Турагенстволар


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Техникалық кибернетика кафедрасы

Курстық жұмысқа

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Тақырыбы Турагенстволар

Жетекші

Доцент Л. Ш. Балғабаева

«__» 2004ж.

Норма бақылаушы

Доцент Л. Ш. Балғабаева

«__» 2004ж.

Студент Құрманова А. Н.

Мамандығы 370140 (АӨБКЖ)

Тобы КСУ-02-02қ

Алматы 2004

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Есептің қойылымы . . . 4

2 Есептің алгоритмі . . . 5

3 Теориялық бөлім . . . 6

3. 1 BDE Administrator . . . . . . 7

3. 2 Database Desktop . . . 8

3. 3 Компоненттер палитрасы . . . 17

4 Программаның баяндалуы . . . 22

4. 1 Жалпы мағлұмат . . . 22

4. 2 Функционалдық тағайындалуы . . . 23

4. 3 Логикалық құрылымның баяндалуы . . . 24

4. 4 Шақыру және жүктеу . . . 25

4. 5 Қажетті техникалық жабдықтар . . . 25

4. 6 Кіріс мәліметтер . . . 26

4. 7 Шығыс мәліметтер . . . 26

5 Бақылау мысалдарын баяндау . . . 26

ҚОРТЫНДЫ . . . 27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28

Қосымша А . . . 29

Қосымша Ә . . . 41

Курстық жұмысты орындауға арналған тапсырма:

Студент: Құрманова А. Н.

Жұмыс тақырыбы: Турагенстволар

Аяқталған жұмысты тапсыру уақыты: «___» қараша 2004 ж.

Жұмыс барысында қолданылатын бастапқы мәліметтер (мазмұны, жұмысты сипаттайтын негізгі бөлім, қорытынды) :

Delphi ортасында мәліметтер базасын құрып үйрену, оның мүмкіндіктерін форма, құжат, есеп берулерді істеу арқылы игеру.

Сызба материалдар саны: 0

Жұмыс жетекшісі:

Доцент Балғабаева Л. Ш. //

Тапсырманы орындауға қабылдап алған студент:

Құрманова А. Н. //

« » қараша 2004 жыл

Кіріспе

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.

Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.

Мәліметтер базасы - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :

  • қайшылықсыз
  • артықсыз
  • тұтас

болуы керек.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.

DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ (мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді .

Локальді МББЖ барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді МББЖ-нің көшірмесі болуы керек.

Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап−бірнеше компьютерлерді байланастырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.

Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ-леріне: Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQL Server, InterBase және т. б жатады.

DELPHI-ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының болмауы (деректерді сипаттау тілі) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase, Paradox7, InterBase. Бұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да DELPHI мүмкіншіліктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей-кезде олардан асып та тұрады.

1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛымы ЛОРгшщзшг

“Мәліметтер базасы” пәні бойынша курстық жұмысқа

Тақырыбы: “Турагенстволар”

“Турагенстволар” пәндік облысында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін қосымша құру. Бұл қосымшаның басты формасында бес меню құрастырылған. “МБ - мен жұмысы” менюінде “Турагенство”, “Сервис”, “Құжаттар” менюінде “Путевка”, “Билет”, “Статистика” менюінде “Средняя цена путевки”, “Минимальная цена пятнадцатидневных поездок”, “Бағдарлама туралы” менюінде “Автор туралы”, “Бағдарлама анықтамасы” атты ішкі менюлері бар. Бұл ішкі менюлер таңдалған формалардың терезелерін ашады.

Жұмыс жетекшісі Л. Ш. Балғабаева

Жұмысты орындауға қабылдаған студент Құрманова А. Н.

Тапсырманы орындауға қабылдап алған күні "___" 2004 ж.

Аяқталған жұмысты қорғау күні ""2004ж.

2 ЕСЕПТІҢ АЛГОРИТМІ

  1. Берілген тақырыбымызды ашатын “Турагенства”, “Сервис” объектілерін таңдау;
  2. Таңдалған объектілерге сәйкес мәліметтер жинау;
  3. Объектілердің қасиеттерін зерттеп, (турагенствоның аты, туры, елі, бағасы, ұзақтығы, авиакомпаниясы, т. б. ) атрибуттарын анықтау;
  4. Зерттелген ортаны сипаттайтын “Путевка”, “Билет” құжаттарын дайындау;
  5. Объектілердің статистикалық мәліметтері бойынша “Путевканың орташа бағасы”, “Онбескүндік демалыстардың минималды бағасы” есеп берулерін ұйымдастыру;
  6. Delphi ортасында зерттелген “Турагенство”, “Сервис” объектілері арқылы “Турагенстволар” тақырыбын ашатын мәлімметтер базасын құру.

3 Теориялық бөлім

3. 1 BDE Administrator

Құрылатын мәліметтер базасы компьютердің директориясында болуы керек. Директорияны компьютерде, серверде, түбір каталогта немесе ішкі каталогта құруға болады, мысалы : D:\Проект ;

Paradox, dBase және FoxPro форматында құрылған МБ-сы (немесе МБ кестелері ) МББЖ -нің жергілікті режимінде жұмыс істейді.

МББЖ технологиясында МБ атауына псевдоним беріледі, сонда МББЖ программалары псевданим арқылы іске асырылады.

BDE Administrator утилиті Delphi - мен байланыста болуы тиісті.

МБ - құруда алғашқы қадам компьютердің С:\ немесе D:\ дискілерінде өзіміздің жұмысымызды сақтау үшін директория құрудан

басталады.

Delphi -де МБ тіркеуі BDE Administrator утилитінің көмегімен іске асырылады. Сондықтан біздің "D :\ Проект " BDE Administrator - да іске асырылады.

BDE Administrator екі варианттың қолдауында жүреді :

  1. Windows жұмысшы столына тікелей :

Пуск / Программы / Borland Delphi 6/ BDE Administrator

2. Алдымен Delphі-дің негізгі модулі жіберіледі, ол экранның IDE-нің жоғарғы қатарында Delphі-дің басты менюінде орналасқан.

DateBase менюін ашамыз және одан Exproler командасын таңдаймыз. Осы командамен BDE Administrator утилитін жібереміз. Жібергеннен кейін келесі амалдар орындалады:

Негізгі менюден Object New элементін таңдаймыз. Көрінген терезеде (Сурет 1) МБ - ның құрылған типін (Standard) өзгеріссіз қалдырып ОК батырмасын басамыз. Администратормен терезенің сол жағында STANDARD1 терезесін көреміз. Оны PRIMER атымен өзгертеміз. Ол үшін МБ атына тышқанды шертіп, жаңа мәтін енгіземіз.

Сурет 1- Мәліметтер базасының драйвер типін таңдау терезесі

Оң жақ терезеде МБ параметрлері келтірілген. Оларды өзгеріссіз қалдырамыз да, тек соңғы параметрін өзгертеміз. Бұл параметр МБ орналасқан катологқа жолды енгізу үшін жол сілтейді. Жолды енгізу үшін PATH өрісін шертіп оң жақта пайда болған батырманы басып, D:\Проект каталогын таңдап ОК батырмасын басамыз (Сурет 2) . Енді псевдонимнің анықталуын есте сақтауымыз керек, ол үшін сол жақ терезеде тышқанның оң жақ батырмасымен псевдоним атын шертеміз және Apply элементін менюден таңдаймыз. Пайда болған диалогты терезеде псевдонимнің өзгертулерін сақтаймыз да, ОК батырмасын басуымыз керек.

Сонымен BDE Administrator утилитінен шығуымыз керек. Содан соң псевдоним құру аяқталады. Енді оған басқа утилиттерден хабарласуға болады. Бірақ МБ псевдонимі бар каталог әлі бос. Сондықтан мәліметтер базасының кестесін құру керек.

Сурет 2 - Мәліметтер базасының псевдоним параметрлерінің терезесі

3. 2 Database Desktop

Мәліметтер базасының кестелерін құру үшін Database Desktop (DBD) ( Пуск Программа Borland Delphi 6 Database Desktop ) утилитін жіберу қажетті. Утилит жіберілуінен кейін жұмысшы псевдонимі утилитін орнатамыз. Бұл псевдоним автоматты түрде жұмыс істейін утилит. Егер жұмысшы псевдонимі орнатылмаса, онда DBD жұмыс істеген сайын псевдонимді көрсетіп отыру керек, бұл уақытты көп алады.

Жұмысшы псевдонимін орнату үшін бас менюдан File Working Directory элементін таңдау керек және Aliases түсетін тізімінде псевдоним атын PRIMER-ді таңдау, одан кейін Ok батырмасын басу керек. Бас менюдан File New Table таңдаймыз, осыдан кейін МБ кесте структурасының анықтама терезесі пайда болады (Сурет 3) .

Сурет 3 - Database Desktop утилиті: МБ кестесінің құрылымын анықтау терезесі

Сурет 4 - Өріс алаңын таңдау

"Турагенства" кестесіне кіруші өрістерін анықтаймыз. Field Name бағанасына Назв-Турагенства енгіземіз . Өріс типін анықтау үшін, Type бағанасында тышқанның оң жақ батырмасын басыңыздар. Бұған жауап ретінде керек өріс типін таңдау үшін өріс типінің тізімі шығады ( Сурет 4) .

СУБД Paradox барлық мүмкін типтері Сурет 4 - те келтірілген.

Paradox пішімінің өрістер типі.

  • Alpha - кез келген басылатын символдан тұратын, ұзындығы 1-255 байттық жол;
  • Number - мағынасы оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 8 байттық сандық өріс. Сандар диапазоны - 10- нен 10- ге дейін;
  • $ Money - мағынасы оң және теріс болуы мүмкін сандық өріс. Ондық нүкте мен ақша белгісін бейнелеу үшін келісім бойынша пішімделген болып табылады.
  • Short - тек қана - 32768- ден 32767- ге дейінгі диапазонындағы бүтін сандардан тұратын, ұзындығы 2 байттық сандық өріс.
  • Long Integer -2147483648- ден 2147483648- ге дейінгі диапазоныдағы бүтін сандардан тұратын және ұзындығы 4 байт болатын сандық өріс.
  • # BCD - BCD (Binary Coded Decimal) пішімінің деректерінен тұратын сандық өріс. Басқа сандық өрістерге қарағанда есептеу жылдамдығы аз, бірақ нақтылығы жоғары. Ондық нүктеден кейін 0 мен 32 сандарының аралығындағы сандарды қабылдауы мүмкін.
  • Date - біздің заманымызға дейінгі - шы жылдың 1- ші қаңтарынан біздің заманымыздың - шы жылының 31- ші желтоқсанына дейінгі даталардан тұратын, ұзындығы төрт байттық даталар өрісі.
  • Time - миллисекундтан түнжарымына дейінгі уақыттан тұратын және де 24 сағатпен шектелген, ұзындығы төрт байттық уақыт өрісі.
  • @ Timestamp - уақыт пен даталардан тұратын, ұзындығы 8 байттық жалпылама даталар өрісі.
  • Memo - ұзындықтарының қосындысы 255 байттан аспайтын және де символдарды сақтау үшін қолданылатын өріс. Бұл өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Кесте құру кезінде көрсетілетін өлшемдер кестеде сақталынған барлық символдардың санын қайтарады, ал қалғандары MB. кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады.
  • Formatted Memo - бұл Memo- ға өте ұқсас өріс. Өрістің Memo- дан бір артықшылығы - мәтіннің қарібін беру мүмкіндігі.
  • Binary - кез келген екілік мәліметтерден тұратын өріс. Бұл өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Кесте құру кезінде көрсетілетін өлшемдер кестеде сақталынған барлық символдардың санын қайтарады, ал қалғандары MB. кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады. Бұл өріс Inter Base- тегі BLOb өрісіне өте ұқсайды.
  • Bytes - кез келген деректерден тұратын, ұзындығы 1-255 байттық сандар жолы.

dBase пішімінің кестелер өрісі келесідей өрістерді қабылдауы мүмкін:

  • Character (Alpha) - кез келген баспалық символдардан тұратын, ұзындығы 1-254 байттық жол;
  • Float (Numeric) - мәндері оң және теріс болуы мүмкін пішімдегі өлшемі 1-120 байттық сандық өріс. Бұл өте үлкен шамалардан тұрады. Сондықтан бұл өрістермен жұмыс жасаған кезде шамаларды дөңгелектеудің салдарынан болатын қателерді қадағалап отыру керек. Ондық нүктелерден кейінгі цифрлардың саны бүкіл өрістің өлшеміне қарағанда 2-ге кем болу керек;
  • Number (BCD) - BCD пішіміндегі деректерден тұратын өлшемі 1-20 байттық сандық өріс. Сандық өлшемдерге қарағанда бұл өрістің есептеу жылдамдығы бірнеше төмен болғанымен, нақтылығы біршама жоғары. Ондық нүктелерден кейінгі сандардың саны бүкіл өрістің өлшеміне қарағанда 2-ге кем болу керек;
  • Date - ұзындығы 8 байттық даталар өрісі. Келісім бойынша қысқа даталар пішімі қолданылады (Short Date Format) ;
  • Memo - ұзындықтарының жалпы қосындысы 255 байттан аспайтын және символдарды сақтау үшін қажетті өріс. Өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Бұл өріс жеке файлдарда сақталады. DateBase Desktop-тың деректерді Memo типті өріске қоюға мүмкіндігі жоқ;
  • OLE - өзінің өңделуі кезінде өзін құраған қолданбаларды шақыратын дыбыс, бейне, құжаттардан, яғни OLE деректерінен тұратын (Object Linking and Embedding) тұратын өріс. Бұл өріс те жеке файлдарда сақталады және кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін;
  • Binary - кез келген екілік мәліметтерден тұратын өріс. Берілген өріс DBT кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады және кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Бұл InterBase-тегі Blob өрісінің толық аналогы;

InterBase пішімінің кестелер өрісі төмендегідей типтерді қабылдауы мүмкін:

  • Short - тек қана -32768-ден 32767-ге дейінгі диапазонындағы бүтін сандардан тұратын ұзындығы 4 байттық сандар өрісі;
  • Long -2147483648-ден 2147483648-ге дейінгі диапазонындағы бүтін сандардан тұратын, ұзындығы 4 байттық сандар өрісі;
  • Float - мәндері оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 4 байттық сандар өрісі. Сандар диапазоны 3. 4*10-нен 1. 7*10-не дейінгі мәні 7 символдық сандарды қамтиды;
  • Double - мәндері оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 8 байттық сандар өрісі. Бұл өрістің ұзындығы пиктограммаға байланысты және сандар диапазоны 1. 7*10-нен 1. 7*10-не дейінгі мәні 15 символдық сандарды қамтиды;
  • Array - деректер жиымдарынан тұратын өріс. InterBase 16-лық өлшемдегі жиымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. DateBase Desktop-тың Array типті өрістерді редакциялауға, сонымен қатар оларды құруға да мүмкіншілігі жоқ;
  • TextBlob - тек қана мәтіндік мәліметтерден тұратын Blob өрісінің бағыныңқы типті өрісі. Өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. DateBase Desktop-тың TextBlob типті өрісті редакциялауға мүмкіншілігі бар.

Назв-Турагенства өрісінің типін анықтау үшін, Alpha таңдаймыз және бағанға Size-ға керекті мәнін көрсетеміз. Key бағанына жұлдызшаны қоямыз. Осы өрістің құрамына алғашқы кілттің енетінін білдіреді. Ол үшін клавиатурадан кез келген символды басамыз.

Кесте-мастері алғашқы кілтіпен индекстеледі. Турагенства кестесінің басқа бағаналарына анықтамалар енгіземіз (Сурет 5) .

Сурет 5 - Турагенства кестесінің құрылымын анықтау

Есеп шарттарына сәйкес берілген кестенің барлық өрістері толтырылуы тиісті . Бір өрістен екінші өріске өту үшін Required Field ауыстырып-қосқыштарын іске қосамыз. Басқа өрістер мағынасына шек салу үшін қызмет етеді :

  • Minimum value- өрістің ең аз мәнін анықтайды;
  • Maximum value- өрістің барынша үлкен мәнін анықтайды;
  • Default value -өріс мәнін келісім бойынша анықтайды

Picture - өрістің бейнелеу шаблонын анықтайды . Шаблон құру үшін Assist батырмасын басу керек. Бір өрісте мәннің болмауы өрістің шектелген мәнінің қойылмағанын білдіреді.

Кесте құрлымын конструкциялағаннан кейін Database Desktop- та кестені толтыруға болады. Кестені орыс алфавитінде толтыру мүмкін болмауы мүмкін, онда латын алфавитін пайдалануға болатынын атап өтейік.

Содан соң D:\Проект каталогында құрылған кесте (Турагенства) аты анықтағаннан кейін Турагенства файлы құрылады.

Сурет 6 - Кестені сақтау терезесі

Құрылған кесте реструктурлануы . Егер МБ бар кестелерге өзгерістер енгізу керек болса, FileOpenTable меню элементін таңдау керек, пайда болған диалогты терезеден кесте атын таңдап Ок батырмасын басу керек. Кесте мазмұны көрсетіледі.

Біз DBD-дан (бірнеше жазбаға өзгеріс енгізіп немесе өшіргіміз келсе) тура кестені жаңа жазбамен толтырғымыз келсе F9 батырмасын басуымыз керек.

Кесте құрлымын өзгерткіміз келсе TableRestructure меню элементін таңдаймыз. Ізінше кесте құрлымын анықтайтын диалогты терезе көрсетіледі.

Кесте деталі болып табылатын "Сервис" екінші кестесінің құрылымын анықтаймыз (Сурет 8) . Бұл кесте құрлымын констукциялау әдісі кесте мастерне ұқсас. Келесі айырмашылықтар бар.

Сурет 8 - Тураенства кестесінің құрылымы

Барлық өрістерге Тур өрісінен басқасына Required атрибутін тағайындаймыз, өйткені бұл өріс автоинкрементті болғандықтан оны мәнмен толтырғанда жаңа жазбаны автоматты түрде есте сақтайды.

“Назв-Турагенства” өрісіне индекс құрамыз. Ол үшін біз қиылысатын Table Properties тізімінен Secondary Indexes элементін таңдаймыз . Осыдан кейін диалогты терезе Сурет 10-да көрсетілгендей көрініс береді.

Сурет 10 - Терезенің оң жағына Secondary Indexes элементі пайда

болады

Жаңа индексті анықтау үшін, Define батырмасын басамыз. Көрінген диалогтық терезеде Fields өрісінде біз анықтаған кестенің тізім мазмұны көрсетіледі. Index Fields өрісінде құрылған индекске кірушілерді сақтау үшін тағайындалған. Fields тізімінен Index Fields тізіміне нақтылы өрісті көшіріп алу үшін оң бағдарша бейнелеуі бар батырманы басу керек. Өріске тізімді жүйелілі қосу маңызды, өйткені ол тізімде өрістің алмасу ретін анықтайды. Index Fields тізіміне керек өрістерді таңдаған соң ( Сурет 11), Ok батырмасын басамыз .

Сурет 11 - Индекс құрамына кіретін өрістерді анықтау

Көрінген терезеде индекс аты сұралады (Сурет 12) . Атын енгізіп, Ok батырмасын басу керек .

Сурет 12 - Индексті сақтау терезесі

Индекс атын өріс атымен қою рұқсат етілмейді. Өйткені келесіде көрініп тұрғандай жаңа индексті қосқаннан кейін оның аты индекстер тізімінде пайда болады.

Сурет 12 - де көрсетілген, жаңа индексті қосқанан кейін оның аты индекстар тізіміне пайда болады.

Сурет 13 - Сервис кестесі үшін анықталған индекстер тізімі

Индекс аты бойынша шертіп, біз оны өшіре аламыз (Erase батырмасы) немесе өзгерту ( Modify батырмасы ) . Құрылған кестені Akter атымен сақтаймыз.

Енді МБ -н кестеден тұтас конструкциялаймыз. Олардың құрлымы кестелерден тұрады. Есептің қойылымынан белгілі болғандай "Назв-Турагенства" және "Назв-Турагенства" кестесі “бірдің-көпке” деген қатынасында, олай дейтініміз Турагенства кестесіндегі бір жазбаға Сервис кестесіндегі сол материалға бірнеше жазба сәйкес келеді. Байланыс өрісі болып 2 кестеде бар Назв-Турагенства өрісі болып табылады. Кесте мәліметтің бүтінділігін анықтайық .

Paradox -те сілтемелік бүтінділік, біріншіден кесте арасындағы байланысты екіншіден каскадты жерді анықтайды.

Prihod кестесін ( элемент File менюі Table Open ) ашып және кестені өзгерту құрлымы режіміне ( Table Restructure ) кіреді. Table Properties түсетін тізімінде Refrential Integrity элементін таңдаймыз және Define пернесін басамыз. Көрінген диалогтық терезеде (Сурет 14) Fields тізімінде Akter кестелерінің өрістері көрсетілген, ал Tables тізімінде - Teatr базасының кестелері көрсетілген .

Сурет 14 - Сілтемелік бүтіндікті құруға арналған терезе

Tables тізімінде Сервис кестесін таңдаймыз және сол жақ бағдаршаны басамыз . Parents Key өрісіне Турагенства кестесінің бірінші кілті көрсетілген .

Update rules айырып қосқыштар Турагенства кестесінде жазбаларды жою немесе Сервис кестесінде өріс байланыс мәнінің өзгеруін Сервис кестесінің каскады әсерін анықтайды:

  • Cascade - Сервис кестесінде бағынышты жазуларды жою немесе каскадты өзгеріс;

Prohibit - Сервис кестесінде жазбаны жою немесе байланыс алаңына өзгерісті шектеу. Cascade таңдап ( Cурет 15) Ok кнопкасын басамыз.

Сурет 15 - Сілтемелік бүтіндік шартын анықтау

Paradox -те атау сұралып -сілтегішті бүтіндік аталынады. Атын енгіземіз мысалы _ Сервис _ Integrity және Ok кнопкасын басамыз .

Турагенства (Save кнопкасын) кестесіндегі өзгерістерді сақтап, Сервис (Table Restructure) кестесінің реструкизациясы режіміне қайта кіреміз. Table properties тізімінде Secondary Indexes элементін таңдаймыз индекстер тізімінде Сервис атымен пайда болған жаңа индексті көреміз. Бұл индекс сілтегіш бүтіндік құрылған кезде автоматты түрде тұрғызылған.

Осымен МБ процесін құруы аяқталады, реструктуризациялау режимінен жылжыуымызға болады. Осыдан кейін құрылған кестелермен жұмыс істеу үшін қарапайым қосымшаларды өңдеуге көшеміз.

3. 3 Компоненттер палитрасы

Delphi-де программа дайындау үшін компоненттік тәсіл пайдаланылған: пайдаланушы программаларының кітапханасы программалау ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын (дайын программалар үзінділерінен тұратын) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл программалау технологиясында нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану программа жұмысын күрделі түрде жеңілдетті.

Компоненттер кітапханасын визуальды компоненттер кітапханасы ( Visual Component Library, VCL) деп атайды. Компонент дегеніміз - белгілі қасиеттерге ие функционалды элемент. Компоненттер арқылы бағдарламаның негізі қаланады.

Компоненттер палитрасында келесі парақтар болады:

Standard - жиі қолданылатын құраушылардан тұратын стандартты парақ.

Сурет 16 - Standard бетіне енгізілген компоненттер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жолымбет өндірістік аясындағы шығындар құрылымы
Бақылау басқару функциясы ретінде
Қонақ үй ұйымдастыру құрылымы
Қонақжайлылық индустриясындағы ақпараттық технологиялар
Республикамыздағы қонақ үй бизнесінің даму жолдарын көрсету
Қонақ үй қызметінің тиімділігін арттыру, қонақ үйдің қызмет көрсету сапасын арттыру жолдары
Қонақ үй кәсіпорнын басқару объектісі ретінде
Туризмдегі қызметті жетілдіру мәселелері
Туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz