Мутация


Өміріне, экономикалық жағдайына, географиялық орналасуына, тарихи дамуына қарасаңыз, біздің қазақ елі табиғат қойынында бірге өсіп, қайнасып келе жатқан жұрт екенін байқайсыз. Мұндай жақындық оларды табиғатқа етене бауыр, жанашыр етіп жіберген сияқты.

Қазақ елінің табиғатқа деген көркемдік сезімін, ілтифатын, қадірмен- қасиетін көрсететін деректерді тарихтан ғана емес, бүгінгі өмірден, тұрмыстың сан-сала, сан тарауларынан кездестіруге болады. Қай қазақтың босағасына бас сұқсаңыз да оюлы сырмақ, текемет, тұс киіз немесе айшықты ер-тоқым, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары, я болмаса өрнекті киім-кешектің бір жұрнағын кездестіресіз. Ол көзі қимай сақтаған ескінің жұрнағы емес, халық санасына терең ұялаған, туған табиғатына тән көркемдік сезімінің бүгінгі қажетсінуінен туған, болашақ ұрпаққа да сол мән-мағынасында апаратын даңғыл жол, дәстүрлі дүние.

Ес білгеннен бастап аға-анасынан, үлкендерден өне бойы айтылған өсиет сөздермен тәрбиеленген ұрпақ, өзіде табиғатқа нұқсан келтірмей, келешек ұрпақтарды да сол тәрбие талабына қалыптастыра түскен. Алдындағы малы мен айналасындағы табиғатының игілігін көруге баулып отырған.

Халқының сирек, жерінің байтақ табиғатының байда көрікті болуы Қазақстан жерінде малдыңда, аңдар мен құстардың да мейлінше көбейе беруіне өте қолайлы табиғи жағдай туғызған. Олар тыныш кең дүниеде емін-еркін өсті. Қазіргі кезде қазақ елін табиғат байлықтары орасан зор шегініске түскен. Оны өмірдің өзі көрсетіп отыр. Радиоактивті элементтердің апатына ұшыраған аймақтардың саны қаншама десеңізші. Осы кездегі ғылым мен техниканың қуаты биоресурстардың қай саласы болса да, аз жылдың ішінде өзгертіп жіберуге шамасы келеді. Ол өзгерістердің көптеген жағдайда, адамзат баласының қоғамының экономикасы мен мәдениетіне пайдасыз болып келетіні келешек ұрпаққа да зияны тиетіні қазіргі кезде айқын көріне бастады. Дүние жүзінде әйгілі болып отырған Арал теңізінің экологиялық апаты. Ол өз жағалауынан 70-80км қашықтап кетті. Бүгінгі күні жалаңаштанған теңіз түбі 23 мың шаршы километрдей жерді алып жатыр. Тұзды құм 2млн гектар құнарлы топырақты жұтып қойды. Жергілікті халық қатты күйзеліске ұшырап кетті.

Ғалым-жазушы, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының мүше-корреспонденті Рымғали Нұрғалиұлы оқушы жастармен өткізген бір әңгімесінде: Семей облысы Абралы ауданының халқын өз мекенінен уақытша көшіріп жіберген болатын еді. Атом бомбасын жару орнынан небары 50-60 километрдей жер болатын.

Атом бомбысы жарылғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, халық өз мекендеріне қайтадан көшіріліп әкелінді. Ауылда бір жағдайлармен қалып қойған иттер мен мысықтардың көріністері ғажап еді. Жүндері біраз уақыттың ішінде қисапсыз өсіп шұбалақтанып кеткен. Даладағы малдардың көріністері адам шошырлықтай болатын. Тістері ырсиып шығып кеткен. Не шөп, не су іше алмай қалған. Осы күнге дейін темір тормен қоршалған аймақтардың ішіне шөп шалғын болып өсетіні байқалады. Оны сол жердің тұрғын халықтары күзетші әскерлерге бірдеңе (арақ-шараптар) және басқадай заттар беріп жаланып-жалбарынып малдарына шауып алып келген. Мұндай жағдай күні бүгінге дейін кездесетінін білеміз. Тірі организмдердің ерекше түрде өсетінін қараңғы халық қайдан білсін. Мұны ғалымдар мутациялық құбылыс деп атайды. Бұл өте қауіпті көрініс. Қазақ жеріндегі радиоактивтік апаттың ең алғашқы бастамасы болатын. Кейінгі кездерде бұл қауіпті құбылыс халыққа қаншама қайғы қасірет әкелгенін қазақ елі жақсы біледі.

Радиоактивті сәулеленудің ең үлкен радиоэкологиялық апаты Чернобыль атом электр станциясының қайғылы оқиғасы болатын. Оның негізгі отыны радиоактивтік элемент торий еді. Бұл радиоактивті элементінің атом ядросы ыдыраған кезде одан адам айтқысыз энергия бөлініп шығады. Сонымен бірге радиоактивті сәулелену бөліп шығарады. Радиация мұқым еуропа елдерінің көпшілігіне тарап кеткен. Тірі организмдерге мутациялық құбылыстарды тудыруда. Мәселен, сол маңайдағы бір құлынды бие сегіз аяғы бар құлын тапқан. Бұл оқиға «Известия» газетінің 1989 жылғы 23 қарашадағы санында хабар жариялаған болатын. Бұл оқиға сол кездегі халық депутаттарын қатты толғандырған. Бірақ олардың қолынан келетін еш нәрсе келмеген. Кейінгі кезде адамның жаны ашитын құбылыстар, мутациялар қисапсыз көп кездеседі.

Мутация дегеніміз-латын сөзі-өзгеріс, орын ауыстыру деген мағына береді. Жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі және жер бетіндегі тірі организмдердің барлық формаларының арғы шыққан тегі химиялық қосылыстармен және радиациялық сәулеленумен кенеттен өзгеріп кетеді. Мутация процесін тудыратын заттарды мутагендер деп атайды табиғаттағы мутагендерді үш топқа бөледі.

1) Физикалық мутагендер ( рентген сәулесі гамма сәулесі, нейтрондар, протондар, температура, центрифуталар және тағы басқалар) ; 2) химиялық мутагендер (этиламин, диэтилсульфат, 8-этоксикофеин, колхицин, аценафтен, чай, кофе, арақ, спирт және т. б. ) ; 3) биологиялық мутагендер (адамзат баласының қартаю процесі биологиялық мутагендердің ең бастысы болып есептелінеді. Бұл құбылысты тежеуге немесе тездетуге әбден болады. Белгілі үйреншікті әдеттен басқа заттарды жасамау керек. Қартаю процесінің өзі ауру ғой оныда емдеу керек екенін ғалымдар дәлелдеп келеді.

Семей облысының территориясында болып жатқан радиацияның зардабын кімдер тартып келді? Сол жерді тұрғын халықтар тартып келеді. Өйткені барлық атом бомбылары мен термоядролық сынаулар өте құпия және өте қатегездікпен өткізіліп отырған. Атом бомбылары жарылған территориялардың радиациялық фоны қалыпты жағдайда деп баспасөз беттерінде хабарланып жатты. Радио мен телеарналарда да сондай хабарлар беріліп тұрды. Сонымен бірге коммунистердің мықты ұрандарының бірі - «Бөріде халық үшін, бәрі де халықтың игілігі үшін» болған соң халық қайдан білсін айналасында не қандай сұмдықтардың болып жатқаның.

Ежелден ақ көңіл, қулық - сұмдықты білмейтін қазақ елі бәрінеде сене берді ғой. Раиоактивті элементтердің апатына араша тұратын адамдар болмады. Партия және үкімет басшылары білсе де білмеген адамдар сияқты болып отыра берді. «Айт өтіп, той тарғаннан соң - кейбір ақын жазушылар: қоғам қайраткерлер, ер сымақтар, кездесоқ адамдар «аттан» деген ұранды бетке ұстады. Бұл жұмыс өте кеш қалған қозғалыс еді. Семей-Невада деген қозғалыс дүние жүзіне тарап кетті.

Халықты алдау мен арбау күні бүгінге дейін толастаған жоқ. Өйткені наурыздың 12 жұлдызында 1993 жылы Алматы радиосынан берілген бір хабарда - Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының кейбір ғалымдарымен, экология және биоресурстарды қорғау министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының территориясында радиациялық фон қалыпты жағдайда деп есептейді. Бұл қағидамен келісуге болмайды. Неге десеңіз осы кездегі Қазақстанның радиоэкологиясын бірде бір республикамен салыстыруға болмайды. Қазақстандағы жағдай басқа республикалардың бірінен де кездестіре алмайсыз. Орынсыз қорытынды жасау ғалымдар арасында бұрынғы кезде көп кездескен. Ғалымдар партияға жағыну үшін қандай қорытынды керек болса, сондай қорытындыларды беріп отырған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы территориясында бірде-бір радиоэколог даярланбаған болатын. Мамандардың болмауынан осындай жағдайларға келіп отырмыз. Радиологиялық зерттеулер Қазақстан республикасы бойынша жүргізілген емес.

Бір кезде атом бомбасын және сутек бомбасын жасағандардың барлығы орыс ғалымдары болатын жергілікті ғалымдардыңешқандай қатынасы жоқ еді. Шет елдердің ғалымдарының қазақ халқына жаны қайдан ашысын. Қазан айының 24 санында 1992 жылы «Атамекен» газетінің хабарына қарағанда, Өскемендегі өнеркәсіптік аудан экологиялық апат жағдайында, қалалық кеңестің сессиясы Өскеменнің экологиялық жағдайы Чернобыльмен пара-пар деп шешім қабылдаған.

Атырау облысында Қызылқоға, Теңіз аудандарындағы 1 миллион гектардан артық шұрайлы жерді алып жатқан әскери полигонда қырық жыл бойы ракеталар сыналып, атом бомбалары жарылған. Қазақ жеріндегі көптеген әскери-өндірістік жұмыстар жүргізу үшін 20миллион гектар жерді әскериадамдар бөліп алған. Ол жерлерге білгендерін жасап, неше түрлі қалдықтармен ластаған. Қазіргі кезде ол жерлер не егін егуге, не мал жаюға келмей қалған. Қазақ елі өз жеріне өзі ие емес еді. Империялық нұсқаулар арқылы жүргізіліп отырды. Бұрынғы кездегі партия және үкімет басшылары тек менің айтқаным болады деумен болады. Сонымен бірге олар биология, химия, экология ғылымдарынан хабары жоқ болсада, бұл ғылым салаларына тікелей араласып кетті.

Осы кезде тәуелсіз мемлекет болдық, империялық нұсқаудан құтылдық, ғасырлар бойы ата-бабаларымыз білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген боиресурстарға өзіміз иеміз. Ендігі уақытта мекен етіп отырған жер, су, өсімдік әлемі, жануарлар дүниесі олардың радиоэкологиялық апатқа ұшырамауы - өзіміздің сана - сезімімізге, білімімізге байланысты. Әрбір саналы және сауатты азамат қазақ жерінде экологиялық апаттардың болмауына тырысу керек. Радиоэкологияны тәрбие құралы ретінде пайдалану қажет.

Біздің зерттеу жұмыстарымыздың қорытындыларына қарағанда және бүкіл дүние жүзілік ғылыми әдебиеттерінің деректерін талдағанда, радиоактивтік сәуленудің аз дозасы болсада рак дертін тудыратыны сөзсіз.

Бұл кезде термоядролық сынаулар өткізілген территорияларда (Семей, Павлодар облысының кейбір аудандарында) неше түрлі қауіпті аурулар халық арасына кең көлемде таралуда. Соңғы жылдар ішінде Семей облысында әр жүз мың адамға шаққанда жүике - психикалық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл -ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке - тамыр аурулары бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауру, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден әлсіретті. Әсіресе Қазақстанның радиоактивтік сәулелену жағдайды өте ауыр. Қазақстанның қай облысын алсаңызда, радиоэкологиялық апатқа ұшырмаған аймақты таба алмайсыз.

Қайғы - қасіретке толы аудандар көп кездеседі. Өйткені қазақ жерінде әскери - полигон болмаған жер аз кездеседі. Атырау облысының Қаракөл - Шонай жеріндегі, Абыралы қойнауының жазық даласындағы әлемге әйгілі аты шулы Семей полигонын айтуға болады. Маңғыстау түбегіндегі полигон соңғы жылдары ғана белгілі болды. 1946 жылдан 1989 жылға дейін Қазақстанның территориясында 642 термоядролық атом, сутек бомбыларын сынаудан өткізген.

Радиактивті қалдықтар мен аз мөлшердегі радиация екеуі бірімен бірі тығыз байланыста болады. Радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз түрде сақтау бүкіл жер жүзі бойынша әлі күнге дейін шешімі табылмай отыр. Қазақстан Республикасы бойынша дүние жүзілік стандартқа сай келетін радиоактивті қалдықтарды сақтайтын бірде-бір орындар жоқ екенін ғалымдар мен мамандар жақсы біледі. Бәрімізге белгілі Қазақстан Республикасы уранды көп өндіретін мемлекеттердің бірі. Сонымен бірге уран өңдейтін кен-химия өнеркәсібінде кең орын алған. Семей полигонында қаншама радиоактивті элементтердің қалдықтары бар десеңізші.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Де Фриздің мутациялық теориясы
Мутагенді факторлар
Мутациялық өзгергіштік
Кері мутациялар керісінше, мутантты типтерден жабайы типтерге өтуі
Мутацияның түрлері және мутагендер. Канцерогенездің биохимиялық негізі
Өзгергіштік
Мутациялық жағдайлар
Мутация туралы
Мутациялық өзгергіштіктер
Радиациялық мутагенез
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz