергілікті салқындау болған бөлікте тамырлардың кеңеюінен қан ағысы төмендейді, біртіндеп тоқтайды, содан тромбоз пайда болып, тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды. Егер дененің салқындау кезінде ұлпаларда О 2 таралуының қиындалатынын еске алсақ, онда қан айналысындағы бұзылыстар мен дененің қарсы қабілетінің әлсіздігі күрделі қабынуға әкелетіні түсінікті болады.
Үсіктің клиникалық көрінісі келесі кезеңдерге бөлініп, анықталуы қажет: дененің үсінуге қарсы әсеріне дейінгі және одан кейінгі кезең.
Дененің үсінуге қарсы әсеріне дейінгі кезеңнің ерекшеліктері: үсіктің пайда болу себептеріне, көлеміне, зақымдалу дәрежесіне, сырқаттың жалпы жағдайына байланысты болады.
Дененің үсінуге қарсы әсеріне дейінгі кезеңде немесе жарақаттанған малға көмек беріп, жылытқанға дейін: оның сезімі, шағымы мыналармен шектеледі: суықты сезіну, ұйыған әсері, шаншып ауырсыну сияқты белгілер жаураған жерінде мазалайды, сонан соң біртіндеп үсінген аймақта сезім жойылады. Үсіген дене бөліктері терісінің түрі өзгереді, тоңазып, домбығып, қатайыңқырап, бозарады, ағарады. Кей жағдайларда үсінген жерде қимыл-қозғалыс тежеліп, сіресіп, түсі көкшіл тартады. Бұл кезеңде үсіктің не тереңдігін, не дәрежесін түпкілікті анықтауға болмайды. Бірақ, еске алатын жағдай, неғұрлым кезең көп уақытқа созылса, соғұрлым дененің үсінуге қарсы әлсіз әсерінен кейінгі кезеңде ұлпалардың бұзылуы көлемденіп, тереңге бойлап, қабынып, уланып, шекарасы анық бейнеленіп, әрі малдың жағдайы біраз ауырлау болады. Дененің үсінуге қарсы әсерінен кейінгі кезеңнің клиникалық көрінісі ауруға алғашқы көмек көрсетіп, жылытқаннан соң басталады. Ол жергілікті шіру белгілерімен және қабыну көріністерімен сипатталады. Зақымдалу мөлшері мен оның тереңдігін бірден анықтау мүмкін емес, себебі 5-7 күн өткен соң ғана айқын қалыптаспаған шірудің шекарасын байқауға болады. Ал зақымдалу тереңдігін тек 10-15 күннен кейін ғана ажыратып, дәлелдеуге болады, сондықтан үсіктің дәрежесін анықтау осы мерзімдерге дейін қиынға соғады.
Құрғақ шіруде - ұлпалар жиырылып, құрғап, қабыршақтанады және сау ұлпалардың арасында оның шекарасы анықталады. Жалпы улану белгілері жоқ.
Ылғалды шіру - егер артқы аяқта болса - табан тобық буынынан жоғары зақымдалғанда кездеседі, ал егер алдыңғы екі аяқта болса -буынынан жоғары етті тіндері бар жерде қалыптасады. Ылғалды шірудің тууын инфекцияның пайда болуы ушықтырады. Аяқтары ісінеді, уланулардың белгілері бірден білінеді: дене қызуы - жоғарылайды, ауырсыну, ұйқысыздық, әлсіреу күшейеді, қан құрамында лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжыуы, ЭТЖ-ның өсуі, т. б. сырқаттың ағымы септикалық түрде болып, малдың жағдайы жедел хирургиялық жүйелі шараларды жүргізуді қажет етеді.
Зақымдалған және сау ұлпалардың арасындағы түпкілікті шекарасы шірудің алғашқы 2-аптасының аяқ кезінде 12-14 күнде түзіледі, ал егер үсіктің шекарасы сүйектің түтікше бойымен (диафиз) өтетін болса, онда аралық шекара 2-3-айдың соңына қарай болуы мүмкін. Үсіктің ІV дәрежесі қалыптасқан жерінде сонымен қатар оның ІІ-ІІІ дәрежелері орын алады. Аралық шекара аймағы неғұрлым жоғарыда орналасса, соғұрлым үсіктің ІV дәрежесін күту шарт. Зақымдалудың тереңдігін бірден анықтау қиын.
Қалыптасу белгілеріне байланысты үсікті мынадай түрлерге бөледі:
- Суық желдің әсерінен болған үсік-мұнда негізінен дененің ашық бөліктері үсінеді. Бұл үсікті тудыратын температура -5-20-30°С. Осы себепті үсік оң температурада болмайды.
- Қорғаныстық арықтарда (оборонительная траншея) немесе сыз - батпақта «тоңазыған аяқ» пайда болады. Бұл - аяқ ұшының ІV дәрежелі үсігі, олардың толық немесе шамалы өліеттенуі. Бірінші кезең онша анық емес, ұзақтығы 4-5 тәулік.
- Жаурау. Бұл жағдай төменгі деңгейдегі атмосфералық температурамен малдың денесінің суыққа деген қарсыластығының төмендеуі әсерінен туындайды. Көбінде жас төлдерде кездеседі. Жаурау кезінде терінің тамырлық өліеттенуі мен ұлпалардың бұзылуы болмайды.
Эвритермиялы жануарлар - сыртқы орта температурасының ауытқуына төзімді, стенотермиялы жануарлар - төзімсіз жануарлар болып табылады. Гомойотермиялы жануарларда жылу алмасуды реттейтін механизмдердің бір тобы организмнің маусымдық ауытқуларға бейімделуін қамтамасыз етеді. Мәселен, жыл маусымымен байланысты тері түгінің қалыңдығы, шелдің қалыңдығы, зат алмасу қарқыны және термибейтараптық аймақ шегі өзгереді. Ал реакциялардың басқа тобы организмнің орта температурасының қысқа мерзімдік, қалыпты жағдайда кездесе бермейтін ауытқуларына бейімделуін қамтамасыз етеді. Бұл процесс химиялық және физикалық жылу реттеу механизмдері арқылы атқарылады. Организмнің тұрақты реакцияларымен бірлесе отырып, аталған бейімделі реакцияларының өзгермелі (лабильді) түрлері организм күйін орта жағдайымен толық үйлестіріп отырады.
Үсік кезінде жануарларға көмектесу: Үсуге ұшыраған тері аумақтарын интенсивті түрде қармен, маймен және спиртті ертінділермен уқалауға мүлдем болмайды. Тері аумағында пайда болған көпіршікті түзілістерді қолдан жаруға болмайды. Ауру малды жылыту үшін ашық лаулап тұрған отты пайдалануға тыйым салынған. Осы аталған жылыту әдістері үсіген аумақта температураның бірден жоғарылауына алып келіп, ол өз кезегінде кіші капиллярлардың жарылуына, ішкі қан ағудың көріністеріне, тіпті ауыр жағдайға дейін алып келеді.
Үсу кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz