Ұлттық стильдегі пішімдер мен желбірлерді қолдана отырып, сахналық киімдерді жаңарту


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
КӨРКЕМ-СУРЕТ ФАКУЛЬТЕТІ
СӘНДІК ҚОЛӨНЕР КАФЕДРАСЫ
050421-«КИІМ ДИЗАЙНЫ»МАМАНДЫҒЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Қосалқа»
Тақырыбы: Ұлттық стильдегі пішімдер мен желбірлерді қолдана отырып, сахналық киімдерді жаңарту
Орындаған: V курс студенті Сайланова. А. Қ.
Ғылыми жетекшісі: Аға оқытушы Ахмнтова. Г. Н
Жұмыс қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі: Садыгулов Рахымжан Сейткендирович
Сарапшы:
Орындалу мерзімі:
Қорғау мерзімі:
Бағасы:
Алматы 2009 ж
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент: Сайланова Арайлым Қыдырбайқызы
Жұмыстың тақырыбы: : Қазақ ұлттық сарындағы қазіргі заманға сай салтанатты койлекті жаңарту.
Жұмысты аяқтау мерзімі «__» 2009 ж.
Дипломдық жұмысты орындауда сұрақтар тізімі мен оның қысқаша
мазмұны:
1. Зерттеу бөлімі. «Ұлттық стильдегі оюларды қолдана отырып, сахналық киімдерді жаңарту». Ежелден келе жатқан қазақ ұлттық оюларды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру.
2. Құрастыру бөлімі. Үлгі нобайын шығару, құрастыру сызбасын сызу, үлгі ерекшеліктерін енгізу, негізгі бөлшектерді дайындау.
3. Технологиялық бөлімі. Үлгіні мата бетіне орналастыру, өңдеу әдісін таңдау, ылғалды жылумен өңдеуді таңдау.
Графикалық материалдар тізімі
1. Бұйым сызбасы К 1:2
2. Тарихи ізденістер көшірмелері А1 форматта
3. Коллекцияларды графикалық беру А1 форматта
4. Коллекцияға ұсынылған мата коллажы
Жұмыс кеңесшілері
Тапсырма берілген мерзімі «__» 2009 ж.
Кафедра меңгерушісі Садыгулов Р. С
Жұмыс жетекшісі. Ахметова. Г. Н.
Тапсырма орындауға қабылданды.
Орындаған студент Сайланова. А
Мерзімі «__» 2009 ж.
Дипломдық жұмысқа кеңес беру
Тапсырма берілген мерзімі:
Кафедра меңгерушісі Садыгулов Рахымжан Сейткендирович
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі
Орындаған студент
Университет бұйрығымен бекіткен мерзімі: № _ «__» ж.
Мерзімі: «__» 2009 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
1. Композициялық бөлім . . .
- Зерттеу бөлімі . . .
1. 1. 1 Түстер жайында . . .
1. 1. 2. Сәндік киім-жетілген қоғам белгісі . . .
1. 1. 3 Ұлттық киімдер туралы . . .
1. 1. 4 Ең негізгі сырт киімдер мен пішімдері . . .
- Коллекцияның композициялық шешімі . . .
- Бұйымға маталар таңдау . . .
1. 3. 1. Мата үлгілері . . .
1. 3. 2. Таңдалған үлгіге қойылған талаптар . . .
1. 4. Үлгінің техникалық нобайы . . .
1. 5. Модельдің сыртқы түріне сипаттама . . .
- Құрастыру бөлімі . . . Құрастыру сызбасын орындауды таңдау және негіздеу . . . Құрастыру әдісін таңдау және негіздеу . . . Құрастыру сызбасына қажетті өлшем бірліктері . . . Еркіндікке берілген қосымшаларды таңдау және негіздеу . . . Қосымшалар туралы түсініктеме . . . Еркіндікке берілген қосымшалар . . . Бұйымның негізін құрастыру сызбасының есебі . . . Құрастыру сызбасының есебі . . . Бұйымды құрастыру сызбасының модельдік ерекшелігі . . . Киім бөлшектерінің спецификациясы . . . Тігіске берілген ен . . .
2. 5. Бұйымның үлгісін техникалық көбейту . . .
3. Технологиялық бөлім . . .
3. 1. Үлгіні мата бетіне орналастыру . . .
3. 1. 2 Жіптік қосылулардың орналастыру тәртібі . . .
3. 2. Технологиялық тізбектілік . . .
3. 3. Негізгі түйінді өңдеу әдістерін таңдау . . .
3. 4. Құрал- жабдықтарды қолдану . . .
3. 5. Ылғалды- жылумен өңдеуді таңдау . . .
4. Экономикалық бөлім . . .
- Бұйымды бағалау . . .
5. Қорытынды . . . Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі.
Еліміз дамудың төртінші сатысына аяқ басты. Заман талабы саясатқа да жаңа леп алып келді. Соның арқасында көршілерден оқ бойы озып келеміз. Еліміздің Президентін өзгелер үлгі тұтып мақтан ететін кезге жеттік.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялап, нарық қатынастарын және халықаралық құндылықтарды мойындайтын мемлекет екенін әлемге әйгілеген тұста барып көзіміз ашылды. Бізде де сән өнері басқа өнер түрлерімен бірдей қатарға қойылатын болды.
Президентіміз 10 түрлі істі саралап беріп, соның ең бастысы, халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайын көтеру. Пайдалы іспен айналысамын деген адамның жолына тосқауыл болатын бөгеттің бәріне тыйым салынды.
Сонау тарихқа жүгінсек, адам баласын табиғат құбылыстары мен аңдардан қорғайтын баспана болса, адам денесін жауып, оны ауа райының, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын киім болып, және осы салалар мен басқа да салалардың қазіргі таңда өнерге айналып келе жатқаны баршаға да белгілі.
Өнердің күнделікті, қарапайым тіршіліктен бастау алып, кейін мүлде бөлек, жалпы тіршіліктен жоғары ұғымға айналуының өзі-адамзат ұрпағының алғашқы аталарынанбері қаншалықты дамып, жетілгенін қапысыз байқатады.
"Болашақта жетістікке жетем деген адам - алдымен өз ұлтының түп-қазығын зерттейді" демекші, көнеден қалған мұра ретінде қазақ ұлттық киімдерін зерттеп білудің мәні өте зор.
Адамзатпен бірге жасасып келе жатқан ең көне өнердің бір саласы - сән өнері. Адамның сыртқы бой-басына қарап -ақ оның ой - өрісін, ішкі мәдениетін тануға болады. Олай болса, ішкі-сыртқы болмысымызды айқындап тұратын, киіну мәдениетін қалыптастыратын сән өнерінің шеберлері деуге болады.
Тәуелсіздік алған Қазақстанның абыройын асыру, жақсы атын шығару осында тұратын, осында туған әрбір адамның асыл мұратына айналуы керек.
Кейінгі жылдары өркениет заманына сай атақты сәнгерлер өз сән театрларын ашып, ұлттық нақыштағы киім үлгілерімен қазақша сахналық киім үлгілерін ұсынып, ескінің көзін ашып, халықтың көкейінен шығып жүр.
Сондай өнерлі орталықтарды атап айтсақ: іргетасы 1954 жылы қаланған «Сымбат» сән академиясы, 1997 жылы шаңырақ көтерген «Ерке-Нұр» сән театры, «Би-Ана» сияқты, кәсіпорындар өз коллекцияларын шығарып, ұлтымыздың мәдениетін әлемдік аренада танытуда. Бұл да бір қазақ халқының сән өнерінің тарихына қосқан үлкен үлес болып табылады.
Осылар сияқты сән үйлерінің болуы Қазақстанды осы заманғы талаппен киіндіруге деген ізденістерге де мүмкіндік береді.
Осы тұрғыда отандық сән үлгілерін әлемге әйгілі етіп көрсетуде өз үлестерін қосып, еңбегі сіңген Сабыркүл Асанова, Фарида Мерхамитқызы, және де сәнді үлгілерді дүниеге әкеліп жүрген дизайнерлер Құралай Нұрқаділова, Балнұр Асанова, т. б. көптеген жас дизайнер-модельерлердің еңбектерінен көруге болады.
Ендеше, бұл жаңа модалар жасап қана отырғандық емес, Қазақстанды басқа мемлекеттермен теңдестіру ісіне қосқан үлес деуге болады. Экономикасы дамыған елдер жақсы киініп, жарқын тұрмыс кешуге толық хақылы.
Ендеше, біздің де жұртымыздың жүзі жарқын, жібі алтын болып киіну арқылы қазақ даласында көсегесі көгерген, көкжиегі кеңейген, дәстүрі дамыған, өндірісі өрге жүзген, адамдары асқақ тұрған, халқы құдіретінен айрылмаған мемлекет қалыптасқанын төрткүл дүниенің төрт бұрышына түгел әйгілеуге үлес қосайық. [ 191-б. ]
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Ұлттық киімдердің пішімдерін, сәндік оюларды қолдана отырып, қазіргі заманның талғамына сай, жаңа үлгідегі салтанатты киімдер жинағын жасау.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
- жаңа үлгідегі ұлттық нақыштағы бойжеткендер киімінің нобайын таңдау;
- ұлттық нақыштағы бойжеткендер киімінің матасын таңдау;
- ұлттық нақыштағы бойжеткендер киімінің пішімін анықтау;
- ұлттық нақыштағы бойжеткендер киімінің тігілу әдісін анықтау;
- ұлттық нақыштағы бойжеткендер киімін әшекейлеу, безендіру;
- технология пәнінде ұлттық нақыштағы бойжеткендер киімін теориялық және практикалық тұрғыда талдау;
Жұмыстың міндеті-
Киім ең алдымен адамды сәнді де әдемі етіп, сымбаттылығын арттыруы, сонымен қатар адам денесіне қолайлы отыруы, барлық гигиеналық талаптарға сай болуы, жаңа үлгісі, модасы сәйкес келіп, адам тұлғасымен қоршаған ортамен үйлесуі тиіс. «Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып сал», дегендей, сәнді киім әрі адамның қоғамдағы орнынан, байлығынан, білімінен хабардар етіп тұруы міндетті.
Берілген дипломдық жұмыста жер бетіне кең тараған, денсаулық пен тұрақтылық түсі, өсімдік әлемінің түсі- жасыл түс қолданылған. Жасылдың әртүрлі реңдерінен алынған, абстракты принтті гобелен, үлбіреген гафре желбірленіп және тафта матасымен астарланып, костюм өз үйлесімін тапты.
Дипломдық жұмыста композициялық, зерттеу, құрастыру, технологиялық, экономиялық бөлімдері қарастырылған.
Зерттеу жұмыстың обьектісі: Тігін өнеркәсібінде ұлттық нақыштағы киім үлгілер.
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
- ұлттық нақыштағы бойжеткендер киімінің нобайы жаңа үлгіде таңдалды;
- ұлттық нақыштағы бойжеткендер киімінің матасы таңдалды;
- ұлттық нақыштағы бойжеткендер киімінің күрделі пішімі анықталды;
- ұлттық нақыштағы бойжеткендер киіміне әсем жебірлер тігілді;
- ұлттық нақыштағы бойжеткендер киімі тиімді өңдеу техпологиямен тігілді;
- технология пәнінде ұлттық нақыштағы бойжеткендер киімі теориялық және практикалық тұрғыда талданды;
Түстер жайында
Ұлттық киім үлгілерінде әр түстің өзінің нышаны бар.
Қазақ түстердің өзін өмірмен, тіршілікпен астастырған. Кез келген түсті бекер таңдамаған. Бояулардың қаншама түрін біле тұрып, қазақ сол бояулардың әрқайсысының астарын ашқан, оған әлеуметтік мән берген. .
Көк түс - аспанмен астасады. Көк аспан асқан паңдықты (асқақтық), биіктігі әйгілейтін болған. Сол себепті көк көйлекті қыздар көлбеңдеп, өздерін жоғары ұстаған. Аспан түстес болудың ар жағында мәңгілік мәңгілік, яғни мәңгілік жастық түсінігі жатты.
Қызыл түс - көзге отты, күнді елестеткен. Қызыл көйлекті қыздың міінезі де от сияқты лапылдап тұрған. Олардың ыстық лебі де, қызыл көйлегі де қандай жігітті болмасын ерітіп жібергендей еді. От - жастықтың бір таңбасындай. Сол себепті қызы түсті негізінен жастар киетін болған.
Ақ түс. Ал лала гүліндей құлпыратын, тау қарындай көз қарықтыратын ақ түстің жөні бөлек. Атамыз қазақ ақ түсті жаңағы тазалықтың, пәктіктің белгісі деп бағалаған. Ақ түс адалдықты, шындықты әйгілеп тұрған. Ақ түс бақыт әкеледі деп саналған. Өйткені, таза жүрген, шындықты айтқан, бақытты армандаған адам айналып келгенде бақытты болуы керек қой. Сол себепті ақ түсті көйлектерді қалыңдықтар тойға киетін дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі шаңырақты жаңа көтерген жастарға бақыт, ақ жол тілеудің бір белгісіндей еді.
Сары түс - сабырдың, ақылдың белгісі. Сары түсті әйелдер сарықарын тартқанда, келіншектен енді әйел, одан әже боларда киген. Сары түс сабыр мен ақыл белгісі болуы тегін емес. Мұнда да қазақтың табиғат пен жер құбылысын қапысыз танитын алғырлығы жатыр. Күзде бәрі сары түске боялары белгілі. Күз - жемістің, берекенің уақыты. Бүкіл қыр сары түске боялып, көктемгі құаныштың, жазғы еңбектің жемісін әкеледі. Ендеше адамның сары түсті табыс, ақыл, сабыр, байлыққа балауының қисыны бар.
Оның есесіне қара түс - топырақты танытқан. Көбінесе, еңбек пен бейнеттің түсі деп танылған.
Жасыл түс-
Берілген костюмде жасыл түс қолданылды. Жасыл түс кез-келген адамды жайнатып жібермек. Жасыл түс көзге енді оянған, өмірге іңкәр көктемді елестеткен. Көктемдей көк- өрім жастар жасыл көйлек, жасыл тақия-бөрік киіп құлпыратын болған. Ақ көйлекке жасыл түсті кесте тіккізген.
Жасыл - өсімдік әлемінің түсі, жер бетіне кең тараған. Жасыл -
денсаулық пен тұрақтылық түсі, ол тыныштандырады, ауруды басады, қан және көз қысымын баяулатады, өмірлік тонусты көтереді, жүйке жүйесін жаттықтырып, шаршағанды басады. Жасыл - ерекше сауықтыру түсі боп саналады. Емізулі бөбектер жасыл түсті заттардың бәріне талпынады, бұл түстің жұмсақ, нәрлі және қауіпсіз екенін сезгендіктен болар. Сондықтан балаға қауіпті заттар жасыл болмауы тиіс. Жасыл түс ұйқысыздықты емдеу үшін қолданады. Сол үшін сәби төсегінің төбесіне жасыл сүлгі немесе ойыншық іліп қойыңыз, сонда балаңыз тәтті түстер көріп ұйқтайтын болады.
Кеңес: Жасыл суреттері бар кітапшаларды балаңызға оқып, әңгімелеп берсеңіз бала тез қабылдайды, әрі көп ақпарат қабылдауға зейіндірек болады. Бұл түс есте сақтау қабілеті мен шығармашылықты дамытады. Егер сәби ауырып қалса, жасыл түсті киімдір кигізіңіз, өйткені бұл түс ағзаны сауықтырады. Жасыл түстің зиянды қасиеттері жоқ, алайда бұл түс тым көп боп кетесе іш пыстыруы мүмкін.
- Сәнді киім - жетілген қоғам белгісі
Сән дегеніміз не? Мода (сән) - латын сөзі белгілі бір өлшем, тәртіп, әдіс, образ, іс-әрекет түрі, уақытша келісімді - сәнді киіне білу деген ұғым береді
. Біздің өмірімізде сәннің рөлі қандай?
Ешқандай сәнді мойындамаймын деп мәләмдейтін адамдар бар; алайда жұрт сияқты олар да үстіне “бірдеңелер” киеді, ал осы “бірдеңелердің” өзі де қандай да бір сән түріне жататынын білмейді. Демек, сәнді мойындауға да, мойындамауға да, оған таңдануға немесе реніш білдіруге де, оның жасаушысы да, құлы да болуға болады - бірақ та сәнге қатыссыз қалу мүмкін емес. Демек, сән дегеніміз - қоғамдық өмірдің бір бөлшегі, әлеуметтік құбылыс. Сәнді киімге деген сұраным - қоғамның білім және мәдениет, этикет дәрежесіне қатысты екені түсінікті.
Киім - ең бірінші қажеттілікке жатады, оны өндірумен - әр түрлі өнеркәсіп салалары, ал сатумен орасан көп дүкендер айналысады. Осы тұрғыдан алғанда сән - экономикалық құбылыс.
Сән қашан, қалай пайда болды деген екінші сұраққа ұғымды жауап: сән адамзат пайда болғалы бері бірге жасасып келеді деуге болады. Сондықтан костюм тарихын зерттегенде бұл кәдімгі өз тарихымыздың бір бөлігі екенін ұмытпаған жөн.
Сұлба - тік жазықтағы көлемді форманың проекциясы. Бұйымның негізгі нұсқалары, ұзындығы, енін, бел сызығының орнын және т. б. белгілерін анықтайды. [2-66-76 б. ] .
Пропорция - бұл костюм бөліктерінің бір-біріне сәйкес келуі. Адамның денесінің сыртқы формалары жекелеген белгіерімен сипатталады. Оларға жаппай өлшемді, белгілердің дененің жекелеген бөліктердің өлшемдерін, формасын, тепе-теңдігін, бойын, дене құрылысын жатқызады. [2-103-117 б. ] .
Талғам дегеніміз - бәрінен бұрын адамның өзіне шек қоя білуі (нені, қайда, қашан қию керек, өзінің сырт келдетіне көзқарасы, өзін-өзі ұстай білуі және т. б. )
“Костюм” - (французша costume - киім-кешек), өте маңызды термин, бұл бір халықтың, таптың, дәуірдің тұрақты қалыптасқан, жалпыға ортақ иесін осы терминмен атайды. Костюмнің бұл қасиеті әсәресе театр сахнасында, кинематографиядан айқын көрінс тапқан
Сахнаға арнап костюм жасау - көркем творчествосының ауқымы кең, қызықты саласы. Бізді әсіресе театр костюмінің образдылығы, басқаша айтқанда, адамның мінез-құлық ерекшелігін, дербестігін, оның сыртқы бейнесінің ажырағысыз бөлігі - киім арқылы білдіру жағы қызықтырады. Өйткені костюмнің осы қасиеттеріне қазіргі сән ерекше ықылас қоюда.
1. 1. 3. Ұлттық киімдер туралы
Қазақ халқы, біздің сонау көне замандардан бастап өмір сүрген ата-бабаларымыз өнердің қай түрін болмасын қасиеттеп, қадірлеп, тіптен пір тұтып, көздің қарашығындай аялап сақтаған. Содан да болса керек, ата-бабаларымыздың қай дәуірде, қай кездерде, қандай жағдайда болмасын өмір сүрген ортасының тыныс-тіршілігінен мағлұмат беретін, жерінің табиғатының байлығын, дархан даладай көңіл-күйінің кеңдігін танытатын, сұлулық пен сезімталдыққа деген көзқарасын бүгінгі күнге қаз-қалпында жеткізетін өсиетіндей, өлмейтін мәңгілік алтын қазына, асыл мұралары жетерлік.
Тәуелсіз мемлекет атанып, көк аспанымызда көк байрағымыз желбіреп, алақанымызға төл теңгеміз түсіп, барлық мемлекеттермен тереземіз тең болып жатқан тұста ұлттық сана-сезіміміз өсіп, ұмтыла бастағанымызда іздеуге мүмкіндік туып, даңғыл жол ашылды. Бабаларымыздан жеткен асыл мұраны шаң басқан жерінен сілкіп, тот басқан бетін аршып, кейінгі ұрпаққа қайтаратын кез жетті.
Ықылым заманнан, адамдар алғаш аң терісін алып, өздеріне жамылуды, одан түрлі нәзік талшықты өсімдіктерден жамылғы тоқуды үйренген кезден бастап санада «киім» деген ұғым пайда болды.
Талай тарихымыз жыр кестесіне төгілген қазақтың «Батырлар жырын» қарасаңыз, «ақ берен», «сауыт», «көбе» деген сөздер көптеп кездеседі. Олар - батырлардың киімдері. «Еруліге-қарулы» дегендей, содан кейін «көбебұзар» деген жебелер де жасалғаны белгілі.
Алдымен суықтан, кейін дұшпаннан қорғану үшін қажет болған киімдер жетілген сайын қоғамдық мәнге де ие бола түсті. Ол сән мен салтанатты байқататын бірден-бір құралға айналды. Моральдық және рухани жағынан адамды ашатын дүниенің бірі де осы киім екендігін қазір әркім іштей мойындайды.
Қаншама ұлт болса, соншама ұлттық киім үлгілері қалыптасқан. Өйткені, әрбір ұлт өзінің тұрып жатқан жер жағдайына, ауа райына, тарихи жолдарына, әлеуметтік жағдайларына қарай өздерінің киім үлгілерін қалыптастырған.
Қазақтың ұлттық киімдері де өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығымен, сәнімен осындай сан ғасырлық тарихтың иісін сақтаған, бедерін жеткізген. Қазақтың ұлттық киімдеріне қарапақ қазақтардың қандай халық болғанын білуге болады.
Осынау ұлан - байтақ алып сахараны, оған көз тіккендерден қорғап қалу бабаларымызға оңайға түспеген. Сол үшін «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» да болды. Осындай замандарда күндіз киіп, түнде жамылып жата кететін шапаннан лайық киім болар ма? Ол өзі кигенде жеңіл, ал жатқанда жылы болуы үшін қандай материалдан жасалу керек ? Әрине жүннен. Онда да халқымыз шапанды түйенің жүнінен сырып жасаған. Осылайша өзі жеңіл, өзі жылы, осы ыңғайлы ұлттық киім үлгісі - шапан дүниеге келген. Халқымыздың байырғы кәсібі мал бағу болғаны да оның киімдерінен аңғарылып тұрады. Мал соңындағы кісі үнемі ат үстінде жүретіні белгілі. Аяғы үзеңгіден шықпақ емес. Жағдайда оған біріншіден, үнемі аяқты үзеңгіге тіреп отыру үшін оған табанды ауыртпайтын, оған салмақ түсірмейтін ерлер аяқ киімінің ұлтаны қалың болуы шарт. Екіншіден, қыстың аязында, күздің қара суығында ат үстінде жүретін еркектің тізесі тоңып қалмауы үшін аяқ киімнің қонышы тізеге дейін жетуін ойластырған. Оның ішіндегі киіз байпақ етік қонышынан да жоғары шығып, тізені толығымен қымтауға тиісті болған. Міне, ата-бабамыздың саптама етігі осылайша дүниеге келген.
Сырт киімдер тобы. Ұлттық сырт киімдер тобын ерлердің және әйелдердің сырт киімдері деп бөлеміз. Ерлердің сырт киіміне: шапан, шекпен, бешпет, кеудеше жатады. Ал әйелдің сырт киімінен бешпет, камзол, кеудеше, желбегей, шалбар, белдемшелерді атап өтуге болады. Енді олардың біразына, яғни ассортименттерге жеке-жеке тоқталайық.
Шапан. Ұлағатқа толы ұлттық киімдердің ең төрінде қасиетті де қастерлі шапан тұрары талассыз. Ол - қазақтардың ең ежелгі, әрі ең негізгі сырт киімі болып табылады. Шапан қазіргі заманғы бірнеше түрлі сырт киімдердің міндетін жалғыз атқарып, қазақтарды суыққа ұрындырмады, ыстыққа қалдырмады. Төрдегі орнын төмендетпеді, еңбектегі үлесін кемітпеді. «Шапан жабу» аса сыйлы адамдарға, мерейтой иелеріне көрсетілер құрмет болып табылады. Демек, шапан - жай киімдердің қатарынан көтеріліп, дәрежені, ықыласты білдірерлік нышанға да айналған. Шапан жібек, жүн және мақта материалдарынан тігілетін болған.
Бешпет. Ғасырлар бойына қалыптасқан ұлттық киімдерінің ортасында бешпеттің жөні бөлек. Бешпетті түйенің жүнінен басып, соның жұқа матасынан тіккен. Бешпеттер әшекейленген. Мәселен бір бешпеттің әшекейі - тігінен және көлденеңінен түсетін меандрлар - толқын тәріздес суреттер. Суреттің басты элементі-бір-бірінен шығып, айналып тұрған шымқай шеңберлер. Олар қазақтың қошқар мүйіз оюы үрдісіндежапсырылған. Қазақ қашан да қошқар мүйізді барлық пен дәулеттің, юайлық пен сәулеттің белгісі санаған. Бешпеттің қалтасы бар, оған да ою түскен. Бешпеттердің бәрі мата белбеумен орап буылады. Ол маталардың түсі жең мен жағаның жапсырмасымен бір түстес болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz