Муниципалды құрылымдағы балаларды әлеуметтік қолдаудың қазіргі уақытта қолдау мәселелері


Жоспар ׃
Кіріспе
Ι тарау.
Муниципалды құрылымда балаларды әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері.
1. 1 Қазақстан Республикасындағы балаларды әлеуметтік қорғау туралы түсінік
1. 2 Әлеуметтік қорғаудағы баланың негізгі құқықтары мен міндеттері--
ІІ тарау. Муниципалды құрылымдағы балаларды әлеуметтік қолдаудың қазіргі уақытта қолдау мәселелері.
2. 1 Балаларды әлеуметтік қорғауда «Бөбек» қорының алатын рөлі
2. 2 Қазақстан Республикасындағы балалар құқығын бұзудың алдын-алу--
ІІІ тарау .
Муниципалды құрылымдағы балаларды әлеуметтік қорғау әдістерін жетілдірудің даму перспективасы.
3. 1 Қазақстан халқына жолдау бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмектің жалпы бағыттары
3. 2 Батыс Қазақстан облысындағы балаларды әлеуметтік қорғау салаларында атқарылып жатқан жұмыстар
І тарау. Муниципалды құрылымда балаларды әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері.
1. 1 Қазақстан Республикасындағы балаларды әлеуметтік қорғау туралы түсінік.
Өткен жүзжылдықта үшінші Еуразиялық революция тыныш та, қантөгіссіз болып, өзімен бірге байырғы тәрбие жүйесін де жойып тынды. Мұның зардабы ең алдымен тұлға қалыптастыруда жетекші маңызға ие болған қоғамдық және отбасы тәрбиесін күйзеліске түсірді.
Қоғамдық(әлеуметтік) тәрбие-"адам-адами" қатынастары желісінде жүргізілген тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер(қайырымдылық қорлары, ұйымдарды, қорлар, бірлестіктер т. б) тарапынан болатын істер.
Қоғамдық тәрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейді. Оның пәні-тұлға қалыптастырудағы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтсақ, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, діни руханият мекемелерінің қоғам мүшелеріне жасайтын әсерлері сарапталады.
Әлеуметтік педагогика шұғылданатын және бір өмір саласы-бұл ересектер мен кәрілер тәрбиесі, нарықтық экономика қыспағынан өзгеріске келген адамаралық қатынастар, аяусыз бәсекелестіктер жағдайына жеке тұлғаларды икемдестіру. Сонымен бірге бұл педагогика саласын қызықтыратын мәселелер-қызмет бабында көтерілу, әйел-қыздар тәрбиесі, кәсіптен қанағат табу, балалар тәрбиесі, жұмыстан бос уақытты пайдалы ұйымдастыру. Адамдарды рухани кемелдерге орай діни мекемелермен белсенді байланыс жасау проблемалары да осы әлеуметтік педагогиканың айналысатын шұғыл міндеттерден тұрады.
Қоғамдық тәрбие өркениетті елдерде тұрақты тәрбиелік іске айналып, кәсіби деңгейге көтерілген. Бұл сала батыстық педагогика ғылымында “әлеуметтік жұмыстар”атамасымен қабылданған. Бізде осы терминді қолданып жүрміз.
” Әлеуметтік жұмыстар “ адам мен адамдардың инабаттық қатынастардағы қажеттіліктерден туындайтын әлеуметтік ісәрекет құбылысы. Бұның бастауы ежелгі дүниеден келе жатқан адам қайырымдылықтары мен жаратқан алдындағы борышты сезінуден, қасіретті жандарға қол ұшы көмегін беру жүйесі ретінде қалыптасқан. Дегенмен, арнайы дайындықты қажет еткен бұл әлеуметтік жұмыстар біздің заманымызда ғана қоғамдық кәсіп түрінде танылып отыр.
Әлеуметтік жұмыстар, сонымен біргеадамдардың қоғам қолайсыздықтарына икемделуін жеңілдететін үздіксіз, жүйелі орындалып баратын ісшаралар бірлігі. Тәжірибеде көрсетілгендей, жекеленген, науқандық тәрбие істерінен түсер пайда шамалы, сондықтан әлеуметтік жұмыстар мемлекет және қоғамдық көзқарас қолдауымен ұйымдастырылған қуатты кәсіби ұйымдарды(коммерциялық, коммерциялық емес) сүйеніш етеді .
Әлеуметтік жәрдем-бұл қоғамның жоғары мәдениеті мен өркениетінің көрсеткіші. Әдетте, мұндай істер барша қауымның қолдауы мен сыйқұрметіне іс болып, жоғары беделімен танылуда, мысалы, қайырымдылық. “Бөбек ”қоры елімізде алғаш ұйымдастырылып, бүгінде мол игілікті әлеуметтік шараларға бастау берген әлеуметтік мекемелердің ең танымалысы.
Әлеуметтік педагог қызметін бірдей рухани-имандылық борыш ісі, кәсіби қызмет және бизнес ретінде қарастыруға болады.
”Тәжірибелік әлеуметтік жұмыстары“ 1970 жылдан бері қолданылымда. Алғашқыда бұл жұмыс түрі әрқилы түсіндіріліп, әдіснамалық тұрғыдан клиенттермен (қорғаушыларға ісі түскен, алысберіс жүргізуші мекемелерге қатысты жұмысы барлар) жұмыс, топтар мен қауымдардағы істер; бағыт-бағдар тұрғысынан- балаларды әлеуметтік қамсыздандыру, отбасылық көмек қызметтер, дәрігерлік әлеуметтік жәрдем, тәрбиелік түзету мекемелеріндегі жұмыстар; әлеуметтік қызмет аясына түскен адамдар мен проблемді топтар тұрғысынан кедейлер, мүгедектер, қараусыз қалған балалар, маскүнем және нашақорлармен жұмыстар мәні берілді . Әлеуметтік қызметтер мән-мағынасы біртіндеп аталған тар бағыттағы істерден кең қоғамдық проблемаларға айналған мәселелерді қамти бастады. Олардың ішінде бастылары ׃ жеке меншік құқықтарының бұзылысы, балаларға қастандық, ерлі-зайыптылар жанжалы, қоғамнан аласталу, оқу жасындағылардың мектептен тыс қалуы, балалардың отбасынан қашуы ж. т. б. Бұдан былай аталған проблемалар тобы бойынша арнайы мамандандыру қажетті туындап отыр, себебі әлеуметтік қызметтің байыпты да терең дайындығы үшін бұл өте қажет.
Қазіргі күнде әлеуметтік тәжірибе жұмыстары келесі салаларға бөлінген ׃ отбасы, балаларға жәрдем, денсаулық және салауатты өмір, кәсіптік дайындық, сауат ашу мен білім көтеру, тәрбие түзету мекемелері. Бұл мамандануға болған аса кең бағытбағдар. Осыдан белгілі әлеуметтік бағытты таңдаған маман өзінен жәрдем күткен адамдар мен топтар жөнінде қажетті білімдерді жеткілікті игеріп, туындаған проблемаларды шешуде жоғары біліктілік танытуға ұмтылғаны жөн.
Бұрынғы ТМД елдерінде әлеуметтік тәрбие жұмыстары осы күнге дейін ескірген мемлекеттік жүйеден босай алмай отыр. Ал осы процеске жан ендіруі тиіс қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер селқостық танытуда. Қоғам мен әрбір жеке адам күйзеліске түсіп, қайдан жәрдем күтерін білмей алаңдауда. Сондықтан да әлеуметтік қызмет көздерін тез дамытып, нарықтық заман адымына жедел жәрдемге келубүгінгі күннің шұғыл да көкейтесті мәселесі.
ІІІ тарау. Муниципалды құрылымдағы балаларды әлеуметтік қорғау әдістерін жетілдірудің даму перспективасы.
3. 1 Қазақстан халқына жолдау бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмектің жалпы іске асырылуы.
Муниципалды құрылымдағы балаларды әлеуметтік қорғау әдістерін жетілдіруде Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдаудағы бірқатар атқарылатын жұмыстар туралы мағлұмат көздері.
Қазақстандықтардың, Қазақстан қоғамының барлық жіктері мен әлеуметтік көңілкүйін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының алдыңғы сапында болып келді және осылай болып қала береді.
Өмір сапасының стандартты адам капиталын дамытудың және Қазақстанды әлеуметтік жаңартудың тиімді нарықтық құралына айналуға тиіс, бұл ретте масылдық пиғылды орнықтыруға жол беруге болмайды.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады. Бұл қағиданы біз бұрын да ұстанып келдік, болашақта да одан ауытқымаймыз.
“ Нұр Отан ” партиясының 5 жылға арналған сайлауалды тұғырнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерінің тұрмыс деңгейін алдағы уақытта да арттыра беру үшін бізде барлық негіз бар.
•тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2‚5 есе, оның ішінде 2009 жылы25%, 2010 жылы25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50% ға дейін өсірілуге тиіс;
•мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9% арттыруды;
• сәби бір жасқа толғанға дейін күтіпбағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 20102011 жылдары кезеңкезеңімен өсіруді, орта есеппен алғанда 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерінен 2‚5 есеге арттыруды;
•2010 жылдан бастап 4 және одан да көп бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшерін 2007 жылға қарағанда 4 еседен асыра өсіруді;
• бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең- кезеңімен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009жылы25%, 2010 жылы25%, 2011 жылы 30% арттыру қамтамасыз етілуі тиіс.
•тарихи атажұртына көшіп келу үшін оралмандарға бөлінетін жыл сайынғы квотаны 2009 жылы 5 мың отбасына дейін ұлғайтып, жылына 20 мың отбасына жеткізуіміз керек.
Әлеуметтік игілікті қамтамасыз ету өмір сүру сапасын арттырумен, сондайақ еліміздің адам ресурстарын ұлғайтумен қатар жүргізілуге тиіс. Еліміздің ғылыми, білім беру және денсаулық сақтау кешендерінің басты мұраты осы.
Білім беру саласының басты міндеті 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.
Бірінші. Білім және ғылым министрлігі үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын.
Үстіміздегі жылы біз 68 мың оқушы орынға арналған 88 мектептің құрылысын, ал 20092010 жылдары 69 мың оқушы орынға арналған тағы да 102 мектептің құрылысын бастай аламыз.
Екінші. Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптіктехникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырамын.
Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды көздеуі тиіс.
Бұған, ең алдымен, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары, яғни бірінші кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері белсенді түрде тартылуы қажет.
Үшінші. Үкімет “ Тілдердің үш тұғырлығы ” мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді.
Қазақ тіліндегі оқулықтар шығаруға арналған тендерді үнемі жеңіп алатын бірекі баспа ғана бар. Сонда оқулықтың сапасын жақсарту үшін қандай бәсекелестік болмақ. Қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасы сын көтермейді. Олар адамдарды қ азақ тілін үйретуге емес, қазақ тілінен қашуға итермелейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар нақты шешім қабылдауы тиіс.
Төртінші. Әзірге халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде “бетбұрыс” жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл проблеманы терең зерделеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірлеуі тиіс.
Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет.
Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарымқатынасы нақ осы кезеңде қалатынын естен шығармауымыз керек.
Бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстан азаматтарының талаптарына қазірше сай емес. Бұлденсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Қазіргі кезде қолымыздағы инфрақұрылымын да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көрсетуді ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды.
Бірінші. Үкімет денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру қажет.
Биыл біз республикалық маңызы бар 9 денсаулық сақтау нысан ның, жергілікті маңызы бар 112 нысанның құрылысын қолға алдық.
Екінші. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алудың арзанға түсетінін есепке ала отырып, басымдылықты аурудың алдын алуға, яғни ең озық әдістерді енгізу арқылы алдын ала диагностика жүргізу, ауруды анықтау мен емдеу сияқты қолданыстағы бағдарламаларды қайта саралауға бағыттаған жөн.
Денсаулық сақтау саласындағы қаржы ресурстарын тиімді пайдалану үшін тиісті талдау жүргізіп, медициналық қызметтің нақты құнын бағалау керек.
Үшінші. Ерекше назар халықты дәрідәрмекпен қамтамасыз етуге аударылуы тиіс. Елге әкелінетін медициналық препараттың сапасына қатаң бақылау орнатып, белсенді түрде отандық фармацептикалық фабрикаларды құруға қажетті инвестиция тарту қажет.
Төртінші. “Дені сау ұлт” үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек.
Әкімдер жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен щұғылдануына, өздерінің бағдарламаларын ұсынды.
Министрліктер мен әкімдіктер салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыруы қажет. Бұл мемлекеттік маңызды мәселе, сондықтан Үкімет барынша ауқымды дәрежеге көңіл бөлуі тиіс.
Демографиялық ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі кешенді шараларды белгілеуі қажет. Бұл мәселеге таяу уақыттағы Ұлттық кеңестің мәжілісін арнау керек.
Дені сау ұлтжалпыұлттық міндет. Оны жүзеге асыру мәселесіне отандық бизнесқауымдастық белсенді қатысуға тиіс.
Осы ретте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөніндегі менің үндеуіме барлық бизнес қауымдастықтарының қызу үн қосқанын қанағаттанғандық сезіммен атап өткім келеді.
“Қазақмыс”корпорациясы, Еуразиялық өнеркәсіп ассоциациясы, Теңізшевройл, Аджип, “ҚазМұнайГаз”, “Қазатомөнеркәсіп”, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниялары сияқты құрылымдар тек өткен жылы ғана әлеуметтік салаға арналған нысандарды ׃ мектептер, медициналық және мектеп жасына дейінгі мекемелерді, сауықтыру кешендерін, мүгедектерге арналған оңалту орталықтарын, мәдениет және спорт мекемелерін дамытуға 30 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады.
Бұл корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті ң жарқын үлгісі. Мұндай тәжірибе барынша кең таратылуға тиіс. Ал бұқаралық ақпарпат құралдары оған барынша қолдау көрсетуі керек.
ІІ тарау. Муниципалды құрылымдағы балаларды әлеуметтік қолдаудың қазіргі уақытта қолдау мәселел ері.
2. 1 Балаларды әлеуметтік қорғауда «Бөбек» қорының алатын рөлі .
Соңғы кездері «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева адами ізгіліктерді қалыптастыру, жас ұрпаққа жанжақты рухани тәрбие беру, тән мен жан тазалығы, табиғатпен үндестік сияқты сындарлы бағдарламалар ұсынып, осы ретте көптеген игі істер атқарумен қатар, атаанасы жоқ жетімдерді жебеп, ауырып қиналып жатқан балаларға қол ұшын беру сияқты қайырымдылық шараларын да жүргізуде.
Бүгінгі басқосуды өткізудің өзіндік сырына тоқталған Сара Алпысқызы балалар күні қарсаңында қордың есебінен Қазақстандағы бірқатар жетім балалар тәрбиеленіп жатқан облыстық балалар үйлеріне әлеуметтік жағдайларын жақсартуға қомақты қаржы бөлінгенін атап өтті. Мәселен, Алматы облысының Талдықорған, Үштөбе қалалары мен Қарасай ауданының Бағанашыл ауылындағы балалар үйлері жөндеуден өткізіліп, қажетті жаңа төсекорын сатып алып бермек.
Ал Атырау облысындағы Жасөспірімдер үйінде де жөндеу жұмыстарын қолға алып, қажетті керекжарақтармен қамтамасыз етпек. Шығыс Қазақстан облысы, Ахмиров селосындағы отбасылық балалар қалашығына түгелімен күрделі жөндеу жүргізіп, Көкпектідегі Раев атындағы балалар үйінің ғимараты жаңадан салынбақ. Қарағанды облысында бірден төрт балалар мекемесіне нақты көмек көрсетілмек: Теміртау қаласындағы Жасөспірімдер үйі мен Сәтбаев қаласындағы балалар үйін жөндеп, оларға құралжабдықтармен, ал Жезқазғандағы «Үміт» және Қарағандыдағы «Әсем» балалар үйінің асханасын жиhазбен қамтамасыз етпек.
Сондайақ Тараз қаласындағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларының балалары оқитын Тілендиев атындағы мектепинтернат пен Сарымолдаев атындағы балалар үйінде компьютер сыныбын ашып, Ақтөбе облысы, Алға қаласындағы балалар үйінің аумағын асфальттауды, Жасөспірімдер үйіне компьютер сыныбын, Бөбектер үйіне қазіргі құралжабдықтармен жабдықталған «Жедел жәрдем» көлігін сатып әперуді мойнына алған.
Әрине, бұл көмектер «Бөбек» қоры жасаған қайырымдылық шараның бірі ғана болса керек. Олай дейтініміз, Сара Алпысқызы 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледжде, ПТУда, ЖООда оқитын атаанасы жоқ студенттерге қор атынан шәкіртақы тағайындаған еді. Бүгінде Алматы қаласында 380, бүкіл республика бойынша 3000ға жуық студент 2 мың теңгеден шәкіртақы алуда.
− «Бөбек» қоры беретін шәкіртақының баланың сабақ үлгеріміне қатысы жоқ, −деді Сара Алпысқызы шәкіртақыны кімдер алады деген сауалға. Бұл атаанасы жоқ балаларға өздері жұмыс істеп, аяқтарынан тік тұрып кеткенше берілетін жәрдем. Біздер де студент болдық. Атаанамыз, туғантуысымыздың арқасында қашанда қажетті затымызды сатып алатын қалтамызда ақша жүретін. Бала емес пе, бір нәрсеге қызықса, жоқтықтан бір нәрсеге ұрынып қалуы мүмкін. Егер жағдай болса, шәкіртақы мөлшерін көбейткен болар едік.
Бүгінгі жинаптерген қаражатымыз осыған жетіп тұр. Тіпті бұл көмекті шәкіртақы емес, басқаша айту керек шығар. Қазақта мақал бар «Бір жетімнің басынан сипасаң, қырық періште күліп тұрады» деген. Ал жасаған жақсылығың алдыңнан шығады. Бұдан әрі қарай әңгіме ауаны имани, адамгершілік бағытына ауысты. «Сіз өз жүрегіңізге, әлде ұстаздарыңызға сенесіз бе?» деген сауалға Сара Алпысқызы арыдан жауап қайырды. − Мынау өмір заңдылықтары, этикалық, мәдени, моралдық құндылықтар, адамдағы жақсы қасиеттер−осының бәрі білім, ғылым, −деді сөзін әрі қарай жалғап. −Міне, осы ілімді оқып, бұрынғы өткен ғұламалардың еңбегін көкейге тоқып, өмірде жақсы адамдармен араласа жүргенде өзіңді терең түсінеді екенсің.
Егер сол біліміңді, білетін ақпаратты, өмірден түйген, көргеніңді ішкі жан дүниеңмен тыңдап, қолданбаған, оны өзіңе орнықтырмаған жағдайда, сіз бен біздің проблемамыз, бірбірімізді түсінбеуіміз, қорқыныш, мазасыздық туындайды. Сондықтан «Мен кіммін?» деген сауалды адам өзіне қойып, өз шындығын білуі керек. Одан әрі қор басшысы өзі авторы болып табылатын педагогика саласында эстетикалық, руханиадамгершілік тәрбие берудегі ізгі қадам −Өзінөзі тану бағдарламасына кеңінен тоқталды.
−Өзінөзі тану дегенімізбұл рухани білім, ал академиялық білім, материалдық жағдай ол өзінше, −деп ойын сабақтады Сара Алпысқызы. −Рухани білім ол әрқашанда олармен тең болуы керек. Өйткені, мұның бәрі өзара байланысты. Сондықтан әрқайсымыз өз қасиет болмысымызды дамытып отыруымыз керек. Өйткені, әркімнің өз тағдыры бар. Ол адамның білімі мен білімсіздігіне көп байланысты. Жан мен тәннің үйлесімінде өмір сүруіміз керек.
Міне, ондай адам өзгеге жаман сөз айта алмайды, онда көре алмаушылық, қызғаныш тумайды. Құрылғанына он үш жылдан асқан «Бөбек» әлемін зерделеп қарасақ, бірқатар іріірі жұмыстар атқарылыпты. Бұл бір күннің, бір айдың емес, жылдар бойғы еңбектің нәтижесі. Сол уақыт ішінде көңілі жарым, бейкүнә балалармен тонның ішкі бауындай араласып, жағдайларын өз көзімен көріп, олардың жан дүниесін ана ретінде тереңірек сезінеді. Алғаш «Бөбек» ашылғанда Қазақстан экономикасының күрделі кезеңі болатын. Сол уақытта мүгедек, аурулары меңдеген науқас балаларға, әлеуметтік жағынан мұқтаж отбасыларына қолұшын берді. Бірқатар балалар ауруханаларын жөндеуден өткізді. Жаңа туған нәрестені анасынан ажыратпас үшін еш елде жоқ «Үміт үйін» ашты.
Онда баласын асырауға мүмкіндігі жоқ аналардың сәбилерін перзентханадан шыққаннан жеті жасқа дейін тегін бағыпқағып береді. Ондағы ойы, бір жағынан, қыздарымыз балаларын асырай алмаймыз деп тастамаса десе, екінші жағынан, сәбилерді анасынан ажыратпау еді. Одан кейінгі сауапшылық іс, әлемге кең тараған отбасылық үлгідегі жүйені біздің елімізге алып келуі. Кәдімгі ауыл сияқты, бір қалашықта 10-14 аралығында отбасы болып, әр үйде әр жастағы балалар бір-бірімен бауыр, туған-туыстай ортақ шешесі, көмекші тәтелерімен өмір сүруіне барлық жағдай жасады. Онда балалар кәдуілгі отбасы сияқты өздері тамақ пісіреді, үлкендері кішісіне қарайды, азық-түлік әкеледі. Оқитындар қала балалары оқитын мектептерге барады. Кейін ересек болғанда өз үйлеріндей қарым-қатынастарын үзбей келіп-кетіп тұрады.
Қазір елімізде ондай қалашықтардың саны көбейіп келеді. Одан кейінгі атқарылған үлкен шаруа − балалар үйіндегі тәрбиеленушілер мектепті бітіргеннен кейін барып тұратын әр облыста Жасөспірімдер үйін ашты. Ал бұрын қалай еді? Мектеп бітірген соң оқуын жалғастырғандары жатақханаға орналасса, қалғандары көшедегі үйсіз-күйсіз жүргендердің қатарын толтырады.
3. 2. Батыс Қазақстан облысындағы балаларды әлеуметтік қорғауда салаларында атқарылып жатқан жұмыстар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz