Күрішті сабан және шелухадан биокомпосттарды алу технологиясы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
- Тақырыптың жаңышылдығы және көкейкестілігі
- Проблеманың зерттелгендік жағдайы
- Алдыңғы жылдарда орындалған ҒЗЖ негізгі нәтижелері
- Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
2. Тәжірибелер схемалары. Зерттеу әдістемелері
2. 1 Зерттеудің бағыттарын таңдау
2. 2 Күрішті сабан және шелухадан биокомпосттарды алу технологиясы
2. 3 Зерттеу материалдары және егістіктік және вегатационды тәжірибелерді алға қою техникасы
2. 4 Тіркеулер, бақылаулар және талдаулар
2. 5 Тәжірибелер схемалары және оларды жүргізу технологиясы
2. 5. 1 Вегатационды тәжірибелер схемалары
2. 5. 2 Ұсақуақыттық егістіктік тәжірибелер 1-10
3. Зерттеулер нәтижелері
3. 1 Сорбентпен және гидрогльмен жүргізілген тәжірибелер нәтижелері
3. 2 Күріш сабаны және шелухасынан жасалған компосттармен жүргізілген тәжірибелер нәтижелері
4. Жасалған жаңалықтың эколого - экономикалық талдамасы
Қорытынды
Түйіні
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
АРАЛ ӨҢІРІНІҢ ТҰЗДЫ БАТПАҚТЫ ШАЛҒЫНДЫ ТОПЫРАҒЫНДА ӨСІРІЛГЕН КҮРІШ ӨНІМІНЕ ОТАНДЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ӘСЕРІ
ҚҰНАРЛЫЛЫҚ, ТОПЫРАҚ ТҰЗДЫЛЫҒЫ, ТҰЩЛАҒЫШТАР, АРИДТЕНУ, ДЕГРАДАЦИЯЛАНУ, ПРЕПАРАТ, СОРҒЫШ, СУЛЫ ГЕЛЬ, БИОТЫҢАЙТҚЫШ, КҮРІШ САБАНЫ МЕН ҚАУЫЗЫНЫҢ КОМПОСТ, МИКРОАҒЗАЛАР, ТҰЗДАЛҒАН СУ, ГУМУС, ҚОРЕКТІК ЭЛЕМЕНТТЕР, СУҒА ЕРГІШ ТҰЗДАР, РЕСУРСТЫ САҚТАУ, КҮРІШ СОРТТАРЫ, АШЫТҚЫШ, ҚОРЕКТК ОРТА, МЕЛИОРАЦИЯ, ҚҰНАРЛЫЛЫҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ, КОМПОСТЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН АРЗАНДАТУ.
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ: Маржан және Арал 202 (орта дәнді) күріңш сорттары, ару (ірі дәнді) ; минералды тыңайтқыштар; отандық өнеркәсіп препараттары - Қарағанды көмір бассейнінің теңестірілген көмірінен жасалған сорбент ИОМСа; полистиролсыз А. Б. Бектуров атындағы химиялық ғылымдар институтының жасап шығарған ВП-2 гидрогелі. Жаңа препараттар: сорбент және гидрогель NРК аясында және қасиеттері ертеректе зерттелген препараттарға: нтрий гуматы, Жер Нұры және Мэрс (стимулятор) жатқызылады. Күріш сабаны және шелухасынан жасалған, 1 және 2 штамдарына ыдырайтын компосттар зерттелуде. Мұндағы 1 - Celluomonas effuse ВКПМ В-4465 және 2 - Bacillus cytasus ВКПМ В-4441. Штамдар органикалық және минералды қоректендіргш орталарда культивацияланады. Органикалық заттардың ыдырауы анаэробты шарттарды жүзеге асырылады.
Зерттеудің негізгі мақсаты окультивациялау және тұздалған жерлерді топырақ құнарлылығын жаңғырту жолымен және мелиорацияның жаңа тәсілдерімен (күріш және доник) биотыңайтқыштардың жаңа түрлері аясында рентабельді ауылшаруашылықтық айналымға қайтару болып табылады. Биотыңайтқыштардың технологиясы негізінен ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтарын утилизациялауға (залалсыздандыруға), және көмір өнеркәсібінің қалдықтарынан дайындалған ресурссақтаушы заттарға және арзан синтетикалық көпзарядты полимерлі қосылыстарды пайдалануға негізделген.
Көмір өнеркәсібінің қалдықтарынан алынған сорбенттің суландырушы суды суландырудың басында тұздандыратындығы және дәндердің белсенділігін жоғарылатуға және сол қалпында сақтауға жағымды шарттар туғызатындығы анықталған. Сорбенттерді пайдланған кезде күріштің сорттарына байланысты өсуші дәндердің мөлшері 5-12% жоғары алынған. Препарат жапырақтардың дамуының үдеуіне және жас өскіндердің туындауын жақсартуға әрекет еткен. Арал 202, Маржан және Ару (тез өсетін сорты) күріш сорттары бойынша жапырақтардың ұзындығы сәйкесінше 18, 7; 24, 8 және 9, 0% - ға және өзектерінің ұзындығы сәйкесінше 7, 8; 16, 3 және 29, 5% ға ұзартылған.
Сорбент тұздарды топырақты ерітінділерде отырғызады және ортаның сілтілігін жоғарылатып, сонымен қатар топырақты ерітіндіде озғалғыш натрийлі тұздардың мөлшерін арттырады. Сорбенттер аясында нгізінен Арал 202 сорты перспективті блып саналады, ол оның тұзға төзімділігінің жоғарылығынан және тыңайтқышталған нұсқалар бойынша Маржан - стандарт жән Ару сорттарымен салыстырғанда өнімділігі жоғары болуынан көрінеді. Егер Арал 202 сортында өнімділік шамасы 64-67 ц/га арасында болса, Маржан сорты бойынша - 54-62 ц/га, және Ару тез өсетін сорты бойынша 37-43 ц/га құрады.
Синтетикалық арзан көпзарядты полимерлі қосылыс болып табылатын отандық өндірістің гидрогелі стимулятор - препараттар және топырақаулауыштар (натрий гуматы, Жер Нұры және Мэрс) туктарымен бірге әрекет еткенде күріште топырқтың тұздалғандығы шартынд күріштің өнімділігі жоғарылататындығы анықталған. Себебі мұнда гидрогельдің ұзақ уақыт бойы оң әсер етуі оның қолдану дозасын арттырған кезде сортты айырмаларға қарамастан жоғар эффект береді.
Celluomonas effuse ВКПМ В-4465 (штам 1) және - Bacillus cytasus ВКПМ В-4441 (штам 2) штамдарына ыдырайтын күріш сабаны және шелухасынан жасалған биокомпостардың дайындалған технологиясына байланысты күріштің өнімділігіне жақсы әсер ететіндігі анықталған. Зерттелуші штамдардың ашытпаларының дозаларын (1 және 2) бірнеше азайту арқылы күріштің сабаны және шелухасынан компостарды дайындаудың оптимальды технологиялары анықталып және олардың жергілікті өндірістегі құс тыңайтқыштарымен бірдей дәрежеде күріш өнімділігіне әсер ететіндігі белгілі болды.
Сонымен қатар құс тыңайытқышының екілік дозасы 4 т/га Маржан сортының өнімділігіне жақсы әсер ететіндігі анықталды, бірақ оны сабаннан жасалған, ұсынылып отырған технология бойынша дайындалған компостпен қосқан кезде құс тыңайытқышының дозасын екі есеге дейін азайтуға болады. Celluomonas effuse ВКПМ В-4465 1 - штам және 2- штам - Bacillus cytasus ВКПМ В-4441 штамдарын пайдалана отырып алынған компосттар Маржан сортты күріштің өнімділігіне тең дәрежеде әсер еткен, ал штам 1 ыдырайтын күріш шелухасынан жасалған компосттар штам 2 арқылы алынған компосттарға қарағанда өнімділікті жоғары дәржеде арттыратындығы белгілі болды. Күріш астындағы тұздалған топыраққа жетілдірілген технолгия бойфынша алынған шелуха және сабанды енгізу топырақтың биологиялық белсенділігін жоғарылатады, гумус және қоректену үшін қажетті болып табылатын минералды элементтер мөлшерін арттырады, сонымен қатар күрішті алқаптардағы топырақ құрамындағы зиянды тұздар мөлшерін төмендетеді.
Зерттеулер нәтижелері отандық өндірістегі жаңа препараттар және күріш сабаны және шелухасынан жасалған компосттар экологиялық таза, бағасы бойынша арзан (1 тонна сорбент 9 АҚШ доллары тұрады, гидрогель - 10 доллар, а 1 тона компост - АҚШ 20 доллары), оларды тұздалған топырақтарды мелиорациялауда пайдалануға болады.
Қолданлу саласы - ауыл шаруашылығы. Тыңайтқыштар кешенді жүйесінің және әрекет ету құралдары тиімділігі ресурссақтауға және топырақты және суды санациялауға бағытталған, және оларды қолдану кезіндегі қоршаған ортаға деген антропогенді әсерімен және төмен шығындарға ие қосымша өнімділікті алумен анықталады.
Эколого - экономикалық талдаулар зерттелуші объектілер экологиялық таза өнімдер болып табылатындығын және оларды пайдалану кезінде атмосфераның ластанбайтындығын, тірі ағзалардың қоректену аясын, өсімдіктер, жануарлар және адамзат үшін қауіпсіз екендігін көрсетті.
Белгіленулер мен қысқартулар
Күрішті шелуха - КШ
Күрішті сабан - С
Күріш сабанынан жасалған компост - КС
Шелухадан жасалған компост - КШ
Құс тыңайытқышы - ПП
ИОМСа - сорбенті - Сб
Жер Нұры 1 - ЖН (топырақ аулауыш)
Мэрс - М (өсіру стимуляторы)
Натрий гуматы - ГмNа немесе Гм
Орташа ерігіш полиэлектролит, ВП-2 (гидрогель) - Г
Nа - аммоний сульфаты
Рс - жай суперфосфат
Кх - хлорлы калий
NPK - азот, фосфор және калий
N 120 Р 120 - фон 1
N 120 Р 120 + 1000 кг/га натрий гуматы + 3 л/га Жер Нұры + 80 мл/га Мэрс - фон 2
Кейбір компоненттер бойынша зерттеулер Солтүстік Қазақстандағы нольдік технологиялар бойынша орындалған ФАО жобасының жасамаларын және нәтижелерін пайдалануға негізделген.
Қызылорда облысының зерттеулерінің негізгі тәсілдері болып келесілер саналады:
- күрішті қырғыш бойынша тікелей себу (топырақты өңдеудің минимальды - нольдік технологиясы) ;
- күрішті себуден кейін тікелей себу технологиясын пайдалана отырып қалақшалық - шашырату технологиясын пайдаланып басқа дәндерді егу;
- аймақ үшін дәстүрлі емес диверсификациялық дәндерде қалақшалы - шашыратып егу технологиясын сынау.
Тұтас алғанда 2006-2008 жылдар арасында жүргізілген барлық зерттеулер жалпы алғанда 6 негізгі компоненттерден тұрады:
- Тікелей егу жүйесі және топырақты өңдеудің нольдік/минимальды технологиясы;
- Өсімдіктер өсіруді диверсиикациялаудағы жаңа технологияларды жасау;
- Зәктетіп суландыру және дәндерді қалақшалы егу технологиясы;
- Жаңа және перспективті сорттардың сорттық агротехникасын жасау;
- Қазақстандық Аралмаңы тұздалған деградациялық жерлерін қалпына келтіру технологиясын жасап шығару;
- Технологияға экономикалық талдау жүргізу.
Зерттеудің жаңашылдығы - өсімдіктік табиғаттағы мелиорант - күріш сабаны және шелухасынан жасалған, анаэробты микроорганизмдермен (штамдар 1 және 2) өңделген биотыңайытқыштарды қолдана отырп және мелиорацияның жаңа тәсілдерімен тұздалған топырақта бірінші рет зерттеулер жүргізілетін болады. Зак шаю суларын тұзсыздандыру үшін қалдықты көмірлерден жасалған ИОМСа, өсімдіктердің түбірлері жүйесінің даму аймағында қоректендіргіш элементтерді ұстап қалатын гидрогель пайдаланылады. Жаңа ресурссақтаушы препараттар күріштің әртүрлі сорттары үшін ертеректе зерттелген топырақаулауыштармен: балансты көмірлерден жасалған натрий гуматы және Жер Нұры 1 бірге пайдаланылады. Күріш дәні өсіргіш стимулятормен - Мэрс өңделеді, ол стимулятор перспективті маңызға ие. Мелиорациялау объектілері болып бір (2006) және бірнеше (2006-2008) жыл бойы дайындалатын күріш және дәндері нитрагиннің жаңа түрімен өңделетін донник саналады.
Алғаш рет күріш және басқа да дақылдар егілетін орындарда топырақты өңдеудің нөльдік/минимальды технологиялар және тікелей егу, тығыздалған горизонтты жүйелерді құру негізінде суландырылатын егіс орындарында ауылшаруашылығы егіндерін жетілдірудің ресурссақтаушы технологиясы, зәктетіп суғару және дәндерді қалақшалы шашып егу технологиясы жасалады.
1. 2 Проблеманың зерттелгендік жағдайы
Күріш және соған ұқсас дақылдардың астына органикалық тыңайытқыштар ретінде навоз және сидераттар пайдаланылуы мүмкін. Бірақ осы уақыттарға дейін күріш астына органикалық тыңайытқыштарды қолдану айқын жеткіліксіз жағдайда жүзеге асырылуда. Жасылды тыңайытқыштарды шектелген мөлшерлерде пайдалану күрішті егіс алқабында сидерациялау үшін арналған аралық дақылдарды бөліп алудың қиындығымен байланысты, ал навоздарды пайдаланудың жеткіліксіздігі күріш егетін аймақтарда жануарлар өсірудің салыстырмалы әлсіз дамығандығымен түсіндіріледі. Олай болса, Қызылорда облысының күрішті егістерінің топырақтарын тыңайытқыштандыру үшін органикалық заттардың басқа көздерін іздеу қажеттігі туындайды. Бірақ зерттеулер төменқөұнарлылықтағы жерлерде биогенді элементтерге деген тапшылық мәселесін бастапқы шешіп алмастан Қызылорда облысындағы егістерде биологиялық жер егудің кең тарайтындығы туралы сұрақтарды алға қою қиын. Ал ол үшін топырақтарды және суларды тұзсыздандыру жолын табу, арзан пролонгирлі формадағы өсімдіктер түбірлері жүйесі аймағында қоректендіруші заттарды бекіту қажет болады.
Осыған байланысты ресурссақтаушы бағытқа және Аралмаңы күріш өсіретін аудандарда туындаған проблемаларды шешуге кешенді қадам жасауға негізделген зерттеу ерекше көкейкестілікке ие болып отыр. Мұндай қадам дұрыс және қолдануға жарамды және азық - түлік проблмеларын қиындатпайды.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру және олардың ассортиментін кеңейту бірінші кезекте өсімдікті өсіруді диверсификациялаумен байланысты, ол Қызылорда облысының дақылдары үшін дәстүрлі болып саналмайтын егістерді (қант қызылшасы, сафлора, соя, мақта және т. б. ) егуді кеңейту мүмкіндігіне алып келеді. Бұл туралы күрішті егіс айналымдарының жаңа экологиялық дұрыс тұрғызылған схемаларын жасау бойынша көпжылдық (1981-2005 жж) стационарлы зерттеулер мәліметтері куә болып табылады, мұнда барлық дақылдар үшін егісайналымында меншікті үлесі қарастырылған, бірақ көп жағынан алғанда олар топырақтардың құнарлылығын арттыруға және суландырылатын жерлердің өнімділігін арттыруға әрекет ететін күрішті жүйелер шарттарында пайдалануға жарамды болып саналатын тхнологиялар бойынша ғылыми ұсыныстармен қамтамасыз етілмеген.
Жер егіс айналымының жаңа схемасына дәнді, жармалық, шөптік және техникалық дақылдарды қосу аймақтың егіс істері дақылдарының жалпы көтерілуіне әрекет етеді: егістердің ластығы және тұздылығы төмендейді, техникалық және су ресурстарының шығыны да төмендейді, топырақтың физикалық қабілеттері жоғарылайды және байытылатын жерлердің құнарлылығы артады.
Осымен қатар, нарықтық қатынастар шарттарында нарықтың сұранысына байланысты тек жеке дақылдар роліне ғана емес, сонымен бірге олардың сорттарына деген көзқарастардың өзгеріп отыратындығын ескере өткен жөн. Осыдан шаруашылық нарықтың талаптарына әрекет ете отырып егіс алқаптары аудандарының құрылымына тұрақты өзгерістер енгізіп отыр. Ұсақ тауар өндірушілер (олардың саны облысымызда 1500 астам) шаруашылыққа тар мамандануды, басқаша айтқанда белгілі бір дақылдың тек бір түрін, жиі жағдайда күрішті ауыстырмай егуге бағытталуға бейім. Фермерлерде жылына екі жиым терім жасауға мүмкіндік беретін суландырылатын және байытылатын жерлердің тиімділігін арттыру үшін ұмтылысы пайда болуда.
Қызылорда облысының халқының әлеуметтік - экономикалық әлауқатты болуы (қазіргі уақытта облыстың ауылдарында халықтың 55 пайызы тұрады) суландыру суын максималды тиімді пайдалануымен, ауылшаруашылығы өнімінің бірлігіне жұмсалатын су шығынын үнемдеумен анықталады. Күріш, өзінің едәуір өнімділіктілігіне қарамастан осы талаптарға жауап бермейді және эколого - мелиоративтік шарттарды нашарлатушы себеп тудыратын дақыл болып отыр. Сондықтан осы дақылды люцерна және соя сияқты суды аз талап ететін дақылдарға баяу алмастыратын уақыт келді. Люцерна егісінің алқабының ауданы қазіргі күндегімен салыстырғанда 40-45 мың га, сояның алқабының ауданы 15-20 мың га шамасына артуы мүмкін.
Күріш егу алқаптары қазіргі уақытта экологиялық оптимальды және экономикалық ақталған деңгейде - 65, 0 мың га тұрақтады. Осы алқап ауданындағы күріш егісі бір жағынан Қазақстан Республикасының күрішке деген қажеттілігін қанағаттандырса - яғни күріш егу ауылшаруашылық өндірісінің көп саласының бірі болып табылады және Қазақстанның азық түлік базасындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, екінші жағынан - күріш мелиорациялаушы дақыл ретінде пайдаланылады, себебі күріш егіс алқаптарын одан ары қысқарту инженерлі - дайындалушы жерлердің тұздылығының катастрофалық өсуіне алып келуі мүмкін.
Алмастырылып егілетін дақылдардың, жеке алып қарағанда күріштің егістіктерінің тиімді тәсілдерін пайдалану қажет. Көшетпен егіп өсіру тәсілі суландыру суын үнемдеуге алып келгеніне қарамастан, көшеттерді отырғызудың тиімді мерзімі салқын кезең мамыр айы болып табылады, сондықтан да қол құралдары және қол еңбегін пайдаланудың проблематикалы болуына алып келеді. Шаруашылықтағы бар техникалар бұл егу тәсіліне сай келмейді, осы тәсілге қажетті жабдықтар мен техникаларды толық сатып алу арқылы өту өте қымбатқа түседі және қазіргі күн үшін мүмкін емес жағдай.
Аудан үшін маңыздылығы жөнінен екінші проблема болып егіс істеріндегі қолданылып жүрген технология техникалық және сонымен қатар қаржылық көзқарастан алғанда да рационалды емес. Себебі алып қарайтын болсақ, қазіргі қолданылып отырған күріш егу технолгиясы бойынша егуді жүргізгенге дейін 13 технологиялық операцияны жүргізу қажет, ол ең кемінде 7 технологиялық операция жүргізу қажет, осыған ұқсас жағдайлар бидай және басқа да дақылдарды егуде де кездеседі. Мұнда ластауыштармен күресу деңгейі өті төмен, топырақтық ылғалдың жоғалуы өте жоғары, одан басқа, ГСМ және ауылшаруашылығы техникалары үшін қор бөлшектердің бағасы өте қымбат. Осы технологияның негізгі элементі - егісті теріп алғаннан соңғы терең айдау - ластауыштармен күресу үшін арналады, сонымен қатар топырақта алғал жинауды арттыр, температуралық және қоректендіру режимдерін арттыру үшін жасалатын болған. Бірақ мұндай жүйе қалағандай нәтижелерді алып келмейді.
Экономикалық себептер салдарынан фермерлер ауылшаруашылығына жұмсалатын тыңайтқыштар, химикаттар, жанғыш - жағар материалдар және қымбаттығынан оларды жұмсауды күрт шектеді. Техниткаларды, жабдықтарды және қор бөлшектерін сатып алу мөлшері де күрт қысқарды. Жаңа техникаларға деген қымбат баға, қолда бар ескі техникалардың сапасының нашарлығы салдарынан егіс мерзімдері дұрыс сақталмай, егістердің ластығы күшейіп және терімдерді жинау сапасы да нашарлады. Жақын уақыттарда ауыл тауар өндірушілерімен ауыл шаруашылығы өндірісіне деген салынатын инвестициялар көлемі жоғары емес қарқында жүргізілетін болады және жоғары емес шығындарды қажет ететін технологиялар және жаңашылдықтар есепке алынатын болады.
Фактілі түрде қазіргі күндері Қазақстанның оңтүстік аймақтарында егін өсіру үшін жүйеге келтірілген, иғылыми - негізделгеннольдік және минимальды технологияларды пайдалану әлі жоқ. Күріш және басқа да дақылдарды тікелей егу үшін техника қажет және гербицидтер қажет. Зәктету бойынша егу технологиясымен бірге нольдік/минимальды технологияларды ендіру аймақтың егістілігін біршама жақсартқан болар еді.
Маңыздылығы жөнінен үшінші басты проблема болып аудан үшін нарықта сұраныспен пайдаланылатын егілетін дақылдардың әртүрлілігін арттыру саналады, ол ауданның тұрақты дамуы үшін суландыруға пайдаланылатын суды рационалды пайдалануға, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға мүмкіндік берген болар еді. Қызылорда облысы пайданың деңгейі төмен болып келетін аудандар тобына жатқызылады, әсіресе ауылды жерлері, және фермерлер, сонымен қатар ауданның тұтас алғанда экономикалық жағдайын көтеру өндіріске жоғары өнімділіктегі дақылдарды, яғни рентабельділігі жоғары өнімдерді (егілетін дақылдардың түрлерін жақсарту және ұлғайту) енгізумен байланысты. Егін өсіруді диверсификациялаудың негізгі бағыттары болып - дәндік әртүрлілікті кеңейту және техникалық дақылдар түрін кеңейту, бірінші кезекте, майлы дақылдар көлемін арттыру болып табылады. Олай болса, ауданның халқының экономикалық жағдайын жақсарту негізінен өндіріске шөлге төзімді (егілетін егіннің қатарын жақсарту) жоғары рентабельділіктегі дақылдарды егуді ендірумен тікелей байланысты.
Аудан үшін маңыздылығы жағынан төртінші проблема болып суландыру суының минералдылығының жоғары болу шартында және минералданған жер асты суы жер бетіне жақын болған жағдайында дақылдарды диверсификациялау үшін су - сақтаушы суғару техникасының қымбат емес және тиімді түрлерінің жоқтығы саналады. Аудан үшін тиімді және қымбат емес су сақтайтын суғару технологиясы және суландыру суының минералдылығының жоғары болу шартында және минералданған жер асты суы жер бетіне жақын болған жағдайында диверсификацияланған дақылдар үшін тиімді техника өте қажет болып саналады. Қазіргі уақытта көптеген құрғаққа төзімді дақылдарды күріштік жүйелерде өсіреді, ол инженерлі - дайындау жерлерін тиімді пайдалану проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Негізінен, егін дақылдарын күріштен соң ағызу арқылы суландырады, нәтижесінде егіндер минералданған жер асты суларының жоғары көтерілуі салдарынан және топырақтарда сорлардың түзілуінен өлуге ұшырайды. Тиімді қадамдардың бірі болып шашырату арқылы (bed - planting texnology) егу технологиясын пайдалану есептеледі.
Жақын арада СИММИТ пен басталған Қазақстандағы дақылдарды егудің үлкен емес технологиялық эксперименттері тек қана өнімділікті жоғарылатуға ғана емес, сонымен бірге едәуір дәрежеде (40%) суландыру үшін жұмсалатын су мөлшерін үнемдеуге, дәндерді егу нормасын азайтуға, топырақтарды өңдеу үшін жұмсалатын шығынды азайтуға және сонымен бірге жанғыш материалдар шығыын және т. б. азайтуға мүмкіндік туындайтынын көрсетті. Мұнда топырақтың жағдайы жақсарады. Борозда бойынша дақылдарды егу топырақты өңдеудің минимальды/нольдік технологиямен бірге алғанда егін егудің рентабельділігін жоғарылатуды қамтамасыз етуге, жақсартылған диверсификациялық айналымды жүргізуге, терім және егу арасындағы мерзімдерді минимумға дейін жеткізуге, жылына кемінде екі рет терім жүргізуге мүмкіндік береді. Егін айналымында әртүрлі дақылдарды күрішпен осы технологиялар көмегімен бөлісу республикамыздың оң жақ жерлерінде егін егу рентабельділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Жылына екі рет терім жүргізу көккейкесті проблема болып саналады және Оңтүстік Қазақстан облысы үшін нақты жүзеге асырылатын жағдай. Атап айтқан нөлдік технология және тұрақты бороздалар бойынша егу технологиясы осы маңызды экономикалық мәселені шешудің тиімді жолы болуы мүмкін.
Аудан үшін маңыздылығы жөнінен бесінші проблема болып жаңа технологиялардың ретке келтірілген жүйесін енгізу саналады. Ресурс- және сусақтаушы технологияны және егін егудің рентабельді диверсификацияланған жүйесін сәтті енгізудің негізгі элементі болып фермерлерді жаңа технологияларға үйрету, фермерлердің осы технологияларды шаруашылықта зерттеушілік жергілікті ұйымдар мамандарымен біргелікте бағалауы саналады, ол өндірістің тұрақтылығын және рентабельділігін арттыру үшін өте маңызды. Жаңа технологиялармен танысу және жергілікті тұрғындардың кең қабатының бет алысымен, әкімшіліктік жұмысшылар, мамандармен массалы ақпараттар құралдары, конференциялар, егін күндері және т. б. мәжілістер арқылы танысуы аграрлық сектордың жалпы деңгейін жоғарылату үшін өте маңызды.
Олай болса, ауданның аграрлық сектордың жағдайын талдай отырып, Қазақстанның оңтүстігі суғарылатын жерлері үшін ресурс- және сусақтаушы технологияларды және егін егу ісінің рентабельді диверсификацияланған жүйелерін енгіу көкйкесті мәселе, ол орта және жағдайлары төмен фермерлердің экономикалық жағдайларын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz