“Бағдарламалау тілдері” пәнінен Си тілін үйрену электрондық оқулық құру



КІРІСПЕ 6
1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 8
1.1 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ 8
1.2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ 9
2 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУДЫҢ 19
ИНСТРУМЕНТАЛДЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ 19
2.1 ТУРБО СИ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚҚА МЫСАЛДАР ДАЙЫНДАУ 19
2.2 DELPHI ОБЪЕКТIЛI.БАҒДАРЛЫ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ 22
2.3 “СИ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ” БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫН ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ. 27
2.3 BORLAND DELPHI 6 ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШРИФТЕРІН ОРНАТУ 57
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 60
3.1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУҒА ЖӘНЕ ЕНГІЗУГЕ КЕТКЕН ШЫҒЫН ЕСЕПТЕУЛЕРІ 60
3.2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ СФЕРАСЫНЫҢ ЕСЕПТЕУЛЕРІ 62
3.3 БИЗНЕС . ЖОСПАР 64
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ТҮЙІН 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 71
Өткен ғасырдың орта кездерінде есептеуіш техника саласында күрделі өзгерістер болып, Фортран, Бейсик, Паскаль және т.б. көптеген жоғары деңгейлі программалау тілдерінің жарыққа шыққаны белгілі.
1972 жылы AT&T атаулы Американың корпорациясы жаңа C (СИ) программалау тілін дайындап шықты. Ол – құрылымдық және алгоритмдерді басшылыққа алып дайындалған процедуралық жоғары деңгейлі тіл.
Тілге жылдам орындалатын, жеке биттермен операция жасайтын операторлар да енгізілген. Олар арқылы байланыс порттарын, магниттік дискілерде жинақтауыштарды және т.б. аппараттық құралдарды басқаруға мүмкіндік жасалды. Ал, алғашқы кездерде жеке типті компьютерлердің аппараттық құралдарына қол жеткізе алатын машиналық командалармен жұмыс істейтін төменгі деңгейлі ассемблер тілі ғана болатын.
Си тілі бірте-бірте дамытылып, қазіргі кезде пайдаланылып келе жатқан, 1983 жылы дүние жүзі елдері басшылыққа алған ANSI C нұсқасы да жарыққа шықты (ANSI – стандарттардың Америкалық ұлттық институты). ANSI C тілінің түрлі нұсқаларына енгізілген стандартты кітапханалар да бар. Тілдің кемшілігі де жоқ емес, ол жүйелік және қолданбалы программаларды дайындауға бейім, бірақ айнымалыларға рұқсат етілмеген қол жеткізу механизмін қамтамасыз етпейді және құрылатын класты басқа кластың ішкі класы (мұрагер) ретінде жариялау мүмкін емес. Мұндай объектілі –бағдарлы программалу (ОБП) тілдеріне енетін ерекшеліктерді ескеріп, Borland International Inc фирмасы С тілінің дамытылған жаңа Turbo C (Турбо Си) нұсқасын 1980 жылдардың басында жарыққа шығарды. Кейіннен Turbo C++ 2.0, Turbo C++ 3.0 және олардың кеңейтілген Borland C++ 2.0, Borland C++ 3.0, Borland C++ 3.1, Borland C++ 4.0 және т.б.
Олардың MS DOS, Windows операциялық жүйелерінде жұмыс істеу мүмкіндіктері жеткілікті.
1. Камардинов О. TURBO C және TURBO C++ тілдерінде программалау. Түркістан, ХҚТУ баспасы, 2005. - 104 бет
2. Бочков С. О., Субботин Д. М. Язык программирования СИ для персонального компьютера.- М.: Радио и связь, 1990. - 384с.
3. Джонс Р., Стюарт Я. Программируем на СИ / Пер.с англ., предисл. М.Л.Сальникова, Ю.В.Сальникова. - М. : "Компьютер", ЮНИТИ, 1994. 236с.: ил.
4. Могилев А.В. и др. Информатика:Учеб.пособие/А.В.Могилев, Н.И. Пак, Е.К.Хеннер; Под ред. Е.К. Хеннера. - М. : Академия, 2000. – 816 с. - (Высш. образование).
5. Донской М. Интернет и пользовательский интерфейс. // Мир Internet. 1999.
6. Чинер Р. Язык Турбо Си: Пер.с англ.-М.:Мир,1991.-384с.:ил.
7. Культин Н.Б. С/С++ в задачах и примерах. – СПб.: Петербург, 2005. – 288 с.: ил.
8. Керниган Б., Ритчи Д., Фьюэр А. Язык программирования Си. – М.: Финансы и статистика, 1985.
9. Уинер Р. Язык Turbo Cи: Пер. с англ. – М.: Мир, 1991. – 384 с.: ил.
10. Уэйт М., Прата С., Мартин Д. Язык Си. Руководство для начинающих: Пер. с англ. – М. Мир, 1988. – 512 с.: ил.
11. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных: Пер. с англ. – М.: Мир, 1989. – 360 с.: ил.
12. Зелковиц М., Шоу А., Гэннон Дж. Принципы разработки программного обеспечения: Пер. с англ. – М.: Мир, 1982. – 386 с.: ил.
13. Мик Б.И. др. Практическое руководство по программированию: Пер. с англ. – М.: Радио и связь, 1986. – 168 с.: ил.
14. Фокс Дж. Программное обеспечение и его разработка: Пер. с англ. – М.: Мир, 1985. – 368 с.: ил.
15. Язык компьютера /Под ред. и с предисл. В.М. Курочкина. Пер. с англ. – М.: Мир, 1989. – 240 с.:ил.

16. Березин Б.Н., Березин С.Б. Начальный курс C и C++. M., 1998.
17. Цимбол А.А., Майоров А.Г., Козодан М.А. Turbo C++. Язык и ero применение. M., 1993.
18. Подбельский В.В. Язык Си ++. М.,1995.
19. Кучеренко В. Язык программирования C++ для начинающих и не только. M., 2001.
20. Крячков А.В. и др. Программирование на C и C++. Практикум. M., 2000.
21. Голуб А.И. Си и C++. Правила программирования. M., 1996.
22. Костюкова Н.Н. Программирование на языке Си. Новосибирск, 2003.
23. Стивен П., Тимоти C. MOHK. B примерах Borland C++ . Минск, 1996.
24. Стивен П. Язык программирования C++. M., С-П., Киев, 2003.
25. Тождо У., Гемпел Л. Язык Си. M., 1997.
26. Прокофьев Б.Н. и др. Графические средства Turbo C, Turbo C++. M., 1992.
27. Болски М.И. Язык программирования Си. M., 1988.
28. Камардинов О. Информатика, 2-бөлім. Ш., 2000.
29. Камардинов О. Информатика. A., 2005.
30. Собоцинский В.В. Практический курс Turbo C++. М., 1993.
31. Рассохин Д. От Си к Си++. M., 1993.
32. Ашарина И.В. Основы программирования на языках C и C++. M., 2002.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 6
1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 8
1.1 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ 8
1.2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ 9
2 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУДЫҢ 19
ИНСТРУМЕНТАЛДЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ 19
2.1 ТУРБО СИ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚҚА МЫСАЛДАР ДАЙЫНДАУ 19
2.2 DELPHI ОБЪЕКТIЛI-БАҒДАРЛЫ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ 22
2.3 “СИ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ” БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫН ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ.
27
2.3 BORLAND DELPHI 6 ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШРИФТЕРІН
ОРНАТУ 57
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 60
3.1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУҒА ЖӘНЕ ЕНГІЗУГЕ КЕТКЕН ШЫҒЫН ЕСЕПТЕУЛЕРІ
60
3.2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ СФЕРАСЫНЫҢ ЕСЕПТЕУЛЕРІ 62
3.3 БИЗНЕС - ЖОСПАР 64
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ТҮЙІН 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 71

КІРІСПЕ

Өткен ғасырдың орта кездерінде есептеуіш техника саласында күрделі
өзгерістер болып, Фортран, Бейсик, Паскаль және т.б. көптеген жоғары
деңгейлі программалау тілдерінің жарыққа шыққаны белгілі.
1972 жылы AT&T атаулы Американың корпорациясы жаңа C (СИ) программалау
тілін дайындап шықты. Ол – құрылымдық және алгоритмдерді басшылыққа алып
дайындалған процедуралық жоғары деңгейлі тіл.
Тілге жылдам орындалатын, жеке биттермен операция жасайтын операторлар да
енгізілген. Олар арқылы байланыс порттарын, магниттік дискілерде
жинақтауыштарды және т.б. аппараттық құралдарды басқаруға мүмкіндік
жасалды. Ал, алғашқы кездерде жеке типті компьютерлердің аппараттық
құралдарына қол жеткізе алатын машиналық командалармен жұмыс істейтін
төменгі деңгейлі ассемблер тілі ғана болатын.
Си тілі бірте-бірте дамытылып, қазіргі кезде пайдаланылып келе жатқан,
1983 жылы дүние жүзі елдері басшылыққа алған ANSI C нұсқасы да жарыққа
шықты (ANSI – стандарттардың Америкалық ұлттық институты). ANSI C тілінің
түрлі нұсқаларына енгізілген стандартты кітапханалар да бар. Тілдің
кемшілігі де жоқ емес, ол жүйелік және қолданбалы программаларды дайындауға
бейім, бірақ айнымалыларға рұқсат етілмеген қол жеткізу механизмін
қамтамасыз етпейді және құрылатын класты басқа кластың ішкі класы (мұрагер)
ретінде жариялау мүмкін емес. Мұндай объектілі –бағдарлы программалу
(ОБП) тілдеріне енетін ерекшеліктерді ескеріп, Borland International Inc
фирмасы С тілінің дамытылған жаңа Turbo C (Турбо Си) нұсқасын 1980
жылдардың басында жарыққа шығарды. Кейіннен Turbo C++ 2.0, Turbo C++ 3.0
және олардың кеңейтілген Borland C++ 2.0, Borland C++ 3.0, Borland
C++ 3.1, Borland C++ 4.0 және т.б.
Олардың MS DOS, Windows операциялық жүйелерінде жұмыс істеу мүмкіндіктері
жеткілікті.
Ақпарат технологиялар және жүйелер бағытында жұмыс істейтін мамандар
дайындау үшін Си тіліне үйрену өте қажетті болады. Студенттердің білім
деңгейін жоғарылату оқу процесін жаңаша құруды талап етіп
отырғандықтан бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын “Бағдарламалау тілдері”
пәнінен Си тілін үйрену электрондық оқулық құру деп таңдап алуға ұйытқы
болып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты- студенттің Си программалау тілінде жұмыс
істеуді оқып-үйренуін ұйымдастыру әдістемесін тұлғаға бағдарланған оқыту
технологиясы қағидаларына сай жетілдіру. Дипломдық жұмыстың іс-
тәжірибелік құндылығы - Си программалау тілін оқытуға арналған электрондық
оқулықты оқу процесінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын нәтижелер:
- Delphi 6 программалау ортасында интерфейс құру жолдары анықталды ;
- Cи программалау тілінің оқытуға ұсынылатын тақырыптары анықталады;
- Си программалау тілі бойынша тестік программасы құрылды;

1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

1.1 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқытудың
инновациялық әдістер ретінде қашықтан оқыту және кредиттік технология
жүйелері біртіндеп оқыту процессіне енгізіліп келеді. Аталған технологиялар
студенттердің мамандық бойынша терең білім алуын қамтамасыз ететін оқыту
жүйелері.
Бүгінде қашықтан білім берудің (ҚББ) және оны ұйымдастырудың көптеген
тұжырымдамаларын қарастырсақ, сөз жоқ, әлемдік және аймақтық желілік
технологияларды жасау идеясы назар аударуға тұрады. Көпшілік пайдаланатын
деректер базасын кіріктірілген байланыс желілеріне қосу жүзеге асып та
жатыр. Мысалы, ондаған университеттік байланыс жолдарына – Ашық (виртуаль)
Университетке (құрамында Бүкіләлемдік Академиялар желісі бар), Ұлыбритания
Ашық университетіне қол жеткізу мүмкіндігі туды.
ТМД елдері арасында Ресейдің жоғары мектебі мамандар әлеуметтінің
басымдылығымен ерекшеленеді, әрі ҚББ бойынша үлкен ғылыми әдістемелік
тәжірибеге ие. Бірқатар жоғары оқу орындарында жаңа ақпараттық
технологиялар жасалып тексеруден өтуде.
Жері кең, елді мекендері қашық орналасқан Қазақстан үшін қашықтан оқытуды
дамыту көкейкесті мәселе болып отыр.
Қазақстанда қашықтан оқыту тек 1999 жылы 7 маусымда шыққан Білім туралы
заңда арнайы мәнге ие болғаннан кейін ғана қолға алына бастады. Онда
Дистанционное обучение (образование на расстоянии) – одна из форм
обучения, целенаправленное и методически организованное руководство учебно-
познавательной деятельностью и развитием лиц, находящихся в отдалении от
организаций образования, посредством электронных и телекоммуникационных
средств деп атап көрсетілген. Осыдан кейін ғана бірқатар жоғары оқу
орындары қашықтан оқыту жүйесін оқыту процесіне енгізе бастады.
Қашықтан оқытудың маңыздылығы тек өндірістен қол үзбей кез-келген уақытта
білім ала алатын немесе жоғары оқу орнының сырттай бөлімдерінде оқитын
студенттерге ғана емес, күндізгі бөлім студенттерінің де аудиториядан тыс
жекелей білім алуына негіз бола алады. Заңда көрсетілгендей қашықтан оқыту
телекоммуникациялық желілер мен қатар электрондық оқулықтар арқылы жүзеге
асырылады. Мұны 2001 жылы шыққан жоғары кәсіби білім беретін мекемелерінде
қашықтан оқытуды ұйымдастыру ережесінің жобасында көрсетілген анықтамамен
толтыруға болады. Онда Дидактические средства дистанционного образования –
учебные материалы (электронные и мультимедия учебники и учебные пособия,
теле-, видео- и аудиолекции, юниты и др.) методы и приемы обучения,
формы организации учебно-познавательной деятельности деп көрсетілген.
Яғни, қашықтан оқытудың технологиялық базасының негізі – компьютер,
электрондық оқулықтар, ақпарат таратушы желілер болып табылады.

1.2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің
даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан біздің
мемлекетіміз де қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейін көтеру мәселесінен
шеткері қала алмайды. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі білім беру саласын
жаңа прогрессшіл бағыттарды жүргізу болып табылады. Қазақстан
Республикасының 1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
мемлекеттік бағдарламасының қабылданыу осы істі қолға алудың бірінші қадамы
болды. Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы арқасында елімізде жоғары оқу
орындарының (ЖОО), мектепдердің көпшілігі жаңа ақпараттық технологиялармен
жабдықталды. Ендігі кезекте осы ақпараттық технологиялармен жоғары деңгейде
меңгеру, оларды қолдану шеңберін кеңейту, т.с.с. мәселелер тұр. Бұл
мәселелерді білім беруді ақпараттандыруды одан әрі жетілдіру арқылы ғана
жүзеге асыруға болады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі құралдарының бірі компьютерлік
дидактикалық (КДП) программалар болып табылады. Бүгінде бақылаушы,
оқытушы программалар, программалық тренажерлер, дидактикалық ойындар,
гипертекстік жүйелер сияқты КДП кеңінен танымал. Сонымен қатар оқу
процесінде сараптау-оқытушы жүйелер мен автоматтандырылған жобалау жүйелер
мен автоматтандырылған жобалау жүйелері де қолдануда.
Бүгінде білім беру саласында компьютерлік дидактикалық программалардың
соңғы жетілдірілген түрі – электрондық оқулықтарды пайдалану қолға
программалық-әдістемелік комплекс. Ол жоғарыда аталған КДП-дан
универсалдығымен және оқытушының оқыту процесіндегі іс-әрекетінің кейбір
аспектілерін (студентке қажет жағдайда, дер кезінде көмек беру, білім
деңгейін дұрыс бағалау, т.с.с.) жүзеге асыра алатын интеллектуалдығымен
ерекшеленеді.
Біздің елемізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар
атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін
курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл
оқулықтар қазіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану
арқылы жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру
жүйесін қамтамасыз етеді.
Білім берудің кез-келген саласында “Электрондық оқулықтарды” пайдалану
оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,
логикалық ойлау жүйесін қалыптастырыға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл окулықтарды пайдаланбай алға жылжу
мүмкін емес. Осы бағытта “Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік
орталығының”, “Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын”
жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салады жұмыстарының бір сатысы
“Электрондық оқулықтар” шығару болып табылады. Бүгінгі таңда бұл
орталықтан 11 пәннен электрондық оқулықтар жасалып, оқу жүйесіне енгізіле
бастады
Электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтіріліп бір заңдылығы
болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай
дидактикалық шарттарды ескеру керек:
▪ Белгілі бір пәнге байланысты дайындылған электрондық оқулықтың сол
пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;
▪ Электрондық оқулықтар курста окылатын тараулар мен тақырыптарға
қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі зертханалық және
практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға
қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; аралық және
қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалдарды
дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімідері бөлімдерін қамтуын;
▪ Электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын,
яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін
ескеру керек;
▪ Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық
болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын
болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төменгі көлденең
жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп
пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға
қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта
беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;
▪ Бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі, материалды
баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей
болуы керек;
▪ Оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу
пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ, кейбір пәндерге,
атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты
процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен
диафильмдермен үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақтап,
оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру
оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.
Электрондық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер
оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір
материалды үш түрлі құрылымда берілген жөн:
1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с.
түрінде беріледі. Сонымен қатар мұнда, баспа оқулықта мүмкін
емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты
компьютерге тән элементтер орын алмауы мүмкін.
2. Схемокурс – оқулық мазмұнын қарастырылған мәтін – график
қатынасы түрде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын,
ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық
мазмұнын графикалық бейнелер арқылы бейнелеу мазмұнды
ассоциативті есте сақтауда үлкен көмек береді.
3. Өзін-өзі бақылаудың тестік жүйесі – оқу материалының мазмұны
арқылы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен
жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім
деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін
оқулықтық ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін.
Оқу материалының бұлай үш түрде берілуі, студенттің оқу материалын
бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.
Электрондық оқулық құруды бірнеше кезеңге бөлуге болады:
1. Пәнге байланысты қажетті оқу материалын іріктеп алу және
оның құрылымын анықтау дәстүрлі оқыту материалының мейлінші
нақтылап, ықшамдап алуға және ондағы сөздердің,
сөйлемдердің, абзацтардың, тарулардың өзара байланысын
мұқият зерттеп, айқындауға саяды. Мұны бай тәжірибелі пән
маманының орындағаны жөн.
2. Оқулықтың интерфейсін жобалау кезеңі. Бүгінде жүргізіліп
жатқан зерттеулер оқыту программаларының тиімділігі көпшілік
жағдайларда оның интерфейстік жүйесіне байланысты
болатындығын көрсетуде. Программаның безендірілуі студенттің
ынтасына, қызығушылығына материалды қабылдау жылдамдығына,
т.с.с. маңызды көрсеткіштерге тікелей әсерін тигізеді.
Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулері негізінде компьютерлік оқыту
құралдарының интерфейсін жобалауда келесі мәселелерді ескерген жөн:
1. Безендіруде жүйелік тәсілді қолданудың ерекшеліктері. Жүйелік тәсіл –
жүйелік безендірудің негізі, ол құрылып жатқан үлгіні жобалау мен жасау
процесіне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс істеуіне әсерін тигізетін
факторлардан құралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл тәсіл
программаны безендіруде дәстүрлі баспалық әдістерден басқа, информатика,
семиотика, құрылымдық, лингвистикалық, функционалдық, коммуникативтік,
компоненттік, құндылық т.б. сияқты ғылыми бағыттарды пайдалануға мүмкіндік
туғызады.
2. Оқу материалдарының мазмұны мен құрылымына талаптарды анықтау. Студент
жаңа оқу материалдарымен алғаш танысқан кезінде материал мен осы материал
жайлы өзі білетін информацияны салыстырудан бастайды. Мұндай салыстыру
үйрену тиімділігін арттырады және бұл оқу материалының психологиялық
негізін, логикалық байланыстарын көрсету деңгейіне тәуелді анықталады.
Электрондық оқу материалына және оның берілуіне қойлатын талаптар
студенттің жаңа информацияны қабылдау қабілеттілігін және қызығушылық
деңгейін анықтауға да тікелей қатысы бар.
3. Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесін ұйымдастыру. Оқу материалында
бағдар алу оның мазмұндық жылжу, ауысу, сілтемелер жүйесінің қаншалықты
тиімді ұйымдастырылғанына байланысты.
“Ни одна большая книга не должна выходить без указателя. Книга без
указателя – дом без окон, тело без глаз, имущество без описи: не так легко
ими пользоваться ”,- дейді Я.А.Коменский.
Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесі мынадай негізгі талаптарын
қанағаттандыруы тиіс: электрондық оқулықтың оқутыдың негізгі этаптарын
бейнелейтін графикалық схема орналасқан кілттік экраны болуы тиіс, бұл
студентке өзінің оқытудың қай кезеңіне жеткендігін біліп отыруға мүмкіндік
туғызады; гиперсілтемелердің асты сызылатындықтан, оқулықтың материалында
асты сызылған мәтін бөліктері болмауы тиіс; гиперсілтемелер тізбегінде
жылжығанда олардың келесі қадамы қатар логикаға сүйеніп құрылуы керек
(Қайда алып барады? Нені көрсетеді?); программаның міндетті түрде іздеу
жүйесі болуы қажет және кілттік сөздер мен мазмұн элементтері арасындағы
мета – тегтер дұрыс қойылуы тиіс, т.с.с.
4. Адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық
ерекшеліктерін ескеру. Адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті
қабылдай алады. Түс пен оның қосылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз.
Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі.
Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да
адамға түрліше әсер етеді.
Оқыту программаларын жобалағанда адамның түстер мен формаларды
қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен бірге
құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын
қабылдау өте қиын, себебі қозғалып тұрған объект адамның назарын өзіне
аударады. Анимациялық интерфейс - өте күшті қару, сондықтан оны аса сақ
қолдану қажет. Пайдаланушының таң қалдырамын деген әрекет көп жағдайларда
пайдаланушының тез шаршауына себеп болады да, оның бүкіл жүйені қабылдамай
тастауына соқтырады, - дейді М.Донской.
5. Оқулықты құруда қолданылатын құралдарды анықтау. Қазіргі талаптарға
сай электрондық оқулық жасап шығаруға программалау тілдері (Delphi, Visual
Basic, C++, HTML, Java Script т.с.с.) және FrontPage Express программалары
да информациялық байланыстарды гиперсілтемелік ұйымдастыру орталары және
информацияны бейнелеудің мультимедиалық құралдары сияқты жаңа компьютерлік
технологияларды пайдалану арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Электрондық оқулықтың сыртқы құрылымын, яғни пайдаланушыға көрінетін
элементтерін қарастырайық. Қазіргі кезде электрондық оқулықтар жөнінде
жазылған мақалалар және электрондық оқу басылымдары туралы ҚР-ның
Мемлекеттік стандарты бойынша оның құрамында мыналар болуы керек:
Электрондық оқулықтың титул экраны түрлі-түсті әдемі болуы керек. Мұнда
анимация мүмкіндіктерін пайдаланып оқулық аннотациясын жүгіртпе жол түрінде
шығарып қоюға да болады.
Мазмұн электрондық оқулықтың ең маңызды құрылымдық элементі. Ол бір
жағынан оқу материалын толық қамтуы тиіс, екінші жағынан бір ғана экранға
сиятындай көлемде құрылуы қажет.
Аннотация – программа жөнінде қысқаша мәлімет, оның ұзындығы 60-65
символдан аспауы керек.
Жақсы электрондық оқулық құрудың бастапқы шарты оқу материалының толық
қамтылуы, яғни тақырыпқа байланысты мәтін, графиктер, схемалар,
иллюстрациялар, анимациялар болуы мүмкін. Оқулықтың әрбір бетінде, мәтінге,
қажет болған жағдайда кішігірім графиктерге, материалды игеруге қажетті
басқару элементтеріне арналған орындар болуы керек.
Тапсырмалар жүйесі әрбір тақырыптың соңында іске қосылуы керек. Ол
студентке осы тақырыпытар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді. Бұл
студентті ізденуге, оқу материалдарын мұхият қайталауға мәжбүр етеді.
Қайталау арқылы студент алған білімін толықтырып отырады. Нақты тапсырма
дұрыс орындалмаған жағдайда оған көмекші жүйе қажетті информацияны айтып
жіберуіне де болады.
Тесттік жүйе студенттің соңғы қорытынды білім деңгейін бағалауға
арналған. Ол тесттік сұрақтар түрінде беріледі. Тесттік сұрақтардың түрлері
мен формаларын оқулықты жазушылар таңдап, құрастырып, тесттік сұрақтар
қорына енгізіп қояды. Жүйе сонымен қатар тесттік сұрақтарға жауап берген
адамдар жөнінде мәліметтер қорын құра алуы қажет.
Мәтін бөлігін іздеу жүйесі оқулықтың қажетті бөлігін жылдам іздеп тауып
алуға көмектеседі. Ол оқулықтың кез-келген тұсынан іске қосылып, іздеу
нәтижесінде экранға шығара алуы тиіс.
Авторлар жөнінде мәліметтер – оқулықты құрастырушылардың аты жөндері,
туылған жылдары, жұмыс орындары, телефоны, электрондық пошта адресі т.с.с.

Әдебиеттер тізімі оқу материалындағы сілтемелер арқылы не оқулықтың
мазмұны арқылы ғана іске қосылады және сілтемеге сәйкес оқулық жөнінде
мәліметтер береді.
Программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі пайдаланушыға
оқулықтың интерфейсін тиімді қолдануды үйретеді. Ол әдетте қысқа әрі нақты
нұсқау түрінде болып келеді.

1.3 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ - ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗІ

Қашықтан оқытудың шет елдік мамандарының пікірінше бүгінгі оқу құралының
құрамында: баспа оқу құралы (графикалық иллюстрациялары бар оқу мәтіндері,
оқу құралын пайдалану туралы оқытушыға және студентке арналған нұсқаулар),
электрондық оқу комплексі (құрылымданған оқу материалы, оқу құралын
толығымен оқып болған соң оның игерілгендігін және есте қалуын бекітетін
тапсырмалар жүйесі), тренажер (практикалық дағды мен ебдейліктің
қалыптасуын, кәсіби тәжірибенің жылдам жинақталуын қамтамасыз ететін
құрал), оқу материалдарының қолданбалы программалар пакеті (оқу комплексін
тақырыптар бойынша берілетін тапсырмалары, есептер жиыны) болуы тиіс.
Осы дидактикалық құралдар өзара тығыз байланыстырылып, бірін-бірі
толықтыра отырып электрондық оқулық-оқытудың программалық-әдістемелік
комплексі алынады. Электрондық оқулық пәнінің оқытылу мақсатына
сәйкес өз бетінше білім алуда, дағды мен ебдейлікті қалыптастыруда
студент белсенділігін арттыруға, сонымен қатар студкнтке өз
мүмкіндігіне қарай, оқу материалының шамасын таңдап алуға және оқытушыдан
қажет жағдайда ғана кеңес сұрауға мүмкіндік туғызады. Сондықтан оқытудың
бұл түрі мүдделілігі және танымдық қабілеті дамыған студенттерге тән.
Жалпы, электрондық оқулықтарды дайындау үшін HTML (HyperText Markup
Language), FrontPage Express, Microsoft Publisher программалары және
Delphi, Visual Basic, C++, JavaScript және т.с. сияқты программалау тілдері
қолданылады.
Бүгінгі таңда студенттер үшін электрондық оқулық жоғары оқу орындарында
оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және
нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры болып келеді.
Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке
ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.
Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық
түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық
тәжірибесіндегі материалдарымен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре
алады.
Білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің
танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Оқу материалы
студентке компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Соның нәтижесінде
студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс
жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ, оқытушылар да өздеріне қажетті
әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Міне,
білімді жоғарылатуға электрондық оқулықтың қаншама пайдасы бар. Ал біздің
елде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс,
мектептің, кәсіптік оқу орындарының, колледждердің, жоғары мектептің және
қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар
шығарылуы тиіс. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде
электрондық оқулықтарды пайдалану – білім берудің жаңа технологиясының бір
түрі ретінде қарастыруға болады.

2 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУДЫҢ

ИНСТРУМЕНТАЛДЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ

2.1 ТУРБО СИ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚҚА МЫСАЛДАР ДАЙЫНДАУ

Біздің электрондық оқулықта Си тілінің ОБП сияқты жұмыс істеу
ерекшеліктері қарастырылмаған. Мұнда 1990, 1992 жылдары жарыққа шыққан
Турбо Си 2.0 және Турбо Си ++ 3.0 нұскаларымен жұмыс түрлері таныстырылып,
жиі қолданылатын программалар құрылған. Олар тілдің ANSI C нұскасына
негізделгендікген C++ тілінің түрлі нұскаларында да еркін орындалады.
Әдетте, жоғарыдағы аталған тілдер MS DOS жүйесінің NC (Norton Commander)
қабықша программасына енгізіліп қойылады. Онымен жұмыс істеу үшін алдымен
берілетін негізгі командалар:
- сәйкес каталогтан tc.exe файлын іске қосу. Мәзірлер енгізілген жүйе
терезесі ашылады;
- F10 пернесін басып, курсорды мәзірдің File пунктіне жылжыту және File -
New командасын беру (Турбо Си ++ тілі тышканмен жұмыс істейді, сондықтан
мәзірмен тышқан арқылы жұмыс істей беруге болады);
- экранда программа терілген соң, компиляциялау: Alt + F9;
- программаны сақтау (save): F2;
- программаны іске қосу (run): Ctrl + F9;
- жүйеден шығып, NC-ке өту: Alt + X.
Алғашқы рет дайындалған программа мәтіні Си тілінде бастапқы код деп
аталады. Программа компиляцияланған соң, синтаксистік қателер санын
көрсетіп, қосымша сұхбаттық терезе шығады. Қателерді жөндеп, Run командасын
беру керек. Команда берілген соң автоматты түрде орындалатын жұмыстар:
- программаның жеке бөліктерін (модульдерді) компиляциялау. Объектілік
файлдың алғашқы нұсқасы құрылады.
- компиляцияланған модульдерді бір программаға біріктіру (объектілік
модульдерден жүктеуші модуль дайын-далады). Бұл кезде программаға
стандартты кітапханалар қосылады да, .obj кеңейтілуі бар орындалатын файл
құрылады.
Қажет болса, алгоритмін талдау арқылы программаны қосымша дұрыстап
(программаны тестілеп), қайта сақтау.
Осыдан соң сақталған файл программаның орындалатын коды делінеді.
Ескерту:
1. Си тілінде анықтамалық тек ағылшын тілінде жазылған. Оны орыс тіліне
аудару үшін 'Socrat' не сол сияқты аудару программасын пайдалануға болады.
2. Программа ішінде қазақ алфавитін пайдаланып, қазақша мәтін енгізу үшін
алдын ала NC панелінде жазылған kazega.com файлын іске қосып қою керек.
Программа ішінде оны теру үшін осы файлды іске қосу командасы: SHIFT +
SHIFT. Латын алфавитіне қайтып өту үшін осы команданы кайта берсе болғаны.
3. Турбо Си жүйесінде құрылған программаны Turbo C++ жүйесінде де
пайдалануға болады. Бірақ, программа соңына return 0; операторын кірістіріп
қойса болғаны.
4. Программа Си тілінде .C толықтыруымен, C++ тілінде .CPP толықтыруымен
сақталады.
Турбо Си программаны жүктеп болған соң, File - New командасын беріп жаңа
файлға электрондық оқулыққа кіретін мысалдарды теріп аламыз. Одан кейін F2
клавишасын басып, программаны сақтаймыз – файл .C толықтыруымен сақталады.
CTRL+F9 клавишаларын басып, программаны компиляцияға жібереміз, одан кейін
синтаксистік қателер саны көрсетіліп, қосымша сұхбаттық терезе шығады.
Қателерді жөндеп, Run командасын қайтадан береміз. Компиляциядан өткен .exe
файлды электрондық оқулыққа арналған буманын ішіне көшіреміз.
Delphi ортасында Си тілін үйренуге жасалған мысалдарды көрсету үшін
Button түймесіне мына командаларын жазамыз:
procedure TForm19.Button1Click(Sender: TObject);
begin
winexec('C:\Dip_Ci\Progr\массив\ex_ mas\Ex_mas4.exe',1);
end;

Бірақ, бұл жерде мысалды экранда тоқтатып, біраз уақыт ұстап тұру үшін
әр программаның соңына мына командаларды қосып жазамыз:
ch = getchar();
printf ("Программаның жұмысын тоқтату үшін * басыңыз!") ;
while (ch != '*')
{
putchar(ch);
ch = getchar();
}
Мысал ретінде он сан пернетақтадан енгізіліп, олардың арасынан теріс және
оң сандардың қосындылары бөлек есептелсін. Сонда мысалға арналған
программасы мынадай болады:
# include stdio.h
# include conio.h
main()
{
char ch; бұл қосылған бөлім дұрыс жұмыс істеуне қажет
int i, a, S1, S2; clrscr();
S1=S2=0;
i=1;
while (i++=10);
{
printf ("Бүтін немесе теріс санды енгізіңіз: ") ;
scanf("%d", &a);
if (a0) S1 = S1+a;
else S2 = S2+a;
}
printf ("Оң сандардың қосындысы тең: ") ;
printf ("S1 = %d \n", S1) ;
printf ("Теріс сандардың қосындысы тең: ") ;
printf ("S2 = %d \n", S2) ;
ch = getchar(); осы жерден қосылған бөлім басталады
printf ("Программаның жұмысын тоқтату үшін * басыңыз!") ;
while (ch != '*')
{
putchar(ch);
ch = getchar();
}
}

2.2 DELPHI ОБЪЕКТIЛI-БАҒДАРЛЫ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ

Компьютерлiк оқыту жұйелерiн жобалауда жасау құралдарын тиiмдi таңдау да
оның сәттi жұмыс жасауының алғышарттарының бiрi.
Инструменталдық жабдықтар ретiнде компьютерлiк оқыту жұйелерiн құру
барысында орындалуы тиiс мәселелердi шешуде қолданылатын программалық
жұйелердi тұсiнемiз. Негiзгi инструменталдық жабдықтар мен оларды қолдану
кезеңдерi *-суретте келтiрiлген.
Си программалау тілін үйренуге арналған электрондық оқулығын жасауда бiз
Delphi программалау ортасымен қолдандық. Сондықтан осы инструменталдық
жабдықтарға толығырақ тоқталып өтсек.
Windows жұйесiнде Delphi программалау ортасы - Пуск - Программы - Borland
Delphi 5 ( Delphi 5 командасы арқылы iске қосылады (1-сурет).
Delphi ОБП ортасы төрт құрылымнан тұрады: Негiзгi терезе, Объектiлер
инспекторы (Object Inspector), Форма (Form1) және Код терезесi (Unit1.pas).

Негiзгi терезесiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар панелi және
компоненттер палитрасы енгiзiлген.
Негiзгi мәзiр Delphi ортасының жұмысын басқаруға арналған. Ол тұрлi
командалар орналасқан мәзiр пункттерiнен тұрады (2-сурет). Мәзiр
пункттерiнiң құрамында тұрлi типтегi командалар бар. Мысалы, Kоманданың
атауынан кейiн ұш нұкте тұрса, онда бұл команда диалогтық терезе шақырады.
Егер мәзiр командасының соңында клавиштер комбинациясы жазылса, онда бұл
команданы сәйкес клавиштер комбинациясы арқылы орындауға болады. Мәзiр
пункттерiндегi кейбiр команданың белсендi болмай көрiнуi, оның осы уақытта
орындалмайтынын бiлдiредi.

1-сурет. Delphi объектiлi-бағдарлы программалау ортасы

Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық
терезесi. Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде форма Form1 атауымен
көрiнедi (1-сурет). Экранда форма көрiнбесе, негiзгi мәзiрден View-Forms
командасын беру жеткiлiктi.
Форма Delphi ортасының негiзгi объектiлерiнiң бiрi. Delphi iске қосылған
кезде форма қасиеттерiне бастапқы мәндер меншiктелiп тұрады.
Қасиеттер тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiнде
орналасады. Мысалы, 1-суретте Delphi iске қосылған кезде форма
қасиеттерiнiң тiзiмi және сәйкес бастапқы мәндер енгiзiлген терезе
көрсетiлген. Терезенiң екi қосымша бетi бар: Properties (Іасиеттер) және
Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан
тұратын оның Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1-сурет). Бiрiншi бағанда
көрiнетiндер – қасиет атаулары, екiншi бағанға сәйкес жазылғандар – олардың
мәндерi. Экранда қасиеттер терезесi көрiнбесе, оны шығару ұшiн View-Object
Inspector командасын немесе F11 клавишiн басу жеткiлiктi.
Форманың кейбiр қасиеттерi:
Name (Атау) – формаға берiлген атау. Ол Delphi объектiлерiнiң
(компоненттердiң) негiзгi қасиеттерiнiң бiрi. Delphi-дiң формаға автоматты
тұрде алғашқы рет меншiктеген атауын (Form1) өзгертiп, басқа атау беруге
болады.
Ол ұшiн қасиеттер терезесiнен Name атауын таңдап, жаңа атау клавиатура
арқылы терi-ледi.
Font (Шрифт) – формаға енгiзiлетiн мәтiн шрифтiн орнату қасиетi. Оны
таңдап, оң жағында көрiнген көп нұкте (...) тұймесiн шерткен кезде сұхбаттық
Шрифт таңдау терезесi көрiнедi. Терезеден, әдеттегiдей, қажеттi шрифт
типiн, өлшемiн таңдап (мысалы, Times Kaz, 10), ОК тұймесiн шерту керек.
Caption (Тақырып) – форма терезесiнiң тақырыбына енгiзiлетiн мәтiн.
Алғашқы кезде қасиеттер терезесiнiң Caption қасиетiне тақырып ұшiн Form1
сөзi енгiзiлiп қойылған. Оны басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетiне мән
меншiктеу тәсiлi сияқты (қасиет мәнi енгiзiлген соң Enter клавишiн басып
қойған жөн).
Color (Тұс) – форманың тұсiн орнату қасиетi. Ол таңдалған кезде оң
жағында тiлсызық тұймесi көрiнедi. Тiлсызық тұймесi – қасиет мәнiнiң
бiрнеше екенiнiң белгiсi. Тiлсызық белгiсiн шерткен кезде мәндер (тұстер)
терезесi ашылады. Тiзiмде көрiнген қалаған тұстi шерткен соң форма сәйкес
тұске боялып қойылады.
Width (ұзындық), Height (Биiктiк) – пиксель өлшем бiрлiгiмен берiлген
форманың Ұзындығы мен биiктiгiн орнату қасиеттерi (мәндер форманы тышқан
арқылы кеңейту не сығу кезiнде автоматты тұрде меншiктелдi).
Delphi-де программалар оқиға-лар арқылы басқарылатыны белгiлi. Ал
объектiлерге қатысты оқиғалар тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector)
терезесiнiң Events қосымша бетiнде орналасқан.
Олар қасиеттер терезесiнiң екi бағаннан тұратын Events қосымша бетiне
енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi тiркестiрiлiп
жазылған. Ол – атаудың оқиға екен-дiгiн бiлдiретiн белгi. Формаға
байланысты оқиғалар саны – 35.
Delphi ортасында жиi кездесетiн оқиғалар:
OnClick – тышқан тұймесiн бiр рет шерту;
OnDblClick – тышқан тұймесiн екi рет шерту;
OnKeyDown – клавиштi басу;
OnKeyUp – басылған клавиштi босату;
OnMouseDown – тышқан тұймесiн басу;
OnMouseUp – тышқан тұймесiн босату;
OnCreate – форманы екi рет шерту, т.б.
Delphi-де программа мәтiнi программалық код деп, ол енгiзiлетiн терезе
программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп аталады. 1-
суретте көрсетiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң
астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару View-Toggle FormUnit
командасын орындау не клавиатурадан F12 пернесiн басу арқылы орындалады.
Код терезесiнiң сол жақ бөлiгiнде Code Explorer (Код Зерттеушi), ал оң
жағында программа мәтiнi терiлетiн жұмыс аумағы орналасқан. Код Зерттеушiде
ағымдық проектiдегi объектiлердiң құрылымдық ағашы көрiнедi.
Код терезесiнiң тақырыбы ағымдық файл атауымен сәйкес келедi. Терезенiң
жұмыс аумағындағы программа коды синтаксистiк мағынасына қарай тұрлi
стильде жазылып көрсетiледi. Мысалы, Object Рascal тiлiнiң кiлттiк сөздерi
(мысалы, type, class, т.с.с.), қалың шрифтпен, ал тұсiнiктемелер (мысалы,
{Private declarations}) көк тұстi көлбеу (курсив) шрифтпен жазылған.
Терезенiң төменгi жағында ұш элементтен тұратын кұй қатары бар. Оның
бiрiншi элементi – курсор позициясын анықтайтын жол және баған индикаторы,
екiншiсi – программалық кодтың өзгеруiн бақылайтын модификация индикаторы,
ұшiншiсi – кiрiстiру режимiнiң индикаторы.
Код терезесi ашылғанда, онда процедура дайындамасы (ұлгiсi) көрiнедi.
Оның тақырыбы нұкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады
(2-сурет).

2-сурет. Редактор терезесiндегi процедура дайындамасы

Процедура дайындамасының жазылу тұрi:
Procedure атау (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн
анықтайды.
Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық
жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.
Delphi-де компоненттер панелiнен формаға тұрлi компоненттер орнатып,
олардың оқиғаларын өңдеуiш процедуралар құру визуальды программалаудың
негiзi. Мысалы, берiлгендердi енгiзу және шығару ұшiн компоненттер
панелiнiң Standard қосымша бетiндегi мәтiндермен жұмыс iстейтiн TEdit
(енгiзу өрiсi), TLabel (шығару өрiсi) және TButton (командалық тұйме)
компоненттерi жиi пайдаланылады.
Формаға Edit1 енгiзу өрiсiн орнатып, оның Text қасиетi арқылы не iске
қосу командасын берген соң оған курсорды енгiзiп, клавиатура арқылы бiр
жолдық мәтiн енгiзуге және оны редакциялауға болады.
Формада орнатылған ТLabel, ТEdit компоненттерiнiң Caption, Text
қасиеттерiнiң мәндерiн программа арқылы динамикалық тұрде өзгертуге де
болады. Ол ұшiн программада объект атауы жазылып, одан соң нұкте қойылады
да, оның соңына қасиет атауы енгiзiледi.

2.3 “СИ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ” БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҒЫН ҚҰРУ ӘДІСТЕМЕСІ.

Электрондық оқулықтарды дайындау үшін HTML (HyperText Markup Language),
FrontPage Express, Microsoft Publisher программалары және Delphi, Visual
Basic, C++, JavaScript және т.с. сияқты программалау тілдері қолданылады.
Бұл дипломдық жұмыста электрондық оқулықты құру үшін Delphi программалау
ортасы мен Microsoft Word және MS Paint программалары қолданылды.
Электрондық оқулықтың негізіне Камардинов О. TURBO C және TURBO C++
тілдерінде программалау деген кітабі қойылды. Бұл кітаптың тиражы өте аз –
тек қана 300 экземпляр.
Програмалау тілін үйрену үшін негізінде келесі тақырыптар оқып шығуы
тиіс: 1) сызықтық алгоритмдер; 2) тармақталу алгоритмдер; 3) қайталау
алгоритмдер; 4) массивтермен жұмыс істеу; 5) символдық шамалармен жұмыс
істеу; 6) процедуралар мен функциялар; 7) файлдармен жұмыс істеу.
Бірақ, Си тілінің өзгешелігіне байланысты бұл тақырыптар тізімін былай
өзгертіп шықтық:
1. Кіріспе
2. Алфавит. Кілттік сөздер
3. Тұрақтылар
4. Қарапайым программа
5. Си тілінің операциялары
6. Тармақталу алгоритмдер
7. Қайталау алгоритмдер
8. Массивтермен жұмыс істеу
9. Символдық шамалармен жұмыс істеу
10. Графикамен жұмыс істеу
11. Блогтық функция мен # define нұсқауы
12. Файлдармен жұмыс істеу
Электрондық оқулықта көрсетілетін мәтіндерді алдын ала MS Word программа
арқылы дайындап, жеке шағын файлдарға бөліп қойямыз. Олардың кейбіреулерін
*.rtf форматында сақтаймыз, себебі Delphi ортасында оларды көрсету үшін
RichEdit компонентімен қолданамыз.
Бірақ, RichEdit компоненті мәтіндегі кестелер мен суреттерді шығара
алмайды, сондықтан кейбір сондай шағын тақырыптарды алдымен экранға
шығарып, клавиатурадағы PrintScreen клавишаны басып, одан кейін Ctrl+V
клавишалар арқылы Paint программаның ішіне тастап *.bmp форматтағы сурет
файлдарына сақтаймыз. Ал мәтіннің арасында кестелер мен формулалары бар
файлдар үлкен болса, онда оларды WebBrowser компонент арқылы көрсету үшін
*.doc файлдарға жазамыз .
Delphi 6 ортасында File-New-Application команда арқылы жаңа тіркеме
ашамыз. Ашылған форма проекттің бас формасы болады (3 сурет). Форманың
Caption қасиетінің ішіне Электрондық оқулық "Си программалау тілі" деп
жазамыз –форманың жоғары жағында осы жазу пайда болады.

3 сурет. Электрондық оқулықтың бас терезесі.
Алдымен бас форманың үстіне екі Panel компоненттерін қоямыз. Panel
компоненттердің тақырыптарын алып тастаймыз – ол үшін бұл компоненттердің
Caption қасиеттерінің ішін босатып қоямыз. Әр панельге түс береміз - Object
Inspector терезесінен олардың Color қасиеттер арқылы керек түсті таңдап
қоямыз. Бірінші панельдің үстіне үш Label компоненттерін орнатып, олар
арқылы электрондық оқулықтың атын, бағдарламаны құрастырған студенттің
атын, оқу тобын, ғылыми жетекшінің аты-жөнін көрсетеміз. Бас форманы
безендіру үшін Image компонентті панель үстіне орнатып, ішіне сурет салып
қоямыз. Image компонентке сурет орнату үшін Object Inspector терезесінен
осы компоненттің Picture қасиетін таңдап алып, оның жанындағы көпнүктелікті
шертеміз. Сонда 4 суретте көрсетіліп тұрған сұхбат терезесі ашылады. Сол
терезе арқылы “Load” батырмасын шертіп, ашылған терезенің ішінен керек
суретті таңдап аламыз. Сурет алдын ала дайын болу керек. Сурет таңдап
алынған соң, “OK” батырманы шертіп, терезені жабамыз.

4 сурет. Бұл терезе арқылы Image компонетке салатын суретті таңдап алады

Электрондық оқулықтың мазмұнын осы форманың үстіне шығарып қоямыз. Ол
үшін екінші панельдің үстіне 15 button компоненттерін орнатамыз. Бұл
компоненттер арқылы электрондық оқулықтың мазмұнын жасаймыз. Сонда сол
компоненттер әрі мазмұнын құрады, әрі көрсетіліп тұрған тақырыпты шақыратын
батырмалар болып келеді. Мазмұнды бас форма суретінен (3 сурет) көруге
болады.
Button, Label, Panel компоненттер Delphi ортаның VCL кітапхананың
Standart бетінде, Image компоненті – Additional бетінде орналасып тұрады.
Button компонентін формаға алып келген соң, оның үстіне Caption қасиет
арқылы мазмұн тақырыбын шығаруға болады.

5 сурет. Электрондық оқулықтың мазмұны

Батырманың үстінен шерткен кезде сәйкес тақырыбы бар терезе ашылатын болу
үшін Код Редакторының ішіне мына командаларын жазылады:
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
Form2.Show;
Form3.Close;
Form8.Close;
Form6.Close;
Form7.Close;
Form9.Close;
Form10.Close;
Form5.Close;
Form16.Close;
Form17.Close;
Form18.Close;
Form20.Close;
end;
Бұл командалар бойынша Form2 терезе ашылады да, ал басқа терезелер
жабылады. Жоғарыдағы аталған он екі тақырыптар мазмұнға кіргізілген (5
сурет), әр тақырыпқа сәйкес он екі жаңа терезелер ашылған. Жаңа терезені
ашу үшін Delphi 6 ортасында File-New-Form командасын орындау керек. Әр
терезені қалай дайындалғанын төменде көрсетеміз.
Бас форманың төменгі жағына жылжымалы қатар жүргізілген. Оны ұйымдастыру
үшін алдымен 'Bitmap.bmp' сурет Paint графикалық редактормен дайындалды.
Одан кейін осы Form1 формаға Timer1 компонентін қойып, оның Interval
қасиетіне 50 мәнін береміз. Timer1 компоненттің onTimer оқиғасына мына
процедураны жазамыз:
procedure TForm1.Timer1Timer(Sender: TObject);
begin
Canvas.CopyRect(dRect, pic.Canvas, sRect); суреттің бөліктерін

көрсету
inc(t);
if t = TP роликтің ұзындығы
then t:=0;
sRect := Bounds(t,0,WB,pic.Height); келесі кадр
end;

ал бас форманың (Form1) onCreate оқиғасына мынаны жазамыз:
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);
begin
pic := TBitMap.Create;
pic.LoadFromFile('Bitmap.bmp'); суретті енгізу
dRect := Bounds(0,608,WB,pic.Height); қатардың жүретін облысы
sRect := Rect(0,0,TP,pic.Height); осы сәтте көрсетіліп жатқан

суреттің бөлігі
t:=0;
end;

Енді “Кіріспе” жазуы бар бірінші батырманы шерткен кезде, сәйкес терезе
ашылады. Оның түрін 6 суреттен көруге болады. Жаңадан ашылған форманың
Caption қасиетінің ішіне “КІРІСПЕ” жазуын енгіземіз. Бұл терезені құру
үшін форманың үстіне RichEdit, button, GroupBox және 3 RadioButton
компоненттерін орнатып қоямыз.

6 сурет. Кіріспе терезесінде RichEdit компонентімен қолдану

Енді RadioButton батырманың қасиеттерін қарастырайық. Caption қасиетімен
батырманың жанында көрсетіліен жазу анықталады. Alignment –бұл қасиет жазу
батырманың қай жағынан шығатынын белгілейді – taLeftJustify – сол жағынан,
taLeftJustify - оң жағынан (үнсіз бойынша беріледі). Checked - бұл қасиет
пайдаланушы батырманы таңдағанын анықтайды. Егер батырманы басқалардың
арасынан таңдап алу қажет болса, онда оның Checked қасиетін true-ға
тұрғызып қою керек. Батырмалардың біреуі ақ таңдап алынатын себебінен,
олардың тек қана біреуінің Checked қасиеті true-ға тең болу мүмкін.
GroupBox панелінде орналастырылған RadioButton батырмалар еркін тұрады.
Негізінде бұл батырмаларды кез келген контейнердің ішіне, мысалы, форманың
үстіне, қоюға болады. Форманың үстіне орналастырып қойылған батырмалар бір
топ болып жұымс істейді, яғни олардың тек біреуінің Checked қасиетін true-
ға апарып қоюға болады.
Сонымен GroupBox панеліне батырмаларды орналастырып қоямыз. Бірінші
RadioButton батырмаға Caption қасиет арқылы “Кіріспе” тақырыбын береміз.
Батырманы шерткен кезде RichEdit редакторына Введение.rtf файлын шығару
үшін программалау модульдің ішіне мына командаларын жазамыз:
procedure TForm2.RadioButton1Click(Sender: TObject);
begin
RichEdit1.Lines.Clear;
RichEdit1.Lines.LoadFromFile('C:\Di p_Ci\Progr\Линейн\Введение.rtf');
end;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
JavaScript- та бағдарламалау
Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері
Электрондық оқулықтардың қолдануы
Информация, информатика
Электрондық оқулықтың құрылымы
Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі
Программалау тілдерімен танысу
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Программалауды оқытудың әдістері мен тәсілдері
Си бағдарламалау тілі
Пәндер