Қазақстан аумағындағы қорықтар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ... ... ... .. 5
2. ҚОРЫҚТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... 9
2.1 . Ақсу . Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы ... ... ... ... ... ... .. 10
2.2 . Алматы мемлекеттік табиғи қорығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3 . Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.4 . Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.5 . Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36
2.6 . Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.7 . Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 47
2.8 . Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
2.9 . Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 54
2.10 . Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 60
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
Адам баласы ХХ-ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп-қатердің бірі - қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық, дәрежеде қорғау жалпы мақсатқа жетудегі негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең ірі және беделді табиғат қорғау ұйымы халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы-JUCN) болып табылады, оған бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл әлемнен алты белгілі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше мыңдаған сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі - қорғалатын территориялар жөніндегі Әлемдік комиссия (WCPA), табиғи экожүйені қорғаудың теориялық және практикалық мәселелері мен айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау мен бағалау жүргізеді, тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын табиғи территориялар жүйесін құруға ұсыныстар дайындайды.
ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын территориялардың Бүкіләлемдік конгресін өткізеді, онда табиғи экожүйелерді қорғаудағы қазіргі жағдай мәселелері қаралады және келешекке жоспар жасалады.
2003 жылы Дурбан қаласында (ЮАР) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгресс комиссия жұмыстарын қорытындылай келе, биоәртүрлілікті қорғау және оның тұрақты дамуы үшін қорғалатын табиғи территориялар (ҚТТ) маңызын қайта бағалады. Оның ішінде, өткен онжылдықта табиғатты территориалдық қорғау мәселесінде ХТҚО келесідей нәтижелерге қол жеткізді:
- қорғалатын территориялар Биоәртүрлілік жөніндегі Конвенция пікірін іске асыруда негізгі топ болып танылды.
- 1992 жылдан бері әлемдегі ҚТТ-ның жалпы саны және олардың көлемі екі еседен көп ұлғайды: қазіргі кезде, Антарктиданы қоспағанда, құрлық бетінің 12%-ынан көбі қорғалады, тек территорияның, 10%-ына ғана қатаң қорғау тәртібі таралған.
1. Афанасьев А.Л. Зоогеография Казахстана (на основе распространения млекопитающих). Алма-Ата,1960.
2. Афанасьев Ю.Г., Смирнов, Ю.А. Перспективы заповедника Барсакельмес в связи с усыханием Аральского моря Проблемы и перспективы комплексного развития производительных сил Кзыл-Ординской области. Алма-Ата, 1985.
3. Бажанов В.С., Костенко Н.Н. Горы Актау Путеводитель по геологическим маршрутам Южного Казахстана. Алма-Ата, 1961.
4. Байдавлетов Р.Ж., Зинченко Ю.К. Фауна и экология грызунов и зайцеобразных Западңо-Алтайского Государственного заповедника Проблемы охраны и устойчивого исполъзования биоразнообразия животного мира Казахстана. Алматы, 1999.
5. Баймуканов М.Т. Нерестовое поведение Маркакольского ленка Вопросы ихтиологии,1966.
6. Байтенов М.С., Кудабаева Г.М., Мырзакулов П.М., Тогузаков Б.Ж. Флора Алма-Атинского заповедника. Алма-Ата, 1991.
7. Байтулин И.О., Мырзакулов П.М. К вопросу об организации Каратауского заповедника в Южном Казахстане Теоретические вопросы заповедного дела, Львов, 1985.
8. Березовиков Н.Н. Гнездовая фауна птиц Маркакольского заповедника. Русский орнитологический журнал. 2005.
9. Брагин Е.А., Брагина Т.М. Фауна Наурзумского заповедника. Рыбы, земноводные, пресмыкающиеся, Птицы, млекопитающие (аннотированные списки видов). Костанай, 2002.
10. Быков Е.А. Региональный анализ флоры и ботанико-географическое районирование Казахстана Проблемы освоения пустынь. 1975.
11. Быков Б.А., Ломакина Л.Т., Страутман Е.И., Джаныспаев А.Д. Гнездовая фауна птиц Алматинского заповедника Территориальные аспекты охраны птиц 8 Средней Азии н Казахстаңе. Москва, 1999.
12. Жапарова Н.К., Ляшенко Н.В. О состоянии эндемичной флоры Сырдарьинского Каратау Вестник АН КазССР. 1984.
13. Жевнеров Б.В. Джейран острова Барсакельмес. Алма-Ата, 1984.
14. Заповедное дело в Казахстане. Алма-Ата, 1982.
15. Зверев М.Д., Проскуряков М.А. Алма-Атинский заповедник. Алма-Ата, 1979.
16. 3инченко Ю.К. Фауна млекопитающих Маркакольского государ-ственного заповедника.
17. Охрана окружающей среды и природопользование Прииртышья. Усть-Каменогорск, 1990.
18. Иващенко А.А., Книстаутас А.Ю. Аксу-Джабаглы. Алма-Ата, 1988.
19. Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары. Алматы, 2006 ж.
20. Кармышева Н.Х. Флора и растительность заповедника Аксу-Джабаглы. Алма-Ата, 1973.
21. Ковшарь А.Ф., Иващенко А.А. Заповедник Аксу-Джабаглы. Алма-Ата, 1982.
22. Котухов Ю. А., Иващенко А. А., Лайман Дж. Флора Западно-Алтайского заповедника. Алматы, 2002.
23. Мониторинг биологического разнообразия заповедника Аксу-Джабаглы Под ред. проф. А.Ф. Ковшаря.
24. Махмудов С.М. Қазақстанның қорықтары. Алматы, 1981 ж.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақстан Халықтар Достығы университеті
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты

География кафедрасы
050116 – География мамандығы

Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы қорықтар

Ғылыми жетекшісі: Орындаған
Аға оқытушы С-
116-41 тобының студенті

Ғыл.дәрежесі, ғыл.атағы

Моминшиков Т.К. ___________ Маханова
Г.Д._____________

____ _______________ 2008 жыл.

Бақылау:
Қорғауға жіберілді:
ТО меңгерушісі Кафедра
меңгерушісі
___________Н.Д.Каменских Елюбаев
С._______________

___ ___________ 2008 ж. ___ ___________
2008 ж.

Шымкент 2008
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Тарих-филология факультеті
050116- География мамандығы
География кафедрасы

Диплом жобасын (жұмысын) орындауға арналған
ТАПСЫРМА

Студентке Маханова Гулназ
Жобаның (жұмыстың ) тақырыбы Қазақстан аумағындағы қорықтар
ЖОО бойынша "_____" "____________ " 200 ____ жылғы №_____бұйрығымен
бекітілген.
Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі "12" 05 2008 ж.
Жоба бойынша қорытынды мәліметтер

Диплом жобасында (жұмысында) қарастырылуға тиісті сұрақтар немесе олардың
қысқаша мазмұны:
1. Қорықтардың ұйымдастыру себептері мен маңызы.
2. Қазақстан қорықтарының географиялық орналасуы.
3. Қазақстан қорықтарына жалпы сипаттама

Графикалық материалдар тізімі (сызбаларды көрсете отырып):
1. Қазақстанның қорықтарының картасы. 1 дана
2. Қазақстанның қорықтарындағы жануарлармен өсімдіктердің суреттері. 12
дана

Ұсынылатын негізгі әдебиет: Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық
бақтары. Алматы, 2006. Махмудов С.М. Қазақстанның қорықтары. Алматы, 1981.
Жоба (жұмыс) бойынша кеңесшілер;

Бөлім Кеңесші Кафедра
2 Оспанов Е.С. Тарих және география
ХҚТУ ШИ


Тапсырманың берілген күні: "15" 10 2007 ж.
Кафедра меңгерушісі: д.с.х.н.,проф. Елюбаев С.
Жобаның (жұмыстың) жетекшісі: а.о. Моминшиков Т.К.
Тапсырманы орындауға қабылдаған
Студент: Маханова Гулназ
Мерзімі: "15" 10 2007 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ... ... ... .. 5
ҚОРЫҚТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... 9
. Ақсу – Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы ... ... ... ... ... ... .. 10
. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы 18
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
. Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы 25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы 30
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
. Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы 36
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы 41
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 47
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы 50
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 54
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы 60
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ 65
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Адам баласы ХХ-ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп-қатердің
бірі - қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты экожүйені
әлемдік, аймақтық және ұлттық, дәрежеде қорғау жалпы мақсатқа жетудегі
негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең ірі және беделді табиғат қорғау
ұйымы халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы-
JUCN) болып табылады, оған бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық
және ұлттық үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл
әлемнен алты белгілі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше
мыңдаған сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі - қорғалатын территориялар
жөніндегі Әлемдік комиссия (WCPA), табиғи экожүйені қорғаудың теориялық
және практикалық мәселелері мен айналысады, табиғи қор жағдайларына
сараптау мен бағалау жүргізеді, тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын
табиғи территориялар жүйесін құруға ұсыныстар дайындайды.
ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын территориялардың Бүкіләлемдік
конгресін өткізеді, онда табиғи экожүйелерді қорғаудағы қазіргі жағдай
мәселелері қаралады және келешекке жоспар жасалады.
2003 жылы Дурбан қаласында (ЮАР) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгресс
комиссия жұмыстарын қорытындылай келе, биоәртүрлілікті қорғау және оның
тұрақты дамуы үшін қорғалатын табиғи территориялар (ҚТТ) маңызын қайта
бағалады. Оның ішінде, өткен онжылдықта табиғатты территориалдық қорғау
мәселесінде ХТҚО келесідей нәтижелерге қол жеткізді:
- қорғалатын территориялар Биоәртүрлілік жөніндегі Конвенция пікірін
іске асыруда негізгі топ болып танылды.
- 1992 жылдан бері әлемдегі ҚТТ-ның жалпы саны және олардың көлемі екі
еседен көп ұлғайды: қазіргі кезде, Антарктиданы қоспағанда, құрлық бетінің
12%-ынан көбі қорғалады, тек территорияның, 10%-ына ғана қатаң қорғау
тәртібі таралған.
- әлемдік мұраның табиғи және табиғи-мәдени нысаналар саны 101-ден 172-
ге өсті, және де табиғи және мәдени қазыналарды қатар қорғау қажеттілігі
одан да бетер ақиқат болып отыр.
Бұрын қорғалатын табиғи территориялардың адам баласының басқа саладағы
мүдделерімен байланысы толық емес еді. Сондықтан Дурбан конгресі келешектің
негізгі бастамасы қорғалатын табиғи территориялардың біртұтас жалпы жүйесін
құру туралы қаулы қабылдады. Әлемдік үлгі талабы бойынша мемлекет
территориясы көлемінің 10%-ынан көбі қорғалатын табиғи территория болу
керек.

1. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан, қорғалатын
территориялардың әлемдік жүйесінің дамуына маңызды рөл атқарады. Біздің
мемлекетімізде қорық құру тарихы 1922 жылдан басталады. Бұл жылы мәдени
және көне табиғи ескерткіштерді қорғау жөніндегі Түркістан комитеті
құрылған, ол алғашқы рет сол аймақта қорық құру қажеттілік мәселесін
көтерді. 1926 жылы Орта Азия мен Қазақстанда бірінші рет Ақсу-Жабағылы
қорығы ұйымдастырылды. Бес жылдан кейін, яғни 1931 жылы Наурызым мен Алматы
қорықтары, 1936 жылы Бурабай қорығы, ал 1939 жылы Барсакелмес қорығы
құрылды. Одан әрі қорықтармен бірге, қорғалатын табиғи территориялардың
басқада түрлері - геологиялық, зоологиялық және ботаникалық қорықшалар,
табиғи ескерткіштер және тағы басқа ұйымдастырылды. 1985 жылы біздің
елімізде алғаш рет Баянауыл мемлекеттік ұлттық қорығы құрылды. 19
Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның қорықтары, ұлттық бақтары, қорықшалары
мен табиғи ескерткіштері құрлықтың алтыдан бір бөлігін алып жатқан, үлкен
мемлекеттік қорғалатын территорияларының біртұтас жүйесінде болатын.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан ауыр экономикалық жағдайды
бастан өткізді, бұл жағдай қорғалатын табиғи территорияларды зор шығынға
ұшыратты. Қаржының жетіспеушілігі жұмысшы адамдар санын қысқартуға және
табиғат қорғау жөніндегі көптеген жете зерттелген мәселелердің жабылуына
әкелді. Жағдай тек соңғы 6-7 жыл шамасында ғана оңалып келеді. Қазіргі
кезде Қазақстан әлемдік экономикалық жүйеге одақтасуға және әлемдік
бірлестіктің толық құқықты мүшесі болуға талпынып жатыр. Бұл мемлекеттік
құрылыс пен қоғамдық өмірдің көптеген жақтарын өзгертуді талап етеді.
Осындай талаптардың бірі ҚТТ ұлттық жүйесінің дамуы болып табылады, оның
көлемі мемлекеттің бар территориясының 10%-ынан жоғары, сонымен қатар
қорғалатын табиғи территорияның жалпы жүйесіне енген болу керек. Осы жолда
біздің мемлекетіміз айтарлықтай жетістіктерге жетті.
1997 жылдың 17 шілдесінде қабылданған "Ерекше қорғалатын табиғи
территориялар жөніндегі" ҚР Заңы негізін құрайтын заң шығару базасы жете
дайындалды. Заң табиғат қорғау мемлекеттерін құру және олардың жұмыстары
жөніндегі мәселелерді реттейді. Қазіргі заң шығаруға сәйкес ерекше
қорғалатын табиғи территориялар - бұлар мемлекеттік табиғи-қорықтың қорын
қорғау және қалпына келтірумен қамтамасыз ететін қорғаудың құқықты шаралар
жүйесі немесе шаруашылық жұмыстардың реттелетін ережелері бар жер, су,
орман және жер қойнауы байлықтары. Қорғаудың құқықтық шаралары төмендегідей
бөлінеді: қорықтық, яғни қоршаған ортаның табиғи жағдайын бүлдіретін кез-
келген шаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады; және қорықшалық,
яғни мемлекеттік табиғи - қорықтық қор нысаналарын сақтауға қауіп
төндірмейтін және олардың өсіп-дамуына зиян келтірмейтін шаруашылық және
кез-келген жұмыстарға тек белгілі маусым мен уақытта рұқсат беріледі.
Қазақстан Заң шығаруында ұйымдастырылу мақсатына қарай, қорғау шаралары мен
нысаналарды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты қорғалатын табиғи
территорияның 11 түрі бар:
- биосфераны қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтар;
- мемлекеттік ұлттық бақтар;
- мемлекеттік табиғи қорлар;
- мемлекеттік табиғи бақтар;
- табиғи мемлекеттік ескерткіштер;
- мемлекеттік қорықтық аймақтар;
- мемлекеттік табиғи қорықшалар;
- мемлекеттік зоологиялық бақтар;
- мемлекеттік ботаникалық бақтар;
- мемлекеттік дендрологиялық бақтар;
- мемлекеттік табиғи қорықтар-сепартерлер.
Соңғы жылдары жаңа қорықтар мен ұлттық бақтар ұйымдастырылды. 2005
жылдың соңында Қазақстанның 113 қорғалатын табиғи территорияларының жалпы
көлемі 21036283,2 га болды, яғни мемлекеттің бар территориясының 7,72%-ы.
Қазіргі күнде біздің елімізде жалпы көлемі 1075498 га 10 мемлекеттік табиғи
қорықтар мен жалпы көлемі 1456597 га 8 мемлекеттік ұлттық бақтар бар.
Реснубликаның қорғалатын табиғи территориялар жүйесі даму үстінде және ҚТТ-
ның жалпы және аймактық жүйесіне біртіндеп еніп жатыр. Соңғы жылдары
Дүниежүзілік Банкі және Жалпы Экологиялық Қоры қолдауымен Батыс Тянь-Шань
мен Алтайда трансшекаралық қорғалатын территориялар мен экологиялық
дәліздер құру жөніндегі жобалар іске асты. Қазақстан реформа жүргізе отырып
әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарына сеніммен кіреді. 24
Мұндағы қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын
мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау,
табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау болып табылады. (1-
сурет.)

1-сурет
2. ҚОРЫҚТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ

Совет елінде қорықтар ұйымдастырудың негізіне ғылыми принциптер алынды.
Оның мәні мынадай еді: 1) қорық үшін бұрын пайдаланылмаған табиғаттың
тамаша орындары бөлінеді; 2) онда табиғаттың басқа да байлық көздерімен
бірге, сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдіктер қорғалатын болады; 3)
қорықтар табиғи-географиялық аймақтардың үлгісі (эталоны) қызметін атқаруға
тиіс; 4) ондағы табиғи процестер сол қалпында өзгерместен жүргізілуге тиіс;
5) ең алдымен сирек ұшырасатын, жойылып кету хаупі төніп тұрған табиғи
орындар қорыққа айналдырылады. Сөйтіп, қорық – табиғаттың бұрынғы қаз-
қалпындағы қайталанбас сұлу көрінісі, соның үлгісі, табиғи лаборатория
болып қалыптасады. 11
Табиғат байлығын тиімді, дұрыс пайдалану дегеніміз – мүмкіндігінше оны
рәсуа етпей, ыждағаттылықпен халық игілігіне асыру, қалпына келтірілетін
түрлерінің қайтадан көбейтілуіне жол ашу деген сөз.
Табиғат – күрделі комплекс. Ондағы барлық құбылыстар бір-бірімен тығыз
байланысты. Міне, осы байланыстардың бірі үзілсе, табиғатта белгілі шамада
өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ, табиғат болжап білу едәуір қиын. Әсіресе,
көлемді жерлерді игеру, су қоймаларын жасау және тағы басқа жұмыстарды
жүзеге асырғанда бұл мәселе күрделіліне түседі.
Соңғы жылдары ғылым мен техниканың шарықтап өсуі, өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығының дамуы, қала мен село санының өсуі қоршаған табиғи ортаны
ластанудан қорғау проблемасын алға қойды. Демек, содан келіп, табиғат
қорғаудың экономикалық қана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау мен
эстетикалық мәнінің де зор екендігі жайлы ұғым туады. Шынында да, орман
құрылысқа қажетті ағаш, халық тұтынатын бағалы аң терілері мен жеміс-жидек
қана беріп беріп қоймай, ол сонымен бірге тірі организмнің тыныс алуына
қажетті оттегінің сарқылмас қоры болып табылады. Өзендер бізге тек
кемелердің жүзуі мен су электр станцияларын салу үшін ғана қажет емес, сол
сияқты олар пайдаланылатын ауыз судың да алып арнасы. Бізді қоршаған
ортаның көптеген әсем көріністері ғасырлар бойы ақындардың жырына,
композиторлардың әсем ырғақты әніне арқау болып келеді. Революцияның
жалынды жыршысы Максим Горький Мені қаңғыбастықтан құтқарған табиғат
десе, орыстың атақты ғалымы В.В.Докучаев Біздің топырағымыз алтыннан да
қымбат деген болатын. Туған жер табиғаты – халқымыздың ұлттық мақтанышы.
15
Біз табиғатты халық үшін, бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін қорғаймыз.
Табиғат – адамның ежелден бергі тіршілік етіп келген және мәңгілік мекен
ете беретін алтын бесігі.
Қазақстандағы қорықтар – шаруашылыққа пайдаланудан алынған, әр түрлі
географиялық аймақтарда орналасқан, табиғатқа тұрақты және комплексті
зерттеу жүргізетін ғылыми мекемелер. Мұнда табиғи процестердің даму
заңдылығы кеңінен зерттеледі. Жабайы жануарларға санақ жүргізу әдістері,
орман және ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресудің биологиялық әдістері,
хайуанаттар қорының азайып-көбеюіне әсер ететін факторлар, сирек аңдар мен
өсімдіктерді қалпына келтіру мәселесі терең талданып, қорықтағы табиғи
ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.

2.1. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

Талас Алатауының батыс бөлігінде қорық ұйымдастыру мәселесін, Орта Азия
мемлекеттік университетінің профессоры А.А.Бродскийдің ұсынысы бойынша,
1922 жылы ескі заман ескерткіштерін, табиғатты және өнерді қорғаудың
Түркістан комитеті көтерген болатын. Осы комитеттің университетінің
көрнекті ғалымдары профессор Д.Н.Кашкаров, М.Г.Попов, Е.П.Коровин,
М.В.Культиасов, Н.А.Димо Ақсу мен Жабағылы өзендері ағысының, жоғарғы
жағында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл өңір табиғатының сұлу
көріністеріне, өсімдіктері мен жануарлар дүниесіне таң қалған олар Тянь-
Шанъ тауының осы бөлігі қорыққа айналдыру керек деген қорытындыға келді.
Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында қорық боларлықтай біраз
артықшылықтар бар: мұнда тек осы өңірге тән, әлі ешқандай кәсіптік мақсатқа
пайдаланылмаған өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі тіршілік етеді.
Ландшафтысы сондай әсем, сәулетті және ғылыми тұрғыдан алғанда үлгі
боларлықтай. 1926 жылдың 14 шілдесінде Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи
қорығы ұйымдастырылды. Бұл қорықты ұйымдастырудағы негізгі мақсат- Батыс
Тянь-Шаньның ландшафтың сол табиғи қалыпта сақтап, осы тау жүйесіндегі
табиғат комплекстерінің даму заңдылығын зерттеу. Міне, Қазақстандағы тұңғыш
қорық дүниеге осылайша келген еді. Бұл қорықта хайуанаттар жүйесіндегі
алғашқы ғылыми зерттеуді 1926 жылы А.П.Коровин бастады. Одан кейін бұл
жұмысты Л.М.Шульмин жалғастырды.
Одан кейін бұл қорықта зерттеу жұмыстарын жүргізуге геологтар
В.Г.Мухин, В.Б.Тризна, палеонтолог С.И.Сергулкова келді.
Ақсу-Жабағылы қорығы қазірде ЮНЕСКО жасаған дүние жүзілік қорықтар
тізіміне енген. Күні бүгінге дейін Ақсу-Жабағылы қорығы Қазақстандағы ең
жақсы қорықтардың бірі болып қалып отыр.
Жер бедері мен ауа райы. Ақсу-Жабағылы қорығы Талас Алатауының
солтүстік-батыс бөлігінің біразын және оған көршілес Өгем жотасын алып
жатыр. Оның негізгі территориясы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас,
Леңгір және Алғабас аудандары жерінде орналасқан.
Қазірде қорықтың жалпы жер көлемі 74416 гектар, оның 20616 гектары
Түлкібас ауданында, 50576 гектары Леңгір ауданында болса, 224 гектары
Алғабас ауданының үлесіне тиеді. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол
станциясынан 18-20 шақырымдай жердегі Ново-Николаевка ауылында.
Ең биік шыңдары мәңгі мұзбен таласқан, ірі құзды Талас Алатауы шығыста
Талас өзенінің жоғарғы ағысынан батыста Шыршық пен Келес өзендерінің
жоғарғы ағысына дейін 250 шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатыр. 1
Ақсу мен Жабағылы өзендерінің басталар жоғарғы жағынан жан-жаққа
Жабағылы, Алатау, Балдыбірек және басқада біраз тау жоталары кетеді.
Арнасын осы жоталардан алатын өзендер Арысқа келіп құяды. Жабағылы тауының
ең биік шыңы теңіз деңгейінен 2915 м, Алатаудікі - 4042 м, Өгем жотасынікі
- 4072 м биіктікте. Таудың беткейлері көбіне тік келеді. Алатау жотасы мен
Балдыбірек тауының солтүстік беткейі - 1800-2500 м биіктікте жайпақтала
келіп, жазыққа айналады. Тау беткейлеріне тән қасиет - онда орман ағаштары
жоқ. Тек кейбір учаскелерде ғана ойдым-ойдым болып өскен орманды көруге
болады.
Қорық территориясынан ағып өтетін өзендер, Топшақ пен Майданталдан
басқалары Арыс өзенінің тармақтары болып саналады. Қорықтағы ең ірі өзен
Ақсу. Ұзындығы 120 км, ені 20м, тереңдігі 0,5 метрдей, суы тасыған кезде 2
метрге дейін ағыны қатты тау өзені. Мұнда су түсінің өзгеріп тұруы қызық-
ақ; мамыр айында көгілдір түсті болса, ал жаз айында, өзен тасыған кезде
оның түсі сүт ақ бурыл болады. Жабағылы өзенінің ұзындығы Ақсуға қарағанда
екі еседей қысқа, суының түсі тасыған уақытта сары болады, кейде ондағы саз
қоспаларының әсерінен қызыл түсті де болып келеді. Ақсу-Жабағылы қорығында
көлдер жоқтың қасы. Тек көлемі бірнеше ондаған шаршы километр болатын
көлшіктер мәңгі мұздар маңында немесе өзендер иірімінде пайда болады. Қорық
жерінде бұлақтарда бар. Бірақ көбі күзге қарай құрғап қалады. Тауда
мәңгі қар теңіз деңгейінен 3300 м биіктікте жатады. Мұздардың жалпы көлемі
мәңгі қар көлемінен 4-5 есе кем. Жабағылы өзенінің жоғарғы жағында
қалыңдығы 11 м, Бөгелітор жотасының теріскей беткейінде 14 м көшпелі мұз
бар. Олардың ішіндегі ең ірісі Ақсай жотасында. Оның ұзындығы 1600 м, ені
350 м. Мұнда пайдалы қазбаларда мол. Темір, мыс, қорғасын қорлары көптеп
кездеседі.
Климаты. Қорықта ауа райы өте құбылмалы. Қысы суық кейде қалың қарлы
болса, жазы ыстық, жауын-шашын тапшы келеді. Қаңтар айындағы орташа
температура - 4,9 градус болса, шілдеде ол +21,6 градус. Көбіне көктемде
бұл жер жауын-шашынды келеді. Жалпы алғанда, қорықтың ауа райы Тянь-Шаньның
басқа жоталарына қарағанда ылғалды болады.
Өсімдіктер дүниесі. Жер бедері мен ауа райының әр түрлі болуы
өсімдіктер дүниесінің алуан түрлі болуына жағдай жасайды. Тасты, құзды
келетін альпі белдеуінде (3000-4000 м) топырақ онша қалың емес. Субальпі
белдеуі (2000-3000 м) қоңыр топырақты келсе, орманды-дала белдеуі (1200-
2000 м) қызыл-қоңыр топырақты, ал тау етектері сұр топырақты болып келеді.
Ақсу-Жабағылы қорығы өсімдіктер дүниесіне бай. Оның территориясында мүктің
61, қынаның 58-ден астам, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1336 түрі өседі.
Қорық территориясы түгелімен биіктігі 1200 м-ден 4200 метрге дейін болатын
таулы өңірде орналасқандықтан, мұнда жартылай шөлейтті, далалы, орманды-
далалы, субальпі мен альпі белдеуіне тән өсімдіктерді кездестіруге болады.
Жартылай шөлейтті белдеуге тән баданалы қоңырбас, арпабас, қияқ, қозықұлақ,
шоқайна сияқты шөптерді Ақсу, Талдыбұлақ, Жабағылы өзендері бойынан 1100-
1250 м биіктік аралығынан кездестіреміз. Қорық орманында ағаштардан қара
арша, балғын арша және сауыр арша деп аталатын аршаның үш түрі өседі.
Таудағы тоғайларда жапырақты ағаштардан - талас терегі, тал мен қайыңның
бірнеше түрлері кездеседі. Тау беткейлерінде жабайы алма, түркістан
доланасы, кавказ тауында өсетін каркас, мойыл бақтарын көрсек. онда аздап
шетеннің екі түрі, үйеңкі ағашы, жоңғар доланасы кездеседі. 14
Бұталы ағаштың 60-тай түрі бар. Олардың ішінде үшқаттың 8 түрі,
итмұрынның 10 түрі, қарақат бұталар көбірек таралған. Сондай-ақ, ақ
тікенектің 3 түрі, тобылғының 2 түрі, шиенің 3 түрі, бадам осы арадан
табылады. Өсімдіктер тұқымдастарының жалпы саны 438, түр саны 1306. Оның
ішінде күрделі гүлділер тұқымдастарының саны - 69 (түр саны - 216), бұршақ
тұқымдастар - 14 (131), астық тұқымдастар - 41 (122), ерінді гүлділер - 24
(70), шатырша гүлділер - 34 (69) болса, раушан гүлділер тұқымдастарының
саны - 24 (түр саны - 68), қалампыр тұқымдастар - 18 (49), сабынкөк
тұқымдастар - 12 (48), айлық тұқымдастар - 21 (40), айқыш гүлділер - 21
(39). Ал басқа бірқатар өсімдіктің тұқымдастар саны 1 -ден 8 -ге дейін
ғана. Оларға мына өсімдіктер жатады: қияқ гүлділер тұқымдастарының тұқым
саны - 7 (түр саны 32), алабота тұқымдастар - 8 (14), ойран шөптің тұқым
саны - 4 (14), көкнәрдің тұқым саны - 6 (13), жасаң шөп -4(12), сүттіген -
1 (12), шермен гүлділердің тұқымдас саны - 5 (12), қоңыраубас тұқымдастары
- 5 (10), қожағай - 1 (8), күреңот - 2 (8), бәйшешектің тұқым саны - 4 түр
саны - 8. Басқа - өсімдік тұқымдастарының тұқым саны - 87, түр саны - 66.
Енді осы өсімдіктердің жалпы өсімдік түрлерімен салыстырғандағы процент
есебі мынадай: күрделі гүлділер тұқымдастарының процент есебі 17,4, бұршақ
тұқымдастардың процент есебі 9,5, қалғандарының жалпы өсімдік түрлерімен
салыстырғандағы процент есебі 8,9-дан 0,6 процентке дейін.
Жалпы алғанда Ақсу-Жабағылы қорығы территориясының 30 проценті аршалы
алқап. Арша - аса бағалы, мәңгі жасыл өсімдік. Оның қылқанды жапырақтары
мен бұталарынан эфир майы көп алынады. Ал бүршігі мен жемісі қыста құстарға
таптырмайтын азық. Ақсу-Жабағылы қорығында жапырақты орман көлемі онша көп
емес, бар болғаны 210 гектардай өзен аңғарындағы жерлерді қамтиды. Қорық
территориясында жайқалып өскен тау шабындығы 22-23 мың гектардай жерді
алады. Тау беткейлері мен өзен аңғарында шабындық түлкі құйрығы, қылтықсыз
арпабас, қоңырбастың бірнеше түрлері, жатаған бидайық, тянь-шань жоңышқасы,
қоңыраубас шөп түрі, беде, кәдімгі ақбас жусан, қарабас шалғын, ұсақ гүлді
киікоты сияқты шөптер қаулап өседі. Субальпі шабындығында тау қаршығаның
бірнеше түрі, қазтамақ, гельцер қалампыры, кекіребас, бөденешөп, адыраспан
тән болса, ал альпі белдеуінде альпі қоңырбасы, тау таспасы, тасжарған,
сарғалдақ, қазтабан, қияқтың бірнеше түрлері кездеседі. 18
Қорық территориясында жемшөптік, дәрі-дәрмектік, техникалық эфир майлы
жеміс беретін өсімдіктер көп-ақ. Қазақстанда шипалы маңызы бар 3 мың
өсімдік түрі болса, соның 200-дейі қорық территориясынан табылады. Мұнда,
әсіресе, емдік қасиеті жоғары қылша, қараандыз, шайқурай сияқты
өсімдіктердің қоры мол. Сонымен қатар, халық медицинасында талас қорғасыны,
ұсақ гүлді киікоты, жиек жалбыз, құмзере өсімдіктері пайдаланылып келеді.
Жемшөптік өсімдіктер - жабайы тянь-шань жоңышқасы, кекіребас, бедебас,
түлкіқұйрық, көде қорық жерінде жайқалып өседі. Техникалық, соның ішінде
тері илеуге жарамды шөптерден - рауғаш, итқұмық, таран кездеседі. Ал эфир
майлы өсімдіктерге шаған, сасыр, заре, әртүрлі жыланбас жалбыз, көкбас
жалбыз, райханның екі түрі жатады. Жеміс-жидек беретін өсімдіктерден жабайы
алманы, шетенді, шиені, қарақатты, қарлығанды, сиыр бүлдіргенді, жуаны,
рауғашты, тікен жидені, қышқыл шөпті айтпай кетуге болмайды. Тауға әртүрлі
реңді сән беретін қызғалдақ, құртқашаш, жарықгүл, желайдар, қалампыр сияқты
өсімдіктер гүлдеген кезінде маңайды құлпыртып жібереді. Тек таралу аймағы
қорық территориясы және онымен көршілес учаскелермен шектелетін эндемик
өсімдіктер түрі - 17. Олардың ішіндегі майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл
сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, лаңса, шоқайнаның бірнеше түрлері, сүт
жапырақ бар. Қорықта реликті өсімдіктердің үш түрі кездеседі. Олардың бірі
- Талдыбұлақ, Машат, Ақсу аңғарында ұшырасатын жалған масақша деп аталатын
өсімдік. Ленец Минквице қорықпен көршілес Даубаба тау етегіндегі тасты
жерлерде өседі. Сол тау мен Машат маңында реликті өсімдіктің үшінші түрі -
қаратау лепидолофасы кездесіп қалады.
Жануарлар дүниесі. Қорық жерінің таулы және ауа райының құбылмалы болып
келуі жер шарының әртүрлі екендіктерінде мекендейтін сан алуан аңдар мен
құстардың осында шоғырлануына жағдай туғызған. Оның шағын территориясында
Европа, Солтүстік Африка, Англия жоне Орта Азияның әртүрлі ландшафтыларында
мекендейтін хайуанаттар ұшырасады. Соңғы деректерге қарағанда, қорық
территориясында және оған жақын тау етектерінде құстың 238, сүт
қоректілердің 42, бауырымен жорғалаушылардың 9, қос мекенділердің 2 және
балықтың 2 түрі мекендейді екен. Қорықта қанаттылардан кекілік, ұлар, шіл,
бөдене, кептер секілді кәсіптік маңызы бар құстар тіршілік етеді. Ақсу-
Жабағылы қорығында таралған әрі Қазақстанда тек Тянь-Шаньды мекен еткен
сирек кездесетін қанаттылардың бірі - көкқұс. (2-сурет.)
Олар Піскем мен Өгем қыраттарында жиірек кездеседі. Ақсу-Жабағылы
қорығында саны өте аз, ерекше қорғауды керек етіп отырған жыртқыш құстар да
бар. Олардың ішінен биік тау құздарында мекендейтін сақалтай немесе
қозықұмайды, сондай-ақ жыланжегішті, лашынды, ителгіні атауға болады. Ақсу-
Жабағылы қорығының, әсіресе, кәсіптік маңызы бар сүт қоректілерді,
Көкқұс

2-сурет.
қорғауда рөлі зор. Бұлар - арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа,
барыс, мәлін, тас сусары, аккіс, түлкі, борсық, ұзынқұйрықты суыр және
мензбир суыры. Батыс Тянь-Шань тауының жоталарында маң-маң басып, марғау
қозғалған қоңыр аюларды көргенде бір таңданып қаласың. Негізінен ормандарда
тіршілік ететін бұл ірі жануар қорық территориясында ағаш өспеген ашық тау
беткейлерін мекендей береді. Жаз айларындағы бұл аюдың сүйсіне жейтін
азығы - рауғаш пен сасыр. Тастарды қопарып, олардың арасынан насекомдарды
да теріп жейді. Күз айларында жеміс бақтарынан алма, алмұртты жесе, азық
құрамында суыр, қарақас, тоқалтістер, де болады. Қорық жеріндегі аю саны
едәуір. (3-сурет.)
Қыста бұл хайуанаттар үңгірлерде аз уақытқа ұйқыға кетеді. Басқа
жыртқыштардан - қасқыр, қызыл түлкі, сусар, ақкіс және аққалақ сияқты,
терісі бағалы аңдар кең тараған. Кейде тау етектерінде қарсақ та көзге
түсіп қалады. Қорық территориясында кемірушілерден кең таралғаны -
ұзынқұйрықты суыр. Оның үлкен колониясы Қызөлген көлінің төңірегінде, онда
200-250-дей суыр тіршілік етеді. Ақсу-Жабағылы қорығында бауырымен
жорғалаушылардан сарықарынды кесіртке, қалқантұмсықты, қарашұбар және сұр
жыландар кездесіп қалады. Әсіресе, қалқантұмсықты жылап тас арасында
көбірек көрінеді. Қорық территориясынан ағып өтетін кейбір өзендерде
қарабалық және талма балықтары тіршілік етеді, бірақ балықтың бұл екі
түрінің саны мардымсыз ғана. 20
Қорықтың болашағы. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы - бүгінде
шет ел ғалымдарын да қызықтырып, олардың назарын өзіне аударып отыр.
Қазіргі кезде мұнда республикамыздың және одақтас республикалардың бірнеше
университеттері мен институттарының қызметкерлері, студенттері ғылыми
зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өндірістік практикаларын өткізуде. Сондай-ақ,
қорықты көруге жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен, шет елдерден
ғалымдар, арнайы экспедициялар, туристер келіп жатады. Ақсу-Жабағылы
қорығын табиғаттың адамға тартқан тамаша сыйы деп бағалай отырып, оның
жандана, гүлдене беруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Бұл қорық
аңдармен құстардың, өсімдіктердің өсіп-өнуін, даму заңдылықтарын зерттейтін
табиғат лабораториясы ретінде ондағы объектілерді зерттеу жұмысы қазіргі
өмір талабына сай тереңдей түсуі керек. Келешекте бұл аймақты мекендейтін
арқар, аю, марал сияқты кәсіптік маңызы бар хайуанаттардың биологиясын,
қорықтың табиғи жағдайына бейімдеуін ғылыми тұрғыдан зерттеуге баса назар
аудару керек.
Сондай-ақ саны аз болғандықтан, халықаралық табиғат қорғаудың "Қызыл
кітабына" енгізілген көк немесе мензбир суырының мекендейтін қоныстарының
барлығы осы қорық меншігіне бөлінгені орынды. Өйткені, бұл бағалы аңның
жойылып кету қауіпі бар. Мензбир суырының қазіргі қоныстарын қорық
территориясына қосу - оны сақтап, санын арттырудың бірден-бір жолы.
Қоңыр аю

3-сурет.

2.2. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы - алып тұлғалы Алатау қойнауында
орналасқан. Бұл қорық Іле Алатауындағы Кіші Алматы орман шаруашылығының
территориясында 1931 жылы ұйымдастырылды. Бұдан кейінгі жылдары қорықтың
жер көлемі бірнеше рет өзгерді. 1935 жылы қорық территориясына Үлкен
Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шелек, Таушелек, Табанқарағай орман алқаптары
қосылды. Ал 1936 жылы оған тағы да Сөгеті даласы, Бұғыты тауы және
Қаракүлтек жері енді. Ол кезде қорықтың жер көлемі 856,7 мың гектарға дейін
жеткен еді. 1937 жылдан бері қорықта ғылыми бөлім жұмыс істей бастады. 1943
жылы Алатау өңірінде орналасқан бұл қорық территориясында 34 мыңдай
қарақұйрық мекендесе, соның жартысын майдан мақсаты үшін аулауға рұқсат
етілді. Күнгей және Іле Алатауындағы ормандардан ағаш дайындау жаппай өріс
алды. 1945 жылдан кейін қорық территориясының көлемін қысқарту ешбір
дәлелге сыймайтын сияқты еді. 1946 жылы Таушелек орман алқабы Орман
шаруашылығы министрлігіне берілді, ал одан кейін қорық қарамағына тек Шелек
орман алқабы мен тау етегіндегі далалық учаскелер қалдырылды. 1952 жылы бұл
қорық жабылып қалды да ондағы жұмыс тоқталып қалды. Алматы қорығы әуелі
Табанқарағай орман алқабында қайтадан ұйымдастырылды. Ол кезде қорықтың
орталығы Шелек ауылында болатын. 1964 жылдары бұл қорыққа Талғар
өзендерінің сол және оң жақ қабағында өскен орман алқабы берілді. Оған Іле
өзені жағасында орналасқан "Әнші тау" да кірді. Алматы корығының
территориясы 89,6 мың гектар. Бір-бірінен оқшау екі учаскеден тұрады. Оның
бірі - Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан таулы аймақ (көлемі
71681 га), екіншісі Қалқан шөлді аймағы (17850 га). Қорықтың орталығы
Алматы қаласынан 25 шақырым жерде, Талғар қаласына таяу орналасқан. Онда
ғылыми лаборатория мен табиғат музейі, қорық қызметкерлеріне арналып
салынған үйлер бар.
Қорық қызметкерлері алдында ғылыми жұмыстардан басқа, осы өлкенің
табиғат байлықтары - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, таудың сұлу көрікті
орындарын өз қалпында сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу міндеті тұр. Алматы
қорығының негізгі ғылыми міндеті - Іле Алатауы қойнауындағы табиғат
комплексін қорғай отырып, оны жете зерттеу болып табылады.
Жер бедері мен ауа райы. Алматы қорығы Іле Алатауының теріскей
беткейінен орын тепкен. Биік шыңдарын мәңгі мұз бен қар басқан сұлу шыршалы
ормандарына қараса көз тоймайтын әсем тау кімді болсада қызықтырмай
қоймайды. Ғажап қой, тау іші шіркін! Тау шыңынан күн сәулесі көтеріле орман
іші құстардың әніне бөленеді. Алатау бауырында сылдырап аққан мөп-мөлдір
өзендер мен көкорай шалғындары, шыршалары, қия-шатқалдары көздің жауын
алып, "табиғаттың бізге тартқан жомарт сыйын ардақтап, қорғаныңдар"
дегендей болады. Алматы қорығына Іле Алатауының орталық бөлігі - теңіз
деңгейінен 1400-5017 м биіктік аралығыыда орналасқан Талғар тау жоталары
енеді. Жер бедері күшті тілімделген. Жерінің 25 мың гектарын тасты құздар
алып жатыр. Шөлді аймақтың тау етегіне жақын орналасуы оның ауа райына
үлкен әсерін тигізеді. Соған сәйкес таудан төмен түскен сайын жылына
болатын жауын-шашын мөлшеріде азая береді. Мәселен, теңіз деңгейінен 1000 м
биіктікте 500 мм, ал 2400-3000 м биіктікте 780-870 мм жауын-шашын жауады.
Жазда тауға әрбір 100 м көтерілген сайын ауа температурасы 0,71 градус
төмендейді. Тауда самал жел соғып, жаздың салқындау болуы да жасыл
шабындықтың жайқалып өсуіне жағдай жасайды. Қыс айлары онша суық болмайды.
Бұл қорықта паналайтын хайуанаттардың қыстан күйлі шығуына көмектеседі.
Қорық территориясы кіші-гірім өзеншелер арқылы бөлінетін бірнеше тау
қыраттарынан тұрады. Ондағы суы мол саналатын негізгі өзендер - Талғар мен
Есік. Басын мәңгі мұздардан алатын бұл өзендердің ені 3-5 м, тереңдігі 0,5-
1 метрдей болып, ағысы қатты келеді. Өзендердің су деңгейі тіпті тәулік
ішінде бірнеше рет өзгереді. Жаз айларында су деңгейінің тәуліктік ауысуы
кейде 40-50 см-ге дейін жетеді. Тауда нөсерлеп жауған жаңбырдың арты селге
айналатын жағдайларда кездеседі. 6
Өсімдіктері. Алматы қорығының бір артықшылығы - тау беткейлерінде
орманды-дала, субальпі және альпі өсімдік белдеулерінің ұштасып жатуы.
Шөлді аймақ "әнші тау" төңірегін қамтиды. Орманды-дала белдеуі қорық
жерінде 1300-2600 м биіктік аралығында өтеді. Оның төменгі етегінде
жапырақты ағаштар мен бұталар өседі. Олардың көпшілігі жабайы жеміс
ағаштары. Бұл белдеудегі ормандағы негізгі ағаш түрлері - алма, өрік,
долана, көктерек, тал. Бұталармен топтаса қарақат, итмұрын және үшқат
ұшырасады. Қорықта жапырақты орман тұтасып жатпай, ойдым-ойдым болып, өзен
аңғарларында, тау жоталарында кездеседі. Көктерек жоталардың солтүстік және
шығыс беткейлерінде көбірек болады. Жалпы жабайы жеміс ағаштарының алып
жатқан аумағы 157 гектардай. Жеміс бақтары, негізінен, Талғар өзендерінің
бойын алып жатыр. Алма ағаштарының биіктігі 7-8 м, ал өрік 5-7 метрдей
келеді.
Алатауға сән беріп тұрған қылқан жапырақты ормандар 1400-2800 м
биіктікте орналасқан. Ормандағы ежелгі ағаш түрі - Тянь-Шань немесе Шренк
шыршасы. Тянь-Шаньның жасыл қылқанды шыршасы - көне дәуірден біздің
заманымызға дейін жеткен асыл қазына. Оның қоры тек қана Қырғызстан мен
Қазақстан тауларында сақталған. Шырша орманының жалпы көлемі 500 мың гектар
болады деп шамаланса, оның 300 мың гектары біздің республиканың, 200 мың
гектары Қырғызстанның тау беткейлерінде. Алматы қорығында орман көлемі 6084
гектардай жерді алып жатыр. Тоғызыншы бес жылдықта қорық қызметкерлері 121
гектар орман ағашын қолдан отырғызды. Шырша орманының су балансын сақтауда,
топырақ қорғауда, селді тасқынға қарсы күресу ісінде атқаратын рөлі зор.
Шырша ағашы таудың солтүстік беткейінде өседі. Таудың шығыс және батыс
беткейлерінде ол сиректей түсіп, оңтүстік жағында мүлдем кездеспейді.
Сондықтан да тұтас шырша орманы алқаптары тауларымызда сирек кездеседі,
көбінесе, ойдым-ойдым шағын учаскелерге бөлініп кетеді. Шырша өте баяу
өсетін, қалыптасуы үшін көп жылдарды керек ететін ағаш. Алматы қорығындағы
шырша орманының көлемі 5,3 мың гектардай болады. Таудың теріскей жағында
ескен шырша орманы саялы келеді де, олардың арасында шетен, тал, үшқат,
қара ырғыз және бүлдірген өседі. Бұл ағаштардың кепкен жемістері осында
қыстап қалатын құстар мен аңдар үшін жақсы азық болып табылады.
Орманды-дала белдеуінің ашық алаңдарында шабындық-көкмайса шөптер
өседі. Таудың салқын самалды қыраттарында боз, бетеге, қарабасшалғын
бетеге, жусан сияқты өсімдіктер жайқалып, жақсы өседі. Сондай-ақ бұталы
ағаштар арасында тау таспасы, қозықұлақ, ширатылған қоңыраубас, шабынды
қоңырбас, аюбалдырған, тағы басқа балауса шөптер көктемде қаулап шығып, тау
беткейін көкорай шалғынға айналдырады. Алматы қорығының шырша орманының
жоғарғы жағын субальпі белдеуі алып жатыр. Белдеу теңіз деңгейінен 2600-
3000 м биіктікте орналасқан. Бұған тән өсімдік - биіктігі 0,5-
1 м болып өсетін арша. Бұл бұталы ағаш таудың күнгей беткейін ала 700
жылға дейін жасайды.
Альпі белдеуі 3000-3600 м биіктікте орналасқан, одан әрі қар мен мәңгі
мұз орын тебеді. Бұл өңір көлемінің 70-80 процентін қой тастар мен құздар
алып жатады. Ондағы құздардың жарылуынан, бұзылуынан пайда болған тасты
шөгінділер үнемі қозғалыста болады да, шөп өспейді. Альпі белдеуінде көбіне
доңызсырт шөптері өседі, аздап дәнекті шөп түрлері кездесіп қалады.
Қорықтың әр белдеуінде ауа райына байланысты әр алуан өсімдіктер өседі.
Алатауда дәрі-дәрмек алынатын өсімдіктердің көптеген түрлері кездеседі.
Олардың бастылары - долана, итмұрын жемістері және кәдімгі киікоты, тасшөп.
Осындай адам денсаулығына қажетті шикізат беретін өсімдіктер қорын, олардың
биологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу де қорық қызметкерлерінің абыройлы
міндеті.
Жануарлар дүниесі. Қорықтың жер бедерінің күрделілігі, ауа райының әр
белдеудегі ала-құлалығы, соған сәйкес өсімдік түрлерінің көптігі жан-
жануарлар түрлерінің кең таралуына әсерін тигізеді. Мұнда құстардың 200-ден
аса, ал сүт қоректілердің 40-тай түрі тіршілік етеді. Қорықтың шырша
орманында самырсын құсы, шырша торғайы, шиқылдақ торғай, қызылқұйрық
торғай, тоқылдақтар мекендесе, орманды-дала белдеуінде кәдімгі мысықторғай,
қара шымшық, бұлбұл, маубас жапалақ, қара қарға, үкі, кептер, құр және
басқа да алуан түрлі құстар тіршілік етеді. Таудың биік құздарында ұлдар
мен қозықұмай ұшырасады. 1965 жылы Алматы қорығына үлкен сары шымшықтың 145-
тейі жіберілген. Онда ол жақсы жерсініп, жасыл орман алқабын зиянды
насекомдардан қорғауға үлкен септігін тигізіп отыр.
Қорықтың Іле өзені бойындағы шөлді бөлімшесінде қорғауға алынған құстың
бірі - қырғауыл. Жетісу қырғауылы біздің елдегі тауық тұқымдас құстардың ең
ірісі де сұлуы. Қамқорлыққа алып, жағдай туғызудың нәтижесінде бұл құстың
Алматы төңірегіндегі қоры 3 мыңнан асып отыр. Шөлді өңірде, сонымен қатар
жылқышы, бұлдырық сияқты құстар тіршілік етеді. Қорық жерінде жыртқыш
құстардан қаршыға, жағалтай, үкі, жапалақ кездеседі. Олар ұясын ағашқа
салып, балапанын сонда басып шығарады. Негізгі қорегі - ұсақ кемірушілер
мен торғайлар. Таудың биік құздарында өлекселермен қоректенетін құмай да
тіршілік етеді. Бұл айтылған мәліметтер Алматы қорығында қанатты достардың
көп екендігін сипаттайды. Олардың санының көбейе түсуі мәуелі орманды оның
зиянкестерінен қорғап қалуға әбден көмектеседі. Біздің орман, дала, бау-
бақшамызды зиянды насекомдардан қорғайтын бұл құстарға қорықта жақсы
қамқорлық жасалған.
Қорықта елік, таутеке, арқар, марал, қоңыр аю, барыс, сусар, тиін
сияқты аңдар да бар. Әсіресе, орманды-дала белдеуінде елік көбірек
кездеседі. 1975 жылы қорық қызметкерлерінің жүргізген санағына қарағанда,
онда 560-тай елік бар екендігі анықталды. Елікпен бірге тау биігін жайлаған
хайуанаттың бірі - таутеке. Ол қорықта альпі және субальпі белдеулерін
қоныс еткен. Жазда Алатау қойнауында мәңгі мұзға жақын жүреді де, қысқа
қарай шырша орманына жақындап жайылады. Әсіресе, қаңтар-ақпанда таутекені
таудың күнгей беткейінен көбірек кездестіруге болады. Қорықшылардың 1974
жылғы есебі бойынша таутекенің саны 560-тан асып отыр. Елік пен таутекеге
қарағанда мұнда марал сирек кездеседі. Ол жапырақты және қылқан жапырақты
орманды мекен етеді. Саны әлі де шамалы. 30-шы жылдары Іле Алатауында арқар
да едәуір кең таралған болатын. Арқар қорықтың таулы бөлігінде, тек адамның
баруы қиын кейбір жоталарда мекендейді. Қазіргі уақытта қорықтың шөлді
бөлімшелерінде арқар Кіші және Үлкен Қалқан тауларында кездеседі. Бұл маңда
олар қоныстанатын 10 мың гектардай жер болғанымен жазда су көзінің
тапшылығынан әрі азық қорының жетіспеуінен олар көршілес - Алтынемел, Матай
жоталарына кетіп қалады. Биік тау құздарын мекен еткен аңның бірі - барыс.
Кейде тау тұрғындары оны "ілбіс" деп те атайды. Бұл - бүкіл таулы аймақта
сирек кездесетін және бірте-бірте жойылып бара жатқан аң. Қазір Қазақстанда
бар болғаны 500-дей барыс бар деп есептелсе, соның 4-5-еуі ғана Алматы
қорығында. Барыстың саны бүкіл дүние жүзінде күрт азайып кеткендіктен ол
қорғауға алынып, табиғат қорғаудың халықаралық "Қызыл кітабына" енгізілген.
Тұрғылықты халық тарапынан да қамқорлыққа алынған. 10
Барыс - ерекше сымбатты, күшті және епті аң. (4-сурет.)
Барыс

4-сурет
Қорық жерінде жыртқыш аңдардың ірісі - қоңыр аю да баршылық. Мұнда
аюлар қыста тау үңгірлерінде аз уақытқа ұйқыға кетеді. Әсіресе, аюды күзде
жабайы алма мен өрік өскен бақтарда жиі ұшырастыруға болады. Оқта-текте бұл
маңда қасқыр да кездесіп қалады.1960-1964 жылдары Іле Алатауының шырша
орманына тиін жерсіндірілді. Қазіргі уақытта ол бұл жерге жақсы көндігіп,
саны өсіп келеді. Оның негізгі қоректері - шырша жаңғағы мен бүрі.
Қорықтың болашағы. Алматы қорығының негізгі міндеті - осы өлкедегі
табиғат байлықтарын қорғап, оның қорын молайту. Алматы қорығында халық
шаруашылығы үшін маңызы зор шырша орманы, тау жағдайына төзімді қойлардың
жаңа тұқымдарын шығаруға негіз болатын арқар, "алтын мүйізді" марал сияқты
табиғат байлығының әр алуан түрлері қорғалады. Оларды ғылыми тұрғыдан
зерттеп, халық игілігіне пайдалану үшін көптеген мамандар еңбек етуде. Бұл
мәселеде қорық қызметкерлерінің атқарған істерімен қоса, атқарар жұмыстары
да ұлан-ғайыр. Өз учаскелерін бақылау, ондағы хайуанаттар санын есепке алу,
олардың тіршілігін биологиялық қызықты материалдар жинау қорықшылардың
біліміне де байланысты. Сондықтан да олардың білімін жетілдіру ісіне көп
көңіл бөліп отыру керек. Әсіресе, бұл жұмысқа маман кадрларды көптеп тарту
орынды. Олар материалдық жағынан ынталандырылып, арнаулы киіммен қамтамасыз
етілсе, бұл жұмыста кадрлардың тұрақтануына мүмкіндік туады. Қорықтағы
бағалы аң-құстардың санын жылма-жыл есепке алып отыру керек. Келешекте
қорық жұмысын одан әрі дамыту үшін оның лабораториясын түрлі құралдармен
жабдықтау мәселесін тезірек шешу де өзінің жемісін беретіндігі даусыз.
Осындай жұмыстарды іс жүзіне асырсақ, Алматы мемлекеттік қорығының жағдайы
жақсара бермек. Ал оны озық үлгідегі қорыққа айналдыруға барлық мүмкіндік
бар.

2.3. Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы Қостанай облысындағы Наурызым және
Семиозер ауданының территориясында 1934 жылы ұйымдастырылды. Әуелде бұл
қорық Қазақстанның жазық даласының ең оңтүстігіндегі Наурызым қарағайлы
орманын сақтап қалу мақсатымен құрылған еді. Сонымен бірге оның құрамына аң-
құстар мекендейтін аймақ, өзендер мен көлдер кіреді. Қорықтың жалпы көлемі
320 мың гектар еді. Міне, осы қорық болып аталған жетпіс жылдан астам
уақыттың ішінде Наурызым көлдері, ормандары талай өзгерістерді бастан
кешірді. 1951 жылы ол жабылып, оның базасында орман шаруашылығы құрылды.
1960 жылы қайтадан қорыққа айналды. 1961 жылы өзгеріп, орман-аңшылық
шаруашылығы деп аталынды. 1966 жылдың 18 - қазанында ол қайтадан Наурызым
мемлекеттік қорығы ретінде жұмыс істей бастады. 1968 жылы Қазақ ССР
Министрлер Советінің жанындағы қорықтар және ауыл- шаруашылығы Бас
басқармасының қарамағынан алынып, орман шаруашылығы мемлекеттік комитетінің
қарамағына берілді. Қазір де ол облыстық орман шаруашылығы Бас басқармасына
бағынады. Әрине, мұндай өзгерістер қорық өмірінде айтарлықтай із қалдырды,
қорық едәуір мерзім күтімсіздікке ұшырады. Бірнеше рет өрт болып,
Наурызымның сирек кездесетін жасыл қарағайын едәуір азайтып жіберді. Көлдің
суы өте төмендеп кетті.
Жоғарыда айтқанымыздай, ұйымдастырылатын кезде қорықтың жалпы көлемі
320 мың гектар болса, қазір 85,7 мың гектар ғана, яғни 3,5 есеге кеміп
кеткен. Наурызым қорығының территориясы бірнеше жеке учаскелерден тұрады.
Онда Терсек (көлемі 4665 га), Сыпсың (7043 га) және Наурызым (37063 га)
орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері бар. Олардың үлесіне
бетегелі-жусанды 5 мың гектар тың жазық дала кіреді. Осы алшақ орман
алқаптары қарағайлы орман шаруашылығына бөлінген, Сыпсың мен Терсек
қарағайлары Соснов орман шаруашылығына қараса, Наурызым қарағайының батыс
бөлігі Бесағаш орман шаруашылығына және Ақсуат маңындағы қарағайлар
Наурызым орман шаруашылығына енеді. Қорықтың осындай шалғай учаскелерінің
бір-бірінен ара қашықтығы 20-дан 80 км-ге дейін жетеді. Қорықтың орталық
усадьбасы Наурызым поселкесінде орналасқан. Ол ауданнан - 31 км, ал облыс
орталығынан - 24 км қашықтықта. Қорық аймағындағы орманды алқаптар -
аңдармен құстар тіршілік ететін, қоныстайтын және паналайтын өте қолайлы
мекендер. 1966 жылы Наурызым қайтадан қорық болып құрылғанда, оның алдында
орманды қалпына келтіру, көлдерді қорғау, ондағы су құстарының тіршілік
ерекшеліктерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеу міндеті тұрды.
Наурызым қорығының байлығы тек орман ғана емес, онда жабайы аңдар мен
құстар, ал өзен-көлдерінде балықтар да мол. 9
Жер бедері мен ауа райы. Наурызым қорығы Қостанай облысының Торғай
ойпатында орналасқан. Мамандардың, ғалымдардың айтуынша, бұдан 20 мың жыл
бұрын Қостанайдың солтүстігін алып мұз басып жатқан. Мұз ери келе, оның
тастай суы, "Торғай қақпасымен" жылжып терістікке шегіне берді, сонымен
қоса суыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар да шегінді. Бұл маң құрғап,
климаты жыли бастады. Сөйтіп қазіргі Наурызым ауданы көлемінде жартылай
шөлейттік белгілері бар дала пайда болды. Континентті қысы суық, ызғарлы;
жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -18-19 градус. Жауын-шашынның
жылдық мөлшері 200-250 мм шамасында. Территориясы негізінен қызыл-қоңыр
топырақты келеді, онда кішігірім өзендер мен көлдер орналасқан. Аралары
өзен аңғарларымен бөлінген төбелер кездеседі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың құқықтық режимі»
Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Табиғат қорғауға арналған резерваттар
Экотуризмды дамыту жолдары
Қазақстандағы қорықтар
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығын экологиялық туризм мақсатында қолдану
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын аумақтар
ҚОРЫҚТАР. ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР. ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР
Саябақ - елдiң сәнi
Пәндер