Саяси технологияның адам өміріне маңызы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   


Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Саяси технологиялар орны
  3. Қоғамның қоғамдық-саяси өмірін түсінудегі саяси технологияның маңызы.
  4. Саяси технология маңызы
  5. Сайлау жүйесінің алар орны
  6. Бақылау сұрақтары
  7. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

ХХІ ғасыр жоғары технологиялар ғасыры. Саяси басқару саласында да арнайы саяси технологиялар көптеп қолданылады. Өйткені, кез келген саяси мазмұндағы міндетті шешу бірізділікті, шешім қабылдау жүйесін қалыптастыруды, арнайы саяси технологиялар қолдануды қажет етеді. Дәстүр бойынша, саяси технологиялар деп - нақты субъектінің мақсаттары мен міндеттерін оңтайлы және тиімді жүзеге асыруға бағытталған, бірізділікпен қолданылатын процедуралар, қызмет әдістері мен тәсілдер жиынтығын айтады. Саяси технологиялардың сан алуан түрлері саяси маркетинг, саяси жарнама, қоғаммен байланыс орнату (паблик рилейшнз), саяси консалтинг салаларында жүзеге асырылады. Саяси технологиялардың кеңінен қолданылуы - азаматтық қоғамның ілгерлеуінің, демократиялық институттардың және саяси сананың даму деңгейінің көрінісі. Өйткені саяси технологиялар тек демократиялық және ашық қоғамға ғана тән. Саяси технологиялардың ішінде сайлау саласында қолданылатын технологиялардың да маңызы ерекше. Сайлау технологиялары - бұқара сайлаушылардың санасында электоралды мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған бірізді іс-әрекеттер. Бұқараның электоралдық мінез-құлқына ықпал ету және оларды нақты үміткерге дауыс беруге итермелеу мақсатында ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Сайлау технологияларының негізгі ерекшелігі - сайлаушылардың мінез-құлқын реттеуші әлеуметтік-психологиялық тетіктерді қосуға бағытталуы. Сайлау технологиялары кәсіпқойлар қолында күшті қаруға айналады. Сайлау технологияларын сауатты қолдану арқылы сайлауда жеңіске жетіп, саяси билікке ие болуға болады.

Саяси технологиялар орны

Жалпы саяси әлеуметтану ғылымы басқа ғылым салаларынан жас болғандықтан, көптеген ғылымдарда бұрыннан қалыптасқан терминдерді саяси-әлеуметтік процестерді түсіндіруге пайдалану әдеттегі жағдайға айналған. «Технология» терминінің жаратылыстану ғылымындағы мағынасына талдау жасай келе, саяси әлеуметтану ғылымында қолдану оның категориялық аппаратын дамытады деп тұжырымдауға болады. Ал «технология» терминін саяси әлеуметтану ғылымында «саяси технологиялар» ретінде жаңа мазмұнда пайдалана бастағанымызға да көп болған жоқ. «Саяси технология» дегеніміз, - дейді Ресей әлеуметтанушысы С. Соловьев - белгілі бір уақыт пен белгілі орында нақты Субьектінің мақсат-міндеттерін тиімді және оңтайлы түрде жүзеге асыруға бағытталған біртіндеп қолданылатын процедуралар, іс-қимыл әдістері мен амалдар жиынтығы» дейді. Айта кететін жайт - зерттеушілер арасында саяси-әлеуметтік технологияларды түрлеріне байланысты жіктеу тәжірбиесінде бір ізділік жоқ.

Саяси-әлеуметтік технологияларға сайлау институтын да жатқызуға болады. Себебі сайлау нәтижесінде әр түрлі саяси-әлеуметтік топтардың билікке араласуы қамтамасыз етіледі және қоғамдық келісімге қол жеткізуге болады Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдары дайындаған «Саяси әлеуметтану» («Политическая социология») оқулығының бір бөлімі «Сайлау саяси жүйені жаңарту технологиясы ретінде» деп аталады және оқулық авторлары «Сайлау, біздің ойымызша, жаңартудың ең басты технологияларының бірі» - деп есептейді. Дж. Сартори да сайлау институтын саяси технологияға жатқызады. Оның Сайлау манипуляцияның бір түрі деп атаған анықтамасы бірталай зерттеушілер тарапынан қолдау тауып отыр

Сайлау технологиялары да саяси технологиялардың бір түрі болып есептеледі. Солай дегенмен де көптеген зерттеулерде «сайлау технологиялары» ұғымын тек сайлау алдындағы науқандармен ғана байланыстырады және кейінгі кездегі зерттеулердің барлығында дерлік осы кезеңдегі әдіс, амалдар мен процедуралар ғана талдануда. Тек С. В. Устименко ғана «сыртқы сайлау технологияларына» сайлау науқанының ұйымдық-құқықтық жамылғысын жатқызады. Жоғарыдағы пікірлерді жинақтай отырып, белгілі бір топтың билікке жетуі үшін сайлау заңдарын қабылдау барысындағы іс-әрекеті мен амал-айласын, сайлау алдындағы науқанда коммуникациялық технологияларды пайдаланып жеңіске жету үшін жүргізетін күресінің толық циклын сайлау технологиялары деп атауға болады

Қоғамның қоғамдық-саяси өмірін түсінудегі саяси технологияның маңызы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіндегі саяси технологиялар» тақырыбына семинар болып өтті.

Семинар жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының өкілі қатысты.

Семинар әр түрлі әлеуметтік мен халық топтарымен жұмыс жүргізу, саяси жүйені жаңғырту, қоғамды демократияландыру, сондай-ақ ҚР мемлекеттік басқару аясындағы билік пен халықтың өзара іс-қимылының тиімді технологияларын пайдалану жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік жасады. Саяси талдау және болжау, сайлау және ақпараттық технологиялар, саяси қақтығыстарды бақылау және басқару технологиялары, саяси шешімдерді қабылдау сияқты саяси технологиялардың өзекті мәселелері қарастырылды.

Семинар аясында мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісінің тұжырымдамасы талқыланды, мемлекеттік органдар қызметкерлеріне мемлекеттік басқару жүйесіндегі саяси технологияларды қолданудың түрлері мен әдістерін одан әрі жетілдіру бойынша практикалық нұсқаулар берілді.

Іс-шара ҚР Президенті Н. Назарбаевтың осы жылдың 17 маусымында Мемлекеттік басқару академиясында өткен «Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік қызметтің рөлі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында сөйлеген сөзінде қойылған міндеттер аясында өткізілді.

Өз сөзінде Елбасы мемлекеттік қызметтің мәртебесін біршама нығайту, мемлекеттік кадр саясатын Қазақстанның аса маңызды ұлттық басымдығы шеніне көтеру қажеттігін атап өтті.

Семинардың жұмысы тыңдаушылардың қазіргі саяси технологиялар саласындағы білімін өзекті етуге бағытталған.

1. Мамандық формуласы. «Саяси институттар, этносаяси қақтығыстар, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар» мамандығы саяси институттар мен процестердің қалыптасуының, жұмыс істеуінің және даму келешегінің негізгі заңдылықтарын зерттеуді, халықаралық, аймақтық және жергілікті деңгейлердегі саяси қақтығыстар мен геосаяси өзгерістерге талдау жасауды, қолданбалы саясаттану әдістерін, атап айтқанда, саяси процестерді зерттеудегі жаңа саяси технологияларды зерттеу мен пайдалануды білдіреді. Саяси институттар мен процестердің, саяси қақтығыстар мен саяси технологиялардың қолданылуын зерттеуге ғылыми көзқарас тұтастай алғанда қоғамның саяси жүйесінің даму деңгейін анықтауға ықпал етеді, саясаттағы жаңа технологияларды әзірлеуге арналған.

II. Зерттеу салалары.

1. Саяси процестер әлемдік жаңғырту контекстінде, транзиттік қоғамның ерекшеліктерін анықтау.

2. Қазақстан қоғамын демократияландырудың институционалдық негіздері, оның саяси құрылымы саяси процестің дамуының жиынтық құбылысы ретінде.

3. Қазақстан Республикасының саяси жүйесін трансформациялау және жаңғырту проблемалары.

4. Билік пен индивидтің өзара қарым-қатынасы проблемалары саяси процесс субъектілері ретінде.

5. Қазақстан қоғамының саяси және идеялық топтасу процестері.

6. Саяси реформалар және олардың құқықтық демократиялық мемлекетке көшудегі маңызы.

7. Қазақстанда жаңа типті мемлекеттіліктің пайда болу, құқықтық мемлекеттің және азаматтық қоғамның қалыптасу проблемалары.

8. Қазақстанда саяси пікір алуандығы мен көп партиялылықтың қалыптасуы.

9. Сайлау процестері және жаңа саяси технологиялар («паблик ри-лэйшнс», PR-технологиялар, имиджелогия, саяси маркетинг, саяси жарнама) .

10. Саясаттағы саяси қақтығыстар мен дағдарысты жағдайлар.

11. Халықаралық және аймақтық қауіпсіздік контексіндегі қазіргі заманғы геосаяси процестер.

12. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік проблемалары.

III. Ғылыми дәреже берілетін ғылым салалары - саяси, заң, әлеуметтік.

Саяси технология маңызы

С аяси шешімдер институты қырғыз оппозицияның сайлаудан кейінгі әрекеті бейбіт саяси акция өткізумен ғана шектеледі деген болжам айтып отыр. Қазақстандық институттың Қырғыз президентін сайлау қарсаңында келтірген жорамалы расталып шықты. Таяуда құрылған саяси зерттеулер орталығы бүгін тағы бір есебін жариялады. Дельфи әдісімен өткен зерттеу жобасы аймақтағы саяси режимдердің өміршеңдігі мен ертеңгі тағдырын анықтауға бағытталуға. Жаңа институттың алғашқы қадамдары мен сарапшылар шығарған нәтиже туралы - Алматыдағы меншікті тілшіміз Айбар Олжаевтың арнайы репортажы.

Сарапшылар Орталық Азияның тағдырын шешетін факторларды бір-біріне жайып салмас бұрын белгілі әлеуметтанушы Бақытжамал Бектұрғанованы құттықтап алған болатын. Оның жөні бар. Жақында ғана Саяси шешімдер институты құрылып, Бектұрғанова осы мекеменің тізгінін ұстаған. Енді мамандар еліміздегі сарапшылар қауымының тынысы кеңейеді деп отыр. Қазақстанда аймақ және әлем сарапшылары бас қосып, көкейдегісін талқылай алатын тағы бір алаң пайда болды.

Бақытжамал Бектұрғанова, саяси шешімдер институтының директоры: «Саяси шешімдер институты көп қырлы ұйым деп айтар едім. Бір ғана Орталық Азия аймағы әрі бір ғана тақырыппен шектеліп қалмаймыз. Пікірсайыспен бірге терең зерттеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Мемлекеттік мекемелер мен жеке бизнес нысандарына кеңес береміз деген үлкен жоспарлар бар. Сондай-ақ сараптама жанрындағы теле жобалар ұйымдастыруды қолға алмақшымыз».

Бүгінгі отырыстың басты тақырыбы деп Қырғызстан мен ондағы президенттік сайлаудың қорытындысы алынған болатын. Бәкиевтің таққа қайтадан отыруы ешкімді таңғалдыр қоймаса да, елдің сыртқы саясаттағы ендігі жүрістеріне қатысты пікір екіге бөлінді. Бірақ сарапшылар «Бәкиев Қазақстанға да, АҚШ-қа да жағып отыр, сондықтан оны тақтан тайдыруға сыртқы күштер араласпайды» дейді.

Андрей Чеботарев, саясаттанушы: «2005 жылғы Қырғыз революциясы туралы айтқанда, тапсырыспен жасалған саяси технология бұл елдің дамуын, экономикалық өркендеуін қарастырмаған болатын. Әңгіме аймақтағы сыртқы күштердің ықпалы туралы болып келді, сондықтан Қырғызстанда экономикалық әлеуметтік, тіпті саяси құрылым тұрғысынан кері кетушілік байқалады».
Бүгінгі отырысқа жиналғандар «Орталық Азия үшін қауіп іштен емес, сырттан келеді» дегенге келісті. Сонымен қатар сарапшылар саяси хал-ахуалдың тұрақты болуы халықтың әл-ауқаты мен тұрмысына тікелей байланысты деген пікірмен келісті.

Бақтиер Ергашев, өзбекстан республикасы президенті мемлекеттік кеңесші қызметінің жанындағы экономикалық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері: «Здесь законы рынка играют не самую главную роль. Здесь нужно накормить людей. Потому что все революции происходят от того, что у людей нет хлеба».

Саяси шешімдер институтының алғашқы қадамы жақсы жасалды дейді, мамандар. Енді дөңгелек үстелдегі пікірлер түйінделіп, жеке жинаққа айналатын болды.

Бүгінгі отырыс, бір жағынан, Саяси шешімдер институтының тұсаукесері болса, екінші жағынан, Орталық Азиядағы саяси синтездің әңгіме бола бастауы сарапшылардың болашақтағы тосын өзгерістерді сезіп отырғанын байқатты. Әзірге сарапшы қауым пікір айтыса алатын жаңа алаңның пайда болғанына қуанып отыр.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты ғалымдарының 2009 жылы баспаға шығаруға дайындап жатқан «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» оқулығы мен хрестоматиясы, «Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси партиялары» анықтамалық жинақ және «Саяси технологиялар. Терминдер мен ұғымдар сөздігі», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» атты оқулық пен оқу құралдарының қазақ және орыс тіліндегі таныстырылымы өткізілді.

Жиынға Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары, қоғам және БАҚ өкілдері, Елордалық мектептердің бірқатар мұғалімдері шақырылды.

Оқулық пен оқулық құралдарының жобасын ұсынып отырған Институт ғалымдарынан құралған авторлар ұжымы: тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат, Ә. М. Ауанасова, саяси ғылымдарының докторы, профессор Г. Р. Нұрымбетова, тарих ғылымдарының кандидаты Т. С. Каленова, жас ғалым А. М. Сүлейменов және т. б. жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, оқу құралының қазіргі жағдайымен таныстырды.

Институт ғалымдары әзірлеген «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» оқулығы мен хрестоматиясы Қайта құру кезеңінен яғни 1985 жылдан бастап тәуелсіз Қазақстанның 2009 жылғы материалдар негізінде құрастырылған. Жаңа оқулықтың бірінші кезеңдегі нұсқалық жобасы 2009 жылғы 5 маусымда ғалымдардың аралық талқылауынан кейін, қайта өңделіп, құрылымы, мазмұны, жағынан өзгеріп, теориялық-методологиялық жағынан толықтырылды.

Тарих мамандығынан өзге мамандықтардың бакалавриатына, ЖОО оқытушыларына және орта арнаулы оқу орындарына арналған жаңа методологиялық көзқарас тұрғысынан құрастырылған жаңа оқу құралында көптеген құжаттар, деректер пайдаланылып, алғаш рет жарияланып отыр. Бірқатар құжаттардың түпнұсқасы қолданылған. 417 беттен тұратын оқулық құралына еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі түсірілген құнды суреттердің көшірмелері енгізілді.

Оқулық хрестоматиясының ерекшелігі ресми құжаттармен қоса, мақалалар, естеліктер негізінде құрастырылған. Хрестоматияда тарихи тұлғалар, демографиялық көрсеткіштер, халық санағы туралы деректер де берілген. Хрестоматия оқулықтағы тақырыпқа байланысты қосымша материалдарды орнымен пайдалануға, студенттердің білімін кеңейтуге, өз бетімен білім алуына көмектеседі.

«Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси партиялары» анықтамалық жинақ және «Саяси технологиялар: терминдер мен ұғымдар сөздігі» де ғалымдардың сараптауынан кейін, қайта өңделіп толықтырылды. Анықтамалық жинақта ресми тіркелген партиялардың бағдарламалары, жарғылары мен партия жетекшілерінің өмірбаяндары баяндалса, сөздікте қазақстандық саяси ғылым саласына әлі толық ене қоймаған, саяси технологиялар саласында қолданылатын жаңа, күрделі салаға ғана тән, халықаралық терминдер қолданысқа енгізіліп отыр.

Сонымен қатар Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б. Ғ. Аяғанның жетекшілігімен дайындалған Жалпы орта білім беретін мектептің 9-шы сыныбына арналған 400 беттен тұратын «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» деп аталатын оқулық қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Оқулықты дайындауға Астана қаласынан № 4 қазақ гимназиясының тарих пәні мұғалімі С. Дүйсенов, Петропавл қаласынан Т. Ю. Родная мен Е. Г. Чернова қатысты. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмаларды кестелер, тірек сызбаларды М. Д. Шаймерденова мен тарих пәні мұғалімі В. С. Ткаченко дайындады. Оқулықта өзіндік тапсырмаларды орындау үшін қарапайымнан күрделігіне қарай әр түрлі деңгейдегі шығармашылық тапсырмалар берілген.

«Тәуелсіз Қазақстан тарихы» оқулығы мен хрестоматиясының рецензенті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты А. М. Жаркенованың айтуынша, қысқа мерзімде оқулықтың қазақша және орысша нұсқасы қатар дайындалған. Жаңа үлгідегі оқулық мемлекеттік стандарттық білім бағдарламасы талабына сай жауап береді. А. Жаркенова: «Келешекте тарих мамандығынан өзге мамандықтардың бакалавриатына ғана емес, тарих мамандықтарына да арнап оқулық құралдарын жазуды ұсынды және оқулық студенттердің тәуелсіз Қазақстан тарихын терең меңгеруіне септігін тигізетін сенімді оқу құралы бола алады деп ойлаймын», - деді.

Атылмыш басқосуда жоғары оқу орнының оқытушы-ғалымдары, мектеп мұғалімдері Институт ғалымдары дайындап жатқан оннан аса оқулық пен оқу құралдарымен танысып, ғалымдардың шығармашылық жұмыстарына табыс тіледі.

3 Сайлау жүйесі. Сайлау жүйесінің стратегиясы және тактикасы.

Жаңа реформалар тек қана мемлекеттің басқару құрылымын ғана емес, бүкіл саяси жүйенің қызметіне толық өзгерістер әкелді. Яғни Парламенттің өкілеттігін ұлғайту арқылы бұған дейінгі президенттік басқару формасынан «президенттік-парламенттік» басқару жүйесіне көштік деуге толық негіз бар.

Сондықтан, болып жатқан өзгерістердің мәні мен мағынасы өте жоғары. Шын мәнісінде, біз бүгінгі күні 15 жылдың белеңінде өз мемлекеттілігін қалыптастырып және оны даму даңғылына дұрыс бағыттай білген елдің өткеніне, оның сындарлы сәттеріне, тарихи драмасына үңілер тұсқа енді келгендейміз. Өткен 15 жылдағы әрбір күннің драмалық күй-жағдайын, күрделілігі мен маңыздылығын сезсек те, толық ұғына алмаспыз. Бүгінгі күн де солай. Себебі, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі тарихы - бұл әртүрлі сындарлы сәттерде дұрыс таңдау тарихы.

Кез-келген мемлекеттің алдынан дамудың даңғылы сайрап жатпайтыны, керісінше оның алдынан саяси таңдаудың сан тарап соқпағы сайрап жататыны белгілі. Ол әсіресе посткеңестік кеңістікте өз бұйдасы өзіне тиген Қазақстан секілді елдер үшін тым ауыр жұмбақ, аса жауапты таңдауды қажет етті. Қалың жыныстан жол шеккендей, қара түлейден із кескендей күйге түстік. Жаңа мемлекеттік жүйенің даму барысында қадам сайын бір таңдау, қарыс сайын бір шешімге келу қажет еді. Қандай салада болсын, саясатта да, экономикада да шешім қабылдау оңай болған емес. Әрқашан дилемма. Үнемі таңдау жасау керек. Айналадағыны жинаймыз деп, қолда барды шашып алмаймыз ба? Жылдам нәтижеге ұмтылып, бір күнде бәрін жоғалтып алмаймыз ба? Уақыттан ұтамыз деп, соңғы мүмкіндіктен айырылып қалмаймыз ба? Біз ең болмаса, қанша уақыт бар екенін де білгеніміз жоқ. Жедел реформалауға кірісу керек пе, әлде асықпай, сәті келгенде тәуекелге барамыз ба?

Кез-келген мемлекет үшін өзінің ішкі этникалық, әлеуметтік, мәдени ерекшеліктері мен сыртқы саяси қатынас сипаттарына сәйкесетін жолдың әлемдік коньюнктурадан бастап, аймақтық альянс, іргелес одақтастармен ықпалдаса алатындай варианттарын таңдау - өте күрделі мәселеге айналды. Мұны біреулер тым үстірт, сол сәтінде қалай болса солай да қабылдап жатты. Шыдамсыздары алды-артына қарамай, тарихи маңызы бар шешімдерді аса жеңіл көзқараста қабылдай берді. Нәтижесінде, халқын кедейленіп, елдегі жағдайды бақылаудан шығарып алып, тіпті әлеуметтік катаклизмдерге ұрынды. Енді бірі мұндай дилеммалардан қорғалақтап, аңырып қалды. Сондықтан да өз бағыт-бағдарын таңдауға тәуекелсіздік танытқандар сол күйіндегі өзінің таз қалпында қалып қойды да, ұшқалақтыққа жол алдырғандары уақыттан ұрынып қалғандарын түсініп жатты. Ал біз болсақ, таңдау жасауға асықпадық, ал шешім қабылдағанда қорықпадық. Біз әрқашан өз таңдауымызды өзіміз жасадық. Қазақстандық дамудың басты логикасы да осы деуге болады. Мемлекетіміздің саяси дамуы да осындай дилеммалардан тұрды.

Бірінші дилемма. Алдымен саясат па, әлде экономика ма?

Бұл баяғыдан келе жатқан дау. Оған бүгінгі күннің өзінде де кесіп айтатын жауап жоқ. Біреулер саясат анықтаушы фактор, ал экономика сол қоғамдағы қалыптасқан саяси қарым-қатынастарға тәуелді деседі. Басқалары, керісінше белгілі бір елдегі саяси-қоғамдық процесстердің дамуы сол елдегі экономикалық жағдайға байланысты деп дәлелдейді. Ғалымдардың өзі, екі үлгідегі көрсетілген бағыттардың ішіндегі біреуін ғана ұстанады. Яғни тек қана «саясат», болмаса «экономика» деген секілді.
Қазақстан «алдымен экономика, сосын саясат» моделін таңдады. Өйткені Қазақстанды тәуелсіздік мәртебесін иеленуші бірақ жалаң декларативтік мемлекетке айналмау, яғни өзінің азаматтарының нақты мүдделері мен саяси хұқықтарын, еркіндіктерін сақтауға, қорғауға экономикалық әлеуеті, экономикалық-құқықтық тетігі бар мемлекеттік жүйе қалыптастыру мәселесі баса толғандырды. Мемлекеттік дамудың негізгі базистік бағыты ретінде экономикалық реформаны бірінші кезекте қарастыру талабы - қазақстандық қоғамның ішкі ахуалы мен сыртқы ықпалдастық тұрғысынан да сұранысқа ие еді. Сол кездегі даму дилеммаларын таңдаушы елдердің арасынан экономикалық реформаны бірінші кезекке қойғандарының ғана ішкі тұрақтылыққа ие болып отырғандарын байқауға болады. Бір ғана мысал келтірер болсақ, ең бірінші саяси дамуға басымдылық берген көршілес Қырғызстанның бүгінгі көрінісі мен экономиканы реформалауға кіріскен Қазақстанның жетістігін салыстырып көріңіз. Құрманбек Бакиев мырзаның: «Бүгін Үкімет те, Жоғары Кенеш те экономика мәселелерін шешудің жолдарын қарастырып, елді алға сүйреудің қамын жасау керек. Қазақстан неліктен тез дамып келеді? Өйткені Президент те, Үкімет те, Парламент те әуел бастан экономикамен айналысты, ал Қырғызстан 15 жыл бойы тек саясатпен айналысып келеді. Нәтижесінде біздің қолымыз осыған жетті» деуі көп жағдайды аңғартса керек. Демек, біз кейбір елдердің мемлекеттік даму бағытын қайта қарастырып, осыдан он бес жыл бұрынғы қателікті қайта түзетуге әрекеттене бастағанын байқаймыз. Ал бүгінгі Қазақстандағы конституциялық өзгерісті мемлекеттік даму жүйесін қайтадан алмастыру, яғни бұрынғы таңдауға қайта оралу деп түсінушілік, нақтырақ айтсақ түсіндірушілік өте қате пікір дер едік. Өйткені Қазақстанның саяси реформаға көшуі уақыты келген, пісіп жетілген саяси эволюциялық процесс.

Әрбір мемлекеттің қалыпты дамуы мен тұрақты жағдайына ең алдымен үш түрлі капиталдың негіз болатыны белгілі: Біріншісі - ресурс, табиғи капитал, екіншісі - адамгершілік сана яғни моральдық капитал, үшіншісі - саяси капитал.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологиялар ұғымы
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Білім беруді ақпараттандыру туралы
Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі
Қазақ тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
«Қазіргі педагогикалық технология» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Кәсіптік оқыту принциптерінің ерекшеліктері
Тәрбие технологиясында тәрбие жүйесінің моделі
Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі мен сипаттамасы
Техника философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz