Электрондық курс және оны құру


1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ КУРС жӘне оны құру

Электрондық курс студенттер үшін мектепте, жоғарғы оқу орындарында оқыған жылдарының барлығында да, өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Электрондық курстармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады. Электрондық оқулыққа мынандай анықтама беруге болады:

Электрондық курс - бұл компьютер арқылы оқу курсының немесе оның кез келген бөлімін өз бетінше меңгеруге көмектесетін бағдарламалық-әдістемелік кешен.

Ал мұғалім үшін электрондық курс - күнбе - күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Сол себепті электрондық оқулықтарды әзірлеп, оны дамытудағы жүргізілетін жұмыстарға қайта оралып келіп, түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігін бірте - бірте арттыратыны талас тудырмаса керек. Мұғалімнің бұрынғы рөлі өзгереді, енді мұғалім білім мен ақпарат беретін тұлға емес, ол алға қойылған мақсатқа жету жолындағы керекті мәліметтерді әр жерден тауып алуға көмектесетін кеңесші, әрі әріптеске айналып кетеді.

Қазіргі кезде білім үрдістердің әртүрлі тұлғалары арасында қашықтан мәлімет алмасу ісі мүмкін болып, олар бір - бірімен ашық түрде компьютерлер көмегімен өз пәндері айналасында пікірлесе алатын болды, мысалы, мұғалімдер - мұғалімдермен, мұғалімдер - оқушылармен, мұғалімдер - ата - аналармен, мұғалімдер - оқулық жазушылармен, т. б.

Электрондық курстар студенттерінің сабақтан тыс өз бетімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік туғызады. Курстың модульдік жүйеге негізделіп құрылғаны, оқулықтың тиімділігін айқындай түседі. Сонымен қатар әртүрлі салада электрондық оқулықтарды жасауда қазіргі кезде мамандар көп айналысады. Осындай оқу құралдарды білім беру ортасына арнап дайындау, оқушыларға, студенттерге және ұстаздарға өте қолайлы.

Электрондық курс - дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Оның гипермәтіні нақты құрылымдардан тұрады да, бір - бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негізде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу де әрбір адамның бүгінгі талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады.

1. 1 Электрондық курс туралы ұғым, құрылымы және қасиеттері

Электрондық курс көбінесе үш бөлімнен құралады:

  1. презентациялық бөлімі;
  2. оқу құралының негізгі ақпаратынан құралған тапсырма бөлімі;
  3. оқушыларды немесе студенттерді объективті түрде бағалау үшін зертханалық жұмыс бөлімі.

Электрондық курстар қаншалықты тиімді болғанымен, кәдімгі оқулықтар әлі көп уақытқа дейін негізгі оқу құралы ретінде қолданылады. Себебі, кез келген мәтінді экран бетінде емес, басып шығарылған түрде оқыған ыңғайлы. Соған байланысты электрондық курсты құру кезінде оны қандай жаңа қасиеттермен кәдімгі оқулықтан өзгешелеуге болатынын ескеру керек. Осындай қасиеттерге:

  1. интерактивтік қасиет - қайтымдылық шарты;
  2. тез арада керекті ақпаратты табу мүмкіншілігі;
  3. түсіндірмелерге көп рет қатынау кезіндегі жұмсалатын уақытты өнімдеу қасиеті;
  4. мәтінді экранға шығарып қана қоймай, оны түсіндіріп көрсетуге, модельдеуге және т. б. мүмкінділік беру - осы жерде мультимедиялық технологиялардың мүмкіншілігі байқалады (көркемділік және қатынау принципі) ;
  5. кез келген адам үшін тез арада белгілі бір бөлімге қатысты өзінің білімін тексеру мүмкіншілігі;
  6. керекті оқу ақпаратын мысалы, Интернет арқылы жаңарту, өңдеу қасиеттері жатады.

1. 2 World Wide Web қысқаша тарихы

World Wide Web 1989 жылдың басында пайда болды. Оның тұжырымдамасын Швейцариядағы (The European Laboratory for Particle Physics) зертханасының бір топ ғалымдары жасап шығарды. Олар жұмысын 1991 жылы аяқтады. Бұл ғалымдар HTML және WEB - тің келесі деңгейінің дамуын анықтаған W3Consortium (http://www. w3. org) пайда болуына көптеп ықпал етті. Бір жылғы тексеруден кейін, сүйену мен қызығушылық тудырған алғашқы әрі теңдессіз танымал WEB - броузер - Mosaic шығарылды. Ол қолдану барысында жеңіл болып, Unix, PC, және Macintosh платформаларында жұмыс істеді және ақысыз таратылған еді. Біршама уақыттан кейін Mosaic құрушы Silicon Graphics негізін салушымен бірікті.

Олар Netscape (http://www. netscape . com) бүгінгі күнгі жетекші броузерді жасап шығарды. WEB - тегі барлық трафиптің 80%-ке жуықғы Netscape - ті қолданушыларға келеді, үйдегі компьютерлерге Netscape - ті тегін қосуға болады. Кейінірек Microsoft (http://www. microsoft. com) фирмасымен шығарылған жаңа броузер Internet Explorer пайда болған. Ол сондай-ақ Интернет серіктестігімен тез арада қабылданды. WWW-тасымалдылығы қандай да бір деңгейде Microsoft Windows - қа дейін белгілі дайындықты қажет ететін мәтіндік операциялық жүйе DOS пайдаланылған еді. WINDOWS-тың теңдессіз табыстығына ұқсас. WINDOWS-тың пайда болуы барлығын өзгертті. WINDOWS DOS жасағанның барлығын жасайды, тек қазір бұны қолайлы графиктік интерфейс көмегімен жүзеге асырады. Файлды көшіру үшін керекті команданы еске түсіріп жатудың қажеті жоқ - біз тек файлды бір терезеден екінші терезеге апара саламыз. Осылайша WWW графиқалық мәні интернетке және оның байланыстық электрондық құралдарына жалпылық назар аудартты. WWW пайда болмай тұрып Интернетпен жұмыс істеу үшін көптеген командаларды білу қажет болған еді

1. 3 World Wide Web - дамуының бағыты

Енді біз WEB тарихымен танысқан соң оның болашағы туралы қарастырайық. Мүмкін, ең дамуы HTML болар, себебі біздің компьютеріміздегі броузерлердегі ақпараттың сыртқы пішінін басқаратын таңба тілінің қолдануындағы ең қарапайымы осы. Соңғы бірнеше жылдың ішінде HTML бірнеше өзгеріске тап болды. Жуықта оның 3. 2 нұсқасы пайда болды, ол WEB стандарттарын бақылайтын стандартизация бойынша халықаралық ұйым -WEB - концепциуммен (http://www. w3. ovg) құпталып, ұсынылған еді. Біз html - дің мультимедиялық қарапайым оңай түрде біріктіруге мүмкіндік беретін, мысалы аудио және бейнеклиптер, және парақты біріктіруде аса иілгіштік беретін жаңа түрін көреміз. Қазір HTML-дың жаңа кеңейткіші пайдаланыла бастады. Бұл каскадты стильдер кестесі (cascading style sheets-css) тұжырымдамасы. CSS біздің WEB-парағымыздағы мәтіннің шрифтерінің белгілі қасиеттерін басқаруға мүмкіндік береді және ақпаратты анағұрлым әртүрлі етуіне әсер етеді. WWW - те, сондай - ақ VRML (Virtual Reality Modeling Language) тілі де маңызды орын алады. VRML Web - те қолданушылар шынымен сапар шегіп жүргендей әсер қалдыратын интерактивті, үшөлшемді дүние жасауға мүмкіндік береді. Бұл үш өлшемді дүниелер екі - үш жыл бұрын пайда болған, ал қазір жаңа стандарттар және анағұрлым қарапайым құралдар шыққанда VRML бүкіл әлем парақтарында жиі пайдаланылады.

1. 4 Мультимедиа

Интернеттегі ақпараттың көп бөлігі мәтіндік түрде берілген, алайда кейде суреті мың сөреге пара-пар. WWW- ең маңызды қасиеттерінің бірі -мәтінді де, суретті де бір экранда көрсете алу мүмкіншілігі. Сондықтан WEB біздің алдымызда көрнекі, әрі аса қызықты болып көрінеді. Шындығында WEB мәтін мен графиканы ғана қиыстыруға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ онда мультимедиа, аудио және бейнеклиптердің (бейнеорамдар) мүмкіндіктерін де қолданады. WEB-те көріністермен қатар аудиофайлдар мен бейнеклиптер де маңызды роль атқарады. Кез-келген WEB-торап барлық ақпаратты беретін барлық төрт құралын да бір парақта біріктіре алады.

WEB-құралдарымен ұсынылған мультимедиялық мүмкіншіліктерді киностудияларда да үнемі қолданады. Экранда фильмге аннотацияны оқып, жарнаманың плакатын көріп, сонымен қатар актердің кино түсіру барысындағы әңгімесін естіп және тіпті фильмнің үзінділерін қарауға болады. Аудиоклиптер және оларды қолдану. Аудиоклиптер немесе дыбыстық файлдар Web-параққа тағы бір өлшем енгізеді. Ол адамдарға ұсынылған ақпаратты тек көріп қана қоймай, сондай-ақ оны естуге мүмкіндік береді. Музыка Web-парақ үшін тамаша толықтауыш болып табылады, себебі «дыбысталған» парақты қарау қызықтырақ.

Аудиоклипті Web-параққа енгізу кескінге қарағандағы айырмашалағы - ол дайын файл жүктегенде, яғни ойнатылуында: көріністер мен мәтін бір мезетте жүктелсе, ал аудиоклип олардан бөлек жүктеліп, парақты қарастырып жатқанда ойнатыла береді.

Бұл бөлімде аудио файлдардың әр түрлі форматы туралы және Web-параққа енгізуге болатындай аудиоклиптерді қайдан табуға болатындығы жайлы жазылады.

1. 5 Аудио файлдардың форматы

AU. Бұл формат Sun компаниясымен жасалған еді. Оны басқаша тәуелділік деп атайды. Онда аз ғана сытырлап естілетін (желісіз телефондағы сияқты) дыбыстан ерекшеленетін 8-биттік сэмплирлеу қолданылады. Бұл формат қажетті сапаны бере алмайды. Жуықтан бері жақсы сапамен қанағаттандыра алатын AU форматының 11-биттік нұсқасы танымал бола бастады. Әдетте AU форматындағы файлдар тығыз, ыңғайлы, және оларды жүктеу де оңай. Сонымен қатар, AU файлдар әртүрлі компьютерлердің барлығында да жұмыс істейді.

AU файлдарды тыңдау үшін арналған бағдарламалық жабдықтау NETSCAPE немесе INTERNET EXPLORER құрамына кіреді.

WAV кеңейткіші ең бірінші Windows - да шығарылатын аудиофайлдар үшін пайдаланылады. WAV файлдар әдетте AU-файлдарына қарағанда жақсырақ сапаға ие. (алайда оларға қарағанда біршама үлкен) .

Алайда WAV файлдары әртүрлі платформадағы компьютерлерде тыңдауға әрекет жасағанда, проблемалар туындауы мүмкін. Егер біздің WEB-торабымызға қатынаушылар WINDOWS-та жұмыс істейтін болса, WAV файлдар идеалды болып табылады. Бүгінде WAV - файлдары барлық жерде қолданылады. AU-файлдар сынды өте танымал.

NETSCAPE пен INTERNET EXPLORER де WAV файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қолдау құрылғысы бар.

AIFT Бұл Macintosh-қа арналған аудиоформат аталған формат WEB-те көп кездеспейді. Алайда ол танымал броузерлердің барлығымен дерлік қолданылады. Сондықтан оны қолдануға әбден болады. MIDI Бұл формат өте танымал, себебі ол әртүрлі платформаларда жұмыс істей береді. Бұл формадағы дыбыстар сапасын жоғалтпай, электронды түрде жазыла береді. WEB-те дыбыстық файлдардың көпшілігі әмбебаптылығына байланысты MIDI форматында көптеп берілуде.

RA Бұл RealAudio (http://www. realaudio. com) қысқартылып алынған.

RealAudio - бұл Интернет бойынша дыбыс алмасудың жоғары сапа стандарты. Біз RealAudio форматында тасымалданатын радиостанцияны тыңдай аламыз. Ол тек профессионалды WEB-тораптармен немесе арнайы бағдарламалық жабдықтауы және ақшасы барлар ғана қолданады.

WEB-те кездесетін бағдарламалардың бір түрі CoolEdit деп аталады. Ол кез-келген форматтағы дыбыстық файлдарды жүктей алады. Одан кейін қажеттілік туған жағдайда бір түрден екінші түрге конверттей алады. Мысалы, біз өзіміздің WEB-торабымызда бірнеше Wav - файлдар енгізгіміз келсе, оларды CoolEdit бағдарламасының көмегімен AU - форматқа конвертирленген жөн. Бұл бағдарламаны http://www. syntvillum. com/cool. htm адресі бойынша жүктеуге болады.

Аудиоклиптерді қайдан табуға болады?

Енді біз аудиоклиптердің әртүрімен таныстық. Енді осылардың бірқатарын WEB-параққа қолданып көрейік. Қызықты аудиоклиптерді табу қиын емес. Оларды WWW деп іздеп көріңіз немесе аудио клиптерді цифрлеу үшін қажетті құрылғы сатып алуға болады.

Интернеттегі аудиоклиптерді қалай табуға болады? Интернет - бұл музыкалық және аудиоклиптердің барлық түрлерінің ғаламат көзі. Біз бұл жерде барлығын таба аламыз. Төменде аудиоклиптерді табуға болатын танымал WWW-тораптарының тізімі берілген. Бұл тораптардан файлдарды жүктеу рұқсат етілген.

- http:// sunsite. unc. edu/pub. multimedia/sunsounds/movies/. Біз бұл жерден есімізге түсіре алған кез-келген файлдың дыбыстық, музыкалық клиптерін таба аламыз. Мысалы, «bladerunner», «Aliens», «Raiders of the lost ark»- http://www. dailgwav. com/

Мұнда күн сайын жаңа клип түсіп отырады. Бұл жерден біздің WEB-парағымызға керек болып қалатын көптеген танымал дыбыстарды табамыз. http://web. msu. edu/vincent/index. html

Бұл жерден атақты адамдардың сөздерін табамыз. - http://www. acm. uiuc. edu/rml/

Мұнда аудио және бейне клиптердің анағұрлым толық жинағы бар. Мұнда бүкіл WEB-бойынша жүздеген түрлі мультимедиялық тораптарға, сілтемелер бар. көруге тұрарлық.

Өзіндік аудиоклиптерді қалай табуға болады?

Кейбіреулерді интернетте орналастыратын аудиоклиптер толығымен қанағаттандырылады. Бірақ көпшілігі өздерінің жеке клиптерін жасағысы келеді. Жеке өзіндік клиптерді жасау тым күрделі де емес және аса қымбатта емес. Тек қалай жасалатынын білсе болғаны.

LYCOS бұл әсіресе Macintosh қолданушыларына өте оңай. Бұл компаниялар микрофондармен немесе қажетті бағдарламалық жабдықтаумен, Яғни мультимедиялық мүмкіндіктермен қамтамасыз етілген. Біз Macintosh компаниясының микрофонымен сөйлейтін болсақ, ол біздің дауысымызды жазып алады. Осыдан кейін осы WEB-парақта қолдану бірнеше минуттық жұмыс. Аудиофайлды AU немес WAV форматында сақтаймыз. AU, WAV -WWW-дегі ең кеңінен қолданылатын форматтар.

Егер сіз жұмыс істесеңіз, ештеңе етпейді. Мультимедиялық жиынтығына кез-келген адам өзіндік аудиофайлдарын жоғарыдағыдай оңай-ақ жазуға болады. Алдымен дауысты цифрлейтін арзан микрофон (Microsoft Sound System Kit -дыбыс жазатын бағдарламалық жабдықтауы және микрофонын ) сатып алу керек. Аса күрделі клиптерді жазу үшін стереожүйемізді стандартты кабель көмегімен дыбыстық картамен тікелей қосу қажет.

Аудиоклипты WEB-параққа орналастыру. Клипті таңдау - WEB-параққа дауыс беру үрдісіндегі ең қиын кезеңі. Бұл бөлімде аудиофайлдарды WEB-параққа орналастырудың бірнеше тәсілдерімен танысамыз.

Бейнеклиптер және оларды қолдану. Аудиоклиптерді енгізу бұл нағыз мультимедиялық үй парағын жасаудағы тек бір ғана қадамы. Келесі қадам - бейнеклиптерді енгізу. Бейнеклиптер - бұл қозғалатын суреттер мен дыбыстарды фильм түрінде үлестіру. Бұл клиптер әр түрлі болады. Ол нағыз фильмдердің үзіндісінен бастап, атақты бір адаммен сұхбатқа дейін. Алайда мүмкін болатын көріністер мен дыбыстардың әртүрлілігі осымен шектелмейді. Аудиоклиптер сияқты, оларды да гипермәтіндік сілтемелер арқылы немесе тікелей параққа енгізу болады. Өкінішке орай, бейнеклиптерді қолдануды күрделендіретін бірқатар кемшіліктері болады. Ең үлкен мәселе ол файл мөлшері. Бейнеклиптер алып өлшемдерге ие. Әдетте 1-2 Мбайт. Әрбір бейнеклип тізбектеліп және бір-бірінен кейін жылдам орындалып отыратын жүздеген көріністерден тұрады. Мысалы, 1 минутқа дейін созылатын бейнеклип 1000 әр түрлі көріністерден тұруы мүмкін 2-мегабайттық файлды максималды файл максималды жылдамдықпен жүктеу 10-20 минут уақыт алады.

Ал WWW-миллиондаған қолданушылары WWW 14, 4, тіпті одан да аз жылдамдыққа ие модем пайдаланады. Бұл қолданушылар осындай үлкен файлдың жүктеуін күтетіні белгілі. Алайда кейде бейнеклиптер жұмсаған уақытпен күшке тұрады.

Компьютерде бейнеклиптерді көру үшін сәйкес аппараттық және бағдарламалық жабдықтау қажет. Бұл Windows-та жұмыс істейтін компьютерлер үшін экрандағы қозғалатын фильмдерді қарау үшін қажетті оперативті жады көлемі болу керектігін білдіреді. Сонымен қатар, бізге арнаулы бағдарлама қажет. Тағы да Macintosh қолданушыларына сәтті жағдай, яғни оларда бейне мүмкіндіктерімен жабдықталған.

1. 6 HTML тілі туралы негізгі мағлұматтар

Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (Hyper Text Transfer Protocol- гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын, Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wide Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды.

Бұл файлдардың басым көпшілігі Web- парақтар түрінде HTML (Hyper Text Markup Language - гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web- тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдалатындай түрінде интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әртүрлі бола береді және олар әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) HTM немесе HTML болуы тиіс.

HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web - парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырып отырады. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wide Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.

World Wide Web астарында HTML құжаттарының форматы және гипермәтіндік сілтемелер деген екі ұғымы бар.

1. 6. 1 HTML құжаттарының форматы

HTML - мәтіндік құжаттарды форматтауға арналған арнайы тіл (оны құжаттарды белгілеу тілі деп те атайды) .

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ қасиеті - олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-парақтарын жасау бағдарламалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым бағдарламалау тілі емес. HTML - гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

Электрондық Web-құжаттар (Web-парақтар) баспаға шығаруға емес, экранда қарауға арналған. Бұл құжаттарды қандай компьютерде оқитыны алдын-ала белгісіз. Сондай-ақ, құжатты оқитын компьютерлерде ол жазылған әріптің (шрифттің) түрі орнатылған ба, жоқ па, терезенің өлшемі қаншалықты екені белгісіз.

HTML - белгісіз құрылғылар арқылы қарауға болатын экрандық құжаттарды безендіруге арналған арнайы тіл деп те айтуға болады. HTML тілінде құжат құру бағдарламалауға ұқсас болады. Құжаттың авторы әдеттегі мәтінге арнайы кодтарды (оларды тэг деп атайды) енгізеді. Құжатты оқыған мезетте осы тэгтер командалардың қызметін атқарады.

1. 6. 2 Гипермәтіндік сілтемелер

Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айырықша кодты осы сөз ішіне енгізу.

Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету бағдарламалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

HTML тэгтері құжаттың жолдарын туралау, экран фоны мен мәтін әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік беретінін білеміз. Тэгтердің көмегімен мәтін ішіне әртүрлі суреттер енгізіп, олардың айналасына мәтін жазу, сондай-ақ парақтарды безендіруге болады. Сол себепті осы әрекеттерді орындай отырып, мазмұнды, әрі тартымды Web-құжаттарды құруға мүмкіндік бар.

Web - құжаттарды кәдімгі газет-журналдар сияқты оқитын болғандықтан, Web - жарияланымдар деп те атайды.

HTML тэгтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер де құруға арналған арнайы тобы бар. Гипермәтіндік сілтеме дегеніміз басқа Web - парақтардың желілік адресімен байланысқан мәтіннің немесе суреттік бейненің ерекшеленген бөлігі. (Әдетте гипермәтіндік сілтемелер астын сызу немесе басқа түспен ерекшеленеді) .

1. 6. 3 HTML тілінің командалары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйе құру арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру
Мәліметтер базасын жобалау бойынша электрондық оқулық
Функцияны интерполяциялау материалдары негізінде электрондық курс құру
Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы
Электрондық курстың құрылымы
Электрондық курс құру
«Молекулалық физика курсы бойынша электрондық қабықша
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz