ЖШС «М-Комбикорм»


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кiрiспе
Қандай да болмасын бiр затты ала отырып, оның сапасын бағалап, бiздiң күтулерiмiздi ақтай ала ма әлде жоқ па деген сұрақ ойымызда туады.
Тұтынушылар сапа деген ұғымды, оның сыртқы түрiн, қолайлылығын, экономикалық тиiмдiлiгiн түсiнедi.
Қандай да бiр өнiмнiң бекiтiлген талаптарға сәйкестiгi (нормативтi және техникалық құжаттарға, келiсiм шартқа, тұтынушы талабына) және пайдалану үшiн болжамды жарамдылығы өнiм сапасының критерийлерi болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорынды зерттеп түсіну, өндіріске сапа жүйесін енгізу, және өндірістің экономикалық тиімділігін есептеп, арттыру.
Мемлекетаралық стандарттарда “өнiм сапасы” деген терминге мыныдай анықтама берiлген: “өнiм сапасы” - оның арналуына сәйкес белгiлi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға жарамдылығын айқындайтын қасиеттерiнiң жиынтығы.
Өнiм сапасы бұл тарихи категория. Өндiрiс күшiнiң өркендеу ауқымы мен деңгейi жоғарылаған сайын ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерiн пайдалана отырып, шығын көлемiн азайту арқылы, өнiм сапасына тұтынушы тарапынан қойылатын жоғарғы талаптарды қанағаттандыруға қолайлы мүмкiндiктер туындайды.
Халықаралық стандартқа келтiрiлген терминологияға сәйкес, сапа - бұл объектiнiң белгiленген және болжамды қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мүмкiндiгiне қатысты қасиеттер мен сипаттамалар жиынтығы.
Бұл екi анықтамада өндiрушiлердi жалпы қоғам, соның iшiнде жеке тұтынушылардың белгiлi бiр қажеттiлiктерiн қанағаттандарарлықтай өнiмдi шығаруға және дайындауға және сапасын жоғарылату бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға бағыттайды.
Осылайша, сапа тапсырыс берушiнiң немес тұтынушының қажеттiлiктерiн қанағаттандырудан басталады.
Философиялық көзқараспен трактатталатын “сапа” терминiнiң басқа да анықтамаларын жиi естуге болады:
сапа - бұл тұтынушының өнiмге және қызмет көрсетуге қанағаттануы;
сапа - пайдалануға жарамдылық;
сапа - өнiмнiң талапқа сәйкестiгi;
сапа - прогреске жетелейтiн үрдiс.
Дамушы нарық қатынастарында өнiм сапасының ең басты көсеткiшi оның бәсекелестiк қабiлеттiлiгi болып табылады. Кәсiпорынның тауарлы белгiсiнiң дамуы сапаға байланысты болады: сапаның жоғалуы сатып алушылардың жоғалуына және нарықтан шығуына әкелiп соғады. Сапасыз өнiм шығаруда кәсiпорын тiкелей шығындарға ұшырайды.
Сапа нарық үшiн күресте маңызды құрал бола отырып, тауардың бәсекелестiк қабiлетiлiгiн қамтамасыз етедi. Сапа туралы көзқарас үнемi өзгерiп отырады. Тұтынушы бiр жыл бұрын қанағаттандырып отырған сапа, келесi жылы оның талабына жауап бере алмайды. Қоғам дамуының әр сатысында сапаға қойылатын талаптар жоғарылай түсуде. Бұрында сапа тек ақаулардың жоқтығымен айқындалса, қазiр сапа туралы кең көлемдегi түсiнiкте сөйлейдi.
Сапа бәсекелестiк қабiлеттiктiң ең жоғары көрсеткiшi ретiнде отандық экономиканың тұрақты деңгейiнiң және оның дүние жүзiлiк нарыққа көшуiне басты маңызды факторы болып табылады.
Тек сапаның жоғарғы деңгейiне жеткенде ғана Қазақстан өзiнiң стратегиялық мақсатын орындай алады, яғни әлемдiк қауымдастыққа шикiзат берушi тұрғыдан емес алдағы қатардағы жоғарғы технологиялық деңгейдегi, дамыған ел қатарына кiру.
Бүгiнгi күнi сапа - бұл кәсiпорынның экономикалық жетiстiгi, ал қоғам үшiн дұрыс экономика, әлемдiк қауымдастықта беделдi орын.
Дәл қазiргi уақытта сапаны басқару, сапа менеджментi жүйесi деген ұғымдар кең қолданысқа ие. Бұл дегенiмiз сапаны нарық талабына сәйкес дамытып, жақсартып отыру.
Сапа менеджментi жүйесiнiң негiзiн салған Тейлор. Ол СМЖ 1905 жылы әзiрлеп, ал 1920-1950 жылдары жалпы менеджменттiң негiзi болған. Кейiн келе жаңа концепциялар
TQM және QS 9000 TQC пайда болды.
1. Әдебиетке шолу
1. 1. Сапа менеджмент жүйесінің енгізудегі әлемдік тәжірибе.
Сапа менеджментi жүйесiнiң теорияларының негiзiн салушыларының бiрi Э. Деминг өнiмнiң төменгi сапасының негiзгi себептерi арнайы (6%) және жүйелi (94%) деп бөлуге болатынын бекiттi. Осыған негiзделе отырып жүйелi себептердi жоя отырып, қана өнiм сапасын жоғарылатуға болатындығы туралы қорытынды жасалды. Мұндай мәселенi шешуге тек қана арнайы сапа менеджментi жүйелерi кепiлдiк бере алады.
Сапа менеджментi жүйесi өнiмнiң өмiрлiк кезеңiнiң барлық сатысын қамтиды. Сондықтан да сапа менеджментi жүйесi кәсiпорынды басқару жүйесiнiң ажырамастай бөлiгi ретiнде қарастырылады. Кәсiпорында сапа менеджментi жүйесiнде сапа аумағындағы саясатқа қызмет аспектiлерiнiң және басқа да бағыттардың арасында мәндi рөл берiледi. Сапа жүйесi осы саясаттың таралу құралы болып табылады.
Халықаралық деңгейде сапа менеджментi жүйесiнiң негiзi болып ИСО 9000 сериялы стандарттары табылады. Бұны 1987 жылы АҚШ, Канада және ФРГ қатысуымен стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның техникалық комитетi әзiрлеген болатын. Алғашқы ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар өнiмнiң сапасын қамтамасыз ету жүйелерiне талаптар бекiттi. Сонымен бiрге сапаны қамтамасыз ету аумағындағы терминдер мен анықтамалардың үштиптiк сөздiгi әзiрлендi, яғни ИСО 8402 халықаралық стандарты.
ИСО 9000 екiншi сериясы 1994 жылы және үшiншi 2000 жылы қабылданған болатын. [1]
ИСО 9000 халықаралық стандарты әмбебап болып табылады. Яғни, ол кез-келген салада қолданылады. Сондықтан да айта кету керек, ИСО 9000 халықаралық стандарты жария болғаннан кейiн әртүрлi қызмет салаларында үлкен қолданысқа және мойындауға ие болды.
Бүгiнгi таңда ИСО 9000-9001 сериялары бүкiл дүние жүзi елдерiмен мойындаған және ұлттық стандарт ретiнде қабылданып, көптеген кәсiпорындармен ендiрiлген.
ИСО 9000 халықаралық стандарты негiзiнде құрылған сапа жүйесiнiң ең басты мақсаты, бұл өнiмдi тапсырыс берушi талап ететiн сапамен қамтамасыз ету және оған кәсiпорын жасай алатындығы жөнiнде дәлелдемелер беру. Оның мысалы ретiнде кәсiпорында ИСО 9000 халықаралық стандартына сәйкес сапа жүйесi бар ма, сапа жүйесiне сертификат бар, жоқтығын келтiредi.
Сапа жүйесiне сертификаттың болмауы кәсiпорынның сыртқы нарыққа шығуына ең басты кедергi болып табылады. Транснационалды компаниялар субподрядчиктерден олардың кәсiпорында ИСО 9000-9001 мiндеттi түрде ендiрiлуiн талап етедi.
ИСО 9000:9001 серияларының халықаралық стандарттары өз кезегiнде сапа жүйесi қандай болатындығы жөнiндегi әдiстемелiк ереже болып табылады, ал оны қалай жасау керектiгiн кәсiпорын басшысы өзi шешуi тиiс. Сапа жүйесi тек қана өнiм сапасын жоғарылату құралы болып қана қоймай, сонымен бiрге кәсiпорынның тиiмдiлiгн жоғарылату болуы керек. [2]
Сапа жүйесi кәсiпорынның негiзгi мақсаттарын тарату құралы ретiнде қолданады.
Сапа жүйесiн функцияландыру сапа бойынша қызметке кәсiпорынның барлық жұмысшыларын кiрiстiредi.
Сапа жүйесiнiң мақсаттарын тарату өндiрiлiп жатқан өнiмнiң сапасына әсер ететiн техникалық, административтi және адам факторларымен қамтамасыз етiледi.
Өнiм сапасы басқару бойынша жұмыстарды бөлу ереже бойынша арнайы құрылған бөлiмшелер немесе кәсiпорынның бөлiмдерiнiң бiрi жүзеге асырады.
Өткен жылдар бойында ақпарат құралдарында 2000 жылғы версиясындағы ИСО 9000 сериялы жобасы талқыланып келдi және ИСО 9001 стандартының ескi (1994ж. ) және жаңа версиялары арасындағы ерекшелiктер және сәйкестiктер талдауы жиi жүргiзiлдi. 2000 ж. Аяғында оны нақты бекiткеннен кейiнгi стандартты ендiру мәселелерi қарастырылды.
Сонымен бiрге отандық кәсiпорындарға жаңа версиядағы стандарттарды ендiру сұрағы (мәселесi) ашық күйiнде қалды. Қазақстанда ескi версиядағы және жаңа версиядағы стандарттар қатар жүрiп отырады. Әртүрлi ақпарат көздерiнен бiз ескi версиядағы стандарттар және жаңа версиядағы стандарттардың құрамы жне мазмұны бойынша талаптардың ерекшелiктерiн жеткiлiктi бiлемiз.
Жаңа версиядағы стандартқа терең талдау жүргiзбей-ақ айтуға болады: бұл қазiргi кәсiпорындардан талап етiлетiн, халықаралық талаптардың жаңа сатысы, халықаралық нарықта бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз етуге бағыттайды. [7]
Шетел және отандық басылымдардан алдағы қатардағы елдердiң сертификатталған сапа жүйесiнiң санын жақсы бiлемiз (1 кесте) . Ал, қазақстан саны бойынша төменгi көрсеткiшке ие.
1 кесте
ИСО 9000 сериялы стандартын алдыңғы қатарлы елдерде енгізу
Сертификатталған сапа жүйесi бар алдағы қатардағы шетел кәсiпорындары дәл қазiргi уақытта жаңа версиядағы стандартта қарастырылғандай үнемi жақсатрумен айналысуда. Сондықтан да, 2000 жылдың желтоқсанында енгiзiлген жаңа версиядағы стандартты, алдың сертификатталған сапа жүйесiн дамыту iсiндегi алға қадам жасау ретiнде қарастыру қажет. [19]
Жасалып жатқан және сертификатталған сапа жүйесi бар ұйымдарға, жаңа версиядағы стандартқа ауысу жеңiлiрек iске асырылады.
Жаңа версиядағы стандартты iске асырумен қатар бiр жаңа мәселе (проблема) шешiлдi - медициналық, банктiк, мәдени-әлеуметтiк және басқа да қызмет көрсетулер сияқты экономикалық қызметтегi жаңа сфералады сертификаттаумен және бағалаумен қамту. Бұл қызмет сфералары ескi версиядағы стандарт талаптары құрылымына сәйкес кiре бермейтiн, себебi соңғысы көбiнесе өндiрiстiк кәсiпорындарына бағытталып арналған болатын. Жаңа экономикалық қызмет сфераларын қамту жаңа версиядағы стандарт мазмұнында белгiлi-бiр iз қалдырды.
1 кестедегi мәлiметтерге негiзделе отырып мынаны айтуға болады: қазақстандық өнеркәсiптерiнде сертификатталған сапа жүйесi саны өте аз. Мұны екi жағдаймен түсiндiруге болады.
Бiрiншiден - өндiрiстiк кәсiпорындардың даму деңгейi МС ИСО 9000 сериялы талаптарына сәйкес келетiн дәрежеде болмауы. Отандық өндiрiстер техника-экономикалық құлдыраудан кейiн ендi-ендi аяғынан тұруда. Бұл кезде кәсiпорынға сапа жүйесiн әзiрлеу және сертификаттау туралы емес, оны көтеру туралы мәселе тұрды.
Екiншiден - бағалау және сертификаттау объектiсі ретiнде өндiрiстiк қызметтерге концептуалды әдiстерге негiзделген әртүрлi сертификаттау схемаларының дамыған жүйесi. Мұндай әдiс-амалдарға мыналар жатады:
- өндiрiстiң жағдайын талдау;
- сапа жүйесiн бағалау;
- өндiрiстi сертификаттау;
- сапа жүйесiн сертификаттау.
Бұл әдiстердiң негiзiнде бекiтiлген талаптарға жету үшiн әр түрлi ресурсты шығындар және әр түрлi қорытынды тексеру құжаттары болады: өндiрiстiң жағдайы туралы кесiм; сапа жүйесiнiң жағдайы туралы қорытынды; өндiрiстiк сәйкестiк сертификаты және сапа жүйесiнiң сәйкестiк сертификаты. Көптеген кәсiпорындар өздерiнiң соңғы мақсаты етiп техника-экономикалық дамуды әрi қарай дамыту үшiн база ретiнде сапа жүйесiн жасау емес, сертификат алуды алға қояды, сондықтан да бұл мақсатқа жету жолы бойыынша аса күш-жiгер жұмсамайды. [8]
Байқауымызша, мұндай әдiстердiң көп түрлiлiгi өнеркәсiптiк кәсiпорындарды сапа жүйесiн жасау және сертификаттаумен айналысуға және жаңа версиядағы стандарт талаптарына ауысуға ынталандырмайды.
Қайта жасалатын сапа жүйелерi жақын кезеңдерде ескi версиядағы стандартқа сәйкестiгiне сертификатталады. Бұл кәсiпорындарға ескi версиядағы стандарт талаптарына сәйкестiгiне сертификат алуға мүмкiндiк бередi. Ал бұл кезде:
- жаңа версиядағы стандарт өз күшiне енедi;
- өндiрiстi сертификаттау кезiнде тексеру көлемдерiнiң жаңа концепциясын өндiру қажет болады немес өндiрiстiк қызметтi бағалау формасы ретiнде өндiрiстi сертификаттауды жою туралы сұрақты шешу, өйткенi Қазақстанда жаңа версиядағы стандартты кiрiстiру кезiнде өндiрiстi сертификаттау және сапа жүйесiн сертификаттау арасындағы қашықтық өсуде;
- сертификатталған сапа жүйесi бар кәсiпорындар, жаңа версиядағы стандарт талаптарын орындауға көшуге дайындық жасайды.
Егер кәсiпорын жаңа версиядағы стандартқа сәйкестiк жүйесiн дайындауды бiрден бастаса, ескi версиядағы стандарттағы маңызды және қажеттi талаптардың ұмытылмайтындығы туралы ешқандай кепiлдiк жоқ.
Ең бастысы және негiзгiсi, 1 сызбада көрсетiлген сапа менеджментi жүйесi (СМЖ) моделiн кейбiр авторлар айтатындай базалық ұйымдық модель деп айту қиын, өйт
кенi:
- модельде тек қана элементтер емес, ұйымдық-функционалдық немесе олардың арасындағы ақпараттық қарым-қатынастар болуы керек;
- кiру және шығуда “тұтынушылар” модельдерiнiң бар болуы және “жеткiзушiнiң” болмауы кез-келген маңыздан айырылған. Бұл ИСО 9001:2000 стандартындағы 3 бөлiмiндегi “Терминдер және анықтамалар” және 2 қ. Көрсетiлген үрдiстiк амал принциптерiне қарама-қарсы келедi.
- “СМЖ үнемi жақсарту” блогына схемадан келетiн бағыттаушы сызықша, модельдi қажеттi қаталдықтан айырады және оны жарнамалық иллюстрацияға айналдырады.
ВНИИНИАШ сертификаттауы бойынша орган жетекшiсi, техника ғылымдарының кандидаты В. Ю. Гуленков сапа менеджментi жүйесiне мына модельдi ұсынады (Сызба 1) .
1. 2 Сапа менеджментi жүйесiнiң моделi
1 сызба
2. Негiзгi бөлім
2. 1. Нормативтiк сiлтемелер.
ҚР СТ ИСО 9000 - 2001 Сапа менеджментi жүйесi. Негiзгi ережелер және сөздiк.
ҚР СТ ИСО 9001 - 2001 Сапа менеджментi жүйесi. Талаптар.
ҚР СТ ИСО 9004 - 2001 Сапа менеджментi жүйесi. Қызметтi жақсарту бойынша ұсыныстар.
ҚР СТ ИСО 100 11 - 1 - 2001 Сапа жүйесiн тексеру бойынша басқарушы жарлықтар. 1-бөлiм. Тексеру.
МЕСТ 12770-73 Сұлы.
МЕСТ 016367-86. Құс өңдейтін өнеркәсіп. Терминдер мен анықтамалар.
МЕСТ 13634-68 Азықтық жүгері.
МЕСТ 8759-74 Сорго.
МЕСТ 17536-72 Мал тектес азықтық ұн.
МЕСТ 2116 Балық, теңіз сүтқоректілерінен және шаян тәрізділерден дайындалған азықтық ұн.
МЕСТ 10417-74 Азықтық бұршақтар.
МЕСТ 11321-74 Азықтық люпин.
МЕСТ 8758-76 Нут.
МЕСТ 10419-74 Чина.
МЕСТ 14720-69 Азықтық бұршақ.
МЕСТ 17483-72 Азықтық май.
МЕСТ 80-62 Күнбағыс күнжарасы.
МЕСТ 10974-64 Зығыр күнжарасы.
МЕСТ 11048-64 Рапс күнжарасы.
МЕСТ 11201-65 Арахис күнжарасы.
МЕСТ 11202-65 Сурепті күнжарасы.
МЕСТ 11203-65 Күнжүт күнжарасы.
МЕСТ 11204-65 Сафлор күнжарасы.
МЕСТ 11694-66 Конопля күнжарасы.
МЕСТ 68-74 Мақта күнжарасы.
МЕСТ 12220-66 Азықтық соя шроты
МЕСТ 606-75 Мақта шроты
МЕСТ 11049-64 Жүгері шроты.
МЕСТ 11246-65 Күнбағыс шроты.
МЕСТ 18691-83 Шөп тектес және ждасанды кептірілген азықтар.
МЕСТ 13797-78 Ағаш көгінен жасалған витаминді ұн.
МЕСТ 9393-82 Ветеринарлық май.
МЕСТ 20083-74 Азықтық ашытқылар.
МЕСТ 19495-74 Техникалық сүйек ұны.
МЕСТ 18660-73 Азықтық монокальцийфосфат.
МЕСТ 10516-75 Азықтық кальцийфосфат.
МЕСТ 13830-68 Ас тұзы.
МЕСТ 18221-72 Жұмыртқалағыш, балапандарға және бройлерлерге арналған толық рационды құрама жем.
МЕСТ 18221-72 Күркетауық пен балапандарына арналған толық рационды құрама жем.
МЕСТ 3040-55 Ылғалдылығын анықтау.
МЕСТ 10839-64 Үлгі іріктеу мен өлшеулерді алу.
МЕСТ 10967-75 Түсі мен иісін анықтау.
МЕСТ 10840-64 Табиғи массасын анықтау.
МЕСТ 10939-64 Ластануын және майда дәндердің өтуін анықтау.
МЕСТ 10841-64 Ауруға жұқтырылуын және зиянкестермен зақымдалуын анықтау.
МЕСТ 10940-64 Типтік құрамын анықтау.
МЕСТ 10987-76 Шыны мөлдірлігін анықтау.
МЕСТ 13586. 1-68 Желімшенің санын және сапасын анықтау.
2. 2. Терминдер мен анықтамалар.
Сапа - объектiнiң белгiленген немесе болжамалы қажеттiктi қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткiштер жиынтығы.
Өнiм - iс-қимылдардың немесе үрдiстiң нәтижесi.
Тауар - ерiктi иесiздендiрiлетiн, бiр тұлғадан екiншi тұлғаға сатып алу-сату келiсiмi бойынша өтетiн кез-келген зат.
Қызмет - тұтынушының қажеттiгiн қамтамасыз етуге бағытталған дайындаушы мен тұтынушының және дайындаушының iшкi iс-қимылдарының тiкелей әрекеттесуiнiң нәтижесi.
Сапа көрсеткiшi - тауар сапасына жататын бiр немесе бiрнеше қасиеттерiнiң сандық сипаттамасы.
Ресурстар - қызмет көрсетушiлер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар, технология.
Сапа жүйесi - сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшiн қажеттi ұйымдастыру құрылымы, әдiстеме, үрдiс және ресурстар жиынтығы.
Өнiм сапасын басқару жүйесi - өнiм сапсын басқару кезiнде маткриалды-техникалық және ақпараттық құралдардың көмегi арқылы өзара қарым-қатынас жасайтын басқару объектiлерiнiң және басқару органдарының жиынтығы.
Өнiм сапасын бақылау - өнiм сапсының көрсеткiштерiн бекiтiлген талаптарға сәйкестiгiн бекiту, тексеру.
Өнiм сапасын қадағалау - арнайы органдармен жүзеге асырылатын, өнiм сапасын қадағалау.
Өнiмнiң бiрлiк сапа көрсеткiшi - өнiмнiң бiр қасиетiн сипаттайтын сапа көрсеткiшi.
Өнiмнiң кешендi сапа көрсеткiшi - өнiмнiң бiрнеше қасиетiн сипаттайтын сапа көрсеткiшi.
Өнiм сапасының интегралды көрсеткiшi - өнiмдi пайдалану немес тұтынудың пайдалы сумардық әсерi мен оны жасау және пайдалану немесе тұтыну қатынасы болып табылатын өнiмнiң сапа көрсеткiшi.
Өнiмнiң ақаулық коэффициентi - өнiмнiң бiрлiгiне келетiн ақаудың орташа өлшенген саны.
Өнiм сапасы көрсеткiштерiнiң регламенттелген мәнi - нормативтiк құжаттармен бекiтiлген өнiмнiң сапа көрсеткiштерiнiң сәйкестiгiн тексеру.
Квалиметрия - өнiм сапасын бағалаудың сандық әдiсi болып табылатын ғылым аумағы.
Бақылау жүйесiндегi бақылау органы - басқаруға әрекет етудi шығаратын өнiм сапасын басқару жүйесiнiң бөлiгi.
Өнiм сапасын бағалаудың статистикалық әдiсi - өнiмнiң бiрлiк және кешендi сапа көрсеткiштерiн бiрдей қолдануға негiзделген оның сапасын бағалау әдiсi.
Өнiм сапасының деңгейi - бағаланатын өнiмнiң сапа көрсеткiшiнiң негiзгi сәйкес көрсеткiштер мәнiмен салыстыруға негiзделген өнiм сапасына жататын сипаттама.
Жарамды өнiм - барлық бекiтiлгшен талаптарға сай және қанағаттандыратын өнiм.
Ақау - бекiтiлген талаптарға өнiмнiң әрбiр сәйкессiздiгi.
2. 3 ҚР СТ ИСО 9001 : 2001 бойынша сапа менеджмент жүйесiн енгізудегi жалпы ережелер
Қазiргi кезде кiшi және орта кәсiпорындардың көбiсi тауар және қызмет көрсету нарығында тұрақты жағдайын ұстап тұру қажеттiлiгiмен соқтығысады. Олардың көбiсi кәсiпорында тұрақты сапаға кепiлдiк беретiн жағдай жасау жолын таңдайды, басқалары инвестиция жолымен жүредi, пайдалы серiктестер iздейдi және т. б. Олардың ең аз бөлiгi ең ауыр жолдардың бiрiн таңдайды - ол сапа менеджмент жүйесiн әзiрлеп (СМЖ), енгiзiп, және құзiреттiлiгi танылған органда сертификаттау.
Сонымен уақыт өте келе сертификаттау оларға мыналарды қамтамасыз ете алады:
- фирманың (ұйым, кәсiпорын) беделiн өсiруге;
- тұтынушылардың сенiмiн;
- жұмыскерлердiң сапаның маңыздылығын түсiнуiн;
- оның қызметiнiң ең жақсы нәтижелерiн қамтамасыз ететiн, қазiргi уақытта ұйымның басқаруы қандай болуы керектiгiн түсiнудi.
Кiшi және орта кәсiпорындарға (ұйымдарға) СМЖ жасау кезiнде қиыншылықтар болғанмен де кейбiр сұрақтарды шешу оңайға түседi. Қызметкерлер саны көп және басқарудың ұйымдық құрылымы дамыған iрi кәсiпорындарда ең қолайлысы, бiр қызмет немесе үрдiс түрiн бекiтiп қоятын арнайы маманды, жауапты тұлғаны табу оңайырақ. Ал қызметкерлер саны неғұрлым аз кiшi кәсiпорындарда жауапкершiлiктер, әрқайсысында бiрнеше және бұл жерде әрқайсысы бiрнеше мамандардың функцияларын атқарады.
Кiшi кәсiпорында әдетте техникалық қадағалау бөлiмi (ТҚБ) болмайды және техникалық қадағалау функцияларын атқаратын сапа бойынша директор (менеджер) әр уақытта бола бермейдi. Бiрақ та, қиын технологиялық үрдiс жоқ - негiзгi өнiмдi өндiрудi схематикалық түрде көрсету оңайырақ, ал бұл дегенiмiз қызметкерлерге неғұрлым қолы жетiмдi және түсiнiктi ету деген сөз.
Кәсiпорында мамандар СМЖ өндiру кезiнде стандарттарды жазумен емес, “процедураларды өндiрумен” айналысулары керек. Бұл үлкен айырмашылық, өйткенi тек қана құжаттарды әзiрлеу ғана емес, сонымен бiрге олар әрi қарай жұмыс жасауы үшiн жағдай жасау маңызды болып табылады.
Үрдiстердi көрсетудiң ең тиiмдi әдiсi - олардың графиктiк көрсетiлуi. СМЖ құжаттарын әзiрлеушiлерге көмек ретiнде кәсiпорынның жұмысшыларының қызметтерiн, үрдiстер, процедуралар, элементтер немесе үрдiстер карталары бойынша алгоритмдерiнiң блок-схемаларын құрастыру керек. Оларды мiндеттi түрде СМЖ құжаттарын әзiрлеу немесе қайта қарау кезiнде бiрiншi этап ретiнде қолдану керек: кәсiпорындағы қандай да бiр мәселенiң орындалуы бойынша қадамын, операциялардың, процедуралардың жалғастырылуын анықтап алу керек; әр қадамда орындаушыларды; үрдiстердiң кiрiс және шығыстарын ақпарат ағындарын анықтау керек. Бұл жерде мыналарды анықтап алу керек: сол немесе басқа бiр iс-қимыл ескерiлетiн құжат бар ма, ол бекiтiлген талаптарға сәйкес келе ме.
АС ИСО 9000 : 2000 сериялы версиясына ауысу кезiнде сұрақтың бұлай қойылуы, үрдiстi амалды шешуге көмектеседi.
Алгоритмдердiң блок-схемаларын кәсiпорында берiлген бiр қызмет түрiн iске асыратын, стандартталатын қызметтiң мән-мағынасын түсiнетiн мамандар жасау керек.
Блок схемалармен жұмыс жасау кезiнде “құжаттамалармен басқаруда” қателер табылып отырады - сол немесе басқа бiр нормативтi құжаттардың болмауы.
Қазiргi нарықтық жағдайда бәрiн өздерi ойлауы тиiс. Және көптеген өндiрушiлер қиын жағдайда тұрып қалады: жасалған алгоритм қалай көрiнедi, бұл үрдiске ең негiзгi кiрiс болып не табылады, нарық талап ететiн жаңа өнiмдi өндiру немесе жобалау неден басталады?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz