Windows жүйесіндегі файылдар мен папкалармен жұмыс жасау



І. Кіріспе
Информатика ғылымы және Windows жүйесімен жұмыс істеу
негіздері жайлы жалпы мағлұмат

ІІ. Негізгі бөлім
а) Windows жүйесінде файлдар және папкалармен жұмыс жасау.
б) Бумалар мен жарлықтарды жасау және өшіру

ІІІ. Қортынды
Қысқаша сипаттамасы мен қосу тәсілі

ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер
Информатика - ЕЭМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіңдіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында инфармацияны кеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық прогреске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шікізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни қолданылатын негізгі интерфейс рөлін командалық қатар атқарады. Бұл қатар арқылы МS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқару үшін қажет жүзден аса командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі - деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.
1. 30 Информатикадан сабақ
Жаңа ақпарат технологиялар
авторлары: Е.Қ. Балапанов
Б. Бөрібаев
А. Дәулетқұлов

Жоспар

І. Кіріспе
Информатика ғылымы және Windows жүйесімен жұмыс істеу
негіздері жайлы жалпы мағлұмат

ІІ. Негізгі бөлім
а) Windows жүйесінде файлдар және папкалармен жұмыс жасау.
б) Бумалар мен жарлықтарды жасау және өшіру

ІІІ. Қортынды
Қысқаша сипаттамасы мен қосу тәсілі

ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер

1. Информатика

Информатика - ЕЭМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру,
тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа
ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді
пайдалану мүмкіңдіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп
қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында инфармацияны кеңінен
қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі
үздіксіз ғылыми-техникалық прогреске айналып отыр. Сонымен қатар
информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді.
Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән
болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шікізаты мен беретін өнімі
информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ-
де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни
қолданылатын негізгі интерфейс рөлін командалық қатар атқарады. Бұл қатар
арқылы МS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-
ді басқару үшін қажет жүзден аса командалар пернелерден енгізіліп барып
орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі - деуге болады, кейде бір
команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы
операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей
жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.
Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасыңдағы байланысты
жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар құрастырыла бастады. Бірақ олар
негізінен текстік режимде (ең кең таралғандарының бірі — Norton Commander)
жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де
қиын командаларды термей-ақ тікелей орындау жүзеге асырылды.
Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің фашщық жүйесімен
жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып,
оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізді.
5-және 6-сабақтарда біз ОС-тің негізгі үш түрі жайлы айтқанбыз (ІВМ, Мас,
DEС компьютерлері үшін). DEС фирмасы компьютерлерінің операциялық жүйесі
ретінде UNIX қолданылды, олар үлкен және орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеген
болатын.
UNIX операциялық жүйесінің МS-DОS жүйесінен негізгі артықшылығы
болып, оның бір мезетте бірнеше есепті қатар шығару мүмкіндігі, яғни
бірнеше программаларды параллель орындау қасиеті есептелген.
80-ші жылдардың ортасында МS (РС)-DOS-тың мұндай кемшілігінен арылу
үшін, Місrosoft фирмасы ІВМ тәрізді компьютерлерге арналған бірнеше есепті
қатар шығара алатын операциялық жүйелер жасау жұмысын қолға алды, солардың
бірі жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын
дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге
болады.
80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла
бастаған Windows графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3.1 бірте-
бірте бұрынғы текстік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара
бастады. 80486 сериялы процессорлардың шығуьша байланысты дербес
компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows
3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиясы қондырылған МS-DОS
операциялық жүйесі орнатыла бастады.
Місrosoft корпорациясының ОС жасау жолындағы келесі елеулі қадамы болып
ондағы графикгік интерфейстің қондырылған программа күйінде емес, сол
жүйенің ажырамас белігі болатын операциялық жүйені құру болып саналады.
Осылайша Windows 95 және Windows NТ операциялық жүйелері пайда болды.
Windows 95 жүйесінің, сондай-ақ Windows NТ жүйесінің соңғы версияларының
графикгік интерфейсі стандарттары Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгеше
түрге енді, бірақ негізгі идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows
3.1-ден Windows 95-ке өту әрине МS-DОS -тан бірден Windows 95-ке өтуге
қарағанда біршама жеңіл екені түсінікті.
Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдікттері МS-DОS
жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс
солардың тек бір қыры ғана.
Бұдан былай Windows жүйесі деген сөзді Windows З.1х (кез келген сан)
және Windows 95 операциялық жүйьлері деп ұққан жөн.

Windows жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің
орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- компьютердің барлық құрал-жабдықтарын (аппараттарын) басқару;
— файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
— қолданбалы программаларды іске қосу.
— Бұған қоса Windows жүйесі:
бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасу;
масштаб бойынша өзгеріле алатын шрифтер қолдану;
мультимедиа мүмкіндіктерін қолдану;
жалпы ортақтастырылған анықтамалық жүйені пайдалану істерін
қамтамасыз ете алады.

Windows жүйесінің негізгі түсініктері
Терезе — Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows
сөзінің нақты аудармасы "терезе" екені осыны білдіреді.
Терезе - экранның төртұүрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар
орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару
әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесі экранды толығымен, жартылай алуы
немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.
Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез
келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады. Егер терезені
жабатын болсақ, дәл сол уақыт та дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп
тұрған программаның жұмысы да аяқталады.
Болашақта Windows ортасының әр түрлі терезелерін қарастырамыз, олардың
жұмыс істеуінде айырмашылық болса да, бәрінің ортақ элементтері, қасиеттері
бар. Енді сол элементтермен танысайық.
Терезе жақтаулары (шекаралар) - бұл терезенің периметрі бойынша ететін тік
және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып қатары
орналасқан. Тақырып қатарының сол жағында Жүйелік меню батырмасы
орналасқан, ал оң жағында терезенің көлемін өзгертуге арналған батырмалар
бар. Тақырып қатарынан төменірек меню қатары орын алған. Ал меню қатарынан
төменгі терт бұрышты аудан — терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс
аумағыңда әр түрлі информация бола береді: орындалатын программа, өңделуге
арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т. б.
Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі көлемі болады, сондықтан
информация көп болса, ол терезеге симай да қалады. Мұндай жағдайда
терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде де) айналу сызықтары деп аталатын
элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне
симайтын информацияньщ бейнеленіп тұрғанын көрсетеді.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш
тұрлі болады:
- толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;
* қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігің
алып тұрады;
* шартбелгі (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтілш шартбелгіге
айналып кеткен.

Windows іске қосу
Windows 95 операциялық жүйесі компьютер токқа қосылысымен жедел жадқа
жүктеле бастайды. Ал, Windows З.х жүйесі МS-DОS үстіндегі жапсырма жүйе
болғандықтан әдеттегі қарапайым программа тәрізді жүктеледі, яғни оны іске
қосу командалық қатарда win командасын теріп, енгізу пернесін басқанда ғана
жүзеге асады, мысалы: С: win командасын тергеннен кейін экранға Windows
жүйесі жүктелу кезіндегі стандартты бейне шығады. Оның толық жүктелу уақыты
1— 2 минутқа созылады. Егер мұндай уақыт өткенде де стандартты бейне
экранда тұра берсе, онда жүйенің жұмыс істеуінде ақау болып қалғаны,
мұндайда мамандар көмегі қажет болады.
Windows жүктелгеннен кейін экранға "жұмыс столы" шығуы тиіс, Windows З.х
жүйесінде Программа диспетчері шығады да, Windows 95-те — жарлықтары мен
шартбелгілері және іске қосу қатары бар қалыптағы көрініс пайда болады.

Windows жүйесімен жұмысты аяқтау
МS (РС) DOS жүйесінде немесе сол тәрізді басқа операциялық орталарда
компьютерді өшіру ісі оп-оңай орындалады, оның ток келетін қосқышын
ажыратса болғаны. Бұл мезетте кейбір программалар жұмыс істеп жатса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Microsoft WINDOWS 2000 Professional –дің негізгі мүмкіншіліктері
Windows 7 ОЖ-де мониторинг, оптимизациялау және аудит
Virtualbox виртуалды ортасында жұмыс істеу
Wіndows 98 операциялық жүйесі туралы ақпарат
Windows жүйесінде бағдарламалармен жұмыс
Windows - тағы терезелермен және қосымшалармен жұмыс
Компьютерді жабдықтау программалары
Операциялық жүйе ұғымы
Архивтеу программасының ерекшеліктері
Программалауды оқытудың әдістері мен тәсілдері
Пәндер