1920-1930 жж Қазақстан мәдениеті


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

C:\Users\AAA\Desktop\ENbmal85FuI.jpg

1920-1930 жж Қазақстан мәдениеті

Орындаған: Нүрлен Әлішер

Тексерген: Уразова Гаухар

Топ: 104-Б

Факультет: Жалпы медицина

Алматы 2015

Жоспар:

  1. Ересек адамдардың сауатсыздығын жою
  2. Халық ағарту ісінің дамуы
  3. Кәсіптік білім берудің жайы
  4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуы
  5. Әдебиеттің дамуы
  6. Қазақ өнерінің гүлденуі
  7. Мәдениетті дамыту жолында кездескен қиындықтар мен нәубеттер
  8. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстанда мәдениетті дамытуда біраз кедергілер болды. Салыстырмалы түрде зиялы, білімді адамдар тым аз еді. «Алаш» қозғалысына қатысқан біраз білімді адамдар қудалауға ұшырады. Орталықтан мәдениет саласына басшылық етушілер арасында шовинистік пиғылдар пайла болды. «Бұратаналарды темір құрсауда ұстау керек» деді солардың бірі. Өлкеде мәдениет мекемелерінің жұмысын бірден аяғынан тік тұрғызуға қажетті материалдық-техникалық база да нашар болды.

Ересек адамдардың сауатсыздығын жою. Барлық ересек адамдары сауатты болмай, бүкіл халықты білімді ету мүмкін емес еді. Сондықтан Кеңес өкіметі ересек адамдарды сауаттандыруға үнемі көңіл бөліп отырды. Тиісті қаржы бөлді, оқытушыларды оқу үйлерімен, оқу-жазу етті. 1924 жылы ұйымдастырылған «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы тікелей ересектерді сауаттандырумен айналысты. 1928 жылдың аяғында республикада сауаттылар 25 % болды. Бұл тым аз еді. Ал қазақтар арасында сауаттылық мұнан да төмен болатын.

Алғашқы жылдары бұл жұмыс баяу жүрді. Мектеп үйлері, оқу сыныптары, сауатты оқытушылар, оқу құрал-жабдықтары жеткіліксіз болды. Халықтың едәуір бөлігі көшіп-қонып жүрді. Сондықтан да Қазақ АКСР Орталық Комитетінің төралқасы мен Халық Комиссарлар Кеңесі 1931 жылы 15 пен 50 жас аралығындағыларды міндетті түрде жаппай оқытуды енгізді. Халықты сауаттандыруға білімді жастар көп үлес қосты. Еңбекші халық та білім алуға құлшына кірісті. Күні бойы жұмыс істеп, шаршағанына қарамастан, кешкісін сауат ашу мектептеріне бір кісідей жиналатын.

Осының нәтижесінде 1939 жылдың өзінде республика халқының сауаттылығы 65%-ға жетті, республиканың құрылғанына 20 жыл толу қарсаңындажасы 50-ге дейінгі ересек адамдардың сауатсыздығы, негізінен, жойылды.

Халық ағарту ісінің дамуы. Бүкіл елдегі балаларға міндетті төрт сыныптық бастауыш білім беру жөніндегі заң жүзеге аса бастады. Мектеп жасындағы балаларға төртжылдық бастауыш мектепті бітіру міндетті болды. Ынтасы барлар одан әрі жетіжылдық, онжылдық мектепте оқуына болатын еді. Алғашқы жылдары бұл заң қиыншылықпен орындалды. Көп қаржы керек еді. Барлық елді мекендер мен ауылдарда мектеп үйін салып, оларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет болды. 20-жылдардың орта кезінде республикада қазақ, орыс тілдерінде оқытатын мектептерді былай қойғанда, 73 татар, 40 өзбек, 35 ұйғыр, 44 неміс және эстон бастауыш мектептері жұмыс істеді. Бұлардың бәріне сол ұлттардың ана тілдеріндеоқулықтар жазып, оларды мың-мыңдап басып шығару міндеті тұрды. Жетім, панасыз балалар көбейді. Олардың бәрін тіркеп, мемлекет қамқорлығына алу керек болды. Тек 1932-1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып, балалар үйлеріне орналастырылды.

30-жылдардың екінші жартысынан бастап халық ағарту жұмысы едәуір ілгері басты. Мектептер салынып, интернаттар саны көбейді. Ана тілінде оқулықтар көптеп шығарыла бастады. Бастауыш, орталау мектептер мен орта мектептердің жоғары сыныптарын нығайтуға баса көңіл бөлінді.

Қазақ мектептерін дамытуға сол кездегі қазақ ғалымдары, мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар белсене араласты. А. Байтұрсынұлы, Қ. Сәтбаев, С. Асфендияров, С. Сәдуақасов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатұлы, т. б. оқулықтар мен оқу-құралдарын жазды.

Жылдан жылға мектептердегі мұғалімдердің сандық әрі сапалық құрамы жақсара түсті. Еңбегі сіңген, озат мұғалімдер мемлекеттік құрметті атақтармен, ордендермен марапатталды. Олардың арасында С. Көбеев, Л. И. Добрянская, Н. В. Волков, С. Ақышев, А, Ақатов, Ш. Сарыбаев сияқты халық ағарту ісінің көрнекті өкілдері болды.

Кәсіптік білім берудің жайы. Республикаға арнаулы орта білімі әрі мамандығы бар кадрлар өте қажет болды. Сондықтан да 20-жылдардың басынан бастап-ақ техникумдар ашыла бастады. Алдымен педагогикалық техникумдар ашылды. Осы жылы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, дәрігерлік мамандықтар беретін 11 техникум жұмыс істеді. Ал 1940 жылы 30 мың адам білім алды.

1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны - Қазақ педагогика институты ашылды (қазіргі Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет) . Іле-шала жыл сайын жоғары оқу орындары: Орал және Қызылорда пединституттары (1931-1932 жж. ), малдәрігерлік-зоотехникалық (1929 ж. ), ауыл шаруашылығы (1930 ж. ), медицина (1931 ж. ) институттары ашылды. 1934 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) ашылуы мәдени маңызы зор оқиға болды.

Республикада инженер-техник кадрлар даярлаудың негізін салған Қазақ кен-металлургия институты Алматыдағы қазақ университетімен бір мезгілде ашылды. Орал, Семей, Петропавл, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай қалаларында мұғалімдер институттары ашылып, олар кейіннен педагогика институттарына айналды.

Ұлы Отан соғыыс қарсаңында Қазақстанда 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны жұмыс істеп, оларда 40 мыңдай адам білім алды. Қысқа мерзім ішінде жоғары білімді 10 мыңдай және орта білімді 20 мыңдай маман даярланды.

Қазақ зиялыларының қалыптасуына КСРО-ның басқа да халықтарының қосқан үлесі зор. 30-жылдары елдің әр түрлі аймақтарындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық білім алды. Республиканың жоғары оқу орындарында орталықтағы жоғары оқу орындарымен әскери мекемелердің мыңдаған өкілдері педагогтік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олардың арасында Б. Домбровский, Н. П. Орлов, М. П. Иванов, К. П. Персидский және басқа көптеген ғалымдар болды. Республиканың жоғары мектебінің дамуына С. Асфендияров, Т. Жүргенов, С. Сейфуллин, А. Байтұрсынұлы, О. Жандосов, М. Әуезов, Қ. Жұбанов және басқа да қазақ халқының ғылым мен мәдениет қайраткерлері зор үлес қосты. Кен, қаржы, мұнай, ауыл шаруашылығы тасымал техникумдары ашылды.

Ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда, ағарту ісінде ұлт зиялылары өсіп қалыптасты. Алайда халық шаруашылығында ғылыми-техникалықкадрлардың жетіспеушілігі айқын сезіліп тұрды. Жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындарындағы оқу-тәрбие жұмысы шикізаттық сипатына бейімделді. Мәселен, өнеркәсіптің машина жасау сияқты салалары бойынша инженер кадрлар тым аз дайындалды. Оның есесіне, орта мектепті бітірушілердің, әсіресе қазақ жастарының әлі де аздығы жоғары оқу оырндарындағы қабылдау кезінде байқалып тұрды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуы. 20-30 жылдары Қазақстанда ғылым дамуының жаңа кезеңі басталды. 1920 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. С. Асфендияров, А. В. Затаевич, Қ. Жұбанов, Ж. Аймауытов, А. П. Чулошников, А. Байтұрсынұлы, Ә. Диваев, А. Ю. Якубовский, М. Жолдыбаев сияқты белгілі ғалымдар оның жұмысына өз үлестерін қосты. Петропавл, Көкшетау, Орал, Орда қалаларында қоғамның бөлімшелері жұмыс істеді. Қоғам қазақ жазуын жетілдіру, қазақ тілінде оқулықтар даярлау, орыс тіліндегі оқулықтарды аудару жұмыстарын қолға алды. Қазақ халқының тарихы мен этнографиясын, археологиясын баяндайтын кітаптар басылып шықты. Белгілі тарихи орындарды қазу мен тарихи ескерткіштерді зерттеу жұмыстары басталды. Алғашқылардың бірі болып Ежелгі Тараз қаласының орнын академик Массон бастаған ғалымдар қазды.

КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасын құруға (1932 ж. ) біртіндеп жағдай жасалды. Оның құрамында екі сектор - зоология және ботаника секторлары мен Алматыдағы Ботаника бағы болған еді. 1935 жылы геология және тарих секторлары құрылды. 1935 жылы оған құрамында қазақ тілі мен әдебиеті және халық шығармашылық секторлары бар Қазақ ұлттық өнер институты мен ғылыми-зерттеу институты қосылды.

Кеңестік Қазақстан ғылымының тарихында КСРО Ғылым академиясы ғылыми кеңесінің Алтай-Ертіс, Жезқазған-Ұлытау аудандарының табиғи байлығын кешенді зерттеуге арналған сессиясы мен КСРО Ғылым академиясының Орал-Ембі ауданын барлау проблемаларына арналған сессиясы (1935 ж. қараша) елеулі із қалдырды. Геолог ғалымдар табиғи ресурстарының толық зерттелмегеніне қарамастан, сол кездің өзінде-ақ республиканың одақта түсті металдар, барит пен сурьма қоры жөнінен 1-ші, мұнайдан 2-ші, көмірден 3-ші орын алғанын атап өтті. Одан кейінгі жылдарда хромиттің мол қоры, фосфорит кеніші ашылды.

Қазақстанның жер қойнауы мен пайдалы қазбаларын зерттеу үшін ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. Бұл экспедициялар Қарағанды мен Екібастұз кен орындарын, Ащысай қорғасын, Ембі мұнай аймағын зерттеді. 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшелері құрылды.

Қазақстанда ғылымның дамуына КСРО Ғылым академиясының басшылары С. Н. Вавилов, В. Л. Комаров, сондай-ақ сол академияның көрнекті ғалымдары А. Н. Самойлович, А. Д. Архангельский және басқа ғалымдар үлес қосты. Олармен қазақ ғалымдары қоян-қолтық жұмыс істеді. Қазақстанғылымының дамуында Қ. Сәтбаевтың алатын орны ерекше. Осы игілікті жұмыстардың нәтижесінде ғылыми қызметкерлер саны, олардың арасында ұлттық ғылыми кадрлар саны едәуір өсті. 30-жылдардың орта кезінде бірқатар қазақ ғалымдары белгілі бір ғылыми еңбектерін жарыққа шығарды. Олардың қатарына С. Асфендияровтың «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихын», С. Сейфуллиннің «Қазақ тілі білімі мен әдебиеттану мәселелері» туралы еңбегін, сондай-ақ С. Мұқановтың, А. Байтұрсынұлының, Қ. Жұбановтың жинақталған еңбектерін қосуға болады.

Әдебиеттің дамуы. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуында танымал қайраткерлер С. Сейфуллин, М. Дулатұлы, Ғ. Мүсірепов, Б. Майлин, т. б. көрнекті орын алды. Осы кезеңде қазақтың ақын-жазушыларының тамаша шығармалары жарық көрді. Қазақ поэзиясы С. Сейфуллиннің «Советстан», «Көкшетау», С. Мұқановтың «Сұлушаш», І. Жансүгіровтың «Құлагер», И. Байзақовтың «Құралай сұлу» сияқты поэмаларымен толықты. Б. Майлиннің «Азамат Азаматыч», Ж. Аймауытовтың «Қартқожа», М. Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» және басқа да шығармалары қазақ прозасын жаңа сатыға көтерді.

Тартымды да мазмұнды тамаша драмалық шығармалар жазылып, олар театр сахналарында көрермендердің көңілінен шықты. Мұндай шығармаларға М. Әуезовтің «Айман-Шолпаны» мен «Түнгі сарыны», Б. Майлиннің Жалбыры», Ғ. Мүсіреповты «Қыз Жібек» пен « Қозы Көрпеш-Баян сұлуы», Ж. Аймауытовтың «Мансапқорлары» мен «Ел қорғаны» жатады.

20-жылдардың аяқ кезінен бастап қазақ әдебиетіне кейін белгілі болған бір топ жас ақын-жазушылар келіп қосылды. Олар- Ғ. Орманов, Ә. Тәжібаев, А. Жұмағалиев, Қ. Аманжолов, Ж. Саин, Ж. Сыздықов, Ә. Сәрсенбаев, Т. Жароков, Д. Әбілов, Қ. Бекхожин болатын.

Бұл жылдары қазақ жазушылары әдебиеттерді өзара байыту ісіне де үлкен үлес қосты. А. Байтұрсынұлы - И. А. Крыловтың; Ж. Аймауытов − А. С. Пушкиннің, М. Ю Лермонтовтың, Ф. Шиллердің, Ғ. Тоқайдың; М. Жұмабаев - Гетенің, Гейненің, М. Горькийдің, В. Ивановтың шығармаларын қазақ тіліне аударды.

30-жылдардың бас кезінде халық ақындарының шығармашылығына кең жол ашылды. Н. Байғанин, Ш. Қошқарбаев, И. Байзақов, Ж. Жабаев халық батырлары, төңкеріс, жаңа өкімет, еңбек ерлері туралы таңғажайып жырлар, поэмалар тудырды.

Қазақстандағы басқа ұлттар әдебиеті де одан әрі дамыды. И. В. Шуховтың «Ашөзек», «Өшпенділік» деген шығармалары оқырмандарға кеңінен мәлім болды. Ұйғыр әдебиетінің негізін салушылардың бірі Х. Әлиев ұйғыр аузы әдебиетінің жинағын шығарды. Сондай-ақ ұйғырдың жас ақындары -Н. Исраилов, Ө. Мұхамади, Т. Хасанов, Х. Искандеров шығармалары жинақ болып шықты. М. Хамраев тұңғыш ұйғыр романын жазды.

Қазақ аудармашылары орыс, украин, татар, неміс ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударып, таратты. Көрнекті қазақ ақын- жазушыларының шығармалары орыс, украин және басқа да тілдерге аударылды.

Қазақ өнерінің гүлденуі. Осы жылдары Алматы, Ақмола (қазіргі Астана), Семей, Петропавл, Орал, Қостанай және басқа да қалаларда клубтар, халық театрлары ұйымдаса бастады. Олардан құрылған үгіт бригадалары, жылжымалы театр топтары ұлттық әскери құрамаларда, халық арасында ойын-сауық көрсетіп отырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзбекстан халық ағарту комиссары
XX ғ. 20 -30 жж. Қазақстандағы демографиялық мәселелер
1920-1930 жж. ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Темірбек Қараұлы Жүргеновтың өмірі мен қоғамдық - саяси қызметін зерттеу
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары:ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда
1920—1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz