Қазақстан туризмінің дамуындағы көліктің маңызы


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНЕВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Туризм кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ КӨЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ»
Оындаған
4 курс студенті Айдымбаева А
Ғылыми жетекші
Профессор (қолы, дата) Мазбаев О. Б.
Нормабақылаушы Төлемісова С. Е.
(қолы, дата)
Қорғауға жіберілді
Алматы 2007 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- КӨЛІК ПЕН ТУРИЗМНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ МЕН КӨЛІК
ТҮРЛЕРІНІҢ ТУРИЗМДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
1. 1 Көлік пен туризмнің өзара байланысы . . . 4-7
1. 2 Автосаяхаттарды жоспарлау мен ұйымдастыру . . . 7-14
1. 3 Әуе көлігімен саяхаттарды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшелігі . . . 15-20
1. 4 Темір жол көлігімен саяхаттарды ұйымдастыру және
жоспарлау . . . 20-24
1. 5 Туристерге су көлігімен қызмет көрсету . . . 25-27
- ҚАЗАҚСТАН МЕН ШЕТЕЛДЕ ТУРИСТЕРГЕ ТЕМІР ЖОЛ
КӨЛІГІМЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2. 1 Дүние жүзінің әртурлі бөліктеріндегі темір жол көлігімен
саяхаттардың дамуы . . . 27
2. 1. 1 Еуропаның темір жол тораптарындағы туристерді
тасымалдау . . . 27-33
2. 1. 2 Ресейдің темір жол тораптарындағы туристерге қызмет көрсетуді
ұйымдастыру . . . 33-37
2. 1. 3 Қазақстандағы темір жол көлігімен саяхаттарды ұйымдастырудың
алғышарттары . . . 37-40
2. 2 Қазақстандағы темір жол көлігімен саяхаттарды заңды
ұйымдастыру аспектілері . . . 41
2. 2. 1 Темір жол көлігінде туристерді тасымалдаудың ережелері мен
қызмет көрсетушілердің міндеттері . . . 41-45
2. 2. 2 Туристерді темір жол көлігінде тасымалдаудың заңды
аспектілері . . . 45-50
- ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ ДАМУЫНДАҒЫ ТЕМІР ЖОЛ
КӨЛІГІМЕН САЯХАТТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
3. 1 Қазақстандағы ішкі туризм дамуындағы темір жол көлігімен
сахаттарды ұйымдастырудың қиыншылықтары . . . 50-55
3. 2 Қазақстандағы темір жол көлігімен саяхаттарды ұйымдастырудың
мүмкіншіліктері мен темір жол көлігінің перспективті түрлері . . . 55-69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70-71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 72-73
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі : көліктің туризмнің қарқынды дамуына, әсіресе, оның ішінде темір жол көлігінің ішкі туризмге әсерін талдау арқылы Қазақстан нарығындағы темір жол туристік қызметтерді көрсетуді анықтау.
Көлік - халық шаруашылығының ірі салаларының бірі болып табылады. Оның жұмысында маңызды үлесті жолаушыларды тасымалдау алады. Олардың ішінен жоғарғы орында туристер. Туристерге негізінен саяхаттың созылу уақыты, оның ыңғайлылығы және бағасы маңызды болып саналады.
Көліктердің ішіндегі темір жол көлігі әртүрлі мемлекеттерді және мемлекеттердің әртүрлі аудандары арасында байланыстарды орнату үшін айрықша роль атқарады. Әрбір мемлекеттің экономикасының дұрыс дамуын қамтамасыз етеді және туристер көп қолданатын көлік түрі.
Дипломдық жұмыста көлік қызмет көрсету сферасында темір жол тасымалдауларының бірқатар ерекшіліктеріне анықтама берілген. Осындай ерекшеліктерге:
- темір жол көлігінің тасымалдау мүмкіншілігінің жоғары болуы;
- шығатын пунктен, бару пунктіне тасымалдаудың жоғары жылдамдығы;
- үлкен қашықтықтарды өтудің мүмкіншілігі;
- метео жағдайларына байланыссыз тасымалдаудың тұрақтылығы және т. б.
Дипломдық жұмыстың мақсаты көліктің туризмдегі алатын орнын анықтай отырып, темір жол көлігімен саяхаттардың Қазақстан мен шетелдерде ұйымдастырылуын салыстыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- көлік пен ішкі туризмнің өзара байланысын талдау;
- Қазақстан мен шетелде темір жол көлігімен саяхаттарды ұйымдастыруға салыстырмалы түрде анализ жасау;
- Қазақстандағы ішкі туризмнің дамуына кедергі жасайтын қиыншылықтарды шешудің оптимальді жолдарын анықтау;
- Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи қала орталықтарын зерттеп, осы қалалар арқылы темір жол көлігімен саяхаттың маршрутын жасау.
Зерттеу объектісі болып темір жол көлік шаруашылығы болып табылады. Зерттеу пәні - оның ішкі туризмге әсері.
Зерттеудің методологиялық негізі : дипломдық жұмыс Қазақстанның туризм географиясының негізін қалаушысы С. Р. Ердавлетовтың, басқа да З. В. Тынчерованың, О. Я. Осипованың еңбектері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи қала орталықтарын зерттеп, осы қалалар арқылы темір жол көлігімен саяхаттың маршрутын жасау.
1 КӨЛІК ПЕН ТУРИЗМНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ МЕН КӨЛІК ТҮРЛЕРІНІҢ ТУРИЗМДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
1. 1 Көлік пен туризмнің өзара байланысы
Көлік - халық шаруашылығының ірі салалардың бірі болып табылады. Оның жұмысында маңызды үлесті жолаушыларды тасымалдау алады. Олардың ішінен жоғарғы орынды туристер алады. Туристерге негізінен саяхаттың созылу уақыты, оның ыңғайлылығы және бағасы маңызды болып есептеледі. Көлік түрінің және туристің ауқаттылық деңгейінің, туристік саяхаттың мінезі мен шығу мақсатының алыстауының арасындағы тәуелділік айқын көрінеді.
19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басындағы туризмнің интенсивті дамуы, темір жол желісінің қарқынды дамуымен тығыз байланысты болды. Темір жолдардың маңыздылығы өте келе автокөлік және әуе көлігінің пайдасына кеміді.
Туризмде пайдаланатын көлік түрлері географиялық орнына, жердің табиғи жағдайына, сонымен қатар коммуникациялық желілердің дамуының дәрежесіне тәуелді. Туристік көлік және жалпы көлік: құрлық, су (өзен, теңіз) және әуе көлік болып бөлінеді. Туристік тасымалдаудағы көліктің кейбір түрлерінің үлесі халықаралық және ішкі туризмде әртүрлі болып құрылады. Қоғамдық көлік туристердің тікелей демалуының, тамақтану және көңіл көтеру орны болады. Осындай көліктік туризм халықтың демалуының айрықша әйгілі түріне айналды. Осы мақматқа негізінен су көліктерінің түрлері бейімді - кемелер осында жоғарғы дәрежелі қонақ үйлер сияқты ыңғайлы демалу үшін жағдайлар жасалады. Ересек адамдар үшін ең тартымды «жылжитын үй» сияқты жолаушы су кемелері болып табылады. Темір жол көлігі қызмет көрсетудің осындай жоғары деңгейін арнайы жылжымалы составты қолданғанда да көрсете алмайды, бірақ оның да құндылығы бар. Ол кейбір көрсеткіштер бойынша су көлігін озып кетеді.
Жоғары дамыған мемлекетерде автомобиль, темір жол және әуе туризмі әйгілі болып келеді. Сонымен қатар, көлік экскурсияларда қызмет ету, оның ішінде қалаларды, табиғи көрікті жерлерді, мәдени-тарихи обьектілерді т. б. барып көру үшін маңызды роль атқарады.
В. И. Азар көлік түрлерінде демалу түрлерін ұйымдастыруға байланысты келесі топтарды ажыратады:
- Арнайы туристік поездарда немесе кемелерде саяхаттайтын туристер;
- Кәдімгі поездар мен кемелерде саяхаттайтын және қызмет көрсету толық комплексі үшін төлейтін туристер;
- Жүру құжаттарын сатып алатын және өз бетінше саяхаттайтын туристер.
Көптеген жылдар бойы әлемдік темір жол көлігінде электр немесе тепловоздың тартудың жүйелік дамуы, поездардың жүру механизациясы мен автоматизациясының даму дәрежесінің өсуі байқалады. Шапшаң жолаушы поездардың қозғалудың коммерциялық жылдамдығы үнемі жоғарылайды. Жүрудің ыңғайлылық деңгейінің өсуі және жылдамдықтың өсуіне бағытталған жұмыстар өткізіліп, көптеген мемлекеттер үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ өкінішке орай біздің мемлекетімізде әлі осындай дәрежеге жету үшін өте аз шаралар жүргізіледі, ал ол темір жол туризмнің дамуына үлкен тежегіш күш болып табылады.
Темір жол әуе көлігіне қарағанда «баяу жүретін» болғандықтан, темір жол көлігінің үлесі төмендеуде, осы төмендеу 60-шы жылдардан басталған. Қолайсыз тенденцияны нейтрализациялау құралы болып жүру төлемінің төмен болуы табылады. Соңғы кезде ішкі туризмнің дамуында айрықша маңызға ие болып отыр. Сонымен қатар темір жолмен жүрушілерге қызмет көрсетудің жаңа формалары табылып жатыр.
Біздің елде темір жол туризмі 50-ші жылдың соңынан дами бастады, әйгілі және кең туризм түріне айналды. Осы туризм түрі болашақта оның ыңғайлылығын жоғарлату жағдайында дамудың айрықша мүмкіншіліктеріне ие болады. Су көлігімен салыстырғанда, темір жол көлігінің жүйесі қалың және темір жол туризмі су туризміне қарағанда бірнеше есе арзан болып келеді. ТМД-нің көптеген қалалары мен туристік обьектілері темір жол көлігінің жететін сферада орналасқан, соған қоса ол автобус көлігімен кооперацияға түседі, ал осы кооперация әртүрлі көрікті ауданды көру үшін шексіз мүмкіншіліктерді туғызады.
Біздің мелекетіміздің көлік жүйесі басқа мемлекеттердің жүйелерімен кең байланысы, көптеген аралас маршруттарды ұйымдастыруға, Қазақстанның Азия және Еуропаның қалаларын барып көруге мүмкіншіліктер толып жатыр.
Халықаралық туризмде көп жылдар бойы адамдарды су бойынша тасымалдаудың түрлері басым болған. Бірақ уақыт өте келе, авиацияның даму мөлшеріне қарай оның маңыздылығы бірте-бірте қысқарды. Мысалға алсақ, кемемен Солтүстік Атлантика арқылы Франциядан АҚШ-қа баратын саяхат 80 сағат уақытты алады, ал ұшақпен тек қана 8 сағатта ұшып өтесіз. Осындай жағдай сонымен қатар Тынық мұхиты арқылы өтетін іскерлік рейстерде де байқалады. Бірақ Европаның батыс жағалаулары, Жерорта теңізі, Кариб теңізі, Азор және Атлантиканың басқа аралдары аймағында теңіз экскурсия-круиздері үлкен маңызға ие болып отыр.
Круиздік туризм ежелгі заманнан пайда болғанға қарамастан, өзінің қарқынды дамуын 50-ші жылдардың аяғынан бастаған болатын. Круиздік саяхаттардың алғашқы гиді болып ағылшын жазушысы Уильям Теккерей саналады. Круиздік саяхат негізінен қысқа мерзімді экскурсиялар өткізілетін жағалаулардың бойымен жүргізіледі. Қазіргі кезде осы саяхаттар жаңа сипатқа ие болып отыр. Ол ел ішіне басқа көлік түрлерін пайдаланып кіру арқылы ұзақ саяхаттар жасау. Мысалға, Жерорта теңізімен круиз жасағанда Италияда тоқтаған туристер Рим, Флоренция, сияқты әйгілі қалаларды көріп өтеді.
Қазақстанда су көлігін қолданатын туризм әлі дамымаған. Ол гидрографиялық жүйенің нашар болуымен түсіндіріледі. Бірақ Республика адамдарының көпшілігі жыл сайын басқа елдердің теңіз және өзен туристік саяхаттарына қатысады.
Қазақстанда көліктік туризмнің екі түрі кең таралған. Ол автомобиль және авиациялық туризмдердің түрлері. Халықаралық және ішкі туризмде жеке автомобиль (жеке туристер) және автобустар (экскурсиялар) арқылы тасымалдау маңызды орын алады. Мотоциклдермен, мопедтермен, велосипедтермен саяхаттау қазіргі кезде таралмаған.
Автомобильдік қатынастардың қарқынды дамуы жеңіл автомобильдер мен автобустарды шығарудың артуымен, автомобиль жолдар жүйесінің дамуымен және жақсарумен байланысты. Қазіргі жолдардың қалың жүйесі автомобиль арқылы елдің немесе басқа елдің әр түкпіріне жетуге болатындығын көрсетіп отыр. Автомобиль жолдардың жүйесіне автотуристерге қызмет көрсетумен байланысты дамыған инфрақұрылым сәйкес келеді. Мысалы: қоршалған паркингтер, мотельдер, ресторандар, кафе, техникалық қызмет көрсету станциялары.
Автосаяхаттардың санында қазіргі кезде маңызды орынды- караванингтер алады. Олар автомобильдерге қосылған автоприцептер.
Туристерді тасымалдау арнайы автобустармен жүргізілу керек. Олар туристердің көпкүндік саяхатына сай ыңғайлы болу керек. Гидтерге арналған арнайы орны, жүк орналастыру орны болу керек.
Қазақстанда автобустық туризм ресми туристік ұйымдардың деңгейінде дамып жатыр.
Автотуризм деп - жеке көлікті туристік мақсатқа қолдануды айтады. Осындай саяхаттар бірнеше күнге немесе аптаға есептелген. Автотуризмнің ерекше белгісі болып: оның жоғары маневрленгендігі, қорғалануы, қысқы мезгілде ұзақ қашықтыққа жүруі және көп туристік обьектілерді көріп шығуға болатындығы саналады. Жоғарғы маневрленгендігі автотуристерге уақытша түнеу орнына оралуға мүмкіндік береді. Туризмдегі әуе қатынастардың маңызы ұшақтардың тасу мүмкіншілігінің жоғарлауымен байланысты. Ол негізінен 50-ші жылдардан бастап байқалуда. Осы кезеңде ұшақтар пайда болған. Олардың жылдамдығы сағатына 700-950 шақырым. (Мысалы: ТУ-104; каравелла; боинг-707) . 60-шы жылдардың аяғында бірнеше жүз адамдарды сыйғыздыратын үлкен ұшақтар қолдануға берілді. (Мысалы: АҚШ-та боинг-747) . Қазіргі туризм осы заманға сай жаңа ұшақтарды пайдаланады.
Ең алдымен әуе көлікке жолаушыларды тарту үшін льготалық тарифтер енгізілген болатын. Әуе саяхаттардың әйгілігінің өсуі, көптеген мемлекеттерде осы көлік түрінің басқа көлік түрлерінен басымдылығының өсуіне әкелді. Ол негізінен аралдық немесе туристік сұраныстан шалғай жатқан елдерге қатысты. Әуе көліктің ішкі туристерді тасымалдау маңыздылығы байқалып отыр. Ол АҚШ сияқты үлкен территориясы бар елдер мен дамыған әуе желілері бар елдері (Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада, Аустралия) .
Әуе көлігі тек қана көлік қызметімен қатар, қонақ үй қызметін атқару керек. Көптеген ірі әуежайлар туристерді қарсы алуға және шығарып салуға қолданады. Әуе көлігі маусымдық түсулер кезінде чартерлік тасымалдау қызметін атқарады. Чартерлік тасымалдау кезінде салонның толық толтырылуы, жеке шетелдік фирмаларға тарифті төмендетуге жағдай жасайды. Чартерлік тасымалдау үшін ұшақтарды жалға алудың екі түрі бар:
- белгілі мерзімге ұшақты жалға алу;
- белгілі күн мен сағатқа ұшақты жалға алу.
Туристік қозғалыста әуе көліктің маңыздылығы болашақта көбейеді. Ол негізінен аса тез жолаушы ұшақтардың шығарылуы мен қолданылуымен байланысты.
Қорыта айтқанда, көліктің туризмдегі рөлі өте үлкен екеніне көз жеткізе отырып, көліктің қандай түрі туристерге ең қолайлы, ең комфортты және аз уақытты қажет ететініне көз жеткізейік.
1. 2 Автосаяхаттарды жоспарлау мен ұйымдастыру
Туристік саяхаттарды ұйымдастыруда авто көлік маңызды роль атқарады. Ол негізінен оның мобильділігімен, ақпараттылығымен, арзандылығымен ерекшелінеді. Авто тасымалдаулардың ерекшелігі болып, олардың тек қана туристердің көпшілік тасымалдауы емес, әуе, темір жол, су көліктерін пайдаланылатын жолаушылардың трансфері ретінде қолдануға мүмкіндік табылады.
Автосаяхаттардың ерекшелігі болып, олардың өзінің тұратын жақтың көрікті жерлерін көру мақсатымен ұзақ емес ара қашықтыққа жасалуы табылады. Қазіргі уақытта автосаяхаттар жеке, жалға алынған немесе қоғамдық көлікте пайдаланылып жасалады. Қоғамдық көлік бір елді мекеннен келесі елді мекенге тасымалдау үшін қолданылады. Жалға алынған немесе жеке көлікті бірнеше күнге маршрут бойынша елді мекендер ішінде тасымалдау және қызмет көрсету үшін ыңғайлы.
Автокөліктің басқа көлік түрлерінен басымдылығы: жоғары маневрленгендігі, мобильділігі, қолайлылығы, тарифтердің төменділігі, қажеттілік бойынша шығуға мүмкіншіліктер, кең шолу, «есіктен-есікке» қызмет көрсету, яғни ол вокзалдар, станциялар, порттар салу үшін капиталдық шығындарды қысқартады.
Ұзақ маршруттарда автосаяхаттар ыңғайлылық деңгейінің төменділігімен сипатталады.
Автосаяхаттардың басқа да кемшіліктері бар: жылдамдылығының төмен болуы және айналадағы ортаның ластануы. Соңғы уақытта мамандар жетілген автомобильдер түрлерін жасады.
Туристер топтарын тасымалдау үшін автобустар қолданады. Автобус бұл - көп орынды, вагон типті құрлықта жүретін көлік түрі. Микроавтобустардың ұзындығы бес метр, ал қосылған және автопоездар 24 метрге жетеді.
Автобустың өзінің классификациясы болады:
- орындарының санына қарай;
- орынның түрі бойынша;
- категориясына байланысты;
- ыңғайлылық атрибуттары бойынша.
Сонымен қатар автобустардың сыйымдылығы да әртүрлі болып келеді: 170 орыннан жоғары (ең үлкен сыйымдылық) ; микроавтобустарда 5-12 адамға дейін.
Двигательдегі отынның қолданатын түрі: бензин, солярка, сығылған газ. Сонымен қатар электр және маховиктік механикалық энергиясы, күн қолданылады.
Этаждылығы бойынша автобустар: бір, бір жарым, екі, үш этажды және арнайы болып бөлінеді. Лифтермен жабдықталған арнайы автобустар қозғалу функциялары нашар адамдарды, туристерді және күрделі құрал-жабдықтарды бар спорттық жарысқа қатысушыларға арналған. Автобус категориясы ыңғайлылық деңгейі мен көрсетілетін қызметтерімен анықталады. Категориясы жоқ автобустар өзінің орындықтарының қаттылығымен, шуларды шектейтін жоғарғы деңгейімен т. б. сипатталады.
2* - екі жұлдызды автобус категориясында - жұмсақ орындар, тоңазытқыш, жылыту жүйесі, перделер, радио орталығы, микрофон бар.
3* - үш жұлдызды автобуста - жұмсақ биік орындар, тоңазытқыш, радио орталық, көлеңке түсірілген жалюзи, әр туристке арналған жарық пен вентиляция, дәретхана.
4* - төрт жұлдызды автобуста - душ, мини-бар, гардероб, теледидар, радио, арнайы жарық, вентиляция, кондиционер, артқа қарай жылжитын орындар, дәретхана.
Ең жоғарғы категория: 5* - бес жұлдызды. Осындай автобуста орындықтар екі қатарда орналасқан, аралары жақсы ашылады, теле-видео аппаратура, шағын асхана, т. б. бар.
Саяхаттарға арналған ең ыңғайлы автобустар: «Мерседес», «Тойота», «Вольво», «Неоплан», «Ман», «Сетра» жатады. Осындай көлік түрінде бірнеше мыңдаған шақырым жүріп өтуге болады.
Халықаралық автобус турлары өзінің ұзақтылығымен, экскурсиялық бағдарламалардың мазмұнымен және саяхат кезінде қызмет көрмету жағдайларымен ерекшеленеді. Осы факторларға байланысты олар: экономикалық, стандартты, фирмалық және эксклюзивті болып бөлінеді. Экономикалық турларда саяхатқа жақсы экскурсиялық бағдарлама, 2-3* жұлдызды қонақ үйлерде орналасу, түнде жүру кіреді.
Стандартты турларға бір түнгі жүру, орналасу, 3-5* жұлдызды қонақ үйлерде, жақсы экскурсиялық бағдарлама, саяхаттайтын ірі пунктерде бос уақыт берілуі кіреді.
Эксклюзивті турлар фирмалық турлардың негізінде құрылады. Бірақ осында клиенттің жеке сұраулары көңілге алынады.
Қазақстандық турагенттіктер ірі Ресей туроператорларымен шарттарға отырып, адамдарды Еуропаның әртүрлі қалаларына жібереді. Оларға қызығушылық күннен өсуде, оның себебі осы турлар көбісіне қолайлы. Мысалы: Польша, Бельгия, Берлин, Мюнхен, Дрезден, Амстердам қалаларын көріп өту және Парижде үш күн туры 400$ құрайды. Турдың бағасына: тоғыз күндік тасымалдау, таңғы ас, айтылған қалалар бойынша шолу экскурсиялары кіреді. Автобустарда телеаппаратура және дәретхана жұмыс істейді.
Қазақстандық турагенттіктер Мәскеуге дейінгі ақыны төмендетуге тырысады, бірақ формальдықтар үшін (Шенген және транзиттік визалар) жолдаманың бағасы екі есе өседі. Осындай саяхат түрлерін ұйымдастыру талаптары Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық облыстарында жүргізіледі. Ал ішкі маршруттар және көрші мемлекеттерге бару саяхаттары кәдімгі жағдайға айналды.
Соңғы кезде, аралас турлар әйгілі болуда - «темір жол + автобус», «ұшақ + автобус», «паром + автобус». Осындай жағдайда туристер авто саяхат басталу пунктіне темір жол немесе әуе көлікпен жеткізілуі мүмкін. Егер мысалға аралас тур темір жол тасымалдауын кіргізілсе, онда туристер Брестке дейін поезбен жеткізіледі, осында оларды автобус күтеді. Темір жол + автобус турлары ыңғайлы жағдайда өтеді. Ұшақ + автобус турлары ақшасы бар саяхаттаушыларға есептелген. Аралас турлардың жетістігі болып, олардың көп мемлекетті өтуі, көруі болып табылады.
Автосаяхаттарды ұйымдастырған кезде нормативтік-құқықтық актілермен танысу қажет. Құжаттармен танысу авто тасымалдауды реттейтін негізгі талаптарды білу үшін қажет. Оның ішінде «Жолаушыларды және жүктерді халықаралық автомобильдік тасымалдау туралы келісімнің конвенциясы», Ол 01. 03. 1973 Женева конвенциясының негізінде құрылған, 1989 жылы туризм бойынша Гаага деклорациясы, Шенген келісімі және т. б. туризм жөніндегі деклорациялар. ТМД шегінде туристік тасымалдаулар 1993 жылы жасалған. «Туризм саласындағы серіктестік туралы» келісіммен «ТМД туризм кеңесі туралы» 09. 09. 1994, т. б. келісімдермен реттеледі.
Қазақстан келесі конвециялар мен келісімдерге қосылады:
- жүктерді халықаралық жол тасымалдау келісімі туралы конвенция (КДПГ) 19 мамыр 1956 жылы.
- ХЖТ кітапшасын қоладанып жүктерді халықаралық тасымалдау туралы кеден конвециясы 18 қаңтар 1975 жылы.
- Халықаралық автокөліктік тасымалдауды жүзеге асыратын көлік түрлерінің жұмысы туралы Европалық келісім (ЕСТР) 1 шілде 1970 жылы.
- Халықаралық және тағы басқа автомагистральдар туралы Еуропалық келісім. (СМА) 15 қараша 1975 жылы.
Мемлекетте бірқатар құжаттар жасалған, олар жолаушыларды және жүктерді тасымалдауда көмек атқарады: «Қазақстан Республикасының көлігі туралы заң» 21 қыркүйек 1994 жылы, түзетулер мен қосымшалармен 27 қаңтар 1996 жылы және 28 желтоқсан 1994 жылы. Содан кейін басқа да құжаттар қабылданды: «Жол жүру қозғалысының қауіпсіздігі туралы заң», көліктің жеке түрлері бойынша заңдар мен үкімет қаулылары.
Автотурларды құрудағы маңызды көмекті мемлекеттік және халықаралық ұйымдар атқарады: автомобиль көлігінің халықаралық одағы (МСАТ), координациялық көлік кеңесі (КТС) . Қазақстан Республикасындағы халықаралық автомобиль тасымалдаушыларының одағы (КазАТО) 1993 жылы құрылған, 1995 жылы МСАТ-қа қабылданды. КазАТО Қазақстандық тасымалдаушылардың мүдделерін қорғайды және халықаралық тасымалдау қызметтерін ұйымдастырады. Сондықтан автотурларды құру алдындағы жұмыс көп уақытты алуы мүмкін. Автосаяхаттарды ұйымдастырудың маңызды кезеңі болып іс-әрекет жоспарын құру. Автосаяхаттарды жоспарлау келесі этаптардан тұрады:
1) Саяхаттың мақсаты мен тақырыбын анықтау. Осының алдында маркетингтік анализ жүргізілуі керек. Саяхаттың мақсаты әртүрлі болуы мүмкін (туристердің, халықтың демалуға сұранысын қанағаттандырудан түсетін табыс, өзінің білім деңгейін жақсарту, белгілі бір халық қабатын туризмге қызықтыру, эксклюзивті маршруттар құру, қызмет көрсетудің жаңа түрін ұсыну, т. б. ) Саяхаттың тақырыбы да әртүрлі болып келеді: діни, тарихи-өлкетану, оқу, көңіл-көтеру, этнографиялық, қызық оқиғалы, т. б.
2) Болжаулы трассаны жобалау. Осы этапта авто жолдардың картасы, маршруттың эскизі құрылады.
3) Туристік ресурстармен танысу және оларды таңдау. Ең алдымен, ресурстар таңдаған кезде, турдың тақырыбына сай көрікті жерлердің болуына акцент жасалады.
4) Маршруттағы шектеуліктерді анықтау. Олар: қорықтар, қорықшалар, экологиялық постар, шекара және кеден зоналары, жолдың болмаулығы болуы мүмкін.
5) Тіршілікпен қамтамассыз ету жерлерін зерттеу: түнеу пунктерін, орналасы, тамақтану, медициналық санитарлы-тұрмыстық қажеттіліктер, су көздері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz