Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім беру



Кіріспе 3
І Тарау. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің теориялық негіздері
6
1.1. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің дидактикалық қағидаларының сипаты 6
1.2. Білім берудегі инновациялық технологияларға шолу 15
1.3. Кейстік оқыту технологиясының теориялық негіздері 29
ІІ Тарау. Жоғары сынып оқушыларын «Авто ісі» пәніне оқытудың әдістемелік негіздері
35
2.1. «Авто ісі» пәнін оқытудың мазмұны
а) 10 сыныпқа арналған тақырыптық жоспар
ә) сабақтың үлгі жоспары 35
37
38
2.2. Авто ісі пәнінің «Қоректендіру жүйесі» тарауын оқытуда кейс әдістін қолдану жолдары 47
ІІІ Тарау. Автомобильдің қоректендіру жүйесі 64
3.1. Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері 64
3.2. Қоректендіру жүйесінің приборлары 68
3.3. Қоректендіру жүйесінің ақаулары
72
Қорытынды 75
Әдебиеттер 76
Қосымша 78
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы қашанда әлеуметтік қайта өрлеудің қайнар көзі болып келді және оны дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», - деп көрсетуінің өзі бүгінгі таңда жастарға ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру мүмкіндігін жетілдіру сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен бейімділігін, ептілігін арттыру әділетті қоғамның басты міндеті болып отырғанын көрсетеді. Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Оқушылардың шығармашылығын әдетте мектептерде сабақтарда, шеберханаларда, от басында шынығады. Оқушыларға кәсіптік білім түрлерін тереңірек зерделей отырып оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын міндетті және мүмкіндік талаптарды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Мектеп оқушыларының жеке ерекшелігін ескере отырып ішкі мүмкіндіктерін ояту, білімге құштарлығын арттыру, ең алдымен, олардың көңіл күйлерін жағымды арнаға түсіріп, қолайлы жағдай туғызуды талап етеді. Оның ғылыми негіздерін зерттеуде ұлы ғұламалар мен психолог-педагог ғалымдардың (Әл-Фараби, Я.Коменский, Ж.Баласағүн, К.Ушинский, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Л.Толстой, А.Макаренко, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, И.Песталоцци, Д.Лихачев, Л.Фридман, т.б.) тәрбиелей отырып оқыту теорияларын басшылыққа алуға болады.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде білім беру, прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті. Сондықтанда білім беру ісінде оңды нәтижелерге жетелейтін жаңа педагогикалық оқыту технологиялары туралы соңғы кездері ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде және баспа материалдарында кеңінен айтылуда. Сабақ барысында оқыту әдістерінің тиімді түрлерін қолдану жақтарын көптеген педагогтар Т.И.Щукина, Н.Бабанский, В.Ф.Шаталов, Т.А.Ильина т.б. өз еңбектерінде көрсеткен.
Жас кезден игерілген ойдың орамдылығы ауылдық икемділігі дүниенің қыр-сырын шексіз меңгеруге болатынына мүмкіндік беретін психологиялық тұрғыда жан-жақты зерттеген Я.А.Пономарев Л.С.Выготский Н.А.Лук сияқты ғалымдардың еңбектерінен белгілі.
1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңы”// Қазақстан, 1999ж.
2. Назарбаев Н.Ә. Президенттің Қазақстан халқна Жолдауы: Бәсекеге қабілетті Қазақстан үін, бәсекеге қабілетті экономика үшн, бәсекеге қабілетті халық үшін //Егемен Қазақстан. Астана, №65-68, 2004 ж.
3. Білім тұырымдамасы Үкіметтен қолдау тапты //Егемен Қазақстан, №42-45, 2004 ж.
4. Әбиев Ж. Педагогика:Оқу құралы. –Алматы:Дарын, 2004.
5. Бабанский Н. Выбор методов обучения в средней школе. -М.:Политиздат, 1982. -182 с.
6. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагогика. -1989.
7. Ескендиров Ш.З., Усенкулов Ж.А., Бакибаева Г.Б., Шертаев Е.Т.
8. Методические рекомендации по составлению кейсов. –Шымкент, ЮКГУ, 2005. -25с.
9. Лихачев В.М Педагогика. Курс лекции.-М.:Прометей,Юрайт,1998. -464с.
10. Материалы Международной научно – теоретической конференции. Нурахметова А.Р. – Алматы- 2000. – С.84-86.
11. Махмутов И.М. Организация проблемного обучения в школе. –М.,1980. -248с.
12. Методика трудового обучения и общетехнических дисциплин. Учеб.пособие для студентов пед.институтов/ под ред. Д.А.Тхоржевского- М.: Просвещение, 1982.-286с.
13. Методическое пособие по преподаванию конкретных ситуации /Под ред. А.И.Наумова, -М.:Ассоциация развития управления, 1997.
14. Момынбаев Б.,Өстеміров К. Тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту методикасы: Кәсіптік-техникалық училищелердің мұғалімдеріне арналған оқу құралы. –Алматы: «Рауан», 1990. -144б.
15. Нағымжанова Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп. 1999 №3. 9–11 бб.
16. Нұрахметов Н.Н. Қазақстандық мектептер дамуының жаңа бағыттары //Қазақстан мектебі – 1996. №2. -11-15 бб., 1996. №3. – 39-44 бб.
17. Калинский В.С. Автомобиль. –Алматы, 1976.
18. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике: обучение на основе исследования, игр, дискуссий. Рига: НПЦ «Эксперимент». -1995.
19. Краевский В.В. Проблема научного обучения: методический анализ.-М.:Просвещение, 1977. -342 с.
20. Қабдықайырұлы Қ. және басқалар. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. –Алматы, 1999ж.-149 б.
21. Қоянбаев М, Қоянбаев С. Педагогика. ЖОО студенттерге арналған оқу құралы. Гумелев атындағы ЕАУ Астана, 1999-321
22. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003.
23. Педагогические технологии: Учеб.пособие для студентов пед. специальностей /под ред. В.С.Кукушина. – Ростов н/Д: «Март», 2002. -320с.
24. Платонов К.К., Адаскин В.И. Об изучении и формировании личности учащегося.-М.:Просвещение, 1987.-224 с.
25. Плеханов И.П. Автомобиль. –М.:Просвещение,1987.
26. Подласый И.П. Педагогика. В 2кн. – М.:Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999.
27. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Общая педагогика / Под ред. В.А.Сластенина: В 2ч. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2002.
28. Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. 1999. №3. 5-9 бб.
29. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования. – Алматы, Научно-издательский центр «Ғылым», 2001.
30.0рлов В.И. Активность и самостоятельность учащихся// Педагогика.-№3.-1998.-С.44-48.
31. 0сипов И. Формирование учебной мотивации школьников //Школа и произ¬водство.-№2.-2004.-С, 4-6.
32. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998.- 256с.
33. Строкова Т.А. Педагогическая поддержка и помощь современной образовательной практики / Педагогика. -№4.-2002.-С. 20 –27.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
І Тарау. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің 6
теориялық негіздері
1.1.Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің дидактикалық 6
қағидаларының сипаты
1.2.Білім берудегі инновациялық технологияларға шолу 15
1.3.Кейстік оқыту технологиясының теориялық негіздері 29
ІІ Тарау. Жоғары сынып оқушыларын Авто ісі пәніне оқытудың 35
әдістемелік негіздері
2.1.Авто ісі пәнін оқытудың мазмұны 35
а) 10 сыныпқа арналған тақырыптық жоспар 37
ә) сабақтың үлгі жоспары 38
2.2.Авто ісі пәнінің Қоректендіру жүйесі тарауын оқытуда кейс 47
әдістін қолдану жолдары
ІІІ Тарау. Автомобильдің қоректендіру жүйесі 64
3.1.Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері 64
3.2.Қоректендіру жүйесінің приборлары 68
3.3.Қоректендіру жүйесінің ақаулары 72
Қорытынды 75
Әдебиеттер 76
Қосымша 78

Кіріспе
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның болашағы қашанда әлеуметтік қайта
өрлеудің қайнар көзі болып келді және оны дамытуға барынша қолдау жасалып
отыр, - деп көрсетуінің өзі бүгінгі таңда жастарға ғылым мен прогресс
деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру мүмкіндігін жетілдіру сонымен қатар
әр адамның кәсіби біліктілігі мен бейімділігін, ептілігін арттыру әділетті
қоғамның басты міндеті болып отырғанын көрсетеді. Білім берудің мақсатын,
міндеттерін жүзеге асыруда мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс
арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас
жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі
жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері
қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Оқушылардың шығармашылығын
әдетте мектептерде сабақтарда, шеберханаларда, от басында шынығады.
Оқушыларға кәсіптік білім түрлерін тереңірек зерделей отырып оқушылардың
дайындық деңгейіне қойылатын міндетті және мүмкіндік талаптарды жүзеге
асыруға мүмкіндік туғызады.
Мектеп оқушыларының жеке ерекшелігін ескере отырып ішкі
мүмкіндіктерін ояту, білімге құштарлығын арттыру, ең алдымен, олардың көңіл
күйлерін жағымды арнаға түсіріп, қолайлы жағдай туғызуды талап етеді. Оның
ғылыми негіздерін зерттеуде ұлы ғұламалар мен психолог-педагог ғалымдардың
(Әл-Фараби, Я.Коменский, Ж.Баласағүн, К.Ушинский, А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, Л.Толстой, А.Макаренко, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
И.Песталоцци, Д.Лихачев, Л.Фридман, т.б.) тәрбиелей отырып оқыту
теорияларын басшылыққа алуға болады.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде білім
беру, прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге
келіп жетті. Сондықтанда білім беру ісінде оңды нәтижелерге жетелейтін жаңа
педагогикалық оқыту технологиялары туралы соңғы кездері ғылыми-
педагогикалық әдебиеттерде және баспа материалдарында кеңінен айтылуда.
Сабақ барысында оқыту әдістерінің тиімді түрлерін қолдану жақтарын көптеген
педагогтар Т.И.Щукина, Н.Бабанский, В.Ф.Шаталов, Т.А.Ильина т.б. өз
еңбектерінде көрсеткен.
Жас кезден игерілген ойдың орамдылығы( ауылдық икемділігі дүниенің қыр-
сырын шексіз меңгеруге болатынына мүмкіндік беретін психологиялық тұрғыда
жан-жақты зерттеген Я.А.Пономарев( Л.С.Выготский( Н.А.Лук сияқты
ғалымдардың еңбектерінен белгілі.
Кәсіпке баулуда жоғары сыныпта өтілетін Ауылшаруашылық техникасы
пәнінің келешегі зор. Оқушыларды оқытуда заман талабына сай озық
технологияларды және оқытудың жаңа әдістерін қолдану өте тиімді екендігі
даусыз. Соңғы жылдары жаңа білім бағыттары туралы көптеп жазылып жүр. Ол
Кейс әдісі интенсивті оқыту технологиясы ретінде оқушының өз бетінше ойлау
және инициативашылдығын мен мұғалімнің творчестволықпен педагогикалық
жетекшілік етуінің үйлесімділігіне ерекше мүмкіндіктер береді. Кейстер
шешімдерді ұжымдық және жеке ізденісті қажет ететін практикалық проблемалар
көрсетілген оқу материалы.
Кейс әдісі - оқушының мәселені нақты іс-әрекетте алынған теориялық
білімін қолданып, талдау қабілеті, бейімдік дағдылар мен шеберлікті
дамытуға және өз ұстанымын қорғауды үйренуге мүмкіндік береді. Қарастырған
зерттеу жұмыстары авто ісіне үйретуде оқытудың инновациялық
технологияларын қолдану мәселелерін қарастырмаған, сондықтан да біз
зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: Оқушыларды Авто ісі пәнінің
Қоректендіру жүйесі тарауын оқытуда инновациялық оқыту әдістерін қолдану
деп алдық.
Зерттеудің нысанасы: 10 сынып Авто ісі пәні.
Зерттеудің пәні: оқушыларды ииновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып
кәсіпке баулу үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: жоғарғы сынып оқушыларын Авто ісіне үйретуде
инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін
дамыту.
Зерттеудің міндеттері:
• білім беру процесінде дидактикалық принциптердің маңызы мен мәнін
зерделеу;
• инновациялық оқыту технологияларын пайдалану мүмкіндіктерін негіздеу;

• кейс әдісінің теориялық негізін аныш қарастыру;
• оқушыларды Авто ісіне үйретудің мазмұнын анықтау;
• пәнді оқыту барысында кейс әдісін қолдану жолдарын ашып көрсету;
• Зерттелетін пән мазмұнын ашып қарастыру.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: жоғары сынып оқушыларын
Авто ісі сабағында Қоректендіру жүйесі тарауын оқытуда кейс әдісінің
қолданылу жолдары мен материалдық техникалық базасының ерекшеліктері
ашып көрсетіледі.

І тарау. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің теориялық
негіздері

1.1. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудегі дидактикалық
қағидалардың сипаты

Дидактикалық принциптері негіздерінің алғашқы әрекеттері
Я.А.Коменскийдің, Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталоццидің еңбектерінде жасалған.
Олар принциптердің бірін жетекші ретінде ұстауды да, соның негізінде
дидактикалық қағидаларының бүкіл жүйесін құрды.

Дидактикалық қағидаларының жүйесі оқыту процесінің заңдылықтарын білдіреді
және тәрбие мақсаттарымен белгіленеді.
Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық қағидалар білім мазмұнының
негізіне алынады. Олар төмендегідей:
оқыту процесін гуманитарландыру қағидасы;
оқытудың ғылымилығы, жүйелілігі қағидасы;
теория мен практиканың байланыстылығы қағидасы;
оқытудың көрнекілігі қағидасы;
оқытудың саналылығы мен белсенділігі қағидасы;
білім беру мен тәрбиенің және жеке тұлғаның дамуының байланыстылығы
қағидасы;
білімнің шамаға лайықтылығы мен оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін
есепке алу қағидасы;
білімді берік және тиянақты меңгеру қағидасы;
оқыту процесінде пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық қағидасы.
Гуманитарлық білім беру төмендегідей басты міндеттерді жүзеге асыруды
көздейді:
- барлық пәндерді оқыту білім берудің гуманистік бағытын,
шығармашылық потенциалының қалыптасуын, болашақ маманды даярлауды жалпы
адамзаттың рухани құндылықтарының басымдығын қамтамасыз ету;
- гуманитарлық білім беруді Қазақстан Республикасының ұлттық
тарихымен, мәдениетімен, дәстүрімен байланысты болып, әрі жалпы өркениеттік
міндеттер аясында әлемдік және ұлттық мәдениетпен бірлікте жүргізу;
- гуманитарлық пәндерді оқу-үйрену ынтымақтастық педагогикасының
студенттер мен оқушылардың ұсынылған арнаулы оқу курстарын еркін таңдауына
негіздеу;
- гуманитарлық білім беру алынған мамандықтың қажеттіліктерін, кәсіби
қызметте адамның шығармашылық әлеуметінің ашылуына жәрдемдесіп, өздігінен
білім алуға ынтасын туғызу, әрі іскер қарым-қатынас дағдысын, адамдар
арасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
- жеке адамды оқыту әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыру кезеңдерінің
өн бойында гуманитарлық даярлықтың үздіксіз сипатта жүргізілуі тек танымдық
мақсатта ғана емес, сонымен қатар дара қарым-қатынас, икемділік,
шыдамдылық, батылдық, ынталылық жеке бастың тәртіптілігі жауапкершілік
қатынастарын игеруін және сыртқы ортада дұрыс бағыт-бағдар ұстай білу
қабілетін қалыптастыруды көздейді.
Кәсіпке баулу сабақтарында мұғалім оқыту процестерінің
гуманитарландыру қағидасын жүзеге асыруы қажет.
Дидактикалық қағидаларының кәсіпке баулу сабақтарында қолданылуы
қажеттілік болып табылады.
Оқытудың ғылымилық принципі. Кәсіпке баулу сабағының мазмұны
өндірістің негізгі компоненттері бойынша анықталатындығы белгілі. Кәсіпке
баулу сабағының техника, технологиялық процестердің және экономикалық
көрсеткіштерді оқыту барысында олардың негізгі анықтамаларын, заңдылықтарын
ғылыми негізде түсіндіру қажет.
Техника мен технологиялық ғылыми негізі жаратылыстану негізінде
түсіндіріледі, экономикалық көрсеткіштер сандық-саналылықпен анықталынады.
Сонымен бірге мұғалім пайдаланған ғылыми ұғымдар мен терминдерді
түсіндіріп, дұрыс қолдана білуге үйретеді.
Кәсіпке баулу сабағында оқушыларға бұйым жасауда материалды таңдау
үшін олардың қасиеттерін, технологиялық өңдеу барысында болатын
құбылыстарды ашып ғылыми тұрғыда түсіндіру, оқушының ойлау қабілетін
дамытады.
Оқытудың жүйелілік және бірізділік принципі. Білімнің жақсы
меңгерілуі үшін жаңа білім бұрынғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуге
тиіс. Таным қызметінің бұл жағы жүйелілік және бірізділік принципі деп
аталады. Мұғалім оқу материалына, мазмұнына байланысты әрбір сабақтың оқу
материалын, мазмұнын дидактикалық талаптарға сай логикалық байланыста,
оқуға жүйелі қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпке баулу сабақтарының барлығында
әрбір оқушы жүйелі түрде политехникалық және арнайы еңбек дағдыларын және
сол сияқты өндірістің ғылыми негізін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Міне,
сондықтан оқушыларды сыныптан сыныпқа көшкенде еңбек операциялары,
технологиялық процестерін, техника негіздерін және еңбек құралдарымен жұмыс
істеуді біртіндеп қарапайымнан күрделіге өтіп меңгерілуі тиіс. Кәсіпке
баулу сабақтарында бірізділік, жүйелілік принципті жүзеге асыру бағдарлама
мазмұнында көрсетілген. Егер бұйымдарды мұғалім енгізуді қажет деп санасы
онда, бұл қағиданы естен шығармауы тиіс. Бағдарлама мазмұнында алдымен
өңделетін материалдың қасиетін оқып үйрету қарастырылса, содан соң оларды
өңдеу технологиясы меңгеріледі. Сабақ барысында бірізділік, жүйелілік
принциптерін іске асыруда мұғалімнің қызметі мына бағытта жүзеге асырылуы
тиіс: кәсіпке баулу сабақтарының барлық кезеңдерінде оқушылардың
жалпыеңбектік, жалпыөндірістік дағдыларын қалыптастыру көздеуі; өндірістің
ғылыми негізін, бір тұтас жүйелі білімді қалыптастыруды қарастыруы;
оқушылардың әрбір сабақта меңгерген оқу материалы бұрынғы өтілген
сабақтардың негізінде жүргізуі; әрбір сабақты жоспарлауда ол сабақтардың
өткен сабақтармен байланысты болуын қарастыруы; сабақта өткен техника-
технологиялық мағлұматтар бағдарламалы тиянақты белгілеуді.
Оқытудың түсініктілігі мен ауқымдылық принципі. Білімнің жақсы
меңгерілуі үшін олар түсінікті келтірілген болуы керек. Оқытудың
түсініктілігі мен шамаға лайықтылығы берілген сыныпқа, оқушылардың жас
ерекшелігіне, білім деңгейіне сай болуы тиіс.
Шамаға лайықтылық - алған білімнің оқушының санасына байланыстылығын
көрсетеді. Егер ондай байланыс болмаса, онда білім шамаға лайықты емес.
Шамаға лайықтылық түсініктілік пен ауқымдылық ол баланың саналы білімі
оқыту процесінен, жанұялық тәрбиеден, табиғаттан тікелей алған және
қоғамдық құбылыстардан, үлкендермен қарым-қатынаста, кітап оқуда,
кинофильмдерден алғаны. Білімнің түсініктілікпен ауқымдылық жүйесі көлемі
мен ауқымдылығы жағынан оқушының білім деңгейін көтеруі қажет.
Кәсіпке баулу сабағында білімнің шамаға лайықтылығын былай
қарастыруға болады. Жасалатын бұйымның оқушылардың жас ерекшелігіне,
физиологиялық ой ерекшелігіне сай келуі. Сонымен бірге істелетін жұмыс
қарапайым да, күрделі де емес, оқушының қабілетіне сай болуы.
Оқытудың көрнекілік принципі. Оқушылық таным нақты фактілер мен
құбылыстарды сезімдік қабылдауынан басталады. Көрнекілік принципі нақтылық
пен абстрактіліктің бірлігі негізінде алынып қарастырылады. Бұл принцип
оқушылар білімдерді игергенде оқылып зерттеліп отырған заттармен
құбылыстарды немесе олардың кескінін жанды қабылдаудан жинақтауға,
қорытындылауға немесе керісінше, жалпыдан жалқыға, нақтыға қарай оқытуды
осылай етіп қою талаптарын білдіреді. Я.А.Коменскийді көрнекі оқытудың
еңбек сіңірген жасампазы деп санаймыз.
К.Д.Ушинский оқушыларда байқағыштықты таным, білім белсенділікті
дамыту үшін көрнекі оқытудың маңызын жақсы түсінген. Мұғалімнің сөзінің
көрнекілікпен дұрыс ұштасуының үлкен маңызы бар. Дидактикада сөз бен
көрнекілікті ұштастырудың екі жолы белгілі. Бірінші жолы - көрнекі
құралдарды көрсету мұғалім сөзінің алдынан келеді. Бұл жағдайда мұғалім
оқушының байқауына басшылық етеді, ал, байқаулардың барысында олар қажетті
білімдерді алады. Екінші жолы - сөзбен түсіндіру құралдарды көрсетудің
алдынан келеді. Біріншісі тиімді саналады. Өйткені бұл білімдердің
хабарлауын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сондай-ақ оқушылардың
байқағыштығын дамытуға жол ашады. Екіншісі уақытты аз керек етеді және
материалдық сипаты мен оқыту жағдайларына қарай пайдалануға болады. Кәсіпке
баулу сабағында еңбек процесінің орындалу ретін оқушыларға тиянақты жеткізу
мақсатында мұғалім әр түрлі көрнекі құралдарды пайдаланады. Олар техникалық
суреттер, сызбалар, плакаттар, модельдер, макеттер. Практикалық жұмыс
барысында дайын бұйымдардың үлгілері қолданылады. Көрнекілікпен оқыту
танымға барлық сезім органын қатыстыру. Көрнекі құралдарды тек мұғалім ғана
емес, сондай-ақ білімдерін бекітіп, тексергенде оқушылар да пайдаланады.
Сабақта көрнекі материалмен бастырмалауға болмайды. Көрнекі құралдар
тым көп болып кеткенде туатын әсерлердің молдығы оймен толғап қорытуы
қиындатады және оқушылардың білім сапасына нұсқан келтіреді.
Оқытудың саналылық және белсенділік принципі. Саналылық пен
белсенділік оқушылардың таным-білім және практикалық іс-әрекетіне жасалатын
педагогикалық басшылықтың дәрежесіне байланысты. Саналылық пен белсенділік
дәрежесі көп жағынан оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу сапасына байланысты
болады. Белсенділік пен саналылық (қытудың бүкіл барысында қалыптасады.
Оқу материалын саналы игеру мұғалім оңайлатып жібермей баяндаған
жағдайда мүмкін болады. Мұғалім пайымдауының, айқындығының, нанымдылығының
және дәлелдігінің үлкен маңызы бар. Материалды саналы игеру балалар жаңа
бейтаныс сөздердің түсінігін дербес табуға ұмтылған жағдайда мүмкін болмақ.
Оқытудың өмірмен байланыс - білімдерді саналы игерудің маңызды алғы
шарты. Саналылық - оқу ісіндегі формализмді жеңудің маңызды жолы. Оқу
ісіндегі формализм - оны жеткілікті түсінбей және практикада қолдана білмей
оқу материалын жайдан-жай жаттап алу.
Саналылық, белсенділік, өзіндік принципі еңбек әрекетінде айқын
байқалады. Сондықтан оқушыларды еңбек әрекетін, қабілетін саналы түрде,
белсенді түрде, белсенді өзіндік жұмыс атқару арқылы қалыптастыру әрбір
мұғалімнің міндеті. Кәсіпке баулу сабақтарында оқушылардың еңбегі өз
бетінше орындалатын жаттығулар, лабораториялық, практикалық жұмыстар арқылы
оқу өндірістік тапсырмалар арқылы техникалық құжаттарды талдауы,
техникалық, технологиялық есептерді, экономикалық есептерді шешу арқылы
жүзеге асырылады. Сондықтан қарастырып отырған принцип оқу материалын
меңгеру деп проблемалық оқыту тұрғысынан шешу арқылы қарастырылады. Себебі
оқушы тапсырма алу арқылы өз бетінше сол тапсырманы орындайды. Практикалық
жұмыс барысында еңбек құралдарын анықтайды, схема, сызба, есептеу жолдарын
қарастырады. Бірақ ол әрекеттердің барлығын оқушы бір мезгілде шеше алмауы
мүмкін. Сондықтан мұндай әрекетке мұғалім біртіндеп оқытуды үйретеді.
Білімді игеру беріктігінің принципі. Білімді игерудің беріктілік
принципі оқушының оқыған оқу материалын ұзақ уақыт есте сақтауды көздейді.
Жалпы білім беретін мектептер мынадай міндет қояды: оқушыларға
берілетін білімдер олардың өмір бойы есінде сақтайтындай ету. Ол үшін
мұғалім оқыту процесінде оқушының білімді саналы игеруін, белсенділігін
туғызуы керек. Сонда білімдер берік игеріліп, оқушының дамуына ықпал ете
алады. Кәсіпке баулу сабағында оқушыларға икемділік пен дағдыны дұрыс
қалыптастырсақ және теориялық білімді саналы игертіп белсенділігін тудыра
алсақ, онда оқушылар практикада орындаған еңбек операциялардың өмір бойы
ұмытпайтын болады. Мәселен, пайдаланатын құрал-жабдықтардың, технологиялық
процестердің ғылыми негізі жөнінде де білімі берік қалыптасуын қамтамасыз
ету қажет. Мұның бәрі теориялық мағлұматтарды мұғалімнің оқушыларға қалай
және қайтып жеткізуінде болмақ.
Теорияның практикамен байланыстылық принципі. Оқушылардың ғылым
негіздері болып саналатын сабақтардан алған теориялық білімдерін практикада
қолдана білуді айқындайды.
Кәсіпке баулу сабағындағы негізгі құраушы принциптердің бірі -
политехникалық білім беру принципі. Политехникалық білім беру дегеніміз
өндірістің негізгі элементтері туралы экономикалық байланыстары туралы
білім беріп, өндірісте көп кездесетін еңбек құралдарымен жұмыс істеумен
дағдыландыру. Соның нәтижесінде барлық өндірістер туралы мағлұматтарды
қалыптастыру.
Политехникалық білімді былай көрсетуге болады:
1. Жалпы өндірістің теория және практика жүзінде ғылыми негізі туралы
жүйелі білім.
2. Жалпыеңбектік, жалпыөндірістік біліктілік пен дағды.
3. Жеке бастың еңбекке қабілеттілігін қалыптастыру. Кәсіпке баулу
сабақтарында оқушыларға өндірістің негізі туралы мағлұмат беріледі.
Өндірістің негіздерін төмендегідей көрсетуге болады:
1. Материалдық.
2. Техника негіздері.
3. Технология негіздері.
4. Басқару жүйесі.
5. Адам және оның еңбегі.
Өндірісті оқыту екі аспектіде оқытылуы ықтимал:
1.Өндірістің материалдық игілігі;
2. Өндірістің дидактикалық аспектісі.
Өндірістің дидактикалық аспектісіне өндірісте кездесетін техникалық
жұмыс істеу принципі технологиялық процестердің заңдылықтары, өндірістің
құрылымы, өндірісті басқарудың экономикалық принципі, өндірістің
жоспарларының тәсілдері жатады. Өндірістегі жұмысшының өндірістік процеске
байланысты еңбек функциясын, еңбек әрекеттерін қарастыру дидактикалық
мәселелерді қамтиды. Политехникалық білім беруде оқушыларға жан-жақты білім
беру қарастырылады.
Оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру принципі. Кәсіпке баулу сабағы
теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады және оның 75(ға жуық уақыты
практикалық сабақтың үлесіне тиеді. Осы практикалық жұмысқа бөлінген
уақытта оқушыларға міндетті түрде сабақтың барысында пайдалы өнімді
өндірумен шұғылдануы тиіс. Мұндағы ескеретін нәрсе оқушының еңбегі
үйретілетін, шеберлігін қалыптастыратын алғашқы оқу еңбегі, маман
жұмысшының еңбегіндей емес. Мектепте кәсіпке баулу сабақтарына байланысты
оқуды, өнімді еңбекпен байланыстыруда мына міндеттерді шешу қажет:
1)оқушылардың жасайтын өнімдерінің жоспарын орындау; 2)оқушылардың жасаған
бұйымына байланысты еңбегін материалдық және моральдық
ынталандыру;3)оқушылардың жасайтын бұйымына байланысты есеп жүргізу және ол
бұйымдарды қажетке жарату; 4) базалық кәсіпорын жағдайларында оқушыларды
жұмыс істеуге бейімдеу. Практикалық еңбек процестерінде кездесетін
құбылыстар мен заңдылықтарын, ғылыми тұжырымдамаларын анықтайды. Еңбек
процесіндегі кездесетін құбылыстардың, заңдылықтардың еңбек ету процесінде
де жүзеге асырылатынын оқушыға көрсету қажет етіледі.
Мұғалім қызметінде оқыту принциптерін әрқайсысын жеке емес, бірімен
бірі тығыз байланысты жүзеге асыруы қажет.
Кәсіпке баулу процесінде дұрыс іріктелген оқу материалы мен
практикалық іс-әрекеттерге сәйкес біздер оқушыларға дене тәрбиесі, еңбек
тәрбиесі, эстетикалық тәрбие элементтерін беруге жұмыс жасаймыз. Бұйымдағы
түстердің үйлесіп, қоршаған дүние, табиғат жөніндегі ойды оқуға, бейнелеуге
үйретеміз. Бейнелеу сауаттылығын қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

1.2. Білім берудегі инновациялық технологияларға шолу
Егер жалпы білім беретін және жоғары мектептер өскелең ұрпаққа
жинақталған тәжірибе беру бойынша міндеттерді нәтижелі шешетін болса
үздіксіз білім беру идеясы қазіргі заманғы жағдайда іске асуы мүмкін.
Өскелең ұрпаққа тәжірибе беруге ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа
білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің
қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір
оқытушыға және оқушыға оқыту мен үйрену процестерін игеру үшін 3 тілді
меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін.
Соңғы жылдары ғылым саласында жаңа мектеп құруда мектептің даму
үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация
дамып келеді.
Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу
дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі
мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал
жаңаша деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын
қамтитын құбылысты түсінеміз делінген.
Энциклопедиялық сөздіктерді инновация - әртүрлі анықталады. Үлкен
энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым жаңаша білім беру деп түсіндіріледі.
Ал, А.И.Кочетов инновация ұғымына төмендегідей анықтама береді.
Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық
және педагогикалық іс-әрекетін бір тұтас бағдарламасы. Алайда Р.Масырова
мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың
тұжырымдамасында, егер баратын деңгей алдын-ала көрсетілген болса, ол
қандай инновация делінген.
Тәжірибелер көрсетіп жүргендей кез келген инновация - мөлшерлі іс
әрекеттің шегіне ұмтылу және одан шығуы. Инновациялық құбылыстар білім
беру саласында өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап кеңінен тарала
бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселердің түйіскен жерінде пайда
болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық
құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Жаңару дегенімізді былай деп
түсіндіреді: жаңару –белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме
оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданылған уақытымен
анықталатын жаңа идея Масырова, Линчевская. Инновационные школы в
Казахстане. РВК, Алматы.
Осы тақырып төңірегінде жүргізілген зерттеулерді талдасақ, бұл
терминнің шығу тегі жөнінен бір пікір қалыптаспағандығын көреміз. Көптеген
зерттеулердің айтуынша, бұл термин қоғамдық ғылымға пайдаланылады.
Педагогикалық категория ретінде инновация салыстырмалы түрде жасалынады.
Сондықтан бұл ұғымға анықтама беруге әр түрлі пікір таластың болғанымен
керемет бір кереғар пікір немесе түсініспеушілік жоқ. Демек инновация
терминін анықтауда барлық авторлардың пікірлерін салыстырсақ, аса алшақтық
жоқ десе болғандай. Олардың ойынша инновация – педагогикалық категорияға
жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық жаңа бағдарламаны, оқу
жоспарын, әдіс-тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып
табылады.
Инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: 1)Жеке
түрі (жеке дара, бір-бірімен байланыспаған); 2) модульдік түрі (жеке дара
кешені, бір-бірімен байланысқан); 3) жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Ал кейбір ғылыми әдебиеттерде инновацияны модификациялық,
комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі.
Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін
өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың метематикаға жазған тірек
конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновация – бұдан бұрын пайдаланылмаған, белгілі
әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған тіл мен әдебиетті оқытудың
қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновацияға - білімге мемлекеттік стандарттарды еңгізу
жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде негізінен, мөлшерлерді,
параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін
қалыптастырады.
Жеке –бағдарлы оқыту технологиясын конструкциялау жеке тұлғаның
өзіндік дамуын және әрі қарай дамуын қамтамасыздандыратын жеке бағдарлы
білім беруге ауыса алады және ауысуы керек.
Жеке-бағдарлы оқыту білім беру процесіндегі әрбір оқушыда
қызуғышылықты, субъективті тәжірибені, танымдық мүмкіндігін, қабілеттігін
тудырады. Ізденісті оқуға баулу.
Жоғарыда айтылып өткендей инновациялар-өзгертулер білім беруге
ізденісті оқуға баулуды жүзеге асырады.
М.Клариннің пікірінше әлемдік педагогикада оқыту барысында дамытудың
бағыттарын көздеп отыр дейді. Мұнда дидактикалық ізденістер тенденциясын
анықтайды.
Оның ойынша, ізденісті оқуға баулудағы дидактикалық ізденістер:
- білім берудің потенциалын екпінді дамыту.
- ізденісті іс-әрекеттің өздігімен жан-жақты бағаланады.
- жоғары танымдық деқгейде дидактикалық мақсаттар қояды.
- педагогты оқуды зерттеу бойынша сыңар етіп тағайындайды.
-педагогтың оқушыларымен өзара жұмысында жеке кәсіптік дайындығын
байқатады.
Ізденісті оқуға баулудың базалық моделі болып шығармашылық ізденіс
ретіндегі оқыту моделі табылады: проблеманы шығару, туғызу, ғылыми болжам
жасау, оны тексеру, танымдық процесс пен нәтижеге танымдық рефлекс
туындайды.
Мұндай оқыту дискуссия мен ойынды модельдеу, негізінде құрылады. Оқушы
оқу процесін белсенді қатысушы – яғни зерттеуге қатысушы ролін ойнау арқылы
өткізуі. Отандық және ресейлік мектептердің қазіргі даму барысында
инновациялық ізденіс төмендегідей бағыттарда жүріп жатыр білім берудің
мазмұнын қалптастыру жеке тұлғаны дамытуға арналған жаңа әдіс жүйе
педагогикалық технология құру және оны жүзеге асырып үйрену жаңа
үлгілердегі оқу мекемелерін жасау оларға енетіндер – гимназия, лицей,
колледж кез келген инновациялық үрдістің нысаны - оқушы.
В.Кларин инновациялық білім беруді екі негізгі типін бөліп көрсетеді.
Инновациялар - жаңалықтар, оқу процесін жаңартады. Олар кепілдік
берілген нақты нәтижелерге жетуге бағытталған. Олардың негізінде білім
беруге технологиялық тұрғыда кірісуді қажет етеді.
Инновациялар - өзгертулер оқу процесін айналдыратын бұл типтер,
зертеу жұмыстарын қамтамасыздандыруға негізделген. Осыларға сәйкес
жоспарланған жобалар техникалық ортаны жасауға және оқыту барысында
технологияны қолдануға бағытталған.

Технология-грек тілінен аударғанда techne (өнер, қолөнер, ғылым) және
logos (ұғым, ілім) дегенді білдіреді. Шетел сөздіктерінде: технология -
өндірістік процестерді жүргізу құралдары мен әдістері туралы білімдердің
жиынтығы. Технологиялардың көмегімен ақыл-ой ақпараты практикалық
шешімдердің тіліне аударылады. Технология - бұл білім беру әдістері сонымен
қатар жеке түрінде білім беруге қатысады. Кез-келген білім беру не
технология, болмаса өнер болуы мүмкін. Өнер интуицияға негізделген, ал
технология ғылымға. Бүкіл процесс қайтадан басталуы үшін өнерден басталады,
технологиямен аяқталады.
Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім
беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру
технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-
өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей
байланысты. Білім беру технологиялары” термині ''оқыту технологияларына”
қарағанда көлемді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының тұлғалық
сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.
ЮНЕСКО құжаттарында оқыту технологиясы техникалық және адамдық
ресурстар білімін игеру және оқытудың барлық процесін анықтау, қолдану және
құрудың жүйелі әдісі ретінде қарастырылады. Бұл технология анықтамасы
үздіксіз жаңа (экологиялық, ғарыштық, ақпараттық) технологиялар пайда болса
да толық және дәл мәліметті бере алмайды.
Технология - жалпы түрінде бұл мақсат қалай және қандай өнімнің нақты
түріне енеді немесе оның бөлімін құрайды деген сияқты ойдан шығарылған
жүйе. Мысалы: ғылыми және әдістемелік әдебиеттерден технологиялар
анықтамасының бірнеше варианттарын айтып өтелік:
-практикалық мақсаттарға жетудің техникалық әдістері;
-адамның өмір сүруі үшін қажетті заттарды алу үшін қолданылатын
әдістердің жиынтығы;
-адамның білім беруін ұйымдастыру әдістері мен процедураларының
жиынтығы;
-адамның тәртібін модельдеу үшін қолданылатын құралдар;
Білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі
принциптердің қатысуымен жасалуы тиіс:
- дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;
-қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада
технологияларды қайта өндіру принципі;
-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне
әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының
қисықтық принципі;
-оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық
қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;
-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу
ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі;
Сонымен технология көмегімен білімдерді, дағдыларды, біліктілікті
игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету
мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Гуманитарлық технология - адамдардың өзін көрсету, олардың
интеллектуалдық қасиеттерін өздерін жүзеге асыруы технологиясы.
Технологияның классификациясы. Техникалық және экономикалық
технологиялардың тиімділігі: Мысалы: Гуманитарлық технологияларды қолдануда
бизнесмендер мен менеджерлердің қаншалықты жетілдірілгенімен анықталады.
Кейбір социологиялық зерттеулер бойынша шаруашылық жетекшілері өздерінің
білімдері мен қабілеттіліктерін 30 пайызға, ең жоғарғысы 70 пайызға
жетілдіреді. Неғұрлым олардың басқару - гуманитарлық дайындығы төмен болса,
соғұрлым олардың жеке тұлғалық іскерлік потенциалдары төмен болады. Бұл
дайындықты жақсарту өндірістік кәсіпорындарда еңбек өнімділігін 25-30
пайызға, ал жеке жағдайларда 40-60 пайызға жоғарылатуды қамтамасыз етеді.
Технологиялық және экономикалық техникалармен қатар, біздің өмірімізде
әлеуметтік техникалар пайда болды. Олар шет елдерде бұдан бұрын белгілі
болған. Бұған қызығушылық ХХ ғ. 70-80 жылдары Болгарияда 2 ірі жұмыстардың
пайда болуына байланысты пайда болды. Бұл Н.Стефановтың ”Қоғамдық ғылымдар
және әлеуметтік технология” және М.М.Марковтың Әлеуметтік басқарудың
нәтижелілігі”. ХХ ғ. 60 жылдары пайда болған әлеуметтік психология және
социология көмегімен әлеуметтік процестерді басқару бойынша зерттеулер
мүмкін бола бастады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік, инженерияны, содан кейін
әлеуметтік технологияларды қажет ете бастады. Бірақ бұл аталған ғылыми-
қолданбалы аймаққа кеш қосылу, оның түсінігінде әр түрлі көзқарастарға
әкелді, көбінесе әлеуметтік технологиялар, адам жүргізетін технологиялармен
бірге жүреді. Әлеуметтік технологиялар адам өмірінің маңызды мәселелерін
шешуге мүмкіндік береді. Оларда негізінен әлеуметтік құбылысқа назар
аударылады. Адам мұнда обьект ретінде де, мақсат ретінде де болмайды.
Оларда өзінің обьекті және соған сәйкес өзінің мақсаттары болады. Сондықтан
бұл аталған технологиялар түрінің мамандануы пайда болады.
Гуманитарлық технологияларға: футурологиялық, ситуациялық және
күнделікті технологиялар жатады.
Футурологиялық гуманитарлық технологиялар болашақта мүмкін болатын
нұсқаулардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени, моральді-психологиялық және
демографиялық “болжам” жасайтын синоптикалық картаны қайта өндіреді. Бұл
технологиялар көмегімен еңбек ұжымдарының аймақтың қоғам жағдайының нақты
моделі болжамдалады. Бұл өзінің жұмысында жаңа мәселелерді шешуге дайын
болуға қызығатын жетекшілер үшін өте маңызды.
Ситуациялық гуманитарлық технологиялар - қандай да бір жағдайлардың
себебі бойынша қолданылады және өңделеді. Мысалы: төтенше жағдайларда
адамдардың тәртібін басқару. Бұл технологиялар бойынша арнайы тренингтер
жұмысшылардың кәсіби оқуы жүргізіледі. Көбінесе ол ”ситуация-жанжал” немесе
іскерлік ойын түрінде жүргізіледі.
Күнделікті гуманитарлы технологиялар әмбебап болып табылады. Мысалы:
кәсіби оқыту технологиялары, дарынды адамдардың іздену технологиялары.
Кез-келген гуманитарлық білім технологиялы емес екені белгілі.
Біріншіден гуманитарлық білімдер танымдық бағытпен сипатталады. Екіншіден
оларға абстрактылық өздігінен түсіндіру мүмкіндігі сәйкес келеді. Үшіншіден
оған көркемік тілдің байлығы, символдардың әр түрлі болуы, тақырыпшалар
тән.
Гуманитарлық ақпараттарға белгілермен белгі қою аз нәтижелі. Алынған
нәтижелер шартты түрде. Мұның бәрі гуманитарлық ақпараттың техникалық
өңдеу үшін мазмұны жағынан да формасы жағынан да қиын екендігін көрсетеді.
Гуманитарлық технологиялардың мазмұнын айта отырып келесіні тұжырымдауға
болады: гуманитарлық технологиялар –бұл ғылыми-гуманитарлық білімдердің
жүйесі, оларды қолдану нақты шарттардың, құралдардың және тәсілдердің
көмегімен нақты адам жүргізетін жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік береді.
Технологияда обьект мен ой төмендегілерді анықтайды: ғылыми-
гуманитарлық білімдер, шарттар, құрылымдар және әдістер. Гуманитарлық
технологияда обьект ретінде өмір, жеке тұлғалардың өмір сүруі әр түрлі
әлеуметтік қоғамдар адам мен табиғаттың бір-бірімен әрекеті қарастырылады.
Бұлар ғылыми көлемді технологиялар. Әрбір технологияларды жасау үлкен
көлемді ақпараттарды олардың арнайы іріктелуін, жаңа ғылыми зерттеулер
нәтижелерін қолдануды қажет етеді.
Теориялық деңгейдегі қателерді адамдар жеке басының қадір-қасиетіне
немесе денсаулығына зиян келтірмес үшін азайту қажет. Бұл үшін оларды жасау
кезінде ”концепция-болжам-версия-нұсқа” схемасы бойынша көп рет логикалық
ойлану қажет.
Гуманитарлық технологияларда ойға жету үшін кепілдіктің төменгі
коэффициенті бар. Гуманитарлық технологиялардың ”соңғы” нәтижелерінің
кепілді болмауы олардың обьектісінің бір-біріне қарсы болмауы олардың
обьектісінің бір-біріне қарсы болуымен сипатталады.
Гуманитарлық технологиялар кәсіби жұмыстың негізгі түрі. Оларды
игеруге тұлғалық және іскерлік сапалары бар адамдардың ғана қолы жетеді.
Гуманитарлық педагогиканың технологиялық ерекшеліктері.
Педагогикалық жүйе дегеніміз тұлғаға мақсатты түрде бағытталған бір-
бірімен тығыз байланысты тәсілдер, әдістер мен процестер.
Педагогикалық технология деген бұл іс жүзінде жүзеге асырылатын
педагогикалық жүйенің нақты жобасы. Демек, кез-келген педагогикалық
технологияның негізінде жүйелік қатынастар жатыр. Жүйе – мүшелік тұтастық
(сынып, мектеп, жоғары оқу орны, топ т.б.). Мысалы, компьютер – жүйе,
онымен жұмыс істеген оқушыда. Бірақ бірге олар қосылған жаңа жүйені
құрастырмайды, олар тек қана өзара іс-қимылы бар кешенді жүйе. Кешен -
өзара іс-қимылы бар, бірақ та жеке тіршілік ететін жүйе. Педагогикалық
технология нақты технологиялық процестерде жүзеге асырылады. Технологиялық
процесс оқыту ой тұжырымдамасында мысалға, нақты тақырыпты оқыту тәсілдері
мен формалараның жүйелелігі жатады, және де әр түрлі есептер шығару кезінде
дағдыларды шығару мақсатындағы сарамандық міндет бірдей оқыту технологияның
көмегімен шешіледі.
Оқыту (тәрбиелеу) технологияның тұтастығы оның үш құрамдас бөлігімен
қамтамасыз етіледі:
• ұйымдастыру формасымен;
• дидактикалық процеспен;
• мұғалімнің (немесе оқыту техникалық құралдары) мамандығы.
Педагогикалық технологияның тақырыбы болып мұғаліммен оқушының әр
түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдары, олар оның құрастырылған,
жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарға сай тәсілдер
негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы ұйымдастырылады.
Педагогикалық технологияның міндеттері:
• әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдалуы, білімнің
тереңділігін, беріктілігін арттырылуы.
• Мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттермен формаларды нығайту және
арттыру.
• Технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету.
• Технологиялық ойлау дағдыларын дамыту.
• Оқу міндеттерімен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық
тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.
Дидактикалық процесте (процес дегеніміз объективті тіршілік ететін
қозғалыс) тәрбие процессі және оқу процесі түрлеріне бөлінеді. Тәрбие
процесінде ұйымдастыру үшін нақты мақсат қою жұмысын жүзеге асыру қажет.
А.С.Макаренко айтқандай, педагогикалық ғылымның шын мәнінде дамуы оның
тұлғаны жобалау қабілеттілігімен байланысты, яғни тәрбие процесіндегі
тұлғаның бойындағы қасиеттерді болжап қалыптастыру. Мақсаттардың анықтығы
оқу-тәрбие процесіндегі қатал технологияға көшуін рұқсат етеді, ал бұл
дегеніміз педагогикалық (тәрбиелік) процесстік сапасын едәуір көтерілуімен
байланысты.
Жалпы, педагогикалық технологияның тереңдік мағынасы неде?
Біріншіден, педагогикалық технология тәжірибе жүзінде бұрынғы
педагогикалық экспериментті жоққа шығарады да, оны алдын-ала жобаланған оқу-
тәрбие процесс жолына аударады, кейін бұл жобаның сыныпта жүзеге асырылуын
қамтамасыз етеді. Бұл дидактикалық (тәрбие) түсініктеме тілдерінде мүмкін
болып табылады.
Екіншіден, бұрынғы мұғалімдерге арналған сабақ жоспарларынан өзгеше,
педагогикалық технология оқушының өзіндік жұмыс мазмұнын анықтайтын оқу-
тәрбие процесіндегі жоба ұсынады, яғни бұл оқу танымдық жұмыс жобалануы кез-
келген оқушылар санын жоғарғы тұрақты табысқа жетуге болады деген сөз.
Үшіншіден, педагогикалық технологияның айшықты қасиеті – мақсат
білімділік процесі. Бұл педагогикалық технологияның негізгі мәселесі
дәстүрлі педагогикадан басты айырмашылығы. Ол екі қырынан талқыланады:
1. Мақсат білімділіктің болжамы және оқушылардың оқу бағдарламасын сапалы
меңгеруін объективті бақылау.

2. Жалпы тұлғаның дамуы.

Төртіншіден, педагогикалық технологияны нақты педагогикалық жүйе
жобасы ретінде білу арқасында оның маңызды қағидаларының бірі – бүкіл оқу
тәрбие процесінің тұтастық қағидасы. (құрылымдық және мазмұндық)
тұжырымдауға болады. Тұтастық қағидасы педагогикалық жүйенің барлық
элементтерінің үйлесімділігі.
Тұтастық қағидасы болашақ кез-келген педагогикалық жүйенің барлық
элементтерінің үйлесімді. Өзара іс қимылына қол жеткізу қажеттілігін
көрсетеді. Көлденең (бір оқу кезең шеңберінде тоқсанда, семестрде немесе
оқу жылында; тігінен бүкіл оқу кезеңіне. Бұл жерде педагогикалық жүйенің
(ПЖ) бұл элементіне өзгеріс енгізу үшін, басқа да элементтерді қайта құруға
тура келеді. Мысалы, оқу мақсаттарын өзгерте отырып, бірақ оның мазмұнын
және оқу процесін сол қалпында қалдырсақ, біз өзгерген формасын өзгерткен
деформацияланған педагогикалық жүйеге тап боламыз. Тәжірибе көрсеткендей,
олар өміршең емес. Бірақ әлемде жалпы педагогикалық технология деген не
және жеке оқу технологиясы туралы түсініктемелер қалыптасып келеді.
Педагогикалық технология көптеген анықтама, түсінігі жайында
мамандардың көпшілігі оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді.
• Оқытудың жоспарын құру, нақты анықтамалардың негізінде оқушылардың іс-
әрекетін бақылау.

• Бағдарламалау оқу процесінің бәрінде қатаң түрде оқытушының іс-
әрекеттері (алғыс немесе жаза түрінде), оқытуға талап ету.

• Оқушылардың алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін кезеңдік
тест жүйесі арқылы салыстыру.

Білім беру процесінің рационалдық стратегиясы оның құрылымын оқытумен
жобалайды.
Бірінші кезең – оқытудың жоспарын құру, нақты анықтамалардың
негізінде оқушылардың іс-әрекетін бақылау.
Екінші кезең – диагностикалық – білім деңгейінің тексерілуі.
Оқушылардың қандай білім алғанын тексеру, жобамен емес әрқайсысын жеке –
жеке тексеру.
Үшінші кезең – рецептуралық: оның маңында бағдарламалық оқытудың
нәтижесін немесе іс-әрекеттіңн дамуын жинақтау.
Төртінші кезең – бақыланған жоспардың реализациясы оқытудың
ұйымдастырылған шарттарымен қамтамасыз ету, қарастырылған технологияның
тәртіптік тренинге енуі.
Бесінші кезең – алғашқы бақыланған енгізілген қорытынды эталонмен
этаптық тест жүйесі арқылы бағалаудың нәтижесін және оқытудың тиімділік
бағыты.
Экономикалық – оқу барысының резервін, мұғалімнің оптималды еңбегін
және аз мерзімде жоспарланған жұмыстарының нәтижесін қамтамасыз етеді.
Корректорлық-оперативтік қайтарма байланыстарының мүмкіндігі дұрыс
нақты мақсаттарға бағыт беру.
М.Чошанов Оқытудың технологиясы және әдістемелік жүйе түсінігін
бере отырып, әрбір ерекшеліктері әрбір белгінің көрсетілуінен тұрады. Егер
педагогикалық технологияда бұл белгілер неғұрлым көрнекті түрде көрініс
берсе, онда олар педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік жүйелерге
көрнекті көрсетілмеуі де, не мүлдем көрсетілмеуі де мүмкін. Тағы да бір
ерекшелік педагогикалық технологияда педагогикалық және дидактикалық,
әдістемелік жүйелерде қатысатын мазмұнды компоненттер оларда көрсетілмеген.
Педагогикалық технология немесе оқытудың технологиясы дидактикалық және
әдістемелік жүйенің негізгі (процесуалды) бөлігі б.т. Мысалы, методикалық
жүйе мынадай міндеттерді шешуге бағытталған болса:
1. Нені оқыту керек?
2. Не үшін оқыту керек?
3. Қалай оқыту керек?
- ол кезде оқыту технологиясы ең алдымен үшінші сұраққа бір ғана
толықтырумен жауап береді.
4. Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?
Отандық педагогикадағы Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты
қолданыста болғанымен, сол уақытта да ол түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім
берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми
көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-
тәсілдерін, құралдарын білдіреді.
Технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық қызметтің
өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажет. әлеуметтік жоспарда бұл белгі,
технологияның басқа белгілері – оның бұқаралық сипатымен байланысты.
Отандық педагогикадағы педагогикалық технология түсінігі
педагогикалық технологияның әлемдік көрінісіне жақын болып келеді және
білім беру процесінің қойылған диагностикаландырылған нәтижелерінің
құрылуымен көрініс табады. (В.П.Беспалько – педагогикалық технологияның
таныстырылуылары – М.; 1989 ж.).
Педагогикалық технология - қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп,
реттелген оқытудың жаңа мазмұн, әдіс – амалдарының дидактикалық
талаптарының психологиялық-педагогикалық жиынтығы.

1.3. Кейстік оқыту технологиясының теориялық негіздері

Кейс әдісі интенсивті оқыту технологиясы ретінде оқушының өз
бетінше ойлау және инициативашылдығын мен мұғалімнің творчестволықпен
педагогикалық жетекшілік етуінің үйлесімділігіне ерекше мүмкіндіктер
береді. Кейстер шешімдерді ұжымдық және жеке ізденісті қажет ететін
практикалық проблемалар көрсетілген оқу материалы. Кейс сөзі ағылшын
тілінен тәржімалағанда уақиға, іс деген мағынаны білдіреді.
Кейс әдісі немесе нақты ситуациялар әдісі шет елдерде экономикаға
және бизнеске оқытуда кеңінен қолданылады. Бұл әдіс ХХ ғасырда АҚШ-тағы
Гарвард университетінің Бизнес мектебінде, сол кездегі заңгерлерді даярлау
технологиясынан алынып қолданыла бастады. Мұнда ерекше көңіл бөлінетін
нәрсе студенттердің практикалық материалды өз беттерінше зерделу жұмысына
берілді. 1910 жылы профессор Копленд бизнес өмірінен алынған ситуацияларды
зерделуде пікірталасты қолданды. Ал 1921 жылы нақты ситуацияларды алғашқы
жинағы жарыққа шығарылды.міне сол кезден бастап Гарвард бизнес мектебі
нақты ситуациялар әдісінің негізіг насихаттаушысы б.т.
Кейс әдісі- оқушының мәселені нақты іс-әрекетте алынған теориялық
білімін қолданып, талдау қабілеті, бейімдік дағдылар мен шеберлікті
дамытуға және өз ұстанымын қорғауды үйренуге мүмкіндік береді.
Кейс - оқу-нақтылық ситуация.
Кейс - (оқу-нақтылық ситуация) - белгілі бір проблеманың шешімінің
сипаттамасы.
Кейс - проблеманы түсінуге жағдай жасайтын белгілі ақпарат көлемін
құрайтын, ситуацияның болжамы мен нәтижесін жобалайтын практикалык оқу
құралы.
Соның ішінде оку-нақтылық ситуация нені білдіреді, жақсы
ойластырылған оқу-нақтылык ситуация кейстегі қарастырылатын шешімдерді
мұғалімдер мен оқушылар үшін тиімді білім беру тәжірибесіне айналдыруға
көмектеседі.
• Қызықты оқиғаны айта отырып, басты кейіпкердің рөліне ену,
цитаталарды ендіру.
• Оқырман үшін мәнді оқиғалар.
• Педагогикалық құндылықтарының болуы.
• Шиеленіс тудырып, оның шешімін табуға талпындыру.
• Әр түрлі аудиторияларды оқу мақсаттарына қолдану икемділігі.
• Оқытуға бағытталған қалыпты дамудың мәселелерін көрсетеді.
• Проблемаларды шешуге көмектеседі.
• Жан-жақты қолданылады.
• Әлеуметтік жауапкершілік сезімін ынталандырады.
• Қоғамдағы маңызды өзгертулерді жүргізуге жағдай жасайды.
• Көнерген проблемаларды шешу барысында басқарудың жаңа шешімдерін
жасауға ынталандырады.
• Оқытудың жалпы және пәнаралык функциясын орындайды.
Оқу-нақтылық ситуацияны алуда мұғалім белсенді немесе енжарлық
рөлдерді атқаруы мүмкін. Кейде ол талдауға басшылық жасаса, кейде пікір-
сайысты қорытындылаумен шектеледі. Мұғалім дәлелдеулердің қызықты желісін
көргенде, оны қолдап немесе пікір-талас алаңынан өзгелерді алып шығып,
басымдылық болғанын талап етеді. Сұрақты өзі қояды. Оқушылардың дұрыс
жауаптарына демеушілік жасау арқылы өзінің басымдылығын нақтылай түседі
және болып жатқан пікір-таласты қорытындылай отырып оқушылардың барлығын
өзі алаңнан алып шыға алады. Бұл барысында миға шабул әдісі жүзеге асады
деп есептеуге болады. Себебі, сұрақтарға жауап беру уақыты шектеуленеді.
Бұдан шығаратын қорытынды кейс әдісін бойынша проблемалық ситуацияны
шешу үшін қандай бір жұмыс әдісін таңдау қажет. Әрине ол оқу бағдарламасы
бойынша бір тарауға немесе бір тақырып көлемінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Мұнда және бір ескеретін нәрсе кейс әдісі бойынша мұғалімнің
педагогикалық қызметі қандай болуы керек. Мұғалім іс-әрекетінің
стратегиялары болады:
1. Мұғалімнің жағдайды шешудегі қосымша сұрақтар немесе ақпараттар
түрінде сілтеме - негіздері.
2. Оқушы проблема бойынша жұмыс істеп шешімін тапса,
мұғалім араласпайды.
3. Нақты жағдайларға мұғалімнің өз жауабы.
Мұғалім бірге-бір деп аталатын нағыз қызығушылықпен сұрақ тудыруы
мүмкін. Оқушының айтар ойы, ұстанымы мен ұсынысы көптеген сұрақтардың
арқасында тексерілуі мүмкін және ол бекіткен логика тыңғылықты талдауға
алынады. Бұл тұста кейс әдісі бойынша білім алушының өз ұстанымы
ескеріледі.

Кейс технологиясы бойынша жеке оқыту қағидалары

Кейс ережелері Мазмұны
1. Қызығушылық және Кеңесші немесе тәлімгер оқушыны силайды, бірақ
силау, шыншылдық міндетті түрде жағымды қарым-қатынас жасау шарт
емес.
Ол шынай, бірақ проблеманың шешімі бойынша өз
пікірін айтпайды. Болып жатқан оқиғаны түйіндейді.
Ол жақсы тыңдаушы.
2.Өзара түсіністікке Бұл үшін өзара визуалды байланыс, яғни жаны ашу,
негізделген байланысты шынайылық, силау, жеке сырын айту, әзіл. Оқушының
күшейту. кеңес алуда, жалпы тәлімгерден нені күтетінін
айқындау. Бұған белгілі бір уақыт бөлу.
3. Эмоцияны көрсетуге Оқушыға өзін нені толғандырып жүргені туралы
мүмкіндік беріңіз. сұраңыз. Біріншіден – не болып жатыр?, Екіншіден -
Өзін қалай сезінеді?, Үшіншіден – Одан ары қарай не
болды? Әңгімеден соң осы әр деңгейде ол өзін қалай
нені сезінгені туралы айтып беруін сұраныңыз.
4. Сенімділікке Оқушылар өздерінің қобалжуларымен бөліскенне соң
негізделген қарым өздерін жеңіл сезінуі тиіс, әсіресе бұл проблема
-қатынас. олардың алдында бірінші рет болса.
5. Жағымды үміт пен Егер оқушы өзін жақсы сезінсін десеңіз, олардың
нәтиже. бойында болшақта жағымды өзгерістер болатындығына
сендіріңіз.
6. Шындыққа жақын Себептерді түсіндіру сенімді болуы қажет. Проблема
себептер мен оларды шешімі саналы түрде сезінетін проблемаға негізделуі
шешу жолдарын ұсыныңыз.қажет. Естеріңізге сақтаңыздар – жиі кеңес алатын
болса, солғұрлым тез қабылданады. Бұл оқытудың
тиімділігіне қойылатын негізгі талап мүмкін шешімдер
ұсыну болып табылады.
7. Жеңіске жетуге Сіз қол астыңыздағы адамдарға өзіңізбен сенімді
мүмкіндік жасаңыз. жағымды қарым-қатынас жасай алатындығын
көрсетіңіз.Осы ситуация шешімін табуға тағы да бір
адамға көмектесе алғаныңыз сіздің жеңіске жетуіңізге
көмектеседі. Сіздің көмегіңізбен ол біртіндеп өз
ойында проблеманы айқындай бастайды. Бұл әлдеқайда
жеңіске жетудің жемісті жолы екендігіне көз
жеткізеді.
8. Дұрыс шешімді таңдауОқушының сын-пікір айтуына жағдай жасаңыз, бұл оның
барысын мадақтаңыз. өзін-өзі бақылай білуіне көмектеседі. Оған өзінің
таңдаған шешімі үшін жауапкершілікті мойнына алуға
көмектесіңіз. Бұл үшін проблеманың шешілуі мүмкін
екендігіне оны сендіру қажет.

Кейс-стадия - нақты оқу жағдаяттарын қолдана отырып оқыту әдісінің
мазмұны:
1 этап. Оқушы ситуацияның жазбаша мазмұнымен таныса отырып өз
беттерінше проблеманың мәнін түсінуге тырысады, бағалау барысында өз
пікірін білдіре отырып дұрыс шешімін табуға тырысады.
2 этап. Аз топтарда жұмыс жасау. Оқушылар аз топпен (4-6 адам) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерін оқытудың әдістемесі
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудың экологиялық шарттары
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің мақсаты
Психология ғылымындағы кәсіби бағыттылық мәселелеріне теориялық шолу
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің әдістемесі
Пәндер