ЖШС Балмұздақ зауытының Web- сайтын жасау


Кіріспе

World Wide Web қызметiнiң ашылуы Интернеттiң тарихындағы ең маңызды оқиғаның бiрi болып саналды. Қысқаша WWW, бүкiләлемдiк өрмек. WWW авторлары Женевадағы элементар бөлшектердiң физикасы Европалық лабораториясының зерттеушiлерi, физиктер Тим Бернерс-Ли және Роберт Кайо болды. Ғалымдар жүйенi Европадағы барлық физиктер Интернет арқылы басқа басылымдарға сiлтеме етiп иллюстративтi мәтiн түрiнде зерттеу нәтижелерiмен пiкiр алмасуға мүмкiндiк беретiндей етiп құрды. Қазiргi уақытта WWW - Интернеттiң динамикалық дамудағы қызметi болып табылады.

Дипломдық жұмыста университеттің кафедрасы жұмысының іс-қағаздарын жүргізуге компьютерді қолдану және оны желілік арна арқылы тарату мүмкіндігін ашу мақсат етіп алынды. Бұл мақсатқа жету үшін желілік жарналаудың ерекше ортасы Fpont Page таңдап алынды. Өйткені бұл орта іc-қағаздарды даярлап, оны өңдеп, жаңалап отыру және іс-қағаздарды бір-бірімен байланыстыру жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы, сондай-ақ орта көмегімен іс-әрекеттер internet-тің программалау тілі HTML-ге автоматы түрде аударылады. Ғгоnt Раgе Web-беттер мен Web-түйіндер құруға арналған Мicrosoft Оffice 2000 кұрамына кіретін программа. Аспаптар тақтасы мен мәзірдегі командаларды пайдаланып бетке мәтіндік және графикалық информациялар, навигациялар тақгасы мен бір беттен екіншісіне өту үшін қолданылатын сілтемелер орналастыруға болады. Ғгоnt Раgе-дің басқа да кестелерді, фреймдерді, жүгіртпе жолдарын, түрлі анимацияларды және т. б. пайдалану мүмкіндігі бар. Web-беттер мен Web-түйіндерді құруды жылдамдату үшін шаблондар мен шеберді пайдалануға болады. Ғгоnt Раgе программасы Web-түйінге Місгоsoft Оffice-тің құрамына кіретін Word, Ехсеl, Ассеss және Роwer Роіnt сияқгы программаларда дайындалған қүжаттарды енгізуге мүмкіндік береді.

1-ТАРАУ. WEB-ПАРАҚТАРЫН ДАЯРЛАУ, БАЙЛАНЫСТЫРУ

Web-парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі.

Құжаттарды әрбір тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.

Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны броузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптерімен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.

HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдерінің де бар екенін айтып кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады.

HTML тілінде программалау үшін арнайы орта құрылмаған. Себебі Web-бет құру мен оны безендіруде тек бір ортаны ғана пайдалану оның мүмкіндіктерін шектейді. Сондықтан көп жағдайда HTML тілінде программалау кәдімгі мәтіндік редакторлардың көмегімен жүзеге асырылады да, Web-беттің графикалық безендірілуі және анимациялық мүмкіндіктері басқа орталарда іске асырылады. Windows ортасында Блокнот редакторы HTML-дің ең кеңінен тараған құралы. Ол Windows жүйесінің барлық нұсқаларында кездеседі.

1. 1. HTML тілінің синтаксисі мен құрылымы

Әрбір тілдің өзінің құрылымдық логикалық ерекшеліктері болатыны белгілі. Сол сияқты HTML тілінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Алайда ол ең қарапайым, қатаң логикалық ережелерге онша бағына бермейтін тәуелсіз тіл. Дегенмен оның да өз синтаксисі, басқарушы құрылымдары бар. Тілдің негізгі басқарушы құрылымы, яғни мәтінді белгілейтін командалары тәг (tag, оны кейде элемент деп те атайды) деп аталады. Тәг - белгілі бір әрекетті анықтайтын HTML элементі. Тәгтер символдар тізбегінен тұрады. Тәгтердің мүмкіндіктері мәндерге ие бола алатын атрибуттарды қолдану арқылы толығымен ашылады.

HTML тәгтері дербес ережелерге бағынумен қатар, жалпы ережелерге де бағынады. Бірінші ереже барлық тәгтер “кіші” (<) символынан басталады да “үлкен” (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз - тәг орналасады. HTML тілінде әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады.

Келесі ереже тәгтерді ашу және жабу компоненттерін қолдануға арналған. HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың білгілі бір бөлігіне (мысалы, абзацқа) ғана әсер етеді. Осыған орай екі тәг қатар қолданылады: бірі - ашады, екіншісі - жабады. Мұны қосарланған тәг деп атайды. Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг сол әсерді аяқтайды. Тәгтерді жабу қисық сызық (/) символымен басталуы тиіс.

HTML тілінде жалқы тәгтер де кездеседі. Мұндай тәгтер де бұрыштық жақшалардың ішіне жазылады. Жалқы тәгтер ашылады, оларды жабудың қажеті жоқ.

Жалпы ережеге тәгтерді төменгі немесе жоғарғы регистрде жазу тәсілі де кіреді. Әдетте тәг атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында, яғни түсінікті болу үшін оларды жоғарғы регистрде жазу қалыптасқан. Бірақ кодтаудың жаңа әдіснамасы - ХHTML-да тәгтерді төменгі регистрде де дазуға болады.

Тәгтерді жазудағы тағы бір маңызды мәселе бос орындар қалдыру. HTML кодтарының кейбір тұстарына бос орын қалдыру міндетті болса, кейде артық қалдырылған бос орын броузерді қатты шатастыратыны сонша, ол ешқандай да ақпарат бере алмай қалады.

Жоғарыда айтылғандай атрибуттар тәгтердің әрекетін анықтайды. Көп жағдайда тәгтер атрибутсыз жұмыс жасайды. Алайда міндетті түрде атрибуты болуы тиіс тәгтер кездеседі. Атрибуттар тәгтердің атауынан кейін бір бос орын тасталып, мән меншіктеліп жазылуы керек. Тәгтерде бірнеше атрибут болса, олар бос орын арқылы ажыратылып жазылады.

HTML тілінде тәгтерге атрибуттар тіркеліп, атрибуттарға мәндер меншіктеліп жазылған сөйлем жол деп аталады. Атрибуттарға міндетті түрде мән меншіктелуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда HTML тәгті қабылдамайды. Атрибуттарға меншіктелетін мәндер сандық, мәтіндік, пайыздық, т. с. с. болуы мүмкін. Атрибуттардың алдына тедік белгісі (=) қойылады және оналтылық мәндерден басқа типтегі мәндер тырнақшаға (“”) алынып жазылады. Бұл HTML-да жол жазудың жалпы ережелерінің бірі. Жабылу тәгінің ешқашанда атрибуттары болмайды.

HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да қарапайым символдар жиыны болып табылады.

1. HTML құжатының кез келгені <HTML> ашылу тәгінен басталып, соған сәйкес </HTML> түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.

2. Құжаттың тақырыптық бөлігі <HEAD> және </HEAD> тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте бұл бөлікте <TITLE> . . . </TITLE> тәгтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Көптеген броузерлер бұл атауды терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.

3. Жазылатын мәтін құжат тұлғасы деп аталатын <BODY> және </BODY> тәгтерінің ортасына жазылады.

Осы айтылған төрт тәг HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. HTML тілінің құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала тұтынушының қандай броузер пайдаланатыны, оның қалай жұмыс істейтіні программа құрушыға белгісіз.

Құжатта қолданылып жатқан тәгтер мен әрекеттерге берілетін түсініктемені құжат денесінің кез келген тұсына енгізуге болады. Түсініктеме үлкен Web-беттер құрғанда өте тиімді. Түсініктеме арнайы символдардан <!- басталады да, түсінік беретін мәтін осыған жалғаса жазылады. Түсінік мәтін соңына -> символдары жазылуы тиіс. Түсінік мәтін “үлкен” таңбасынан (>) өзге кез келген символдардан құрастырыла береді.

1. 2. HTML-де BODY элементiмен жұмыс

HTML құжатының денесі орналасатын негізгі бөлігі <BODY> . . . </BODY> тәгтері арқылы іске асырылады. Құжат денесіне енгізілетін ақпарат келесідей болуы мүмкін:

Мәтін . Құжат құрамында кездесетін мәтіндер. Олар оқылуы жеңіл әрі түсінікті болу үшін форматталуы да мүмкін.

Графикалық кескін . Құжатта жылжуға немесе ақпаратты көрнекі түрде беру үшін енгізілетін графикалық ақпарат.

Сілтеме . Web түйіннің ішінде оңай жылжуға және желінің басқа да тұстарына жылдам өтуге арналған сілтемелер.

Мультимедиа және арнайы программалар . Бейнероликтер, Java аплеттерімен, Flash, Shockwave программаларымен жұмысты басқаратын тәгтер құжат денесінде орналасуы тиіс.

Мәтіндiк редакторда келесi түрдегi файлдың мазмұнын терiп, оны сақтауға болады:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> Менiн парағым (такырыбы) </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

Салем! Бұл менiн жеке парағым!

</BODY>

</HTML>

1. 3. Мәтiндi абзацтарға бөлу

Мәтiндердi жаңа жолдардан басталатын абзацтарға қалай бөлу керек? Ол үшiн <Р> және </Р> тәгi қолданылады. Оны абзацтың басына қою керек. Алдын ала көру программасы бұл тәгтi кездестiргенде абзацтың алдына бос қатарды қояды. Бір абзацты жаппай, жаңа абзац бастап кетсек, алдыңғы абзац автоматты түрде жабылады. Сондықтан көбінесе </Р> жабылу тәгін жазбауға да болады.

<Р> тәгінің жазылу түрі:

<Р> мәтiн </Р>.

Мысал қарастырып параграфты жабу тәгi қандай екенiн түсiндiрiңiз.

Бұл тәгтер тәгтiң қандай түрiне жатады - қосарланған немесе жалқы ма? Нелiктен?

Абзац мәтінінің бетте орналасуы тәгтің ALIGN атрибутына меншіктелетін параметрлерге байланысты. ALIGN атрибутының туралау параметрлерiн де беруге болады:

  • RIGHT- оң жағынан туралау;
  • LEFT- сол жағынан туралау;
  • CENTER- ортасымен туралау;
  • JUSTIFY- енінен туралау.

Мәтiндi әшекейлейтiн мысал қарастырайық және сәйкес тәгтердi жазайық.

<P ALIGHN=LEFT> тәгi

мәтінді сол жақ шетiмен

туралайды. (Бұл абзац сол жақ

шетiне тураланған) .

<P ALIGHN=RIGHT> тәгi мәтінді

оң жақ шетiмен туралайды. Сонда

сiздiң мәтiнiңiз осы мәтiн сияқты

болып көрiнедi.

Мәтінді парақтың ортасымен туралағыңыз келсе <P ALIGHN=CENTER> тәгiн пайдаланыңыз. Қысқа тақырыптарды ғана парақтың ортасымен туралаған дұрыс, ал ортасымен тураланған үлкен мәтiндердi оқу қиынға соғады.

Мәтiндi туралаудың тағы бiр әдiсi бар, яғни мәтiннiң сол және оң жағының қашықтығы бiрдей болады, оның жазылу түрі:

<CENTER> мәтiн </CENTER>

Егер мәтiндi жаңа жолдан бос орын қалдырып жазу керек болса, онда <P> тәгiнен кейiн бос орынды бiлдiретiн бiрнеше белгiнi қою керек, яғни &nbsp . Мысалы,

Тақырып

<P>&nbsp; &nbsp; &nbsp; Мәтiн

Ескерту. Негiзгi тәгте сөздi тасымалдауға болмайды.

Мәтiннiң логикалық бөлiктерiн белгiлеу үшiн әдетте тақырыптарды пайдаланады ( headings ) . Олар латынның бас әрiптерiмен ( Н ) немесе кiшi әрiптерiмен ( h ) белгiленедi. Әрiптен кейiнгi цифр тақырыптың өлшемiн бiлдiредi және олар алты түрлi болады. Кез келген мәтiн тәрiздi тақырыпты сол жақ шетi бойынша, оң жақ шетi бойынша және ортасымен туралауға болады. Тақырыпты тасымалдауға болмайды. Мысалдар қарастырайық.

<h1 align=center>Бiздiң интернетжобамыз </Н1>

<h2 aIign=Ieft> Журналистика </Н2>

<h3 aIign= right> Фотогалерея </Н3>

<h4 aIign=center> Театрдың студиясы </Н4>

<h5 aIign=center> Музыкалық калейдоскоп </Н5>

<h6 aIign=center> Дипломдық жұмыс </Н6>

Ашылған парақты тақырыптар мен параграфтарды пайдаланып өңдейiк. Ол үшiн Lab1. htm файлын ашып оны төмендегiше өзгерту керек.

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> Менiн парагым (такырыбы) </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

<H2 ALIGN=CENTER>Салем! Бул менiн жеке парагым! </H2>

<HR>

<H3> Менiң қалам </H3>

<P>Мен Шымкентте тұрамын</P>

<H3 ALIGN=LEFT>Менiн оқу орным</H3>

<P ALIGN=LEFT>Мен N… тобында оқимын</P>

<H4 ALIGN=CENTER>Менiн хоббиiм</H4>

<P ALIGN=CENTER>Менiн хоббиiм - музыка, спорт. </P>

<H5 ALIGN=RIGHT>Менiн достарым</H5>

<P ALIGN=RIGHT>Менiн достарым менiмен бiрге оқиды. </P>

<BR>

<HR>

<H6 ALIGN=CENTER> Design “BELTI” </H6>

</BODY>

</HTML>

1. 4 Мәтiн фрагменттерiн безендiру. Қаріптермен жұмыс

Web-беттің дизайн тиімділігі оның қаншалықты деңгейде дайындалғанын анықтайды. Дизайн тиімділігі деген не? Бұл Web-беттің сыртқы түрінің түсінікті әрі әдемі безендірілуі. Қаріптермен жұмыс істей білу осы дизайн тиімділігіне қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі. Сондықтан әрбір Web-бет құрушы қаріптермен жұмыс істеу тәсілдерін толық меңгеруі тиіс.

Қазіргі кезде қаріптер өте көп болғандықтан оларды төмендегідей үш топқа бөлуге болады:

1. Категория - қаріптердің негізгі класы (мысалы, serief, sans-serif және т. б. ) .

2. Гарнитура - белгілі бір қасиеттеріне байланысты топтастырылған қаріптер класы (мысалы, times, arial және т. б. ) .

3. Кескін - әрбір қаріптің қайталанбайтын өзіндік ерекшелігі (мысалы, қалыңдатылған, қисайтылған, т. б. ) .

Әңгiме барысында қай сөзге назар аудару керек екендiгiн айта аламыз, ал жазу барысында ондай мүмкiндiк жоқ. Сондықтан сөздi ерекшелеудiң әртүрлi жолын пайдалануға болады.

Мәтiн фрагментiн қалыңдатылып қарайтылған қарiптермен (Bold) ерекшелеуге болады. Сонда мәтiннiң түрi осы абзацтағыдай болып көрiнедi. Ол үшiн <B> ашылу тәгi мен </B> жабылу тәгi пайдаланылады.

Мысалы, <В> мәтiн</В>.

Кейбiр ерекше сөздердiң астын сызуға (Underline) болады.

Бұл жағдайда <U> және </U> тәгтерi қолданылады.

Көп жағдайда сөздердi ерекшелеуде қисайтылған (курсив) (Italic) қарiп түрiн пайдаланады. Ол үшiн <I> және </I> тәгтерiн пайдаланған жөн.

Ескерту. Жоғарыда айтылған тәгтер ашылғаннан кейiн мiндеттi түрде жабу қажет. Өйткенi Мәтiндi жанып-өшiп (Blink) тұратын түрде қоюға болады, бiрақ ондай мәтiндi оқу ыңғайсыз. Жүгiртпе жол жасауға болады.

Егер мәтiндi бiр уақытта қалыңдатып қарайтылған және қисайтылған қарiптердiң түрлерiмен ерекшелеу керек болса, онда келесi түрдегi тәгтердi қолданамыз:

<i><b> мәтiн </b></i>

<b><i> мәтiн </i></b>

Ескерту. Бұл мысалда HTML тiлiнiң негiзгi ережесi көрсетiлген, яғни HTML тiлiнде бiрiншi ашықлған тәг соңында жабылады, басқаша айтқанда тәгтер бiр-бiрiне кiрiстiрiледi.

HTML-де қаріптермен жұмыс істеу <FONT> тәгімен жұмыс істеуге негізделген. Қарiптердi басқаратын <FONT> тәгінің өз атрибуттары бар:

  • size - мәтін таңбаларының биіктігі;
  • color - қаріп түсі;
  • fase - қажетті қаріп атауының типі.

Қарiптiң өлшемiн үлкейтуге немесе кiшiрейтуге болады. Олар пунктпен есептеледi, яғни 1 пункт 1/72 дюймге немесе 0, 353 мм-ге тең. Ол программадағы орнатылған қарiптiң өлшемiне салыстырмалы түрде берiледi:

<font size=+n> мәтiн </font>

<font size=-n> мәтiн </font>

мұндағы n - қарiптiң өлшемiн үлкейтетiн немесе кiшiрейтетiн пункттiң саны. <font size=±n> және </font> тәгтерiнiң арасында орналасқан қарiптiң түрi үлкейтiледi немесе кiшiрейтiледi.

Мысалы, <P> Менiң бiлiм алатын жерiм <font size=-2> МКТУ </font>.

FASE атрибуты қарiптiң типiн бередi. Осы атрибуттың мәнi компьютерде орнатылған қарiптер атының бiрiне сәйкес келуi керек. Бiрақ Интернетте орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының компьютерiнде қандай қарiптердiң орнатылғандығын алдын ала бiлу қиын, сондықтан бұл атрибутты көрсетпеген дұрыс.

Мысалы, <font size=”+7”> color=”red” fase=”Arial”> мәтiн </font>

Бұл мысалда COLOR атрибуты қолданылған. Бұл атрибут әрiптiң түсiн таңдау мүмкiндiгiн бередi, ол ағылшын тiлiндегi мағынасы бар түйiндi сөз (red - қызыл) арқылы берiлген.

Логикалық бөлiктердi ерекшелеу

Мәтiннiң логикалық бөлiктерiн ерекшелеуде қандай элементтердi пайдалануға болады? Ең жақсы бiр әдiс - көлденең сызығы (Horizontal Rule) . Ол <HR> тәгiмен сипатталады, мұнда жабылу тәгiн қолданбауға болады. <hr> тәгiнiң алдына немесе одан кейiн <p> немесе <br> тәгiн қою керек. Егер сiздi мәтiннiң сызықтан қашықтығы қанағатандырмаса, онда <hr> тәгiнен кейiн бiрнеше <br> тәгiн бiрiнен кейiн бiрiн орналастырыңыз.

Мысалы,

Тақырып

<hr>

<br><br><br> Мәтiн

<br> көп болған сайын мәтiн сызықтан алшақтайды. Мұны сызықтан басқа жағдайда да қолдануға болады.

<HR> тәгiнiң мiндеттi емес атрибуттарын да айта кеткен жөн:

<hr align=”…” color=”…” noshade size=”n” width=”n”>

Мұндағы

  • align=”…” - тырнақшаның iшiне туралау түрлерi көрсетiледi, яғни right (оң жақ), left (сол жақ) және center (ортадан) . Сәйкесiнше сiздiң сызығыңыз оң жақ, сол жақ және ортада орналасады.
  • color=”…” - тырнақшаның iшiне сызық түсi орнатылады. Ол стандартты түрде берiледi (бұл туралы кейiнiрек әңгiме етiледi) . Бұл атрибут тек Internet Explorer 3 немесе 4 программаларында жұмыс iстейдi.
  • Noshade алдын ала орнатылған қалың сызық.
  • size=”n” - сызықтың қалыңдығы, мұндағы n - пиксельмен берiлген қалыңдығы
  • width=”n” немесе width=”n%” - мұнда n пиксельмен немесе пайызбен берiлген сызықтың енi.

Ең көп қолданылатын параметрлер сызықтың қалыңдығы мен мөлшерi. Олар size немесе width параметрлерi арқылы берiледi: <HR SIZE=2 WIDTH=”10%”>.

Ескерту. Экранның 800х600 өлшемiне енiнiң максимум мәнi n=750 болу керек. Егер сiз width атрибутын көрсетпесеңiз, онда сызық экранмен бiрдей болады. Оның мәнi бос кеңiстiктен n%-пен берiледi. Мысалы, егер сызықты экранның жартысына дейiн қойғыңыз келсе, онда 50% қойыңыз. Бiр тәгте екi width атрибуты болуы мүмкiн емес, атрибуттың мәнi пайызбен немесе пиксельмен берiлуi тиiс.

Көлденең сызықты кез келген графикалық редакторда салуға болады, одан кейiн HTML-кодын қою керек (1-сурет) .

Кез келген графикалық редакторда түрлi-түстi сызықты сызып, оны 1. gif түрiнде өзiңiздiң html құжаттарыңыз, яғни Lab1. htm, Lab2. htm файлдары тұрған бумаға сақтаңыз. Сызылған сызықты параққа код арқылы орналастыру керек. Ол үшiн <img src> тәгiн пайдаланыңыз: <img src=1. gif>

1-сурет. Көлденең сызық

Графикалық файлдарды құруды, оларды орналастыруды, т. б. кейiнiрек қарастырамыз. Көлденең сызықты қалай және қай жерде қолдануға болатынын өздерiңiз ойлаңыз.

Мәтiндi өзгертпей орналастыру.

HTML тілінде программа құру барысында параққа мәтiндi өзгерiссiз, яғни форматтау элементтерi сол күйiнде (қарiп түрiн, өлшемiн, кестенi, т. б. ) берiлу үшiн <PRE> және </PRE> қосарланған тәгiн пайдалану керек.

Тағы бiр HTML құжатын құрып оны қандай да бір атаумен сақтайық. Нәтиженi 2-суреттен көрiңiз.

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> Паракты құруға арналған кеңестер</TITLE>

</HEAD>

<BODY>

<PRE>

Драматикалық эффектілерді қолданбауға тырысыңыз!

Тиканье, мерцание, перемещение, прокрутка…

Бұл арнайы эффектілер Web-те көп.

  • Мүмкіндігінше пиктограмманы пайдаланбаңыз
  • Түрлі көркемдеулермен парағыңызды толтырмаңыз.
  • Парағыңыздағы сілтемелерді жиі-жиі тексерген жөн.

</PRE>

</BODY>

</HTML>

2-сурет. Файлдың броузердегі көрінісі

<PRE> және </PRE> тәгтерiнiң арасына мәтiндiк редактордан көшiрiлген кез келген мәтiннiң бiрнеше абзацтарын орналастыруға болады. Бұл тәгтердiң қалай жұмыс iстейтiнiн толық түсiну үшiн кесте орналасқан кез келген мәтiндi таңдап, орналастырып, нәтижесiн көрiңiз.

Ескерту. Сiздiң парағыңызда HTML-парағының <HTML>, <HEAD>, <TITLE>, <BODY> қосарланған тәгтерi барлық уақытта болуы керек.

2-ТАРАУ. WEB-САЙТТЫ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРУ ӘДІСТЕРІ

2. 1 WEB-Сайтты жобалау кезеңдері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОТОН компаниясы туралы
«Фудмастер» компаниясы
“ФудМастер” ЖШС
Тортугалия кондитерлік фирмасы
Алматы қаласының ақ «АБДИ компаниясының» кеңсе тауарлар әлемі
Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу
Мекеме жетекшісі
«Фудмастер» өнімінің бәсекеге қабілеттілігін талдау
G N Garant сақтандыру компаниясының web-сайтын құру
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz