Қоймалық есеп жүргізу ақпараттық жүйесін жасау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ сму
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
Золотов А. Д.
«___»2009ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Қоймалық есеп жүргізу ақпараттық жүйесін жасау»
Орындаған ВТ-527 топ студенті Куспекова А. К.
қолы
Жетекші: аға оқытушы Мадиев Т. Б.
қолы
Семей
2009
Мазмұны
Реферат
Дипломдық жоба 82 беттен, 36 суреттен, 5 кестеден, 1 қосымшадан тұрады.
ТАУАР, ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМ, МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ, АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ, ТИПТІК ПРОЦЕСТЕР, СЕРВЕР, КЛИЕНТ, ШЫҒЫСТЫҚ ЖӘНЕ КІРІСТІК ҚҰЖАТТАР, АВТОМАТТАНДЫРУ, МӘЛІМЕТ, АҚПРАТТЫ БЕРУ, АЖО
Дипломдық жобаның тақырыбы: «Қоймалык есеп жүргізу акпараттык жүйесін жасау»
Дипломдық жобаның мақсаты Delphi 7 ортасында қоймалық есепті автоматтандыруға арналған жүйенің ұйымдастырушылық-технологиялық сұлбасын анықтау, құжаттар сипаттамаларының құрылымын және ақпараттық құрамын анықтау, мекемелердің бөлімшелерінің бір-бірімен бірыңғай тұтас құжатайналымын анықтау, автоматты құжатайналымның программалық қамсыздандыруын жасау.
Көрсетілген материалдарда мекемелердің қызметтерін кешенді автоматтандырудың әдістемелік нұсқауларымен берілген.
Кіріспе
Дамудың әрбір кезеңінде адамзаттың алдында ақпаратты жинақтау, өңдеу және тарату мәселелері тұрды. Көп уақыт бойы осы мәселені шешудің негізгі құралдары ретінде адам миы, тіл және есту мүшелері қолданылып келді. Ең алғашқы өзгеріс жазу өнерінің келуімен, одан соң кітап басудың шығуымен болды. Осы кезеңдегі ақпарат тасығыш құралы ретінде қағаз қолданылды.
Осы жағдай ЭЕМ-нің келуімен түбірімен өзгерді. Алғашқы ЭЕМ-ры үлкен автоматты арифмометрлер ретінде қолданылды. Бұл қадам адам қызметінің ақпаратты өңдеудегі негізгі бөлім болып табылатын кешенді автоматтандыруға ауысты.
ЭЕМ-рын жүйелік қолданудың әлемдік тәжірибедегі бір мысалына мәлеметтерді өңдеу жүйесін, мысалы банктік операцияларды, бухгалтерлік есептерді, билеттерді өңдеуді автоматтандыру жатады. Осындай операциялардың тиімділігі автоматтандырылған ақпараттық базаларға сүйенеді. Бұл дегеніміз, ЭЕМ-ң жадысында жүйенің жұмысына қажетті ақпарат сақталады.
Кезекті есепті шешу кезінде жүйе көп емес қосымша ақпаратты еңгізуді ғана қажет етеді, ал қалғаны ақпараттық базаның өзінен алынады. Жаңа еңгізілген ақпараттың әр бір бөлігі жүйенің ақпараттық базасын өзгертеді.
Ақпараттың ЭЕМ-ң жадысында сақталуы оған жаңа динамамикалық сапа береді. Жаңашыл ЭЕМ-ғы автоматты баспаға шығару қызметі қажетті жағдайда осы ақпараттан таңдау бойынша кез-келген мәліметті қағазға шығарып береді.
Адамзат дамуының XXI ғасырында ақпарат негізгі қызметтік өнім болып табылады. Сондықтан кітапханалық қызметтердің автоматтандыруының кешенді программаларын жасау негізгі мәселе деп ойлаймын.
Қазіргі уақытта кез келген ақпараттық технологияның жаппай технологиялық құрауышы компьютер болып табылады. Сонымен қатар заманымызға байланысты көптеген жұмыстарды жеңілдету үшін әр-түрлі бағдарламаларды қолданамыз. Мұнда белгілі бір мәліметтер қорын автоматтандырамыз. Мәліметтер қоры дегеніміз не? Ол ақпараттық жүйенің негізгі объектілерінің және олардың қасиеттерінің арасындағы байланыстардың жиынтығы болып келеді. Мәліметтер қоры жергілікті (клиенттің және бағдарлама орындалатын компьютерінде орнатылған) және жойылған (қашықтықтағы компьютердегі серверде орнатылған) болып бөлінеді. Серверлік мәліметтер қоры қашықтағы компьютерде орналасады және серверлік бағдарламалық жасақтама басқару негізінде жұмыс атқарады. Оның ең басты ерекшеліктері бір мәліметтер қоры мен бірнеше қолданушының жұмыс істеуін жатқызуға болады. Сондай-ақ желіге минималды жүктеме іске асырылады. МҚ Delphi-дің түп тамыры болып табылады. Бұл курстық жұмыста біз МҚ - ның негіздерімен танысамыз. Delphi - дегі МҚ - мен жұмыс істеудің бірнеше құрауыштар бар. Мұндай құрауыштардың барлығы мәліметтерге қатынаудың әр - түрлі технологиясын қолданады және мүмкіндігіне байланысты ерешеленеді.
Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және манипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
- қайшылықсыз
- артықсыз
- тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді .
Локальді МББЖ барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді МББЖ-нің көшірмесі болуы керек.
Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап−бірнеше компьютерлерді байланастырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.
Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ-леріне: Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQL Server,
InterBase және т. б жатады.
DELPHI-ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының болмауы ( деректерді сипаттау тілі ) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase, Paradox, InterBase . Бұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да DELPHI мүмкіншіліктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей-кезде олардан асып та тұрады.
Құжат-кез-келген кәсiпорынның қызметiнiң базасын құрайтын ақпаратты көрсетудiң негiзгi тәсiлi болып табылады. Ақпарат құрылымдық болады, оны сақтаумен және басқарумен мәлiметтер базалары және қолданбалы ақпараттық жүйелер айналысады. Сонымен құрылымдық және құрылымдық емес құжаттар арасында бiртектес байланыс болады. Құрылымдық ақпаратты сақтауды және өңдеудi автоматтандыру қажеттiгiне күмән келтiруге болмайды, өйткенi ол орындаған ақпараттың үлкен көлемiн қолмен iстеу мүмкiн емес. Осыған орай электронды құжаталмасудың негiзгi артықшылықтарын атап көрсетейік:
- Электронды құжаталмасудың тиiмдiлiгi кәсiпорынның жалпы жұмыс тиiмдiлгiн жоғарылатады;
- Архивтердегi сақталатын құжаттар саны өте көп болғанда, жұмыс ауданын қысқартуға әкеледi;
- Қажеттi құжаттарды iздеу және оларға ену жылдамдығын арттырады. Бұл оның тиiмдiлiгiнiң ең алдыңғы көрсеткiшi.
- Көшiрмелерге, канцеляриялық тауарларға шығындардың азаюы;
- Орындаушылар арасында құжаттарды беру уақытын қысқарту;
Осы дипломдық жобаның мақсаты- кез-келген қоймалық жүйенің автоматтандырылған құжат алмасу жүйесiн жасау.
Дамудың әрбір кезеңінде адамзаттың алдында ақпарат жинақтау, өңдеу және тарату мәселелері тұрды. Көп уақыт бойы осы мәселені шешудің негізгі құралдары ретінде адам миы, тіл және есту мүшелері қолданылып келді. Ең алғашқы өзгеріс жазу өнерінің келуімен, одан соң кітап басудың шығуымен болды. Осы кезеңдегіақпарат тасығыш құралы ретінде қағаз қолданылды.
Осы жағдай ЭЕМ-нің келуімен түбірімен өзгерді. Алғашқы ЭЕМ-ры үлкен автоматты арифмометрлер ретінде қолданылды. Бұл қадам адам қызметінің ақпаратты өңдеудегі негізгі бөлім болып табылатын кешенді автоматтандыруға ауысты.
ЭЕМ-рын жүйелік қолданудың әлемдік тәжірибедегі бір мысалына мәлеметтерді өңдеу жүйесін, мысалы банктік операцияларды, бухгалтерлік есептерді, билеттерді өңдеуді автоматтандыру жатады. Осындай операциялардың тиімділігі автоматтандырылған ақпараттық базаларға сүйенеді. Бұл дегеніміз, ЭЕМ-ң жадысында жүйенің жұмысына қажетті ақпарат сақталады.
Кезекті есепті шешу кезінде жүйе көп емес қосымша ақпаратты еңгізуді ғана қажет етеді, ал қалғаны ақпараттық базаның өзінен алынады. Жаңа еңгізілген ақпараттың әр бір бөлігі жүйенің ақпараттық базасын өзгертеді.
Ақпараттың ЭЕМ-ң жадысында сақталуы оған жаңа динамамикалық сапа береді. Жаңашыл ЭЕМ-ғы автоматты баспаға шығару қызметі қажетті жағдайда осы ақпараттан таңдау бойынша кез-келген мәліметті қағазға шығарып береді.
Қазақстанда қоғамдық өмірдің барлық жағына әсер ететіндей үлкен экономикалық өзгерістер болып жатыр. Бұл өзгерістер, әсіресе, бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесі облысында анық көрінген. Соңғы екі жылдың ішінде осы облысқа қатысты, есепті жүргізудің әдістемесін толығымен өзгерткен екі заңды акт қабылданды. Біріншіден, есептің жаңа Жобасы [7] қабылданды, екіншіден, бухгалтерлік және салықтық есеп бөлінді.
1 Сұрақтың қойылуы
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Каф. меңгерушісіА. Д. Золотов
«»2009 ж.
(күні) (айы)
Дипломдық жоба тақырыбы - «Қоймалык есеп жүргізу акпараттык жүйесін жасау»
Жетілдірілетін программалық қамсыздандырудың қысқаша сипаттамасы - Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің электронды құжат алмасуын және қоймалық есебін автоматтандыру.
Жетілдірілетін жобаның қысқаша сипаттамасы:
- Жүйесінің көп салалығы. Мәліметтер базасында фирма, оның қызметкерлері, тұлға, контрагент типтері, өлшем бірліктері, тауар түрлері, операция түрлері, қоймалар жөнінде, олардың атқарған жұмыстары жөнінде мәліметтер сақталу қажет.
- Әр түрлі критерилер бойынша мәліметтерді фильтрациялаудың максималды икемділігі және фильтрациялау жылдамдығы. Мәліметтерді баспаға шығару мүмкіндігі.
- Базадағы мәліметтерді оперативті өзгерте алу мүмкіндігі.
- Бағдарлама өткізулерді қолмен немесе автоматты түрде енгізуге мүмкіндік береді. Барлық өткізулерді операциялар журналына енгізеді. Операциялар журналында өткізулерді көру кезінде оларды кез-келген уақыттық интервалмен шектеуге, топтастыруға және өткізулердің әртүрлі параметрлері бойынша іздеуге болады.
Осы дипломдық жобада істелген жұмысқа қарап, біз бұл программаның тек қана қоймалық есептеулер ғана жүргізбейтінін, яғни оның конфигурациясын өзгерте отырып, қоғамның әр түрлі салаларына арналған программалар құруға болатынына көз жеткізуге болады.
Операциялар журналына өткізулерді енгізген соң, өткізулерді мәліметтер қорына қабылдау үшін журналдарды өңдеу қажет. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекше қасиеті - бірнеше қойма жоспарларын жүргізу мүмкіндігі.
Орындаушы Куспекова А.
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жоба жетекшісі Мадиев Т. Б.
(қолы) (аты-жөні)
2 Техникалық-экономикалық негіздеме
Әзірленген программалық қамсыздандыру ішкі офистердегі қоймалық есептерге арналған. Фирмадағы өңделетін ақпараттардың көлемінің өсуіне байланысты құжатайналымның автоматтандырылған жүйесі маңызды болып табылады.
Осы дипломдық жобада әзірленген программдық қамсыздандыру кіші көлемді ұйымдардың құжатайналымының автоматтандырылған тапсырмаларын шешеді. Өнім шығындарды және фирмалардағы құжаттармен жұмыс істеу (іздеу, сақтау, орындалуды бақылау) уақытын азайтады. Сонымен қатар өнім барлық жерде қолданыла алады.
Қоймалық талдаудың әдістемесі программдық өнімнің бәсекеге жарамдығын бағалауға және оның күшті және әлсіз жақтарын бағалуға арналған. Дұрыс жүргізілген анализ программдық өнімнің келешекте өңделу стратегиясына және оның таралу стратегиясына әсер етуі мүмкін.
Кіші қоймалық есеп үшін әзірленген ақпараттық жүйенің толық талдауын жүргізейік. Артықшылықтары:
- программдық өнімнің орнату және қолдану қарапайымдылығы.
- мәліметтерді бірнеше жыл бойы сақтау мүмкіндігі.
- мәліметтерді өңдеудің өзіндік технологияларын қолдануы.
- программдық өнімнің жеңіл модернизациялануы.
- жұмыс сапалы болу үшін өзіндік мүдделілік.
Кемшіліктері:
- программдық өнімді іске қосу үшін тек бір қолданушының жұмысын іске асырады.
Мүмкіндіктері:
- сервистерді кеңейту;
- программдық өнімді басқа платформаларға көшіру мүмкіндіктері;
- өнім жұмысының масштабын кеңейту мүмкіндіктері;
Өнімге әсер ететін қауіп факторлері табылмаған
Программдық қамсыздандыруды әзірлеуге және шығындарды есептеу үшін шығындар калькуляциясы бойынша іске асырылады. Өнімді шығару үшін шығындар сметасы келесі экономикалық элементер арқылы құрылады:
материалдық шығындар; еңбекке төлеу фонды; әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар; амортизациялық аударымдар; қосымша шығындар; материалдық шығындар
Бұл бөлім шығындардың келесідей тізімінен тұрады:
тікелей материалды шығындар; жанармайға шығындар; энергияға кететін шығындар; байланыс қызметтеріне төлемдер; басқа ұйымдардың қызметін қолдануға кеткен төлемдер. Кеңсе тауарларына және энергияға шығындар қосымша шығындарға қосылған.
Программдық қамсыздандыруды әзірлеуге және шығындарды есептеу үшін шығындар калькуляциясы бойынша іске асырылады. Өнімді шығару үшін шығындар сметасы келесі экономикалық элементер арқылы құрылады:
материалдық шығындар; еңбекке төлеу фонды; әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар; амортизациялық аударымдар; қосымша шығындар; материалдық шығындар.
Бұл бөлім шығындардың келесідей тізімінен тұрады:
тікелей материалды шығындар; жанармайға шығындар; энергияға кететін шығындар; байланыс қызметтеріне төлемдер; басқа ұйымдардың қызметін қолдануға кеткен төлемдер.
Кеңсе тауарларына және энергияға шығындар қосымша шығындарға қосылған.
Әзірленген программалық қамсыздандыру ішкі офистерде бухгалтерлік есептерге қолдану үшін арналған. Фирмадағы өңделетін ақпараттардың көлемінің өсуіне байланысты құжатайналымның автоматтандырылған жүйесі маңызды болып табылады.
Осы дипломдық жобада әзірленген программдық қамсыздандыру кіші көлемді ұйымдардың құжатайналымының автоматтандырылған тапсырмаларын шешеді. Өнім шығындарды және фирмалардағы құжаттармен жұмыс істеу (іздеу, сақтау, орындалуды бақылау) уақытын азайтады. Сонымен қатар өнім барлық жерде қолданыла алады.
Бухгалтерлік талдаудың әдістемесі программдық өнімнің бәсекелеге жарамдығын бағалауға және оның күшті және әлсіз жақтарын бағалуға арналған. Дұрыс жүргізілген анализ программдық өнімнің келешекте өңделу стратегиясына және оның таралу стратегиясына әсер етуі мүмкін.
Кіші офис үшін әзірленген бухгалтерлік жүйенің толық таладуын жүргізейік
Артықшылықтары:
- программдық өнімнің орнату және қолдану қарапайымдылығы.
- мәліметтерді бірнеш жыл бойы сақтау мүмкіндігі.
- мәліметтерді өңдеудің өзіндік технологияларын қолдануы.
- программдық өнімнің жеңіл модернизациялануы.
- жұмыс сапалы болу үшін өзіндік мүдделілік.
Кемшіліктері:
- программдық өнімді іске асыру үшін тек бір қолданушының жұмысын іске асырады.
Мүмкіндіктері:
- сервистерді кеңейту;
- программдық өнімді басқа платформаларға көшіру мүмкіндіктері;
- өнім жұмысының масштабын кеңейту мүмкіндіктері;
- «клиент-сервер» технологиясының базасы негізінде көп қолданушы жүйені құру мүмкіндігі
3 Аналитикалық бөлім
3. 1 Кәсіпорынның түрлері
Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуына байланысты. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап көрсетілгендей, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Олардың революциялық әсері адамдардың жүріс-тұрысына, олардың біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысты болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуына маңызды стимул болып отыр». Көптеген дамыған және дамушы елдер АКТ-ң дамуы мен таратылуы алып келетін зор артықшылықты түсініп отыр. Ақпараттық қоғамға қозғалыс - бұл адамзат өркениетінің болашағына жол болатындығы ешкімді де күмән туғызбайды.
Қазақстан өз егемендігін алған сәтінен бастап, әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу позициясынан нақты орын алды, өзін өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін тең деңгейдегі халықаралық кооперацияның мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қоғамды құрудың белсенді қатысушы екенін көрсетті.
Қазақстанның «индустриалды» қоғамнан «ақпараттық қоғамға» өтуі ақпараттық теңсіздікті жеңуі, Қазақстандағы азаматтық қоғам мен демократиялық дәстүрдің дамуына, ақпараттық теңсіздікті еңсеруге байланысты. Бұл міндеттерді шешу тұрақты экономикалық өсуді, қоғамдық жағдайдың көтерілуін, демократияны нығайту саласында әлеуметтік келісімді ынталандыру, ашық және жауапты басқаруды, адам құқығы және бүкіл әлемде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрақтылығын нығайтуда және Қазақстанның азаматтарының тең дәрежеде ғаламдық ақпараттық қоғамдастыққа енуін қамтамасыз ететін мақсаттарға жету негіз болып табылады. Республикада жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғаламдық желідегі Интернеттің ақпараттық сегментін, оның рөлін және қазақстандық қоғамда алатын орны туралы түсінікті қайта қарауды талап етеді.
Бұған елді тұрақты компьютерлендіруден ақпараттандыруға және Интернеттің ғаламдық желісінде Интернет-Қазнеттің (бұдан әрі - Қазнет) қазақстандық сегментінің бірыңғай дамыған ақпараттық кеңістігін құруға өту әрекеті негіз болып отыр.
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамыту осы үдеріске көптеген қатысушылардың қызметін үйлестіруді талап ететін салааралық, ведомоствоаралық және мемлекеттік міндеттер болып табылады. Мұндай үйлестірулер тек қажетті әрекеті мен олардың тізбегін анықтайтын және негіздейтін бірыңғай тұжырымдамасының негізінде болуы мүмкін.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістікке орнықты, жоспарлы, қауіпсіз және тиімді қозғалысын қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенін әзірлеуге, Қазнетті дамыту үшін негізгі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және техникалық-технологиялық алғы Шарттары мен жағдайын, оның динамизмі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың ережелері мен басымдығын айқындауға бағытталған.
Жаңа ақпараттық қоғамның негізін қалаушы сипаттамаларының бірі оның ғаламдық сипаты болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастыру үдерісінде біртіндеп ақпарат тарату және алмасу тәсілдері мен әдістері жаңартылады, уақыт үнемделеді, ұлттық шекаралар мен кедергілер бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістігінің, экономика, сауда, қаржы, адамзат өмірінің басқа салаларының құрылымы түбірімен өзгереді, адамдардың көзқарасы мен адамзат құндылықтарының интенсивті гомогенизациясы, мәдениет пен мәдени моделдердің эмбебаптығы (ықшамдау) байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі.
Қазіргі әлемдік даму кезеңінде ғаламдық ақпараттық интернет желісі бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістігінің ең көлемді және жаппай жайылған сегменті болып табылады. Сонымен бірге, уақыт өте, ғаламдық ақпараттық интернет желісі ақпарат алу және алмасудың, сондай-ақ жаппай пайдаланушылардың коммуникациясы үшін ең қол жетерлік құралы болғаны айдан анық.
Қазіргі уақытта Интернеттің ақпараттық кеңестігінің жұмыс істеуіне сай келетін халықаралық ұйымдарға мыналар жатады:
1) The Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (бұдан әрі - ICANN) - IP-адрестерін, протоколдардың параметрлерін бөлу, домендік атаулардың жүйесін әкімшілеу (Domain Name System, DNS), түбірлік серверлер (Root Server System) деп аталатын жүйенің жұмыс істеуін әкімшілеу және қолдау үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;
2) Интернет желісінде нөмірлеуді бөлу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - IANA, The Internet Assigned Numbers Authority) ;
3) Еуропалық желілік үйлестіру орталығы (бұдан әрі - RIPE NCC) - тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлуді және тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлу мен тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC қызмет көрсету аймағында Интернеттің ғаламдық ресурстарын әділетті бөлуге кепілдеме бере отырып, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Азияның бөлігінің тіркеушілеріне қызмет көрсетеді;
4) The Internet Engineering Task Force (бұдан әрі - IETF) - Интернет сәулетін дамыту және қолданыстағы инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуінің біріктірілген міндеттерін дамытуға жұмыс жасайтын желілік хаттамаларын дайындаушылар, операторлар, өндірушілер және зерттеушілердің халықаралық ашық бірлестігі болып табылады;
5) Дүниежүзілік зияткерлік жеке меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗЖҰ) .
Жоғарғы деңгейдегі домендер (бұдан әрі - TLD, Top Level Domain) екі үлкен бөлікке бөлінеді: Біріншісі - жалпы пайдаланатын домендер (generic TLD немесе gTLD) және екіншісі - ұлттық екі әріпті домендер (country code TLD немесе ccTLD) . Жалпы пайдаланатын домендерге COM, NET, ORG, INFO, BIZ, MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және басқа да домендер жатады.
Қазіргі сәтте ISO 3166-1 халықаралық стандартқа сәйкес елдер мен аумақтардың екі әріпті кодтар саны бойынша ұлттық домендер - 250 (RU - Ресей үшін, DE - Германия үшін, UK - Ұлыбритания үшін) Ұлттық домендерді басқару бойынша өкілеттік елдердің интернет-қауымдастықтарының келісімдері бойынша IANA ұйымымен беріледі.
Ұлттық домендерді дамытудың жалпы үрдістері мынадай: біріншіден, академиялық желілерден ұлттық домендердің операторлар (провайдерлер) бірлестігіне өтуі, сондай-ақ қатар тіркеу ережелерін дайындауға елдің интернет-қауымдастығының қатысуы: нарықтың кәсіби қатысушылары, тұтынушылар, қоғамдық (кейде үкіметтік) ұйымдар; екіншіден, домендік атауларды тіркеуде операторлар қатысуының коммерциялық кестелерін дайындау; үшіншіден, домендерді тіркеудің ашық ережелеріне біртіндеп өтуі, шектеулердің алынуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz