Қазақстан жануарлар дүниесінің топонимдердегі көрінісі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
I . тарау. Қазақстанның жер . су атауларын зерттеу тарихына қысқаша шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
II . тарау. Қазақстанның жануарлар әлеміне жалпы сипаттама ... .. 8
III . тарау. Қазақстан топонимиясында жануарлардың атымен байланысты географиялық атаулардың алатын орны ... ... ... ... ... ...
17
IV.тарау. Жануарлар атымен аталатын атауларға шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20
V . тарау. Зоотопонимдердің жануарлардың ареалдарын анықтау үшін маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
41
VI . тарау . Жануарлардың атымен аталатын жер . су атауларын
мектеп оқытудың кейбір тиімді әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

Дүние жүзі тілдерінде не көп десек, жалқы есім көп, оның ішінде жер – су аттары (топонимдер) көп, біздің Қазақстанда одан кенде емес. Қазақ жерінің ойы, қыры, тауы, даласы, көлі, өзен – бұлақтары, жан – жануарлары, қысқасы сан – салалы табиғат көрінісінің әрбір аттамы атсыз емес. Меншіктеп берілген өз аттары бар, атсыз адам болмайтын сияқты атсыз өңір жоқ. Тіл теориясы сөз атаулыны белгілі деп білетініндей, атауларда сол белгіге жатады, бірақ олар кәдімгі сағанаша орнатылған көрінеу белгілер емес. Әбір атау өз тұсындағы қоғам тіршілігінен, жұрт қалауынан туады. Сондықтан да кез келген сөз атау бола бермейді, «оған бір басшылық керек» дейтін қағиданың мәні сонда. Әрбір онома қоғамдық құбылыстың әр тұстағы бір көрінісі. Сондықтан да атау атаулының бәрі,сөз атаулының бәрі сияқты, қоғам ризығы, тарихтың ұшқыны, соның табы сіңген нысаналы белгі. Бұл топонимикалық атаулардың негізгі заңы.
Жалқы есімдерді түсіндіретін ілімді ономастика дейді.
Ономастика немесе ономасиология көне гректің onoma «есім, ат» (адамның аты, аңдардың немесе жер бетіндегі өзге түрлі обьектілердің аты, аспан әлеміндегі планеталардың, космос кеңістігіндегі жарық дүниелердің, галактика топтарының аттары болуы да мүмкін) + logos «ұғым,ілім» сөздерінен құралған есімдер туралы ілім деген мәні бар сөзі.
Ономастикалық зерттеулер талай ғылымның деректеріне сүйенеді. Көп жағдайда ол лингвистикалық деркетермен бірге география, тарих, этнография т.б. ғылым дерекетерін мол пайдаланады. Ол қоғамдық ғылымдармен ғана жанасып қоймай, табиғаттану, зоология, ботаника ғылымдарымен де ұштасып жатады. Демек, өзге ғылымдардың да ономастикадан алары көп. Одан ел мен ел арасында өткен түрлі мәдени және басқа қарым – қатынастар, көнедегі ру – тайпалардың миграциялық жолдары, этнотоптардың туыстықтары т.б. байқалады. Тарихшылар мен өлкетанушылар да ономастикаға зор назар аударады. Мәселен, поляк ғалымдары Т.Войцековский, Ф.Пекосинский т.б. Польшада бұл заманда ізі қалмаған, бірақ аттары сақталған өсімдіктер мен жануарлардың (зубр – қодастары) болған жерлерін, шектерін ажыратты.
Атау туралы ұғымдарымыз өзінің қарапайым болжам дәрежесінен артып күрделене түспек. Осы міндеттер тұрғысынан ономастика ілімін біріне- бірі жалғас, ара жігі іліктес ірі – ірі үш салаға бөлуге болады.
1. Топонимика – жер бетіндегі обьектілердің тілдік құрамын, мән – мағыналарын қарастыратын ілім;
2. Антротопонимика – адам аттарының шығу тарихын қарастыратын ілім;
3. Этнонимика – ру, тайпа, ел аттарының шығу тарихын, құралу, ыдырау процестерін қарастыратын ілім.

1. Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. Алматы, 1975 ж.
2. Әбдірахманов А. Терминдер мен атаулар сөздік. Алматы, 1990 ж.
3. Әбдірахманов А. Қазақстанның жер – су атаулары. Алматы, 1959 ж.
4. Әбдірахманов А. Қазақстан этнотопонимикасы. Алматы, 1939 ж.
5. Жанұзақов Т. Қазақстан географиялық атаулары. Алматы, 2005 ж.
6. Қоңқашбаев Ғ.Қ. Казахские народные географические термины. Известия АН СССР серия география. №3. 1951 г.
7. Әбдірахманов Ж., Нүсіпбеков Р., Кендірбеков А. Жаңарған Жетісу атаулары. Топонимдер анықтамалығы. Алматы
8. Нұрмағамбетұлы Ж. Жер судың аты – тарихтың хаты. Алматы, 1994 ж.
9. Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі. Алматы-кітап, 2003 ж.
10. Бірмағамбетов Ә., Туған өлкені зерттеушілер. Алматы, «Мектеп» баспасы, 1986 ж.
11. Бірмағамбетов Ә.,Қазақстанның физикалық географиясы.Алматы,2004 ж.
12. Тілеубердиев Б. Оңтүстік Қаазқстан топонимдерінің этнолингвистикалық сипаттары. Алматы, 1995 ж.
13. Айтбаев Ө., Әбдірахманов А., Әбілқасымов Б. Орталық Қазақстанның жер – су аттары. Алматы, 1989 ж.
14. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер – су аттары сөздігі. Алматы, 1985 ж.
15. Керімбаев Б. Атаулар сыры. Алматы, 1984 ж.
16. Қаймулдинова Қ. Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері. Алматы, 2001 ж.
17. Қазақ тіліндегі атаулар сыры. Алматы, « Ғылым» баспасы, 1998 ж.
18. Серікбаев М., Достай Ж. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарларының атымен аталатын атаулар картасы. М 1 : 3500000.Алматы, 2001 ж.
19. Әлменбаев К.М. Алматының хайуанаттар паркі. Алматы, « Қайнар» баспасы, 1987 ж.
20. Қайымов Қ. Аяулы хайуанаттар. Алматы, « Мектеп» баспасы, 1979 ж.
21. Әлиев Ш., Бекенов А., Қыдырбаев Х. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. Алматы, « Қайнар» баспасы, 1975 ж.
22. ҚазақССР – қысқаша энциклопедиясы. I – II том.
23. Қазақ Совет энциклопедиясы I – XII том.
24. Қазақстан Ұлттық энциклопедия. I – X том.
25. Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. Алматы кітап, 2004 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ
БАКАЛАВРЛЫҚ БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Қазақстан жануарлар дүниесінің топонимдердегі көрінісі
Орындаған: 050609 –
география
мамандығын бітіруші
Едилова Г. Б.
Ғылыми жетекшісі: Бірмағамбетов Ә.Б.
Нормабақылаушы: Ниетжанова Г.Е.
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі: Қасенов С.Қ.
Хаттама № ____ ______2009 ж
Алматы 2009
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
I – тарау. Қазақстанның жер – су атауларын зерттеу тарихына
қысқаша 6
шолу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
II – тарау. Қазақстанның жануарлар әлеміне жалпы сипаттама ... .. 8
III – тарау. Қазақстан топонимиясында жануарлардың атымен
байланысты географиялық атаулардың алатын 17
орны ... ... ... ... ... ...
IV–тарау. Жануарлар атымен аталатын атауларға
шолу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
V – тарау. Зоотопонимдердің жануарлардың ареалдарын анықтау
үшін 41
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
VI – тарау . Жануарлардың атымен аталатын жер – су атауларын
мектеп оқытудың кейбір тиімді 45
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
46
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
Пайдаланған әдебиеттер 47
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
Кіріспе
Дүние жүзі тілдерінде не көп десек, жалқы есім көп, оның ішінде жер
– су аттары (топонимдер) көп, біздің Қазақстанда одан кенде емес. Қазақ
жерінің ойы, қыры, тауы, даласы, көлі, өзен – бұлақтары, жан – жануарлары,
қысқасы сан – салалы табиғат көрінісінің әрбір аттамы атсыз емес. Меншіктеп
берілген өз аттары бар, атсыз адам болмайтын сияқты атсыз өңір жоқ. Тіл
теориясы сөз атаулыны белгілі деп білетініндей, атауларда сол белгіге
жатады, бірақ олар кәдімгі сағанаша орнатылған көрінеу белгілер емес. Әбір
атау өз тұсындағы қоғам тіршілігінен, жұрт қалауынан туады. Сондықтан да
кез келген сөз атау бола бермейді, оған бір басшылық керек дейтін
қағиданың мәні сонда. Әрбір онома қоғамдық құбылыстың әр тұстағы бір
көрінісі. Сондықтан да атау атаулының бәрі,сөз атаулының бәрі сияқты, қоғам
ризығы, тарихтың ұшқыны, соның табы сіңген нысаналы белгі. Бұл
топонимикалық атаулардың негізгі заңы.
Жалқы есімдерді түсіндіретін ілімді ономастика дейді.
Ономастика немесе ономасиология көне гректің onoma есім, ат
(адамның аты, аңдардың немесе жер бетіндегі өзге түрлі обьектілердің аты,
аспан әлеміндегі планеталардың, космос кеңістігіндегі жарық дүниелердің,
галактика топтарының аттары болуы да мүмкін) + logos ұғым,ілім сөздерінен
құралған есімдер туралы ілім деген мәні бар сөзі.
Ономастикалық зерттеулер талай ғылымның деректеріне сүйенеді. Көп
жағдайда ол лингвистикалық деркетермен бірге география, тарих, этнография
т.б. ғылым дерекетерін мол пайдаланады. Ол қоғамдық ғылымдармен ғана
жанасып қоймай, табиғаттану, зоология, ботаника ғылымдарымен де ұштасып
жатады. Демек, өзге ғылымдардың да ономастикадан алары көп. Одан ел мен ел
арасында өткен түрлі мәдени және басқа қарым – қатынастар, көнедегі ру –
тайпалардың миграциялық жолдары, этнотоптардың туыстықтары т.б. байқалады.
Тарихшылар мен өлкетанушылар да ономастикаға зор назар аударады. Мәселен,
поляк ғалымдары Т.Войцековский, Ф.Пекосинский т.б. Польшада бұл заманда ізі
қалмаған, бірақ аттары сақталған өсімдіктер мен жануарлардың (зубр –
қодастары) болған жерлерін, шектерін ажыратты.
Атау туралы ұғымдарымыз өзінің қарапайым болжам дәрежесінен артып
күрделене түспек. Осы міндеттер тұрғысынан ономастика ілімін біріне- бірі
жалғас, ара жігі іліктес ірі – ірі үш салаға бөлуге болады.
1. Топонимика – жер бетіндегі обьектілердің тілдік құрамын, мән –
мағыналарын қарастыратын ілім;
2. Антротопонимика – адам аттарының шығу тарихын қарастыратын ілім;
3. Этнонимика – ру, тайпа, ел аттарының шығу тарихын, құралу, ыдырау
процестерін қарастыратын ілім.
Сонымен, топонимика – ономастиканың кесек бір бөлігі. Ол да
лексикология сияқты сөз туралы ілім, тілдегі лексиканы, сөздік құрамды,
солардың қалыптасу тарихын қарастырады. Сол себепті ол тіл тарихы
мәселесімен сабақтас ілім, тіл білімі тұрғысынан тарихи лексикамен тікелей
байланысты.
Сөздіктің басты міндеті - өз құрамындағы сөздердің (топонимдердің)
ғана сырын ашу, бірақ Қазақстан топонимі ұшан – теңіз, миллиондап саналады,
біз солардың болмашысын ғана сөздікке енгізіп, оқырман жұртшылыққа тәжірибе
ретінде ұсынып отырмыз.
Топонимика ( көне гректің topos – орын + onuma – есім,ат )
деген сөздерінен алынған. Топонимиканың кеңістігі, яғни оның зерттеу аумағы
жер бетіндегі нүктелермен ғана шектеліп қоймайды. Бір сөзбен айтқанда,
топонимиканың зерттейтіндері жер бетіндегі обьектілердің ғана аттары емес,
жер шарынан оқшау дүниеліктерге де қатысты. Сол үшін де топонимика
ұғымының аясына ономастиканың мына төмендегідей пәндер тобы кіреді:
Астронимика - әуе кеңістігіндегі жарық дүниелер аттары туралы ілім;
Гидронимика - өзен, су, көл және теңіз аттары туралы ілім;
Зоонимика – хайуанаттар аттары туралы ілім;
Космонимика – галактика және жұлдыздар тобының аттары туралы ілім;
Оронимика – тау аттары туралы ілім;
Ойконимика – үй, ауыл, туған ел аттарының қойылу (аталу) жолдары
туралы ілім;
Урбанимика – қала, көше аттарының даму, өзгеру заңдылықтары туралы
ілім;
Фитонимика - өсімдіктермен байланысты атаулар туралы ілім;
Хрематонимика - әр заман тұсындағы түрлі мекемелердің,
мейрамдардың, газет–журналдардың, кинофильмдердің, пароход және поездардың,
самолеттердің аттары туралы ілім.
Қазақстан топонимиясының негізгі ерекшеліктерінің бірі – географиялық
атауларда ландшафттық, өсімдік және аң – жануарлардың көрінісі сипаттама
алатындығы. Топонимдер құрамындағы аң – жануар, құс атаулары Қазақстанда
аңдардың кейбір түрлері кең тарағандығын және олардың аңшылық маңызы
болғандығын аңғартады. Белгілі совет зоологы А.Н.Формозов Қазақстан
картасында аңдарға байланысты атаулар бар екенін айта отырып, аңдардың
аңшылықтың халық өмірінде атқарған үлкен мән – мағынасын атап өтеді.
Ғ.Қ.Қоңқашбаевтың пікірінше көшпенділердің күн көрісіне жер бедері
(рельеф), ауа – райы (климат), су (гидрография), өсімдіктер және аңдар,
үлкен септігін тигізеді.
Дипломдық жұмысты жазу барысында Ғ.Қ.Қоңқашбаев,
А.Әбдірахманов, Е.Қойшыбаев, Ә.Б.Бірмағамбаетов, Р.С.Сәтімбеков,
Т.Жанұзақов, Қ.Қаймулдинова, Б.Керімбаев тағы басқа ғалымдардың еңбектері
басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмысты жазудан басты мақсатым – Қазақстан жануарлар
дүниесінің топонимдерін атап көрсету,оларға түсініктеме беру. Атаулардың
шығу тарихына, аталуына тоқталу. Қазақстанның жануарлар әлеміне жалпы
сипаттама бере отырып, жан – жануарлардың атынан қойылған өзен, көл
аттарына жалпылама шолу. Қазақстан топонимиясында жануарлардың атымен
байланысты географиялық атаулардың алатынын орнын, зоотопонимдер
жануарлардың ареалдарын анықтау үшін маңыздылығын анықтау. Жануарлардың
атымен аталатын жер – су атауларын мектепте оқытудың кейбір тиімді
әдістерін айқындау.
Алға қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешу
жоспарланды:
1. Қазақстанның жер – су атауларын зертеу тарихына қысқаша шолу жасау.
2. Р.Сәтімбековтың Қазақстан жерінде сирек кездесетін жануарларды
анықтау.
3. Қазақстандағы жануарлардың атымен аталатын топонимдердің алатын
орны.
4. Жануарлардың атымен аталатын атауларды шолу.
Әрбі тақырыпшалардан соң қосымшалар беріліп отырады.
а) Қазақстанда жануарлардың атымен аталатын жер – су аттарының картасы.
ә) Қазақстанда жануарлардың атымен аталатын өзен – көлдердің картасы.
б)Қазақстанда жануарлардың атымен аталатын елді – мекендер және
жануарлардың суреттері.
Дипломдық жұмысты жазу барысында монографиялық еңбектер,
ғылыми мақалалар, мерзімді баспасөз бетінде жарияланған мақалалар мен
қатар, Қазақстан Республикасының атласы мен физикалық картасын, интернет
желісінен алынған деректер пайдаландым.
I – тарау. Қазақстанның жер – су атауларын зерттеу тарихына қысқаша шолу
Топонимика географиялық атауларды зертейтін ономастиканың бөлігі.
Топонимика гректің topos - орын + onuma - есім, ат деген сөздерінен
алынған. Ол өзен, су, құдық, бұлақ, көл, теңіз аттарын (гидронимдерді);
тау, сай – сала, қырат, жоталар, асулар, орман – тоғай, жайлау аттарын
(оронимдерді); елді – мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан – жақты
зерттейді.
Географиялық обьектілердің: таулар мен өзендердің, көлдер мен
бұлақтардың және елді – мекендердің санын дәл айту мүмкін емес. Ал жер – су
аттарының шығу төркіні, олардың қолдану ерекшеліктерін, жазылуын ғылыми
тұрғыдан сипаттап жазудың қиындығы мен күрделілігін осыдан – ақ байқауға
болады.
Географиялық атаулардың (топонимдердің) шығу төркіні, олардың аталу
себебі адамдарды ерте заманнан – ақ қызықтырып келеді.
Ертеде адамдар табиғатты да, жер – суды,тау – тасты, ағашты,
өсімдіктерді де жанды нәрсе деп есептеп, оларға сиынып отырған.
Адамзат дамуының көне дәуірінде атау мен аталған заттың арасында
тығыз ажырамас байланыс бар деген түсінік болған.
Ертедегі грек және рим тарихшылары, жиһанкездері жер – су аттарының
қойылу себептерін, оның мән – мағынасын ашып көрсетуге алғашқы талпыныстар
жасай бастады. Солардың ішінде топонимикалық зерттеулермен асқан ойшыл,
энциклопедист – ғалым Аристотель де шұғылданды.
Жер – су аттарының қойылу сырына үңілген шығыстың ғұлама ғалымы Әбу
Райхан әл – Бируни былай деп жазыпты: названия изменяются быстро, когда
какой – либо местностью овладевают иноплеменники с чужим языком. Их органы
речи часто коверкают названия, и в таком виде переносят их свой язык, как
это в обычае греков.Они берут первоначальное значение, но название
претерпевают изменения .
Жер–су аттарының түрлі өзгеріске ұшырап, ауысып отыру құбылысы,
тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Атамекен атаулар белгілі бір
халықтың тарихына,мәдениетіне қатысты болғандықтан ондағы жер – су аттары
тарихи ескерткіш іспетті көрінеді. 1837 жылы жазылған бір еңбегінде орыс
ғалымы П.И.Надеждин топонимдер арқылы халықтардың миграциясын (көшуін),
жаңа жерлерге қоныстануын анықтауға болады деген тұжырым жасайды.
Әрине, біздің бүгінгі дәуірге жетіп отырған Қазақстан жер – су
аттары әр түрлі тарихи кезеңдерде пайда болған.Филология ғылымының
кандидаты А.Әбдірахманов Қазақстан жеріндегі атауларды мынадай топқа бөліп
қарайды:
Алтай дәуіріндегі атаулар: Алтай, Алтынемел, Аңырақай, Арғанаты,
Арқат, Бақанас, Басқан, Борқат, Ереймен, Ертіс, Жем, Жлңғар ( Алатауы),
Зеренді, Қатонқарағай, Келес, Көкдаба, Қалба, Қапшағай, Қарагем, Қорғалжын,
Қордай, Мұқыр, Нұра, Сайрам, Сөгеті, Сілеті, Талас, Тараты, Шабарты, Шар,
Шүй т.б.
Көне түркі дәуіріндегі атаулар: Аламты, Атасағұн, Аякөз, Бадаларт,
Байраққұм, Баласағұн, Барсыған (Барсаган), Ебейті, Елек, Есіл, Жайық,
Жамбыл, Қағыл, Қазақстан (Қазақ этнонимі), Қазықұрт, Қарталы, Қиыл,
Қыпшақ (этнотопоним), Лепсі, Маңқыстау, Машат, Мұзғат, Ойыл, Ор, Орал,
Отырар, Сығанақ, Сырдария (түркі – иран), Таңсық, Тартұқ, Текес, Топар,
Торғай, Ұржар, Шайқұйрық, Ызбан, Ырғыз, Іле, Чарын, Шәуілдір, Шу т.б.
Көне қазақ тіліндегі атаулар: Бөген, Бұқтырма, Есекартқан, Қапал,
Қарақаралы, Құйған, Мұзарт, Түгіскен т.б.
Жаңа қазақ тіліндегі атаулар: Алатау, Қаратау, Ақсу, Көксу, Сарысу,
Тоқайқазған, Шалсүрінген, Миялы, Шортанды, Жарсуат, Еңбекшілдер т.б.
Басқа тілдерден енген атаулар: Иран тілдерінен – Айдарлы, Ангрен,
Бадам, Бетпақдала ( иран – түркі), Қобда, Ленгер, Талғар, Фараб ( тарихи
қала), Шалдуар, Шымкент, Шолақдара ( қазақ - иран ), Шардара т.б. ; Араб
тілінен : Ғазалкент ( араб – иран), Қазалы, Суяб (түркі – араб), т.б.
Моңғол тілдерінен : Байынқол, Баянауыл, Баянжүрек, Борабұрғысын, Борғұстай,
Дағанды, Дендер, Доланқара, Дүрбінбұлақ, Жүнжүрек, Зайсан, Кеген, Кершілеу,
Қайшы, Қалғұты, Қандағатай, Қызылрай (қазақ – моңғол), Мақаншы, Нарын,
Нарынқол, Ноқайзалың, Сүмбе, Тарбағатай т.б.
Угор тілдерінен: Мұғалжар, Өлкейек ( түркі – угор), Сургут т.б.
Орыс тілінен: Кереку, Үйшік (Нурьев) т.б.
Әр тарихи кезеңнің өзіне тән белгілері, сол елдің топонимикасынан да
айқын көрінеді. Жер бетіндегі тау, өзен, сай – сала, қала, елді –
мекендердің атауынан сол халықтың шежіресін көріп, сезінгендей боламыз.
II – тарау. Қазақстанның жануарлар әлеміне жалпы сипаттама
Өмір сүріп отырған дүниеміздің шегіне, оның алуан түрлі
құбылыстарына ой жеткізу мүмкін емес.Үнемі даму процесіндегі дүние біздің
біліміміздің сарқылмас көзі болып табылады. Көріністер мен құбылыстары
шексіз болғандықтан, ол ақыл – ой алдына барған сайын күрделі жұмбақтар
қойып келеді, солардың бірін шешсең, екіншісі шығады.
Адамның айналасындағы дүние жұмбақтары алдында тізе бүгіп,тағзым
еткен заман әлдеқашан өтіп кетті. Ғылым сол тылсым құбылыстардың ішкі
мәніне тереңірек үңіле түсуде, бірақ табиғаттың шексіздігі барған сайын
жаңа сауалдар қоюда. Біздің біліміміз, көбінесе сезіміміз беймәлім,
түсініксіз құбылыстар әлеміне жиі – жиі жетелеп отырады.Адамзат
танымының бүкіл жолы осы ерекшелікке толы: білмеуден білуге қарай жұмбақ
арқылы жол тартамыз.
Сондай – ақ жұмбақ дүниені танып – білуіміздің табиғи көздерінің
бірі – жануарлар әлемі. Міне, жер бетінде адамзатпен қоңсылас тіршілік
ететін сондай ғажайып әлем өкілдері – сүтқоректілер. Құс және бауырымен
жорғалаушылардың 40 мыңнан астам түрі тіршілік етеді. Ал, жалпы табиғатта 2
миллионға жуық түрлері бар – микроскоп арқылы ғана көрінетін организмдерден
бастап алып тұлғалы піл, дене тұрқы 30 метрлік кит сияқты жануарлар
кездеседі. Осылардың бір бөлігінің ғана табиғатта еркін жүргенін көру үшін
барлық континенттерге ұзақ та қатерлі саяхат шегіп, тропика жунглиіне,
Сібір тайгасына, тундраға, таулы өлкелер мен сахараларға,шөлдер мен
шөлейттерге, Антарктида мен Арктикаға саяхат жасап, иеңіз, мұхит тұңғиығына
сүңгуге тура келер еді. Жер планетасына мұндай саяхат жасау мүмкін
болғанымен оңай емес.
Ал енді дүние жүзінің жануарлар әлемі жайында сөз етпей – ақ тек
өзіміздің республикаға ғана тоқталсақ, фауна мен флораға бай өлкелердің
бірі болып табылады.
Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан,оның жер
көлемі 2 млн. 715 мың шаршы шақырым. Қазақстанның батысында Каспий
теңізінен, Шығысында Алтай тауларына дейін 2925 шақырым, солтүстігінде
Батыс Сібір жазығының оңтүстігі мен Орал тауларының
сілемдерінен,оңтүстігінде Тянь – Шань биік таулы жлоталары мен Қызылқұм
шөлдеріне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Осыған байланысты
Қазақстанның табиғат жағдайлары да әр түрлі.
Мұнда жазықтық жерлердің сан алуан түрлері солтүстігінде орманды
далалардан басталып, оңтүстіктегі шөл – шөлейттереге, құмды, сазды,
тасты, сортаңды шөлдерге жалғасады. Таулы – тасты жерлері аласа
таулы жоталардан басталып, Алтайдың тайгалы ормандары мен Тянь – Шанның
қарлы шыңдарына ұласады; сулары – Каспий, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан,
Марқакөл көлдерінен және Жайық, Сырдария, Шу, Іле, Қаратал, Ертіс, Есіл,
Тобыл сияқты тасқынды өзендер мен жылғалардан тұрады.Қазақстан жерінде
алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда омыртқалы
жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі, құстың
500 – ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12,
балықтың – 104, дөңгелек ауыздылар немесе балық тәрізділердің 3 түрі
тіршілік етеді, бунақденелілердің бірнеше мың түрі кездеседі. Атап айтқанда
кез – келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна,
қаз, аққу, бүркіт, қараторғай, бұлбұл, улы сұр жылан, бақа, алабұға, шортан
және тағы басқалар кездеседі.
Бұлар бір – бірімен сыртқы түрі, пішін және ерекшеліктеріне қарай
түрге, туысқа топтасып, үлкен бір бірлестікті құрайды.Қазақстанда сұр
жыланның – 2, тырнаның – 3, аққудың – 3, бүркіттің – 5, қаздың – 7, ал
үйректің тіпті 26 түрі бар. Омыртқасыз жануарлардың түрлері көп, оларға –
жәндіктер, өрмекшілер, кенелер, былқылдақденелілер, құрттар және басқа
қарапайымдылар жатады.
Бұлардың көбі әлі зерттелмеген, сондықтан зоологтар жыл сайын
олардың жаңа түрлерін зерттеп, сипаттап жазуда. Қазақстан ғадымдарының
зерттеулері бойынша, біздің ремпубликамыздың жерінде омыртқасыз
жануарлардың 50 мыңға жуық түрі тіршілік етеді, бұлардың ішінде дене
мөлшерінің кішілігіне қарамай, адам өмірі үшін маңызы зор түрлері де бар.
Біреулері адамға тамақ ретінде (шаянтәрізділер, былқылдақденелілер);
екіншілері – кәсіптік маңызы бар аңдарға жем ретінде ( құстар мен
балықтар); үшіншілері – адамдар мен жануарлар ауруын тасушылар (
қарапайымдылар, биттер, бүргелер, масалар, кенелер, құрттар) болып
табылады. Көптеген омыртқасыздар ауылшаруашылығының зиянкестері,
кейбіреулері – ( қарақұрт, сарышаян, бүйі) улы, тағы басқа түрлері адам
үшін өнімдерімен пайдалы: бал аралары – бал, балауыз, прополис; жібек
құрты – жібек; кейбір былқылдақденелер – маржан т.б. береді.Тек
жануарлардың тізімін немесе олардың пайдалы ( зиянды, адамдардың
көзқарасымен қарағанда) қасиеттерін тізіп жазудың өзі бірнеше бетті алар
еді. Бұл дипломдық жұмысты жазудан негізгі мақсат – халқымызды
республикамыздың негізгі ландшафты аймақтарында мекендейтін кейбір
жануарлармен таныстыру. Сол үшін жануарлардың әртүрлі класының
сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер, балықтар,
жәндіктер, өрмекшітәрізділер және тағы басқа маңызды өкілдері таңдап
алынды. Оқырманның жануарға деген қызығушылығын арттыру үшін Қазақстан
жануарларының карта суреттері қойылып, мекен ету ортасы туралы мәліметтер
жазылған.
Қазақстан аумағының көп жерін жазық жерлер алып жатқандықтан, оның
жануарлар дүниесінің сипаттамасын далалы аймақтан бастаймыз. Жазық жерлер
ел аумағының төрттен бір бөлігін алып жатыр. Қазақ мәдениетінің бесігі,
дала табиғаты қазақ өмірінің әдет – ғұрпын тудырған, ол халық әндерінде,
аңыз – ертегілерінде айтылған.
Зоогеографиялық аудандастыру бойынша Қазақстан аумағы Арктогея
патшалығының Голарктика облысының Палеарктика бөліміне жатады. Мұнда
палеарктиканың ең кіші облысы түйіседі. Республиканың солтүстігі мен
солтүстік – батысы ( орманды дала, дала зоналары), Алтай тауы Еуропа –
Сібір кіші облысына, қалған үлкен бөлігі ( шөлейт,шөл зоналары, Сауыр –
Тарбағатай – Жоңғар таулы аймағы, Тянь – Шань) Орталық Азия кіші облысына
кіреді. Қазақстанның оңтүстігіндегі шөлдерге Жерортатеңіз және алдыңғы
Азия кіші облыстарының бірқатар жануарлары өтеді.Соған байланысты кейбір
зоогеография мамандары бұл тарапты Жерорта теңіз кіші облысына жатқызады.
Қазақстанның қазіргі фаунасының түп негізі палеогенге кетеді.
Жануарлар әлемінің палеоген – неогендегі және төрттік дәуірдегі даму тарихы
түгелдей өсімдік жамылғысының даму тарихына ұқсас. Неогенде Қазақстан
жерінде ежелгі үнді және африка фаунасымен тығыз байланысты тропиктік және
субтропиктік түрлер мекендеген.Төрттік мұз басу кезінде бұл ежелгі жылу
сүйгіш түрлердің көпшілігі жойылып кеткен, біразы оңтүстікке қарай
шегінген. Сақталып қалған түрлер мұзбасудан кейін қайтадан бұрынғы орнына
қарай жылжыған.Мұндай түрлерге орман қарақас тышқаны, жайра, қабан, марал,
жолбарыс, жалбағай, аққұтан т.б. жатады.
Мұзбасудан кейінгі суық, әрі құрғақ кезеңде тундраның және
Моңғолияның суық шөлдерінің жануарлары бір – бірімен қатар өмір сүрген.
Оған Алтайда тундраның өкілі тұяқты алақоржынмен дала мен шөлдің өкілі сары
алақоржын сүйектерінің бір қабаттан табылуы дәлел.
Жануарлар әлеміндегі тарихи кезеңдегі өзгерістер. Өсімдік
жамылғысы сияқты жануарлар әлемінде тарихи кезеңде адамның шаруашылық
әрекетіне байланысты үлкен өзгерістерге ұшыраған. Бұрын Қазақстанның
далалары мен шөлдерінде кең таралған көптеген түрлер қазіргі кезде мүлде
жойылып кеткен немесе өте аз мөлшерде ғана қалған. Саяхатшылардың
жазбаларына қарағанда, 18 – ғасырда дала мен шөлейтте жабайы жылқы –
тарпаң, құлан, ақбөкен мыңдаған бастан тұратын табын құрап жайлып
жүрген.Зайсан қазанщұңқырында Моңғолия жақтан жабайы түйе өтіп тұрған. Бұл
айтылғандардың тарпаң 19 – ғасырдың 2 – жартысында мүлде құрып кетті. Құлан
қорықта ған сақталып қалды. Ақбөкен де құрып бітуге айналып еді, қатаң
қорғауды, нәтижесінде 20 – ғасыр 40 – жылдарында қалпына келтіріліп,
кәсіптік аулау дәрежесіне жеткізілді. Бірақ соңғы кезде аяусыз қырып
жоюдың арқасында ақбөкеннің саны тағы да құлдырап, азайып кетті.
Қазақстан аумағында бұрын мекендеген жануарлардан жолбарыс пен гепард
жойылып кетті. Барыс, бұлан, марал, арқар, жабайы қой, қарақұйрық, қызыл
қасқыр, жабайы мысықтың түрлері, көк суыр, орман сусары, дуадақ, аққу,
бірқазан, қырғауыл, қоқиқаз т.б. сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар
түрлердің қатарына қосылды. Мұндай жойылып кетуге жақын түрлер балықтардың,
жорғалаушылардың, қосмекенділердің арасында да көптеп кездеседі.
Жануарлардың түрлерінің жойылып кетуі немесе өте азаюы бір жағынан
оларды еті мен терісіне бола шектен тыс аулауға, екінші жағынан жердің
ауылшаруашылығына жаппай игеруіліне байланысты тіршілік ортасының тарылуына
және жойылуына байланысты.
Жануарлардың табиғи зоналар мен аудандарға байланысты таралуы.
Жануарлар өмір сүретін табиғи орта Қазақстанның жазықтық бөлігінде ендік
зоналар, таулы бөлігінде биіктік белдеуліктер бойынша өзгереді.
Орманды дала зонасында шалғынды даланың жалпы фонында қайың
шұбарлары, көптеген көлдер, батпақты ояңдардың таралуы құрамының ала –
құлалығын тудырады. Орманды дала ландшафты басқа зоналарға қарағанда
жас.Бұл зонаға өсімдіктер мен жануарлар мұз басудан кейін таралған. Фаунасы
жас болғандықтан мұнда эндемик жануарлар жоқ.
Жануарлардың орманды далаға негізінен Шығыс Еуропа жазығынан
келген. Шығыс Сібірдің әсері аз.Зонаның көп жерін әртүрлі шөпті – астық
тұқымдасты шалғынды дала алып жатыр. Сондықтан жануарлардың негізгі
ұйытқысы әртүрлі шөппен және астық тұқымдастармен қоректенетін түрлерден
тұрады. Әсіресе тірқанатты бунақ денелілер, кәдімгі сұртышқан, сарышұнақтың
түрлері және дала суыры көп таралған. Құстардан дала бозторғайы, бөдене,
сұр құр, балшықшы сипатты. Кемірушілер көп болғандықтан жыртқыштарда көп.
Солардың ішінде түлкі, дала күзені, құстардан ителгі, дала құладіні,
жамансары, батпақ жапалағы жиі ұшырасады.
Нағыз дала кемірушілері мен құстары аз. Қосаяқ, дала алақоржыны,
аламан, бозторғай құрғақ қыраттарда, сор және сортаң жерлерде кездеседі.
Әсіресе жорғалаушылар аз. Анда – санда кесірткенің 2 түрі мен сұр жылан
көрініп қалады.
Қайың шұбарларына кедейленген орман фаунасы сипатты. Шіл мен
аққұрдың тіршілігі орманмен байланысты. Бірақ нағыз денрофильдер аз
(тоқылдақ, ак қоян, ор қоян, елік, бұлан, бұрамамойын, мысықторғай
т.б.). Ор қоян, елік, бұлан қыста ағаш қабығы мен бұтақшасын, бұталарды
кеміріп күнелтеді. Бірақ қазіргі кезде елік аз қалған, бұлан да мұнда онша
көп келмейді.
Дала зонасының солтүстік бөлігінің фаунасы құрамы жөнінен орманды
даланың далалық алқаптарының фаунасына ұқсас. Оңтүстікке таман, әсіресе
құрғақ дала кіші зонасында нағыз далалық түрлер негізгі орын алады.
Далаға ұқсас сүтқоректілерден әсіресе сарышұнақ пен қосаяқтың
түрлері өте сипатты( үлкен және кіші сарышұнақ, үлкен қосаяқ). Ал дала
суыры ретсіз көп ауланғандықтан қазіргі кезде аз қалған. Тышқан тәріздес
кемірушілерден сұртышқанның түрлері, дала алақоржыны, көртышқан,
жыртқыштардан қасқыр, түлкі, борсық, дала күзені және әсіресе қарсақ көп
таралған.
Бұрын далада дуадақ, безгелдек, ақбас тырна, тарғақ, бозторғай
көптеп жүретін.Даланың жаппай егістікке жыртылуына байланысты бұлардың
көпшілігі ( әсіресе дуадақ) сирек кездесетін түрге айналды.
Жыртқыш құстардан дала бүркіті, дала құладіні жиі кездеседі.
Бірқатар түрлер эндемиктерге жатады (қараторғай, аққанат бозторғай,
тарғақ, шүрілдек торғай т.б.).
Шөлейт зонаның фаунасы даладан шөлге өтпелі сипатты. Мұнда дала
жануарлары бірте – бірте шөл жануарларына ауысады. Дегенмен шөлейт зонаның
фаунасы дала мен шөл жануарлары түрлерінің жай ғана қосындысы емес,
ландшафт құрамының сипатына сай ерекше кешен болып табылады. Шөлейтте
даладағыдай көкке жайлатын түрлер азайып, олардың орнына өсімдік
тамырларымен қоректенетін және қорек талғамайтын түрлер көбейеді. Мәселен
мұнда суыр мен үлкен сарышұнақ жоқ, оның есесіне кіші және нағыз сарышұнақ,
сұр алақоржын басым.Жалпы алғанда шөлейт сарышұнақ басым зона. Олардан
басқа қосаяқтың, балпақ тышқанның, аламанның, көртышқанның түрлері,
құстардан кіші бозторғай сипатты. Жыл бойы ақбөкен үйірлері жүреді. 20
ғасырдың 50 – жылдарына дейін қарақұйрық жазда Ұлытауға, Торғай мен Ырғыз
өзендерінің төменгі ағысына дейін жайылып барған. Қазіргі кезде бұл жануар
шөлейт зонада түгелдей құрып кеткен.
Шөл зонасында топталып көкке жайылатын жануарлардың орнына
өсімдіктің тамыры мен дәнін қорек қылатын және азық талғамайтын жануаралар
басады.
Шөлдің жеке типтерінің фауналық құрамы бір – бірінен үлкен айырма
жасайды. Шөл фаунасының негізін сазды, қиыршықтасты шөл мен сазды шөл
қолайсыз.Шөлдің бұд типтерінде су жоқтың қасы, жазы өте ыстық, қысы аязды,
жыл бойы азынаған желден ықтасын жоқ, өсімдік жер бетін біртегіс жаппайды -
өсімдік жамылғысының ойдымдар аса кең ашық, жалаң алқаптармен кезектесіп
келеді. Мұндай шөл баяу қозғалатын және көкпен қоректенетін сарышұнақ пен
сұртышқан үшін қолайсыз. Шөлдің бұл типтеріне қосаяқ пен көртышқан сипатты.
Қосаяқ тез жүгіретіндіктен жауынан қашып, інге тығылып үлгере алады және
азық талғамайды, ал көртышқан жер бетіне шықпай, өсімдік тамырымен
күнелтеді. Бетпақдалада өте сирек кездесетін ұсақ кеміруші – жалман
мекендейді.
Қиыршықтасты және сазды шөлдерде ірі сүтқоректілерден ақбөкен кең
таралған, бірен – саран қарақұйрық кездеседі. Үстірт пен Маңғыстауда
қорғауға алудың арасында үстірт қойы сақталған. Жыртқыштар қасқыр, түлкі,
күзеннен тұрады. Құстардан бозторғайдың түрлері (кіші, сұр, айдарлы т.б.),
бұлдырықтар (қарабауыр, құланбауыр), шүрілдек торғай, дуадақтың ұсақ түрі –
жеке ұя салады. Жорғалаушылардан әсіресе тақыр жұмысбас кесірткесі,
геконның түрлері, жыландардан қаратұмсық, дала сұржыланы, кей жерлерде дала
тасбақасы көп таралған.
Құмды шөлдер Қазақстанның бүкіл оңтүстік бөлігін тұтас белдеу
түрінде қамтиды. Көршілес сазды және қиыршықтасты шөлдермен салыстырғанда
құмды шөлдер фаунасы түр құрамы жөнінен ғана емес, сонымен бірге сан
жағынан да бай болуымен ерекшелік жасайды. Су режимінің ерекщелігіне
байланысты құм өсімдігі сан алуан және вегетациясы ұзақ уақытқа
созылады.Сондықтан көптеген жануарлар өсімдік көгімен жылдың көп уақытында
қоректене алады. Сонымен бірге құмды шөлде ғана ағаш пен бұта көп
өседі.Олар жануарлардың паналауына жыл бойы жағдай туғызады, әрі шөп
өсімдігі солып қалған кезде оларға азық болады. Құмды сексеуіл, құм
қарағаны, жүзгін, қоян сүйек т.б. сияқты ағаштар мен бұталар көп
өсетіндіктен дендрофиль жануарлар да көп. Ондай түрлерге ксилофаг
бунақденелілер, ағаш пен бұтаға ұя салатын құстар ( шөл мақтанторғайы,
сексеуіл торғайы, сексеуіл жорғаторғайы т.б.), қабық және бұтақша кеміретін
сүтқоректілер ( үлкен құмтышқан, құм қоян т.б.) жатады.
Құмды шөлдердің фауналық құрамы сазды және қиыршықтасты шөлдерге
қарағанда анағұрлым күрделі. Мұнда шөлде мекендейтін экологиялық топтар
түгелдей дерлік кездеседі.
Құмды шөлдерде бунақденелілердің түрі өте көп. Дала мен шөлейттегі
тікқанаттыларды қиқоңыздап, жапырақ сорғыштар (өсімдік биті мен бүргесі),
құмырсқалар, өрмекшілер (қарақұрт, бүйі т.б.), шаян тұқымдастар
аалмастырады. Бай этнофауна құмда бунақденелілермен қоректенетін
жануарлардың көптеп тіршілік етуіне жағдай жасайды. Тек қана құмды шөлде
ала жертесер, қалқан құлақ кірпі, шегірткеші, мақтан торғайдың бірнеше түрі
мекендейді. Бунақденелілермен қоректенетіндерге жорғалаушылардан агама,
батбат, геккон, жыланның бірнеше түрлері жатады. Сондай – ақ құмда дала
тасбақасы, үлкен құмтышқан, сексеуіл, жорға торғайы, қосаяқтың көптеген
түрлері тіршілік етеді. Кемірушілердің көптігі жыртқыштардың да көп
таралуына себеп болады. Күндізгі және түнгі жыртқыш құстардан шөл байғызы,
үкі, жамансары т.б. ағашқа ұялайды.Кемірушілермен қоректенетіндердің
қатарына түлкі де қосылады.
Шөл зонасындағы өзен аңғарларының фаунасы ерекше оқшау тұрады және
түрге бай. Өзен бойындағы тоғайлар мен қопаларда қабан, елік, қырғауыл
көп.Сүтқоректілерден те қана тоғайға қамыс мысығы (хаус) тән. Басқалары не
орманға немесе шөлге сипатты түрлерге жатады. Оңтүстік өкілдерінен Сырдария
бойындағы қамыс қопаларына бұхар бұғысы мен мәлін кіреді. Таяудағы
уақыттарда Іле атырауында, Сырдария бойында жолбарыс мекендеген.
Қазақстанның жазықтық бөлігінде жануарлардың зоналық таралуына
қарағай орманы ойдымдары мен аласа таулар едәуір өзгеріс енгізеді. Оларды
бойлап солтүстік фаунасының өкілдері оңтүстікке қарай алысқа өтеді. Мәселен
Ертіс бойындағы шұбалған қарағай ормандарында тайганың өкілдері (тиін,
саңырауқұр, тоқылдақ т.б.) дала зонасы өңіріне сұғына кірген. Сарыарқадағы
ағаш пен бұта ойымдарын бойлап аққоян мен сұртышқан шөлейтке дейін
жеткен.Сонымен бірге гранит жартастарда Орталық Азиялық биіктау жануарлары
(арқар, моңғол шаңқылдағы) кездеседі. Бұл айтылғандар ендік зоналық
фауналық кешендерді айтарлықтай күрделендіреді.
Әрбір зонаның шегіндегі фауналық кешен батыстан ышығсқа қарай да
өзгереді.Бұл өзгеріс климат жағдайларының өзгеоуіне көрші аймақтардың
әсеріне байланысты. Сондықтан әр зонада батыстан шығысқа қарай жүрген сайын
еуропалық түрлер азайып, оның орнына сібірлік және моңғол – қазақстандық
түрлер арта түседі. Шөл зонасының оңтүстігінде шығу тегі Африка,
Жерортатеңіз төңірегі, Алдыңғы және Оңтүстік Азиямен байланысты көптеген
түрлер араласады (гепард, қарақал, қорқау, кесел, жорға дуадақ, бұлдырық
т.б.).
Қазақстанның биіктаулы өңірінің фаунасы солтүстік – шығыс және
оңтүстік – батыс бөліктерінде бір – бірінен үлкен айырма жасайды. Солтүсті-
шығыстағы алтайдың фаунасы сібір тайгасының басым әсеріне байланысты
бореалдық түрлерден тұрса, оңтүстік – батыстағы Тянь–Шаньның фаунасының
құрамына шығу тегі Жерортатеңіздік аймақпен және Оңтүстік – Азиямен
байланысты оңтүстік түрлері басым. Сауыр – Тарбағатай және Жоңғар
Алатауының фаунасы осы екі аралықтағы өтпелі сипатта – солтүстікке қарай
бореалдық түрлер, оңтүстікке қарай Тянь–Шаньмен ортақ түрлер көбейе береді.
Алтай биіктаулы өңірдегі бореалдық түрлер ең көп таралған тау.
Өйткені, мұнда Оңтүстік сібір тауларында сипатты тайга орманы үлкен алқапты
қамтиды. Сонымен қатар Алтайда жалпы тауларға сипатты биіктік белдеулік
айқын көрінеді.Алтай дала және шөлейт ендік зоналарында жайласқан.
Сондықтан тау алды далалық өңірге жазықтағы орманды дала мен дала
фаунасының өкілдері өтеді. Сонымен бірге осы белдеудің өзінде жазықта жоқ
моңғол фаунасының кейбір өкілдері араласады.
Алтайдың тау орман белдеуінің фаунасы Оңтүстік Сібір тайгасының
фаунасымен тектес. Мұндағы сүтқоректілер – қоңыр аю, бұлғын, сілеусін,
борша тышқан, ұшар тиін, құдыр; құстар – саңырауқұр, шіл, тоқылдақ, шырша
торғай, жүнді балақ байғыз т.б. нағыз тайгалық түрлереге жатады.
Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатауының фаунасы түр құрамы жөнінен
Алтай мен Тянь – Шаньнің аралығындағы өтпелі жағдайда. Мұнда Алтаймен ортақ
түрлерден қоңыр аю, ақкіс, марал, борсық, арқар, ақ қоян, суыр, аламан,
тундра құры таралған.
Тянь – Шаньның фаунасы Алтайдан үлкен айырма жасайды.Бұл тау
жүйесінде нағыз бореалдық түрлер аз. Сібір тайгасына сипатты тиін, борша,
ұшар тиін, бұлғын, саркүзен, саңырауқұр, шіл, тоқылдақ бірқатар түрлері
т.б. кездеспейді.
Тау алды шөлейттегі құрғақ және астық тұқымдасты далаларды далалық
түрлер алып жатады.Бұл өңірде мәдени ландшафт басым, ірі аңдар мен құстар
аз қалған.Құстардан қараторғай, кекілік, мысықторғай, бозторғай т.б.
кездеседі.
Жапырақты орман жануарларға бай. Бұл белдеуге сүтқоректілерден
орман қарақас тышқаны, сұр аламан, борсық, елік, қабан сипатты.Құстардан
мысықторғай, шығыс бұлбұлы т.б. мекендейді.
Шырша орманында құстардың түрі көп.Әсіресе шырша торғай,
қайшыауыз, үшсаусақ тоқылдақ, жүндібалақ байғыз, жапалақ және үкі жиі
кездеседі.Аоша торғайларымен арша ементұмсығы байланысты.
Биіктаулық белдеуде таутеке, барыс, ақкіс, шақылдақ, құстардан
тибет фаунасының өкілі – құмай, ұлар, сақалтай таралған.
Кәсіптік жануарлар ресурсы. Қазақстан фаунасының құрамында
көптеген пайдалы жануарлар бар. Сүтқоректілердің 55 түрі бағалы аң терісін
береді. Терісі бағалы аңдардың қатарына бұлғын, сусар, жұпартышқан, тиін,
дала суыры, дала күзені, ақкіс жатады. Бірақ олар қазіргі кезде өте аз
қалған. Бағалы аң терісін дайындауда саршұнақ алдыңғы қатарлы орын алады.
Ертеректе Қазақстанда жылына 6 млн. данаға дейін құм саршұнағының терісі
дайындалған. Кеңестер Одағы кезінде бүкіл дайындалатын ондатра терісінің 10
– 15 пайызы біздің еліміздің үлесіне тиген. Бұл айтылғандардан басқа қызыл
түлкі, борсық, құм қоян, қасқыр, қапсақ т.б. ауланады.
Тұяқты жануарлардан ақбөкеннің етін дайындаудың үлкен маңызы бар.
20 – ғасырдың 80 – 90 жылдары жылына 200 – 250 мыңға дейін ақбөкен атып
алынған. Қазіргі кезде ақбөкен аулау тағы да тоқтатылды. Қабан көп
ауланатын аңдарға жатады. Құстың түрлері – құр, шіл, кекілік, қырғауыл т.б.
спорттық аңшылық нысанына жатады. Аңдар мен құстардың кейбір түрлерін
аулауға әуесқойлар лицензия бойынша рұқсат етіледі.
Каспий теңізінде терісі мен майы үшін каспий итбалығын аулау
кәсіптік негізде жүргізіліеді. Республика аумағындағы өзен, көлдерде
балықтың мол қоры шоғырланған.
Балық ресурсы жөнінен 1 – орында Каспий теңізі тұрады.20 – ғасырдың
50 – жылдарында бүкіл дүние жүзі бойынша бекіре тұқымдастардың 80 пайыздан
астамы Каспийден ауланғаны белгілі. Каспий теңізінің үлкен бөлігі
Қазақстанға қарасты. Суының тартылуына байланысты Арал теңізі кәсіптік
мәнінен айрылды. Балқаш көліне ұзақ жылдар бойы сазан мен ала бұға көптеп
ауланып келді. Балық Жайық, Сырдария және Іле өзендерінен, Зайсан және
басқа көлдерден де ауланады. Ұсақ су қоймаларының балық кәсіпшілігінде
жергілікті мәні бар.
Барған сайын аумақтық шаруашылыққа кеңінен игеруіліне және шамадан
тыс аулауға байланысты көптеген кәсіптік жануарлар азайып, жойылып кетуге
айналуда. Мезгіл – мезгіл жануарлардың жеке түрлерін аулауға тыйым салу
олардың сан жағынан қалпына келуіне мүмкіндік береді. Мәселен, ақбөкен
Қазан революциясы қарсаңында құрып кетуге айналған еді.Революциядан кейін
бұл аңды аулауға тыйым салынды. 30 – жылдардың соңынан бастап ақбөкен
бұрынғы ареалына қайтып оралды да, Ұлы Отан соғысы жылдарында мыңдаған
бастан тұратын табын құрайтын болды. Оның саны 20 ғасырдың 50 – жылдарында
800 мыңға, 60 – жылдары 1 млн. 500 мыңға жетті.Соған орай жыл сайын бұл
тұқымдастардың 280 мың басын атып алып, дәмді ет дайындауға мүмкіндік туды.
Бірақ Кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі өтпелі дәуірде жауапсыздықтың
салдарынан ақбөкеннің саны қайтадан күрт төмендеп кетіп отыр.
Кәсіптік жануарларды көбейтудің бір тиімді жолы – жерсіндіру.
Қазақстанның шөлейт, шөл және таулы аудандарында, су алқаптарында шет елден
әкелінген, сонымен бірге жергілікті азайып кеткен аңдарды, құстардың және
балықтардың түрлерін жерсіндіруге әлі де табиғи мүмкіншілік мол. 30 – 40
жылдары америкадан әкелініп жерсіндірілген ондатра бағалы аң терісін
беретін жергілікті түрге айналды. Сол сияқты америка қара күзенін, төлеут
тиінін, жанатты, бұлғынды жерсіндіру оң нәтиже берді. Жергілікті өкілдерден
нағыз сарышұнақ пен ор қоян жаңа аудандарға жәберіліп, олардың ареалдары
кеңейтілді. Құрып бара жатқан жануарлардан қарақұйрық пен құланды қайта
жерсіндіру қолға алынды.
Аң аулауды реттеумен бірге кәсіптік аңдар мен құстардың түрін
сақтау мен көбейтуде, қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырудың мәні зор.
Қазіргі кезде Қазқстан жерінде 8 қорық және көптеген қорықшалар бар. Бірақ
ұлан – байтақ аумақ үшін бұл жеткіліксіз. Қорықтар торабын жедел өсіру және
табиғат байлығын сақтау, көбейту жөнінде жұртшылыққа үгіт – насихатты
күшейту кезек күттірмей шешілуге тиісті мәселердің қатарына жатады.
Қазіргі кезде республикамызда саны азайып, жойылып кетуге жақын
жануарлар түрлері де бар. Қазіргі күнде жабайы аңдар мен құстардың жүздеген
түрлері құрып кетуге жақын. Мысалы, республикамызды мекендейтін қарақұйрық,
орман сусары, құндыз, тырна, дуадақ, безгелдек, ақ дегелек сияқты аңдар мен
құстар жылдан – жылға азайып барады.Соңғы ғасырларға дейін Қазқастан
жерінде еркін тіршілік еткен өзен құндызы, тоғай және солтүстік бұғылары,
Пржевальский жылқысы, жабайы түйе, жолбарыс, бұлан, құлан сияқты жануарлар
басымен құрыпт кетпегенімен, күрт азайып, некен – саяқ кездесетін болды.
Соған байланысты ғалымдар жануарлар дүниесін қорғау және сақтаудың ғылыми
негіздерін дамытуда. Құрып кету қаупі төніп тұрған аң – құстардың бірнеше
түрлері, Қазақстан ғалымдарының ұсынысы бойынша қорғауға алынды. Олардың
қатарына барыс, гепард, қарақұйрық, арқар, құлан, дуадақ, безгелдек, тұрпан
жатады. Аталған аң – құстардың барлығы Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген.
III – тарау. Қазақстан топонимиясында жануарлардың атымен байланысты
географиялық атаулардың алатын орны
Қазақстан топонимиясының негізгі ерекшеліктерінің бірі –
географиялық атауларда ландшафттық, өсімдік және аң – жануарлардың көрінісі
сипаттама алатындығы. Топонимдер құрамындағы аң – жануар, құс атаулары
Қазақстанда аңдардың кейбір түрлері кең тарағандығын және олардың аңшылық
маңызы болғандығын аңғартады.белгілі совет зоологы А.Н.Формозов Қазақстан
картасында аңдарға байланысты атаулар бар екенін айта отырып, аңдардың және

Ғ.Қ.Қоңқашбаевтың пікірінше көшпенділердің күн көрісіне жер бедері, ауа –
райы, су, өсімдіктер және аңдар үлкен септігін тигізеді.
Зоолог ғалым Р.С.Сәтімбеков топонимикалық методтармен кейбір
жануарлардың (құлан, марал, бұғы), Қазақстан жерінде кезінде кеңінен
тарағандығын анықтап отыр.Аң аулау, құс салу халықтың мергендік, төзіділік,
алғырлық қасиеттерін шыңдаумен қатар көңіл құмарын қандыратын қызығы мол
демалысы да болған.
Халық өмірінің айнасы – топонимияда аң, құс, жан – жануар өз
іздерін қалдырып отырған. Тіпті аң аулаудың көне әдістеріне байланысты
тәсілдер жер атауында бейнеленген.
Аңдардың жүретін жерлеріне орай сол аңдардың атымен тауларды,
өзендерді, аңғар – жыраларды, орман – тоғайларды, елді – мекендерді атап
отырған.
1. Жан – жануарлардың атынан қойылған өзен аттары
Оған біз барлық жан – жануарлар, құс, жәндіктердің атауларынан
қойылған өзен аттарын жатқызамыз. Мысалы, Қоянды – Ақмола облысы, Вишнев
ауданындағы өзен, Құланөтпес, Соколы – осы облыстың Теңіз ауданындағы
өзендер, Шортанды ауданында Көкбие атты батпақ, Макин ауданында Торьие
деген өзен бар. Жезқазған облысындағы Ұлытау ауданында Қояндысай, Киіксай
өзендері, Жаңаарқа ауданында Сарыбие, Майбалық, Жезді ауданында Қаоғалы,
Күзенді, Қарасу өзендері ағады. Торғай облысының Жангелдин ауданындағы өзен
Теке деп аталады. Торғай облысы мен Жезқазған облысының жерлерінен ағатын
бір топ өзендердің аты жыланға байланысты қойылған: Жыланды – Жезқазған
облысы, Ұлытау ауданында, Күлебай – Басқыжыланшық, Дулығаш Жыланшық,
Шоғырлы Жыланшық, Үлкен Жыланшық – осы облыстың Жезді ауданындағы өзендер.
Осы облыстың Жақсы ауданында Құмай атты өзен бар.Қарағанды облысынан
Ақтайлақ өзені, Жезқазған облысының Жезді ауданы жерінен Бозінген, Ұлытау
ауданы жерінен Қарсақпай өзендері ағады.
2. Түске байланысты атау
Қазқстанда жануарлардың атынан аталатын түске, санға байланысты
географиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz