Бухгалтерлік есеп және аудит



Кіріспе

І тарау. Бухгалтерлік есеп саясатының мәні және оның шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқарудағы рөлі
1.1. Бухгалтерлік есеп саясатының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Бухгалтерлік есептің принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Кәсіпорындардың есеп саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
ІІ тарау. Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы рөлі
2.1. Аудиттің мәні және қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2. Аудиттің негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.3. Аудитті ұйымдастыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.4. Аудит түрлері және олардың сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
ІІІ тарау. Бухгалтерлік есеп саясаты мен аудитті жетілдіру мәселелері
3.1. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалары ... ... ... ... ...52
3.2. Аудит тұжырымдамасы, постулаттары және стандарттары ... ... ... ... ... .55
3.3. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен аудиттің халықаралық стандарттарына өту мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
Қосымшалар
Елімізде нарықтық қатынас жылдан – жылға келеді. Нарықтық экономиканы әрі қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынасқа түсуші жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі бір ғалым Б.Де Солазано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің, ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған.
Бүгінгі таңда ел экономикасыныі нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорының қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет.
1. №2732 1995 жылдың 26-желтоқсанында Заң күшін иемденетін, ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есеп жөнінде» жарлығы.
2. 1998-2000 жылдарға ҚР-да бухгалтерлік есеп пен аудиттің дамуы мен жүзеге асуының мемлекеттік бағдарламасы жөнінде №3838 1998 жылдың 28 қаңтарындағы ҚР Президентінің жарлығы.
3. 1996ж.12.10. бухгалтерлік есеп жөнінде ҚР-ның Ұлттық комиссиясының дайындығы мен ұсынысы үшін акцептуалдық негіз №2 «ҚР бухгалтерлік есеп стандарты» - Алматы,-1996ж.
4. Бухгалтерлік есеп стандарты. ҚР Ұлттық комиссиясы. -Алматы,1996ж.
5. Методикалық кеңес берулер мен стандарттау және ҚР-ның бухгалтерлік есебі. -1997ж.
6. 14.01.97.ж. өзгерісі және толықтығымен Қаржы министірлігінің Бас салық инспекциясымен №37 «ҚҚС есептеу мен төлеу тәртібі жөнінде» нұсқамасы.
7. 1993ж. 24.08. министрлер комитеті шешімі негізінде шығарылған ҚР-ның ұйымдары мен кәсіпорындары және мемлекеттік бірлестік жұмысшыларының іс-сапарлық қызметі жөнінде нүсқамасы.
8. Фирма іскерлігін қаржылық талдау., М. Ист-Сервис.1994ж.
9. Абрютина А. «Кәсіпорынның іскерлігін қаржы-экономикалық талдау» Оқу құ-ралы -М:Изд-во «ЧС и сервис», 1998ж.
10. Алборов Р.А. «Өнеркэсіптік сауда АПК ұйымдарындагы аудит»: Оқу құралы., 2000ж.
11. Кэсіпорын мен ұйымның төлеу қабілеттілігін талдау.
12. Арене Э.А. «Аудит»: Оқу құралы
13. Артеменко В.Г. «Қаржылық анализ»: Оқу құралы - «ДИС»басылымы 1997ж.
14. Байдибеков Ж.М. «Кредиторлық жэне дебиторлық борыш балансындагы айналым құралдарының тиімді жұмыс істеуі мен пайдалануы жэне есеп айырысу саясатын ақылмен реттеу есебімен кәсіпорынның өндірістік іскерлігінің дамуы», «Қаржы -қаражат»-2000\5-6.
15. Барышников Н.П. «Бухгалтер мен аудиторлық көмегіне хаттама» методикалық құралдар, нормативтік құжаттар, коментариялар, проводкалар, мысалдар/ Н.П.Барышников- М:басылым «Филинъ»1998ж.
16. Глазунов 13.11. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» -1999ж-2.
17. Данилевский В. «Аудит практикасы» Оқу қүралы.
18. Дүйсембаев К.Ш. «Қаржылық есеп беру аудит! мен талдау» -Алматы-1998ж.
19. Дүйсембаева З.К., Ержанова С.М. «ҚР-ның кәсіпорында есеп саясаты»-Алматы -1999ж.
20. Дүйсембаева 3. К. «Аудит жүйесіндегі қаржылық талдау» (1999ж-4).
21. Ефимова О.В. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қалай талдау», -1993ж.
22. Кеннинг Дж. «Бухгалтерліқ есеп теориясы: Оқу қүралы.
23.Ковалев В.В. «Қаржы анализі: капиталды басқару, инвестицияны талдау: есеп беруді талдау» -М:Қаржылар мен сттистиқа -1997ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І тарау. Бухгалтерлік есеп саясатының мәні және оның шаруашылық жүргізуші
субъектілерді басқарудағы рөлі
1.1. Бухгалтерлік есеп саясатының мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Бухгалтерлік есептің принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3. Кәсіпорындардың есеп саясаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ІІ тарау. Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы рөлі
2.1. Аудиттің мәні және қажеттілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2. Аудиттің негізгі принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6
2.3. Аудитті ұйымдастыру әдістемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.4. Аудит түрлері және олардың сипаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
ІІІ тарау. Бухгалтерлік есеп саясаты мен аудитті жетілдіру мәселелері
3.1. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалары
... ... ... ... ...52
3.2. Аудит тұжырымдамасы, постулаттары және стандарттары
... ... ... ... ... .55
3.3. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен аудиттің халықаралық
стандарттарына өту мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
Қосымшалар

Кіріспе

Елімізде нарықтық қатынас жылдан – жылға келеді. Нарықтық экономиканы
әрі қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынасқа түсуші жақтарды
ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау жүргізу, экономикалық
тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап
келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып
табылады. Белгілі бір ғалым Б.Де Солазано осы ғылым туралы Бухгалтерлік
есеп барлық ғылымдар мен өнердің, ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір
сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес деген
болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни
философиясы - деп атаған.
Бүгінгі таңда ел экономикасыныі нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа
кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің
маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен
құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік
есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай
саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорының қаржылық жағдайын анықтап,
бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық
әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет.
Аталған мәселелер таңдаған тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.
Дипломдық жұмысымыздың мақсаты бухгалтерлік есеп пен аудиттің мәнін,
қазіргі кездегі олардың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орнын, ұйымдастыру
мәселелерін, принциптерін қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында нормативтік заң актілері, отандық
және шетелдік ғылымдардың еңбектері кеңінен қолданылады.
І тарау. Бухгалтерлік есеп саясатының мәні және оның шаруашылық
жүргізуші субъектілерді басқарудағы рөлі

1. Бухгалтерлік есеп саясатының мәні

Бухгалтерлік есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын
басқарушыларының талабын қанағаттандыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесі дұрыс
ұйымдастырылуы керек.
Ұйымдастыру деп-есеп жүргізудің жағдайын, мұның құрамдас элементтерін,
есеп кезеңдерін (бастапқы құжаттан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепті
тапсыру мен құжаттарды архивке өткізуге дейінгі аралық) арнайы тәртәпке сай
қатаң сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін (форма), есептеу
техникаларын тиімді пайдалануды айтады. Сонымен қатар бухгалтерлік есепке
тән ережелер мен нұсқауларды, нормативтік заң актілерін қатаң сақтау қажет.

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың негізі, біздің
елімізде қабылданған Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президенттің 26
желтоқсан 1995 жылғы 2732-Бухгалтерлік есеп жөніндегі Жарлығында
салынған. Бұл Заң бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тәртібі,
бухгалтерлік есеп жүргізудің тиімді әдістерін қолдану, қорытынды есеп
жасап, мұны жариялау және бухгалтерлік есеп ақпараттарын анық және сенімді
жасау жөнінде тиянақты ұғым береді.
Бухгалтерлік есеп жүйесін дұрыс ұйымдастыру жөніндегі ұстаған жалпы
бағыт, кәсіпорын ішінде ұстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу
жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан
жетілдіріп отырады.
Кәсіпорындардың технологиялық ерекшеліктері мен ұжымдық түрлерінің
ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есеп кәсіпорынның өз ішінде
ұйымдастырылады. Өнімдер өндірудің өндірістік негізгі ерекшеліктері
бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың басты бағыты болып табылады.
Өндірісітік ерекшелік, негізінен еңбек ақы есептеу мен төлеу, өндірілген
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды жұмсау,
дайын өнімдерді сату, әріптестермен аралық қатынастарға түсу, есеп айырысу
т.б. есеп объектілері бойынша қалыптасады.
Есеп үрдісін тұрақты түрде ары қарай жетілдіру бухгалтерлік қызмет
атқарушылар еңбегін ғылыми және алдыңғы қатарлы тәжірибе негізінде
ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп жүргізу шығындарын барынша азайтып отыру
бағытымен тығыз байланысты. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жүйесімен
талдау жүргізу үрдісіне экономика – математикалық әдістерді, әртүрлі
модельдерді, мақсатты – бағдармалық принциптерді, сондай-ақ еңбекті ғылыми
тұрғыда ұйымдастырудың тиімді жолдарын енгізудің рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын қалыптастуры мен жүргізу кезеңдерінде
арнайы қабылданып, экономикалық өмірге енген ережелер мен әдістер сақталуы
керек. Кәсіпорындарда нақтылы орын алған шаруашылық операциялары түгелімен
үздіксіз жүргізіліп, өзара байланыстағы регистрлар жүйесіне түсетін
бастапқы құжаттар жасау арнайы ережелер мен әдістерге сай орындалады.
Сондықтан, бухгалтерлік есеп бастапқы құжаттарға тәуелді. Бастапқы
құжаттарға жазылған мәліметтер шаруашылық фактілерін іске асыру жөніндегі
қабылданған шешімді көрсетеді. Яғни, бастапқы құжаттар шаоуашылық
фактілерінің іске асқандығын мәлімдейтін ақпараттық ағын болып табылады.
Шаруашылық фактілерінің орындалуын көрсететін құжаттар дәл және сәтте
жасалып, құжат жасаушы жауапты адамдардың қлдарды қойылуы керек. Бастапқы
құжаттар жасап, өз қолдарын қоюушы жауапты адамдар, құжаттардың өз
уақытында және дұрыс жасалынғандығы жөніндегі дәлдік пен шаруашылық
операцияларының маңыздылығы мен тиімділігі жөнінде заң алдында жауапты
екендігін дұрыс түсіну қажет.
Бухгалтерлік есепке алынатын барлық құжаттар кәсіпорынның
бухгалтериясына өз уақытында тапсырылады. Бухгалтерияға тапсырылған
құжаттардың заңдылығы тексеріліп, мұндағы мәліметтер мен сандық өлшемдер
бағаланып, шашыранды құжаттар өздерінің маңызы мен атқарған міндеттеріне
қарай топтастырылады.
Есеп мәліметтерін сапалы дәрежеде топтастыру жетілдірген әдістер мен
амалдарды ұғымды қолдану, есеп регистрын синтетикалық және аналитикалық
счеттар жүйесімен тығыз байланыстыру жөніндегі нәтижелі жұмыстарды дер
кезінде ұйымдастырудың маңызы зор.
Есеп жүйесіндегі мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп,
аналитикалық және синтетикалық счеттар талабына сай байланыстырып, арнайы
жасалған есеп регистрларына түсіріп, бұлардың негізінде қорытынды есеп
жасап отыру бухгалтерлік есепті, бұлардың негізінде қорытынды есеп жасап
отыру бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі мақсатына жатады.
Еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесінің бухгалтерлік есеп жұмысының
маңызы мен сипаты өзгеріске түсті. Бухгалтерлік есеп объектілерінің
көпшілігі өзгеріске түсіп, негізгі құралдар мен күрделі қаржы игеру,
жарғылық капитал, арнайы қорлар, пайда мен шеккен зиян, т.б. есебін
жүргізудің әдістемелік жолдары халықаралық стандарттарға сай есепке
алынатын болды. Бухгалтерлік қорытынды есеп жасаудың құрамы мен маңызы,
тапсыру мерзімі, мұның өзінің қашан және кімге тапсырылатындығы жөніндегі
өзгерістер халықаралық тәжірибеге сәйкестіріліп, қорытынды есеп
ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар үшін мүмкіндік туғызылды. Қолмен
атқарылатын көптеген жұмыстардың көдемі азайып, компьютерлік жүйемен
атқарылатын болды. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп ақпараттарын
пайдаланушылар саны көбейіп, есептің сапалы жасалуымен қатар есеп
приницптерін қатаң сақтау жөніндегі әдістермен амалдар кеңінен қолданылуда.

Мұның барлығын дп сапалы даярлаған, іс-тәжірибелерден өткен кәсіби
бухгалтерлер атқаратындағы, сондай-ақ бухгалтерлік қызмет атқарушы мамандар
бухгалтерлік есеп ұйымдастыруды жетілдірудің жолдарын белгілеуді, бақылау
мен иексеруді, иаңдау мен шешім қабылдауды мақсат тұтатындығыбелгілі бола
бастады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жетілдірудің түпкі мақсаты қандайда
шаруашылық субъектілері болмасың, бұлардың таза пайдамен жұмыс істеуін
қамтамасыз ету мен нарықтық қатынастар жөніндегі экономикалық заңдалықтарды
сақтау болып табылады.
Осы жоғарыда қойылған үлкен дәрежедегі ұйымдастырушылық үрдісті
жетілдіру үшін, еліміз бойынша бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдірудің
жолдары белгіленуі керек. Бұларға:
1) Бухгалтерлік есеп қызметін құқықтық тұрғыдан жетілдіру мен
нормативтік заң актілерін кеңінен қолдану.
2) Бухгалиерлік есеп пен қорытынды есеп жөніндегі қабылданған
бухгалтерлік есеп стандарттарын жетілдіріп, жаңадан жасалатын отандық
бухгалтерлік есеп стандарттарын қалыптастыру. Осыған байланысты әдістемелік
нұсқаулар мен ережелер, сондай-ақ жетілдірген есеп принциптерін сақтау.
3) Қаржылық және басқарушы (өндірістік) есеп өрісін ажыратып, жалпы
бухгалтерлік есеп жүйесін жетіілдірудің әрбір кәсіпорындарға тең
ұйымдастыру бағытын жасау.
4) Бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тиімді бағытын пайымдап,
мұның өзін менеджмент және маркетинг жөніндегі қабылданатын үйлесімді
жолдармен сәйкестендіруді белгілей отырып, экономикалық талдау жұмысының
бағытын негіздеу.
5) есеп пен есептеу жұмыстарын автоматтандыру мен компьютерлік
технологияны кеңінен пайдаланып, ақпараттар ағынын шапшандату және
пайдаланушылар талабын орындау.
6) Кәсіпорындардағы бухгалтерлік қызмет атқарушыларды даярлау мен қайта
даярлау, бұлардың кәсіби білімін жетілдіру.
Еліміздегі бухгалтерлік есеп жөніндегі заң бухгалтерлік есеп жүйесінің
құқығын негіздеп, бухгалтерлік есеп жүргізудің бағытын, есеп берудің
жағдайын, сондай-ақ есеп үодісін ұйымдастырудың негізін салғандағын білген
жөн. Кімде-кім болмасын есеп-хисап жұмысымен айналысатын тұлғалар
бухгалтерлік есеп жөніндегі заңдар мен нормативтік актілерді күнделікті
басшылыққа алып отыруы керек. Сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің
топтарға бөлінуі, бұлардың жіктелуі, меншіктің түрлері акционерлік қоғам
түрлері жөніндегі тиісті заң актілерінің қойған талаптарын бухгалтерлік
есеп жөніндегі заңмен байланыстыра білу қажет.
Бухгалтерлік есеп стандарттары халықаралық деңгейде қабылданған негізгі
әдістер мен есеп жүргізудегі бағыттар жөніндегі (принцип) жинақталған құжат
болып табылады. Бухгалтерлік есеп стандарттарына қойылған талаптар, мұның
маңызы мен мәні, қажетті тараулар мен есеп стандарттарына тән есеп жүргізу
объектілері орталықтандырылған әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепке тән нұсқаулар мен ережелер бухгалтерлік есеп
объектілерінің жекелеген учаскелерінде қолданылады. Көпшілік жағдайда
нұсқаулар мен ережелер ұсыныс ретінде қабылданып, есеп объектілерінің
жекелеген түрлерінің (мысалға, амортизация есептеу, құндылықтарды бағалау,
өнімнің өзіндік құнын шығару, пайыздық ставкалар белгілеу т.с.с.) өрісінде
қолданылады.
Кәсіпорындарда атқарылатын шаруашылық қызметтер мен технологиялық
ерекшеліктерге сай, сондай-ақ бұлар тән және ыңғайлы болып таңылған есеп
саясатын қабылдайтындығына байланысты ішкі ережелер мен нұсқаулар енгізуге
болады. Ішкі ереже-нұсқаулар жекелеген шаруашылық операцияларына тікелей
байланысты болады.
Нарықтық қатынастар жүйесінің заңдалағы мен коммерциялық құпияның
сақталуына бастады. Осыған орай еліміщдегі есеп жүргізу үрдісі қаржылық
есеп және басқарушы есеп болып екіге бөлінеді. Қаржылық есеп пен басқарушы
есеп өрісі, бұларды қолдану мен қалыптастыр бағыты жекелей дамитан болды.
Қаржылық есеп қаржы жөніндегі қорытынды есеп (отчет) ақпараттарын
пайдаланып, арнайы шешімдер қабылдау мақсатында жасалынады. Есептің бұл
түрі тиісті заң актілері мен стандарттарға, сондай-ақ мемлекеттік
органдардың ресми қабылданған басқа да нормативтік құжаттары негізінде
жүргізіледі.
Басқарушы (өндірістік) есеп кәсіпорын қызметі мен өндірісін тиімді
басқару және осы және болашақтағы кезендерде арнайы шешім қабылдау сатылған
өнімдердің біржылық нәтижесін шығару, жаңа технология енгізу мен мұның
тиімділігін есептеу, маркетингтік шешім қабылдап, өндірілген өнімдерді,
кімге, қашан, каншаға сататындығы жөнінде шешім қаблдау мақсатында
жүргізіледі. Басқарушы есептің әдістемелік жолдары кәсіпорындардың өз
ерекшеліктеріне қарай жасалынады.
Қаржылық және басқарушы есеп жүйесінің екі бағыттағы мақсатты іске
асыруына байланысты бухгалтерлік есеп счеттары да екі қатарлы: бухгалтерлік
баланс жасау үшін қолданылатын қаржылық есептегі счеттар, басқарушы есепте
қолданылатын операциялық счеттар болып классификацияланады.
Есеп пен маркетангтік жүйе арасында үйлесімді негіз қалыптастырып,
жүйелі түрдегі есеп ақпараттарын өндірілген өнімдерді сатуға байланысты
негіз қалыптастырудың атқаратын рөлі зор. Нарықтық қатынастар заңдылығына
тән әрбір өнім өндіріп, қызмет көрсетуші кәсіпорындар қатарлы сауданың
жеңімпазы болғысы келеиіндігі рас. Сондықтан кәсіпорындар тұрақты сатып
алушылар іздеп, бұлардың төлем өтеушілік қабылеті мен беделі және атағын
зерттейтіндігі мәлім. Осыған орай әрбір тауар өндірушілер өз еліміздегі
және шетелдік сатып алушылар мен тұрғын халықтар тобын зерттеп, сату
нәтижесінің қаржылық тиімділігін мақсат тұтады. Сапалы тауарлдар өндірудің
бұларды жеке саудағы салудың тиімді жолдарын табу жөніндегі тактикалық және
стратегиялық шешімдер қабылдау тұрғысында бухгалтерлік ақпараттар мен
маркетингтік зерттеулер арасында тығыз байланыс орнауы керек. Бухгалтерлік
есеп мәліметтерін кеңінен пайдаланып, мұның негізінде нәтижелі талдау
жұмысын ұйымдастыру, экономикалық шешім қабылдау бухгалтерлік есептің
кезеңіне жатады.
Кәсіпорындарда міндетті түрде жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесін
ары қарай жетілдіру үшін осы заманғы есептеу мен автоматтандыру
техникаларын кеңінен қолдану қажет.
Бухгалтерлік есепті компьютерлік жүйеге көшіру, есеп жұмысына
жұмсалатын шығындарын азайтып, тез арада қажетті ақпараттар ағынын
қамтамасыз етеді. Бухгалтердің жұмыс орнын автоматтандырудың болашағы зор.
Сондықтан кәсіпорындар осы заманғы өлшеу мен есептеу аспаптарық
ақпараттарды тіркеу және т.б. ақпараттарды механикаландыру мен
автоматтандыру құралдарын кеңінен пайдаланып, интернеттік жүйеге енуді
мақсат тұтуы қажет. Осы айтылғандарды іске асыру үшін әрбір кәсіпорында
бухгалтерлік есеп мәліметтерін автоматтандыру мен өңдеу жөнінде арнайы
бағдарлама жасау қажеттігі туындайды.
Зерттеулерге қарағанда, алдымыздағы жақын кезеңде Қазақстан
Республикасы бойынша шамамен 200 мыңға жуық бухгалтерлер мен аудиторлардың
білім дәрежесін жетілдіріп , бұларды қайта даярлау керек. Қазіргі кезеңде
бухгалтерлік есеп пен аудит мамандығын тек жоғары жаңадан құрылып келе
жатқан кәсіби бухгалиерлердің институтында даярлаған жөн.
Сапалы және кәсіби жағынан білімді даярланған бухгалтерлер осы заманның
шешуші тұлғасына айналды. Сондықтан бухгалтерлер мен аудиторлар білімін
жетілдіру және даярлау үрдісінің атқаратын рөлі зор.
Бухгалтерлер мен аудиторлар, т.б. қаржы мен оқу құралдар қажет. Бұл
проблема күні бүгінге дейін шешілмей келеді. Әсіресе мемлекеттік тілде
жазылған іргелі оқу құралдары мен оқулықтар жүйесін жасай алмай келеміз.
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа сай жүргізілуіне байланысты
халықаралық стандарт талабына сай мамандар даярлауға арналған оқулықтар мен
оқу құралдары жоқ. Бухгалтерлік есеп мамандарын даярлауды қалыптастырушы
жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен кітаптар шығару, оқыту процесіне
қажетті электронды оқулықтар пайдалану, аудио-көру, т.б. ақпараттық ағын
қалыптастыру мәселелерін шешіп отырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есеп мамандарының кәсіби тұрғыда аса жоғары деңгейде
болуы, бұлардың ұйымдастырушылық қабілетінің ерекшелігі, саналы түрде шешім
қабылдап, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін алибай еңбек етуі,
нарықтық экономиканың қозғаушы күшінің негізіне жатады.
Еңбекақы төлеу білімі (есеп айырысу еңбек уақытының есебін, тиісті
адамдарға есептелінген еңбек ақының есебін төлеу ведомосы, салық
жүйесіндегі операциялар) т.б. еңбек ақыға байланысты есеп-хисап жұмысының
басынан бастап соңыңа дейін жүргізеді. Еңбек ақыға байланысты тиісті
қорытындылау мен тексеру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық мәліметтер
негізінде басқарушылық үрдісіне байланысты таңдау жұмыстарын ұйымдастырады.

Материалдық ресурстар есебін жүргізуші бөлім тауарлы материалды
құндылықтар, негізгі құралдар мен материалды емес активтер, салынған
күрделі қаржы қозғалысын, бұларға тән есеп жүргізудің барлық әдістемелік
жолдарын пайдаланып, түгендеу мен талдау жұмыстарын тиянақты орындауға
міндетті. Сонымен қатар халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына және
есеп саясатына байланысты материалдық принципті сақтау.
Өндірістік бөлім - өндіріс шығындары есебін, өндірілген өнімнің өзіндік
құнын, еңбек және материалды шығындарға тексеру мен талдау жүргізу,
аяқталмаған өндірістің есебі мен түрленуге тән есеп жұмысын жүргізеді. Бұл
бөлім қорытынды есеп жасап ақшалай өлшем өзіндік құн принципін сақтауы
керек.

2. Бухгалтерлік есептің принциптері

Бухгалтерлік есеп – бұл мұліктер туралы, міндеттемелер және шаруашылық
операуцияларын мәліметтерін ақшалай алу үшін, өңдеу, тіркеу жұмысын өлшеу
үшін жүргізіледі. Бухгалтерлік есепгің негізгі мақсаты болып оның мәніндегі
информацияны толық түрінде жинақтау, көрсету және, ішкі және сыртқы
қолданушылармен онымен қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есепке түмендегі
талаптар қойылады:
1Болжамдық және есептік көрсеткіштерді салыстыру;
1. Есептік көрсеткіштердің мәнділігін көрсету;
2. Оперативтігі;
3. Толық көрсетілуі және қарапайымдылығы.
бухгалтерлік есеп объектілері болып: кәсіпорын мүліктері негізгі
(құралдар, өндірістік құндылықтар); меншіктік капитал, қосымша капитал,
резервтік капитал, т.б.; дебиторлық борыш және міндеттемелер; шаруашылық
операциялар - олар мүліктерімен міндеттемелердің өзгерісін құрамында
шақырады. Операциялар шаруашылық фактілердің өмірі болып табылады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жалпы ережелері:
Негізгі принциптердің тіс бухгалтерлік есеп жүйесінде төмендегі
ережелер сақталуы қажет:
Үздіксіз, толық және байланысты тіркелгеен құжаттар.
Бухгалтерлік есептер алғашқы құжаттар негізгі дәлелдейтін күшін
атқарады.
Аудитордың міндеттері
Жұмыс мерзімінде аудитор бірнеше ережелерді сақтауға міндеті және
мынадай талаптар қойылады:
1. Моральдық нормалардың ережелерін сақтау;
2. Аудиторлық стандартты талап ету;
3. Заңдылықты сақтау және талап ету;
4. Фирманың ішіндегі стандарттарды колдану.
Аудиторға сыйлық есебінде жалақы төленбесе де фирманың
мәліметтерін тура шын мәнінде көрсету қажет, қаржылық есеп берулерді
дұрыс көрсетуге міндетті.
Қазақстан Республикасындағы аудиттің атқаратын рөлі.
Нарықтық экономика жағдайындағы аудиттің атқаратын рөлі, маңызы үлкен.
Аудиттің мақсаты есептің заңдылығын нормативтермен, нұсқаулармен сай екенің
тексеру, аудитор мен клиент арасында пайдаланатын ережелердің сақталуын
тексереді. Негізгі мақсаты клиент пен аудитордың арасында келісім жүргізуі,
оның заңға сай екендідігін тексеру.
Аудиторлық тексерім барысында түгендеуге қатысы тәртібі
Түгендеу ол негізгі тексерімнің түрі. Ол әр түрлі шотта, мерзімде
өткізіледі. Түгендеу бұл мүліктердің нақты көрсеткішін
есепеудегі көрсеткішпен бірдей болатын тексерім.
Ол міндетті түрде басшы ьұйрығымен жіберіледі, бас бухгалтермен бірге
өткізіледі. Түгендеу актысында комиссия мүшелері бастау мерзімі мен аяқтау
мерзімін көрсетеді.
Мүліктердің түрі, өлшем салмағы, саны, бағасы, самасы – берілген
есептеме құжат бойынша мәліметтер және саны, бағасы, сомасы – нақты
анықталады деп жазылады, 3-ші кестеде (ауытқу) нәтиже ревизия, түгендеу
өткізу актысында жазылады, бұл жерде артықшылық немесе жетіспеушілік
анықталады. Әрбір бетінде материалдардың саны, жинағы және комиссия
мүшелері қолын қойып шығады. Таксировканы есеп беретін бухгалтер саны мен
бағасын көбейтіп, қол сайын толтырып өткізіледі және соңғы есептемеге
қосылады. Тауарлар жылдың ішінде 1 рет өткізіледі, негізгі түгендеуден
өткізіледі және түгендеу актысы балансқа қосылады.

3. Кәсіпорындардың есеп саясаты

Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық жағдайға түсіп дамуына
байланысты бухгалтерлік есеп жүйесі қайта құрылып, жаңа халықаралық
стандартқа сай жетілдіру керектігі жоғарыда айтылған болатын.
Қойылған осы бағытқа байланысты әрбір кәсіпорындар бойынша, бұлардың
ішкі ерекшеліктеріне сай жыл сайын есеп саясаты жасалып, бекітілетін болды.
Есеп саясатын жасаудың мақсаты – есеп объектілерінде қолданылатын
әдістердің тиімді жолдарын таңдау мен меншік иелігіне берілген құқықтық
тұрғыдағы мүмкіндік.
Кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсатына қарай жасалған есеп
саясаты осы кәсіпорындағы материалдық және қаржылық ресурстарды бойынша
тиімді жұмсап, нарықтық конъюнктура сай экономикалық шешім қабылдау болып
табылады. Есеп саясатын іске асырып, мұның негізгі бағытын анықтап,
қолданылатын есеп объектілері мен әдістерін белгілеу күрделі мәселелер
қатарында келеді. Есеп саясатын жүргізу Қазақстан Республикасы бойынша
кейінгі бес жыл аралығында іске асырылып келе жатқанымен, бұл мәселенің әлі
де болса шешілмеген түйіндері көп. Яғни, күмәнді, түсініксіз және де
керағарлық кемшіліктер бар. Алайда есеп саясатына деген көзқарас ьіртіндеп
өзгеріп келеді. Елімізде қолданылып келе жатқан бухгалтерлік есеп
стандарттарының бірінші тармағында Есеп саясаты және мұның маңызын шешу
жөнінде ресми құжат қабылданған. Стандартқа жазылған есеп саясатының маңызы
шаруашылық субъектілердің қаржылық нәтижеге жету мақсаты әсер етуші және
кәсіпорын басшыларының тандап алған тәсілдері мен ереже-әдістері болып
табылады.
Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына
және қаржылық қорытынды есеп көрсеткіштерінің маңызы мен қалыптасуына әсер
етуші процесс.
Есеп саясатын талабына сай әрбір шаруашылық субъектілері бойынша жыл
сайын жасалап қабылданатын есеп саясаты – есеп жүргізудің әдістерін,
ағымдағы шаруашылық операцияларын топтастырудың жолдарын, қорытынды есеп
құрамына енгізілетін қосымшалар мен көрсеткіштердің тізімін, сондай-ақ
негізгі қорлар мен айналым қаражаттарын бағалау мен бұларға тозу құн
(амортизация) есептеудің әдістері негізделген түрде көрсетіледі.
Есеп саясатына байланысты бухгалтерлік есеп жүргізудің әдістеріне
активтер сомасын, есептен шығару, құжат айналысы мен құжаттар қозғалысын
ұйымдастыру, мүліктер мен активті қаражаттарды түгендеу, бухгалтерлік есеп
счеттарын қолданудың жолдарын, есеп регистрларын жүйеден пайдалану,
ақпараттарды, өңдеу т.с.с. тиісті әдістері қолдану жатады.
Кәсіпорындар дербестікке ие болуына қарай халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарының негізінде жаңа жолдармен, есеп тәжірибесіне кеңінен енгізу
мүмкіндігіне ие бола бастады.
Есеп саясатын қалыптастырудың түпкі мақсаты кәсіпорындардың жыл сайын
таза пайдамен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді тікелей байланысты болуы да
керек. Кәсіпорынның таза пайдамен жұмыс істеуіне тек қана осы кәсіпорын
емес, басқа да үлес қосушылар, акционерлер мен қаржы салымшы инвесторын
емес, басқа да үлес қосушылар, акционерлер мен қаржы салымшы инвесторлар,
сатып алуышлар мен қоюшылар, несиелендірушілер және салық органдарының
мақсатты талабы қойылады. Сондықтан, инвестийиялық үрдіс шешілмеген,
кәсіпорын таза пайдамен жұмыс істемеген жағдайда есеп саясатын құрудың
қажеті жоқ.
Есеп саясатын құрудың техникалық кезеңдері есеп саясатын құру үшін ең
әуелі арнайы комиссия құрылып, мұның мақсаты мен маңызы, атқаратын міндеті,
сондай-ақ аналитикалық көрсеткіштер жүйесінің тізімімен қатар бухгалтерлік
есеп стандарттары талабына жауап берерлік әдістерді қолдану бағыты
жөніндегі бағдарлама жасалынады.
Бұдан соң есеп саясатында қаралатын мәселелердің ізімі мен есеп
объектілерінің қысқаша сипаты және қажетті құжаттар мен басқа да шешімдер
қабылданады. Осылайша кәсіпорынның өзінде даярланған есеп саясатына
байланысты қолданылатын бухгалтерлік есеп әдістері жөніндегі барлық
материалдар алдын-ала өкілетті органдармен келісіледі.
Есеп саясатындағы ресми қабылданған принциптер
Қазақстан Республикасының есеп жүргізу тәжірибесіне есеп саясаты атты
ұғым ең бірінші рет Есеп саясаты және мұның маңызын ашып көрсету
жөніндегі 1-бухгалтерлік есеп стандартында 01.01.1997 жылдан бастан
енгізілді. Есеп саясатын қалыптастыру, мұны есеп жүргізу тәжірибесінде
дұрыс қолдану үшін арнайы принциптер мен талаптарды орындау қажеттігі
бухгалтерлік есеп стандартының Есеп саясатын қалыптастыру бабында
төмендегідей берілген:
1. Есептеу принципі. Бухгалтерлік есепке алынып, қаржылық қорытындыға
жазылатын табыстар мен шығындар бұлардың түсуі немесе пайда болуы
кезеңінде. Яғни, өндірілетін өнімдерді сатудан түскен табыстар, бұл
өнімдерді өндіріп дайындалған кезде емес, осы өнімдерді сатып алушыларға
жеткізіп берген кезде есептеу принципіне сай табыс көлемі сомасына
жазылады.
2. Үздіксіздік принципі. Бухгалтерлік есеп концепциясы бойынша
кәсіпорындар өз жұмысын жылдан-жылға жалғастырып отыру мүмкіндігінен
айырылып қалмауы керек. Мүндай қалыпты жағдайы үздіксіздік принципі деп
атайды.
3. Түсініктілік принципі. Қаржы есебінде көрсетілген ақпараттар
пайдаланушыларға түсінікті болуы үшін жасалынады. Есеп ақпараттары өзінен-
өзі пайда бола бермейді, ол кәсіпорындардағы бухгалтерия тек қана
бухгалтерлер үшін сұралмайды.
Егер осы айтылған принцип тұрғысынан қарағанда, есеп саясатын кәсіпорын
бойынша қалыптастырған кезде, мұның қосымшасы ретінде есеп ақпараттарын
есепті жыл ішінде пайдаланушылардың тізімі тіркелуі керек.
4. Маңыздылық принципі. Бухгалтерлік есеп ақпараттарын
пайдаланушылардың талабын қанағаттандыру және басқару шешімдерін бақылау
мен кәсіпорын қызметіндегі орын алған фактілерді бағалау үшін қаржылық есеп
мәліметтері маңызды болуы керек.
5. Мәнділік принципі. Есеп саясаты қаржылық есептегі ақпараттар маңызын
ашып көрсету үшін, мәнді жасалынуы қажет. Егер мәнділік тұрғыдан қарағанда
қаржылық есеп ақпараттары дұрыс жасалынбаған немесе кейбір мәліметтер
қаржылық есепке қалған жағдайда, кәсіпорынның қаржылық қорытындысы мен
экономикалық көрсеткіштері толыққанды талданбайды.
6. Айқындылық принципі. Ақпараттар айқынды болады, егер мұнда қателер
жіберілмеген жағдайда, қаржылық қорытынды есеп сапалы және аса бір
дәлдікпен жасалып, жалпы қабылданған принциптерді ауытқымауы керек.
7. Бейтараптық принципі. Қаржылық қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар
сенімді жасалып, күні бұрын ойланған қателерді болдырмауды қамтамасыз болуы
керек.
8. Сақтық принципі. Белгілі бір нақтылы бағыт анықталмай түрған
жағдайда сақтық сақтап, басқарушылық шешім қабылдау мен бағалауды айтады.
9. аяқтау принципі. Айқын ақпараттар жүйесін қамтамасыз ету үшін
қаржылық қорытынды есеп толығымен жасалып аяқталуы керек.
10. Салыстырмалы принцип. Қаржы жөніндегі ақпараттар пайдалы жөн
маңызды болуы үшін есепті жылдың көрсеткіштері басқа да өткен жылдардың
көрсеткіштерімен салыстырылуы керек.
11. Сабақстастық принципі. Кәсіпорында қалыптастырып, таңдап алынған
есеп саясаты сабақстастық принциппен бір жылдан басқа жылдар үшін де
пайдаланылады.
12. Шындық және әділдік принципі. Пайдаланушылар үшін қаржы
қорытындысының есебі шындық және әділеттік жолдармен жасалып, кәсіпорынның
қаржы жағдайы шаруашылық және қаржы қызметі, сондай-ақ ақша қаражаттары
қозғалысы жөніндегі мәліметтері толығымен дайындалуы керек.
Есеп саясаты бухгалтерлік есеп стандарттары және салық пен қаржы
жүйесіндегі заңнама актілердің негізінде құралатындығын есте сақтаған жөн,.
сонымен қатар, есеп саясаты барынша ұзақ мерзімге арналып, кәсіпорынның
экономикалық жағдайына тән, есеп жүйесін компьютерлендірудің дәрежесіне,
т.б. ішкі жағдайларға сай қалыптасуы керек.
Есеп саясатының негізгі бағыты кәсіпорындар тапсыратын қорытынды есеп
құрамына түсіндірме анықтама түрінде қосымша берілуі керек. Есепті жыл
ішінде есеп саясатына өзгерістер мен қосымшалар енгізілген жағдайда, онда
мұндай өзгерістер мүдделі тұлғаларға-құқылы және жеке тұлғаларға, салық
органдарына ресми түрде хабарлануы керек.

ІІ Тарау. Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика
жағдайындағы рөлі
2.1. Аудиттің мәні мен қажеттілігі

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында - ғылыми мен
білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына
алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл
сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада
қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде,
қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік
туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латыннның "аиdіо" деген сөзінен шыққан, яғни ол "тыңдап тұр"
деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық жұмыс барысында тиісті мәліметті
тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда
"аудитор"- "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені
тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және
жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп-лауазымды
қызметкерледің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді "аудитор"
едп атаған. Бір қызығы сол, алые, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде
есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық
санаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға,
өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз
отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Екіншіден "тыңдаушы" мен
саған "сенемін" деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға
болады.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет
елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде,
экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі
кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-
бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл
бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-
сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың
жұмыстарын, атқаратын функциясы зерттеу қорытындысына: "бұл аудитқызметінің
идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға
тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен
өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық
эффект берер еді" - деп жазған.
Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар
қоғам бухгалтері, Англияда - ревизор, Францияда - бухгалтер-сарапшы немесе
есеп комиссары, Германияда - шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп
те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана
мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің
бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін
тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол
тексеру нәтижесіне тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.
Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық
субъектілеріне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз
субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы
төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап,
аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет
көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық
мекемесіне есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы
тұжырымдарға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.
Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол - шаруашылық субъектілеріне,
өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне
қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі
аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.
Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік
жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция
иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет)
мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлқ қорытындысын жасауы. Өз кезегінде
осы аудитор қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін,
делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс
істеуніе кепілдік береді. Қорыта келгенде, аудитор қорытындысына сүйене
отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер
күдіксіз өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін
шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық
жағдайының тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты,
кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың
қорытындысы болу қажет.
Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін
экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік
қорытындылары, бухгалтерлік отчеты тек қана аудитор қорытындысы болған
жағдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есеп-
акпарат мәліметтерін зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет,
сенімді кәсіпорындармен қарым - қатынасқа түседі. Яғни, анық мәлімет алу
үшін мұқтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын аудит
жұмысының қажеттілігін тудырады.
Аудитке қажеттілікті тудыратын объективтік жағдайлар:
• инвесторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір-біріне сенімсіздік
көрсетуіне байланысты. Себебі, олардың мүддесі бір емес. Әсіресе,
кәсіпорын әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;
• кәсіпорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған
сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан;
• кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;
• кәсіпорын шаруашылығының күрделігіне сәйкес, "коммерциялық құпияны"
сақтауға байланысты, есепке алынған мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.
Аудиттің көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитты зерттеуге
арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдері әр түрлі анықталады.
Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг журналында мынандай мәліметтер
келтірілген: тарихи жазбаларға сүйенсек, Қытай мемлекеті дүние жүзінде
бірінші болып аудиторлық қызметті құрған ел.
Ежелгі Қытай жазбалары біздің эрамызға дейін 700-ші жылдың өзінде-ақ
Бас Аудитор қызметінің болғанын көрсетеді. Оның негізгі міндеті, өзінің
қызметі, міндеттемесінің түрі бойынша мемлекеттік ақша мен мүлікті
пайдалану құқығы бар өкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру
болатын. Кейінірек үкіметтік аудиторлық мекемелердің міндеттері, құқығы мен
түрлері бір қоғам сатысынан екінші қоғам сатысына көшуге байланысты өзгеріп
отырған.
Бір авторлар аудиттің пайда болуын бухгалтерлік есептің арнайы ғылыми
білімінің бір саласы ретінде қалыптастыру кезеңінде апаруға болады деп
санайды, бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы ғылыми кітапты белгілі итальян
математигі Лука Пачолли (1445-1515) жазғаны белгілі. 1494 жылы жарыққа оның
"Счеттар мен жазбалар туралы трактат" атты еңбегі шықты. "Қалай, неге және
кіммен көп жерлерде көпестік кітаптар куәландырылады" атты 7-тарауында
Италияның түрлі жерлерінде көпестік кітаптар ресми түрде көпестер үшін
арнайы бюроларда тіркелетіні айтылған. Бюро қызметкерлері бұл кітаптың
бірінші бетінде оларды өзінің жазуымен куәландырып мөрмен бекітеді. Бұл
жоғары мақтауға тұратын жағдай деп атап көрсетеді Лука Пачолли. өйткені,
біреуін сатып алушыға, екіншісін сатушыға көрсететін екі түрлі кітап
ұстайтын адамдар көп. Тағы бір ерекшелік осы кітаптарға негізделе отырып
олар ант береді. Егер кітапты, бюроға тіркеуге тапсыратын болса, өтірік
айту, соныменен өзіңнің жақындарыңды да алдау соншалықты оңай емес.
Осы кітаптар мұқият белгіленіп, дұрыс тіркелген уақытта алаңсыз үйіне
барып, өзінің істеріңді жазуды бастай бер деп жазады.
1773 жылы Шотландия астанасы - Эдинбургтің адрестік кітабында жеті
аудитордың есімі жазылған. Кейінірек, 1854 жылы мұнда бухгалтер-
аудиторларды біріктірген. "Бухгалтерлер қоғамы" құрылды. Бұл жеке
авторларға "батыс елдерінде кәсіпқой аудит Шотландияда XIX ғасырдың
ортасында пайда болды деген қорытынды жасауға негіз болды. К.А.
Угольниковтің пікір бойынша аудит 200 жылдан астам уақыттан бері бар. Оның
пайда болуының түп-тамыры кәсіпорынды басқарумен тікелей шұғылданатындар
мен оның қызметіне инвесторлардың көзқарастары арасында бөліну туындаған
уақытқа кетеді. Осы уақытта акционерлік қоғамдар пайда болып, аудитор
(ревизор) сыртқы есеп берудің қоғамдық бақылаушысы ретінде орталық орында
болуында" - дейді.
Басқаша айтқанда, бухгалтер-аудитор мамандығы акционерлер,
кредиторлар және салық қызмет органдары кәсіпорындардың қаржы жағдайы
туралы объективті қорытынды бере алатын тәуелсіз маманды іздеуге мәжбүр
болған уақыттағы акционерлік қоғамда пайда болды.
Аудиттің әрі қарай дамуына 1862 жылы қабылданған британ
компаниялары жайындағы заң жаңа серпін беріп, тез дамуына жол ашты. Онда
компаниялардың қорытынды есептерін кемі жылына бір рет міндетті түрде
тексеріліп отырылуы белгіленді. Бұл кәсіпорындардың нақты қаржы жағдайы мен
белгілі бір кезең үшін оның шаруашылық қызметті жайлы шын мәліметтер алу
үшін акционерлік қоғамның қорытынды есебін объективті бағалау
қажеттілігінен туындады. Серіктестіктің өзіне бүтіндей сенім артуы

қауіпті еді, өйткені соңғы нәтижесінде акционерлер мен пай
қосушылар немесе кредиторлар өздерінің капиталын жоғалтатын кәсіпорынның
банкрот болып қалуы кездесті. Бұл жағынан, акционерлер мен кредиторлардың,
екінші жағынан, салық органдарының бухгалтерлік баланс пен табыс жайлы
қорытынды есептерге сенімсіздігі акционерлік қоғамның қорытынды есебін
зерттеп, талдайтын және оның дұрыстығы жайлы кәсіптік қорытынды беретін
бухгалтер-аудиторлардың пайда болуына көмектесті. Акционерлердің жалпы
жиналысындағы қоғамның жылдық қорытынды есебін талқылауда аудитордың
қорытындысы тыңдалатын және тек осыдан кейін ғана қорытынды есеп бекітіліп
(бекітілмей) және қоғамды бақылау ісіне баға берілетін.
Осылайша, тәуелсіз аудиторлар мен аудиторлық фирмалар кәсіпорынның
баспада жарияланғандай қаржы жағдайының бар екендігіне кепіл болатын болды.
Аудиторлық тексерудің мәліметтеріне сүйене отырып, мәліметті пайдаланушылар
"кіммен жұмыс жасауға болатынын" өздері шеше алады.
Қазақстан Республикасында аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан
Кеңес өкіметінің Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша құрылды (15.11.1990ж.
№60). Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы Министрлігі жағынан
шаруашылық есеп принциптерінде аудит орталығы "Қазахстан аудит" фирмасы
ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан
бастап дербес акционерлік компания болып, Республикамыздағы барлық түрдегі
меншіктегі кәсіпорындарға, мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр.
Еліміздегі аудит жұмысының тиянақты дамуына бірден-бір негіз болған,
заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап отырған, 1993 жылы 18
қазан айында Жоғары Кеңес қабылдап, бекіткен "Қазақстан Республикамыздағы
аудиторлық қызмет" туралы заңы. Бұл заң аудит қызметін бір жүйеге келтіріп,
оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып
еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шет ел аудит фирмаларымен қарым-
қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді.
Қазіргі кезде біздің елімізде Еуропалық "үлкен алтылық" тобының
филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздің елдің аудит фирмасы да
қосылып аудит жұмысын жасайды. Соның салдарынан аудит қызметінде тағы
басқадай қызмет көрсетудің сапасы көтеріліп отыр.
Қазақстан Республикасында нарықты қатынасқа көшу барысында тиянақты,
қатал бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шет ел үлгісінен белгілі. Себебі
нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін ол елде-бәсекелестік
шешуді рөл атқарады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау -
тексеру болуы қажет. Соның нәтижесінде ғана нарықты қатынас жолымен дамудың
тиімділігі іске асырылады. Немесе "ойын тәртібі" сақталмаған елде
экономикасының нарықты қатынас жолымен дамуы іс жүзінде орындалмайды.
Сондықтан да аудит жұмысының қажеттілігі көптеген себептермен анықталады.
Олар, біріншіден, кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз
ету үшін, екіншіден, өз жұмысын өзі сенімді түде басқару, жүргізу үшін,
үшіншіден, кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және
өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болу үшін.

2.2. Аудиттің негізгі принциптері

Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізіледі.
1. Ғылыми негізділігі. Аудиттің ғылыми негізі оның методологиясының
диалектикалық әдісімен дамиды. Экономика теориясындағы объективтік
шындықты негізге алу болып табылады. Аудит жұмысының барлық мәліметі,
тұжырымы ғылыми жолмен анықталған, дәлелденген болуы қажет. Аудит
қызметінің ғылыми даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы
ол өзінің теориясын кұрайды. Аудит жұмысы барысында ғылыми зерттеу әдісі
қолданылады. Мысалы, аудитте экономикалық талдау қолданылады, ол
яғни фактілерді зерттеп қорытынды жасау. Сондықтан да аудит фирмаларының
басшылары ғылыми зерттеу жұмысын, тәжірибесін игерген ғалымдар.
2. Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы
ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық
ұстайтын маман болуы керек. Ол өзінің аудиторлық
қорытындысына кәсіпорынның табыстылық ақпаратын шыншылдықпен тексеріп,
объективті көрсеткіштерін анықтауға міндетті. Оның қорытындысы ешқандай
күдіктенбеушілікке жол бермейтін дәлелді болуы қажет.
3. Дербестілік. Қоғам тану жолында аудитордың статусы өз бетінше
дербес деп танылған. Оған себеп ол біріншіден, тапсырушыға тәуелді емес,
өйткені ол одан төлем алуына алдын ала келісіп қояды, екіншіден, оның
жұмысын мемлекеттік аудит заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен
аудитордың түпкі мақсаты бір. Олардың өзара келісім-шарт бойынша
анықтайтыны комитетін құру.
Аудитордың дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады:
аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау,
мемлекеттік аудитор департаментін, аудитор комитетін құру.
Аудитор ротациясы ол болжам арқылы бір аудитор қайта-қайта бір
кәсіпорынға бара берсе оның дербестігі жойылады деген сөз. Өйткені, оны
тапсырушы акциялық үлескер бол деп үгіттеп, аудит принциптерін сақтамау
жолына салуы мүмкін. Аудитор соты аудиторладың дербестігін қадағалап
отырады. Мемлекет тұрғысынан аудитор дайындау ол қазіргі аудитордың
қоғамдық құрылымын жою болып табылады. Қазіргі кезде аудит комитетін құру
АҚШ-та көп тараған. Ондағы мақсат өндіріс компанияларының мүддесін көтеру.
Қорыта келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысынан арнайы
институттар ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің
ойымызша сондай жұмыстарды іске асыру үшін Мемлекеттік Қаржы Министрлігі,
аудит палатасы, бухгалтерлер ассоциациясы көмектесуі қажет. 4. Кәсіби
біліктілік. Аудит жұмысын өте жоғары деңгейдегі мамандар жүргізуі қажет, ол
теориялық және практикалық жағынан өте білімді маман болуы және арнайы
аудит әдістерін жақсы білуі қажет. Ол тексеру жұмысына машықтанған болуы
керек. Аудитор өз жұмысына қажетті ереже нұсқауларын өте жақсы біліп, іс
жүзінде қолдана білуі қажет. Аудитор өз жұмысына анализ жасауда, сараптау
жүргізуде, компьютермен жұмыс істеуде, әбден машықтанған болуы қажет. Ол
барлық тексерушіге сене бермеуі керек, тек өзі тексеріп көзі жетпейінше
ешқандай қорытынды жасамауы керек.
5.Сенімділік, сөзге берік болу (конфиденциальность). Аудитор өз
жұмысының комиссиялық құпиялығын сақтауға міндетті. Үшінші жаққа өз
мәліметін ерекше жағдайда ғана хаюарлауға, тапсырушымен жазбаша келісім
жасау арқылы беруге құқылы.
6.Тез-жеделдік принципі. Аудитордың жеделдігі ол өз жұмысының тез,
тиянақты орындалудан тапсырушыға аудит материалын уақытымен тапсыру.
Аудиттің тез, жедел жүргізілуіне екі түрлі себеп бар. Біріншісі, аудит
жүргізу уақыты нақты белгіленбегендіктен, екіншіден, аудит үшін төлем сол
жұмыс уақытымен есептелінеді.
Кәсіпорын шаруашылығын басқаруда ғылыми негізделген шешім болуы
қажет. Ол үшін кәсіпорын басшысы білімді, мамандығы жоғары, шаруашылықты
және даму келешегін жақсы білетін адам болуы керек. Басқару-ол шешім
қабылдау. Ол үшін басқарушы бар білімін, талапкерлігін басқарушылық шешім
қолдануға жұмсауы қажет. Яғни тиімді, тиянақты басқару жүргізу үшін арнайы
дайындық жасау кеек. Барлық өзіне мәлім мәліметтерге экономикалық талдау,
сараптау жасап, бір жүйеге келтірілген материалдарға сүйене отырып
басқарушылық шешім қабылдау керек.
Шаруашылық субъектілерді басқару барысын үш этапқа бөлуге болады:
экономикалық мәліметті жинап, топтап бір жүйеге келтіріп талдау және
сараптау жасап пайдалануға даиындау; аудит-басқарушылық шешім қабылдау. Осы
көрсетілген басқару құрылымын іске асыру үшін мәлімет жинау барысы
бухгалтерлік есеп, статистика, жоспарлау арқылы орындалады. Сонымен мәлімет
жүйесі құрылады, оны төмендегі сызба арқылы жүйелеуге болады.

Шаруашылық субъектісімен басқару жүйесінің
арасындағы байланыс

Басқарушылықтағы шаруашылық субъектісі мен басқару жүйесінің
арасын мәлімет жүйесі құрайды. Басқаруға қажет мәлімет жүйесінде жан-жақты
қарастырылып пайдалануға дайындалады. Ол үшін бухгалтерлік есеп мәлімет
аудит жасау үшін оны алдымен тексеру қажет, одан қейін топтал, бір жүйеге
келтіргеннен кейін оны тіркеу қажет. Яғни, мәліметті шаруашылық
операцияларының мазмұнына сәйкес оған мағына беріп оның шаруашылықтағы
қажеттілігін, кәсіпорынды басқару үшін нақты қажеттігін анықтау керек.
Басқару процесінде, мәліметті тиімді пайдаланып, оптималды шешім қабылдау
үшін мәліметті санау өлшемі мен сапалық өлшемі арасындағы байланыстың
негізін анықтау қажет. Аудит барысында осы мәлімет құндылығы анықталып,
басшылық процесінде қолдануға пайдаланады. Тағы осы мәліметтер негізінде
кәсіпорын шаруашылығының дамуына болжам жасалады.
Нарықты экономика жағдайында болжам, бағдарлама жасау өте қажет.
Кәсіпорынның даму бағдарламасы болмаса оның өндіріс, сату процесі
дағдарысқа ұшырап нарықты қатынас принциптерін сақтай алмай қалады.
Сондықтан да шаруашылық субъектілері өздеріне бизнес-жоспар дасайды, онсыз
шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорын үшін бизнес-жоспар ол
бағдарлама, күнделікті шаруашылықты қалай жүргізу керек екенін, даму жолын,
табыстылық деңгейін, өндіріс шығынын күнделікті қадағалап отыруға негіз
болатын құжат.
Өндірістік кәсіпорындардың бизнес-жоспары бірнеше бөлімнен тұрады:
жоспар кіріспесі, өндіріс мақсаты-өндірілетін өнім тізбегі, сату жоспары.
Негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып бәсекелестікті болжау; маркетинг
стратегиясы; өндіріс жоспары (өндіріс қуаттылығы, шикізат ресурсы);
коммерциялық күдік (қамсыз дан дыру); қаржы жоспары (өнім сату, шығын және
табыс есебі, табыстылықтың аналитикалық есебі). Бизнес-жоспардың, осы
жоғарыда көрсетілген әр бөлімі аудит арқылы анықталады. Соған сәйкес
аудиттің басқалай басқару функциялары іске асады. Мысалы:
- Өндірісті ұйымдастыру, оның әр түрлі варианттары қарастырылып, өте
тиімді, басқару құрылымы қаланады.
- Бақылау, басқарушылық шешімнің орындалуын тексеретін мәліметтер
жиналады.
Қорыта келгенде, шаруашылықтағы субъектілерді басқаруда аудиттің
атқаратын рөлі өте жоғары. Олай дейтініміз, басқарушылыққа қолданылатын
мәліметті аудит арқылы бір жүйеге келтіріп, талдап, анықтап, тексеру жасап
дайындалған материал аудиттің барлық басқарушылық функциясында қолданылады.

2.3. Аудитті ұйымдастыру әдістемесі

Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері (тапсырушылар) аудит
фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет.
Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке
аудитор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудит: әдістемелік маңызы, түрлері
Есеп беру және аудит
СНГ авторларының аудитке берген анықтамалары
Шаруашылық субьектілердегі бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп жүйесін реттеудегі аудиттің маңызы мен қажеттілігі
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Практикалық аудит
Шаруашылық қызмет аудиті
Аудиттің мәні
Аудиттің әдістемелік маңызы
Пәндер