Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Бөлім. Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1. Депозит . коммерциялық банктерде ресурстар базасын құрудың негізгі көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Банктік депозиттердің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.3. Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері (детерминиттері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2 Бөлім. Қазіргі макроэкономикалық жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.1. Әлемдегі қаржылық дағдарыс жағдайындағы Қазақстан экономикасы және банк жүйесінің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.2. Қазақстанның депозиттік рыногындағы «Қазкоммерцбанк»АҚ.ның рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
2.3. «Қазкоммерцбанк» АҚ қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштері және депозиттік саясатына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
3 Бөлім. Депозиттік саясатты жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
3.1. «Қазкоммерцбанк» АҚ.ның депозиттік саясатын жетілдіру құралдары
3.2. Халық салымдарын сақтандыру қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 86
Коммерциялық ұйым түрлерінің бірі ретінде банктік мекеме (италиандық banco сөзін аударғанда тиын санайтын, оны алмастыратын дүкен, үстел) заңды және жеке тұлғалардың ақшалық қаражаттарын тартумен, осы қаражаттарды өз атынан және өз есебінен ақылы, жедел, қайтарымды және мақсатты жағдайында жайғастыру, заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізумен шұғылданатын қаржылық несиелік институт. Оның ресурстарының басым бөлігі меншікті құралдардан емес, тартылған құралдардан құралады. Қаражаттарды тартуда екінші дәрежелі банктердің мүмкіндіктері шектеулі және кез келген елде Орталық Банк тарапынан реттелініп отырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi. Банкiлердiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен (келiсiмдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентiнiң Заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен реттеледi.
1 Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңы. 24 желтоқсан 1996
2 Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» заңы 29 маусым 1998
3 1995 жылдың 31 тамызынан №2444 өзгерістер мен қосымшалар енгізілген «Қазақстан республикасындағы банктер және олардың қызметі туралы» заңдық күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы.
4 Толық экономикалық, қаржылық несиелік, банктік, салықтық кедендік, сақтандыру, биржалық және кәсіпкерлік терминологиялардың орысша қазақша сөздігі. Сүлеймен Рахымжанұлы Тоқсанбай., Алматы: Сөздік словарь,1999. 816 б
5 VISA, EUROCARD| MASTER CARD Халықаралық пластикалық карталарды беру тәртібі жөніндегі «Қазкоммерцбанк» АҚ нұсқаулығы. 9шілде 1999ж.
6 Абильманова Ш.Р. Банковский маркетинг на рынке услуг населению. Алматы: Казахская Государственная Академия Управления 2004.
7 Алпамысов А.А. Управление депозитными ресурсами в Республике Казахстан. Автореферат. Алматы,2004
8 Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: проблемалары мен болашағы. Автореферат. Алматы, 2004
9 Батракова Л.Г. Экономический анализ деятельности коммерческого банка: Учебник для вузов. М.: Издательство Корпорация Логос, 2003
10 Казимагомедов А.А. Банковское обслуживание население: зарубежный опыт. М.: Финансы и статистика, 2003
11 Киселев В.В. Управление банковским капиталом (теория и практика). М.: ОАО Издательство Экономика, 1997
12 Колесников В.И., Кроливецкая Л.П. Банковское дело. М.: Финансы и статистика, 1999
13 Лаврушин О.И. Банковское дело. М.: Финансы и статистика, 1998
14 Морошкин В.А. Простые и сложные проценты. М.: Издательство Акалис Биснес книга, 1996
15 Роуз Питер С. Банковский менеджмент. Представление финансовых услуг. М.: Издательство Дело, 1997
16 Сейткасимов Г.С., Шаяхметов К.О., Абдраимов Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Алматы : Қаржы қаражат; Раритет, 2000
17 Сейткасимов Ғ.С. Ақша несие банктер. Оқулық Алматы: экономика, 2001
18 Сейткасимов Г.С. Банковское дело. Алматы: Қаржа қаражат, 1998
19 Сейткасимов Г.С. Деньги, кредит, Банки: Учебник. Алматы: экономика, 1999
20 Сейткасимов А.Г. Управление банковской ликвидностью и методы ее анализа, Алматы: Қаржа қаражат, 1998
21 Финансы, денежные обращение и кредит: Учебник /Под.ред. Сенчагова В.К., Архипова А.Н. М., 2000

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Бөлім. Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1. Депозит – коммерциялық банктерде ресурстар базасын құрудың негізгі
көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Банктік депозиттердің
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3. Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері
(детерминиттері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 21
2 Бөлім. Қазіргі макроэкономикалық
жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
2.1. Әлемдегі қаржылық дағдарыс жағдайындағы Қазақстан экономикасы және
банк жүйесінің
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..36
2.2. Қазақстанның депозиттік рыногындағы ҚазкоммерцбанкАҚ-ның
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
2.3. Қазкоммерцбанк АҚ қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштері және
депозиттік саясатына
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
3 Бөлім. Депозиттік саясатты жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
3.1. Қазкоммерцбанк АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру құралдары
3.2. Халық салымдарын сақтандыру
қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .76
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..82
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..86

Кіріспе
Коммерциялық ұйым түрлерінің бірі ретінде банктік мекеме (италиандық
banco сөзін аударғанда тиын санайтын, оны алмастыратын дүкен, үстел) заңды
және жеке тұлғалардың ақшалық қаражаттарын тартумен, осы қаражаттарды өз
атынан және өз есебінен ақылы, жедел, қайтарымды және мақсатты жағдайында
жайғастыру, заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және
жүргізумен шұғылданатын қаржылық несиелік институт. Оның ресурстарының
басым бөлігі меншікті құралдардан емес, тартылған құралдардан құралады.
Қаражаттарды тартуда екінші дәрежелі банктердің мүмкіндіктері шектеулі және
кез келген елде Орталық Банк тарапынан реттелініп отырады. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң
жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.
Банкiлердiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және
заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен
(келiсiмдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер
бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентiнiң Заңдары
негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлеттi органның, Ұлттық
Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен реттеледi.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, халық
және де басқа банктердің құралдарын салым (депозит) нысанында және осы
салымға сәйкес шоттарды ашу арқылы тарту мүмкіндігін иеленеді. Банктер
тартылатын қаражаттар құрамы бойынша әртүрлі болып келеді. Олардың басты
түрлері болып клиенттермен жұмыс істеу үрдісінде банкпен тартылған құралдар
(депозиттер), меншікті борышқорлық міндеттемелерді (депозиттік және жинақ
сертификаттарын) шығару жолымен шоғырландырылған құралдар.
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ─ бұл ресурстық
базаның қалыптасуы. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру
үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына
қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді атқарады. Банктік ресурстардың негізгі
бөлігі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы
операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның
қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді
басқару арқылы ресурстар әлеуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамассыз
ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
Қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында алдағы уақытта
активтерінің көпшілік пайызы сыртқы көздерден құралған қазақстандық
коммерциялық банктер үшін қор жасаудың негізгі көзі халық пен
компаниялардың депозиттері ғана болады. Депозиттік базаның тұрақтылығы
қазақстандық банктердің ресурстық базаларының орнықтылығын негіздейді. Дәл
осы депозиттік базаның салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы мен өсу үрдісі
соңғы айларда қазақстандық банк жүйесі орнықтылығының негізгі кепілдерінің
бірі болып келді. Сонымен бірге, 1998 жылы болған банктік дағдарыс және
одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық
банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар
жетілдірудің қажеттігін көрсетті. Осы жұмыстың теориялық және практикалық
негізін экономист ғалымдардың еліміздегі депозиттік саясаттың мәселелерін
зерттеген материалдары, қазақстандық коммерциялық банктердің қызметін
талдаған кездегі алынған материалдар, статистикалық материалдар және
мерзімдік басылымдардың мәліметтері құрайды. Дипломдық жұмыста ресурстарды
тарту аясында коммерциялық банктердің депозиттік саясатының қалыптасуының
теориялық аспектілері, депозиттердің жіктелуі егжей тегжейлі қарастырылды,
олардың ерекшеліктері, сонымен қатар екі тарап үшін де депозиттердің
артықшылықтары мен кемшіліктері айқын көрсетілді.
Дипломдықзерттеудің мақсаты қазақстандық коммерциялық банктердің
экономикалық тұрақтылығын күшейту үшін олардың депозиттік саясатын
жетілдіру бойынша ұсыныстар тізімін дайындап ұсыну.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
• Ақша несие қатынастары жүйесіндегі Депозит экономикалық
категориясының мәні мен мазмұнын зерттеу;
• Банктік депозиттердің жіктелуін қарастыру;
• Халық қолындағы салымдарды коммерциялық банктерге тартудағы
бағыттарды жетілдіру жолдарын анықтау;\
• Коммерциялық банктердің тұрақтылығын күшейту мақсатында оның
депозиттік саясатын оңтайландырудың перспективалы бағыттарын анықтау;
• Депозиттерді сақтандыру қорының қызметіне талдау жасай отырып, оны
жетілдіру жолдарын анықтап беру.
Зерттеу пәні коммерциялық банктердің депозиттік саясаты және оның
қалыптасуы мен жүзеге асырылу үрдісіндегі экономикалық және
ұйымдастырушылық қатынастары болып табылады.
Зерттеу объектісі: Қазкоммерцбанк ААҚ ның қызметі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасу
үрдісіне көңіл бөлінген, депозиттік саясаттың қалыптасуы, оның кезеңдері
зерттелген, банктік ресурстарды басқару жүйесінде депозиттік саясаттың ролі
анықталған.
Ал, екінші тарауда қазіргі макроэкономикалық жағдайға сипаттама бере
келіп, оның Қазақстан экономикасына тигізер әсеріне тоқталды. Әлемдік
қаржылық дағдарыс жағдайындағы Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
қызметі мен ақша несие, депозиттік саясатына сипаттама беріліп талдау
жасалынды.
Сондай ақ осы жұмыстың үшінші тарауында банк салымдарының және
депозиттік операцияларының маңыздылығы мен банк алдындағы клиенттердің
қаражатын салымға тартуды жақсартудың жолдары қарастырылды.
Клиенттердің банкке деген сенімін жақсарту мақсатында құрылған Жеке
тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорының мақсаты, міндеті және қызмет
атқару жолдары қарастырылды. Бұған қоса банктердің тұрақтылығын,
сенімділігін және өтімділігі мен төлем қабілеттілігін жетілдіру жолдары
қарастырылды. Мұнда депозиттерді ұйымдастыру жолдары, яғни банк пен
клиенттер арасындағы келісім, олардың құқықтары мен міндеттері қамтылды.
Жұмыста қазіргі уақытта коммерциялық банк алдында тұрған мәселелер
қатары көрсетілді. Олардың ішінде банктің ресурстық базасының қалыптасу
мәселесі және коммерциялық банктердегі азаматтар салымдарының қорғалу
мәселелері қарастырылды.

1 Бөлім. Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
теориялық негіздері
1.1. Депозит коммерциялық банктерде ресурстар базасын құрудың негізгі
көзі
Депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және
Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде қайтарылатын шартпен, алғашқы
талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-
бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не
оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша.
Депозит латынның depositum сөзінен аударғанда – сақталуға берілген зат
деген мағынаны білдіреді. Банк бұл қаражаттарды айналымға жібереді.
Салымшыға пайыздық үлес төлей отырып, депозит банктің салымшы алдындағы
қарызы болып табылады және салымшыға міндетті түрде қайтарылып
беріледі..Әлемдік тәжірибеде депозит бұл заңды және жеке тұлғалардың
құралдарды салу мерзіміне тәуелсіз қаржылық институтқа салу. Ал Қазақстанда
заңды тұлғалардың салымдары депозит, ал жеке тұлғалардың салымдар деп
аталады. Есеп айрысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар депозит болып
саналмайды.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассивті меншікті капиталы
мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10% - ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейде болуы
мынадай жағдайлармен түсіндіріледі:
1. Банктер қаржылық рыногтарда қаржы делдалы ретінде басқа
кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражат
соммасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді
басқарады, сондай ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және
пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады.
2. Депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды
жаппай кері алу тәуекелін төмендетеді.
3. Банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық
объектілерінде орналастырылған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты
ыңғайлы, рыногта өтімділігі жоғары болады. Басқа кәсіпорындармен
салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті
капиталдың тартылған өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға
және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал
банк қызметін басқару үшін қажет.
Жоғарыда айтылып кеткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%- нан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін
депозиттер құрайды.
Депозиттер салымшы үшін әлеуетті ақша болып табылады. Салымшы үшін
оның екі ролі бар. Бір жағынан ақша ролінде, екінші жағынан пайыз алып
келетін капитал ретінде. Бірақ капитал алып келетін пайызға қарағанда
депозит аз пайыз алып келеді. Бұл төмендетілген пайыз кездейсоқ құбылыс
емес, банк табиғатының маңызды мезеті. Өйткені банк табиғатының бүкіл мәні
мынады: депозит бойынша төленетін пайыз банкпен әртүрлі кәсіпорындарға
салған капитал үшін алынатын пайызға қарағанда төмен болуы керек.
Пайыздардағы бұл айырма активті операциялар бойынша алатын пайыздардың ¼
бөлігін құрайды. Сонымен депозит тек қана салымшы үшін ғана емес, банк үшін
де маңызы зор. Көптеген депозиттер банктерде несие капиталын құруға ықпал
тигізеді, банк бұл несие капиталын тиімді шарттарда шаруашылықтың кез
келген аясына орналастырады. Депозиттер бойынша пайыздар мен борышкерлер
төлейтін пайыздар арасындағы айырма банк атқарған бос ақша қаражаттарын
тарту және несие капиталын орналастыру жұмыстары үшін сыйақы болып
табылады.
Банк үшін пассивті операциялар өте маңызды. Пассивті операцияларға
пассивті шоттағы ақша қаражаттарының ұлғаюына әсер ететін банктік
операциялары жатады. Осылардың көмегімен банктер ақша рыногында несие
ресурстарын таба алады.
Коммерциялық банктердің төрт түрлі пассивті операциялары бар:
• Бағалы қағаздардың алғашқы эмиссиясы;
• Қор құруға немесе ұлғайтуға банк табысынан аударым;
• Басқа да заңды тұлғалардан алынған несиелер мен борыштар;
• Депозиттік операциялар.
Пассивті операциялар айналымда бола отырып банкке ақша қаражаттар
тартуға мүмкіншілік тудырады. Жаңа ресурстар банк жүйесінде активті
операциялар нәтижесінде құрылады. Алғашқы екі пассивті операциялар түрімен
бірінші ірі несиелік ресурстар тобының меншікті ресурстары құрылады. Келесі
екі пассивті операциялар түрі екінші ірі ресурстар тобын қарыздық немесе
тартылған несиелік ресурстарды құрайды. Банктің меншікті ресурстары банк
капиталы мен оған теңестірілген баптарын көрсетеді. Коммерциялық банктердің
меншікті капиталының ролі мен көлемі түрлі басқа қызметтермен айналысатын
кәсіпорындар мен ұйымдардан ерекшеленетін айрықша өзгешелікке ие. Банктер
меншікті капиталы арқылы қаражаттарының жалпы қажеттілігін 10%- ын жабады.
Жалпы мемлекет банктердің меншікті ресурстары мен тартылған ресурстарының
арасындағы қатынастың шекті мөлшерін белгілейді. Қазақстанда банк
ресурстарының арақатынасы белгіленген. Яғни коммерциялық банктердің
тартылған қаражаты меншікті капитал мөлшернен аспауы керек.
Банктің меншікті капиталының мәні оның тұрақтылығын ұстау болып
табылады. Банкті құру кезіндегі банк онсыз қызметін бастай алмайтын алғашқы
шығындарын (жер, ғимарат, жабдықтар, жалақы) дәл осы меншікті қаражаты
арқылы жабады. Меншікті ресурстар арқылы банктер өздеріне қажетті қор
құрады. Нәтижесінде, меншікті капитал ұзақ мерзімді активтерге салынатын
салымның негізгі көзі болып табылады.
Банктердің төртінші пассивті операциялар тобы банктің тәжірибесінде
депозиттік операциялары. Бұл коммерциялық банк қызметіне еркін рыногтағы
несиелік ресурстарды сатып алуына делдал ретінде қатысады.
Депозит экономикалық категория ретінде жинақ ақшаның құрамдас бөлігі.
Бірақ жинақ ақша табыстары бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса,
депозит қайта бөлу аясын қамтиды.
Депозиттер деп депозиттік операциялардың субъектілері жеке және заңды
тұлғалардың депозиттік шотқа белгілі бір мерзімге немесе талап еткенге
дейін салған ақша қаражаттарының соммасын айтамыз.
Егер Қазақстан Республикасының рыногтік экономикасының дамуы
жағдайындағы депозиттік рыногтің даму ерекшелігін ескеретін болсақ, онда
депозит анықтамасы келесідей түсіндіріліп жүр:
Депозит дегеніміз коммерциялық банктерге белгілі бір мерзімге және
мерзімсіз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуі тиіс болып, сақтандырыла
отырып салынған кәсіпорындардың ақша қаражаттары.
Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда
табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.
Депозиттік операциялар банктік ресурстардың бос ақша рыногында ресурстарды
иемденуде инвесторлармен құралдарды пайдаланушылар арасындағы делдал
ретіндегі банк әрекетін көрсетеді. Депозиттерді тарту арқылы банк
клиенттерге, басқа банктерге несие беру мүмкіндігін арттырады, ал бұл табыс
алуға негіз жасайды. Депозиттік операциялар бұл салымға ақша қаражаттарын
тарту (пассивті депозиттер) немесе қолда бар құралдарды басқа банктер
немесе несие қаржылық институттарда орналастыру бойынша (активті
депозиттер) операциялар. Депозиттік операциялар негізінде банктің несиелік
ресурстарының басым бөлігі құрылады. Депозиттік операциялар заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос ақшаларын жұмылдыру бойынша маңызды дәстүрлі банк
операцияларының біріне жатады.
Депозиттік операциялардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік
ресурстардың негізгі бөлігі құралады. Соңғы уақыттарға дейін Қазақстан
Республикасында депозиттерді басқару мәселесіне дұрыс назар аударылған жоқ
еді. Банк мекемелері алдында олармен жинақталатын несиелік ресурстардың
мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету
міндеттері орындарына қойылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық
қордың баланстары КСРО Мемлекеттік банкісінің бөлімшелерімен қарастырылған,
қарыздық қор өз кезегінде КСРО Мемлекеттік банкісінің өзінде
орталықтандырылған және ол республикалық кеңселер бойынша несиелік жоспар
негізінде бөлінген, ал республикалық облыстық кеңселер бойынша, облыстық
бөлімшелер бойынша бөлінген, сонымен қатар мемлекеттік банктің төменгі
мекемелері пассивтік операциялармен айналыспаған. Осы себептерге байланысты
елде банктердің депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат
теориясының жасалмағандығынан біз шетел тәжірибесіне назар аудара аламыз.
Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке
кәсіпорындар, коммерциялық ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік
кәсіпорындар, жергілікті билік орындары қаражаттарды коммерциялық банктерге
ынтамен орналастырылады. Бұның көптеген себептері бар. Біріншіден, банктер
салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, салымшылар өз
салымдарын кез келген уақытта қайтаруды ғана талап етіп қоймай, одан асатын
сомада қарыз ала алады. Үшіншіден, бұл салымдар белгілі деңгейде табыс алып
келеді.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
• Банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасау;
• Депозиттік операцияларды жүзеге асыру;
• Банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізіу;
• Банк балансының өтімділігін жоғарғы дәрежеде демеп отыратын мерзімдік
салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше
назар аударылу; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша
операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс
пен сабақтастықты қамтамасыз ету;
• Депозиттерді тартуға ірекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану;
Депозиттер төмендегідей қызметтерді атқарады:
1. Коммерциялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын
депозитке белгілі бір пайыз төлеу шартымен тарта отырып, оны осы
қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзінің белгілі үстеме ақысын
қолдана отырып сатады. Банктің осы қатынасы оның коммерциялық банк
деген атына негіз болады.
2. Ынталандыру қызметі – депозиттік салымдардың әр түрлі шартпен құрылуы,
салымдардың белгілі бір шарттағы салым түріне ақша қаражаттарын сала
отырып табыс алуға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс ақша
қаражаты, несие алу мүмкіндігін және белгілі бір сыйлық есебінде алу
түрінде болады.
3. Қор жинау қызметі – депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрінде
болғандықтан, ол банктің белгілі бір қорларын құруға негіз болады.
Олар – банктің өсімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға негізделген
қорлар. Бұл қорларды коммерциялық банк реттеуші органдардың талап
етуімен және өз қызметін тиімді атқару үшін өз еркімен құрады.
4. Банк ресурстарын құру қызметі – депозиттік салымдар тарихи қалыптасуы
бойынша банктік ресурстарды құрудың негізгі көзі болып табылады.
Өйткені бұл ресурстар банк үшін арзан және әр уақытта бар болып
тұратын қаражаттар. Депозиттік қаражаттар банктің пассивтерінің 70-80%
құрайтын ресурс болғандықтан олар активтік операцияларды жүргізуге
қажетті банк ресурстарының негізін құрайды.
Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары дегеніміз – бұл оның
жарғылық капиталы мен басқа да пассивті операциялары нәтижесінде құрылған
және уақытша бос тұрған ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Банктің несиелік
ресурстары – бұл меншікті капиталдың және тартылған қаражаттардың ақшалай
түрдегі активті несиелік операцияларға бағытталатын бір бөлігі. Несиелік
ресурстар несиеге берілген уақытында банкке ресурс болудан қалады және олар
қор емес (клиент қайтарымдылығы тәуекелді операцияға), орналастырылған
несиелік ресурстарға айналады.
1.2. Банктік депозиттердің классификациясы
Банктік депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: ақшаны алу
нысаны бойынша (1 сурет), салымшылар категориясы бойынша (2- сурет),
мақсаттық арнаулы және табыстылық дәрежесі бойынша. Коммерциялық банктерде
депозиттердің әртүрлі критерийлері бойынша жіктелу реті 1,2 суреттерде
көрсетілген.

1- сурет. Кері алу нысаны бойынша депозиттер
2-сурет. Салымшылар категориясы бойынша депозиттер
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың
ағымдағы есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттары, олар банкті
алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа
шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейін салымдар бойынша ең
төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем
төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым
салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп
айрысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Есеп шот иесі оларды әр түрлі
формаларда қолма қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады.
Осындай есеп шот ашып, салымшы банкке өзінің төлем операцияларын техникалық
жүргізуге сенім білдіреді.
Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу біраз шығындарды
талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама
азайды. Әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады.
Салымшының есеп шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған
бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап еткенге дейінгі шоттарды иеленуші
тұлғаларды жалпы қарастыратын болсақ, олар өз есеп шоттарындағы бар ақшалай
қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл
банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің
коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланатын тұрақты қалдық қалады,
сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің
көптеген салымшылары өздерінің ағымдағы есеп шоттарынан қаражаттарды үнемі
алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып
отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген салымшылар өз
міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл соммасын алмайды. Бұл
экономиканың айналымдақ сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен
талап еткенге дейінгі есеп шоттар 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты
несие бере алады(1). Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе
контокорренттік есеп шоттарды орналастыру мүмкін. Олардың арасында
айырмашылықтар бар. Депозиттік шот жағдайында салымшы шоттағы қалдақ
сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай ақ ол өз салымдарын иемдене
алады. Ал контокоренттік дұрыс есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар
болуы мүмкін. Салымшы кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана
қоймай, ол белгілі бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайды, тәжірибеде бұл
айырмашылық бірте бірте шегеріледі. Қазіргі кезде салымшы келісім бойынша
депозиттік есеп шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл есеп шоттар АҚШ та
трансакциялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай ақ оларға чек
жазылып берілуі мүмкін. Бұл есеп шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы
ретінде оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы
болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) – есеп шот бойынша төмен
пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл есеп шоттардың ерекшелігі
банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді
көбірек сақтауға міндетті және ол есеп шоттардың иелері шотты пайдаланғаны
үшін банкке комиссия төлейді.
АҚШ – та талап еткенге дейінгі есеп шоттарға пайыздарды коммерциялық
банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз
салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың жаңа түрін
салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттарда
есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан
салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етеді. Бұл есеп шот –
наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға
төлемдер үшін ________________
1. Киселев В.В. Управление банковским капиталом (теория и практика) М ОАО
Издательство Экономика, 1997
пайдалануы мүмкін есеп айрысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы
бұйрығы, сондай–ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын
депозитті шот, ол бойынша рыногтік мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде
табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ–тың бүкіл аймағында
есеп шоттың бұл формасы рұқсат етілді.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен
көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге
орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары
пайыздарды табу болып табылады. Сондай–ақ банк үшін бұл депозит тиімді,
өйткені ол жоғарғы пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды
ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді
салымдар талап еткенге дейінгі есеп шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер
үшін пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және
кері алу туралы ескертілуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті
мерзімді салымдар есеп шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады,
ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер есеп шот
иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін
ағымдағы есеп шот секілді пайдаланады, сондай ақ ол өз ақшаларын кез келген
келесі күндерде кері ала алады. Ескертуі бар мерзімді депозиттерде
салымшының ақшаларды кері алу туралы арнаулы арызын банкке алдын ала
түсіруді талап етіледі. Әдетте ескерту мерзімдері – 1 айдан 3 айға дейін, 3
айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту
мерзіміне байланысты пайыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Тәжірибеде алдын
ала ескертуге (хабарламасы бар) мерзімді депозиттер жиі қолданылады.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдар. Олардың кеңірек тараған
түрі кәдімгі жинақ есеп шоты немесе жинақ кітапшасы бар есеп шот деп
аталатын жинақ салымы. Есеп шот иесі ақша салу немесе одан кері алу үшін
жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа
түрлеріне қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын құнтты
демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін
пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын
кеңінен қолданады. АҚШ –та корпорациялар, фирмалар және басқа да
коммерциялық ұйымдар үшін есеп шоттың шекті сомасы 150 мың долларға
белгіленген (1). Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі
формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға мақсатты және т.б..
Әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық
және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ есеп шоттарының тұрақты мерзімі
болмайды және есеп шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту
талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді. Жинақ салымдары АҚШ-та
мерзімді салымдардың ең ірі түрлерін құрайды.
Мерзімдік салымдардың басқа түрі – мерзімдік депозиттік сертификаттар.
Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір мерзімге банкіге
қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын ақшалай құжат. АҚШ-та депозиттік
сертификаттарды компанияларға, фирмаларға және өте бай иемденушілерге 100
мың доллардан кем емес сомада береді. Екінші ретті рыногта сатылуы және
басқа тұлғаға өтуі мүмкін, берілетін және салымшының өзінде қалатын,
берілмейтін депозиттік сертификаттар түрлері кездеседі. Ақшаны мерзімінің
аяқталуымен, тек сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал
мерзімі – 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін.Халықтың көбірек бөлігіне
500, 1000 және 2500 доллар номиналымен 1 айдан 5 жылға дейінгі ұсақ жинақ
сертификаттары болуы
1. Киселев В.В. Управление банковским капиталом (теория и практика) М ОАО
Издательство Экономика, 1997
мүмкін. Қазақстандық банкік жүйеге тән мерзімдік депозиттердің аса тұрпатты
нысаны – бұл белгілі бір шектеулерге негізделген (мысалы, алдын ала
ескерту) жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Мерзімдік депозит бойынша
салымдарға банк төлейтін пайыз несиелік ресурс ретінде депозитті
пайдаланғаны үшін пайызға қарағанда төмен болуы керек. Несие үшін алынатын
пайыз бен депозитке төленетін пайыз арасындағы айырма банк пайдасын
құрайды.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері депозиттік
операцияларды Конституцияға, Қазақстан Республикасындағы банктер және
банктік қызмет туралы №2444 1995 жылы 31тамызда қабылданған заңына,
Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы 1995 жылы 24
сәуірде қабылданған заңына, Валюталық реттеу туралы 1996жылы 24
желтоқсанда қабылданған заңдарына, басқа да заң күші бар Қазақстан
Республикасының Президенті жарлықтарына,Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі
банк клиенттерінің банктік есеп шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі
туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Депозиттік немесе жинақ сертификаттары – бұл банк эмитеттің ақша
қаражаттарының салынуы туралы жазбаша куәлігі. Бұл куәлік салымшының ақша
қаражаттарын салу мерзімін және салым бойынша тиісті пайыздық мөлшерлемеге
құқығын куәландырады. Сертификаттар сатылған тауарлар мен қызмет
көрсетулерге есеп айырысу немесе төлем құралы ретінде қолданыла алмайды.
Депозиттік сертификаттар ірі соммаларда заңды тұлғалар үшін ғана
шығарылады. Табысталмайтын депозиттік сертификаттар салымшыда сақталады
және уақыты өтуі бойынша банкке ұсынылады. Табысталатын депозиттік
сертификаттар қайталама рыногта сатып алу, сату жолымен үшінші тұлғаға
беріле алады. Депозиттік сертификаттар 14 күннен 18 айға дейінгі мерзімге
шығарылады.
Жинақ сертификаттары жеке тұлғаларға сатуға арналған. Мерзімдік жинақ
сертификаттардың айналыс мерзімі егер олардың шығарылу шарттары Ұлттық
Банкпен келісілген болса 1 жылдан 3 жылға дейін болады. Егер депозит немесе
сертификат бойынша салымды алу мерзімі өткен болса, онда сертификат талап
ету құжаты болып қалады. Банк бұл жағдайда көрсетілген сомманы иемденушінің
талабы бойынша төлеуге міндетті. Жинақ сертификаттары тек қана жеке
тұлғаларға ғана табысталады.
Жоғарыда қарастырылған депозиттер банктік ресурстардың негізгі қайнар
бұлағы. Коммерциялық банктерде салымдар құрылымы ақша рыногы конъюктурасына
және салымдар бойынша пайыздың мөлшерін мемлекеттік реттеуге тәуелді
өзгереді. Депозиттермен байланысты пассивті операцияларды жүргізе отырып,
банк менеджерлері салымдардың әртүрлі категориясы бойынша шығындар көлемін,
болуы ықтимал қауіп қатерлерді екере отырып салымдарды тарту және олардың
құрылымын оңтайландыруға күш салады. Банктер және басқа қаржылық құрылымдар
арасында заңды және жеке тұлғалардың салымдары үшін бәсекелестіктің
шиеленісуі депозиттердің және оларға пайыздардың, қызмет көрсету
әдістерінің көптеген түрлерінің пайда болуын туындатты. Шетел
мамандарының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта дамыған елдерде 30-дан
астам банктік салымдардың түрлері бар. Олардың әр біреуінің өзіндік
ерекшелігі бар. Ол салымшыларға оның мүддесі мен мүмкіндігі бойынша ақша
қаражаттарын жинақтау және олардың тиімді нысанын таңдауға мүмкіндік
береді.
Пассивтерді басқару тұрғысынан қарағанда активті операцияларды кеңейту
және ең тиімді тәсілмен пайда алу үшін депозиттердің негізгі және салымды
талап еткенге дейінгі, мерзімдік түрлерін көбейтіп, әртараптандыру қажет.
Мерзімдік депозиттерді тарту арқылы банк балансының өтімділігін қамтамасыз
ету мәселесі шешіледі, ал талап еткенге дейінгі салымдар ең арзан ресурстар
болғандықтан олардың көмегімен пайда алынады, себебі клиенттердің ағымдағы
және есеп айырысу шоттарына қызмет көрсету шығындары аз мөлшерде болады.
Қаржылық ресурстардағы талап еткенге дейінгі депозиттердің үлесін ұлғайту
жолымен банк пайыздық шығындарды азайтады, бұл банктік активтерде осы
қаражаттарды пайдаланудан банкке аса жоғары пайда алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар есеп айырысу шоттары - бұл пассивтердің болжауға болмайтын
элементі. Сондықтан қарыз капиталындағы олардың жоғарғы үлесі банк
өтімділігін қатты әлсіздендіреді.
1.3. Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
негіздері
Банк жүйесінде аса жоғары бәсекелестік шарттарында коммерциялық
банктер халықтың жинақтарын тарту бойынша белсенді іс-әрекетті жүргізеді.
Шараларды тиімді әрі ойдағыдай жүргізу үшін банктер бәсекелестік
шарттарындағы даму жоспарларын дайындауы қажет. Кез келген жағдайға
бейімделу, банк құралдарын тиімді басқару және рыногтік ағымдарды айқын
көру – бұл қазіргі уақытқа сай экономиканың даму шарттарындағы коммерциялық
банктерге қойылатын талаптардың бірі болып тыбылады. Тұрақты банк жүйесін
құру республика халқының сенімділігін арттыруға және халықаралық қаржылық
рыногтарға аса қарқынды интеграциялануға мүмкіндік береді.
Банктерде депозиттік операцияларды басқарудың өзіндік ерекшелігі
келесі қойылған міндеттердің шешілуімен анықталады:
• банкаралық бәсеке шарттарында депозиттік операцияларды ойдағыдай
жүргізу үшін жағдайлар жасау;
• депозиторлардың мүдделерін іскерлік байланыстардың ең жоғарғы
тұрақтылығына қол жеткізу мақсатында қызмет көрсетудің сапасы мен
сенімділігін қамтамасыз ету жолымен сақталуы;
• банк жоспарлаған пайданы алу кепілдемесі;
• тәуекелдерді басқару;
• адам ресурстарын басқару.
Банктердің тиімді әрі ойдағыдай әрекеті осы міндеттерді шешуге
бағытталады. Осылайша, депозиттерді тарту бойынша коммерциялық банк
әрекетіндегі анализ бар мәселелерді жақсы танып білуге және одан әрі
стратегиялық даму бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді. Жепозиттік
рыногтың даму мәселелерін анықтау мақсатында SWOT-талдау жүзеге асырылды.
SWOT-талдау – бұл депозиттік операцияларды жүргізуде әлсіз және күшті
жақтар, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау. Коммерциялық банктердің сыртқы
және ішкі ортасы болады. Ішкі орта (немесе микродеңгей) өзіне қаржылық
менеджмент, кадр менеджменті және банктік маркетингті қосады. Сыртқы орта
(немесе макродеңгей) тікелей әсер ету және жанама әсер етудің сыртқы
орталарынан тұрады. Тікелей әсер етудің сыртқы ортасына салымшылар: жеке
және заңды тұлғалар, бәсекелестер кіреді. Жанама әсер етудің сыртқы ортасы
келесі факторлардан тұрады – экономикалық, демографиялық, әлеуметтік,
географиялық. Жүргізілген зерттеулер негізінде келесі нәтижелер айқындалды
(1-кесте).
Коммерциялық банктерде депозиттік операциялармен жұмыс істеу барысында
күшті және әлсіз жақтарға, мүмкіндіктер мен қауіп қатерлерге SWOT-талдау 1-
кесте
Күшті жақтары Әлсіз жақтары Мүмкіндіктері Қатерлері
Ішкі орта
Депозиттік саясат
Депозит түрлерін Талап еткенге Талап еткенге Депозиттер бойынша
саралау, жеке жәнедейінгі дейінгі мөлшерлемелердің
заңды тұлғалар. депозиттермен салымдарды төмендеуі
салыстырғанда кепілдендіру салдарынан
мерзімдік жүйесін құру жинақтардың,
депозиттік бойынша жұмысты салымдардың басқа
шарттардағы жандандыру аса табысты
ақшаның өсу мүмкіндігі. (бағалы қағаздар
беталысы. және т.б.) ауысу
қатері.
Кадр менеджменті
Қазіргі уақытқа Банк Персоналды оқыту;Салымшыларда
сай банктік қызметкерлерінің қайта білім беру;ақпарат пен
технологиялар тікелей халыққа мамандандыру; тәжірибенің
арқасында банк жинақтарды салу кеңес беру болмауынан
жұмысшыларының пайдалылығы бөлімдерін ашу; банктерде бос ақша
салымдармен және жөніндегі кеңес әлеуетті қаражаттарының
депозиттік есеп беру және салымшылармен жеткіліксіз
шоттармен жедел түсіндіру тренингтерді шоғырлануының
жұмысы. жұмыстары жүргізу. мүмкін болуы.
жүйесінің
жеткіліксіз
дамуы.
Банктік маркетинг
Жарнамалық Банк әрекетіндегіДепозиттерді Мәселелерді өз
компанияның тек депозиттік тарту бойынша уақытында
бұқаралық ақпарат операциялар кешендік анықтамау қолайсыз
құралдарында ғана бойынша тәуекелдімаркетингтік салдарға алып
емес, жарнаманың жеткіліксіз бағдарлама келеді.
басқа да түрлерін бағалау. әзірлеу.
белсенді өткізу.
Тікелей әсер етудің сыртқы ортасы
Салымшы жеке тұлғалар
Ақшаларын Депозиттер Қаражаттарын салуҚұзіретсіздік пен
депозитке салуға түрлері және кезінде жеке білмеушілік
дайын салымшылар артықшылықтары салымшылардың ақшаның қолда
санының өсуі. туралы кейбір құзірет сақталуына алып
салымшылардың аз деңгейінің келуі мүмкін.
білуі. тұрақты өсуі.
Салымшы заңды тұлғалар
Сапалы қызмет Өндірістік Экономиканың Қор биржасының
көрсету арқасында сектордың нақты секторын белсенді дамуы
заңды тұлғалардың жеткіліксіз несиелеу арқылы капиталдың
коммерциялық дамуы. банкпен берілген депозиттік
банктерге деген несиелік шоттардан бағалы
сенімділігінің ақшаларды қағаздарға жылжуға
артуы. депозиттер алып келуі мүмкін.
түрінде қайтара
алады.
Бәсекелестер
Әр банктің өзіндікІрі банктердің Бәсекелестердің Банктік капиталдың
ерекшелігі бар, жеткілікті мүмкіндіктері менконцентрациясы,
сонымен қатар басқыншылық жағдайларын екінші деңгейдегі
өзінің тұрақты жарнамасы бақылау. банктің іріленуі
клиенттері болады.клиенттердің сол депозиттік рыногта
банктерге монополиялық
жылжуына алып жағдайға алып
келеді. келуі мүмкін.
Жанама әсер етудің сыртқы ортасы
Экономикалық фактор
Өндірістің Шетел валютасыныңҚолайлы Экономикалық
жандануы, шикізат ұлттық валютаға инвестициялық жағдайдың тұрақсыз
экспорт көлемінің қатысты бағамыныңклимат құру және болуы есеп
өсуі. өсуі, теңге теңге салымдарынашоттардан
девальвациясы. кепіл беру. салымдардың
алынуға әкелуі
мүмкін.
Демографиялық фактор
Халықтың белсенді Халықтың аз Халық өсуін Халықтың аз
бөлігі депозиттік болуы, ынталандыру көлемі-салымдардың
рыногта жалғыз демографиялық бойынша аз көлемі.
инвестор болып көрсеткіштердің мемлекеттік
қалады. төмен болуы, саясат.
халықтың
эмиграциялануы.
Әлеуметтік фактор
Еңбек рыногында Халықтардың Халық табысының Халықтың
жағдайды қалыпқа кейбір топтарыныңқалыптастырудың жеткіліксіз
келтіру. әлеуметтік мемлекеттік табыстары
қорғалуының саясаты. инфляциямен қатар
жеткіліксіздігі депозитке
сұраныстың
төмендеуіне алып
келеді.
Географиялық фактор
Алматы қаласының Аймақтардың Тек ірі Ақшаны басқа
тұрғындары үшін банктік банктердің ғана салаға салу.
банктердің бір мекемелерден емес, сондай ақ
территорияда қашық болуы, депозиттермен
шоғырлануы, филиалдар айналысатын
аймақтар үшін ірі желісінің банктердің
банктердің жеткіліксіздігі, филиалдарын құру.
бөлімдері. ыңғайсыз
орналасуы.

Кесте депозиттік рыногқа әсер ететін факторларды зерттеу негізінде
жасалған. Жүргізілген SWOT-талдауға тиісті депозиттік рыногтың даму
мәселелерін анықтауға және коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың
қалыптасу стратегиясын жасауға болады.
Банк іс-әрекетінде негізгі мәселелер болып тиімді депозиттік саясаттың
жеткіліксіз дайындалуы мен жүргізілуі және депозиттік саясаттың әлемдік
экономика деңгейіндегі банк жүйесінің халықаралық стандарттарға сай
келмеуі. Депозиттік рынок дамуының негізгі мәселелерін және оларды шешу
жолдарын қарастырайық(2-кесте).
Депозиттік рынок дамуының негізгі мәселелері және оларды шешудің
жолдары(8) 2-кесте
Мәселелер Шешу жолдары
1998 жылдан бастап шетелдік Шетел валютасындағы талап еткенге
валютадағы талап еткенге дейінгі дейінгі салымдарға аса тартымды
депозиттердің мерзәмдік пайыздық мөлшерлемені қою. Салымдарды
депозиттерге қарағанда кепілдендіру жүйесіне талап еткенге
жеткіліксіз өсуі. дейінгі депозиттерді сақтандыруды
кіргізу.
Депозиттердің түрлері және Әр банкте салымшылармен жұмыс істеу
артықшылықтары туралы кейбір бойынша депозиттік бөлімнің даму
салымшылардың жеткіліксіз білуі. бағдарламасын жасау. Бұл бағдарлама
құрамында түсіндірушілік кеңес беру,
ақпараттық әдістер болуы тиіс.
Банктің ұйымдастырушылық Әр банкте стратегиялық жоспарлау
құрылымында депозиттерді тартуменбөлімшелерін құру;
байланысты банктік бизнестің жаңаЖұмысшыларды ерекше материалдық және
формаларын жасаумен айналысатын рухани ынталандыруды ұйымдастыру;
стратегиялық дамудың арнаулы Тәжірибесі мол сарапшыларды
тобының болмауы. стратегиялық жобаларды жасауға тарту.
Депозиттік операциялар бойынша Депозиттік операциялар бойынша
банк әрекетінде тәуекелдерді тәуекелдерді бағалау әдістемесін
жеткіліксіз бағалау. жасау.
Өндірістік сектордың әлсіз дамуы.Жеңілдікті несиелеу және салықтық
прессингті төмендету жолымен
өндірістік сектор дамуының мемлекеттік
бағдарламасын жасау.
Кейбір халық топтарының Аса әлсіз халықты қолдау бойынша
әлеуметтік қорғалуының төмендігі.нормативтік актілер жасау. Мемлекеттік
және аймақтық деңгейде халықты
әлеуметтік қорғау жүйесін енгізу.
Банктік мекемелерден аймақтардың филиалдар желісін құру;
алыстығы, филиалдар желісінің Ірі дүкендер мен сауда орындарында
жеткіліксіздігі, орналасу салымдарды қабылдау пунктерін ашу.
ыңғайсыздығы.

Анықталған мәселелерге байланысты келесі депозиттік саясаттың
қалыптасу стратегиясы ұсынылады. Коммерциялық банктердің қаржылық
тұрақтылығын күшейту мақсатында құрамдас бөлігі депозиттік саясат болып
табылатын тиімді банк саясатын қалыптастыру қажет. Коммерциялық банктердің
депозиттік саясатының мәнін зерттей отырып, келесідей сұрақтарды қозғау
қажет: депозиттік саясаттың субъектілері мен объектілері; оның құрылу
принциптері; сонымен қатар қалыптасу кезеңдері(18). Коммерциялық банктердің
депозиттік саясатының субъектілері құрамына банктің клиенттері,
коммерциялық банктер және мемлекеттік мекемелер. Депозиттік саясаттың
объектілеріне банктің тартылған қаражаттары және банктің қосымша қызметтері
(кешендік қызмет көрсету). Банктің депозиттік саясатының субъектілері мен
объектілерінің классификациясы 3-суретте көрсетілген.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының қалыптасу негізінде
принциптердің жалпы және айрықша түрлері бар. Бұл 4-суретте көрсетілген.

3-сурет. Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының субъектілері мен
объектілерінің құрамы
4-сурет. Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын құру принциптері
Депозиттік саясаттың жалпы принциптерінде Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкісінің макроэкономикалық деңгейде жүргізетін мемлекеттік ақша
несие саясаты үшін, коммерциялық банктер деңгейінде жүргізілетін саясат
үшін де бірыңғай принциптер жатады. Ғылыми негізділік, оңтайлылық, тиімді
кешенді тәсілдеме және банктің депозиттік саясатының барлық элементтерінің
бірлігі депозиттік саясаттың басты принциптерін құрайды. Кешендік тәсілдеме
банктің депозиттік саясатының теориялық негіздері мен басым бағыттарын
әзірлеуде, сондай ақ банк дамуының кезеңі үшін ең тиімді және оңтайлы
тәсілдер мен оны жүзеге асырудың әдістерін анықтауда көрінеді.
Депозиттік саясаттың айрықша принциптеріне банк шығындарының оңтайлы
деңгейін, депозиттік операцияларды жүргізудің қауіпсіздігін, сенімділігін
қамтамасыз етудің принциптері жатады, өйткені уақытша бос ақша қаражаттарды
кейін оларды орналастыру мақсатында шоғырландыра отырып, банк өзінің
қызметін жүзеге асыратын рынок шындығын ескереді.
Анықталған принциптерді ұстану банкке депозиттік үрдісті ұйымдастыруда
стратегиялық және тактикалық бағыттарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Депозиттік саясаттың қалыптасуы келесі үш кезеңде жүзеге асырылуы тиіс:
1. зерттеу кезеңі;
2. жоспарлау кезеңі;
3. шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезеңі.
Зерттеу кезеңінде банк салымшылардың қажеттіліктерін зерттейді, яғни
депозиттердің қандай түрлері аса тартымды, қандай пайыздық мөлшерлемелерді
депозиттің қай түріне орнату керек. Бұның барлығы жүзеге асырғанда
операцияларды жүргізу бойынша банк мүмкіндіктерін ескеру керек. Бұл кезеңде
сондай ақ банк рынокты талдау мен зерттеуді жүзеге асырады, оған рыноктың
қоршаған ортасын және бұл рынокта банктің орнын талдау жүзеге асырылады.
Яғни банктің географиялық орнын, потенциалды салымшыларға жақындығын,
филиалдар желісінің жеткіліктілігін, қала немесе ауылдық жер,
бәсекелестердің болуын зерттеу және оларды депозиттік саясатты жасаудың
бастапқы кезеңінде ескеру қажет.
Жоспарлау кезеңінде банк депозиттік операциялар бойынша пайданы
бағалау және талдауды жүргізеді, болуы ықтимал тәуекелдерді жоспарлайды,
көрсетілетін қызмет ассортиментін кеңейтеді т.с.с.
Шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезеңі – аса маңызды әрі жауапты
кезең. Бұл кезеңде жоспарланған уақытта депозиттер қандай көлемде
тартылатындығы шешіледі. Мұнда депозитке құралдарды тарту процедурасы банк
персоналының клиенттермен ойдағыдай жұмысы: депозиттердің түрлері, мерзімі
және артықшылықтары бойынша анықтаушылық жұмысы маңызды роль атқарады. Бұл
кезеңде тағы маңызды рольді жарнама және жарнамалық компанияның өндірісі
атқарады. Соңғысы қаржылық құралдарды аса рационалды пайдалану үшін
активтер мен пассивтерді дұрыс басқару және тартылған құралдар мен
салынатын құралдар арасындағы тепе-теңдіксіздік банкке тәуелді(3).
Депозиттік саясат қалыптасуындағы кезеңдер негізінде коммерциялық
банктерде депозиттік саясаттың қалыптасу стратегиясы ұсынылады. Ұсынылатын
стратегия депозиттік рынок мәселелерін зерттеу негізінде Қазақстан
Республикасының коммерциялық банктерге енгізу үшін жасалады. Банк А
мысалында қарастырайық, бұл стратегия барлық банктерде қолданыста бола
алады. Стратегия негізгі үш кезеңдерде қолданылады және бірнеше блоктарды
қамтиды. Олар төмендегі 5-суретте көрсетілген.

5-сурет. Депозиттік саясат қалыптасуының кезеңдері
Депозиттік саясаттың қалыптасуының стратегиясы
(А банктің мысалында) 3-кесте
А банкі
1 Депозиттік рыногындағы А банкінің рөлі
2 Депозиттерді тарту бойынша А банкінің негізгі мақсаттары
3 А банкіндегі негізгі мәселелер
4 Депозиттік операциялар бойынша бар және мүмкін болатын
тәуекелдерді талдау
5 Банкке әлеуетті және жаңа клиенттерді тарту мүмкіндіктерін талдау
6 А банкінің депозиттік портфелінің қалыптасуы
7 Қаржылық нәтижелерді талдау

➢ Депозиттік қызметтер рыногындағы Банк рөлі;
Банк қызметтері рыногында банктің ролін анықтау маңызды мәселе болып
табылады. Банк жүйесінде банк қандай орынды алатынын анықтауға байланысты
оған қойылған тапсырмалардың орындалуы тәуелді. Бұл кезеңде бәрінен бұрын
банк іс әрекет тұжырымдамасын жасауы қажет. Бәсекелестер, салымшылар және
банктің қызметкерлері бұл үрдістің тікелей қатысушылары. Яғни олардың
көзқарастарын және ойлаған келешектегі мақсаттарды анықтау үшін басшылыққа
алу керек.
➢ Депозиттерді тарту бойынша банктің негізгі мақсаттары
Банктің негізгі мақсаттары мыналар:
o халық пен кәсіпорындарды қаражаттарын депозиттерге салуға ынталандыру;
o халыққа қызмет көрсету жүйесін жетілдіру;
o депозиттерді сақтандыру жүйесін жақсарту;
o депозиттермен жұмыс істеу бойынша әріптестерге кәсіби білім беру;
o банктік технологияларды жетілдіру және т.с.с.
➢ Банктегі негізгі мәселелер
Банктерде депозиттік операциялар жұмысы бойынша кездесетін ішкі және
сыртқы мәселелер тобын бөліп көрсетуге болады.
Ішкі мәселелерге жататындар:
o депозиттік операциялар бойынша тәуекелдер;
o кадр менеджментінің жеткіліксіз дамуы;
o жарнаманың жеткіліксіз болуы.
Сыртқы мәселелерге жататындар:
o депозиттік рынокта бәсекелестердің көп болуы;
o шетел валютасының бағамдық айырмасының өзгеріп отыруы;
o өндірістік сектордың дамуының жеткіліксіздігі;
o халықтың әлеуметтік қорғалуының жеткіліксіздігі;
➢ Депозиттік операциялар бойынша болуы ықтимал тәуекелдерді талдау.
Банкке депозиттік операциялар бойынша, сондай ақ клиенттер тобы
бойынша болуы ықтимал тәуекелдерді бағалаудың әртүрлі әдістерін
пайдалану қажет. Әдістер белгілі бір кезең ішінде ресурстардың жалпы
сомасының ауытқуын аңғаруға мүмкіндік береді.
➢ Банкке жаңа клиенттерді тарту мүмкіндіктер мен әлеуетті клиенттерді
талдау.
Банк жеке және заңды тұлғалар депозиттері нарығында қандай
позицияларды алатынын талдауы қажет. Азаматтардың салымдары экономикалық
табиғаты жағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері
Коммерциялық банкте депозиттік саясаттың қалыптасуы
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптас
Коммерциялық банктің экономикалық тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат
Банктің депозиттік операциялары және олардың қорларды қалыптастыруындағы ролі
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері
Депозит – банкке қаржы тартудың ерекше көзі ретінде
Депозит
Пәндер