Құқық



Құқық дегеніміз – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1.Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалардың қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2.Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұсқан келтірмеуі керек.
3.Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Құқық дегеніміз – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға
бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың )
жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік,
мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын
реттеп басқару.
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі – құқықтың обьективтік
түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың
қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік
қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді
уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық
қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-
қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет
қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы
дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің
шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып
отырады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1.Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды
күші бар. Мұндай нормалардың қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені
ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2.Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары
толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-
әрекет етуге, тек заңға нұсқан келтірмеуі керек.
3.Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
4.Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет
қамтамасыз етеді.
5.Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде
жұмыс істейді.
Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілердің құқықтары
мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен
қамтамасыз етілетін ереже-қағида.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын
қалыптастырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі
заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде
немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, ҚР салық кодексінде
номалардың элементтері 1-ші бабында толық көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің
баптарында, бөлімдерінде толық көрсетіледі.
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен
міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен
шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.
Диспозицияның үш түрі болады:
Жалпылама түрі – нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын
көрсетілмейді.
Толық айқын түрі – мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы,
Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.
Сілтеу түрі – мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады.
Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім
қалай орнындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін
жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның
жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.
Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда
қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын
көрсетеді. Санкцияның абсолютті анық, баламалы, салыстырмалы түрлері бар.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1.Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл-шаруашылық, құрылыс,
мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
2.Құқықтың әр саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек,
отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-
процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.
3.Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші
нормалар, қоғаушы нормалар.
4.Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы,
ерік беруші нормалар.
5.Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының
қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар.Мысалы, азаматтық, қылмыстық,
заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және
т.б.
Құқықтың нысаны – мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу
түрлері:
1.Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында
мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Қазақ қоғамында
ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі
болып отырған. Әдет-ғұрып нормалары арқылы қазіргі кезенде де дамушы
елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп, басқарылып жатады.
2.Құқықтық прецедент – соттың және әкімшілік органның нақты бір істі
– мәселені қарап, реттеп, шешімін қабылдаған кесімдері басқа істерді,
реттеп шешуге негізгі норма болып табылады. Бұл шешімдер нормативтік
актілердің бір түрі.
3.Нормативтік шарттар – қоғамдағы қатынастардың негізі борла алады.
Мысалы: ГФР, ГДР –ның бірігуі шартты, мемлекеттердің арақатынасындағы
шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.
4.Референдумда қабылданған нормативтік кесімдер – заңның бір түрі.
Сондықтан бұл кесімдер құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық шығармашылық
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу нысандары
Сыбайлас катысып жасалған кылмыстық кұкык бұзушылык үшін жаза тағайындау
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы
Қылмыстық құқық бұзушылыққа тағайындалатын жаза түрлері
Қылмыстық құқық бұзyшылықтaғы жaзa жайлы
Құқық бұзушылық мәні, сипаты
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмысқа қатысу түсінігі
Пәндер