HTML тілінде Corel Draw программасының мүмкіндіктерін демонстрациялау
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І. Тарау. Corel Draw қолданбалы программасының мүмкіндіктерін
демонстрациялауға HTML прграммалау тілін қолдану
теориясы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.1 Corel Draw . векторлы графикалық редактор. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.2 HTML тілі және графикалық объектілерді өңдеуді программалау. . 7
ІІ. Тарау. Corel Draw қолданбалы программасының мүмкіндіктерін
демонстрациялау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
2.1. HTML арқылы Corel Draw қолданбалы программасының
құралдарын қолдануды программалау әдістрі . . . . . . . . . . . . . . . . 31
2.2. Corel Draw қолданбалы программасының мүмкіндіктерін
демонстрациялау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .44
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 46
Қосымша . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 48

Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі функцияларын атқарады.WWW (World Wide Web- дүниежүзілік өрмек)-Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі,оны Web те атайды.WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы-HTTP(HyperText Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML(HyperText Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады. HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web – парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып,оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылады. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. HTML тілінде Web парақтар жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web- парақтар түрінде белгілеуге арналған ережелер жиынын құрайды. HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) HTM немесе HTML болуы тиіс.
WWW жүйесінің негізгі қызметі қажетті информацияны іздеу, жинастыру және экранға шығаруды ұйымдастыру өзінің экранда көрсететін мәліметтері Web - беттер түрінде дайындалып сақталған, электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы, оның жазылу форматында.
Web-бет – кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Әдетте үлкен көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Web-бет ретінде қарастырылады. Бұл Web-бетте белгілі бір ретпен байланыстырылып, тұтас Web-түйін ретінде көрсетілуі де мүмкін. Яғни Web-беттерге сілтеме ретінен тақырыпқа байланысты басқа Web-беттің адресі енгізіліп қойылады.
90-шы жылдары компьютердің дамуына Internet желісіне WWW жүйелері үлкен әсерін тигізді. Қазіргі кезде осы бағытта компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Сол жылдарда біртеңдік редакторы және көптеген программалық қорлары пайдаланып, Internet-те өз ойын жариялау үшін, HTML тілін оқып үйрену қажет болатын. Ал бұл тілде жұмыс істеу көп уақытты талап етеді. Сондықтан мұндай жұмыстарды жетілдету мақсатында Microsoft Front Page сияқты программалар жасалынды. Front Page программасын пайдаланып, HTML тілін терең білмей-ақ әрі көрнекі, әрі мәнді Web-беттерін алуға болады. Олар кәдімгі мәтіндік редакторда жұмыс істейтіндей дайындалады да, HTML файлына автоматты түрде алмастырылады. HTML файлдары кәдімгі мәтіндік файл. Сондықтан мұндай файлдардың кез келген компьютерге жіберілуі мүмкін.
Осы мүмкіндігі зор HTML тілін қолданып дипломдық жұмысымды жасадым. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «HTML тілінде Corel Draw мүмкіндігін демонстрациялау», яғни дипломдық жұмыстың мақсаты – Corel Draw қолданбалы прогаммасымен нелер жасауға болатынын көрсету. Corel Draw қолданбалы программасын көптеген салаларда қолдануға болады, негізінен дизайндық жұмыстарда көп қолданады. Солардың бірі баспаханада. Баспаханада плакат-афишалар, буклеттер, күнтізбелер, визиткалар, елтаңба-жалаулар, эмблемалар, этикеткалар және сонымен қатар шақыруларды осы Corel Draw қолданбалы программасында жасалынып шығарады.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:
ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ќ.А.Ясауи атындағы Халыќаралыќ ќазаќ-түрік университеті
Бағдарламалау және ЕТ кафедрасы
Д И П Л О М Д Ы Ќ Ж Ұ М Ы С
Таќырыбы: “HTML тілінде Corel Draw программасының
мүмкіндіктерін демонстрациялау”
Орындаған: 142-14 тобы Түймебекова Л.Т.
Тобы, студенттің аты-жөні
Ғылыми жетекшісі: Т.ғ.к. аға оқытушы Мырзахметова Б.Ш.
аты-жөні, ғылыми атағы, дәрежесі
Шымкент 2008
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І. Тарау. Corel Draw қолданбалы программасының мүмкіндіктерін
демонстрациялауға HTML прграммалау тілін қолдану
теориясы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.1 Corel Draw – векторлы графикалық редактор. . . . . . . . .
. . . . . . . . . . 5
1.2 HTML тілі және графикалық объектілерді өңдеуді
программалау. . 7
ІІ. Тарау. Corel Draw қолданбалы программасының мүмкіндіктерін
демонстрациялау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
2.1. HTML арқылы Corel Draw қолданбалы программасының
құралдарын қолдануды программалау әдістрі . . . . . . . . . .
. . . . . . 31
2.2. Corel Draw қолданбалы программасының мүмкіндіктерін
демонстрациялау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .44
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 46
Қосымша . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 48
Кіріспе
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-
бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп
аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Интернеттің әр қызмет бабы
мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі функцияларын атқарады.WWW
(World Wide Web- дүниежүзілік өрмек)-Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат
іздеу жүйесі,оны Web те атайды.WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді
тасымалдау хаттамасы-HTTP(HyperText Transfer Protocol) арқылы жұмыс
істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік
HTML(HyperText Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады. HTML тілі
World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web – парақтарының ең
жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып,оны кең пайдалану жолдарымен
толықтырылып отырылады. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола отырып,
оның өте кең тарауына себепші болды. HTML тілінде Web парақтар жасау
программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML –
гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web- парақтар түрінде
белгілеуге арналған ережелер жиынын құрайды. HTML құжаттарының бәрінің де
файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) HTM немесе HTML болуы тиіс.
WWW жүйесінің негізгі қызметі қажетті информацияны іздеу, жинастыру
және экранға шығаруды ұйымдастыру өзінің экранда көрсететін мәліметтері Web
- беттер түрінде дайындалып сақталған, электрондық құжаттар. Электрондық
құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы, оның жазылу форматында.
Web-бет – кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Әдетте үлкен
көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Web-бет ретінде
қарастырылады. Бұл Web-бетте белгілі бір ретпен байланыстырылып, тұтас Web-
түйін ретінде көрсетілуі де мүмкін. Яғни Web-беттерге сілтеме ретінен
тақырыпқа байланысты басқа Web-беттің адресі енгізіліп қойылады.
90-шы жылдары компьютердің дамуына Internet желісіне WWW жүйелері үлкен
әсерін тигізді. Қазіргі кезде осы бағытта компьютер өте үлкен қарқынмен
дамуда. Сол жылдарда біртеңдік редакторы және көптеген программалық қорлары
пайдаланып, Internet-те өз ойын жариялау үшін, HTML тілін оқып үйрену қажет
болатын. Ал бұл тілде жұмыс істеу көп уақытты талап етеді. Сондықтан мұндай
жұмыстарды жетілдету мақсатында Microsoft Front Page сияқты программалар
жасалынды. Front Page программасын пайдаланып, HTML тілін терең білмей-ақ
әрі көрнекі, әрі мәнді Web-беттерін алуға болады. Олар кәдімгі мәтіндік
редакторда жұмыс істейтіндей дайындалады да, HTML файлына автоматты түрде
алмастырылады. HTML файлдары кәдімгі мәтіндік файл. Сондықтан мұндай
файлдардың кез келген компьютерге жіберілуі мүмкін.
Осы мүмкіндігі зор HTML тілін қолданып дипломдық жұмысымды жасадым.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы HTML тілінде Corel Draw мүмкіндігін
демонстрациялау, яғни дипломдық жұмыстың мақсаты – Corel Draw қолданбалы
прогаммасымен нелер жасауға болатынын көрсету. Corel Draw қолданбалы
программасын көптеген салаларда қолдануға болады, негізінен дизайндық
жұмыстарда көп қолданады. Солардың бірі баспаханада. Баспаханада плакат-
афишалар, буклеттер, күнтізбелер, визиткалар, елтаңба-жалаулар, эмблемалар,
этикеткалар және сонымен қатар шақыруларды осы Corel Draw қолданбалы
программасында жасалынып шығарады.
І. Тарау. Corel Draw қолданбалы программасының мүмкіндігін
демонстрациялауға HTML программалау тілін қолдану теориясы
1.1. Corel Draw – векторлы графикалық редактор
Векторлық графика компьютерлік графиканың әртүрлілігі. Векторлық
графикадағы бейне бөлек объектілерден контурлардан тұрады. Контурлар
математикалық формулалармен суреттелетін безье қисықтар деп аталатын
сегменттерден тұрады. Қисықтар Француз математигі Пьер Безьенің құрметіне
осылай аталған. Векторлық бейне дискіде аз орын алады. Өйткені компьютер
жадында бейне емес ол туралы мәлімет сақталады. Мысалы, дөңгелек салу үшін
оның центірінің орналасуын рядусын контурдың қалыңдығымен түсін есте сақтау
жеткілікті.
Контурлары сығуға, масштабтауға, орнын ауыстыруға болады және бұл кезде
оның саласы мүлдем өзгермейді. Векторлық графиканы қолдану аймағы өте кең
және векторлық суреттерді құруға мүмкіндік беретін программалық бөлімнің
көптеген мөлшері жазылған. Олардың ішінде ең әмбебабы болып Corel Draw
программасы саналады. Corel Draw программасы кез-келген мөлшердегі
құжатармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Соның ішіндегі негізгісі
баспаханадағы жұмыс болып табылады. Төмендегі суреттер осы Corel Draw-тың
мүмкіндіктерін қарастырған. Қолдану аясының қаншалықты кең екендігі
көрсетілген.
Corel Draw программасын іске қосқан кезде сұхбаттық терезе ашылады:
New graphic түймесі жаңа парақ құрады. Open graphic сақталып тұрған
құжатты ашуға мүмкіндік береді. Ал, template түймесі шаблондар шебері
терезесін ашады. Әр құжатқа бөлек терезе ашылады. Corel Draw-тың негізгі
мәзіріндегі кейбір пунктерге тоқталайық:
• Layout (макет) – құжат беттерін басқару құралдары.
• Arrage (упорядочить) – бірнеше объектілерді басқару: туралау,
топтау, түрін өзгерту т.б.
• Effects (эффекты) – векторлық сол сияқты расторлық бейнелерге
арнайы эффектілерді меншіктеу.
• Bitmaps (растровое изображение) – импортталған расторлық
бейнелермен жұмыс.
• Text (текст) – мәтіндік форматтау және редактрлеу.
• Tools (сервис) – Corel Draw – тағы интерфейспен режимдерді баптау.
• Windows (окно) – құжаттардың ашық терезелерін басқару.
Corel Draw-та баспаханалық өнім беттерімен жұмыс: Публикациядағы бет
параметрлерін өзгерту командасы файл→параметр документа болады. Мұнда
орындалатын іс-әрекеттер:
1. Публикация форматымен парақ өлшемі параметры документа → формат
командасы дайын стандартты формаларды таңдауға мүмкіндік береді
немесе стандарт емес жағдайда өлшем өрісі арқылы беттің
биіктігімен енін енгізуге болады.
2. Бет бағдары – арентация (книжные, альбомные).
3. Өрістермен варианттар бет өрісінің маңызды параметрлері.
Corel Draw-та қолданылатын арнайы эффектілер: Арнайы эффектілер жағынан
Corel Draw-қа тең келер программа жоқ. Оларға қол жеткізу менюдегі
эффектілер командасы арқылы іске асады. Мысалыға айтатын болсақ преспектива
– бұл эффект бөлек объектілерге немесе объектілер тобына қолданылады. Ол
бірмезгілде бірнеше объектілерге қолданбайды. Бірақ бір объектіден келесіге
эффекты → копировать перспективу → перспективу из командасы арқылы көшіруге
болады. Перспективаның екі түрі бар: бір нүктелі және екі нүктелі. Бір
нүктелі перспективада сәуле шығарудың бір нүктесі, ал екі нүктеліде екі
нүктесі болады.
1.2. HTML тілі және графикалық объектілерді өңдеуді программалау
HTML тілінің атқаратын қызметі: Web – парақтары экранда ықшам түрде
безендіріліп, көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін
тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады.
Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде
жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек
MS-DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл
екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екі түрлі
болып көрсетіледі. Ал, үшінші компьютердегі Web – парақтарының мәтіндері
зағиптарға арналған Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті
басқаша болады.
Құжаттарды әрбір тұтынушының әртүрлі құрылғымен және әртүрлі броузер
программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу
(форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп атауға болмайды. Ол
Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір
тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін
тіл болып табылады.
Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны
тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң,
оны броузер – программа өз мүмкіндіктерін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі
әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана
көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы
берілетін болса, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.
HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдерінің де бар екенін айтып кету
керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны кең оны безендіріп
көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, тілдің соңғы
HTML 4.0 нұсқауында мәтінді пішімдеу командаларын пайдалану ұсынылмаған.
HTML тілінің көмегімен қарапайым суреттерді қолданып WEB – парақтар
жасау: HTML - бұл - құжат аты .htm қосымшасы бар, қарапайым құжат.
HTML – тілінде жазылған файлды қажетті HTML файлының кеңейтілуімен
дискіде сақтасақ, оның белгішесі өзгеріп Интернетте көруге болатын
түрге айналады.
Бұл файлды бір мезетте Internet Explorer – де және Блокнотта
ашып, оларды түрлендіріп көруге болады. Ол үшін файлды Internet
Explorer -де шыққаннан соң, Түр - HTML түрінде (Вид - В виде HTML)
командаларын орындау қажет. Сонда файлдың алғашқы мәтіні Блокнотта
ашылып, оны түрлендіріп өзгерту мүмкіндігіне ие боламыз. Қажетті
өзгертулер енгізіп оны қайта сақтап, осы өзгертулердің HTML -
құжатта іске асқанын көру үшін, Internet Explorer - де Түр – Жаңалау
(Вид - Обновить) командасын орындау керек немесе Саймандар
тақтасындағы осы командаға сәйкес батырманы басса болды.
Сонымен кез келген программа мәтінін Блокнотта тергеннен кейін,
оған өз қалауымызша ат беріп, оны *.htm түрінде кеңейтілуімен
керек. Тергеніңіздің нәтижесін экранды көру үшін, оның атын
тышқанмен екі рет шерту керек немесе Internet Explorer – де оны
ашу қажет.
HTML тэгтері: HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары тэг
(tag) деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тэг “кіші” ()
символынан басталады да, “үлкен” () символымен аяқталады. Осындай қос
символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан
соң команда аты болып табылатын түйінді сөз – тэг орналасады.
HTML тіліндегі әрбір тэг бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың
жазылуында әріптер регистрі ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші
әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тэг атауларын жәй
мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.
HTML тілінің бір тэгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір
абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай екі тэг қатар қолданылады: бір –
ашады, екіншсі – жабады. Ашатын тэг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал
жабатын тэг – сол әсерді аяқтайды. Жабу тэгтері қиғаш сызық символымен ()
басталуы тиіс.
Кейбір тэгтер тек өз жазылу орнына қарай ғана әсерін тигізеді. Мұндайда
жабу тэгі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тэг ретінде HTML
тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері
болмайды.
Броузер арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тэгтердің өздері
бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп
тұрады.
Тэг атрибуттары: Көбінесе ашылу тэгтерінің тигізетін әсерлерін
түрлендіретін олардың атрибуттары болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар –
тэг атауының және бір – бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша
түйінді сөздерден тұрады.
Кейбір атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның
түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні
қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаға жазбаса да
болады. Жабылу тэгтерінің ешқашанда атрибуттары болмайды.
Түсініктемелер: Программалау тілдерінде түсінік беретін сөздер-
комментарийлер жазылатыны сияқты мұнда да программаның орындалуына еш әсер
етпей, оны түсінуді жеңілдететін түсініктеме мәтіндер жазып отыруға болады.
HTML тілінің комментарийлері арнайы символдардан !- - басталады да,
түсінік беретін мәтін осыған жалғаса жазылады. Түсініктеме мәтін соңына -
символдары жазылуы тиіс. Түсінік мәтін ”үлкен” таңбасынан () өзге кез
келген символдардан құрастырыла береді.
HTML тэгтеріне мысалдар:
TITLE
BODY
TABLE
A
img
CENTER
HTML тэгтерінің қосарланып жазылуына мысалдар:
HTML HTML
B B
HEAD HEAD
H3 H3
ADDRESS ADDRESS
LI LI
HTML тэгтерінің жалқы жазылуына мысалдар:
BR HR META BASEFONT INPUT
HTMLтэгтерінің атрибуттарымен бірге жазылуына мысалдар:
BODY BGCOLOR=”#000000” TEXT# FFFFFF”
BASK ROUND=”RAIN.G17”
OPTION SELECNED
FRAME SRC= “file. html” NORESIZE
HTML құжатының құрылымы: HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен
және белгілеу тэгтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып
табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай мәтіндік редактордың бірін,
мысалы Windows ортасындағы Блокнотты, пайдалана беруге болады.
1.HTML құжатының кез келгені HTML тэгінен басталып, соған
сәйкес HTMLтүріндегі жабылу тэгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында
құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі
орналасады.
2.Құжаттың тақырыптық бөлігі HEAD және HEAD тэгтерінің
ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте, бұл бөлікті
TITLE...TITLE тэгтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады.
Көптеген броузерлер бұл атауды терезе тақырыбында тұртын файл аты есебінде
пайдаланады.
3. Жазылатын мәтін құжат тұлғасы деп аталатын BODY...BODY
тэгтерінің ортасына жазылады.
Осы айтылған төрт тэг HTML құжатының кез келгенінде болуы тиіс. Бірақ
HTML,TITLE тэгтерін жазбай кетсе де болады, дегенмен HTML тілінің
құрылымы олардың толық болуын талап етеді. Өйткені алдын ала тұтынушының
қандай броузер пайдаланытыны, оның қалай жұмыс істейтіні программа құрушуға
белгісіз болады ғой.
Енді қарапайым түрде дұрыс құрастырылған HTML құжатын мысал ретінде
келтіре кетейік.
HTML
HEAD
TITLE Құжат тақырыбы TITLE
HEAD
BODY
Бұл мәтін экранға шығады
BODY
HTML
Осы құжат жұмысы нәтижесінде экранға мынадай мәтін шығады:Бұл
мәтін экранға шығады
Құжаттың функционалдық бөліктерін анықтау: HTML тілі құжаттың
функционалдық жеке бөліктерін сипаттауға арналған. Көптеген
құжаттарда негізгі функционалдық бөліктер ретінде тақырыптар мен
абзацтар қарастырылады.
1. HTML тілі құжаттардың ішкі тақырыптарының көлеміне қарай
алты түрлі деңгейін жасай алады. Олар H1 және H1 тэгтерінен
басталып, H6 және H6 тэгтеріне дейін жалғасады. Компьютер
экранда олар әртүрлі мөлшердегі қаріптермен (қарайтылған түрдегі)
көрсетіледі.
HTML тілінің идеологиясы бойынша тақырып болып келетін кез
келген мәтін осы тэгтердің бірімен бейнеленуі тиіс. Бірақ бұл
тэгтерсіз де мәтін әріптерін үлкейтіп жазатын басқа мүмкіндіктер де
бар.
2. Жаңа жолдан басталатын абзацтарды белгілеу үшін P тэгі
(жабу тәгі P) қолданылады. Бір абзацты жаппай, жаңа абзац бастап
кетсек, алдыңғы абзац автоматты түрде жабылады. Сондықтан көбінесе
P түріндегі жабу тэгін жазбаса да болады. HTML тілінде абзац
азат жолдан басталмайды, тек абзацтар арасында бір бос жол
қалдырып кетеді. Көбінесе абзацтарды анық етіп бөліп тұру үшін
көлденең горизонталь сызық қойылады. Горизонталь сызық қою HR
тэгімен көлденең орындалады, оның жабу тэгі болмайды.
3. Сөздер арасында қойылған бірнеше бос орын таңбаларының
тек біреуі ғана көрініп тұрады да, басқалары жойылып кетеді. Сол
сияқты келесі қатарға көшіретін Enter пернесін басу таңбасы да HTML
тілінде ешбір әсер етпейді.
4. Егер абзац жасап бос жол қалдырмай жаңа жолға көшу
қажет болса, онда парсыз жалғыз қолданылатын BR тэгін қолдану
керек.
HTML 4.0 нұсқасынан (версиясынан) бастап кез келген құжатты
әдемілеп әшекейлеу ісін, сол құжаттан бөлек жазуға болатын болды,
алайда бұл мүмкіндікті көптеген броузерлер арқылы әзір жасауға
болмайды. Сол себепті HTML тілінде, тек қана құжаттарды безендіру
үшін ғана қолданылатын тэгтер бар. Мүмкін, HTML нұсқаларының алдағы
түрлерінде осында жазылған кейбір тэгтердің қажеті болмайтын шығар,
бірақ әзірше оларды пайдалануға болады.
1. Әріптің мөлшерін, түсін және сызылымын таңдап алу үшін
Font тэгін пайдаланады. Бұл қосарланған тэг, оның ашылған және
жабылған тэгтері арасында орналасқан барлық мәтіндерді түрлендіруге
болады. Font тэгінде қолдануға болатын Size=...; Color=...; Face=...;
тәрізді үш атрибуттың бірі тұруы тиіс.
Size=... атрибуты әріптің көлемін (мөлшерін) тағайындайды. Әріптердің
алдын ала берілетін жеті түрлі көлемі бар, олар 1-ден 7-ге
дейінгі сандармен белгіленеді. Бұл сандар белгілі бір өлшем
бірліктеріне сәйкес келмейді, тек санның мәні үлкейген сайын
әріптің де мөлшері де ұлғаяды. Егер сан көрсетілмесе, келісім
бойынша ол 3-ке тең болып саналады.
Color=... атрибуты әріптің түсін таңдау мүмкіндкгін береді, ол
ағылшын тіліндегі мағынасы бар түйінді сөз арқылы (мысалы, Red-
қызыл) немесе RGB жүйесіндегі он алтылық санмен (мысалы, #FF0000 –
бұл да қызыл) берілуі мүмкін.
Face=... атрибуты қаріп (шрифт) типін береді. Осы атрибуттың
мәні компьютерде орнатылған қаріптер атының біріне сәйкес келуі
керек. Бірақ Интернетте орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының
компьютерінде қандай қаріптердің орнатылғандығын алдын ала білу
қиын, сол себепті осы атрибутты көрсетпеген дұрыс. Мысалы:
BODY
Алдарыңызда Font color=”red” Face=”Arial” Size=”3” үшінші
мөлшермен Arial типімен жазылған қызыл түсті әріптер. Font
BODY
Мұның нәтижесі: Алдарыңызда үшінші мөлшермен типімен жазылған
қызыл түсті әріптер.
2. Осы параметрлердің барлығын бүкіл құжат үшін бірден беру
қажет болса, онда BАSEFONT атты бір ғана тэг пайдаланылады. Бұл тэгте де
жоғарыда келтірілген атрибуттар пайдаланылады, олар қаріп түрін, түсін және
мөлшерін анықтайды, егер олардың нақты мәндері көрсетілмесе, үнсіз келісім
(по умолчанию) тәсілі бойынша белгілі бір мәндер таңдалып алынады.
3.Тэгтердің тағы бір арнайы тобы қаріптердің сызылымын
(начертание) өзгерту мүмкіндігін береді. B және B тэгтері араларында
орналасқан мәтін қарайтылған қаріпке ауысады. I және I тэгтері
қаріптерді курсивпен берсе, UжәнеU тэгтері мәтіндердің астын сызып,
S және S тәгтері – белдерінен сызылған символдарды бейнелейді.
Мысалы:
HTML
HEАD Қәріп типін, түрін, мөлшерін басқару
HEAD
BODY
BASEFONT SIZE=4 FACE =”Arial KZ”
Негізгі қаріп Arial KZ типінде төртінші мөлшермен
жазылған PFONT SIZE= -2 FACE=”Times New Roman KZ COLOR=”GREEN”
Бұл мәтін әріптері алдынғыдан екі мөлшерге ұсақтау және ол басқа қаріп
типі мен жасыл түсті қолданады.FONT
P B қарайтылған қаріп түрі B
P I қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі I
P U асты сызылған қаріп түрі U
P S белінен сызылған қаріп түрі S
BODY
HTML
Мұның нәтижесі: Негізгі қаріп Times New Roman KZ
типінде төртінші мөлшермен жазылған
Бұл мәтін әріптері алдыңғыдан екі мөлшерге ұсақтау және ол басқа қаріп
типі мен жасыл түсті қолданады.
қарайталған қаріп түрі
қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі
асты сызылған қаріп түрі
белінен сызылған қаріп түрі
Мәтін фрагменттерін логикалық стильмен безендіру: Логикалық стильдер
B,I,U тэгтері сияқты сөздерді ерекшеленіп көрсетеді, олар
программа мәтінін жазғанда немесе цитат (дәйектеме) келтірген кезде
қолданылады. Логикалық стильдерді пайдалану кезінде броузер экранға
не шығаратынын алдын ала айту қиын. Әртүрлі броузерлер экранға
логикалық стильмен берілген символдарды әртүрлі етіп шығаруы мүмкін.
Бұрынғы броузерлер логикалық стильде берілген қаріптерді
ерекшелемей, жай қаріп түрінде бейнелей беруі де ықтимал.
EM...EM
Ағылшынның Emphasis – акцент сөзінен шыққан, яғни курсив түрінде
берілетін мәтін бөлігін қоршап тұратын белгілер болып табылады.
STRONG...STRONG
Ағылшынның Strong emphasis – күшті акцент дегені, мәтін ішінде
қарайтылған қаріп болып көсетіледі.
CODE...CODE
Программа мәтінін көрсету үшін қолданылатын стиль түрі.
SAMP...SAMP
Ағылшынның Sample – мысал, үлгі деген сөзі, программа жұмысы
жұмысы нәтижелерін ендері бірдей моношрифт түрінде экранға шығарарда
пайдаланылады.
KBD...KBD
Ағылшынның Keyboard – пернетақта (клавиатура) қысқаша сөзі.
Пернелерден енгізілген сөз тіркестерін көрсету мақсатында
қолданылады.
VAR...VAR
Ағылшынның Variable – айнымалы сөзі, программадағы айнымалы
аттарын жазу үшін енгізілген стиль түрі, қисайтылған курсивке ұқсас
қаріп түрі.
Осылардың жұмысына бір мысал келтірейік:
HTML
HEAD
TITLLE Мысал TITLLE
HEAD
BODY
CENTER
H2 Мәтін фрагменттерін белгілеп ерекшелеу тәсілдері H2
P Мәтіндерді төмендегідей түрде ерекшелеуге болады BR
HR
B қалыңдатылып қарайтылған қаріптермен немесе B BR
I қисайтылған курсивпен немесе I
BR
U асты сызылған символдар арқылы жазуға болады. U
P Оған қоса мәтіндерді ендері бірдей қаріптер арқылы логикалық
стильде жазу мүмкіндіктері де бар.
HR
H3 Логикалық стильдер түрлері: H3
HR
P
EM EM –ағылшынның Emphasis – акцент сөзінен шыққан, яғни курсив
түрінде берілетін мәтін бөлігі
EM
BR
STRONG STRONG - ағылшынның strong emphasis – күшті акцент дегені,
мәтін ішінде қарайтылған қаріп болып көсетіледі.
STRONG
BR
CODE CODE - Программа мәтінін көрсету үшін қолданылатын стиль
түрі.
CODE
BR
SAMP SAMP - Ағылшынның sample – мысал, үлгі деген сөзі,
программа жұмысы жұмысы нәтижелерін ендері бірдей моношрифт түрінде
экранға шығарарда пайдаланылады.SAMP
BR
KBD KBD - Keyboard – пернетақта (клавиатура) қысқаша сөзі.

KBD
BR
VAR VAR - variable – айнымалы сөзі, программадағы айнымалы

VAR
CENTER
BODY
HTML
Сырғымалы жолдарды ұйымдастыру: MARQUEE...MARQUEE тэгтері
мәтіндерді үздіксіз жылжып отыратын “сырғымалы жол” түрінде экранға
шығарады. Бұл тэгтің ашылуы кезінде тізбектеліп жазылатын бірсыпыра
атрибуттері (немесе параметрлері) бар, олар сырғымалы жолдың жылжу
жылдамдығын, бағытын, әріптері түсін, т. б. өзгертеді. Параметрлерді
өзгертпеуге, яғни жазбауға да болады, онда олардың алдын ала
келісім бойынша (значения по умолчанию) бұрын орнатылған мәндері
іске қосылады.
Енді жиі өзгертілетін параметрлерлі және олардың мүмкін мәндерін
қарастырайық.
BEHAVIOR – мәтіннің бір бағыты (SCROLL) немесе қос бағытта да
(ALTERNATE) жылжуын, әйтпесе жылжымай тұруын (SLIDE) қамтамасыз етеді.
Оның мүмкін мәндері SCROLL І SLIDE І ALTERNATE.
BGCOLOR – “сырғымалы жолдың” фон түсін анықтайды, он алтылық RGB
форматында немесе ағылшынша белгілі бір түс аты беріледі. Мысалы:
BGCOLOR=”GREEN”
DIRECTION – жолдың сырғу бағытын анықтайды, оның мүмкін мәндері:
LEFT (солға) және RIGHT (оңға), келісім бойынша LEFT мәні іске
қосылады.
HEIGHT – “сырғымалы жолдың ” биіктігін пиксель (нүктелер) арқылы
анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады.
WIDHT – экрандағы “сырғымалы жолдың” енін пиксель арқылы
көрсететін бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады. Алдын
ала келісім бойынша 100% болып саналады.
Келісім мысал осы MARQUEE тэгі мен оның параметрлерін
пайдалану жолын көрсетеді.
HTML
HEAD
TITLE Мысал TITLE
HEAD
BODY text=red
CENTER
H2 Сырғымалы жолдар мысалдары H2
HR
H3
MARQUEE BGCOLOR=”BLUE” BEHAVIOR=”SCROLL”
DIRECTION=”RIGHT” HEIGHT=30 Бұл алғашқы сырғымалы жол MARQUEE
H3
P
MARQUEE BGCOLOR=”GREEN” HEIGHT=30
WIDHT=”90%”
Бұл екінші сырғымалы жол
MARQUEE
P
MARQUEE BGCOLOR=”GREEN” BEHAVIOR=”ALTERNATE”
DIRECTION=”LEFT” HEIGHT=30
Бұл үшінші сырғымалы жол
MARQUEE
HR
CENTER
BODY HTML
Гиперсілтеме бойынша ауысу: HTML – да мәтіннің бір фрагментінен
екіншісіне ауысу үшін A HREF= “[ауысу адресі]” мәтіннің белгіленген
фрагменті A тэгінің көмегімен орындалады. [ауысу адресі]
параметрінің орнына аргументтердің бірнеше түрін қолдануға болады.
Ең қарапайымы – ауысатын HTML-құжаттың атын беру. Мысалы A
HREF=”DOC.htm” Мазмұн A
Бұл мысал HTML – құжатта “Мазмұн” деп белгіленген фрагмент пайда
болады, оған тышқан курсорын алып барып шерткенде келесі терезеде
DOC.htm құжаты ашылады.
Назар аударыңыз: егер адресте каталог (бума) көрсетілмесе, онда
ауысу ағымдағы каталог ішінде орындалады. Ашылған файлды көріп
болғаннан кейін артқа қайтып оралу үшін броузердің құралдар
тақтасындағы НАЗАД батырмасын басу керек.
Қажет болған жағдайда сілтемені қандай да бір құжатқа емес сол
құжаттың ішіндегі белгілі бір сөзге де жасауға болады. Ол үшін
сілтеме барысында ашылатын құжатқа қандай да бір сүйеніш нүктесін
немесе анкер ашу керек. Мысал арқылы:
Мәселен pr1.htm құжатынан pr2.htm құжатының “Ауысу аяқталады”
(құжаттар бір буманың ішінде орналасқан) деген сөзіне көшу керек
делік. Алдымен, pr2.htm файлында мынадай анкер ашу керек:
A NAME=”AAA” Ауысу аяқталды A
“Ауысу аяқталды” сөзі мәтінде ешқандай белгілеусіз жазылады.
Енді pr1.htm файлында осы анкерге көшуді анықтау керек.
A HREF=”2.htm#AAA” Анкерге ауысу AAAA
Анкерге ауысуды pr2.htm құжатының ішінде де орындауға болады, ол
үшін құжат ішінде мынадай фрагмент қосу жеткілікті:
A HREF=”#AAA” Анкерге ауысу AAAA
Бұл үлкен құжаттар жасағанда өте қолайлы. Құжаттың басына
бөлімдердің тақырыбында орналасқан анкерлерге сілтеме жасайтын
мазмұнды орналастыру керек.
Түсініспеушілік болмас үшін анкерлердің аттарын латын әріптерімен
берген дұрыс. Анкерлердің атының жазылуын қадағалаңыз: көптеген
броузерлер үлкен әріптерді кіші әріптерден ажырата алады. Егер анкер
атын ААА деп анықтап, ал анкерге сілтемеде ааа немесе АаА деп
жазсаңыз, онда құжтыңыз дұрыс ашылса да ААА анкеріне шыға
алмайсыз.
Осыған дейін біз HTML – құжатқа сілтеме жасауды сөз еттік,
алайда ресурстардың басқа да түрлеріне сілтеме жасауға болады.
A HREF=”ftp:serverdirectoryfile.e xt” файлды түсіндіру A
Бұндай сілтеме орындалған жағдайда, файлдарды беру протоколын
іске қосып, server серверінің directory бумасында орналасқан file.ext
файлын қолданушының жергілікті дискісіне түсіре бастайды.
A HREF=”mailto:user@mail.box” Хат жіберу A
Егер қолданушы жоғарыдағыдай сілтемеге ауысса, онда экранда
пошта программасының шығу мәліметтерін енгізу терезесі ашылады.
Пошта программасының “Қайда” жолында user@mail.box көрсетіледі.
Байланыстар жайлы мысал:
HTML
HEAD
TITLE 2-мысал TITLE
HEAD
BODY
H1 Байланыстыру H1
P Сілтеуердің көмегімен басқа файлдарға көшуге болады (мысалы,
A HREF=”ftp:mail.ruhomeSrailov Riszhanhtml-pr.doc” бұл Microsoft
Word 2.0 форматындағы нұсқау A) FTP. Бойынша P
BODY HTML
Бір анкердің ішіне екіншісін орналастыруға болмайды. Ашылатын
және жабылатын белгілерді міндетті түрде қою керек. Анкерлер
гипертекстік сілтемелерді анықтау үшін қолданылады.
Name – анкердің атын анықтайтын жол. Бір құжаттың ішінде
анкерлердің аттары қайталанбау керек.
Herf – гипертекстік сілтеме бойынша ауысатын ресурстың адресін
білдіреді. Бұл басқа HTML – құжат, PDF – файл немесе сурет болуы
мүмкін.
Title – сілтеме ресурстың аты
HTML құжатындағы мәтін: FONT элементі HTML-дағы мәтіннің сыртқы
түрін басқарады.FONT элементі FONT тэгімен ашылыпFONT тэгімен
жабылатын контейнер болып табылады. Егер ашылатын тэгте ешқандай атрибуттар
көрсетілмесе онда FONT элементі ешқандай әсер етпейді.
FONT элементін кез келген мәтіннің ішінде қолдануға болады. FACE
(гарнитура), SIZE (өлшем) және COLOR(түс) атрибуттарының көмегімен
құжаттағы мәтіннің түрін мүлдем өзгертуге болады.
FACE құжатта қолданылатын қаріп түрін таңдауға мүмкіндік береді. FACE
атрибутының параметрі – қаріп аты. Атрибутта көрсетілген қаріп аты,
қолданушы компьютерінің қаріп атымен сәйкес келуі керек, кері жағдайда
браузер бұл атрибутты қабылдамайды да, айтылмаған жағдайда пайдаланылатын
қаріпті қолданады. Қаріп атындағы бас және кіші әріптер айырмашылығы жоқ,
ал бос орын міндетті түрде қойылуы керек.
Төменде қаріпті таңдау мысалы келтірілген.
HTML
HEAD
TITTLE ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz