Қылмыс және жауапкершілік



Қазақ КСР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары елімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология түрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика қағидаттарына негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын кажет етті. Осыған орай Президент Н.Назарбаев мемлекетіміздің өмір талабына сай келетін жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам, қоғам, мемлекет мүддесінің қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар аударылуын айрықша белгілеп берді. Жалпы, қылмыстық заңның қажеттілігі неге байланысты болады деген сұраққа жауап беру үшін алдымен қылмыстық құқық түсінігіне анықтама беруіміз қажет. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам (субъекті) мен мемлекет арасында пайда болады. Мұндай кұқықтық қатынасқа катысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық қүқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады. Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Үшіншіден, қылмыстық кұқық қылмыстық құқықтың

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыс және жауапкершілік.
Қазақ КСР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары
елімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай
келмегендіктен, 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды
күшіне енді.1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология түрғысында,
әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика
қағидаттарына негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан
арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның
болуын кажет етті. Осыған орай Президент Н.Назарбаев мемлекетіміздің өмір
талабына сай келетін жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам,
қоғам, мемлекет мүддесінің қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар
аударылуын айрықша белгілеп берді. Жалпы, қылмыстық заңның қажеттілігі неге
байланысты болады деген сұраққа жауап беру үшін алдымен қылмыстық құқық
түсінігіне анықтама беруіміз қажет. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы
ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті
қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды
реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі,
қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы. Ол
қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам (субъекті) мен мемлекет
арасында пайда болады. Мұндай кұқықтық қатынасқа катысушылардың
әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс
істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса,
екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген
адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық
қүқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына
байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық
жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған
іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Үшіншіден,
қылмыстық кұқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық
жолмен қиянат жасалғанда олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын
ретке келтіреді. Жаңа Қылмыстық кодексте қоғамның саяси, экономикалық және
әлеуметтік өмірінде орын алған сапалық өзгерістер ескерілген. Яғни
азаматтардың жеке басы, олардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды
мүдделерін қорғау бірінші кезекке қойылған. Қылмыстық-кұқықтық қорғау
объектісінің қатарына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік және қоршаған ортаны
қорғау, республиканың конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын,
қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғауды
қамтамасыз ету міндеттері енгізілген. 1997 жылғы Қылмыстық кодексте бұрынғы
кодекске карағанда ізгілік принципі басшылыққа алына отырып, қоғамға онша
қауіпті емес іс-әрекеттер жасағандарға оларды қоғамнан оқшауламайтын жаза
түрлерін қолдануға кең жол ашылған.
Қылмыстық заңнын басты міндеттерінің бірі — қылмыстан сақтандыру болып
табылады. Қылмыстық құқық жалпы және арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге
асырады. Жалпы сақтандыру қылмыстық заң арқылы кез-келген қылмысты істеуге
тыйым салу, нақты қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағайындауды
белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сақтандыру қылмыстық заң, тыйым
салған әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық-құқықтық
нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану ретімен іске
асырылады.
Қылмыстық құқыққа, сондай-ақ тәрбиелік функция да тән. Қажетті қылмыстық
заңдардың болуы, оның іс жүзінде әділ қолданылуы, азаматтардың, олардың
құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, қылмыс істеген адамның лайықты
қылмыстық жауаптылыққа тартылуы азаматтарды заңды құрметтеуге тәрбиелейді
және олардың заңға деген сенімін арттырады. Қылмыстық-құқықтық қағидаттар —
заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау және қолдану органдары мен
азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және
міндетті ережелердің көрінісі болып табылады.
Заңдылық қағидасы Парламент қабылдаған қылмыстық заңның құқық қолдану
тәжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында да, сөз жоқ, үстемдік
ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардың
жиынтығынан құралады. Оның біріншісі — Қылмыстық кодекстің халықаралық
қылмыстық құқықтың жұрт таныған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа алуы.
Қазақстан халықаралық құқық нормаларын қастерлейді және халықаралық
шарттар республикада бекітілген уақыттан бастап басшылыққа алынады.
Заңдылық кағиданың екінші бір талабы — қылмыстық заңның конституциялық
заңға негізделуі болып табылады. Конституцияда көрсетілген негізгі
ережелерді қылмыстық заң сөзсіз басшылыққа алуы тиіс. Қылмыстық кодекстің
көптеген баптары осы конституциялық заңдарға негізделіп кабылданған.
Заңдылық қағиданың тағы бір талабы “арнайы заңда көрсетілмейінше қылмыс та,
жаза да жоқ” ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Қылмыстық жауапкершілік
Тәртіптік жауапкершілік және материалдық жауапкершілік
Заң алдындағы жауаптылықтан босату негіздері
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне жататындар
Құқық бұзушылықтың обьектісі
Құқық бұзушылық істеген адамның тікелей әрекетінен зиянды зардаптың болуы
Қылмыстық жауапкершілік және оның құрамы
Қылмыс ұғымы және оның белгіері. қылмыстық жауапкершілік және оның құрамы туралы ақпарат
Қылмыс ұғымы туралы
Пәндер