Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестірі



Жоспар

Кіріспе

1) Оркестрдің құрылыуымен қалыптасуы.
2) Оркестр даңқының әлемге әйгіленуі
3) Оркестрдің тәуелсіз елге ұлағыты
4) Жаңа ғасырдағы оркестр жеткен биіктер
Кіріспе
Қазақ оркестіріне арналған музыка тақырыбына сөз қозғағанымызда ең алдымен қазақ халқының мақтанышына айналған ұлттық професионалдық музыка өнерінің қара шаңырығы атанған бойына бар жаратылыс тылсым табиғатына ұлылық рухын ұялатқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұжымы дүниежүзілік және халықаралық конкурстардың лауреаты халықтар достығы орденді қазқатың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестірі жайлы тоқталмауға болмайды.
Қазақ халқының мақтанышына айналған, ұлттық профессионалдық музыка
өнерінің қарашаңырағы атанған, бойына, бар жаратылыс тылсым-табиғатына ұлттық рухын ұялатқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұжымы, Дүниежүзілік және Халықаралық конкурстардың лауреаты, Халықтар достығы ординді Қазақтың Құрманғазы атыңдағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестірі – шын мәніндегі ұлы оркестр.
Оркестр өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ тыңнан жол салып жаңашылдықты шығармашылық терең ізденістер арқылы игеруге ден қойып, үрдіс ұмтылыстар жасап, уақыт өткен сайын баспалдақтай көтеріліп, толыса, кемелдене өсу үстінде болды. Оркестрдің жүріп өткен жолында шоқтығы биіктен көрініп, жұлдызы жарқырай жанған кезендері аз болған жоқ. Мәселен, ол сонау 1936 жьглы, ұйымдасқанына небәрі екі-ақ жыл болған балаң шағында, Мәскеу қаласында өткен Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, айтулы сыншы сарапшылар алдынан өтіп, өз тиісті бағасын алып кайтты. Ал, 1944 жылы қанқүйлы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан тұста Ташкент қаласында өткен Орта Азия республикаларының музыка байқауында жүлделі бірінші орынды жеңіп алып оралды. Сол жылы оркестр өзінің құрылғанына 10 жыл толуын атап өтіп, оған ұлы күйші-композитор Құрманғазының аты берілді. Құрманғазы атындағы оркестр — қазақтың аспаптық музыка өнері тарихындағы теңдесі жоқ, қайталанбас өз қолтаңбасы бар ерекше құбылыс. Орындалатын шығарманың мән-мағынасын ашуда оның нақыш, ою-өрнектерін сақтай, әшекей-кестелерін айшықтай, бояу-бедерлерін ажарландыра, дәстүрлі орындаушылық мәнерін барынша ұлттық сипатта қанық та айқын етіп көрсетіп беретін ақберен ата оркестр. Сондай – ақ ол халықтық өнер ұлағатын мұра етіп, музыкалық асыл қазыналарымыздың биік деңгейінің қаймағын бұзбай, болашақ ұрпақтарға сеніммен жеткізетін бірден-бір айтулы ұжым. Оркестрді тыңдағанда жаның жадырай ләззат тауып, жүректің терең терең түпкіріне бойлағандай, сезім толқындарының тахатты бір әлдиі құшағында тербелгеңдей күй кешесің. Қазақстандағы музыка және театр өнерін көсіби тұрғыда дамыту мақсатында 1932 жылы Алматыда музыка-драма техникумы ашылған болатын.
Техникумда ұстаздық ететін мамандар жетіспегендіктен 1933 жылы Ленинград көркемөнер зерттеу академиясының аспиранты Ахмет Жүбанбов шақыртылып, оған техникумда сабақ беретін кәсіби музыка мамандарының тобын ұйымдастыру тапсырылды. А.Жұбанов содан екі жыл бұрын— Ленинград консерваториясын бітірген Е.Брусиловскийді қызметке шақырды. А.Жұбанов пен Е.Брусиловскийдің келуімен техникум енді тек оқу орны ғана емес, музыка мәдениетін жаңаша өркендетудің ошағына айналды. Солардың бастамасымен техникум жанынан халық музыкасын зерттеу кабинеті мен қазақ музыка аспаптарын жетілдіру музыка-тәжірибелік шеберханасы ашылды. Қызметке дәстүрлі халықтық музыка өнерінің шеберлері: Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Д.Нүрпейісова, Қ.Байсейітов, А.Айтбаев, М.Өтемісов, М.Бөкейханов, Қ.Медетов, Қ.Жантілеуов, Ә.Құрмановтар, аспап жасаушы шеберлер ағайынды Эммануил мен Борис Романенколар тартылды.
Сол 1933 жылы А.Жұбановтың ұйымдастыруымен техникум жанынан құрамы 11 адамнан тұратын домбыра ансамблі құрылды. Ансамбль аз уақыт ішінде өзінің өміршеңдігін танытып, тез жетілді. Коп кешікпей сахналарға шығып, көпшілікке өнерлерін көрсете бастады. Радиодан, оқу орындарының залдарында концерттер беріп, жұртшылыққа таныла түсті. 1934 жылдың

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1) Оркестрдің құрылыуымен қалыптасуы.
2) Оркестр даңқының әлемге әйгіленуі
3) Оркестрдің тәуелсіз елге ұлағыты
4) Жаңа ғасырдағы оркестр жеткен биіктер

Кіріспе
Қазақ оркестіріне арналған музыка тақырыбына сөз қозғағанымызда ең
алдымен қазақ халқының мақтанышына айналған ұлттық професионалдық
музыка өнерінің қара шаңырығы атанған бойына бар жаратылыс тылсым
табиғатына ұлылық рухын ұялатқан Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген ұжымы дүниежүзілік және халықаралық конкурстардың
лауреаты халықтар достығы орденді қазқатың Құрманғазы атындағы
мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестірі жайлы тоқталмауға
болмайды.
Қазақ халқының мақтанышына айналған, ұлттық профессионалдық музыка
өнерінің қарашаңырағы атанған, бойына, бар жаратылыс тылсым-табиғатына
ұлттық рухын ұялатқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұжымы,
Дүниежүзілік және Халықаралық конкурстардың лауреаты, Халықтар достығы
ординді Қазақтың Құрманғазы атыңдағы Мемлекеттік академиялық халық
аспаптары оркестірі – шын мәніндегі ұлы оркестр.
Оркестр өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ тыңнан жол салып жаңашылдықты
шығармашылық терең ізденістер арқылы игеруге ден қойып, үрдіс ұмтылыстар
жасап, уақыт өткен сайын баспалдақтай көтеріліп, толыса, кемелдене өсу
үстінде болды. Оркестрдің жүріп өткен жолында шоқтығы биіктен көрініп,
жұлдызы жарқырай жанған кезендері аз болған жоқ. Мәселен, ол сонау 1936
жьглы, ұйымдасқанына небәрі екі-ақ жыл болған балаң шағында, Мәскеу
қаласында өткен Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, айтулы
сыншы сарапшылар алдынан өтіп, өз тиісті бағасын алып кайтты. Ал, 1944 жылы
қанқүйлы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан тұста Ташкент қаласында өткен Орта
Азия республикаларының музыка байқауында жүлделі бірінші орынды жеңіп алып
оралды. Сол жылы оркестр өзінің құрылғанына 10 жыл толуын атап өтіп, оған
ұлы күйші-композитор Құрманғазының аты берілді. Құрманғазы атындағы оркестр
— қазақтың аспаптық музыка өнері тарихындағы теңдесі жоқ, қайталанбас өз
қолтаңбасы бар ерекше құбылыс. Орындалатын шығарманың мән-мағынасын ашуда
оның нақыш, ою-өрнектерін сақтай, әшекей-кестелерін айшықтай, бояу-
бедерлерін ажарландыра, дәстүрлі орындаушылық мәнерін барынша ұлттық
сипатта қанық та айқын етіп көрсетіп беретін ақберен ата оркестр.
Сондай – ақ ол халықтық өнер ұлағатын мұра етіп, музыкалық асыл
қазыналарымыздың биік деңгейінің қаймағын бұзбай, болашақ ұрпақтарға
сеніммен жеткізетін бірден-бір айтулы ұжым. Оркестрді тыңдағанда жаның
жадырай ләззат тауып, жүректің терең терең түпкіріне бойлағандай,
сезім толқындарының тахатты бір әлдиі құшағында тербелгеңдей күй кешесің.
Қазақстандағы музыка және театр өнерін көсіби тұрғыда дамыту мақсатында
1932 жылы Алматыда музыка-драма техникумы ашылған болатын.
Техникумда ұстаздық ететін мамандар жетіспегендіктен 1933 жылы
Ленинград көркемөнер зерттеу академиясының аспиранты Ахмет Жүбанбов
шақыртылып, оған техникумда сабақ беретін кәсіби музыка мамандарының тобын
ұйымдастыру тапсырылды. А.Жұбанов содан екі жыл бұрын— Ленинград
консерваториясын бітірген Е.Брусиловскийді қызметке шақырды. А.Жұбанов пен
Е.Брусиловскийдің келуімен техникум енді тек оқу орны ғана емес, музыка
мәдениетін жаңаша өркендетудің ошағына айналды. Солардың бастамасымен
техникум жанынан халық музыкасын зерттеу кабинеті мен қазақ музыка
аспаптарын жетілдіру музыка-тәжірибелік шеберханасы ашылды. Қызметке
дәстүрлі халықтық музыка өнерінің шеберлері: Ә.Қашаубаев, И.Байзақов,
Д.Нүрпейісова, Қ.Байсейітов, А.Айтбаев, М.Өтемісов, М.Бөкейханов,
Қ.Медетов, Қ.Жантілеуов, Ә.Құрмановтар, аспап жасаушы шеберлер ағайынды
Эммануил мен Борис Романенколар тартылды.
Сол 1933 жылы А.Жұбановтың ұйымдастыруымен техникум жанынан құрамы 11
адамнан тұратын домбыра ансамблі құрылды. Ансамбль аз уақыт ішінде өзінің
өміршеңдігін танытып, тез жетілді. Коп кешікпей сахналарға шығып,
көпшілікке өнерлерін көрсете бастады. Радиодан, оқу орындарының залдарында
концерттер беріп, жұртшылыққа таныла түсті. 1934 жылдың көктемінде ансамбль
құрамының мүшелері 17-ге жетті. Техникумда қобызшы, сыбызғышылар
болмағандықтан ансамбль құрамына скрипка мен флейта ендірідді. Ол
аспаптарда музыка бөлімінің студенттері ЕДуғашев пең А.Бектасов ойнады.
1934 жылдың маусым айында Алматыда халық таланттарының Бүкіл қазақстандық
слеті өтті. Оған кең байтақ қазақ даласының түкпір-түкпірінен өнер сайысына
түсуге келген ақындар мен жыршы-жыраулар, әншілер, домбырашылар,
қобызшылар, сыбызғышы күйшілер, сырнайшылар, тағы басқа өнерпаздар,
талғампаз, білгір сарапшылар алдында барын салған болатын. Слетке техникум
жанындағы ансамбль де қатысып, болашақ енер өрісін меңзей сарапшыларға
өзекті ой тастап кеткен еді. Екі жұмаға созылған өнер сайысының нәтижелерін
қорытындылау барысында басқа да мәдениет саласындағы ұйымдастыру
шараларының қатарында дарыңды халық талаштары — домбырашы, кобызшы,
сыбызғышы, өзге де музыка аспаптарында орындаушылардың басын біріктіріп,
ұлт аспаптары оркестрін құру жоспарланып, -оркестрді ұйымдастыру мен оған
басшылық жасау Ахмет Жұбановқа жүктелді. Сөйтіп қазіргі Құрманғазы атындағы
халық аспаптары оркестрінің іргетасы қаланып, дүниеге келген еді. Оркестр
ол кезде Қазақстан Орталық Атқару комитеті (КазЦИК) атындағы ұлттық оркестр
деп аталды.
Мәскеуде өткен онкүңдіктен шығармашылық еңбек жемісінің дәмін татып
оралған оркестр ұжымы одан әрі қанаттана түсіп, жұмыстарына құлшына
кірісті. Еңдігі мақсат - оркестрдің мүмкіншілік деңгейін арттырып, құлашын
кең сермеуге өрекет ету еді. Ол үшін оркестр құрамын әлі де өнерлі
музыканттармен, әртүрлі музыка аспаптарымен толықтыру, репертуарды жаңа
шығармалармен байыту, орындаушылық шеберліктерін шыңдау, орындаушы
әртістерді нотамен ойнауға үйретіл, сауаттандыру сияқты сан алуан жұмыстар
қызу жүріп жатты.
Мәскеудегі онкүндіктен кейін соңғы 2-3 жыл мерзім ішінде оркестр үлкен
жетістіктерге жетті.
Осынау кайнаған қызу еңбек майданының нақ ортасында, әрине, А.Жұбанов
жүрді. Оның атқарар жұмыстарының шегі жоқ еді. Оркестрге жалпы басшылық
жасау, шығармаларды жинау, реттеу, репертуарға енгізу, ұлт аспаптарын
ғылыми-тәжірибелік тұрғыда жетілдіру;- әртістерді нота тануға үйретіп
сауаттандыру, дирижерлық ету, өзінің композиторлық және ғылыми
шығармашылығымен шүғылдану, қоғамдық қызметтерді атқару сияқты сан салалы
жұмыстарды міндетіне алып, оларды қалай жүзеге асырғанына таң қаласың. Оның
үстіне 1935 жылы республика Үкіметінің қаулысымен оркестр ұжымы негізінде
Қазақтың Жамбыл атындағы 1938 жылы оркестрге композитор Латиф Хамиди
шақырылды. Осыдан кейін А.Жұбанов сәл тыныстап, шығармашылық жұмысқа ден
койып, оркестр ұжымына жетекшілік етуді Л.Хамидиге тапсырды. Л.Хамиди
оркестрге дирижерлық ету мен әртістерді нотаға сауаттандыру тәрізді
жұмыстарды өз міндетіне алды. Бірақ өзінің төлтума оркестр ұжымы
А.Жұбановтың басты назарында болды. Ол қоғамдық-әлеуметтік, шығармашылық,
ғылым-білім салаларында жүрсе де, 20 жылдай үзбей оркестрге қызмет етіп,
ғұмырының соңына дейін оның бірден-бір қамқоршы басшысы болды.
1944 жылы құрылғанына 10 жыл толуына орай оркестрге күйші-композитор
Құрманғазының аты берілді, және ол туралы деректерді жеткізген күйшінің
тікелей шәкірті Дина Нүрпейісова бастаған көпшілігі оркестрдің күйші-
орындаушылары болған Махамбет Бокейханов, Оқап Қабиғожин, Қали Жантілеуов,
Лұқпан Мұхитов, Науша Бөкейханов, Ғабдулман Матовтар және Ерғали Есжанов,
Мұрат Оскенбаев, Төлеген Аржанов, Ғылман Хайрошев, Саркенже Мыңжанов,
Оразғали Сүйімбеков сынды онер иелері еді. Сондықтан алғашқы оркестр
репертуарының негізін құраған да Құрманғазы күйлері болды.
Оркестр жайлы шынайы ой-санамызға салып, көңіл-сезім, көкірек көзімен
тереңірек үңілер болсақ — телегей теңіз төгілген тер, жұмсалған қыруар ақыл-
зейін, қажыр-қайрат, ересен еңбекті айтпағанда, үлкен бір дәуірді қамтитын
өнер өлкесі өмірінің қиын да қызғылықты, әрі жарқын іздерін көрер едік.
1950-жылдардан ары қарай Құрманғазы оркестрінің даңқы дүйие жүзіне тарады.
Оркестр ұжымы профессионалдық музыка өнерінің бүге-шігесін -жеріне жеткізе
толықтай меңгеріп, шарықтау шегіне жетті. Бұл — А.Жұбановтан тәлім-тәрбие
алған Шамғон Қажығалиевтың дирижер-таяқшасын ұстап, оркестр тізгінін қолға
алған, жұлдызы оңынан туған шағы еді. Ол алғашқы қадамынан-ақ
көрермендердің көңілінен шықты. Дәл 1950 жьглы Қазақтың Жамбыл атыңдағы
Мемлекеттік филармониясының үлкен концерт залында Құрманғазы оркестріне
тұңғыш рет дирижерлық етіп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленуі —
оның болашақ шығармашылық жолындағы жоғары баға алып шыққан алғашқы
емтиханы еді.
1952 жылдың өзіңде-ақ оркестр толық құрамымен Одақтық республикаларға
гастрольдік сапарларға шығып, Қазақстанның ұлттық музыка өнерін Москва,
Ленинград, Киев, Баку, Минск, Рига, Вильнюс, Каунас, Тбилиси, Ереван, Баку,
Ташкент, Фрунзе сияқты қалалардың жұртшылығына тарту етті.
Жиырма жастар шамасынан шығармашылық өнер биігіне ұмтылып, қырық жылға
жуық Құрманғазы оркестрінің дирижерлық пультіңде тұрған Шамғон
Қажығалиевтың болашағына өнер ордасының білгір мамаңдары әуел бастан-ақ зор
сенім, үлкен үміт артқан еді. Алғашында Алматы, кейіннен Ленинград
консерваторияларын бітірген ол өзінің шебер орындаушылығымен қатар
оркестрдегі музыканттардың талғам-таразысының, артылған сенім-үміттерінің
де үдесінен шыға білді. Ш.Қажығалиев — жалпы оркестр тарихында А.Жұбановтан
соңғы екінші дәуірінің өмірбаянына өзіндік өрнек салған жеке тұлға. Өзінің
шығармашылық ізденгіш іскерлігімен Шамғон Сағадиұлы Қажығалиев халқымыздың
сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан бай да асыл
мұраларын зерделей зейініне тоқып, оны оркестр репертуарына жоғары талғам
мен талап тұрғысынан енгізе білді. Құрманғазы атындағы халық аспаптары
оркестрі репертуары алтын қорына енген жиырмадан астам халық композиторлары
шығармаларының дүйім қазақ жұрты, қала берсе өлем жұртшылығы арасына
кеңінен таралуына ұйтқы болғанұ жымның екінші атышулы дәуірінің қолбасшысы
ретінде Ш.Қажығалиевтың сіңірген еңбегі ересен. Музыка саласындағы білгір
маман сарапшыларының бағалауы бойынша ол тек дирижерлық, орындаушылық
шеберлігімен ғана танылып қоймай, оркестрге өзіндік жаңа бір леп, жаңа бір-
сиқырлы серпін ала келген тума талант иесі екенін танытты. Оркестрдің
барлық концерттік бағдарламалары, өмір-тарихы, шығармашылығы мен ұжымның
тыныс-тіршілігі жайында түгелдей айтар "болсақ, ол, әрине, бірнеше кітапқа
жүк болар еді. Дегенмен, оның өсіресе" есте қаларлық ұмытылмас сәттері
жөнінде айта кету орыңды деп білеміз. Оркестр 1950 жылы Қытай Халық
Республикасының Шыңжан провинциясына жасаған алғашқы өнер сапарында бөтен
елдің қалың көпшілік қауымын таң - тамаша қалдырды.
1953 жылы оркестр Румын халық республикасында өткен "Дүниежүзі
-демократиялық жастары мен студенттерінің ІV-фестиваліне" қатысып,
-Ш.Қажығалиев басқаруымен фестивальдің лауреаты атанып, алтын медальмен
марапатталуы ұжымның әлем аясында алатын орнын белгілеп бергендей болды.
Сол 1953 жьглы Бухарест қаласында өткен халық аспаптары -оркестрінің
дүниежүзілік конкурсында озып шығып, Ш.Қажығалиевтың дәрежелі Диплом мен
алтын медальға ие болуы оркестр беделінің чхалықаралық дәрежеде өскенін
дәлелдеп берді.
Бірде әйгілі композитор, Еңбек Ері Т.М.Хренниковтың: "Құрманғазы
іоркестрі сияқты ұжымды дүниежүзіне әйгілі ету — шынайы әділ пікір,
өйткені, ол — өзінің барлық біртұтас сапалық болмысымен әлемдік деңгейдегі
ансамбль. Оның тек өзіне ғана тән ерекшелік қасиеттерімен тәнті ықыласқа
иелік етуі шын мәніндегі қайталанбас құбылыс,— деп оркестрге сүйсіне аса
жоғары баға беруі тегіннен айтьшмағанын дәлелдесе керек.
1957 жылдың кектемінде оркестр Қытай Халық Республикасына гастрольдік
сапармен барып, Пекин, Шанхай, Нанкин, Шеньян, Харбин қалаларында
концерттер берді. Пекиннің ұлттық театрында откен алғашқы концертіне Қытай
Халық Республикасының басшылары, қоғам қайраткерлері, мәдениет жөне енер
қызметкерлері, Кеңес Одағының, Қазақстанның Үкімет өкілдері мен мәдениет
қайраткерлері, қалың әлеумет түгел қатысты. Концерт үлкен табыспен етті.
Оркестр құрамыңда домбырашы-музыканттар ретінде барып қайтқан, қазірде
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор
Дүнгенбай Ботбаев сол алғашқы концерт туралы былайша еске алады: "Қытай
халқының ұлттық театрында Құрманғазының "Сарыарқа" күйі орындалған сәтте
залда отырған мыңдаған халық қошемет көрсетіп, орындарынан түрып, қол
шапалақтап қарсы алып, Қытай халқының мемлекет қайраткерлері сахна төріне
шығып, оркестрдің барлық мүшелерін аса ілтипатпен құрметтеп, құттықтау
көрсетті". Ал сол сапарда болып, дәл осы бір сәтті бейнелеп айтушы енді
біреулер: "Концерт соңыңда "Сарыарқа" күйі басталған сәтте-ақ бүкіл зал
орындарынан қопарыла көтеріліп, күй аяқталғанша тапжымастан тұрып тыңдады.
Сірә, музыка мұхитын сапырғандай естілетін, алапат адуыңды "Сарыарқаны"
қазақтың ұлттық ұраны, яғни, гимні екен деп қабыддаса керек", — дегенді
айтады. Қалай болғанда да сол сапарда оркестрге және оның көркемдік
жетекшісі, бас дирижеры Ш.Қажығалиевке "тамаша оркестр, талантты дирижер"
деген айдар тағылды. Қытай халқы Құрманғазы оркестрінің енеріне құлшына қол
соғып, тамсана қызықтап қана қоймай, болашақта өздеріне үлгі етіп
алатындарын да бүкпесіз айтты. Мәселен, Пекиндегі Қытай—Кеңес Одағы достығы
қоғамдық ұйымының "Достық" газетінің "Тамаша оркестр" деген мақаласында:
"Қазақтың Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің Қытайдағы
гастролі тек адамдарды тебірентерлік тамаша музыканы ғана емес, сонымен
бірге музыкалық бай тәжірибесін де ала келді. Бұл тәжірибе біздің де ұлттық
оркестрімізді кұру мен дамытуға айтарлықтай дәрежеде көмегін тигізеді. Біз
Қазақтың Мемлекеттік оркестрі ұжымына Қытайға келген сапары үшін шын
алғысымызды білдіреміз",— деп жазды.,
Ірркестр 1959 жылы Венгер Халық Республикасында, 1971 жылы Финляндияда,
1973 жылы Польша Халық Республикасында, 1974 жылы Чехославакияда, 1975 жылы
Францияда, 1976 жылы Италияда, 1982 жылы Португалияда, 1983 жылы
Ауғанстанда, Еуропаның сексенге жуық қалаларында — Парижде, Римде,
Хельсинкиде, Лиссабонда, Прагада, Будапеште, Бухаресте, Варшавада, тағы
баска толып жатқан жерлерде концерттер беріп, Қазақстан музыка мәдениетінің
беделін әлем жұртшылығы алдыңда биік белестең көрсете білді.
АҚШ 1960-1962 жылдар аралығында Н.Тілендиев Құрманғазы оркестрінде
дирижерлық етіп, негізін А.Жұбанов пен Ш.Қажығалиевтар қалаған оркестрдің
даңқты шығармашылық дәстүрін жалғастырып, өз бағыт-бағдарымен әрі қарай
дамыта тұсті. Оркестрді басқарған жылдары Н.Тілендиев қазақтың халық
музыкасының, халық композиторларының классикалық үлгідегі шығармаларының
кеңінен таралуына көп кеңіл бөлді. Ол тек дирижер ғана емес, аса көрнекті
композитор ретінде де Қазақстан композиторларының оркестрге лайықты
аспаптық шығармалары мен әндерін молынан ендіріп, репертуарлық қордың
барынша толыға түсуіне зор ықпал етті.
Қазақстанның халық әртісі, профессор Алдаберген Мырзабеков Құрманғазы
оркестріңде 1955 жылдан дирижердың ассистенті, 1960 жылдан кезектегі
дирижер болды. 1962-1964 жылдар аралығында Кеңес Одағы Мөдениет министрлігі
жолдамасымен Монғол Халық Республикасының музыкалық драма театры халық
аспаптары оркестрінің дирижеры қызметін атқарды. 1964 жылы Монғолиядан
оралған соң тағы да Құрманғазы оркестрінің дирижеры жұмысына орналасты.
Ш.Қажығалиевтың Ленинград консерваториясында оқыған 1968-1971 жылдары
А.Мырзабеков оркестрдің коркемдік жетекшісі және бас дирижеры міндетін
тыңғылықты орыңдады. 1969 жылы А.Мырзабеков басқаруындағы оркестр ұжымы
Кеңес Одағы Мәдениетінің күндерін өткізуге Венгрияға аттанды. Ондағы
Будапешт, Шапрон, Джер, Сембетх қалаларының өнерсүйер қауымының ыстық
ықыласына бөленіп қайтты.
1991 жылы қаншама ғасырлар бойы халқымыз аңсап келген еркіңдіктің көк
туын желбіретіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекеттігіне тұңғыш рет
қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы
Қазақтың көне музыкалық аспаптарының қайта тірілуі өзінше бір әңгіме
Домбыраның шығу тарихы
Қазақстанның музыка және балет өнері
Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі
А. Жұбановтың шығармашылығы
БҚО-дағы мәдениет және өнер білім беру мекемелері
БАЯНҒА ЛАЙЫҚТАЛҒАН ДОМБЫРА КҮЙЛЕРІ
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
Мектептегі музыка сабағы
Пәндер