Қазақ ұлттық драма театрының қалыптасуы мен дамуы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-6

  1. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫДрама театрының қалыптасу тарихы . . . 7-21Қазақ театрының Ұлы Отан соғысы кезеңінен бастап 1972- жылға дейінгі болмысы . . . 21-33
  1. ТЕАТРДЫҢ ЖАҢАША ДАМУЫ (1972-2007 ЖЖ. ) Жаңа кезең және Егемендік жылдарындағы театр . . . 34-42Театр тарихын жазуға үлес қосқан тарландар . . . 42-46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

Кіріспе

Театр -ел өмірінің түзу айналысы, театр -

міндетінің құрулы тезі, түзетуші ұстасы,

театр -қазақы салт-сана, күй сарындары

сияқты мәдениет, өнер кендерінің терең

ошағы, ұйтқысы болсын . . .

Қаныш Сәтбаев.

Тақырыптың өзектілігі. Театр - қазіргі халық өнеріне табиғи түрде енген, өзімен бірге өсіп, бірге қалыптасып келе жаттқан ұлттық мақтаныш. Елімізде қырық сегіз театрдың болуын театр мамандарының кейбірі мәдениетіміздің дамуымен байланыстырады. Еліміздің мәдени-ғылыми әрі рухан-көркемдік жедел өркендеуіне әлеуметтік зор үлес қосып, қоғамдық тәлім-тәрбие рөлін мүлтіксіз атқарып келе жатқан театрдың сексен жылдық тарихы бола тұра осы күнге дейін арнайы зерттеу объектісі, нысаны болған емес. Рухани сұраныс пен шығармашылық күштерге қысым жасалып, өнердің мәңгі мызғымас талаптары уақытша идеологияның ыңғайына бейімделуге мәжбүр болған кеңестік дәуірде театр да сол талаптарға сай жұмыс жүргізді.

Бір кезде «қазаққа театр қажет пе, ата- бабасында болмаған, қанына сіңбеген өнерді халық керексіне қояр ма екен?»-деген күңкілдердің болғаны да бар. Бұл, әрине, халықтың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын білмей, үстірт айтылған топшылау еді. Әйтпесе, біздің елде театр негізгі ерте күннен бері бар болған.

Осынау жылдар ішінде театр шыққан биік-биік белестер мен асқар-асқар асуларды санамалап шығу, оның дамуы мен қалыптасуы жолында тер төккен тектілер, халқының жүрегінен мәңгілікке орын алған кіл жампоздар мен жайсаңдар туралы диплом жұмысында тауысып айту мүмкінде емес. Бұл -келешектің сыбағасы.

Қазақстанның мәдениет тарихында «театр» ерекше орын алады. Қазақ жерінде пайда болған алғашқы театрлардың рөлі өз тарихи дамуын бастан өткеріп, тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті арта түсті. Қазақ ұлты өткен тарихына көз тастап, төл тарихын түгендеу барысында - мәдениетіміздің жаршысы ретінде театр тарихын да зерттеп, зерделеу қолға алынды. Сонымен, Қазақстан театрларының ең үздік өнер ордасына айналған Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық Академиялық драма театрының тарихына деген қызығушылық артып отыр.

Республикадағы кәсіби сахна өнерінің «Қарашаңырағы» атанған тұңғыш театрдың қазақ халқының мәдени тарихында алатын орны өзгеше. Ол біздің драмалық өнерімізді дамып, жетілудің шырқау биігіне көтеріп қана қоймай, ұлттық өнеріміздің толып жатқан басқа салаларының тууына, келешекте олардың шығармашылық енші алып, өз алдына отау тігуіне ұйытқы болды.

Қазақ халқының сан қырлы қасиетін, талантын, тамаша құндылықтарын көрсетіп, көрермен көзайымына айналған тарихын зерттеу - біздің алдымызда тұрған киелі мәселе.

Еліміздің рухани бай, мәдениетті, өркениетті ел болғандығын дәлелдеу үшін мәдениеттің негізгі саласы театр тарихын зерттеу бүгінгі таңның аса өзекті мәселесі екені һақ.

Қазақстан Республикасының егемендік алып дербес мемлекет болуына байланысты, қоғамдағы саяси әлеуметтік, экономикалық және рухани өміріндегі өзгерістер, еліміздің тарихымен мәдениетін, әдебиеті мен өнерін қоғамдық мұраттарға сәйкес, жаңа мазмұнда қайта қарауды талап етеді. Сол себепті қазіргі таңда Қазақ Ұлттық драма театрының тарихын жаңашыл көзқараста жазылуы өзекті мәселе болып келеді.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Тақырыптың маңыздылығы мен оның бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, нақты тарихи материалдар негізінде Қазақ Ұлттық драма театрының қалыптасуы мен бүгінге дейінгі даму тарихын зерттеуді, бүгінгі жастарды тәрбиелеуде театрдың ролін ашуды диплом жұмысының басты мақсаты етіп алдым. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:

- көрермендер тәрбиелеуде поэтикалық туындылар бойынша қойылған спектаклдердің басты құрал болатынын ғылыми тұрғыда негіздеу.

- жас ұрпақтың рухани эстетикалық, дүниетанымдық және көркемдік талғамын қалыптастырудағы театрдың тәлімдік, танымдық маңызын айқындау;

Хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысы XX ғасырдың бірінші ширегінен бастап қазіргі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Ол кезең аралығындағы қазақ театрының қалыптасуына кеңестік идеалогияны басты себепкері ретінде қарастыра келе, өлкедегі мәдени өзгерістерге, театрдың дамуындағы төрт кезеңге тоқталады. Әр жылдардағы театр репертуары мен актерлер жұмысының жетістіктері мен кемшіліктері барынша ашылған.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарастырып отырған мәселеміз, яғни Қазақ Ұлттық драма театрының тарихы аз зерттелген. 1975 жылы Б. Құндақбайұлы және басқа театртанушы мамандардың бірігіп шығарған алғаш зерттеу жұмысы «Қазақ театрының тарихы»(1) және 1961 жылы жарыққа шыққан Н. И. Львовтың «Қазақ театры» (2) атты үлкен көлемді очерктері жұмыс барысында қолданылды.

М. Әуезов театры ұлттық сахна өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан мәдени ошақтың бірі. «Қазақ театрының тарихы» кітабының бірінші томында осы театрдың қалыптасуы мен оның ең таңдаулы қойылымдары іріктеліп өзге театрлармен салыстырыла жазылған.

Елу жылға жуық уақыттан бері қазақтың театртану ғылымын кәсіби тұрғыда дамыту ісіне орасан зор еңбек сіңіріп келе жатқан Бағыбек Құндақбайұлының қаламынан көптеген ғылыми еңбектер туды. Оның сыншыға тән өткірлігі мен зерттеушілік зердесінің ауқымдығын танытатын «Режисура мен спектакль» (1971 ж. ) (3), «Путь театра» (1974 ж. ) (4), «Уақыт және театр» (1981 ж. ) (5), «Мұхтар Әуезов және театр» (1997 ж. ) (6), «Заман және театр өнері» (2001 ж. ) (7) кітаптары сахна өнерінің қыр -сырын терең аңғартатын туындылар. Елу жылға жуықтан бері қазақ театрының бүге-шігесін жіліктің майын шаққандай түбегейлі зерттеген театр тарихшысының қаламынан туған аталмыш еңбектерде ұлттық театрымыздың туу, өсу, қалыптасу және өркендеу кезеңдерінің бәрі толық қамтылған. «Уақыт және театр» деп аталатын кітабында әр жылдарда жазылған мақалалары, зерттеулері мен көрнекті өнер қайраткерлерінің шығармашылық портреттерін енгізген. Біз қарастырып отырған мәселе барынша пайдаланылған.

Б. Құндақбайұлы ұлттық театр өнерінің тарихына байланысты ұжымдық монографиялардың «Облыстық театрлар»(1964) (8), екі томдық «Қазақ театрының тарихы» (1975, 1978, көлемі 40б. т. ) , Мәскеуден шыққан 6 томдық «История советского драматического театра» (1966-1971) (9), «История театроведения народов СССР» (1987) (10) деген күрделі зерттеулердің қазақ театрына байланысты тарауларын жазады.

Театр сыншысы Қажықұмар Қуандықовтың «Серке Қожамқұлов» (1996) (11), «Тұңғыш ұлт театры» (1969) (12), «Театрда туған ойлар» (1972) (13) сияқты еңбектері қазір кезде өзінің мән мағынасын жоғалтпаған еңбектер. Осы еңбектер Қазақ драма театрының тарихын ашып жазудағы ең сарқылмас дерек көзі екенін айтуымыз керек. Қуандықов еңбектерінде сол кездегі дарынды, тума талантты аға-апаларымыздың театрға, өнерге қосқан зор үлесін ашып жазады.

Драматургия мен қойылым көркемдігі жөнінде, жекелеген актерлер мен режиссерлер, жалпы театр өнері жайында көптеген сыни дүниелер жариялаған, ұстанымы мықты сыншының азды - көпті еңбегіне деген ұрпақ құрметі ерекше болуға тиіс.

Бұл мәселеге қатысты соңғы еңбектердің санына Әшірбек Сығайдың көп жылғы шығармашылық ізденістерінен туындаған «Сахна саңлақтары» атты еңбегі жатады (14) . Онда автор мемлекетімізге есімдері кеңінен таныс өнер қайраткерлерінің өмір, өнер жолдарын кәсіби деңгейде, жан -жақты байыппен талдап таразылап, әсерлі кескіндейді. Сонымен қатар жалпы қазақ сахна өнерінің келелі мәселелері, оның даму үрдісі мен көркемдік сипаты жайлы ой қозғайды.

Біз осындай ғылыми еңбектердің жемістерін пайдалана отырып, аталмыш мәселемізді тереңдете зерттеуге тырыстық.

Еңбектің деректік негізі. Зерттеудің деректік негізін алғаш рет ғылыми айналымға енген мұрағат материалдары, қол жазбалар, естеліктер құрайды. Зерттеу барысында қолданылған, жарияланған деректер сипатына тоқталсақ.

XX ғасырдың басындағы оқиғалар туралы баспасөзде жарияланған анағұрлым объективті ақпараттар, соның ішінде «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланылған зиялы қауым өкілдерінің хаттары, мақалаларында қарастырып отырған мәселемізге қатысты сұрақтар талданып, жарияланып отырды. Материалдарда театр ашылуын тездетуге асыққан қаулы-қарарлар, сахналанған спектакльдердің нәтижелері туралы көзқарастар жазылған(15) .

Диплом жұмысының жаңалығы.

- диплом жұмысында қазақ театрының пайда болу мәселесіне толық талдау жасалынды;

- қазақ театрының қазіргі шығармашылық жетістіктерінің ағылшын театрының осы күнгі шығармашылық жағдайымен салыстыру арқылы даму дәрежесі анықталды;

- театрдың болашағын жақсарту мәселесін шешуде драматургия мен режиссура қызметінің маңызы ашып көрсетілді.

Тақырыптың құрылымы. Жазылған жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарауда негізінен театрдың шымылдығын ашуынан бастап оның дамуын қарастырдық. Сонымен қатар, театр шаңырағының шығармашылық тұрғыдан жиі болатын жетістіктері мен кемшіліктерін де атап көрсетіледі.

II тарауда қаралған сұрақтар: қазіргі қазақ театрларының репертуарлық салмағы қандай? Комедия жанрындағы пьесалардың жиі сахналануының себебі неде? Сол жайында ашып жазылған. Және де театр тарихын зерттеуде қажымай ғылыми еңбектер жазған Бағыбек Құндақбайұлы мен тағы басқа театр сыншылары туралы сөз болады.

  1. Қазақ Ұлттық драма театрының қалыптасуы

1. 1. Драма театрының қалыптасуы

Қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының жүріп өткен шығармашылық жолы жайлы жазылған еңбектер саны едәуір. Жалпы, әлемдік театр өнерінің үш мың жылдан астам ғұмыры барлығын ескерсек, шығармашылық тағдыры небәрі сексен-ақ жылдың төңірегін қамтитын кәсіпқой сахнамыздың өмірбаяны үлкен уақыт шыңынан көз жібергенде, пәлендей сүбелі еместігі әмбеге аян. Әйтсе де, театр тарихы тірнектеп жасалынатын рухани мұра, эстетикалық нәзік мүлік. Адамтану, өміртану процестері өнер өлкесінде нық қалыптасып, рухани-мәдени талаптар құндылықтары театр атты ғажайып әлемге енері - өмірдің өзгермес заңы.

Аталмыш бас театрымыздың алғашқы қаз тұрған күндерінен бастап, оның жарқын болашағы жөнінде жанашырлық пікір айтпаған зиялыларымыз кемде-кем. Ғұлама ғалымдарымыз бен кемел жазушыларымыздың, белсенді қоғам қайраткерлеріміздің осынау сымбатты өнеріміз жайында сыр толғамағандары жоқ десе де болады.

Солардың ең ортасында тұрған: Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров, Қаныш Сәтпаев, Жұмат Шанин, Жүсіпбек Аймауытов, Смағұл Садуақасов, Темірбек Жүргенов, Орынбек Беков, Әбділда Тәжібаев сынды тағы басқа азаматтарымыздың салиқалы лебіздері сахна өнеріміздің тарихи сұлбасын құрайды. Оның теориялық сипаттағы көркемдік мақсат-мұратын белгілейді.

Біртініректе, Н. И. Львов, Б. Құндақбаев, Қ. Қуандықов, Л. И. Богатенкова, И. Шостак, К. Нұрпейісов, Ә. Сығай сынды театр зерттеушілері бас театрымыздың тарихы және оның әйгілі режиссерлері мен артистері жөнінде арнайы зерттеу кітаптарын жазды; фотоальбомдар түзіп, буклет-брошюралар құрастырды. Бәрін де қарпып айту, қамтып айту күрделі міндет.

Театрдың алғашқы іргетасы қаланған сәттен бастап-ақ, оның әдеби-мәдени шежіресі назардан тыс қалмаған, күні бүгінге дейін шығармашылық жолы үздіксіз айтылып, талассыз жазылып келеді. Әр ұрпақ өз тарапынан төл театрымыздың тағдырына қатысты өзіндік ой қорытып, бұл күнде қарашаңырақ аталып келген атақты өнер ордасының шынайы дәстүріне лайық зор үлес қосып келеді.

Театр өнерінің дүниеге келуін халық өнерінен бөліп қарауға болмайды. Бұл екеуі бір-бірімен ажырамайтын тығыз байланыста, бір-бірінсіз дамуы да мүмкін емес. Бұл құбылысты әлем театрының тарихынан да аңғаруға болады. Ұлы жазушы, әрі ғалым Мұхтар Әуезов өзінің «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» зерттеуінде сахна өнері мен драматургияның дүниеге келуін халық өнеріне бастау алған. Оны ұйымдастырушылар мен орындаушылар да халық арасынан шыққан табиғи дарын иелері. Жоғарғыда аталған мақалада: «Елдің болымсыз ойынынан, болымсыз күлдіргі әңгімелерінен, ертегі, жырларынан шыққан кішкене театрларды алсақ, олар заман озған сайын буын-буын болып тұрған ірі жазушылардың тартуына ілініп, бәйгеге қосылған аттай ілгерілеп, алды ашыла берген, ел тіршілігінің дәл өз топырағынан туған кішкене театрлар кейінгі ірі жазушыларына бет-бағыт белгілеп бергендей болды. Қай елдің жазушысы болса да драмаларына алдымен өз елінің өмірін, өз жұртының салт-әдетін, мінез-жаратылысын көрсетуді міндет деп санады. Барлығы да еліне салт театрын жасап берді. Басында елдің өз денесінен, болмысыз ойын-сауықтан шыққан кішкене театрлар кейін салт театрына айналған уақытына дейін бір мезгіл елді тастаған емес. Бұл көптің қызығы, қалың елдің театры болудан айныған жоқ. Ел өмірі, ел қалпымен қол ұстасып қатар отыр. Барлық салт театрының бетімен жазылған пьесалар бұл сөздерге дәлел», (13. 82) - дейді. М. Әуезовтің кішкене салт театры деп отырғаны ұлтымыздың ғасырлар бойы рухани азығы болып келген халық шығармаларының сахна өнеріне етене жақын үлгілері.

Қай ұлттың болмасын қазіргі кәсіби театры нақ бүгінгі күйінде, дайын түрде ғұмырға келе қоймағаны мәлім. Әр қайсысының да қалыптасуы жайлы, өзіне лайық өмір баяны бар. Бір елдің кәсіби театры өзінің өмір жолын біздің дәуірімізге дейінгі ежелгі заманнан бастаса, екінші бір елдің театры кеңес дәуірінен басталады. Театр зерттеушілер дүние жүзінің театрының тарихының көне грек театрынан бастаса, оған іле-шала белгілі болған театр ежелгі үндінің классикалық санскриттік театрын біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырдың ортасында дүниеге келгенін айтады(15. 6) .

Біз қазақ театры тарихын соншалықты әріден бастай алмаймыз. Бір кезде «қазаққа театр қажет пе, ата-бабасында болмаған, қанына сіңбеген өнерді халық керексіне қояр ма екен?» -деген күңкілдердің болғаны да бар. Бұл, әрине, халықтың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын білмей, үстірт айтылған топшылау еді. Әйтпесе, «біздің елде театр негізгі ерте күннен бері бар болған.

Рас, ол замандағы өнер бүгінше театр деп аталған жоқ. Бүгінгідей мәдениет шеңберіне кірген жоқ . . . Шынында да ерте күнде ас пен тойда, ұлы жиында ізденіп келіп өлеңмен, әнмен айтысатын көп ақындар, өз заманына театр жасамай, не жасады? Оның сол ұзататын қыздың тойында еркек пен әйел қақ жарылып алып айтысатын жар-жар, салт-ойыны туғызған театрдың өзі емес пе?»(18) . Бір кездері М. Әуезов ұлт театры екі бағытта- қалалық һәм далалық болып дамиды деген пікір айтқан. Осы ойға орай қыр театрының (дала театры) репертуарына «Жар-жар» мен «Беташар», «Айтыс» салт өлеңдері еніп, өзінің тамаша орындалуымен дүйім елді таң тамашаға бөлеп отырған.

Қазақ драматургиясы мен театрының туып қалыптасуында эпостық дастандардың алатын орны үлкен. Батырлар жырының композициялық құрылысы, әңгімелік қызықтылығы, қатысатын адамдардың тартыстары арқылы және психологиялық күйлері мен характерге айналу жолдары өте- мөте драматургия үшін дайын тұрған көркем материал болып шықты.

Қазақ театрында қойылған Қазақ эпостары, оның ішінде «Қобыланды батырдың» барлық жағынан драмаға айналып, сахнаға шығарылуға әзір тұрғанын ғалым Мұхтар тамаша сипаттаған да, жазушы Мұхтар пьесаға айналдырған»(19. 35) .

Қазақ театр өнерінің тууына ықпал жасаған орыс мәдениеті, қазақ топырағының іргесіне орналасқан Омбыда 1865 жылы қалалық театрдың ашылуы(1. 98) -үлкен маңызы бар, мәдени оқиға болды. XIX ғасырдың екінші жартысында бұл театрдың даңқы жайылып, оның сахнасына батыс пен орыс классиктерінің шығармалары қойылады. Ал, қаланың өзі болса, өнер мен білімге ұмтылған қазақ жастарының төңкеріске дейін топтасқан белгілі орталығы болды. Халқымыздың ұлы ғалымы, демократ-ағартушысы Шоқан Уәлихановтан басталып, онан кейінгі кезеңдерге дейін қазақ жастарының білім алып, мәдениетке араласуы осы қаламен тығыз байланысты. Солардың ішінде Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов тағы басқалар болды. Бұлармен бірге, білім мен мәдениетке ұмтылған Жұмат Шанин де осы қалада болып, әрі оқып, әрі қызмет істеген. Қазақ жастарының басын қосып, өнер мен мәдениетке баулыған «Бірлік» ұйымы да осы Омбыда ашылған. Сол уақытта қызметте немесе оқуда болған халқымыздың ардагер ұлдарының орыстың озық мәдениетінен үйреніп, театр өмірімен таныс болуы-олардың келешектегі шығармашылық қызметтерінің сәтті басталып, тез жетіліп, қалыптасуына себеп болғаны даусыз. 1916 жылғы қара жұмыс майданында Жұмат Шанинмен бірге барған Қалыбек Қуанышбаев төңкеріс қарсаңында Омбыға жұмыс іздеп келгенде өмірінде тұңғыш рет осындағы театрдың бір спектаклінің жарым-жартысын көріп таң қалғанын айтады. Төңкерістен бұрын оқу іздеп, білімге ұмтылған қазақ жастарының көбірек жиналған орталығының бірі - Орынбор.

Орынборда кәсіби театр 1869 жылы 14 қаңтардан бастап жұмыс істеген. Бұл театрдың сахнасыда орыстың атақты актрисасы П. А. Стрепетова ойнаған. Сонымен бірге В. Ф. Комиссаржевская, Г. Н, Федотова, В. А. Андреев-Бурлак, А. Л. Вишневский сияқты әйгілі өнер шеберлері осында гострольдік сапарларын өткізген. Ал, Орынбор болса білім алуға ұмтылған қазақ жастарының басын қосқан қалалардың бірі еді. Мұнда әртүрлі оқу орындарында, қысқа мұғалімдік курстарда оқыған жастар ауылдық жерлерде ойын-сауықтар ұйымдастырып, Орынбордағы орыс театрынан көрген-білгендерін, алған әсерлерін жұртқа көрсетіп жүрді.

Қазақтың ұлттық театрын ұйымдастыру мәселесі ел ішінде «Дала театры» деп атауға әбден лайық халық өнерінің сан қилы түрлері дамып, жетілген тұста көтерілуі табиғи құбылыс. Солардағы драматургия мен театрға өзінің көркемдік табиғатымен етене жақын элементтер жаңа өнердің дүниеге келуінде ерекше орын бар. Қазақтың кең даласының әр түпкірінде тұнғыш әуесқойлық қойылымдар мен драматургиялық шығармалардың тууы осы халық шығармашылығының көркемдік құдыреті(5. 65) .

Сонымен бірге ұлттық сахна өнерінің тууына ықпал жасаған орыс театр мәдениеті. Орыстың демократиялық идеясымен қаруланып, олардың озық әдебиетін өнеге тұтқан Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы сияқты ұлтымыздың ұлылары өз халқының болашағын орыс халқымен мәдени байланыста деп түсінді. Олар өздерінің ғылыми еңбектерінде, поэзиялық шығармаларында, әдеби-педагогикалық қызметтерінде орыс тілін үйренуге, орыс мәдениетін меңгеруге шақырды. өз халқының ғасырлар бойындағы рухани құрсаудан шығудың жолын орыс мәдениетінен көрген Абай мен Ыбырай орыс классиктерінің көптеген шығамаларын қазақ тіліне аударғаны белгілі.

Бұл уақытта орыстың кәсіби театр өнері дамудың шырқау биігіне көтеріледі. Олардың шығармашылық табысы орталықтағы ірі қалалармен шектелмей, шет аймақтарға да кеңінен жайыла бастайды. Сол кездегі Қазақстанды басқару әкімшілік орталықтары болған Орынбор, Омбы, Ресеймен іргелес отырған Орал сияқты қалаларда театрлар ашлып, кәсіби сахна өнері қазақ жеріне де жақындай түседі.

Ал, Қазақстан жеріндегі тұңғыш орыс театры Орал қаласында 1860 жылы ұйымдастырылды. Бұл театрды қай-қайсысын болсын жергілікті әкімшілік орындары өз мүдделері үшін пайдаланбақ болды. Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы Крыжановский өзінің әкімшілік жүргізген кезінен (1863ж. ) бастап жергілікті халыққа әсер ететін құралдардың бірі театр деп, ұғып, оның ашылуын тездетуді ұлықтан өтінген. «Орынбор Европа мен Азияның түйіскен жеріне орналасып, барлық Орта азиялық хандықтар саудагерлерінің бас қосатын орны болғандықтан, азиаттықтарға орыс өркениетінің ықпалын күшейтуге театрдың қажеттілігі бұрыннан байқалды»(2. 11) - деп жазды ол. Сөйтіп халыққа объективтік пайдасы да кем соқпайтын театр туды.

Орыбор мен Орал театрларының сахнасына орыс және батыс классиктерінің шығармалары қойылған. Мәскеудің Кіші театрының ұлы актрисасы Г. Н. Федотованың келуіне сәйкес В. Шекспирдің «Асауға-тұсау», Н. А. Островскийдің «Василиса Мелентьева» мен «Найзағай» пьесалары сахналанды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Театрдың пайда болу сипаты
ТЕАТР ӨНЕРІ АРТ - МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Қазақстандағы мәдени-ағарту жұмыстарының тарихы
Қазақ театр режиссурасының жаңа белестері
Қазақ театрының шығу тарихы
Қазақстандағы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасуы
Шәкен Аймановтың өмірбаяны
Дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты
Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz