Мектеп музейлерін ұйымдастыру


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Мектеп музейлерін ұйымдастыру тәжірибелері

1. 1. Мектеп музейлерін ұйымдастырудың алғашқы кезеңі . . . 7

1. 2. Мектеп музейлерінің профилі . . . 13

1. 3. Музейлердегі қор және экспозициялық жұмыстар . . . 18

ІІ. Алматы қаласындағы қазақ мектептерінің музейлері

2. 1. № 138 гуманитарлық өнер гимназиясындағы Мүсілім Базарбаевқа арналған мемориалды музей . . . 25

2. 2. № 128 қазақ орта мектебіндегі М. О. Әуезов атындағы мемориалды музейі . . . 31

2. 3. О. Жандосов атындағы халықаралық лингвистикалық гимназиясындағы этнографиялық музей . . . 35

2. 4. № 136 М. Дулатов атындағы жалпы орта білім беретін мектептегі тарихи - этнографиялық музейі . . . 37

Қорытынды . . . 40

Қосымшалар . . . 43

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 54

.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі : Жаңа заман талабына сай маманды қалыптастыру, тәрбиелеу егеменді еліміздің алдына қойған мақсаты ғана емес, басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл басты міндет - біздің қоғамның идеологиялық, тәрбиелік, оқу - ағарту жұмыстарының негізгі бағыты.

Бүгінгі күнде мектеп партасына отырғандар, ертеңгі күні бүкіл республикамыздың әлеуметтік - экономикалық, мәдени, саяси мєселелерін, міндеттерін шешеді, сондықтан, олар мектеп табалдырығынан бастап жан - жақты профессионалдық дайындықтан өтуі тиіс. Осы орайда, оқушылардың азаматтығын, патриоттық сезімдерін, жоғарғы моральдық талаптары мен эстетикалық талғамдарын, ғылыми көзқарастарын қалыптастыруда мектеп пен музейдің өзара байланысы үлкен роль атқарады.

Музей мен мектептің байланысының мәні қандай?

Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен жалпы музей қызметін талдап өтейік.

Музей - жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен роль атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет - ғұрып, салт - дәстүрдің ерекшеліктерін оқып - үйренуге оның көмегі зор. Ол адамның бойындағы патриоттық сезімін оятып, Отанды сүюге тәрбиелейді.

Музей - табиғат пен адам қолымен жасалған өнер туындылырын және көне заман ескерткіштерін, үлгі - нұсқаларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы және бұл мұраларды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім - тәрбие беретін ғылыми - мәдени және рухани мекеме. Сондықтан да бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасынан музейі жоқ елді кездестіру мүмкін емес.

Мектеп пен музей бір - бірін толықтыра отырып, жас тұлғаны қалыптастыруда үлкен жетіктістерге жетеді. Музейдің оқушылармен бірігіп жүргізетін жұмыстарының маңызы өте зор. Мұндай жұмыстар оқушының көзқарасын кеңейтіп, жас адамның азаматтық ой - өрісін дамытып, оқушыға ғылыми зерттеу жұмыстарын игеруді үйретеді. Өйткені, музейде жүргізілетін жұмыстардың түрі сан алуан болып келеді. Олар:

- музейді ұйымдастыру үшін экспонат жинау;

- басқа музейлермен және мемлекеттік мекемелермен байланыс орнату;

- тарихи - мәдени жерлерге экспедицияларға бару, археологиялық қазбалар жүргізу, табылған ескерткіштерге ұқыптылықпен қарауды үйрету;

- жеке бір құбылысты бақылау, сол арқылы шыдамдыққа үйрену;

- әртүрлі жазбалар, күнделіктер жүргізу, коллекциялар жинау;

- экспозиция және көрме жасауға қатысу;

- конференциялар, кештер, кездесулер, жарыстар, ашық сабақтар ұйымдастыру;

- халық арасында ауызша мәлімет жинау. Бұл оқушыларды әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерімен дұрыс қарым - қатынас орнатуға тәрбиелейді;

- музей қорындағы заттарды сақтау, қорғау оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді.

Мектеп музейлері Қазақстанның музей жүйесін толықтыра түседі.

Қазіргі күнде Алматы қаласындағы мектептердің екіден бірінде музей ұйымдастырылуда. Әрине, ол музейлердің бәрін бір зерттеу жұмысында талдап өту мүмкін емес. Берілген зерттеу жұмысында Алматы қаласындағы келесі мектеп музейлері талданды: № 138 гуманитарлық өнер гимназиясындағы Мусілім Базаобаевқа арналған мемориалды музей, № 128 қазақ орта мектебіндегі М. О. Әуезов мемориалды музейі, О. Жандосов атындағы халықаралық лингистиклық гимназиясындағы этнографиялық музей, М. Дулатов атындағы № 136 жалпы орта білім беретін мектептегі тарихи - этнографиялық музей.

Мектеп музейі мектепке ұйымдастырылатын көрмелер мен бұрыштардан түпнұсқа ескерткіштердің болуымен ерекшеленеді.

Мектеп муейіндегі экспонаттарды сақтау, қорғау, экспозицияны жасау жалпы музей ісі талаптарына сай болуы керек. Бірақ басқа музейлерден айырмашылығы, мектеп музейлерінің қызметі мектептің оқу - тәрбиелеу жоспарына тікелей қатысты. Мектеп музейлерінің жұмысы мектеп өмірмен тікелей байланысты.

Музейлердің алдына қойған мақсаты, олардың жүргізетін іс - шаралары, ғылыми - ағарту, тәрбиелік бағытының дұрыс айқындалуы маңызды мәселе болып табылады. Музей беретін мәліметтің шынайылығы оқушылар алған білімін бекіте түседі. Ал мұндай мәлімет, әсірісе, жас адам үшін өте бағалы. Музей жастардың саяси, кәсіби тәрбиесінің, көркемдік және эстетикалық талғамдарының дамуына, өз бетімен жұмыс жасау қабілетінің шыңдалуына әсер етеді.

Тақырыптың зеррттелу деңгейі: Бұл тақырыпқа байланысты арнайы зерттеулер жоқтық қасы. Бұл республикамызда әлі де музейтану жұмысы толығымен қолға алынбағанын көрсетеді.

Жұмысты жазу барысында қолданылған әдебиеттердің басым көпшілігі Кеңес дәуірі кезінде жазылған. Осы әдебиеттер ішінен М. Г. Заированың еңбегін ерекше атап өтуге болады [2] . Бұл еңбек 1982 жылы, Алматы қаласында, “Мектеп” баспасынан шыққан. Онда мектеп музейлерінің әлеуметтік - педагогикалық жұмыстарының маңызы, тәрбиелеу жұмыстарарының спецификасы, мектеп музейлерін құру жолдары Алматы қаласындағы мектеп музейлері негізінде талданған. Бірақ еңбек кеңестік сарында жазылған.

Аталған еңбектен басқа аса маңызды еңбектердің бірі Г. Ю. Элькин және З. А. Огризконың «Школьные музеи» атты мұғалімдерге арналған оқу құралы [7] . Бұл еңбекте мектеп музейлерінің профилі, ұйымдастыру жұмыстары, қор және экспозициялық жұмыстарын жүргізу, музейдегі сыныптан тыс шаралар жайлы мәліметтер берілген. Мектеп қорларына экспанаттарды жинау жолдары, оларды сақтау, қорғау жайлы кеңестер мен мәліметтер беріледі. Бұл кітап мұғалімдерге оқушылармен мектеп музейінде оқу - тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыруға көмектеседі.

Д. В. Кацюбаның «Школьный музей» және Г. Пануцаның «Школьные музеи - помощники педагогов» атты еңбектерінен алатын мәліметтер де өте құнды [1; 3] . Бұл еңбектер мектеп музейлеріндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу тәртібі және ұйымдастыру жолдары туралы мәліметтер береді.

Зерттеудің теориялық бөлімін жазу барысында арнайы музейтанулық әдебиеттер қолданылды. Олардың ішінде К. Г. Левыкин, В. Хербстың редакциялығымен шыққан «Музееведение. Музей исторического профля», Т. Ю. Юреневаның «Музееведение» атты оқу құралындарын ерекше атап өткен жөн [13; 11] . Оларда музейтану ғылымының теориялық негіздері толығымен баяндалады.

Михайловскаяның «Музейная экспозиция» атты еңбегінде экспозицияны құруға қойылатын талаптар жазылған.

Мемориалды музейлерді құруға қойылатын талаптар С. П. Каспаринскаяның «Создание мемориальных музеев», Ю. Ф. Кононов, М. В. Хевралиналардың «Мемориальные музеи, посвященные деятелям науки и культуры СССР» атты еңбектерінде талданған [15; 16] . Бұл екі шығармадан мемориалды музейлерді құруға, олардың бағаттарын анықтауға байланысты мәліметтер алынды.

Өкінішке орай, бұл еңбектер кеңестік дәуірде жазылып, Қазақстан музейлері мен мектеп музейлеріне қатысты мәлімет мүлдем жоқ деуге болады.

Жалпы музей ісінің теориясы жайлы қазақ тілінде әдебиет өте аз. Бұл мәселеге байланысты К. Раимханова мен Д. Қатранның «Музей ісінің теориясы мен практикасы» атты еңбегінің құндылығы өте зор [10] . Онда музей құралымы, музей қорларын сақтау, музейдегі ғылыми - ағарту жұмыстары кең көлемде жазылған.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Осы зерттеу жұмысында бұл музейлер музейтану тұрғысынан қойылған талаптарға толық жауап бере алады ма, жоқ па, олар қазіргі күнгі Қазақстанның музей жүйесіне сай ма, сай емес пе деген мәселер талданды.

Зерттеу жұмысын жазу барысында алдыға қойған мақсат:

- Алматы қаласындағы мектеп музейлерінің ұйымдастырылу

дәрежесін анықтау;

- музейлерді ұйымдастыруда жіберілген қателіктерді айқындау;

- мектеп музейлерінің басқа қоғамдық мекемелермен байланысын

талдау;

- музейлердің оқу - ағарту, білім беру, тәрбиелеу жұмыстарын

жүргізуін талдау;

- жалпы Алматы қаласындағы мектеп музейлерін құру мәселесі

бойынша проблемаларды анықтау.

Мектеп музейлерін ұйымдастыруда алда тұратын проблемаларды тиімді шешу жолдарын көрсету, осы жұмысты жазудағы басты міндет.

Тақырыптың деректік көзі : Зерттеу жұмысын жазу барысында қолданған деректер, ол музейлердегі инвентарлық кітаптар, қартатекалар, музейлердің жылдық есептері, экскурсоводтарға арналып жазылған әдістемелік мәтіндер, музей меңгерушілерінің жүргізген жазбалары және мектеп музейлерін ұйымдастырушылармен сұхбат. Олар:

- №138 гуманитарлық өнер гимназиясының музей меңгеруші -

Ислямова Мәншүк;

  • №128 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы, музей меңгерушісі - Сәлімбек қызы Зайра;

- Ораз Жандосов атындағы халықаралық тілдер гимназиясының

қазақ тілі және пәнінің оқытушысы, музейді ұйымдастырушы-

Оспанова Гулмира Алімқызы;

  • № 136 М. Дулатов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Молбай Амангүл Дәулетбайқызы.

Сонымен қатар, музейлердің экспозициялық көрінісі, қойылымы, экспозиция материалдары.

Тақырыптың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріпе, екі тарау, қорытынды, қосымшалар, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда мектеп музейлерін ұйымдастыру, олардың профилі, қор жұмысы, экспозициялық жұмысы талданады.

Екінші тарауда осы зерттеу жұмысында талданып отырған Алматы қаласының мектеп музейлерінің тарихы, олардың жұмысы жазылады. Тарау теориялық мәселелері баяндаумен басталып, берілген мектеп музейлерінде қандай дәрежеде іске асатындығы талданып, салыстыралады.

Қорытындыда берілген зерттеу жұмысының нәтижесі, қазіргі таңдағы Қазақстан мектеп музейлерінің жұмысын жақсарту мақсатындағы талап - тіліктер, ұсыныстар келтірілген.

Қосымшада жекелеген музейлердің фотосуреттері берілген.


I. МЕКТЕП МУЗЕЙЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

  1. Музейді ұйымдастырудың алғашқы кезеңі.

Мектеп музейлері оқытушының бастамасымен немесе оқушылардың үйірмесі негізінде құрылады. Оқушылар өздерінің қызығатын мәселесін зерттей келе, музейдің бағытын анықтайды. Осы маңызды кезеңде тарих пәнінің мұғалімдерінің қатысу көмегі өте үлкен. Мектеп музейін құру - ол бүкіл мектеп ұжымының қажырлы еңбегі. Әрине, мұғалім музейдің педагогикалық бағытын, білім беру-тәрбиелеу үрдістеріндегі орнын белгілеп, оқушылардың музей белсенділерін құрып, экспонаттар жинауымен қатар шешілетін үлкен мәселе ол - музей бөлмесін жабдықтау. Бұл проблеманы мектеп әкімшілігімен бірігіп шешуге болады.

Музейді құру барысында оқушылар арасында түсіндірме жиналыстар өтеді. Осы жиналыстарда болашақ музейдің бөлімдері, бөлімшелері анықталып, оларда экспозицияланатын материалдар сараланады. Осындай жұмыстар кезіндегі мұғалімнің басты рөлі - оқушыларға ақыл кеңес беріп, оларды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Осы жұмысты атқару барысында мұғалім, музейді құруға қызығатын оқушылар тобын бөліп алып, жергілікті, мүмкін болса, республикалық дәрежедегі мемлекеттік, өлкелік тарихи музейлерге экскурсияға апарып, оның қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырып, консультациялар алу керек. Бұл ұйымдастырылған кездесулер оқушылардың болашақ музей жайлы дұрыс түсінігінің қалыптасуына үлкен көмек көрсетеді. Тәжірибелі мамандар оқушыларға жалпы музейді, экспозицияны дұрыс жасау тәртібі, экспонаттарды таңдау, мектеп музейлерін ұйымдастыру жөнінен мағлұматтар береді.

Оқушылар ғылыми еңбектермен, басқа да музей жұмыстарымен танысып, теориялық білім алғаннан кейін, музейді жасауға кіріседі. Ең алдымен музей кеңесі құрылады [1, 10] . Музей кеңесі қолда бар материалдар мен мектеп мүмкіндігін ескере отырып, музей бағыты мен экспозиция мазмұнын белгілейді. Ақырғы шешімді педагогтар кеңесі қабылдайды [1, 12] . Ол шешім оқушылырға жарияланғаннан кейін, істелетін жұмысқа бағыт беріледі. Ендігі алдында тұрған үлкен міндет музейге қор материалдарын жинау. Оқушылардың талпынысы мұғалімдер тарапынан қолдау тапқан жағдайда көрсеткіш жоғары болады.

Мектеп музейінің қорларына экспонаттар жинау әдістері. Музей қорына материал жинауды әртүрлі тәсілдермен жүзеге асыруға болады [7, 20] . Оның бір жолы, барлық мектеп оқушыларына музейге ел арасындағы “бүкіл көне заттарды” әкелу жайлы ұсыныс жасау немесе тек оқушыларға емес, қаланың, ауданның т. с. с. тұрғындарына хабарландыру жасау. Мұны газеттерге ашық хат жолдау арқылы жүзеге асыруға болады [7, 21] . Жинаудың мұндай тәсілі музей қорын әлдеқайда байытады. Әрине бұл жолдың өзіндік қиындықтары да бар - музейге керексіз заттар да көп түсуі мүмкін. Сондықтан, экспонаттарды таңдағанда мұқият болып, оған эксперттік комиссия құру керек.

Келесі бір тәсіл - оқушылардың жеке коллекция жинап, оны музейге тапсыруы. Коллекция жинау өте пайдалы: ол оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырады, тиянақтылыққа үйретеді, төзімділікке тәрбиелейді. Сонымен қатар, бұл коллекциялар музейдің экспозициясына сай коллекциялар болу керек. Мектеп музейі үшін барлық коллекциялар бірдей қызығушылық тудыра бермейді. Мысалы, монеталар коллекциясы болса, ол мемориалды музей қорында сақталмайды. Өйткені, оның тақырыпқа мүлде қатысы жоқ. Сондықтан, музей активі оқушыларға қандай затты жинау жайлы бағыт-бағдар бергені дұрыс.

Мектеп музейлеріне материал экскурсиялар мен саяхаттар кезінде де жиналады. Бірақ, мұндай жолмен жиналған материалдар негізінде музей ұйымдастыру қолайсыз. Өйткені, саяхаттар мен экскурсияға бару демалыс кезінде іске асады. Сол себептен, қорлардың толуы баяу жүреді. Қорлар тез толу үшін материал жинау үздіксіз жүріп тұру керек.

Қосымша қорға келетін болсақ, ол оқушылар күшімен, мектеп қабырғаларында жиналады. Оқушылар өз қолдарымен макеттер, суреттер, сызбалар, модельдер жасайды. Кез - келген жинақтау жұмысының нәтижесі оның ұйымдастырылу деңгейіне байланысты.

Музей қорларының жылдам, әрі тез толуы үшін келесі талаптарды орындау керек [8, 9] .

Бірінші талап - музейді ұйымдастыруда мақсат пен тақырыпты нақты белгілеу. Нақты белгіленбеген жағдайда, жинақтау жұмысын жүргізу барысында көптеген керегі жоқ заттар жиналуы ықтимал.

Жинақтау жұмысының тақырыбы әртүрлі болады:

  1. археологиялық ескерткіштер;
  2. этнографиялық заттар;
  3. пайдалы қазбалар үлгілері;
  4. туған өлкенің батырлары т. б.

Екінші талап - оқушылардың жинақтау жұмысына дұрыс дайындығы. Бірінші кезекте, мұғалім оқушылармен алдыдағы жұмыс туралы лекциялар, әңгімелер, консультациялар өткізіп, өзіндік жұмыс жасау үшін әдебиеттер береді. Мысалы, ботаникалық бөлімге материал жинау үшін оқушылар өсімдіктердің түрі, қасиеті жайлы мәлімет алуы керек. Жергілікті музейлермен байланыс орнатып, оның қызметкерлерімен ақылдасу дұрыс болады.

Келесі кезең материалдарды жинау жұмысының жоспарын жасау [7, 29] . Осы жоспардың жобалаған түрі мынадай болады:

Материалдарды жинау мерзімі
Қайда жүргізіледі
Кім жинайды
Қандай материал жинау керек

Мысалы, материал тарихи бағыттағы музей үшін жиналса, онда “қандай материал жинау керек” деген бағананы былай толтыруға болады:

  1. Заттай ескерткіштер - еңбек құралдары, үй тұрмысына қажетті ыдыс-аяқ, әшекейлер, монеталар, медальдар;
  2. Жазба ескерткіштер - жазба және баспа кітаптар, газеттер, журналдар, ноталар, әртүрлі құжаттар, хаттар, протоколдар, мақтау қағаздары;
  3. Картографиялық материалдар - карталар, схемалар, жоспарлар, сызбалар;
  4. Көркем өнер ескерткіштері -картиналар, суреттер, мүсіндер;
  5. Фото- және кинодокументтер - фотосуреттер, кинопленкалар, негативтер, пленкалар.

Жоспар құрылғаннан кейін, экспедицияға керекті заттар жиналады: палатка, киім - кешек, дәрі - дәрмек, құрал - жабдықтар, күрек т. б., жазба кітапша, қарандаш, лупа, шпагат, өлшеуіш құралдар.

Жеке адамға байланысты музей құрған кезде оның өмірімен байланысты бүкіл заттарды жинау керек. Осы мемориалды құндылығы бар заттар оның қызметі, өмір жолы, шығармашылығы жайлы толық дерек береді.

Мектеп тарихы жайлы өте көп материал жинауға болады: мұғалімдер, оқушылар жайлы, сыныптағы және сыныптан тыс жұмыс барысы, мектептің мәдени, қоғамдық өмірі. Сондықтан, материал жинаудан бұрын мектеп музейінің экспозициясы қандай негізгі кезеңдерді қамтитынын анықтау керек [5, 16] .

Экспозицияны мынандай бөлімдерге бөлуге болады:

Бірінші бөлім - “Мектептің құрылуы”.

  1. Мектептің фотосуреттері (жаңадан салынған кездегі және қазіргі көрінісі) .
  2. Мектепте сабақ берген алғашқы ұстаздар ұйымы, оқушылар, алғашқы түлектер.
  3. Мектептің ашылуы туралы деректер, фото материалдар.
  4. Мектептің ғимаратын салған адамдар.
  5. Мектеп қызметін суреттейтін фотосуреттер т. б.

Экспозицияның екінші бөлімі - “Мектеп тарихы”.

Бұл бөлімде мектеп жұмысының жан-жақтылығын көрсететін материал жинаған дұрыс.

  1. Сабақ барысы - мұғалімдер, оқушылардың фотосуреттері, оқулықтар, күнделіктер, сынып журналдары, дәптерлер, оқу құралдары т. б.
  2. Сыныптан тыс жұмыс - үйірмелер, саяхаттар мен экскурсиялар кезіндегі фотосуреттер, оқушылардың жинаған материалдары, өздері жасаған макеттер, үлгілер т. б.
  3. Мектептің қоғамдық жұмысқа араласуы - қоғам, мәдениет қайраткерлерімен, жазушы, ақын, соғыс ардагерлері, өнер адамдарымен ұйымдастырылған кездесулер, кештерде түсірілген фотосуреттер, кей жағдайда, олардың музейге тапсырған сыйлықтары, олардың еңбектері. Олармен кездесу кезінде түсірілген видеопленка өте қызықты экспонат болып шығады.

Үшінші бөлім- “Мектеп жетістіктері”.

Мұнда оқушылардың түрлі жарыстарға қатысқанда алған мақтау қағаздары, дипломдар, алғыс хаттар, мектепті бітірген түлектердің жетістіктері, басқа қоғамдық ұйымдармен байланысы, үздік оқушылар туралы мәлімет беріледі.

Бұл тек жобалаған бөлімдер, әрине, әр мектептің өзіндік тарихы бар, соған байланысты бөлімдер де әр түрлі болады. Бір мектептерде бірнешеу кейбіреуінде аздау, ең бастысы, олар жүйесіз фотосуреттер көрмесіне айналмай, нақты кезеңдері болуы тиіс.

Жинақтау жұмысының жетістікке жетуі үшін қажет үшінші талап - оқушылардың арасындағы қатаң тәртіп [8, 25] . Ең алдымен, жиналған материалға ұқыптылықпен қарау. Әрбір зат дұрыс сақталып, мектеп музейіне бүлінбеген күйінде тапсырылуы керек:

-өсімдіктерді жинаған кезде табиғи қалпындағы, бұзылмаған түрлерін жинап, әрқайсысын ботаникалық папкалардың парақтарының арасына қою керек;

-түсірілген фотосуреттерді жеке - жеке конверттерге салып, папканың ішіне жинау керек;

-минерологиялық коллекцияның материалы болса, оны матамен немесе мақтамен орап, жәшіктің ішіне ретімен орналастыру қажет;

-құжатты ақырындап тегістеп, қатты басып, жинау керек т. с. с.

Кейде иелері заттарды тазаламай, кір басқан күйінде береді. Ондай заттарды бүлдіріп алмай, ақырындап тазалау керек. Әйнек және форфор ыдысты жылы суда жуып, металл және ағаш заттарды құрғақ шүберекпен сүртіп, киімдерді ұқыпты түрде жуу керек.

Табиғи музейге материал жинау арнайы ережелерді ұстануды талап етеді - өсімдікті қалай қазып алу керек, жәндікті қалай ұстау керек, топырақ үлгісін қалай алу керек т. б.

Саяхаттың алдында, белгіленген территория, жеке шаруашылық немесе қорық территориясы емес па анықтап алған дұрыс. Егер терртория біреудің иелігінде болса, арнайы рұқсат қағаздар алу керек.

Халық арасында жұмысты бастамас бұрын, жергілікті қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен байланыс орнату керек. Мұндай жерлерде кімге дерек жинау үшін бару дұрыс болатындығын айтады. Музейге ескерткіштерді алғаннан кейін, олар жайлы мәліметтерді толық жазып алу керек. Мәлімет жазатын журналдың жобасы мынадай болады [3, 35] .

Бірінші бағана - реттік саны. Оны жазу үлкен қиындық тудырмайды. Журналдағы номерді, кейіннен, шатастырып алмай, заттарға қою керек. Нөмір заттарға әртүрлі жолдармен қойылады. Егер тігу мүмкін болса, ол тігіледі. Тігу үшін жіп қолдану керек. Сым темірді ешқашан қолдануға болмайды - ол затты тырнауы немесе тотпен кірлетуі мүмкін.

Көптеген заттарға тіркеу санын іле алмайсың. Мысалы, табақша, мата, фотосурет, т. б. Ұсақ монеталарды жеке қағаз дорбаларға салады, нөмірді тушьпен конвертке жазады. Металдан, керамикадан, тастан, ағаштан жасалған заттарға нөмірді тушьпен немесе түрлі-түсті қарандашпен, ал қағаз заттарға қарандашпен жазады. Музейге түскеннен кейін кейбір нөмірлер өшіп қалмау үшін қайта жазу керек - металл, керамика, тастан жасалған заттарға - эмальді бояумен, ағашқа тушьпен.

Нөмірді қалай, қандай жерде жазу ережесі бар: орамал, дастарқан, беторамал, матаға - бір бұрышына; картинаның - рамкасына; жәшік, коробкаларға - ішіне; орындықтарға - отырғыштың астына; фотосуреттер, суреттерде, гравюраларда, плакат, құжаттарда - артқы сол жақ бұрышына. Егер документ қағаздың екі жағында да жазылса, онда нөмір шетке поляға жазылыды. Егер поля жоқ болса, құжатты конвертке салып, нөмірді соған жазу керек. Есте сақтайтын нәрсе, нөмір өте кішкентай шрифтпен, анық жазылуы тиіс, ол заттың өзін де, оның сыртқы көрінісін де бұзбау керек.

Екінші бағана - заттың аты. Заттың атын толық жазу керек. Кейде әр облыстың ерекшелігіне қарай кейбір заттардың аталуы бөлек болады. Мұндай жағдайда заттың жергілікті атауын, одан кейін қысқаша түсіндірме жазу керек. Заттың атауынан басқа, бұл бағанаға оның қысқаша суреттемесін жазуға болады. Оның мақсаты - берілген затты бізге түсінікті ету. Бірақ суреттеуді толық жасамай, қысқаша мәлімет беріп өткен дұрыс. Кейде бұл зат не үшін қолданылатынын да жазуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының тарихи музейлері
Экологияның басқа ғылымдармен байланысы
Оқушының өмірі мен әрекетін ұйымдастыру әдістемесі
Қазақстан музейлерінің дамуы
Мәдениет жүйесіндегі мұражай
Музей менеджменті
Мектеп музейін ұйымдастыру және оның кейбір мәселелері
Тараз қаласымен экскурсия
«Мәдени мұра» бағдарламасы
ҚАНЫШ СӘТПАЕВ ҚАЗАҚ КСР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz