Өндірістік кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Тұрар Рысқұлов атындағы

Қазақ Экономикалық Университеті

«экономика» факультеті

«Экономика» кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы : өндірістік кәсіпорында лизигті пайдалану тиімділігі

пәні: кәсіпорын экономикасы

студент: зейін әлібек

3 курс/ оқу мерзімі 4-жыл

күндізгі бөлім

мамандығы: 050506 экономика

топ: 302

ғылыми жетекші: елшібекова құралай.

алматы - 2006

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Кәсіпкерлік қызметтегі лизингтің орны

1. 1. Лизинг ұғымы, мәні мен маңызы . . . 6

1. 2. Лизингтің жіктемелік белгілері мен түрлері . . . 9

1. 3. Кәсіпкерлік қызметтегі лизингтік операциялардың

артықшылықтары мен кемшіліктері . . . 14

2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтегі лизингтік операциялардың даму жағдайы және «Қазақмыс» АҚ-ң экономикалық сипаттамасы

2. 1 Қазақстандағы кәсіпкерліктегі лизингтің қазіргі жағдайын

экономикалық саралау17

2. 2 «Қазақмыс» АҚ-ң экономикалық жағдайын бағалау. 22

2. 3 Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялардың экономикалық

тиімділігін бағалау. . 25

3. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыруда лизингті қолдану мүмкіндіктерін арттыру жолдары

3. 1. Дамыған елдер тәжірибесіндегі кәсіпкерлік қызметте лизингтік

операцияларды жетілдірудің ерекшеліктері мен тиімділігі . . . 28

3. 2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті

жандандырудағы лизингті дамыту тетіктері . . . 30

Қорытынды . . . 34

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 36

Кіріспе

Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Сондықтан да ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған 2006 жылдың 1-наурызындағы дәстүрлі Жолдауында «экономиканы әртараптандыруға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру қажет» деп айқындалып беруі бекер болмаса керек.

Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін негізгі құралдардың сапалық жағдайын жоғарылату болып табылады. Себебі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі құралдарының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты.

Сондай-ақ, бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің классикалық факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік аппарат болып саналатындығы да белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік базаны құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі құралдарының шамамен 50-70% -ға дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында жаңартуды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі құралдардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің төмендеуіне әкеліп соғады. Қазіргі кезде еліміздің ұлттық банктік жүйесінің экономика салаларының несиелік ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері жылдан-жылға жоғарылағанымен, банктік несие есебінен кәсіпорындардың негізгі құралдарын жаңарту қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін емес. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек еліміздегі кәсіпорындардың негізгі құралдарын жаңарту үшін қазіргі таңда 800 млрд. теңгеден аз емес мөлшерде инвестициялар талап етіліп отыр. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш барлық коммерциялық банктерден бөлінген несиелер көлемінен шамамен екі есеге жуық жоғары. Осындай тығырықтан шығудың негізгі жолы, автордың пікірінше, лизингтік қатынастарды негізгі құралдарды инвестициялаудың тиімді, ыңғайлы құралы ретінде дамыту болып табылады.

Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру қарсаңында, отандық өндіріс орындары мен кәсіпорындардың өндірген өнімдері халықаралық сапа талаптарына сай, жоғары бәсекеге төтеп беруі қажет. Міне бұл мәселелерді шешудің бірден бір тиімді жолы - лизинг.

Еліміздегі лизингтік қызметпен айналысушыларға мемлекет көптеп қолдау жасауда. Ол бір жағынан лизингтік компания өз қызметін жандандыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс бастылық мәселелерін шешсе, екінші жағынан лизинг беруші компаниялардың қызметін пайдалану арқылы, еліміздің көптеген кәсіпорындары өз құрал жабдықтарын жаңартуға және сол арқылы өз қызметін дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизингтік қатынастар экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және шаруашылық субъектілері үшін тиімді шарттармен негізгі өндірістік қорларды сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық қызметтің ерекше түрі ретінде кең түрде танылуда. Мысалға, АҚШ және Европа елдеріндегі лизинг ең тиімді, жоғары икемді қаржы механизмі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі таңда инвестициялардың жалпы көлеміндегі лизингтік операциялардың үлесі тек 2% ғана құрап отырғандығын, ал шет елдерде бұл көрсеткіш 15-30% аралығында екендігін және Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі үшін лизингтік қатынастарды дамытудың өте өзекті болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастардың қазіргі жағдайын талдау және оларды дамыту жолдарын айқындау, жетілдіру қажеттілігі туындайтыны түсінікті.

Осы курстық жұмысты жазудағы автордың басты мақсаты - ол ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтегі лизингтік қатынастардың қазіргі жағдайын саралау мен бағалау, сонымен қатар оларды ары қарай дамыту тетіктерін айқындау және жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады. Сонымен бірге, курстық жұмыста қойылған басты міндеттер келесідей:

  • кәсіпкерлік қызметегі лизингтің орнын анықтау;
  • ҚР-дағы лизингтің қазіргі жағдайын талдау;
  • лизингтің экономикалық тиімділігін бағалау;
  • лизингтік операциялар бойынша дамыған елдер тәжірибесін қарастыру;
  • лизингті жетілдіру тетіктерін ұсыну.

Бұл курстық жұмыстың зерттеу аясы - ҚР территориясындағы лизингтік операциялармен айналысатын барлық кәсіпорындар.

Сонымен қатар, бұл курстық жұмысты жазу барысында автор нормативтік-құқықтық құжаттарды, заңдарды, әр түрлі оқулықтарды, баспасөз басылымдарын және интернетті пайдаланған.

1 Кәсіпкерлік қызметтегі лизингтің орны

1. 1. Лизинг ұғымы, мәні мен маңызы

Бүгінде елімізде құқықтық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі - «лизинг» ұғымының кәсіпкерлік қызметтегі кең орын алуы.

Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Лизинг - әлем экономикасында шапшаң дамып келе жатқан қызметтер шеңберіндегі коммерциялық, кәсіпкерлік қызметінің салыстырмалы жүйеде жаңа түрі деп айтуға болады. Бүгінгі күнде кез келген кәсіпорын үшін ең басты мәселелердің бірі - ол жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға қажетті негзігі құралдар және олардың моральдық, физикалық жағдайы. Бұл мәселелерді шешудің ең тиімді жолдарының бірі лизинг болып табылады.

Бүгінгі күнде «лизинг» түсінігі шет ел және отандық әдебиеттерде де, кәсіпкерлік қызмет тәжрибесінде де кең қолданылады. «Лизинг» термині ағылшынның «to leasе» деген етістігінен шыққан, мағынасы «жалға алу». Алғашқы лизингтік келісім-шарт шамамен 1066 жылы пайда болған деп есептелінеді. Ал қазіргі лизинг ұғымын «Белл» компаниясының операцияларымен байланыстырады (1877 жыл) . Бірақ, лизингтік операция өзінің қызметінің негізі болатын компания алғаш рет 1952 жылы Сан-Франциско қаласында құрылған болатын. Ол - ағылшын компаниясы «Юнайтед стейтс лизинг корпорейшин» (қазіргі уақытта ол «Юнайтед стейтс лизинг интернешнл») . Содан бері «лизинг» ұғымы дәстүрлі түрде Америкада ойлап табылған деп есептелінеді

Лизигтің қаржы-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілері бар. Қазіргі экономикалық, қаржылық әдебиеттерде шамамен 100-ден астам анықтамалары бар.

Лизингтік қызмет біздің елде инвестициялық қызметтің бір түрі болып саналады, яғни негізгі құралдарды сатып алып, оны лизингке беру . Басқаша айтқанда лизинг - бұл лизинг беруші тарапынан уақытша бос қаржысын лизинг алушы экономикасына салу, яғни инвестициялау болып табылады. Келісім шартта көрсетілген негізгі құралдарды лизинг беруші сатушыдан сатып алып, оны лизинг алушыға құнын айлап өтеу негізінде пайдалану құқығы мен кәсіпкерлік мақсатына қолдануға береді. Лизинг беруші негізгі құралдарды сатып ала отырып, сол құралдардың болашақта лизинг алушымен пайдалануын қаржыландырады, ал сосын өз шығындарын лизингтік төлемдер арқылы толтырып отырады. Нәтижесінде лизинг берушінің инвестициялық қызметі негізінде лизинг алушының негізгі құралдар құрамы толығады .

Әлемнің көптеген елдерінде лизингтік қызмет инвестициялық бағытталғандығымен сипатталады. Дегенмен, лизинг механизімінің мәнін түсінуде әр елде түрліше өзгешліктер бар. Көп жағдайда лизингті жалға беру ретінде түсінеді немесе құрал-жабдықтың, көлік құралдарың, өндіріс объектілерінің ұзақ мерзімді жалға берілуі ретінде түсінеді. Бұлай лизингке анықтама беру оның мән мағынасын толық ашпайды. Лизинг қаржылық ерекшелігімен жалға беруден ерекшеленеді. Лизинг алушы - бұл ұзақ мерзімге пайдалануға тек құрал-жабдықты ғана емес, сонымен бірге меншік құқығымен байланысты міндеттерді өз мойнына алады:мүлікке төлем, мүліктің кездейсоқ бүлінуіне байланысты өтемдер, оларды сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуге төлемдер. Лизинг затына деген меншік құқығы лизинг берушіде қалады. Лизинг алушы жалға алушы сияқты әр айда оны пайдаланғаны үшін емес, оның толық құнын өтеу үшін төлем төлейді. Лизингке алынған заттың бүлінуі немесе жойылуы лизинг алушы міндетттерінен босатпайды. Сонымен бірге жалға алғанда екі жақты келісім шарт жасалады, ал лизингке алғанда екі немесе оданда көп жақты келісім шарт жасалады. (№1, 2 сурет )

Жалға беруші Жалға беру келісімі Жалға алушы

1-сурет - жалға беру келісім-шарты

Жабдықтаушы сатып алу келісімі Лизинг беруші жал келісімі Лизинг алушы

2-сурет - лизинг келісімі

Экономикалық қарым-қатынаста лизинг көп жағдайда қаржылық операция түрінде қарастырылып, қор салымының бір түрі деп түсінеді. Кез келген лизинг келісімінің негізгі өзегі -қаржылық, несиелік операциялар болып табылады.

Әртүрлі саладағы мамандар (юристер, коммерсанттар мен кәсіпкерлер, маркетолог, банкирлер, сыртқы экономикалық сала қызметкерлері ) лизингті инвестициялық-банктік немесе жалгерлік кейде іскерлік қызметке жатқызады. Кейбір жағдайда лизинг сауда-қаржылық немесе қаржылық-экономикалық операция ретінде жүреді. Австралиялық бизнесмен Вольфганг Хойлер өзінің «Европадағы бизнесті қалай жасау керек» деген кітабында мынадай сұрақ қойған: «Лизинг - жалдау келісім шарты ма, әлде несие келісімі ме?» - жауап: «Жалпы лизинг ерекше келісім, жоғарыда аталғанның екеуін де қамтиды. »

Е. Кабатов, Е. Чекмаров, В. Перов сияқты «Лизинг» түсінігін кеңінен талқылаушылардың көзқарасы бойынша, лизинг - бұл күрделі, кешенді келісімдік қатынас, өйткені онда екі немесе оданда көп келісімдер қамтылады ( сату -сатып алу және мүлікті жалға беру келісімдері) . Е. Чермаковтың тұжырымы бойынша: мүлікті жалға беру - лизинг мәнінің өзегі болып табылады. Ал қосымша қызметті мүлікті сату-сатып алу қатынастары атқарады. Экономикалық мәні бойынша лизинг - қаржылық операцияның жаңа түрі ретінде қарастырылады. Егер лизингті белгілі бір уақытқа қайтару негізінде жалға алатын болсақ, онда біз оны негізгі құралдарға жасалған тауарлық несие ретінде қарастыруымыз керек. «Лизингтік қатынастарға көп жақтылық тән» деп тұжырымдаған ғалымдардың көзқарастары лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін ашуға неғұрлым жақын келеді. Лизингтік қатынастар кезінде көп жақтылықты мынадан көруге болады: біріншіден, лизингтік қатынастар лизингке алушы мен лизингке беруші үшін негізгі капиталға қаражаттар салуды көрсетеді, сол арқылы оны инвестициялаумен ұқсастыруға болады. Екіншіден, лизингтік қатынастардың қаржылық жағы лизингке алушы үшін оны ұзақ мерзімді активтерді сатып алуды несиелеу нысаны, яғни дәстүрлі банктік несиенің альтернативі ретінде қарастыруға мүмкіндіктер береді. Үшіншіден, лизингтік қатынастар қаржыландыруды ұйымдастыру нысаны бойынша лизингке алушы үшін оның сыртқы түрі бойынша тауарлық несиемен ұқсас, себебі, лизинг тауарлық несие сияқты саудалық және несиелік келісімдердің байланысын көрсетеді. Төртіншіден, лизингке беруші мен коммерциялық банк арасында несиелік қатынастар пайда болғандықтан, лизингтік қатынастардың мәні дәстүрлі несиелік келісім ретінде көрінеді. Міне, сондықтан да, осы аталған элементтердің барлығы өз беттерінше жеке дара жұмыс істей алмайды, олар тек лизингтік қатынастардың күрделі құрылымын көрсететін біртұтас жиынтық ретінде ғана іске асырылады.

Лизинг жалпы экономиканың және кәсіпкерліктің дамуына бірнеше бағытта әсер етеді:

  • лизинг қаржылық қызмет көрсету нарығында қосымша бәсекелестік туғызып, қаржылық қызмет нарығын кеңейтеді, ал ол өз кезегінде кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді;
  • лизинг шағын және орта бизнесті дамтуға әсер етеді, яғни қосымша қаржысы болмаған жағдайда негізгі құралдарды пайдалануға немесе оларды жаңартуға мүмкіндік береді;
  • лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың бір түрі болғандықтан, капитал салымдар көлемін көбейтеді;
  • лизинг көбінесе банк несиесінің баламасы болып табылағандықтан, кәсіпорындарға банк алдындағы міндеттемесінің көбеймеуіне жол береді;
  • лизинг негізгі құралдарды тез арада жаңартудың бір түрі (қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігі арқасында) ;
  • сондай-ақ лизинг, сатушылар үшін тауарларын өткізудің бір жолы болып табылдаы;
  • Аристотель де өз кезегінде лизинг қасиеттерінің артықшылығын мойындаған, яғни оның айтуы бойынша : «Байлық иеленуде емес, пайдалануда», басқаша айтқанда пайда табу үшін мүлік міндетті түрде өз меншігіңде болуы қажет емес, тек оны пайдалана алу қажет. Ал пайдалану құқығы - бұл лизингтің басты қасиетінің бірі .

Сонымен, лизингтік қатынастар - бұл лизинг объектілерін пайдаланушыларды қажетті өндіріс құралдарымен дер кезінде және тиімді түрде қамтамасыз етуге бағытталған жалға беру, несиелік, саудалық қатынастардың жиынтығы болып табылатын кәсіпкерлік және инвестициялық қызметтердің бір түрі және лизингке беруші мен лизингке алушының, сонымен бірге лизингке беруші мен сатушының арасындағы серіктестік қатынастар.

1. 2 Лизингтің жіктемелік белгілері мен түрлері

Лизинг түрлерінің жіктелуі отандық және шет елдік тәжрибе мен теорияда айтарлықтай салмақты зерттеліп жатыр. ҚР-сының «Қаржылық лизинг туралы» заңында лизингтің (қаржылық лизингтің) 6 түрі көрсетілген, оны келесі суреттен көруге болады.

3-сурет - лизинг түрлері

  1. Қайтарымды лизинг - бұл лизингтің бір түрі, мұнда сатушы лизинг затын лизинг берушіге мынанадай шартпен сатады: өзіне(яғни сатушыға) лизинг алушы ретінде мүлікті қайтару.
  2. Қайтара лизинг - лизингтің бір түрі, келісім шарт уақытысының бітуімен немесе оны тоқтатумен байланысты лизинг беруші меншігінде қалған лизинг затын басқа лизинг алушыға беру.
  3. Банктік лизинг - мұнда лизинг беруші ретінде банк қарастырылады.
  4. Толық лизинг - ағымдық, техникалық жөндеу жұмыстары лизинг берушімен жүргізіледі.
  5. Сублизинг - бұл лизингтің түрінде лизингке алынған құрал-жабдықты лизинг алушы (сублизинг беруші) үшінші жаққа (сублизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсатта, сублизинг келісім шартымен, әр айда төлем төлеу міндеттемесімен уақытша пайдалануға береді.
  6. Таза лизинг - ағымдық, техникалық жөндеу жұмыстары лизинг алушымен жүргізіледі.

Сонымен қатар, лизингтің түрлерін көрсеткенде оның жіктелу белгілеріне сүйенеміз. Жіктемелік белгілеріне жататындар:

  • операция өтететін нарық секторы
  • қатысушылардың құрамы
  • лизингке берілетін мүлік түрі
  • мүліктің ақталу дәрежесі
  • амортизация жағдайы
  • жалға алынатын мүлікке көрсетілетін қызмет көлемі
  • салықтық және амортизациялық жеңілдіктер
  • лизингтік төлемдер сипаты

Лизингтік операция өтететін нарық секторына сәйкес лизингтің негізгі екі түрі көрсетілген : ішкі және халқаралық. Ішкі лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші және алушы, сатушы (жабдықтаушы) ҚР резиденттері болуы керек. Ішкі лизинг ҚР заңымен реттеледі. Халқаралық лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші немесе алушы ҚР бейрезиденті болуы мүмкін. Егер, лизинг беруші ҚР резиденті болса, онда лизинг заты ҚР резидентінің меншігі болып саналып, лизингтік келісім шарт ҚР заңнамасымен реттеледі. Ал керісінше жағдайда халықаралық келісім шарт сыртқы экономикалық қызмет аясында реттеледі. Сонымен қатар, халықаралық лизинг өз кезегінде екіге бөлінеді: импорттық лизинг - лизинг беруші шетелдік мемлекет болған жағдайда; экспорттық лизинг - лизинг алушы шетелдік мемлекет болғанда.

Жалға алынатын мүлікке көрсетілетін қызмет көлемі бойынша лизигтің келесідей түрлері бар: таза, толық және ішінара лизинг. Таза лизинг кезінде лизинг алушы лизинг затына көрсетілетін қызмет бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады. Ал толық лизингте шығындар толығымен лизинг берушіге жүктеледі. Егер лизинг беруші бұл функцияның белгілі бір бөлігін ғана атқарса, онда ол ішінара лизинг болады.

Келісімге қатысушылардың құрамына байланысты лизингтің тікелей, қайтарымды, жанама, бөлінген және сублизинг атты түрлері бар. Мүлік иесі (жабдықтаушы) өз бетінше объектіні лизингке берген жағдайда тікелей лизинг жүзеге асырылады. Мұндай жалгерлік келісім шарт көбіне тікелей өндіруші фирмамен жасалады. Өз өнімдерін лизинг арқылы ұсынатын ірі өндірушілер, яғни: IBM, XEROX, GATX, сондай ақ авиациялық, кеме жасаушы және автокөлік жасаушы ірі компаниялар жатады. Мысалға автокөлік нарығының лидері «Драймлер-Крайслер» концерні және BMW концерні бірнеше жетекші лизингтік компаниялардың құрылтайшысы болып табылады. Сол компаниялар арқылы дүние жүзінің көптеген елдерінде өз өнімдерін өткізеді.

Қайтарымды лизинг - өзара байланысқан келісімдер жүйесі. Мұнда құрал жабдық иесі өз мүлкін лизингтік компания, банк немесе инвестициялық қорға сатады, сонымен қатар бір мезгілде сатып алушымен ұзақ мерзімді жалға алу келісім шартын жасайды. Сонда сатып алушы лизинг беруші ретінде, ал сатушы лизинг алушы ретінде анықталады. Мұндай операциялардың нәтижесінде құрал жабдықтың иесі ғана өзгереді, ал оны пайдаланушы бұрынғысынша өзгермейді, тек қосымша қаржыландыруға ие болады. Инвестор шын мәнінде оның бұрынғы иесін несиелендіреді, нәтижесінде мүлікке меншік құқығын алады. Мұндай операциялар көбінесе іскерлік құлдырау жағдайында қолданылады, кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында.

4-сурет - қайтарымды лизинг операциясын жүргізу суреті

Жанама лизингте мүлікті лизингке беру делдал арқылы жүзеге асырылады. Бұл операцияға жабдықтаушы, лизинг беруші және алушы жеке өз атынан қатысады.

Бөлінген лизинг - көпжақтың қатысуымен жасалатын лизинг. Ірімасштабты, күрделі объектілерді қаржыландыру формасы ретінде кең тараған. Сонымен бірге, лизингтің бұл түрі бірнеше жабдықтаушы, лизнинг беруші мен сақтандыру компанияларының қатысуымен және бірқатар банктердің несие қаражаттарын тарту арқылы болатын топтық немесе акционерлік лизинг деп те аталады. Бұл лизинг түрінің басты ерекшелігі: лизинг беруші лизинг объектісін сатып алуға қажет қаржының белгілі бір бөлігін ғана қамтамасыз етеді (акция шығару арқылы) . Ал қалған бөлігі несие берушілер көмегімен (банктер, басқа да инвесторлар) қаржыландырылады.

5-сурет - леверидж-лизингі

Сублизинг - бұл лизингте лизинг алушы (сублизинг беруші) алынған құрал-жабдықты үшінші жаққа (сублизинг алушыға) лизингке береді. ҚР «Қаржы лизингі туралы» заңына сәйкес, құрал-жабдықты сублизингке беру үшін жазбаша түрде лизинг берушінің келісімі болуы қажет. Лизинг алушы құрал-жабдықты пайдалану құқығын үшінші жаққа бергеніне қарамастан, лизинг беруші алдында лизинг келісім шартында көрсетілген өз міндеттемелері бойынша жауапты болып қала береді. Сублизинг келісімі лизинг келісімінің мерзімінен аспайтын мерзімге жасалуы керек.

6-сурет - сублизинг

Лизингке берілетін мүлік түрі бойынша лизингтің мынандай түрлері бар: жылжымалы мүлік лизингі (құрал-жабдықтар, техника, автомобильдер, ұшақтар т. б. ) . лизинг заты жаңа немесе бұрын пайдаланылған болуы мүмкін.

ж ылжымайтын мүлік лизингі (ғимарат, құрылыс) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығы және лизингтік төлемдер мен олардың түрлері
Тәуелсіз лизингтік компаниялары
Кәсіпорынның негізгі құралдары
ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Лизинг операцияларының техникасы
Инвестициялаудың ең қауіпсіз түрі - Лизинг
Лизинг арқылы инвестицияларды тарту, лизингтің пайда болуы мен табиғаты, кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі
ҚР лизингтің мәселелері мен дамуы
Инновацияның мәні, белгілері және түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz