Тұлға


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:.

Кіріспе

  1. Тұлға - әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі.
  2. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері.
  3. Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, құрылымы, мазмұны және функциялары.
  4. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс - әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт - бағдарлары, қызметтің мақсаттары және т. б. қазіргі адамның тұлғалығын бейнелейтін мәселелер болып саналады. Тұлғаны танып- білу бұрыннан келе жатқан нәрсе.

Әлеуметтендіру туралы айтқанда біз мәдени нормаларды игеру мен әлеуметтік рольдерді меңгеру процесін әңгіме етеміз. Бұл процесс адамның индивидке және тұлғаға айналуын білдіреді. әлеуметтендіру процесі сатылардан өтеді, оларды негізгі өмірлік циклдар деп те атайды. Бұл балалық шақ, жасөспірімділік, ер жету, және қарттық шақтар. әлеуметтендіру процесінің нәтижеге жету деңгейіне орай немесе аяқталуына сәйкес оны бастапқы немесе ерте әлеуметтендіру деп бөліп көрсету ғылымда орын алған, бұл балалық пен жасөспірімділік кезеңді қамтиды және жалғастырушы және толығып жеткен есейген әлеуметтендіру деп те бөлуге болады, бұл қалған екі кезеңді қамтиды.

Әлеуметтік «Меннің» қалыптасуымен, әлеуметтенудің эволюциялық кезеңдерімен және хронологиялық шеңберімен байланысқан бірнеше ауқымды мәселелерді қарастырамыз. Соның ішінде, біздерге әлеуметтендірудің агенттері мен институттары қалай әсер ететініне тоқталамыз.

Мәдениеттің мазмұны әдеп - ғұрыптар, салттар, заңдар, символдардан тұрады, бұлар ойлаудың, сананың, тілдің арқасында пайда болады, бұлар жануарлар әлемінің өкілдерінде тіптен де болған емес.

Мәдениет - таза адами өмір салты. Мәдениеттің жануарларда болмайтыны сияқты, дәл солай мәдениетсіз адамдарда болмайтыны анық. Мәдениетке әр түрлі түсініктеме беріледі. Бірде ол туралы ұрпақтан ұрпаққа берілетін және кейбір топтар немесе қоғамға тән жүріс - тұрыс формаларының жиынтығ ретінде айтылады. Екінші бір жағдайда оны материалдық және рухани ескерткіштердің, символдардың жиынтығы сияқты қарастырады.

Біз мәдениет әлеуметтануының маңызды ұғымдарына тоқталудан бастаймыз. Мәдениетті әр түрлі қоғамдық ғылымдар зерттегенімен олардың әрқайсысы өзінің ерекшелікті пәндік кетігін тауып қарастырады. Әлеуметтануды мәдениеттің ең алдымен қоғамның өмір сүруі мен дамуындағы атқаратын рөлі қызықтырады. Мәдениет қоғамда жүріп жатқан барлық өзгерістерді анық сезінетін, оған өзі белгілі бір ықпал жасайтын ерекше құбылыс.

1. Адам - биологиялық индивид, жергілікті тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениеттің алғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2, 5 млн жылға созылған. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бұрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды өзге жануарлар дүниесін ерекшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, ойлаудың, сананың болуы, еңбек құралдарын және отты меңгеруі және т. б.

Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға өтудің жағдайы болып саналады. Адамның соңғы 40 мың жылда қол жеткізгеннің бәрі биологиямен байланысы жоқ, керісінше, мәдениетпен, қоғаммен байланысты. Басқаша айтқанда, табиғи жолмен емес, керісінше, мәні әлеуметтік қатынастар жүйесінде айқындалған қолдан жасалған ортамен байланысты. Адам биологиялық тіршілік иесі болғанымен, осыдан бастап онын индивидуалдығы қалыптасады, кейін ол тұлғаға айналады.

Тұлға ретінде адам туралы түсініктің дамуы бірнеше кезеңді қамтиды. Ежелгі Қытайдағы даосизмде қараңғылық пен жарықты, еркектік пен әйелдікті, белсенділік пен енжарлықты, қаталдық пен ізгілікті, тыныштық пен қозғалысты өз бойына жинап, үйлестірген адам - дүниеде кіндік орынға қойылады. Ол өткенге бет бұрып қарап, ал болашаққа ту сыртын берген қалыпта еді. Дүние адам үшін жаратылмаған, адам дүние дамуының соңғы буыны. Адам құдаймен индивид ретінде қатынас жасамайды, рулық әрі ұрпақ ретінде қатынаста болады. Адам өзінің тұлғалық шекарасын сезбейді. Ежелгі Үндістандағы буддизм адамдардың өзіндік индивидуалдығын жоққа шығарады. Бұған дара тұлға идеясы, индивидуалды бірегей өмірдің өлгеннен кейін қайтып оралмайтыны белгісіз болды. Буддизм түсінігі бойынша, өлгеннен кейін адам денесі мен санасы көптеген элементтерге бөлініп, басқа жерге барып орнығады. Бірақ индивидуалдық емес, тек ғарыштық жан ғана басқаға қонады. Ал мұндай жанда индивидуалдық болмайды. Ерік туралы ойды терістеген буддизм адамда жан болады деген идеяға да салқын қарады. Ежелгі Грецияның философтары бірінші болып өмірдің құндылығы оның қайталанбастығында екенін түсіндірді. Олар индивидті ғарыштан бөліп, маңызды қадам жасады. Сократ антропологиялық тақырыпта төңкеріс жасады, оны адам философиясының іргетасын қалаушы дейді. Атақты «Өзіңді өзі таны» нақылы бойынша әрбір адамға ішкі «Мен» болады, оның орталығы сана мен ойлау болып табылады. Адам өмірде ұтымдылықты көздейді: ол өзіне мақсаттар қояды және оларға жетеді, олар үшін жауапкершілікті мойнына алады. Адамның жетілуі - оның қызметі мен тәрбиесінің нәтижесі.

Адам өзін-өзі танып қана қоймайды, сонымен бірге табып қана қоймай, сонымен бірге табиғат және әлеуметтік заттардың өлшеуіші де болады. Гректер адам іспетті, бейнелі құдайлар құрметіне храмдар тұрғызады, онымен адамның түйсінуі мен ойлауының өлшемін бейнелейді. Бұдан кейін адамның құнды өлшеуіш екендігі жөніндегі түсінікті Демокрит пен Платон дамытты. Нәтижесінде антропологизм гректерде антропоцентризмге айналады.

3. Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан түрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, бірақ олардың әрқайсысы бұл құбылысты қарастырғанда өзінің ерекше пәнін тауып зерттейді. Ең алдымен әлеуметтануды қоғамның өмір сүруі мен дамуындағы мәдениеттің ролі қызықтырады. Мәдениет социумде болып жатқан барлық өзгерістерге бірден көңіл аударады. Мәдениет көптеген әлеуметтік процестерді қалыптастыру мен анықтауда өзі де оларға белгілі бір ықпал жасайды.

Мәдениет әлеуметтануы жалпы әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оған әлеуметтанудың тұтас ғылым ретіндегі ортақ, жалпы заңдылықтары тән және оның өзіндік ішкі заңдылықтары, өзіндік ұғымдар жүйесі бар. Оларды түсіну үшін қоғамдық құбылыс ретіндегі мәдениеттің мәнін түсіну қажет.

Балалық шақтан бастап, тілді меңгергеннен кейін, бір адамзаттың мәңгілік құдылықтар дүниесіне шығамыз, бізді қоршаған қайсыбір заттардың қолданыс аясын білеміз, оларды қолдануды үйренеміз, біз мектепте ең алғашқы, жер үстінде жатқан мәдениетті меңгереміз, бұл дүниенің есігін ашамыз. Адам дамуы оның бүкіл өмірі бойы іске асатын, өшпейтін мәдениет құндылықтарының шексіз әлеміне ену. Кейде мәдениетті тек «адамзат жинақтаған құндылықтардың жиынтығы» ретінде қарастырады, оны көркем мәдениет құндылықтарымен шектеу де кездеседі.

Жалпы айтқанда, мәдениет « адамзат тарихының кесіндісі», ол тарихи даму барысындағы адамдағы өзгерісті көрсетеді. Мәдениет оның әлеуметтенуінің құралы болып табылады, яғни оның қоғамдық тұтастықпен қарым- қатынасын, қоғам мүшесі болып қалыптасуын білдіреді. Бірақ осы әлеуметтенудің өзі мәдениетті меңгеру барысында тұлғаның индивидуалдығы ретінде жүзеге асады, оның өзгеге ұқсамайтын «менін» игеру ретінде көрінеді. Әлеуметтендіру мен индивидалдандыру - мәдениетті меңгеру процесінің екі жағы.

Мәдениет адамның еркіндік, бостандық саласы, өйткені мәдениет адамды өзін қоршаған басқа адамдарға конформистік еліктеу шаблоны мен стереотиптерінен босатады, өз бетінше әрекет етуге кепіл болады, оның тұлғасын егемен етеді. Мәдениет адамның өз ісінің шебері болуына, кәсіби қызметтің ең биік деңгейіне дейін көтерілуіне мүмкіндік береді. Ол ьадамның саяси қызметінің бостандығын қамтамасыз етеді - саяси партиялар мен қозғалыстардың көп түрлі бағдарламалары мен платформаларын талдап түсіну қабілетін қалыптастырады.

Бірақ, мәдениет бостандық саласы болуымен қатар, тәртіпке және жауапкершілікке тәрбиелейді, оларсыз бостандық, еркіндік өмір сүрмейді. Мәдениет - нормалар жүйесі, яғни олар әлеуметтік ықпалды күш болып табылады, күнделікті тәртіп нормалары - қарапайым әдептен бастап құқық және мораль нормаларымен аяқталатын қоғамның әрбір адамға қоятын талаптары.

Көбінесе мәдениетті халық шаруашылығының белгілі бір саласы, тіптен қызмет көрсету саласының бөлігі деп те санайды. Мұнымен келіспеуге болмайды. Мәдениет - қоғамның бүкіл саласын қамтитын қоғамдық жүйе, оған бүкіл қоғам, оның барлық құрылымдары еніп отырады.

Әлеметтік ғылымдар мәдениетті ең алдымен нақты, яғни адам қызметінің нәтижелерінің жиынтығы ретінде түсінеді, ал ол нәтиже материалдықта, белгілі бір жағдайларға жауап беретін идеялар сипатын да болуы мүмкін. Адам қызметінің барлық нәтижелері мәдениетке жата бермейді. Мысалы, бұған авторлар шығарған, бірақ жазылмаған, материалдық жағынан баянды етілмеген, өздерінің тәжірибесіне қиын соғатын өлеңдер мен музыкалық шығармаларды айтуға болады. өйткені олар жоғалады. Жазылып немесе ауызша берілген қайсыбір шығармалар қалайда адамдардың санасында сақталғанда, олардың рухани дүниесінің бөлігі болғанда ғана, адамдардың мінез- құлық қалпын анықтайтын, олардың талаптарын айқындайтын, яғни қоғамдық өмірді қалыптастыратын күшке айналғанда ғана мәдениеттің элементі деуге болады.

Мәдениеттің ішкі құрылымы бар. Себебі ол адамзат қауымдастығынан тыс өмір сүрмейді, сондықтан оны индивидтің жеке мәдениеті және қауымдастық мәдениеті деп бөледі.

Индивидтің жеке мәдениеті - бұл оның өзіндік тәртіп үлгілерінің, қызмет әдістерінің, сол қызмет нәтижелерінің, оның ойлары мен идеяларының жиынтығы. Индивидтің жеке мәдениетінің қауымдастық мәдениеті шеңберінде өзіндік орны болады, бірақ оған біржола сіңіп кетпейді, белгілі бір дербестігін сақтайды, бұл оның жалпы мойындалған үлгілерден ауытқуынан көрінеді. Бірақ мұндай ауытқу жалпы мойындалған үлгілерді қиратуға және айыптаушылыққа жол беруге тиіс емес.

Қауымдастық мәдениеті - шығармашылық туындылардың, қауымдастық мойындап қабылдаған құндылықтар мен тәртіп тәсілдерінің жиынтығы оның мүшелері үшін маңыздылығы артып, олардың тәртібін анықтап, өмір сүрудің ортақ та міндетті ережелерін белгілейді.

Қазіргі кезеңде отандық және еуропалық әлеуметтану әдебиеттерінде мәдениет әлеуметтануы жинақтаушы ұғым ретінде қолданылады. Оған кино, театр әлеуметтануы, яғни алуан түрлі өнер әлеуметтануы, мәдениет аралықтарын түсіну проблемалары, әр түрлі мәдениеттің ымыраластығы мен шиелістері, мәдениеттің әлеуметтік- тарихи процеске, топ құруға, әлеуметтік стратификацияға және әлеуметтік - саяси қозғалыстарға ықпал ету мәселелері жатады.

Кең мағынада айтар болсақ, мәдениет әлеуметтануы әлеуметтанудың жай ғана саласы емес, ол қоғамдық өмірдің бүкіл проблемаларын қамтып, оларды өзіндік ерекше көзқараспен қарастырады. Кез келген мақсатқа бағытталған әлеуметтік қызметтен, айталық, еңбек, тұрмыс, саясат, денсаулық сақтау, білім беру, т. с. с. мәдени мазмұнды табуға болады.

4. Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік элементтеріне әдет - ғұрыптар, заңдар, құндылықтар жатады. Алғашқы үшеуі мәдени нормалардың түрлері болып саналады, сондықтан да олар мәдениеттің нормативтік жүйесін құрайды. Бұл жүйе қоғам мүшелеріне не істеу керегін, оны қалай істеу керектігін және қандай жағдайда өзін қалай ұстау керегін белгілейді. Өзін ұстау мәнерлері, әдеп пен кодекс те мәдениеттің нормативтік жүйесінде, бірақ негізгі есебінде емес, керісінше, оның қосымша элементтері ретінде енеді. Кез келген қоғамда, айталық, қарапайымнан бастап бүгінгі астам қоғамға дейінгі қоғамдардың бәрінде әдет - ғұрыптар мен заңдар болған, бірақ мәнерлер, этикет және кодекс кез келген қоғамда бола бермейді.

Құндылықтар мәдени нормалар түріне жатпайды, бірақ мәдениеттің нормативтік жүйесінің өзге де элементтері сияқты осы жүйеге енеді және онда ерекше функция атқарады. Құндылықтар мәдениетте ненің қастерленетінің және сақталып қалатынын көрсетеді, бірақ оларды ешкімге таңбайды. Қоғамдағы ең негізгі құндылықтар ғана әлеуметтік нормалар тарапынан қорғалады. Сөйтіп, мәдени нормалардың өзі әлеуметтік нормалардың түрі болып табылады. Нормативтік жүйеде адамгершілі, заңдар базистік элементтер ретінде дәл осылайша реттілікпен берілуі керек, өйткені қоғамда тәртіп бұзушыларға қолданатын тыйым салулардың алғашқыдан үшіншіге қарай өтуі қатаңдық деңгейінің артқандығын көрсетеді.

Функционалдық роліне қарй мәдениетті қайсыб ір қоғамның әрбір мүшесіне қажетті жалпы мәдениет және қайсыбір мамандық адамдарына қажетті арнайы мәдениет деп бөлуге болады.

Жалпы және арнайы мәдениеттер арасында қатаң белгіленген шекара жоқ. өзекті мәдениет әрдайым вариативті, бірақ оның моделін жалпыорта білім беру бағдарламасы анықтайды. Мамандар мәдениетін, өз кезегінде, тек кәсіби біліктілік деңгейімен теңгеруге болмайды. Ол өзіне кәсіптік этика мен эстетиканы қосып алғанда, мамандықтың дүниетанымдық негіздерін пайымдауды талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Тұлға туралы теориялар жайлы ақпарат
Тұлга психологиясы
Тұлға туралы теориялар
Психологиядағы тұлға мәселесі
Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар
Жеке тұлғаның қазіргі психологиялық теорияларын классификациялау және оған негіз болатын факторлар: психодинамикалық, социодинамикалық және инеракционистік
Тұлға қалыптасуы
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы
Тұлға теориясына байланысты тұжырымдамаларға шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz