Қазақстан музейлеріндегі Әбілхан Қастеев шығармашылығының көрінісі


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім жӘне ғылым министрлігі

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

тарих факультеті

археология және этнология кафедрасы

Бітіру жұмысы

тақырыбы:

«Қазақстан музейлеріндегі Әбілхан Қастеев шығармашылығының көрінісі»

«музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша

Ғылыми жетекші:

доцент

Орындаған:

Қорғауға жіберілді:

«» 2006 ж

Археология және этнология кафедрасының меңгерушісі

т. ғ. д., профессор Төлебаев Т. Ә.

Алматы, 2006

Мазмұны

Кіріспе 3-6

1-тарау. Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы

1. 1. Ә. Қастеевтің өмірі мен өнері 7-8

1. 2. Ә. Қастеев шығармашылығының негізгі тақырыбы 9-19

1. 2. Алғашқы тырнақалды туындылары 20

1. 2. Ескі және жаңа тұрмыс 21-22

1. 2. Табиғат пейзаждары 22-25

1. 2. Портрет жанры 26-29

1. 2. Жаңа құрылыс «Қазақстан жерінде» 30

2-тарау. Музейлердегі Ә. Қастеев туындылары

2. 1. Музей көрмелерінде көрінген Қастеев 31-33

2. 2. Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейіндегі

Ә. Қастеевтің мемориалдық залы 33-39

2. 2. ҚР Мемлекеттік орталық музейдегі Ә. Қастеевтің туындылары 39-42

3-тарау. Музейдегі өнер туындыларын сақтау әдістері

3. 1. Туындыларды сақтау ережелері 43-44

3. 2. Өнер туындыларын қайта қалпына келтіру 43-48

Қорытынды 49-50

Шығармашылығы мен өмірінің негізгі кезеңдері 51-54

Қосымшалар 55-62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 63-65

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Өнердің өнер иесіне берер ең керемет сыйы- суреткер өмірінің ұрпақтар жадында жалғасын табуы, ал егер ол аса дарынды, данышпан болса- мәңгілік естелікке айналуында.

Әбілхан Қастеев (1904-1973) - Қазақ сурет өнерінің тұңғышы, Қазақстан бейнелеу өнерінің құрылуы мен қалыптасуына атсалысқан табиғи тума талант иесі, Қазақстан Республикасының Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Оның кәсіби суретші болып шығуына өнерге деген үлкен құштарлығы, табандылығы мен еңбекқорлығы қатты ықпал етті.

Оның жеке басының тағдыры қазақ халқының өміріндегі түбірлі өзгерістермен терең тамырлас, суретшілігі де туған елдің өмірімен бірге өсіп, өркендеді. 1920-1930 жылдар - Қазақстан бейнелеу өнеріне ұлт суретшілерінің келуі, ұлттық дүниетанымда қазақ мәдениетінде жаңаша көркемсуреттік-пластика тілімен беруді әкелді. Біз бүгінгі күнгі жағдайларға терең толғаныспен қарай отырып өткенге де қатқыл көзқарас көрсеткенмен, қазіргі буын осы - ауыр да қуанышты және бақытты жолды бастағандарға тағызым етіп, қайта қауышып отыруға әуес.

Қазақстан тарихында Әбілхан Қастеевтің кескіндеме, су бояумен жасаған көркем туындылары Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі (400), Мемлекеттік орталық музейі, (Алматы), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұрағаты (Алматы), Қазіргі заман өнер музейі (Астана), Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейі (Петропавловск), Павлодар көркемсурет музейі, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі, Семей қаласындағы Невзоровтар әулеті атындағы Шығысы Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейі, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдениеттік және әдеби-мемориалдық музей-қорығы, Қазақстан Республикасының Мәскеу қаласындағы елшілігі, Г. Әйтиев атындағы қырғыз ұлттық бейнелеу өнер музейі және Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік шығыс халықтарының өнер музейінде қойылған. Ә. Қастеевтің шығармалары суретші әулетінің жинағында және жеке жинақтарда да сақталған.

Мәні. Тегінде Қастеевтің бүкіл шығармашылығы халық өмірінің шежіресіндей. Өмір құбылыстарын қатал сараптан өткізіп, айнымас шындық тұрғысынан тамылжыта суреттеу, Отанға деген үлкен махаббатты өз шығармаларына үнемі арқау ету, еңбек адамына деген жүрек елжіретер сүйіспеншілік - міне, бұл қасиеттер оның қай шығармасында болса да қосарланып тұрады. Осының өзінен-ақ Ә. Қастеевтің халық өмірін жақсы білетіндігі, сол халықтың көкейіндегі ойы мен мақсатын терең сезінетіндігі байқалады.

Өзінің шығармашылық қадамын су бояумен бастаған суретші бұл салады үлкен шеберлікті меңгерді. Өмірге деген өзіндік көзқарасы бар колориті шымқай суретші шығармасы қазақтың ұлттық өнерінің мақтанышына айналды. Алайда ол ұлттық тар шеңберде қалып қоймай, құлашын кең жазды. Бүкіл кеңестік алып өмірдің зор тынысын өзіне - Қастеевке ғана тән нәзік лүпілмен берді. Суретші бояуы өте айқын мөлдірлігімен көзге түсті.

Республикамыз 2004 жылдың қаңтарында қазақ бейнелеу өнерінің кәсіби мамандарының тұңғышы, сол кәсіби өнердің негізін қалаушылардың алғашқысы тума дарын Әбілхан Қастеевтің 100 жылдығын атап өтті.

Бүгін 100 жыл өткен соң, ХХ ғасырдың тек ғылым мен техникада ғана емес өнер де де үлкен жаңалықтары болғанына таңдана, тамсана қараймыз. Бұл “таңғажайыптардың” біздің далаға бірден келе қоймағаны да белгілі. Оның үстіне “келтіре қоялық” - дегендерге кедергі қойып, айла-тәсілмен отар елдің көзі ашылып, көкірегі оянуына қай заманның патшасы болса да себепші болғысы келмеді. Әсіресе кеңестік дәуір қалыптасқан өмір дәстүріне қарама-қайшы іс-әрекеттің “жемісіне” халықты әбден тойғызды. Енді тек орысша оқып, орысша сөйлеп қана мәдениетке, өркениетке жетуге болатын болды. Осындай кезеңде Ә. Қастеевке білім алу керек болды. Бірақ ол орталықтың жоғары оқу орындарынан білім ала алмады. Ол кездегі жат-жұрттық талантты адамдардың көбі өз беттерімен ізденіп білім-өнер үйренуге мәжбүр болды. Кейін келе орта дәрежелі оқу орындарына түсіп білім алу мүмкіндігі туған кезде Ә. Қастеев Мәскеудегі педагогикалық институттың жұмысшы жастарға арналған студиясынан екі жыл білім алды.

Кәсіби өнердің дамуына Әбілхан Қастеевтей маңдай терін, күш-жігерін, ақыл-парасатын талантына “көжеқатық” қылған, сөйтіп “қазақ бейнелеу өнері мектебі” - деген ұғымға ұйтқы болған, оның алтын қорына мол үлесін қосқан басқа адам жоқ. Сол үшін халқының жадында, оның тарихында “Қазақстанның Халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері” - деп жазылып, мәңгілік құрметке ие болды. Алматыда Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі бар. Сол музейде суретшінің шығармалары қойылған арнайы залда қашан көрсең үңілген, таңырқаған халықты көруге болады. Өйткені Қастеев шығармалары жанға жағымды, ойы анық, бояуы қанық, қазақ халқының “бейне-энциклопедиясы” сияқты.

Мақсаты. Менің бұл бітіру жұмысымның мақсаты Әбілхан Қастеевтің шығармашылығын көпшілікке музей арқылы көрсете білу және сонымен қатар насихаттау жұмыстарын жүргізу, әдіс-тәсілдеріне тоқталуды мақсат еттім. Сол себепті Ә. Қастеев туындыларын Қазақстан музейлерінде қаншалықты дәрежеде көрсетілуіне тоқталдым. Еліміз тәуелсіздік алып алыс-жақын шетелдермен экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынас орнатуына байланысты шетелдерге көрмелер ұйымдастыру іс-шаралары дұрыс жолға қойылған, сол себепті қазақ халқының бір туар азаматы Әбілхан Қастеев шығармаларын тек қана өзімізге ғана емес шетелдерге көрме ұйымдастыру арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін материалдық мәдениетін насихаттау маңызды деп ойлаймын. Баға жетпес туындыларды көпшілікке көрсету жұмысы музейге және музей қызметкерелеріне байланысты болып келеді. Сол себепті музей қызметкерлерінің жоғары кәсіптік мамандығын қажет етеді.

Әбілхан Қастеевтің туындыларын насихаттау үшін музейде қозғалмалы немесе тұрақты көрмелер ұйымдастыру арқылы көпшілікке жеткізу деп ойлаймын.

Зерттеулері. Суретшінің жұмыстары туралы мағлұматтар жинақтауда, алғашқы өнертанушылар Е. Вандровская, Л. Плахотная, Е. Микульская және тағы басқа өнертанушылардың зерттеулерін қайта қарап шықсақ 50 жылға жуық шығармашылық өмірінде суретшінің бояу тілімен өз халқының шежіресін жазып кеткен қылқаламның хас шебері екеніне тағы да көз жеткіземіз.

Суретші шығармашылығына қалам тартып мақалалар мен зерттеулер жазған өнертанушылар мен зерттеушілеріміздің жұмыстары жетерлік. Атап кетер болсақ Б. Барманқұлованың құрастыруымен жарық көрген «Ә. Қастеевтің альбомы». Бұл кітапта мақалалар жинағы мен естеліктер беріліп, көлемді етіп Қастеев шығармаларының жиынтығы басылған. Мұндағы мақала, естелік, эссе авторлары Ә. Қастеевтің өмір жолы, қылқаламының ұшталуы, жоғары адамгершілік қасиеттері жайында, терең сыр шертсе, ол қалдырған асыл мұра репродукциялары сізді әсемдік әлеміне жетелеп, жаңынды жадыратар жағымды әсерге, содан татар шапағат шуағына бөлейді. Альбомда Ә. Қастеевтің шәкірттерінің бірі Хакімжан Наурызбаев оның жастар үшін жанашыр аға, ұлағатты ұстаз болғанын, туған республика бейнелеу өнерінің қазынасына баға жеткісіз үлес қосқанын әңгімелейді. Суретшінің жұбайы Сақыш Қастеева өз естелігінде асыл жарының бойындағы еңбексүйгіштік, қоғамдық істерге адалдық, қайырымдылық қасиеттерін аша түседі. Ал өнер зерттеу ғылымының кандидаттары Г. Сарықұлова, И. Рыбакова дарынды суретшінің сирек кездесетін өзіндік талантына оқырмандарын тәнті ете отырып, жан тебіренісін сарқа жұмсай тындырған еңбектерінде ол елінің қарыштап даму кезеңдерінен бір сәт те көз жазбай, туған жер табиғатын, ондағы күнбе-күнгі өзгерістерді, халқының тарихи даңықты перзенттері мен тамаша еңбек адамдарын, нақты болмысымыздың қиыншылықтары мен қуаныштарын сүйіспеншілікпен, әрі соншалықты шебер де тартымды бейнелей білгенін тілге иек етеді. Қазақстанның өнерге еңбек сіңірген қайраткерлері, суретшілері Ү. Әжиев пен кескіндемеші Г. Исмаилова Ә. Қастеевтің су бояумен сурет салудағы ыждаһаттылығын, айналадағы өмір көріністерін қабылдаудағы зейін-зердесін алғырлығы мен сезімінің пәктігін паш етіп ардақты ағаға деген шәкірттік алғыстарын алға тартады. Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкерлері Л. Плахотнаяның «Суретшінің туған жеріндегі көшпелі көрме», жазушы Ю. Дубровскийдің «Әбілхан Қастеев тұңғыш қазақ суретшісі» деген материалдарынан да дарын иесінің өмірі мен шығармашылығы жайында көп сырға қанығады. Сондай-ақ жазушы Әміртай Бөриевтің «Суретшінің сый алтыны» деген толғауын да айтып өткеніміз артық болмас.

Әбілхан Қастеев өзінің көзі тірісінде 200-ден астам көрмеге қатынасқан екен. Қай көрмеге қойылсын, оның шығармалары өз ұлтының ұғымына тән бояумен, талап-талғаммен бейнеленеді. Қылқалам тілімен шерткен шежіресі, сыры қай елге болса да таңсық. Қастеев туындылары өз Отанымызда ғана емес, АҚШ, Канада, Бразилия, Франция, Индонезия, Үндістан, ГДР, Венгрия, Югославия, Польша, Болгария, Моңғолия сияқты шетелдерді де шарлап жүр.

Оның есімімен көше ғана емес, Мемлекеттік өнер музейі, көркемөнер, сурет мектептері мен жоғары оқу орындары аталады.

Менің бітіру жұмысымның құрылымына тоқталатын болсақ. Ол үш тараудан тұрады: I тарау: Ә. Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы; онда Ә. Қастеев өмірі туралы тоқталып кеттім, шығармашылығына келетін болсам онда алғашқы тырнақалды туындылары мен шығармашылық өмір жолы баяндалады. Тақырыпшалары: 1. 1. Ә. Қастеевтің өмірі мен өнері,

1. 2. Ә. Қастеев шығармашылығының негізгі тақырыбы, 1. 3. Алғашқы тырнақалды туындылары, 1. 4. Ескі және жаңа тұрмыс, 1. 5. Табиғат пейзаждары, 1. 6. Портрет жанры, 1. 7. Жаңа құрылыс «Қазақстан жерінде»;

II тарау - Музейлердегі Ә. Қастеев туындылары. Мұнда Қазақстан музейлеріндегі Әбілхан Қастеев туындыларына тоқталып кеттім. Ә. Қастеев туындылары Қазақстан музейлерінде қандай көрініс тауып отыр? Осы мәселеге байланысты Әбілхан Қастеевтің қандай туындылары экспозицияға қойылған, қаншалықты дәрежеде көрсетілуде? Осындай сұрақтарға жауап беру мақсатында екі үлкен музейді қамтыдым. II. 1. Музей көрмелерінде көрінген Қастеев, II. 2. Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейіндегі Ә. Қастеевтің мемориалдық залы, II. 3. ҚР Мемлекеттік орталық музейдегі Ә. Қастеевтің туындылары;

III тарау. Музейдегі өнер туындыларын сақтау әдістері. Бұл тарауда көркемөнер туындыларын музей қорында сақтау ережелеріне, әдіс-тәсілдеріне тоқталдым. Көркемөнер туындылары өте нәзік болып келеді, сол себепті олар жоғары күтім мен ұқыптылықты қажет етеді. Тараушалары: III. 1. Туындыларды сақтау ережелері, III. 2. Өнер туындыларын қайта қалпына келтіру.

Келесі тараулар: Қорытынды, Қосымшалар, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы.

1. 1. Өмірі мен өнері

Бір қалыпта тұрмақ па, заман тағы желпінді,

«Елу жылда ел жаңа»- Ел санасы серпілді.

Ғасыр өзі толғатып, төрт жылдан соң Шежінде,

Қылқаламның иесін дүниеге келтірді.

И. Үркімбайұлы

Әбілхан Қастеев өмірдің де, шығармашылықтың да қиын жолдарынан өтті. Суретші 1904 жылы Алматы облысының Жәркент ауданындағы Шежін ауылында кедей отбасында дүниеге келді. Сегіз жасында әкесінен жетім қалған Әбілхан байдың малын бағады. Жайлаудағы ұзақ күнгі қой ішіндегі ермегі ағаш пен тасқа таныс ою-өрнектер ойып сурет салу болды. «Тірі адамның суретін салу күнә»- деген молдалардан талай рет сойылға да жығылды. Бірақ олардың бәрі, мына дүниеден сұлулық, көркемділік іздеген зерек көңілге тосқауыл бола алмады. Ертеректе Ә. Қастеев туралы шыққан бір кітапта суретшінің: “Менің өмір-тіршілігін бейнелейтін суреттерім ақынның құлаққа да жүрекке де жағымды әнімен бірдей емес пе. Тек ақын көргенін өлең сөзбен қиыстырады, ал мен болсам қағаз бетіне сурет қып түсіремін” - деп өзінің айтқаны бар. (Вандровская Е., Ә. Қастеев. М. 1955 жыл. 10 б) . Сөйтіп ол сөз бен дыбысты сызық пен түр-түстің тіліне “аударып” жырлаудан шаршамайды. Шынында, бейнелеу өнерінің ақыны екендігін сезіну тауқыметі оған маза бермей ақыры өмірінің мәні мен мазмұнына, қуанышына айналды. Оқу мен жазуды үйренген Әбілханды ауыл жағдайы қатты толғандырып Жәркентке қайтып әкеледі. Суретші өмірінде жаңа өмір жолы есік ашады . . .

1928 жылы сол кездің аты шулы Түркістан-Сібір теміржолын салуға қатысты, осы жерде суретке деген ынтасын байқаған жұмысшылар 1877 жылы Қазақстанға көшіп келген орыс суретшісі Н. Г. Хлудовтың жеке студиясында дәріс алу жөнінде кеңес береді. Ә. Қастеев 1929-1931 жылдары Алматыда көптен тұратын сарабдал суретші Н. Хлудовтың көркемсурет студиясына екі жылдай дәріс алып, суретшілік өнердің бастапқы тәсілдерін ойдағыдай меңгереді. Н. Г. Хлудов өнерге құштар қазақ халқына қалтықсыз қызмет етті. Тарлан қарт өнерге құлшынған шәкірттің кәсіби-суретші болуыңа бар күш-жігерін салады.

- Ежелден өнері тасып шылқыған қазақ халқының бейнелеу өнерін мұрат тұтатын бір суретші таптым! Сен бұл өнерге бет қойған, мен көріп отырған қазақтың тұңғышысың, енді сен салған соқпақтың ертең соңыңа талай талапты дарындар ереді. Сондықтан сенің арқалаған жүгің ауыр, бірақ сенің бұл жолдан табан аударуға еш қақын жоқ, өйткені сен көш басысың, - деп Хлудов қоштасарда оған көзіндей ғып қылқалам мен нұсқа кітабын, бояуларын береді. (Е. Вандровская. Абылхан Қастеев. «Советский художник», 1955) . Н. Г. Хлудовтың жылы қабақ білдіріп, оған зор ілтипатпен көңіл бөлуі- сурет өнері сырына сусындауға құмар Әбілханды қанаттандыра түседі. Ұлағатты ұстаздың үлгісін, тәрбиесін тәмсіл ғып, кеудесіне тұмардай ғып, қадірлеп сақтайды.

Жерұйық Жетісудың кішкентай ғана пұшпағы - табиғаты көркем Шежін ауылында өмірге келіп, қолына қалам алып, хат танымай-ақ бала жасынан бейнелеу өнеріне құмартып өсіп, сол табиғи қасиет-қабілетінің арқасында қазақ сурет өнерінің тұңғышы, халық суретшісі атанған Әбілхан Қастеев қандай адам, оның өмірдегі болмысы қалай еді, өзінен кейінгілерге қамқорлығы ше деген сияқты сауалдар мазалайтыны рас. Соңына екі мыңнан астам көркем туынды қалдырып кеткен суретшінің кіндігінен қанша ұл-қыз тарағанын, олардың кім екендігін Қастеевтей ұлын қадірлеген елінің білгісі келері анық . . .

Бұл сауалған суретшінің кіші қызы Гүлнәзия Әбілханқызының сұхбатынан мысалы келтіріп кеткенді дұрыс көрдім.

Ә. Қастеев: “Мен ең бай адаммын. Әуелгі байлығым - халқым, содан кейінгі тоғыз перзентім” деп жылы жымиып шаттанып жүретін. Біз тоғыз едік. Әбілтай, Нұртай, Нұртас, Нұрхат, Кәмила, Гүлдәрия содан кейінгі ең кенжесі мен. Тоғыздан қазір алтау. Нұртай 16 жасында қайтыс болған. Егер тірі болғанда менің қылқаламымды сол ұстар еді деп отыратын әкем (Ә. Қастеев)

Жүрегі жұмсақ, жан-дүниесі мейірім деген нұрдан жаралғандай көрінетін. Қабақ шатып, қиналып, тарылғанын көрмеппін. Әкем жөнінде мінездеме дегенде қазақтың тұңғыш суретші қыздарының бірі Айша Ғалымбаева “Қастеев - қасиет” деген сөзі тіл ұшыма орала береді. Адамдықтың барлық асыл қасиетін бойына жинақтаған тұлға десем артық деп ешкім таласпас. Қағидасы - қарапайымдылық, кісілік пен кішілік еді. Егер әкемнің бойында “Мен әлем танитын Қастеевпін” деген менмен мінез болса, біз де басқаша қалыптасар ма едік, кім білсін?!

Кәмила, Гүлдәрия бірі мұғалім, бірі заңгер.

Әбілтай - кинооператор, Нұртас - суретші талай балаларға арналған мультфильмдердің авторы, Нұртілеу аға - сәулетші-дизайнер. Нұрхат - көркемсурет училищесін бітірген.

Әбілхан Қастеевтің жары Сақыш 93 жасында дүние салды. Қастеевтің артында екі мыңнан астам еңбектері қалды. Ал туысқандарының қолында 390-дай туындысы тағы бар.

Республика көлемінде Орталық көркемөнер мұражайына, Шымкенттегі көркемөнер училищесіне есімінің берілуі. Туған жеріндегі мектеп Ә. Қастеев атында, сол мектеп жанында шағын мұражай бар. Аудан орталығынан бір көше берілген. 1973 жылы Еңбек Ері атағы ұсынылған болатын.

2003 жылдың қаңтар айынан бастап суретші атында қор құрылды. Қор құрудың ең басты мақсаты, шама келгенше, әке еңбегін насихаттап, арнаулы шәкіртақы тағайындап, жас суретшілердің байқауын өткізіп тұрсақ деген ойымыз дейді.

Уақыт өтсе де Әбілхан Қастеев шығармашылығы біздің қызығушылығымызды күннен-күнге арттыра түсуде.

1. 2. Ә. Қастеев Шығармашылығының негізгі тақырыбы

Ә. Қастеев шығармашылығында «қазақ халқының өмірі» негізгі тақырыптарының бірі болып табылады. Суретші әрбір халық өмірінде болып жатқан өзгерістерді шығармаларында суреттеп, жарқын, шынайы образдар арқылы бейнелеген. Әрбір шығармада белгілі бір қозғалып отырған тақырып идеялары ұсынылған жұмыстарының мазмұнымен ашылып отыр. Әбілхан Қастеев шығармашылығындағы қазақ халқының өмірі мен шындығының сабақтасуы суретшінің шеберлігін көрсетеді. Әбілхан Қастеев шығармаларынан тек қазақ халқының қал-жағдайы мен салт-дәстүрін ғана емес, сондай-ақ халық өнерін, мәдениеті мен әдебиетін кездестіруге болады.

Хлудовта дәріс алып жүрген кезде салған суреттерінің бірі су бояумен жасаған «Топтық портрет. Мектепке» туындысында Қастеев көргенің бейнелеп қана қоймай тақырыптық туынды жасауға әрекеттенеді. Суретші осы жылдарда әрбір картинаға жан бітіріп, жанрлық портреттерді шуақты, ашық арайлы бояулармен әрлендіріп, бір-бірімен үйлестіріп, сыр тартып сөйлеткендей . . .

Осы жұмыстан және сол кезендегі басқа жұмыстарынан бастап суретшінің шығармашылығында жаңа бағыт пайда болды: халықтың хал-күйін ғана емес, ішкі жан дүниесінің дірілін, демін, мінез-құлқы мен қабілетін арқаудай астастыра білді. Өзінің табиғи сезімталдығының арқасында ол талай көркем дүниелерді өмірге әкелді, олардың негізгі арқауы туған жерге, адамына, өз халқына деген орасан зор сүйіспеншілік еді.

1934 жылы Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың портретін жасау және оның туындыларын иллюстрациялауға бәйге жарияланады. Ә. Қастеев бәйгеде бірнеше туындыларын ұсынды, оның бірі Абайды киіз үй жанында отырғаның, оны қазақтың кеңбайтақ сұлу табиғатымен қиюластыра әсерелейді, (1-сурет) (Ә. Қастеев атындағы МӨМ сақталған) сол арқылы оны туған жермен берік, тамырластығын, қазақ даласының жыршы-ақыны қылып көрсетеді. «1945 жылы жас Абайдың кескіндемелік бейнесін жасау жайлы ойым ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезовтің әйгілі «Абай жолы» романын оқудан туды»- деп еске алғаны бар. (Ә. Қастеевтің естелігінен. Автордың аудармасы) . М. Әуезов- суретшінің әдебиет, өнер саласындағы аяулы достарының бірі болатын. Оның кітапханасында ұзақ уақыт дайындалып, ұлы шеберлердің кітаптары мен альбомдарын зерттеп, репродукцияларымен танысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілхан Қастеев - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші
Қазақ бейнелеуі өнерінің дамуы
Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы
Қазақстан бейнелеу өнерінің даму тарихы
Көркем сурет өнер түрі
Ә. Қастеевтің өмірі
Табиғатты бейнелеу сабағының әдістемесі
Графика жалпы графика тұралы түсінік
Замана суреткер Әбілхан Қастеев
Бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz