Жылжымайтын мүліктер агентігі


Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

Казахский экономический университет им Т. Рыскулова

ТЕКСЕРГЕН:

«ҚИ» кафедрасының

оқытушысы

ф. -м. ғ. к., доцент Заурбеков Н. С.

"" 2007 ж

ОРЫНДАҒАН:

«Инженерлік - экономикалық»

факультетінің «Есептеу техниасы және

программалық жабдықтау»

мамандығы бойынша оқитын

2 курс студенті

Досмаилов Ж. К.

“Жылжымайтын мүліктер агентігі“

К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С

(«Программалау технологиясы» пәні бойынша)

АЛМАТЫ

2007

МАЗМҰНЫ

:
: 1. Мәліметтер қоры
: 2
:
: 2. Delphi ортасындағы мәліметтер қорын басқару жүйелері
: 2
:
:

3. Мәліметтер қорымен байланысатын құрауыштар

және оқиғалар. Table, TDatasource және TField құрауыштары

: 5
:
: 4. Delphi ортасында «Жылжымайтын мүліктер агентігі» АБЖ-ін құру
: 8
:
: 5. Database Desktop көмегiмен кесте құру
: 9
:
: Қорытынды
: 21
:
: Әдебиеттер
: 22
:
: Бағдарлама мәтіні
: 23
:
:
:

Мәліметтер қоры

Ақпараттық жүйе және мәліметтер қоры дегеніміз - бұл пәндік саланың қандай да бір мақсатқа арналған модулі, яғни автоматтандырылған жүйені басқаруға қажетті пәндік сала жөніндегі фактілер мәліметтер қорынан көрініс табады. Жобалаушы мәліметтер қорын (МҚ) жобалауда осы күтілетін фактілерді сипаттап, ерекшелеп көрсету қажет, бұдан мәліметтер қорының пәндік саласының шекарасы айқындалады. Одан кейін осы фактілердің сипаттамадағы интерпретациясын орындау қажет.

МҚ-на қатысты объектілер, олардың қасиеттері мен қатынастары белгілі болса, онда МҚ-ың пәндік саласы болып есептеледі. МҚ-ын жобалау пәндік саланы алдын-ала құрылымдаудан басталады.

Пәндік сала - бұл нақты мәліметтер банкінің қолданылу аясы. Мәліметтер қоры қолданылу сферасына қарай: кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару, көлік, басқару, медицина, ғылыми зерттеулер және т. б. болып бөлінеді.

Мәліметтер қоры - бұл өзінің құрамына пәндік саланың динамикалық, ақпараттық моделін сүйемелдейтін арнайы әдістері мен құралдарды қамтитын ақпараттық жүйе болып табылады. Оның мақсаты пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын қамтасыз ету.

Мәліметтер қорындағы мәліметтер кестелерде сақталады. Кестелердің әрбір бағаны өріс - деп аталады. Әбір жолы жазулар - деп аталып, бір жазу белгілі бір объекті туралы мәліметтерді жинақтайды.

Delphi бағарламалау тілінің мүмкіндігі өте жоғары. Себебі ол әртүрлі мәліметтерді сақтауға және өңдеуге мүмкіндік береді. Delphi ортасында әртүрлі мәліметтер қорының түрлерімен жұмыс істеуге болады. Мысалы бір компьютерде мәліметтер қорын құрып және осы мәліметтер қорын желіге арнап баптау жасасақ желілік мәліметтер қорына өзгереді.

Бұл мүмкіндіктер әртүрлі мәліметтер қорын Delphі бағдарламалау тілімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Delphi ортасын Paradox, dBase, Microsoft Access, FoxPro, Oracle, InterBase, SyBase т. б. мәліметтер қорын басқару жүйелерін арнай құрауштар комегімен байланыстырып автоматтандыруға болады.

Delphi ортасындағы мәліметтер қорын басқару жүйелері

Мәліметтер қорының орналасу орнына және мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен өңдеу әдістеріне байланысты, мәліметтер қорын басқару жүйесі екі типке бөлінеді: жергілікті (локальный) және тұтынушы-сервер (клиент-сервер) .

Жергілікті (локальный) архитектурада мәліметтер қоры және мәліметтер қорын пайдаланушы қосымша бір жерде орналасады. Бірақ мәліметтер қорына қатынау, өзара желі бойынша жалғанған басқа компьютерлердегі қосымшаларға қажет болған жағдайда келесі әдіс қолданылады. Мәліметтер қорының файлдары желідегі барлық компьютерлердің қатынау мүмкіндігі бар серверлік файлдарда орналасады. Желі бойынша жалғанған әртүрлі компьютерлердегі қосымшалар бір уақытта серверлік файлдарға жүгіне алады. Бұл жағдайда сұранысқа сәйкес мәліметтер кестесі пайдаланушының компьютеріне көшіріліп, ары қарай өңдеуге дайын тұрады.

МҚБЖ-нің тұтынушы-сервер (клиент-сервер) архитектурасында мәліметтерді өңдеудің және МҚ-ның сәйкестігін сақтау ауыртпалықтары толығымен қосымшаға түседі. Ал сервердегі МҚ тек қана басым мәліметтер көзі болып келеді.

Мұндай архитектураның бір қатар кемшіліктері бар: желілік трафиктің үлкен көлемі желінің аса жүктелуіне әкеледі. МҚ-на қатынауды қадағалаудың және МҚ қорғаудың практика жүзінде, бір уақытта желімен жалғанған тек 5 немесе 8 қосымшаның қатынауына мүмкіндік бере алады.

“Клиент-сервер” архитектурасы МҚ сервері және клиенттік қосымша функцияларын жіктеу есебінен тұтынушы-сервер (клиент-сервер) архитектурасының кемшіліктерін дұрыстауға мүмкіндік береді.

Мәліметтердің бүтінділігін қамтамасыз етуді, МҚ-на қатынауды қадағалауды және клиенттер сұранысының өңделуіне серверлік МҚБЖ жауап береді. Басқа компьютерде орналасқан клиенттік қосымшадан, желі арқылы мәліметтерге жүргізілетін іс-әрекеттердің орындалуын қалыптастыратын бұйрықтар беріледі. Серверлік МҚБЖ бұл бұйрықты қабылдап өз компьютерінде орындайды. Клиенттік қосымшаға тек орындалған бұйрықтың нәтижесі ғана қайтып оралады.

Көп жіктік тұтынушы-сервер (клиент-сервер) архитектурасы. Тұтынушы-сервер (клиент-сервер) архитектуралық идеясын жетілдіру көп жіктік архитектураның пайда болуына алып келді.

Тұтынушы-сервер (клиент-сервер) архитектурасы екі жіктік болып келеді. Келесі мысалды қарастырайық. Айталық серверлік МҚБЖ-мен бір уақытта, түрлі континенттерде орналасқан және МҚБЖ-мен Интернет арқылы байланысқан жүздеген қосымшалар жұмыс жасасын. Мұндай жалпыланған ортаға қызмет көрсету үшін, барлық компьютерлерге МҚ-мен жұмыс жасайтын қосымшалар мен кем дегенде BDE қою үшін көптеген қаржы қажет. Осының бәрін жасау, территориялық таралуға байланысты, өте қиын.

Бұл проблеманы шешу үшін үш жіктік архитектура конценциясы олап табылды. Мұндай архитектурада клиент пен МБ серверінің арасында серверлік қосымшалар орналасады. Оның мақсаты МБ-мен жұмыс жасайтын қосымшаның барлық бизнес - логикасын орындау. Тек осы компьютерге ғана BDE қондырылған. Ал клиенттік компьютерлерге қосымшаларды қондырудың қажеті жоқ.

Клиент Интернет браузерді пайдалана отырып, сервер қосымшаға белгілі бір бизнес-ережелерге сәйкес операцияларды орындауға нұсқаулар береді. Сервер қосымша бизнес-ережеге байланысты барлық бұйрықтарды орындап, мәліметтер өңдеушісін МҚ серверінен сұрап, нәтижесін клиентке қайтарады. Нәтиже клиент браузерінен көрініс табады.

Автоматтандырылған басқару жүйелері

Мәліметтер қоры автоматтандырылған жүйелердің құрамындағы ішкі жүйені арнайы қамтамасыз ету ролін атқарады. Автоматтандырылған жүйенің құрамына кіретін ішкі жүйеге келтірілген анықтама мәліметтер банкінің шекарасын бөліп көрсетеді. Бұл шекара ақпараттық модельді сүйемелдейтін мәселемен анықталады, ол пайдаланушылардың ақпараттық сұранысты талап ету жағдайымен және онымен қамтамасыз етілуіне байланысты. Сондай-ақ, бұл шекара шартты түрде алынған және мәліметтер қорын жобалуға кіретін мәселелерді бөліп көрсету үшін әдістемелік мақсатта пайдалынады. Енгізілетін ақпарат және шығарылатын ақпарат ақпараттық модельдің бөлігі ретінде қарастырылмайды. Енгізілетін ақпарат дегеніміз ақпараттық модельге енгізілуге дайындалған және автоматтандырылған жүйеде ішкі жүйенің ақпаратты жинақтау мен тіркеу жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Ал, шығарылатын ақпарат автоматтандырылған жүйенің ішкі жүйесінің кірісіне түсетін ақпараттың таралуы мен бейнеленуі, модельдегі ақпартты өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат. Автоматтандырылған басқару жүйелердің мектепте оқытылу әдістемесі аса маңызды орын алады. Мектептегі автоматтандырылған басқару жүйелері білім беру жүйесінде есеп беру, мектептің құжаттарын және оқу үлгерімін, оқуға қатысуын жобалау болып келеді.

Жүйе деп - белгілі бір байланыста болатын және бір-бірімен бір бүтін орта құрайтын элементтер.

« Пайдаланушы жүйе » - функционал жүйе, белгілі бір есепті шығару үшін компьютерлік өңдеудің практикалық іс-жүйесі. Пайдаланушы жүйеге есептелетін өндіріс орнындағы қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орны, іс-қағаздар айналым жүйесі, есеп-қисабы жатады.

Ғылымда және өндірісте дербес компьютер базасында құрылған автоматтандырылған басқару орындары (АБО) үлкен жетістіктерге жеткізді.

Автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) қойылған дербес компьютер - автоматтандырылған басқару орны деп аталады. Кез келген АБО-ын қолдана отырып өз жұмыстарының өнімділігін, және тез арада есеп беру мүмкіндігіне ие болады.

Автоматтандырылған басқару жүйесін құруда:

  • жүйені құрудың мақсаты мен есебін анықтау;
  • жүйенің жеке модульдерінің функциясын көрсетіп, құрылымын жобалау;
  • жүйенің функционалдық бөлшектерінің негізгі алгоритмдерін құру;
  • алгоритмдер және жобаны құруға дайындалған тәсілді таңдау;

Мәліметтер қорымен байланысатын құрауыштар және оқиғалар

Table, TDatasource және TField құрауыштары

Мәліметтер қоры үшін қосымшылар әдістемесі екі бөлімнен тұрады:

  • Мәліметтер қорын құру яғни кестелердің бағаналарымен анықталуы. Бұл мәліметтер қоры қабықшасының көмегімен немесе мәліметтер қорындағы мәліметтер қорындағы клиент/сервер архитектурасындағы Windows ISQL құралы арқылы жүзеге асады.
  • Delphi ортасының программалау қосымшалар мен қабықшалар мәліметтер қорына кіру мүкіндігі ретінде пайдаланады.

Бұндай мәліметер қорының қосымшалары үшін Delphi ортасында келесі құрауыштар тобы қарастырылады:

  • Мәліметтерді басқару тобы деп аталатын диалогтық элементтері бар топ. Бұл топқа бейнеленілетін ақпараттың дайын болуын және мәліметтер қорының элементтері бойынша интерактивтік навигация мен олардың интерактивтік өзгеруін қамтамасыз ететін алаң редакторы (DBEdit), метка (DBText), кестелер(DBGrid) жатады. Мәліметтерге кіру үшін диалогтық элементтерді басқару элементтері мен мәліметтер қоры арасында байланыс құрайтын визуалды емес құрауыштар қолданылатын құрауыштар тобы. BDE-нің көмегісіз мәліметтер қорымен байланысу ADO InterBase құрауыштар группасында қарастырылады. Мәліметтер қорының үшдеңгейлі қосымшаларын өңдеуде MIDAS құрауыштары қолданылады. TTable, TDataSource және TFIeld құрауыштары және First, Prior, Next, Last әдістері.

TdataSet құраушы Tcomponent-нің туындысы болып табылады. TBDEDataSet-ң ұрпақтары TDBDataSet, TClientDataSet, TCustomADOdataSet, TIBCustomDataSet болып саналады. TDBDataSet құраушынан TTable, TQuery, TStored Procedure келіп шығады. TDataSet құраушы үшін абстрактілі әдістерге үндеу беретін абстрактілі қасиеттер мен әдістер келтіріледі.

Procedure First;

Procedure Prior;

Procedure Next ;

Procedure Last;

Осы әдістердің көмегімен көрсеткіш бірінші / First/ бұрынғы / Prior /, келесі / Next / және соңғы / Last / жазуларына ауысады.

BOF, EOF /тек оқу үшін ғана/

Property BOF, Boolean;

Property EOF, Boolean;

EOF қасиеті true мәндерді қабылдайды, егер:

  • Бос DataSet құраушымен ашылса;
  • Last әдісі шақырылса;
  • Next әдісі шақырылады және шақырылу барысында соңғы жазуға орнатылған болса;
  • SetRange мәндерден тұрмайтын диапазонымен шақырылса.

BOF қасиеті true мәндерді қабылдайды, егер:

  • DataSet құраушы ашылса;
  • First әдісі шақырылса;
  • Көрсеткіш бірінші жазуға орнатылмай тұрып, Prior әдісі шақырылса;
  • SetRange әдісі бос диапазонымен шақырылады.

Бұл екі қасиеттер жазулар мәліметтер қорынан алынған циклдерді іріктеуде шарттарды қоюға қажет болады. Әдетте кең ауықымды мәліметтер қорында стандартты функциялар болады. Мысалға, егер 5432 / өзгерістер енгізу үшін/ нөмірлі адресті табу керек болса, онда пайдаланушыдан DBNavigator құраушында 5 мыңнан артық шерту қажет етілмейді.

Жобалау барысында бұл функцилар іске асырылмайды, бірақ бізге жазуды өзгерту керек болып тұр. Олай болса «Шертуді жүзеге асыру» процессін келесі программалық кодтың көмегімен орындалады.

Procedure Tform. ButtonClick( Sender:TObject) ;

begin

abbruch:=false;

with table do

while not EOF{BOF} do

begin

Next {Prior};

Application. ProcessMessages;

if abbruch then exit;

end;

end;

Procedure Tform. ButtonClick( Sender:TObject) ;

begin

abbruch : = true;

end

Button1 батырмасын шерткеннен кейін келесі /бұрынғы/ жазуға орналасатын көрсеткіші циклді жібереді. BitBtn батырмасын шерткенде abbruch глобалдық айнымалылар . true мәнін қабылдайды және орналасу циклі мәліметтер жиыны бойынша үзіледі.

FindFirst, FindPrior, FindNext, FindLast әдістері

function FindFirst; Boolean;

function FindPrior ; Boolean;

function FindNext; Boolean;

function FindLast; Boolean;

Бұл әдістердің көмегімен сұрыпталған жиынында мәліметтерді орналастырады.

Locate әдісі

function Locate( const Key Fields: string) ;

(const KeyValues:Variant; Options: TLocate Options) ;

Locate әдісі жазуларды мәндер бойынша іздеу үшін қолданылады. Келесі мысалда көрсеткіш бірінші жазуға орналасады. Бұнда Name алаңында Бэрт мәні, First Name алаңында Хеллер мәні берілген.

Option параметрі үлкен немесе әріптермен жазылу елеумеушілігін қамтамасыз етеді.

Table Locate Name (‘Name, First Name’) ;

Var array of ( [ ‘Бэрт’, ‘Хеллер’] ) ; (] )

Қабаттар бойынша навигацияны қамтамасыз ететін әдістер

TBookmark=Pointer;

function GetBookmark: TBookmark;

Procedure GotoBookmark(Bookmark: TBookmark) ;

Procedure FreeBookmark(Bookmark: TBookmark) ;

Function СompareBookmarks(Bookmark1, Bookmark2 :TBookmark) : Integer;

GetBookmark әдісінің көмегі арқылы мәліметтер жиынына қабаттарды орналастыруға /ағымдағы жазуды маркерлеуге/ болады. Нәтижеде жоғарыда айтылған әдістер бойынша GotoBookmark әдісінің қолданылуын ұстанамыз.

Қажет емес қабаттар FreeBookmark әдісі арқылы босатылады, ал СompareBookmarks әдісі екі закладка көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік береді.

Private

{private-Declarationen}

BM1: TBookmark;

Қабаттарды қолданудан бұрын TBookmark айнымалылардың сәйкес болатын санын анықтау керек.

Procedure Tform. Mark2Click( Sender:TObject) ;

begin

BM1:= Table. GetBookmark;

end;

Procedure Tform. Goto2Click( Sender:TObject) ;

begin

table1. GotoBookmark(BM1) ;

end;

TBDEDataSet құрауышы Delphi-ің үшінші нұсқасында енгізілген. Delphi-ің қазіргі нұсқасында TBDEDataSet -ң қасиеттері, оқиғалары және әдістері TdataSet құрауышында өңделген.

Delphi ортасында «Жылжымайтын мүліктер агентігі» АБЖ-ін құру

АБЖ - ін құрар алдында, қолданушыға осы АБЖ қандай мәліметтер алу керегін және әрбір мәліметтің қандай қалыпта болуын анықтау керек. Осы мәліметтерді жинақтап болған кезде біз жобалау жұмыстарына кірісе аламыз. «Жылжымайтын мүліктер» құру үшін біз жылжымайтын мүліктерге қатысты барлық мәліметтерді жинақтап және осы мәліметтердің бір-біріне қандай қатынаста болатындығын анықтаймыз. Алынған мәліметтерге қарап кестелер құрамыз.

1 кесте

Кесте өрісінің аты: Кесте өрісінің аты
Кесте өрісінің шамасы: Кесте өрісінің шамасы
Кесте өрісінің аты: Key (реттік номер, кілтік өріс)
Кесте өрісінің шамасы: AutoIncrement (сандық шама)
Кесте өрісінің аты: Bid (түрі)
Кесте өрісінің шамасы: Alpha (мәтіндік шама)
Кесте өрісінің аты: Uroven (деңгейі)
Кесте өрісінің шамасы: Number (нақты шама)
Кесте өрісінің аты: Ushastok (участок)
Кесте өрісінің шамасы: Number (нақты шама)
Кесте өрісінің аты: ObshPl (жалпы ауданы)
Кесте өрісінің шамасы: Number (нақты шама)
Кесте өрісінің аты: JilPl (тұрғын жер көлемі)
Кесте өрісінің шамасы: Number (нақты шама)
Кесте өрісінің аты: Kuhnia (ас ішетін бөлме)
Кесте өрісінің шамасы: Number (нақты шама)
Кесте өрісінің аты: Coct (жағдайы)
Кесте өрісінің шамасы: Alpha (мәтіндік шама)
Кесте өрісінің аты: GodPos (жылы)
Кесте өрісінің шамасы: Short (сандық шама)
Кесте өрісінің аты: Ctoim (бағасы)
Кесте өрісінің шамасы: Money (ақшалық шама)
Кесте өрісінің аты: Photo (суреті)
Кесте өрісінің шамасы: Graphic (графика)

Database Desktop көмегiмен кесте құру

Database Desktop-ты жүктейік. File / New командасын таңдау арқылы бiз келесi қосымша менюдi көре аламыз:

QBE Query: QBE Query
Визуальды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу: Визуальды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу
QBE Query: SQL File
Визуальды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу: SQL-де сұраныстар жасау және оларды файлға жазу
QBE Query: Table
Визуальды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу: Жаңа кесте құру

Table - командасын таңдап алыңыз. Төмендегi суретте көрсетiлгендей сұхбат терезесi ашылады. Сырғымалы тiзiмнен МББЖ таңдап алуға болады. Қалыпты жағдайда Paradox 7 - нi таңдап алып ОК түймесін басыңыз.

Төменгi суретте көрсетiлгендей кестенiң құрлымын құрушы терезе ашылады.

Өрiстердi (поле) беру

TField құрауыштарын құру үшін мәліметтер компонентіне тышқанмен шерту қажет, нәтижеде алаң редакторы ашылады. Тышқанның оң жағын шерту арқылы контекстік менюден Add Field пунктін таңдау керек. Ашылған терезеде барлық алаңдар белгіленген кесте алаңының тізімі бейнеленеді. Бейнеленген терезеде ОК батырмасына шерту арқылы TField құрауышын құрамыз. Құрауыштар қасиетін объектілер инспекторында өзгертуге болады.

Контексттік менюдегі New Field пуктына шерту арқылы TField құрауышын құруға көмек беретін біратты терезе бейнелінеді.

TQuery компонентінің көмегімен оның SQL қасиетіне келесі мәндерді енгізуге болады.

SELECT price, quantity, price* quantity cost

from

Ал TTable құраушының көмегімен қосымшаның орындалу уақытымен бір уақытта есептелінетін алаң құруға болады. Оны құру үшін контекстік менюден New Field құрын таңдау қажет. Ашылған терезеде баған атын енгізу керек. Баған атыне енгізу процесі компоненттер аттарына негізделген. Келесі кезекте алаң өлшемін енгізу керек. Есептелінетін алаңның алогритмін өңдейтін код TDataSet құрауышының OnCalcFields оқиғасына жазылады.

Әр өрiске ең алдымен ат ( Field Name ) берiледi. Ол өрiс идентификаторы деп аталады және 25 символдан тұруы мүмкiн. Бос орыннан басталмауы керек (iшiнде бос орын бола бередi) . Біздің мысалда ол идентификаторлар жоғарғы кестеде, екінші жолда көрсетілген. Содан кейiн өрiстiң типiн ( Type ) анықтау керек. Өрiс типiн тышқанның оң жақ түймешелiгiн немесе бос орын түймешесін басу арқылы контекстiк менюден таңдап алуға болады. Paradox 7 - де мынандай мүмкiн типтер бар:

Белгiленуi: Белгiленуi
Размерi: Размерi
Тiзiмдегi белгiленуi: Тiзiмдегi белгiленуi
Түсiнiктеме: Түсiнiктеме
Белгiленуi: А
Размерi: 1-255
Тiзiмдегi белгiленуi: Alpha
Түсiнiктеме: Жолдық өрiс.
Белгiленуi: N
Размерi:
Тiзiмдегi белгiленуi: Number
Түсiнiктеме: Нақты сандар - 10 307 -10 308 .
Белгiленуi: $
Размерi:
Тiзiмдегi белгiленуi: Money
Түсiнiктеме: Оң және терiс сандар, Number - ден берiлу формасы мен ақша бiрлiгi символымен ерекшеленедi.
Белгiленуi: S
Размерi:
Тiзiмдегi белгiленуi: Short
Түсiнiктеме: Қысқа бүтiн сандар: - 32 767 ден 32 767 дейiн.
Белгiленуi: I
Размерi:
Тiзiмдегi белгiленуi: Long Integer
Түсiнiктеме: Үзын бүтiн сандар: -2 147 483 648 ден 2 147 483 647 дейiн.
Белгiленуi: #
Размерi: 0-32
Тiзiмдегi белгiленуi: BCD
Түсiнiктеме: BCD форматтағы сандар. Жоғарғы нақтылықты қажет ететiн есептеулер үшiн пайдаланылады.
Белгiленуi: D
Размерi:
Тiзiмдегi белгiленуi: Date
Түсiнiктеме: Датаны көрсететiн мән.
Белгiленуi: T
Размерi:
Тiзiмдегi белгiленуi: Time
Түсiнiктеме: Уақытты көрсететiн мән.
Белгiленуi: @
Размерi:
Тiзiмдегi белгiленуi: Timestamp
Түсiнiктеме: Датаны және уақытты сақтайтын мән.
Белгiленуi: M
Размерi: 1-240
Тiзiмдегi белгiленуi: Memo
Түсiнiктеме: Ұзындығы шектелмеген мәтiндерге арналған өрiс.
Белгiленуi: F
Размерi: 0-240
Тiзiмдегi белгiленуi: Formatted Memo
Түсiнiктеме: Форматталған мәтiндер сақталатын өрiс.
Белгiленуi: G
Размерi:
Тiзiмдегi белгiленуi: Graphic
Түсiнiктеме: . bmp форматтағы файлдағы суреттер.
Белгiленуi: O
Размерi:
Тiзiмдегi белгiленуi: OLE
Түсiнiктеме: OLE типтi мәлiметтер - суреттер, дыбыстар, құжаттар. Database Desktop бұл форматтарды қолдамайды. Бұл өрiстер мәнiн Paradox 7 мен Delphi жобаларында ғана көруге болады.
Белгiленуi: L
Размерi:
Тiзiмдегi белгiленуi: Logical
Түсiнiктеме: Логикалық өрiстер. Қалыпты жағдайда - true және false деген мәндер қабылдайды.
Белгiленуi: +
Размерi:
Тiзiмдегi белгiленуi: Autoincrement
Түсiнiктеме: 1 мөлшерге өсiп отыратын ұзын бүтiн сан. Тек оқуға арналған. Өшiрiлген кезде қалған өрiстердiң мәнi өзгермейдi.

Бiздiң мысалда Autoincrement типiн ID өрiсiне, Alpha типiн Dep, Fam, Nam, Par, NamDis өрiстерiне Short типiн Year_b өрiсiне, Memo типiн Charact өрiсiне, Sem өрiсiне Logical типiн және Photo өрiсiне Graphic типiн беру керек.

Кейбiр типтерге мысалы, Alpha типiне қосымша өлшемін беру керек ( Size ) . Ол символдардың саны. Ал кiлттiк өрiс * символы арқылы берiледi.

Кесте қасиетiн анықтау

Ендi төменгi суреттегi терезенiң оң жағына назар аударыңыздар. Ол жерде кесте қасиетi берiледi ( Table properties ) . Жоғарғыдағы сырғымалы тiзiм.

Validity Checks - мәндердiң дұрыстығын тексеру

Оң жақтағы бөлiкте өрiстердiң мынандай характеристикаларын бере аласыз:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие бойынша қарыз үлесі ретінде
Муниципалды меншікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
Қысқа мерзімді несиелендірудің қазіргі тәжірибесі. Қысқа мерзімді несиені ұсыну және өтеу тәртібі
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының көрсеткіштері
Қазақстан Республикасында тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүліктер рыногының қалыптасуы мен дамуы
Инвестициялық қызметтің объектілері
Жылжымайтын мүлік объектісінің жіктелуі
Жылжымайтын мүліктің объектілерін бағалау
Несие және несиелік операциялардың мәні
Банк жүйесінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz