Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . …. . 7

Бөлім - І Қазақстанда бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы шағын

және орта бизнестің рөлі . . . 10

  1. Шағын және орта бизнестің әлем нарығындағы қолданылу тәжірбиесі мен дамуы . . . 10Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың салық салудағы алатын орны . . . 24

Бөлім - ІІ Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті

жүргізудің арнайы салық режимі . . . 38

2. 1 Бір жолғы талон негізіндегі кәсіпкерлікті жүргізу ерекшелігі . . . 38

2. 2 Патент негізінде кәсіпкерлікті жүргізу ерекшелігі . . . 44

2. 3 Оңайлатылған декларация негізінде кәсіпкерлікті жүргізу

ерекшелігі . . . 56

Бөлім - ІІІ Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі

жағдайы мен даму тенденциясы . . . 63

  1. Шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізушісі субъектілерінің мониторингі . . . 63
  2. Шағын және орта бизнестің даму стратегиясы . . . 70
  3. Шағын кәсіпкердің даму деңгейін кешенді бағалау . . . 75

Қорытынды . . . 80

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 82

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Ата заңының 24-бабының негіздемесінде “Әркім өз еркімен маман таңдауы және өз еркімен еңбек етуге құқылы”

Қазақстан Республикасы Президентінің Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” Қазақстан халқына жолдауы

Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, несие ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғарғы сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті.

Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарға басқа көңіл бөлу керек деп санаймын.

Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік жеңісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.

Сонымен қатар, металлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған “жасырын” монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіру үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни сектолрлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек. Бюрократияның өндірістік активтерге бақылау жасауға ұмтылған әрекеттеріне жол бермеу керек.

Мемлекеттің “Қазақстан 2030 ұзақ мерзімді стратегиясына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006-2008 жылдарға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары.

Бұл мақсатты іске асыру көбіне шағын кәспкерліктің даму деңгейіне байланысты. Артықшылықтар кешені, атап айтқанда нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, прогрессивті жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру, көптеген өнеркәсібі дамыған елдер шағын кәсіпкерлікке жалпы ішкі өнімнің негізгі бөлігін өндіруге жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми -техникалық прогрестің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруге және де бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Экономиканы одан әрі тұрақты дамытуға, жүргізіліп жатқан реформаларды тереңдетуге, мұнай операцияларына, қаржы лизингісіне, резидент еместерге, қаржы құралдарына салық салуды, сондай-ақ салықтың әкімшілендіру нормаларын жетілдіру және кәсіпкерлердің инвестициялық тартымдылығын күшейту мақсатында инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтілді, мұнай химия өндірістері, қосылған құны жоғары тауарлар өндірісі үшін жеңілдіктер енгізілді.

Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету үшін салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.

Қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің мәнін түсінуге, кәсіпкерлік процесті қалыптастыратын факторлар мен жағдайлар, олар атқаратын функцияларға, шағын кәсіпкер субъектілер қызметіне, қоршаған ортаның әсеріне, әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формаларға қарамастан, шағын кәсіпкердің проблемаларының шеңбері азаймай, керісінгше ұлғая түсуде. Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің болашағы бар ма, ел экономикасында маңызды рөлді атқара ма, елдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандыра ма, кәсіпкерлік процесті қандай негізгі факторлар қалыптастырады, және біздің қоғамымыздың берілген кезеңінде оның динамикалық қозғалысын қандай проблемалар ұстап тұр.

Дипломдық жұмысты қарастыра келе, оның мақсаты мен міндеттерінде және проблемаларында шағын кәсіпкерліктің даму деңгейін кешенді бағалау кездесіп отыр. Жұмыстың мақсатын қарастыра келе төмендегідей міндетемелерді айта кеткен жөн.

- кәсіпкерліктің теориялық негіздерін қарастыру;

- шағын кәсіпкерліктің қызмет етуінің шетелдік және отандық тәжірбиесін қорыту.

- шағын кәсіпкерліктің даму проблемаларын анықтау;

- шағын кәсіпкер субъектілерінің жіктемесін дайындау;

Тандалып отырған диплом жұмысының тақырыбы бүгінгі таңда өзекті екені сөзсіз, себебі шағын және орта бизнесте бүгінгі Қазақстан Республикасының экономиканы дамыту саласында айтарлықтай үлеске ие.

Диплом жұмысының құрылымы:

-кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Диплом жұмысын орындау барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық құжаттар тізбесі сондай-ақ отандық авторлар еңбектері де кеңінен пайдаланды.

Алматы қаласы бойынша салық комитетінен материалдар негізінде екінші тарауда анатикалық талдау жасады.


Бөлім - І Қазақстанда бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы шағын және орта бизнестің рөлі

  1. Шағын және орта бизнестің әлем нарығындағы қолдану тәжірбиесі мен дамуы

Шағын және орта кәсіпті дамыту - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің маңыздысы. Кәсіпкерлік- қазіргідей күрделі кезеңде ел экономикасын іргелетуге, әлеуметтік бірқатар мәселелерді шешуге, еңбекпен қамтамасыз ету ісіне септігін тигізуге мейлінше жағдай туындайтын бірден-бір жол.

Соңғы кездері ресми талдаулар көрсеткендей, шағын және орта кәсіпте өндіріс көлемінің өсуіне қол жеткізілуде. Кәсіпкерлікті дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың аса маңызды шарттарының бірі -отандық тауар өндірушілерді қолдау. Дегенмен, уақытша қиындықпен, кейбір кедергі проблемалармен санаспай әрекеттенуші кәсіпкерлермен тұтынушыларына лайықты өнімдер ұсынушы отандық өндірушілер аз емес.

Бүгінгі таңда жұртшылыққа тәуір тауар талдағанға сәйкес өнім түрлерін ұсыну айтарлықтай оңай шаруа емес.

Кәсіпкерліктегі бәсекенің қазіргі механизімінің негізгі артықшылығы-тиімділікке ерекше көңіл бөлу. Осыған байланысты бәсеке қағидалары кәсіпкерліктің барлық формаларының бастамасы ретінде нарықтық инфроқұрылымнан жан-жаққа таралады. Тағы бір ерекшелігі -өзінің бәсекелік артықшылықтарын күшейту жолында шағын, орта және ірі бизнестің біріктірілуі, бәсеке жағдайында шағын және орта бизнес түрлері үшін біріктіруді “тең” ұстауда ірі бизнес белгілері күшейеді. Шағын бизнес жүйесі үшін микроэкономикалық иемдену басты шарт болып қалады, бірақ соған қарамастан лизинг, франчайзинг сияқты формаларында сыртқы сипаттамалардың өскендігін байқаймыз. Олар: инвестициялаудың қосымша көздерін іздеуге ұмтылыс, дамудың инновациялық бағыттылығы. Бұған өзара байланысты элементтердің аралық мүдделері де қосылады.

Қазіргі кәсіпорында бәсекелік мүмкіндікті зерттеу үшін кәсіпорын субъектілерінің экономикалық тиімділігі белсенділікке ие болып отыр. Бухгалтерлік пайда мөлшерімен анықталатын кәсіпорын қызметінің табыстылығы жетілмеген бәсекенің -табыстың жоғарлатудың объективті негіздеріне қарама-қайшы келеді. Берілген қайшылық, екі процестің өзара қызметі еркін көрінетін ғылыми техникалық прогрестің дамуының эволюциялық сипаты болып табылатын екі процесс: техника және ғылымның дамуымен шығарылатын жаңа қолдану ынталылығы немесе алдыңғы қатарлы тапқырлықтарды қолданудың және және акцент жасаған “сұранысты болдыру” құралатын ынталардың алғашқы себебін көрген “технологиялық секіріс” болып табылады. Басқаша айтқанда, “ұсыныс жаңа ашулары” мен “сұраныс жаңа ашуларының” қарама-қайшылығы кәсіпорын табатын қалыпты пайданың экономикалық формасында көрініс алады. Осыған байланысты А. А Дынкин еңбегінде ұсынылған жаңа ашылуларға қабілеттілік сияқты экономикалық параметрлері бар кәсіпорынды субъектінің бәсекелестік артышылықтарын бағалауға мүмкіндік беретін “технологиялық траектория” тұжырымдамасы нәтижелі болып көрінеді.

Техникалық деңгейді жоғарлату және осы ресурстарға жұмсалатын негізгі күштер арасындағы байланысты экономикалық теорияда “Гомерц қисығы” сияқты белгілі теория “технологиялық траектория” тұжырымдамасын негіздейді. Шығындар мен технологиялық тиімділік арасындағы тікелей пропоционалды байланыс белгілі бір траекторияның жеткілікті шектеулі аймағында немесе техника мен технологиялық өндірісте эволюциялық өзгерістерде орын алады.

Динамикалық бәсекелестік жағдайында технологиялық траектория мен бәсекелестердің өз позициясын салыстыру кәсіпорын үшін стратегия құру әдісіне немесе бәсекелестік күресті болжау құралына айналады. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарына технологиялық тиімділігінің төмендеуі-экономикалық потенциалының өсу шапшандығының жоғарлығымен сәйкес келеді. Әрбір нақты технологияның табиғи шегі және және жаңа ашылулардың “жетілу” деңгейіне байланысты осы шектеуге біркелкі жақындау жылдамдығы болатындықтан кәсіпорын берілген технологиялық траекториядан шығып, басқа жаңа технологиялық траектория жолымен жүруіне болады. Осылайша, ерте кезден жаңа технологияға өту, қазіргі қызмет етіп тұрған және пайда алып отырған технологиямен салыстырғанда сөзсіз шығынды. Сондықтан, оның орнын толтыруға және экономикалық пайда табуға бағытталған қазіргі кезеңгі кәсіпорында ғылыми техникалық прогресс артықшылықтарын қолданудың қарама-қайшылығының мәні осында.

Бәсекенің сыртқы кәсіпорындық факторы- жаңа ашылуларға қабілеттілік, жаңа технологияларды ерте кезеңдерде пайдалану және оларды қолдануда объективті шектеулерге қарсы тұрады. Сондықтан, постиндрустриалды дәуірдің кәсіпорын тұлғасына бәсекенің экономикалық көрсеткішттері болып, ең алдымен, қалыпты пайда алуға көмектесетін жалпы орташа шығындар мен бағаны өлшеп салыстыру тән болды. Берілген қайшылықтар қаржылық инвестициялар орталығы болып табылатын фирманың ішкі бөлімшлеріне де және сәйкесінше, жаңа ашылуларды дайындау, өндеу және қолдануға да бағытталады. Жаңа технологиялардың ішкі бөлімшлерінде уақытында және көп түрлілік пайдалануына орай кәсіпорын табысты төмендетуден сақтауға мүмкіндік беретін белгілі бір тепе-теңдікке жетеді. Ішкі фирмалық құрылым жеке технологиялық және экономикалық тиімділктерді салыстыра отырып, оларға өздерінің жеке қызметін жүзеге асыратын салыстырмалы өндірістік автономдыққа иелігі қосымша мүмкіндік болып саналады.

Инновациялық механизм процесін өндеу адамның творчесволық потенциалын енгізудің әр түрлі әдістерін, ғылыми-техникалық прогресс саласында қызмет ететін адамдар ұжымдарының әдістері мен қағидаларын қарастырады.

Зерттеушілер мен өндеуші новаторлардың нақты нәтиже шығаруы -ірі кәсіпорындардың әкімшілік бақылаудан босап, өздерінің ұйымдық құрылымының ішінен тәуелсіз зерттеу бөлімшелері құрылуына себеп болады. Мұндай бөлімшелер көбінесе еншілес компания мәртебесіне ие, оларды өндеу-болашағы бар инициаторлы-мамандармен, ғылыми-техникалық ойлар авторларымен басқарылады. Жеке таңдаулары бойынша зерттеушілер ұжымын тексере отырып, зерттеу бағытын жұмысты ұйымдастыруда, қаржы ресурстарын жұмсауда толық жекеменшікке, яғни тәуелсіздікке ие болады. Осылайша, кәсіпорын ішкі венчурды ұйымдастыру кезінде новаторлық идеяның коммерциялық табысына сене отырып, тәуекелге барады.

Кәсіпкерліктің тәуекелді формасы табысты өндеу мен пайда алынған жағдайда өндеушінің пайдадан үлес алуын ескереді. Ізденушілердін шығармашылығы мен тәуекелі едәуір ақшалай сый алуына көмектеседі. Кәсіпкерліктің берілген формасы шаруашылық тәсілі ретінде жеке кәсіпкерлікке өте үлкен әсер етеді, нарықтық тұлғалардың өзара қызметінің бәсекелестік механизміне қолдау жасайды. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік шешімдерді орталықтан қабылдау жүйесі де артта қалуда. Жаңа өнімдердің көбейту мен олардың жаңартылу жылдамдылығының артуы, сонымен қатар нарықтық жағдайдың өзгерісіне деген жылдамдықтың қажеттілігі өндірісті басқару әдіс-тәсілдері мен әдісін өзгертеді. Американдық экономист Питер Друкер венчурлық бизнестің дамуымен кең қолданылуын -экономикалық тарихтағы сынық нүктесі, экономика өсу фазасына енуінің куәсі ретінде бағалаған. Осылайша, кәсіпорын жаңа ашылулар дамуының қаржылық қызметін атқара отырып, фирма ішінде ғана емес, сонымен қатар сыртында да бәсекелестік ортаның құрылуына септігін тигізеді. Жеке бизнестің кәсіпорын формасын да инновацияларды қаржылық қолдаудың негізгі ауыртпалығын өзіне жүктейді. Америка Құрама Штатында мысалы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарға арналған құралдардың 95%-ы жеке фирмалар мен ұйымдар арасында бөлінеді. Бірақ, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру таза трансферттік бағытқа ие болмайды. Бәсекелік инновациялық процестің тек қана түрлі экономикалық микросубъектілері арасында ғана болмайтын енушілік қызметтің “таратушылық” мотиві де болып табылады.

Бәсекенің күшті нарықтық реттеуші механизмі ретінде пайда болуы макродеңгей ғана емес, микродеңгейдеде өте қажетті және маңызды деп айттық. Бәсекелестік күрестің мәнін кәсіпорынның ішкі ұйымдастырылуының іргелі негізі ретінде тәжірбие жүзінде жоғары тиімділігін көрсеткен “Дженерал Моторос” компаниясы алғашқы рет қолданып, бағаланған. Й. Шумпетер бәсекені “жоюшы процесс” ретінде сипаттап, ол үздіксіз “экономикалық құрылымды ішінен төңкеріс жасайтынына” мән берген. Бәсекелес жүйе бөлімшелері ретінде фирманың нарықтық архитектоникасын құру қажеттілігі бүгінгі күні Ресей экономикасы үшін макро, - және микронарықтық процестермен шартталған. Микродеңгейдегі нарықтық принциптер белсенділігінің деңгейі тұтастай нарықтың тиімді қызмет етуінің “айқын” көрінісі болуы қажет. Ішкі бәсекелестікті ұйымдастыру -кәсіпкерлік рухының үздіксіз белсенділігіне, қабілеттілігіне қарайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті тұтастай алғанда бәсекелік оның тиімді қызмет етуін ынталандыруға алып келеді.

Шағын кәсіпкерліктің шаруашылык жүргізуші субъектілері нарыкта өнімнің тұтынушысы және өткізу нарықтары үшін бір-бірімен үнемі бәсекелеседі, осы күресте орташа салалықтан төмен өндіріс шығындарына ие субъектілер жеңеді. Кәсіпорынның өндіріс шығындары саладағы орташа өндіріс шығындарынан жоғары болған жағдайда, олар құлдырайды. Белгілі уақыттың өтуімен кейбір кәсіпорындар, өндіргіш күштерді шоғырландыру нәтижесінде іріленеді, ал басқалары шығынға ұшырады.

Ұсақ кәсіпорындардың ірілену процесі 19- ғасырдын екінші жартысында ірі нарықтық құрылымдардың пайда болуына әкелді - картель, концерн, трест, корпорация. Аз уақыт ішінде олар ұсақ өндірушілерді белсенді ығыстырып, өнеркәсіп салаларының біразында басты позицияларды иемденді және кез келген мемлекеттің экономикасындағы олардың рөлі өзінің мәнін барған сайын көптеп жоғалтты. Ірі өндірістің артықшылығы сол уақыттың ғылыми-техникалық прогресінің жетістіктеріне негізделген:

- кәсіпорынның үлкен ауданын талап ететін, техниканың ауқымдылығы;

-шағын кәсіпорындардың игеруіне мүмкіндік бермейтін, техиика бағаларының жоғары болуы;

-кымбат жабдық тек жаппай өндіріс кезінде ғана өтелді, ал көлемге
байланысты алынған үнем бұйым данасының бағасын төмендетугемүмкіндік берді, ол сондай-ак ұсақ кәсіпорындарды бәсекеге қабілетсізқылды;

- неғұрлым білікті жұмысшылар мен инженерлерді шоғырландыру;

- ғасыр басында ірі кәсіпорындар барлық жаңалықтар мен озат идеялардың
таратушысы болды, ал бұл үлкен қаржы шығындарын талап етті, бірақ
көбірек пайданы да әкелді.

Ірі бизнестің алдыңғы қатарда болуына сондай-ақ нарыктық факторлар себепкер болды:

- бұйымдардың салыстырмалы шағын номенклатурасы;

- тауардың өмірлік кезеңінің ұзақтығы;

  • ірі фирамалар маркасындағы тауарлардың шектелген номенклатурасына тұрақты сұраныста көрініс тапқан, сатып алушылардың психологиясы себеп болған.

Жоғарыда айтылған артықшылықтардың нәтижесінде шағын кәсіпкерлік өзінің дербестігін жоғалтты және ірі фирмалардың бір бөлігі болып қалды. Қалыптасқан жағдай көптеген батыс елдердің Үкіметін қанағаттандырмады және бәсекелестік ортаны сақтап қалу үшін 20 ғасырдың 20-шы жылдарында, ірі бизнестің ұсақ бизнеске көрсететін әсерін шектейтін, «антитрестік заңдар» қабылданды. Энергетикалық, шикізат және басқа да дағдарыстармен қоса жүрген, 70-ші жылдардағы дүние жүзілік дағдарыс шағын кәсіпкерліктің жағдайын түбегейлі өзгертті, нарық өзгерістеріне тез бейімделетін шағын кәсіпорындар дағдарысты аз шығындармен бастан кешірді. Шағын кәсіпкерліктің сәтті дамуының негізгі алғышарттары келесілер:

- басымдық сандық көрсеткіштерден сапалык көрсеткіштерге ауысты, яғни кәсіпорын көлемінің мәнділігі өнімге, қызметке, жаналықтарға жол береді. Осы жағдайларда индустрия қалыптары ұсақ фирмалардың икемділігімен, олардың нарықтағы болатын кез келген өзгерістерді тез сезінуімен, тұтынушылық сұраныстың азғантай өзгерістерін тез сезіну мүмкіндігімен, тұтынушылардың қайтадан пайда болатын қажеттіліктерін қанағаттандыруымен салыстырғанда ұтылыста болады;

- ғылыми-техникалык прогрестің жаңа сатысы, шағын кәсіпкерліктің
көлеміне сәйкес келетін техниканы ұсынды;

- тұтынушылар психологиясының өзгеруі. Олар стандарттан бас тартты, бірдей киімді кигісі келмейді, бірдей жиһазды, көлікті және т. б. сатып алғысы келмейді. Сұраныстың дифференциациялануы мен
тұтынушылардың жекешеленуі жүзеге асырылды

Шағын кәсіпорындар дами бастады, экономикадағы позицияларды жеңіп алуда, ірі бизнестің тең құқылы серіктері болды. Сонымен қоса, барлық елдер мемлекеттері шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдау мен ынталандыруда.

Көптеген елдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдау, белгілі Министрліктердің құрамына кіретін, арнайы Департаменттермен байланыстырылады. Сөйтіп, Германия және Голландияның экономика Министрлігінде шағын және орта бизнестің арнайы бөлімдері бар, Францияда - ұқсас бөлім өнеркәсіп Министрлігінде. Канада да шағын кәсіпкерлікті дамыту саясатын өнеркәсіп, ғылым және технология Министрлігінің Департаменті, Италияда - өнеркәсіп, коммерция, сауда және кәсіптер Министрлігінің жанындағы бөлім жүзеге асырады. Жапонияда 1948 жылы арнайы заңмен сыртқы сауда және өнеркәсіп Министрлігінің жанында шағын және орта кәсіпкерлік жөніндегі Басқарма құрылды, содан кейін келесі жылдары шағын және орта бизнестің қызмет етуі бойынша Ұлттык және Мемлекеттік кәсіпорындар құрылды.

Орталықтандырылған федералдық органдармен қатар шағын кәсіпкерлік субъектілер қызметін реттеумен басқада мемлекетгік және мемлекеттік-қоғамдык ұйымдар айналысады.

Мысалы, Францияда шағын кәсіпкерлікті реттеу саясатын бірнеше ұйымдар жүзеге асырады: шағын және орта кәсіпкерлік Конфедерациясы, Сауда және Өнеркәсіптік палаталар, қызметін жаңадан бастаған және дамушы кәсіпкерлердің ұлттық агенттігі, техникалық зерттеулердің Ұлттык агенттігі, қаржы институттары және тағы басқалары. Ұйымдардың әр қайсысы шағын кәсіпорындардың дамуы бойынша өзінің сәйкес функцияларын атқарады, және де олардың арасында белгілі дәрежеде бәсекелестік орын алады.

Германияда - осындай функцияларды кәсіптердің Ұлттық Палатасы және Сауда палатасы атқарады. Италияда шағын кәсіпкерлікке қатысты саясаты жүзеге асырудың мемлекеттік органдарымен қатар тәуелсіз қоғамдык ұйымдардың жүйесі әрекет етеді. Оларға сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және кәсіптер бойынша тәуелсіз қоғамдық палаталар жатады, олар өз кезегінде шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету, оқыту бойынша Ассоциациялар құрамына кіреді; кәсіби-іскерлік оқыту мен шағын кәсіпкерліктің дамуына көмек көрсету Институттары мен кәсіпкерліктің бірқатар мектептері жатады. Қоғамдық ұйымдардың негізгі функциясы оқыту және кеңес беру бойынша шағын және орташа кәсіпорындар үшін ақпаратты беру, әр түрлі арнайы қызметтерді көрсету болып табылады және орташа кәсіпорының шетелдік ыктымақтастығын Үйлестіру орталығы, шағын және орташа кәсіпорындардың дамуын ынталандыру жөніндегі Бүкіл қытайлық жұмысшы жетекші тобы, банк және басқада ұйымдар .

Біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлікті реттеудің ең тиімді ұйымдастырушылық жүйесі Америка Құрама Штаты. Мұнда ресми орган - шағын бизнес істері жөніндегі Әкімшілікпен қатар көпсатылы кұрылым бар, оның ұйымдары арасында шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша функциялар нақты бөлінген. Шағын кәсіпкерлікті реттеу мәселелері бойынша заң шығару функцияларымен Конгрестің екі комитеті айналысады, қабылданған заңдарды іске асыруға Президент және федералдық ведомствалар жауапты, кұқыктық функциялар федералдық және жергілікті соттарға, штаттар әкімшілігіне, өкіметтің жергілікті органдарына жүктелген. Сонымен қатар, бұл елде арнайы кәсіпкерлік мүдделерін қорғайтын тағы бір арнайы орган қызмет етеді - бұл шағын кәсіпкерлік істері жөніндегі басқарма. Баскарма жыл сайын Конгрес алдында елдегі шағын кәсіпкерліктің жағдайы туралы есеп береді және оны әрі қарай дамыту жөнінен шаралар ұсынады.

Сөйтіп, экономикасы дамыған елдердегі шағын кәсіпкерлікті басқарудың органдарының тармақталған жүйесі экономиканың осы сферасын ынталандыруға бөлінетін, мемлекеттік ресурстардың өтуінің альтернативтік арналарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл әрекет ететін заңнамасы. Кейбір елдердегі істегі нормативті-кұқықтық актілерді нақтылай карастыру қиынға түседі. Сондықтан бізбен нарықтық экономикаға өткен жеке елдердің заң шығару базасының ортақ белгілері бөлініп көрсетіледі:

- шағын кәсіпкерлік және оны мемлекеттік қолдау туралы арнайы заңның болуы. Америка Құрама Штаты кабылданған «Шағын бизнес туралы» заң, Жапонияда қабылданған «Шағын және орта кәсіпорындар туралы негізгі заң», Германияда қабылданған «Жазалаушы кұқық», «Ресей Федерациясында шағын кәсіпкерлікті мемлекеттк қолдау туралы» заң және тағы басқадай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
Ұсақ бизнес
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
Кәсіпорындағы кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу
Кәсіпкерлік кызметтің түрлері,классификациясы, мемлекеттік реттелуі Қазақстан Республикасында құрылуы
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz