Баспа өнiмдерiн дайындауда қолданылатын программалар


Мазмұны

КIРIСПЕ . ………3

НЕГIЗГI БӨЛIМ. БАСПА ӨНIМДЕРIН ДАЙЫНДАУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН

ПРОГРАММАЛАР

1 Page Maker программасы . . ………6

а) Page Maker ортасын iске қосу және оның негiзгi

интерфейстiк элементтерi . . . . 7

б) Палитралар және оларды қолдану. …. 10

в) Қарапайым графикалық объектiлермен жұмыс………. . …. . 14

г) Мәтiндiк фрагменттерге қолданылатын операциялар… . . . …15

д) Проценттiк масштаб өрiсi. Бұру өрiстерi. …. . 17

з) Сызықтармен операциялар . . . ……. 18

ж) Регистр өрiсi. Басқарушы палитраның түймелерiн қолдану19

и) Баспаханалық өнiм беттерiмен жұмыс. 20

к) Эталон беттер 23

2. Photo Shop программасы

а) Adobe Photo shop программасы туралы жаплы түсiнiк……. 26

б) Құрал- саймандар палитрасы (қатары) . ……28

в) Adobe Photo shop интерфейсi және элементтерi……… . . . 31

г) Photo Shop-тa эффектiлердi ұйымдастыру. . ……. 33

3 Corel Draw программасы. . ……. 36

4. Page Maker-де баспа өнiмдерiн дайындау 40

Қорытынды41

Пайдаланылған әдебиеттер43

КIРIСПЕ

Бүгiнгi ғылымның қоғамдағы орны қоғамның әрбiр саласында жаңа ақпараттың технологиялар дамуымен ерекшеленедi. Қоғамдағы барлық кәсiпорындар, бiлiм беру орындары, ғылыми зерттеу орталықтары, шикiзат өндiрiс орындарында, т. б. салаларында жаңа технологиялардың мүмкiндiктерi пайдаланған. Бiзге белгiлi office-тiк программалар күрделiктi мәтiндермен жұмыс iстеуде, есептеулер жүргiзуде, графика салуда қолданылатын едi. Ал ендi сол әрекеттердiң күрделi түрiн ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн қолданбалы программалар көптен шығуда. Олар әртүрлi баспаханалық жүйелерде мәтiндермен графикалардың үйлесiмiн қамтамасыз ететiн, графикаларын өңдеу жұмыстарын, геометриялық фигураларды салу әдiстерiн, күрделi математикалық есептердi шешiп олардың графикалық функцияларын тұрғызуда көптеген жәрдем беретiн қолданбалы программалық жүйелер болып табылады. Оларды қолданбалы программалар деп те атайды. Бұл программалардың Бұл програманың қолданысқа түскенiне 7-8 жылдан астам. Олар компьютерлерге арнайы компакт дискт дискетелар арқылы орнатылады. Бiрақ бұл программаларды орнату үшiн команданың мүмкiндiгi жоғары болу керек. Қолданбалы программалардың түрлерi:

  1. Page Maker-күрделi мәтiндермен графикаларды үйлестiрушi программа болып табылады. Олар баспаханалық өнiмдердi дайындауда қолданылады.
  2. Photo shop графикалық объектiлердi өңдеу үшiн қолданылады.
  3. Corel Draw геометриялық денелердi салу үшiн қажет.

Қазiргi таңда электрондық публикация даярлаушылар әлi де болса Word текстiк редакторы көмегiн пайдалануда.

Adobe Page Maker программасы компьютерлiк жүйелер арқылы өмiрдегi таң ғажайып, кең қолданыста қолданылады. Page Maker програмасы арқылы iс-тәжiрбеде кездесетiн жетiстiк және графикалық матералдарда және т. б күрделi жұмыстарды орындау үшiн қажет.

Page Maker 1984 жылы Aldus фирмасында құрылып шығарылады, бiрақ Aldus фирмасы бұл программаны сатып алады да оны Aldus Page Maker 5. 0 және Adobe Page Maker 6. 52. нұсқалы программалардың интерфейсiн және функционалдық қамтамасыз ету жағынан түрлi өзгерiстердi енгiздi. Көптеген фирмалар программалық ескi нұсқаларын пайдаланып жүр, себебi қолданысқа тиiмдi болып келедi.

Кей жағдайда Page Maker программасын Word редакторынан әлсiз деп есептеушiлер де табылады. Әрине, мұндай ойлар Page Maker программасын қолданушылардың оның жоғарыда келтiрiлген мүмкiндiктерiн өзбеттерiнше оқып - үйренуiнен туындайды. Сондықтан да Page Maker программасын жүйелi және толық үйренiп, қолдану үшiн төмендегi тақырыптар бойынша жұмыстар жасауды ұсынамыз:

  • Page Maker ортасын iске қосу және оның негiзгi

интерфейстiк элементтерiмен танысу.

  • Палитралар және оларды қолдану.
  • Қарапайым графикалық объектiлермен жұмыс
  • Мәтiндiк фрагменттерге қолданылатын операциялар.
  • Проценттiк масштаб өрiсi. Бұру өрiстерi.
  • Регистр өрiсi. Басқарушы палитраның түймелерiн қолдану.
  • Баспаханалық өнiм беттерiмен жұмыс.
  • Эталон беттер.
  • Мәтiн абзацтарын форматтау.
  • Page Maker көмегiмен даярланған өнiмнiң соңғы нұсқасын баспадан шығару.

Бұл жұмыстың негiзгi мақсаты Page Maker программасының көмегiмен баспа өнiмдерiн даярлау болып табылады. Осы мәселеге байланысты бiз ‘’ Математика және информатика’’ кафедрасының арнайы басылымын жасауды ұйғардық.

Зерттеу жұмысының теориялық негiзi -информатциялық қызмет көрсету жүйелерiн қазiргi заманғы информациялық технологиялар көмегiмен құру және оларды тиiмдi жұмыс жасауын қамтамасыз етушi.

Зерттеу жұмысының құрлымы: жұмыс кiрiспеден, қортынды және пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Қортынды зерттеу жұмысының нәтижесi және оны қолдану нұсқаулар келтiрiлген.

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнде жұмыстар талданып қарастырылған мәселеге қатысты әдебиеттер көрсетiлген.

НЕГIЗГI БӨЛIМ. БАСПА ӨНIМДЕРIН ДАЙЫНДАУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРОГРАММАЛАР

1. Page Maker программасы

Page Maker - баспаханалық өнiм даярлауға арналған программалық орта. Оның негiзгi қызметi баспаханалық өнiмдi макеттеу, баспаның барлық элементтерiн ( растрлiк немесе векторлық суреттер, мәтiндер, сызбалар, кестелер және т. б. ) даярлау, жинақтау, оларды баспа бетiне орналастыру, элементтердi форматтаудың соңғы параметрлерiн беру және баспаның оригинал макетiн дайындау, оны баспадан шығару. Бұл программалық орта полиграфиялық дизайн жасауға, электрондық публикация жасауға көптеген мүмкiндiктер бередi.

Page Maker-мен ең алдымен жұмыс iстеу үшiн, оны алдымен қатты дискiге орнатуымыз керек. Орнату процессiн құру өте тиiмдi және автоматты түрде қосылады. Бұл пакеттiң iшiнде бүкiл утилиттермен қосымшалар жиыны бар.

Програманы жүктеп жатқан кезде Next батырмасын басып отырумыз керек.

Тiлдi таңдап алу үшiн келесi терезе ашылады. Мұнда да Next батырмасын шертемiз.

Келесi сұхбаттық терезеде Page Maker папкасының Шеңбер құруды таңдап аламыз және 3-нұсқаның бiрiн таңдаймыз. Типтi (Typical), компактiлi (Compact) және тапсырысты (Custom) деп бөлiнедi.

Папканы өзгертуiмiз керек болса, онда Page Maker -дi орнату үшiн Next батырмасын басамыз және сұхбаттық терезедегi Choose Directory жолын көрсетемiз.

Next батырмасынан кейiнгi ашылған Select Companents сұқбаттық терезе ашылады, мұнда орнатылған компаненттерiн таңдаймыз яғни әрбiр компонентiң дискiдегi алатын орнын қанша көлем анықтап тұрады, ал төменгi жағындағы сұқбаттық терезеде жалпы мөлшерi көрсеттiледi.

Және мұнда Adobe Type Manager (ATM) программасын енгiзумiз керек, себебi Type1 шрифтерiмен берiлген утилиттер арқылы орындаймыз. Барлық iс- әрекеттi орындап болғанымызда Next батырмасын шертiп, программа жүзеге асады.

Page Maker ортасын iске қосу және оның негiзгi интерфейстiк элементтерi

Программаны iске қосу Windows-тың кез-келген қосымшасын iске қосу тәрiздi орындалады. Программа терезесiндегi негiзгi элементтер жұмыс аймағы деп аталады. Ол екi бөлiмнен тұрады. Монтажды үстел және бет. Пайдаланушыға беттегi құжаттың параметрлерiн орнататын шамалар, бет өрiстерi көгiлдiр және қызғылт сызықтармен ерекшеленiп көрсетiледi. ґрiстер - беттiң шеттерiндегi бос орындар. Беттiң мәтiн және иллюстрация орналасқан бөлiгi теру жолағы деп аталады. Бұл жерде екi жағдайда жұмыс iстеуге болады:

  1. мәтiндер, суреттер, кестелердi жұмыс аймағында орналастырғанымен баспаға тек осы беттегi элементтер шығады;
  2. беттер көп болған жағдайда оның мазмұны өзгередi, ал монтаждық үстелдiң мазмұны өзгермейдi .

Сол сияқты жұмыс аймағында компьютерлiк графиканың барлық программасындағы сияқты сызғыш, айналдыру жолақтары, мәзiр қатары және саймандар панелдерi бар. PageMaker-дегi саймандар панелдерi өз орнындағы және жылжымалы болып екiге бөлiнедi.

PageMaker терезесi iске қосылғанда, экранда оның бiрнеше элементтерi көрiнiп тұрады олар:

  1. Стандартты саймандар панелi;
  2. Стандартты форматтау панелi;
  3. Мәзiр қатары;
  4. PageMaker басқару панелi;
  5. Қалып-күй қатары;
  6. Жұмыс аймағы.

Экран көрiнiсiн 1-суреттен көруге болады.

1-сурет

Программа терезесiнiң тақырып қатарынан кейiн орналасқан панельдер iшiнде программаның ерекше панелдерi орналасқан. Жалпы құжат файлын даярлау алдында экранға сұхбаттық терезе көрiнедi. Бұл терезеге даярланатын электронды публикация парағының форматы, парақтар саны, парақ ориентациясы т. б. параметрлердi қолданушы өзi енгiзедi. Алдымен файлға Untitled-1 атауы автоматты түрде берiледi. Қолданушы мiндеттi түрде файлға File-Save as командасы арқылы атау беруi керек. PageMaker-де құрылған файлға *. p65 кеңейтiлуi берiледi. Сондай-ақ, бұл ортада контекстi тәуелдi мәзiрдi тышқанның қосымша түймесiн басу арқылы кез-келген таңдалған объектiге байланысты шақыра аламыз. Ал ?-Анықтама командасы көмегiмен Help мәзiрiн шақырып жүйеленген PageMaker ресурстарының үлкен кiтапханасымен жұмыс жасауға мүмкiндiк аламыз.

Help мәзiрiндегi командалар қолданушының PageMaker ортасымен жұмыс жасауын жеңiлдетедi.

Құрал-сайман палитрасы және мәзiр қатары.

Құрал-сайманды таңдауымыз үшiн, құрал-саймандар палитрасындағы керектi инструменттiң пиктограммасынның үстiнен шертемiз. Page Maker 6. 52. программаның төменгi жағында орындалатын функцияның орындалуына мәлiмет берiлген.

Құрал саймандар палитрасына берiлген қысқа мәлiметтерi

  • Бағыттауыш - текстiк және графикалық объектiлердiң ерекшелеуге және масштабтау үшiн қажет.
  • Текс - тексттi редактрлеуге және енгiзуге арналған.
  • Қиып алу - бейнелердi қиып алуда қолданылады.
  • Айналу текстiк блоктармен айналдыру үшiн :
  • Сызықтар - суреттi салу үшiн :
  • Перпендикуляр -вертикальдық және горизанталдық сызықтарды салу үшiн ;
  • Тiк бұрышты фрейм -тiк бұрыш суреттердi салу үшiн ;
  • Шеңбер тәрiздес фрейм - дөңгелек және шеңбер тәрiздес суреттердi салу үшiн ;
  • Көп бұрышты фрейм - көп бұрышты фреймдердi салу, үшiн ;
  • Бесбұрышты фрейм - квадраттармен бес бұрыштарды салу үшiн ;
  • Шеңбер - дөңгелектермен эллипстердi салу үшiн;
  • Көп бұрышты - көп бұрыштарды салу үшiн;
  • Қол гиперсiлтемелер арқылы көру және тексттiн айналдыру әдiсiн көру үшiн;
  • Масштаб- масштабын өзгерту үшiн;

Жұмыс үстелiнiң жоғарғы бөлiгiнде мәзiр қатары орналасқан. Ол 10 негiзгi пунктерден тұрады:

Файл- барлық командалар тiзбегi орналасқан, мұнда құру, өшiру, сақтау, текст пен графикалы публикация ретiн жасау, баспаға шығару және де жұмыс үстелiнiң программаларын орнату үшiн, Page Maker программасыннан шығу және соңғы ашылған құжаттар тiзiмi тұрады.

Өңдеу - бұл мәзiр қатарында соңғы iс- әрекеттi алып тастау, буфер алмасу қатарымен жұмыс iстеу және верстер режимiнен тексттiк редактерге өту командалары бар.

  • Макет- Публикациялық беттердi басқару үшiн және тексттiк толтыру режимiмен орналасқан.
  • Текст - тексттiк параметрдiң барлық түрi көрсетiлген: ганитурлер, кеглдер, сызылған символдар, интерминьяж, абзацтау жолы және публикациялық стилдер.
  • Элементтер -графикалық элементермен жұмыс iстеу командалары орналасқан; берiлгендердi түсi мен типi, объектiлердiң контуры, және көпбұрыштар параметрлерi және т. б. ;
  • Сервис - мұнда көпбеттi публикациялармен жұмыс iстеу және қосымша Page Maker -ге берiлген командалар бар.
  • Көру- басқару командалар арқылы құрылған бiрнеше беттермен жұмыс iстеу мүмкiндiгi, Page Maker жұмыс үстелiк, масштабтарын және қосымша элементтерден тұрады.
  • Терезе - жоспарын және көрiнiп тұратын программасы және бiрнеше ашылған құжаттарды қоса алады.
  • Көмек - “Page Maker программасы“ жайында қысқартылған клавиатуралардың тiзiмi, анықталады мәзiр қатары.

Палитралар және оларды қолдану

Программаның интерфейстiк ортасында негiзгi және қосымша болып екiге бөлiнетiн бiрнеше палитралар бар. Олар:

  1. Басқару палитрасы (2-сурет) ;
  2. Түстер палитрасы (3-сурет) ;
  3. Қабаттар палитрасы (4-сурет) ;
  4. Стильдер палитрасы (5-сурет) ;
  5. Шаблондар палитрасы (6-сурет) ;
  6. Гипербайланыстар палитрасы (7-сурет) .
  7. Құралдар палитрасы (8-сурет) ;
  8. Сценраий палитрасы (9-сурет) ;

Бұл келтiрiлген тiзiмде PageMaker-дiң негiзгi палитралары, ал

9-суретте қосымша палитра келтiрiлген.

Палитраның экрандағы көрiнiсi Окно / Спрятать немесе Палитраның құрылымы: тақырыбы; мәзiр түймесi; айналдыру жолақтары; жиектеулер.

Показать <палитра аты> командасымен тағайындалады.

Құралдар палитрасымен басқа палитралар жеке

немесе топтап пайдаланыла бередi. Олардың

ярлыктарын жеке де топтап та шығаруға болады. Интерфейстiң қосымша элементтерi де бар. Олар: сызғыш, бағыттаушы және тор. Бұл элементтер объектiлердi түзетуге, дәл орналастыруға көмектеседi.

2-сурет. Басқару палитрасы.

3-сурет. Түстер палитрасы 4-сурет. Қабаттар палитрасы.

5-сурет. Стильдер палитрасы. 6-сурет. Шаблондар палитрасы.

7-сурет. Гипербайланыстар палитрасы.

8-сурет. Құралдар палитрасы.

Сызғыш экранда екi жағдайда керек. Объектiлердi құру және орналастыру барысында объектiлер кеңiстiктен сызғышқа қарап бағдарланады. Жалпы координаталар жүйесi сызғышпен байланысты

Сызғышпен жұмыс Просмотр/Спрятать линейки/ Показать линейки командасы арқылы орындалады. Сызғыштағы өлшем бiрлiктердi өзгертудiң ең оңай жолы контекстi мәзiрдi шақырып, керек өлшемдi таңдау болып табылады.

9-сурет. Сценарий палитрасы.

Бағыттаушылар - экрандағы баспаға шығпайтын вертикальды және горизонтальды сызықтар. Олар объектiлердi туралауда, кестелер мен иллюстрацияларды орналастыруда маңызы зор. Бағыттаушыларды сызғышқа тышқан курсорын алып барып оны жiбермей тұрып жұмыс аймағына орналастыруға болады. Олардың ең көп саны - 120. Оларды өшiру - курсор арқылы бет шекарасынан шығарып тастау немесе стрелка арқылы орындау. Барлық бағыттаушыларды бiрден өшiру өте маңызды операция және ол Просмотр/Удалить направляющий командасы көмегiмен орындалады. Просмотр/Выровнять по направлениям командасы арқылы объектiлердi туралауға болады. Объектiлер тышқан арқылы қозғалту барысында жатқан бағыттаушыға магнит сияқты тартылады.

Қарапайым графикалық объектiлермен жұмыс

Қарапайым графикалық элементтерге оның көмегiмен суреттер салуға болатын геометриялық фигуралар жатады. Фреймдер де қарапайым графикалық элементтер формасында болады. Интерфейстiк ортада қарапайым графикалық объектiлердi салуға қажеттi құралдар және сызықтар берiледi. Олардың бiрнешеуi 11-13 суреттерде келтiрiлген. Ал қарапайым графикалық элементтердi ерекшелеу Стрелка құралы арқылы iске асады. Ал ерекшелеудi алып тастау Редактирование/Снять выделение командасы көмегiмен орындалады . Қарапайым графикалық элементтердiң қасиеттерiн Фон и Линия командасы арқылы көруге, қажет жағдайда олардың түсiн және бояу түрлерiн, сызық қалыңдығын өзгертуге болады. (10-сурет)

10-сурет.

11-сурет

12-сурет.

13-сурет.

г) Мәтiндiк фрагменттерге қолданылатын операциялар

Мәтiн құралын шертiп алдымен мәтiндегi шрифт параметрлерiн тағайындау керек. Мәтiндi енгiзу PageMaker-де блоктап енгiзу не жай енгiзу тәсiлдерiнiң бiрiмен iске асады. Блоктап енгiзу - мәтiн фрагменттерiн әртүрлi биiктiктегi және ендiктегi үзiндiлер жиынтығы ретiнде енгiзуге болады. Олар жарнама материалдарды, билеттердi, буклеттердi безендiруде қолданылады. Ол үшiн мәтiн құралына өтiп, мәтiндi курсор арқылы жұмыс аймағының кез-келген жерiне жиектеу сызып, оның iшiне енгiзу қажет. Жай енгiзу - кiтаптардағы, мақалалардағы енгiзулер сияқты мәтiн сол жақтан оң жаққа қарай барлық бос орындарды алып жатады. Ол үшiн тышқан көрсеткiшiн сол жақ өрiстiң басына алып келiп Мәтiн құралын басқан соң барып мәтiндi теру керек.

Мәтiн үзiндiлерiмен операциялар жасау үшiн Стрелка құралы арқылы мәтiн блогын ерекшелеймiз. Ерекшелеу барысында ортада құлақшалар пайда болады. Монтаждық үстелдегi және беттегi барлық мәтiндiк блоктарды белгiлеу үшiн Редактирование/Выделить все командасы орындалады.

Мәтiн фрагменттерiн белгiлеп, осы үзiндiдегi шрифт параметрiне өзгертудi екi тәсiлмен орындауға болады. Оның бiрiншiсi мәзiрдегi Текст командасы арқылы болса, екiншiсi Шрифт режимiндегi Басқару палитрасы арқылы (8-сурет) . Текст командасы арқылы шрифт параметрiмен өзгерту барысында Гарнитура командасы өзгерiсi арқылы бастаймыз. Гарнитура - бiр суреттiң бiрнеше комплектiлi шрифтер аттары және олардың әртүрлi сызылуы мен өлшемдерi. Гарнитура - шрифттiң типi мен түрi. Кегль - шрифттiң өлшемi. Интерлиньяж - мәтiн қатарлары арасының өлшемi. На÷ертания - шрифттiң түрлi жазылу мүмкiндiктерi. Кернинг -символдар арасындағы арақашықтық. Тренинг - символдар арасындағы бос орынды реттеушi. Позиция өрiсiнiң үш мәнi бар: нормальный; надиндекс; подиндекс. Әрине бұл параметрлер арқылы символдардың енi мен ұзындықтарын өзгертуге, кез келген символды, абзацты, қатарды, толық мәтiндi форматтауға болады. Шрифт түрлерiн қолдану мысалдарын келесi фрагменттерден көруге болады:

N1-фрагмент

“ЖАСТАР”газетi

апта жаңалықтары:

- университет басшылары не дейдi?

- сессия жақындап қалды, ол тест түрiнде өткiзiледi;

- аралық бақылауга дайындық жүрiп жатыр;

- информатика - математика апталығы өткiзiледi;

- студенттердiң КВН командалары кұрылуда.

Бiздiң жарнамалар сiздiң қолдарыңызда!

N2-фрагмент

тел. (8-10996312) 425-128,

465-889. факс: 543-356.

N3-фрагмент

СЕССИЯНЫ ЖАҚСЫ ТАПСЫРАЙЫҚ, АДАЙЫН!

N4-фрагмент

қажеттi документтер:

- өтiнiш;

- сурет 3х4 (2 дана) ;

- куәлiк көшiрмесi.

д) Проценттiк масштаб өрiсi. Бұру өрiстерi.

Проценттiк масштаб өрiсiнде жаңа объектiнiң бастапқыға қарағандағы проценттiк қатынасын көруге болады. Ол объектiлерге бұру операцияларын қолдануға арналған. ґрiске бұру өлшемiн градус есебiмен енгiзу арқылы орындалады. Қисайту өрiстерi объектiнi қисайту немесе еңкейту операцияларын орындауға арналған. Бұл операцияда объектiнiң бiр жағы бекiтiлiп, қалғандары қисаяды (14-сурет) . Қисаю режимiнен шығу үшiн CTRL+Z немесе Редактирование/Отменить батырмасын басамыз. Айнадағыдай шағылысу өрiстерiн қолданып, горизонталь немесе вертикаль оське қатысты беттесетiн көшiрмесiн алуға болады (15-17 суреттер) .

14-сурет

з) Сызықтармен операциялар

Басқару палитрасында сызықтармен жұмыс iстеуге арналған Схема батырмасы орналасқан және оның үш нүктесi экранда көрiнiп тұрады (18-19 суреттер) . Бұл нүктелер арқылы берiлген сызықтың екi шетi мен ортасын белсендiруге болады. Сондай-ақ, сызықтық координатаның ұзындықтарын көрсетуге, бұруға болады және горизонталь, вертикаль сызықтарға қатысты беттесу көрiнiсiн алуға болады.

18-сурет

19-сурет.

Объектiгге қатысты басқару палитрасының сол жақ төменгi бұрышындағы F+L түймесi белгiленген объектiнi жоғары 8 позицияға ығыстырады. Ол 20-суретте алдыңғы объектiге қатысты көрсетiлген. Ал градус бойынша бұру өрiсiнде минуттық өлшеммен бұру да қарастырған, әрине бұл кескiннiң бұру дәлдiгiн жоғарылату мақсатында кiрiктiрiлген. Градустық бұруды пернетақтадан енгiзу мүмкiндiгi және тышқан көмегiмен арнайы қисық сызықты стрелка құралдары көмегiмен орындауға да болады.

20-сурет.

ж) Регистр өрiсi. Басқарушы палитраның түймелерiн қолдану

Басқару палитрасының көмегiмен объектiлерге операциялар қолдануға болады. Басқару палитрасы арқылы қарапайым графикалық элементтердi сызу барысында басқару палитрасын қолданудың бiрнеше режимдерi бар. Егер ешқандай объект ерекшеленбесе, экранда басқару палитрасындағы курсордың орнын ауыстыру координаталары мен белсендi объект пиктограммасы көрiнедi. Ал егер қандай да бiр қарапайым графикалық элемент немесе мәтiндiк блок Стрелка құралы арқылы ерекшеленсе, Басқару палитрасы объект режимiне көшедi. Басқару палитрасының объект режимiндегi бiрнеше өрiс / Модификациялау қомандасын қолдану ыңғайлы. Бұл батырмада ерекшеленген объектiнiң пиктограммасы көрiнедi, әрi бұл батырма шамаларды енгiзу операциясы барысында қолданылады. Қолданылатын өрiстiң бiрi - схема. Схемадан белсендi нүкте көрiнiп тұрады, яғни орталық төбесi немесе шекаралық ортасы көрiнедi. Келесi өрiсте - X, Y арқылы объектiнiң белсендi нүктелерiнiң координаталарын, ал Ш, В арқылы объектiнiң биiктiгi мен енiнiң координаталарын өзгерту арқылы өлшемдерiн өзгертуге болады. Ал, басқарушы палитра көмегiмен шрифт параметрiн өзгертуде де бiрнеше режимдерi бар. Олар қандай құралдар белсендi және қалай ерекшеленген, сонымен қатар, палитраның ағымдық сәттегi қандай режимде жұмыс iстеп жатқанына байланысты. Егер Мәтiн құралы белсендi болса, онда Басқару палитрасы шрифт немесе абзац режимiне көшедi. Режимнiң ауысуы шрифт/абзац батырмасын басу арқылы iске асады. Ал Басқару палитрасындағы Гарнитура тiзiмi мәзiрдегi Шрифт/Гарнитура командасы сияқты жұмыс жасайды. Басқару палитрасындағы келесi өрiс - на÷ертания шрифта деп аталады. Онда алты бас әрiп көрсетiлген. N, B, I, U, R, Q. Олар мәзiрдiң Текст На÷ертание командасындағы сөздерге сәйкес келедi: нормальный - N; полужирное - B; курсивное - I; под÷еркнутое - U; инверсное - R; пере÷еркнутое- Q . Бұл батырмалардың бiр мезгiлде бiрнешеуi қатар белсендi бола алады. Барлық белсендi батырмаларды алып тастау бiрiншi батырманы белсендiру арқылы орындалады. Келесi на÷ертанияны өзгертуге қолданылған батырма - С/с , мұндағы с - капители; С - все прописные мәндерiн орнатады. Соңғы батырмалар Параметры шрифта Позиция мәндерiне сәйкес, яғни жоғарғы және төменгi регистрдi орнатады. Басқару палитрасындағы келесi екi өрiс Кегль және Интерлиньяж. Кегль жоғарғы палитра, Интерлиньяж төменгi палитра. Сол сияқты Трекинг және Символдар енi өрiстерi де бар.

Кернинг өрiсi - кейбiр символдар жұптарының арасындағы арақашықтықтарын өзгерту үшiн қолданылады. Кернинг үлкен шрифттарға қолдануға лайықты.

Басқару палитрасындағы соңғы өрiс Шрифт Смешение базовой линий режимiне сәйкес. Мұндағы базовой линий шрифта мәтiн орналасқан түзу. Бұларды арнайы эффектiлер үшiн базалық түзулер өзгертедi.

и) Баспаханалық өнiм беттерiмен жұмыс.

Публикациядағы бет параметрiн өзгерту командасы Файл- Параметры документа. Бұл Параметры документа сұхбаттық терезесiнен шақырылады. Ендi параметры документа сұхбаттық терезесiн қарастырайық (21-сурет) :

21-сурет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа ақпараттық (информациялық) технологиялар
Mathcad математикалық пакеті
Delphi ортасы туралы түсінік
Рнр технологиясының электронды оқулығын жасау
Форма қасиеттерін өзгерту
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Информатика пәні бойынша 7 сыныпқа арналған теориялық материал
Эем архитектурасы
ИНФОРМАЦИЯ. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Мультимедиалық технологиялар арқылы оқушылардың креативтігін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz