«Қазақстан – 2050» стратегиясы


«Қазақстан - 2050» стратегиясы
Орындаған:Нүрлен Әлішер
Тексерген: Уразова Гаухар
Факультет:Жалпы медицина
Топ: 104 Б
Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлімЕлбасының Ұлтқа Үндеуі
- Қортынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Осы аптада Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына арналған салтанатты жиында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.
Тәуелсіздіктің салтанатты мәжілісі елордадағы қазақ мәдениетінің ең биік тұғырына айналған, теңдесі жоқ өнер ордасы - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет өткен болатын. Яғни, Астанадағы сәулетті әрі ғажайып мәдениет ордасының шымылдығы Қазақстанның жаңа стратегиялық бағдарын айқындайтын Жолдаумен ашылды.
Елбасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиындағы сөзін ең алдымен еліміздің өткен тарихынан бастады. «Өткен күннен алысы жоқ, келер күннен жақыны жоқ» деген бабалардан қалған сөз бар. Тәуелсіздіктің 20 жылдық көкжиегінен көз жіберетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жолдардан өттік. Осыдан 21 жыл бұрын әлем жұртшылығы тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстан Республикасын былай қойғанда «қазақ» деген халықтың бар жоғын әлі танып білмейтін еді. Бүгінде әлем таныған, күллі дүние жүзі мойындаған Қазақстанның 21 жыл бұрынғы жағдайы дәл осындай болады деп сенудің өзі шынында да қиын еді. Бірақ, бұл бәріміз куә болған ақиқатты дүние. Содан бері 21 жылда ұланғайыр ұлы табыстарға қол жеткізе алдық», - деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Президент ел дамуының берік іргетасы қаланып, Ата заңымыз қабылданғанын, жаңа заңнамалық жүйе қалыптасқанын айтты. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдары айқындалып, Тәуелсіздіктің төл перзенті, барша жұртшылық таңғалатын Астана салынғанына тоқталды. «Осылайша, Қазақстан қазір жаңғыру кезеңін артқа тастап, жаңа кезеңге аяқ басты. Дәл осы белес жаңа замандағы жаңа Қазақстанның орнын анықтады», - деді салтанатты жиынды ашып сөз сөйлеген Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан әрі Мемлекет басшысы елдіктің ендігі міндеті - егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтап, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру екенін айтты. Яғни, басты мақсат - 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
Негізгі бөлім
2012 жылғы желтоқсанның 14-де Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілісте "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұсынды. Оның негізгі міндеттері атап өтілді.
Жолдауда табиғат ресурстарын берекелі пайдалану жолы арқылы қоршаған ортаны сақтау сұрақтарына ерекше назар аударылған, сол үшін табиғат ресурстарын басқарудың принципиалды жаңа жүйесі енгізіледі және еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет деп атап өтілді.
Осы мәселе бойынша Президент былай деді: «Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің қағидатты маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек» .
Президент индустриялау және агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту туралы өндіріс экологиялық таза, барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірісті енгізуге тиіс деп атап өтті.
Біздің ең асыл табиғи байлығымыз - суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет. 2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі шешуге тиіс. Үкіметке дәйектілікпен, бірінші кезеңде 2020 жылға қарай - тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, 2040 жылға қарай суару проблемасын шешетін ұзақмерзімді бағдарлама жасауды тапсырды.
Конституцияның 38 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi» деп көрсетілген.
Президент өз Жолдауында: «Қоғамымыздағы ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Біздің ең асыл табиғи байлығымыз - суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет» деп, барлық азаматтарды табиғат және энергетикалық ресурстарды берекелі пайдалануға шақырған.
Шын мәнінде, бүгінгі күні өңіріміз үшін экологиялық мәселенің бірі-су ресурстарының тапшылығы және судың ластануы.
Біздің облысты сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі-Есіл өзені. Одан басқа, облыс аумағында 1186 көл бар, оның 1008-і тұщы, 178-і ащы-тұзды көл. Көлдердің ерекшелігі олар мезгілімен кебеді және толады.
Жылсайын табиғат қорғау прокуратурасымен су заңнамаларын қолдану, оның ішінде реттеу, пайдалану және табиғат ресурстарын пайдалану, суды қорғау белдеулері мен аумақтары шекарасы шегінде заңсыз қызметпен айналасу, облыстың су объектілерінде суды заңсыз пайдалану бойынша тексеріс жүргізіледі.
Мысалға, 2012 жылдың аяғында жүргізілген тексеріс барысында жерді өз бетімен иемдену, жылқыларды заңсыз бағу, жерлерді жырту, су мотоциклінің тұрағы үшін пирс құрылысы, тастан қалап айлақ салу, Есіл өзенінің жағалауында суды қорғау белдеуінде машина тұрағы үшін эстакада салу фактілері анықталды.
Су және жер заңнамаларын тексеру қорытындылары бойынша өкілетті органдарға барлығы 5 ұсыныс енгізілді, заңнаманы бұзғандықтары үшін 12 жеке және заңды тұлға сомасы шамамен 500 мың теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз салынған құрылыстарды мәжбүрлеп сырып тастау туралы сот қаулылары заңды күшіне енді, қазіргі уақытта орындалуда.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында баяндалған барлық міндеттер біздің еліміздің әрбір азаматының өмірін жақсарту мақсатында қабылданған. Ал әрбір азаматтың міндеті Елбасының Жолдауында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Соған байланысты, табиғат қорғау прокуратурасымен алдағы уақытта да біздің өңіріміздің табиғат байлықтарын қорғау бойынша және Президент Жолдауын жүзеге асыруда шаралар қабылдана бермек.
Осы ретте Елбасы 2050 жылға дейінгі стратегияға тоқталмас бұрын «Қазақстан-2030» құжатында қамтылған басымдықтардың орындалуына, оның ішінде 7 бағыт бойынша атқарылған шараларға көз жүгіртті. Оның біріншісі Ұлттық қауіпсіздік. «Біздің алдымызда Қазақстанның тұтастығын сақтай отырып дамыту міндеті тұрды. Біз жоспарлағаннан да асыра орындадық. Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда ұстайды. Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз. Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы тоқталған екінші басымдық ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлік. Бұл бағытта Қазақстан өзінің саясатын нығайтып қана қоймай, әлемдік қауымдастыққа үлгі ел ретінде саналатыны да бекер емес. Қазақстан бүгінде мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналғаны белгілі. Әлемдік және дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі нақ біздің елімізде өтті. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «ХХІ ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылының көпірі болуға тиіс» деп атап өтті. «Қазақстан-2030» Стратегиясында басты назар экономикалық өсуге аударылған болатын. Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1, 7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті. Елдің ІЖӨ 16 еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7, 6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Стратегиядағы тағы бір басымдық - ел азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын арттыру болатын. Мұнда да атқарылған жұмыстың нәтижесі көзге бірден түседі. Мәселен, орташа айлық жалақы 9, 3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды. Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өскен. Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн. адамға дейінгі өсімі де соның айғағы.
Елбасының Ұлтқа Үндеуі
«Қазақстан 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге - қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Үдеудің сыры - бірлікте, Жүдеудің сыры - алауыздықта. Осыдан 3 ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін. Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз. Сондықтан барлық буын өкілдеріне үн қатамын! Алдымен, алдыңғы толқын - аға буын! Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай, алға басуына септігін тигізеді. Ортаңғы буын отандастарым! Сіздердің еншілеріңізге алып империяның күйреп, жас, тәуелсіз мемлекеттің түлеген кезеңі дөп келді. Сіздердің күрделі де қиын шешімдер арқылы жинаған өлшеусіз тәжірибелеріңіз - қиындықтардан қыңбай өтуімізге қажетті баға жетпес қазына. Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер - болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш. Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары - ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын. Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! Баршаларыңызға бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін!».
Қортынды
Бұлардан бөлек, Мемлекет басшысы энергетикалық ресурстар саласындағы межелердің атқарылуын, инфрақұрылым, оның ішінде көлік пен байланыс саласындағы басымдықтардың орындалғанын, ең ақыр аяғы кәсіби мемлекеттің құрылуының жай-жапсарын да егжей-тегжейлі баяндады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бірқатар жаһандық сыни-қатерлердің мән-жайына тоқтала келе, бұндай қауіптердің алдын алу немесе лайықты қабылдауға 2030 Стратегиясының аясы жеткілікті емес екеніне тоқталды. Яғни, Қазақ елі ендігі елдік дамуының бағдарын бүгін бекітіп, жоспарлау көкжиегін кеңейтіп, кезекті дүниетанымдық серпілісті жасауы аса маңызды. Оның үстіне 15 жыл бұрынғы «Қазақстан-2030» Стратегиясы мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын. Жоғарыда айтқандай, барлық базалық өлшемін де мерзімінен бұрын тауысқан. Ақыр аяғы мемелкеттің алдында жаңа сынақтар мен қауіп-қатерлер тұр. Сондықтан «Қазақстан-2050» стратегиясын қабылдаудың маңызы зор болмақ. «2050 жыл - жай бейнелі дата емес. Бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім. БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленді. 2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жариялады. Қазір елдердің дені осындай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Қытай өзі үшін дәл осындай стратегиялық жоспарлау көкжиегін айқындап алды. Ірі трансұлттық компаниялардың өзі алдағы жарты ғасырға даму стратегияларын әзірлеуде», - деді Н. Назарбаев. Бұл ретте межеленген бағдарға тоқтала келе Елбасы Қазақстан-2050 стратегиясы - Қазақстан-2030 стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы екеніне мән берді. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдімін. Осыған орай, ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасын ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан бөлек, Елбасы Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында отыруы тиістігін қадап айтты. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, дамушы елдер арасында дәл осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Соған орай, Нұрсұлтан Әбішұлы «күн астындағы орын» тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиістігін атап өтті.
Жалпы, Елбасының бұл жолғы жолдауы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағытын қамтыған міндеттердің жаңа парадигмасынан тұрады. Оның ішінде жаңа саяси бағыттың мақсаттары айқындалып, елдік дамудың барлық салаларын қамтып отыр. Жолдаудың соңы ұлтқа арналған үндеумен аяқталады.
«Қазақстан біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қасиетті мекенде өмір сүріп, өркен жайды. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонайжайлылықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар біртұтас елміз. Мынау жаһандану дәуірі - көпұлтты мемлекеттер дәуірі болмақ. Жалғыз ұлттың мемлекеті деген болмайды. Бұл әлемдік үрдіс», - деді Елбасы. Сонымен қатар, еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп үлес қосқанына тоқталды. «Ендеше Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің қақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру барша қазақстандықтың басты қағидаты болуы шарт», - деді Н. Назарбаев. Бұл ретте Елбасы ұлттардың этносаралық келісіміне сына қағуға тырысатындардың барлығы да заңмен қудаланатынын, мұнда ерекше жауапкершілік біздерге, қазақтарға артылатынын қадап айтты. «Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының айтуынша, тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Сондықтан алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру табандылықпен жалғасады. «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз», - деді Н. Назарбаев.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz