Техногенді бүлінген жерлердің жас топырақтарында өсімдіктердің қалыптасу үдерісі
1. КІРІСПЕ 3
2. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 5
3. ЗЫРЯН КЕН ОРНЫНЫҢ ФИЗИКО.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 11
4. РЕКУЛЬТИВАЦИЯ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН СУБСТРАТТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ ТЕЛІМІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР 12
5. ОБЪЕКТ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ 14
6. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ 16
6.1. Отвалдағы өздігінен өскен және тәжірибе теліміне отырғызылған өсімдіктерге сипаттама 16
6.3.Зырян кен орнының өнеркәсіптік отвалдарында биологиялық рекультивация жүргізу жағдайында өсімдік қалдықтарының ыдырау жылдамдығы, гумустүзілу және гумус жиналу 19
6.5.Микрозооценоздың топырақ түзудегі рөлі 21
7. ҚОРЫТЫНДЫ 23
8. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24
ҚОСЫМША 27

Тақырыптың маңыздылығы. Тау-кен өндіру, құрылыс өнеркәсіптерінің, қала салу, жол салудың дамуы «тау-кен ландшафтарының» пайда болуына және ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлердің қысқаруына әкеліп соғуда.
Қазақстан – қазіргі кездегі барлық минералды шикізаттардың маңызды түрлерінің қазынасы және бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатардағы орындардың бірін алады.
Саз балшықты, құм мен қиыршық тастарды, рудаларды өндіру әдетте ашық әдіспен жүргізіледі, соның нәтижесінде өте үлкен қазаншұңқырлар, карьерлер, отвалдар түзіледі, олардың мөлшері жүздеген гектарға жетсе, тереңдігі 10 метрден 150 метр, тіптен кейде одан да тереңге жетеді.(1- сурет)
Пайдалы қазбаларды өндіру топырақ, өсімдік жабынының жойылуына, микробозооценоздардың тіршілік ету ортасының бұзылуына және құнарлы, суармалы жерлердің қысқаруына және техногендік экожүйенің пайда болуына әкеліп соғады. Шығыс Қазақстан облысында құнарлы жерлер негізінен мыстың, мырыштың, кадмийдің, қорғасынның, мышьяктың қосындыларымен ластанады. Улы қалдықтар санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін полигондарға орналастырылған. Қорғасын аномалиясы Шемонаиха, Глубоковск және Зырян аудандарын қамтиды. Ластанған аумақтың жалпы ауданы 30 мың км3. Осы өнеркәсіптің әсерінен бүлінген аумақта қысқа мерзім ішінде адамның барлық талаптарын қанағаттандыратын, жаңа өнімді және тұрақты табиғи кешендерді құру үшін белсенді және мақсатты түрде араласу қажет. Бүлінген экожүйелерді табиғи бүлінбеген ландшафтардың әсерімен қалпына келтіру ұзақ процесс. Сондықтан техногендік ландшафтар бүлінген жерлерді қалпына келтіруде және оны ауылшаруашылығына қайтару бойынша мақсатты шаралардың бірі - рекультивация жолымен жедел оңтайластыруды талап етеді.
Өндіру нәтижесіне жер бетіне шығарылған жыныстар жаңа табиғи техногенді түзілімдер болып табылады және олар қоршаған ортамен белсенді әрекет жағдайында болады.
Осыдан келіп биогеоценоздардың даму заңдылықтарын зертеу, оларды тұрақты, өнімді мәдени ландшафтарға айналдырудың табиғи техногендік жолдарын зертеу маңызды мәселенің бірі болып табылады

1. Базилевич Н.И., Дементьева Т.Г. Потребление и возврат золных элементов и азота хлопково-люцерновом севообороте. Агрохимия, 1965, с.9.
2. Байко В.П., Сучалкина М.И. Роль травосмесей многолетних трав в образовании структуры почвы. Советская агрономия, 1950, №1, с.12.
3. Байтулин И.О. Особенности развития корневой системы многолетних злаковых трав в травосмесях. Вестник АН КазССР, №9, 1957, с.105.
4. Бекаревич Н.Т., Горобовец Н.Д., Колбасин А.А. и др. О рекультивации земель в степи Украины. Днепропетровск. Проминь, 1971, с. 152-161.
5. Бекаревич Н.Т., Горобец Н.Д., Колбасин А.А. и др. Результаты возделывания сельскохозяйственных культур на рекультивируемых землях в степи. В сб. Рекультивация земель в СССР. М., 1973, с. 167-191.
6. Бекаревич Н.Т., Масюк Н.Т., Сидорович Л.П. К вопросу о плодородии почв и пород. В сб: Освоение нарушенных земель. М., Наука, 1976, с. 5-26.
7. Бекаревич Н.Т. Основные результаты исследований по биологической рекультивации земель, нарушенных горнодобывающей промышленностью. В сб: Экологобиологические и социально-экономические основы с/х рекультивации в степной черноземной зоне УССР. Днепропетровск, 1984, т.49, с.12-33.
8. Белоножко И.И. Продуктивность многолетних травосмесей и их воздействие на плодородие почвы. Советская агрономия, 1949,№7, с.53.
9. Бериня Дз.М., Лапыня И.М. Вредние вещества выбросов автотранспорта и способы изучения их влияния на компоненты экосистемы. В кн.: Загрязнение природной среды выбросами автотранспорта. Рига, Зинатне, 1985 а,б. С.15.
10. Бериня Дз.Ж., Калина Л.К., Карелина Л.В. Выпадение выбросов предприятия строительных материалов и изменение химического состава почвы. В кн: Загрязнение природной среды кальцийсодержащей пылью. Рига; Зинатне, 1985 б, с.15-31.
11. Берзиния А.Я. Влияние выбросов пыли цементного завода на химический состав растений. В кн.: Загрязнение природной среды кальцийсодержащей пылью. Рига, Зинатне, 1985, с. 39-48.
12. Бондарь Г.А. Растительный покров надугольной толщи Александрийского буроугольного месторождения и вопросы фиторекультивации. Автореф. Канд. Дисс. Днепропетровск, 1974.
13. Бондарь Г.А., Додатко Э.Л. Сингенетические сукцессии растительного покрова на породах надугольной толщи Александрийского месторождения. В сб.: Рекультивация земель.
14. Берхов М.Т., Щеглов Д.И., Краснова А.С. Изменение некоторых физико-химических свойств вскрышных пород КМА при сельскохозяйственной рекультивации. Мелиорация и рекультивация почв Центрального Черноземья. Воронеж, ВУ, 1984, с.55-59.
15. Бурыкин А.М. Темпы эрозии и почвообразования в техногенных ландшафтах. Восстановление и повышение плодородия земель техногенных ландшафтов. Воронеж, ВСХИ, 1982, т.119, с.5-36.
16. Бурыкин А.М. Темпы почвообразования в техногенных ландшафтах в связи с рекультивацией. Почвоведение, 1985 а,№2 с.81-93.
17. Бурыкин А.М. Некоторые теоретические вопросы рекультивации техногенных ландшафтов. Рекультивация земель, нарушенных горными работами на КМА. Воронеж, ВСХИ, 1985 б, с.3-11.
18. Бурыкин А.М. Естественные и антропогенные темпы почвообразования и их изменение с возрастом почв. Тезисы VII делегатского съезда почвоведов. Ташкент, 1985 в, т.4, с.13-14.
19. Быкова В.С. Лессовые породы Казахстана. В кн.: Лессовые породы в СССР. Наука, М., 1966, с.183-211.
20. Важенин И.Г., Карасьева Г.И. О формах калия в почве и калийном питаний растений. Почвоведение, 1959, №3, с.11-21.
21. Гиляров М.С., Стриганова Б.Р. Роль беспозвоночных в разложении растительных остатков в круговороте веществ. В кн.: Итоги науки. Зоология позвоночных. М., Наука, 1978, с.8-69.
22. Гогатишвили А.Д. Особенности методики рекультивации земель в горных условиях. В кн.: Программа и методика изучения техногенных биогеоценозов. М., Наука, 1978, с.148-159.
23. Дзыбов Д.С. О самозарастании и ускорении. В сб.: Растительность и промышленная среда. Свердловск, 1979, с.60-67.
24. Жандаев М.С., Гончаренко М.Т., Кабашева М.М. Особенности биологической рекультивации в Карагандинском угольном бассейне. В сб.: 5 республиканская конференция почвоведов Казахстана. Алма-Ата, 1992, с.304.
25. Етеревская Л.В. Рекультивация земель. Киев. 1977, 122 с.
26. Етеревская Л.В., Угарова В.А. Процессы почвообразования в техногенных ландшафтах УССР. В кн.: Почвообразование в техногенных ландшафтах. Новосибирск, Наука, СО, 1979, с.140-150.
27. Ижевская Т.И. Особенности развития корневых систем растений на отвалах буроугольных разработок. В сб: Проблемы рекультивации земель в СССР. Новосибирск, 1974, с. 183.
28. Кандрашин, Е.Р. Сингенез и продуктивность естественной растительности и полукультурфитоценозов на отвалах угольных разрезов Кузбасса. В сб.: Почвообразование в техногенных ландшафтах. Новосибирск, Наука, 1979, с.163-172.
29. Ковда В.А. Основы учения о почвах. М., 1973, кн.1,2, 730 с.
30. Кононова М.М. Органическое вещество почвы. АН СССР, М., 1963.
31. Куприянов А.Н. Естественное зарастание отвалов Карагандинского угольного бассейна и их фитомелиорация. Дисс. К.б.н. Алма-Ата, 1982, 221 с.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘУЕЗОВ АУДАНЫ №13 ОРТА МЕКТЕП
ҚУАНДЫҚОВА МЕРУЕРТ
10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
ТЕХНОГЕНДІ БҮЛІНГЕН ЖЕРЛЕРДІҢ ЖАС ТОПЫРАҚТАРЫНДА ӨСІМДІКТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ
ҮДЕРІСІ
Ғылыми жетекшілері: биология ғылымының докторы, профессор Фарида
Есенқожақызы Қозыбаева ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, биология
пәнінің мұғалімі Бейсеева Гүлжан Бейсеқызы
Таза табиғи орта –Казахстан -2030 стратегиясын іске асырудың негізі
Бөлімі:биология
Алматы 2007
АННОТАЦИЯ
Жұмыс 25 беттік мәтінде компьтерде терілген, 41 сурет, 1-кесте, 1
диаграмма, 39 пайдаланылған әдебиеттер тізім берілген.
Жұмыстың мақсаты: Зырян және Риддер кен орындарын игерудің
нәтижесінде бүлінген жерлердің өсідігінің өздігінен қалыптасу процесін және
биологиялық рекультивацияның рөлін зерттеу болды.
Зырян және Риддер кен орындарын кен орнын игерудің әсерінен бүлінген
жерлердің құнарлылығын қалпына келтіру үшін биологиялық рекультивация
жүргізу үдерісінде, тәжірибе теліміндегі өсімдіктердің өсу ерекшеліктері,
отвалдар мен карьерлердегі өсімдіктің өздігінен өсу процесі,таралуы олардың
топырақ түзілу үдерістеріне әсері жайлы ғылыми-зерттеу жұмысының деректері
келтірілген.
АННОТАЦИЯ
Работа напечатана на 25 страниц компьютерного текста, использовано 41
фото, 1-таблицы, 1 диаграмма и 39 литературных источников.
Цель работы заключается исследование естественное зарастание
нарушенных земель и роль биологической рекультивации в почвогрунтах
Зыряновского и Риддерского месторождении.
В работе приведены результаты полевых и лабораторных исследовании
нарушенных при освоении Зыряновского и Риддерского месторождении, роль
биологической рекультивации в восстановлении плодородия почв, особенности
роста и развитии растении, процесс самозаростании в отвалах и карьерах, их
роль в почвообразовании..
THE SUMMARY
Work is printed on 25 pages of the computer text, is used 41 photos, 1-
tables, 1 diagram and 39 references.
The purpose of work consists research natural зарастание the broken
grounds and a role biological recultivation soils Ziryanovsk and Ridder a
deposit.
In work results field and laboratory research broken are resulted at
development Ziryanovsk and Ridder a deposit, a role biological
recultivation in restoration of fertility soils, features of growth and
development a plant, process prothallial in refuse dump and opencast, their
role in soil formation.
МАЗМҰНЫ
1. КІРІСПЕ 3
2. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 5
3. ЗЫРЯН КЕН ОРНЫНЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 11
4. РЕКУЛЬТИВАЦИЯ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН СУБСТРАТТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ
ТӘЖІРИБЕ ТЕЛІМІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР 12
5. ОБЪЕКТ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ 14
6. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ 16
6.1. Отвалдағы өздігінен өскен және тәжірибе теліміне отырғызылған
өсімдіктерге сипаттама 16
6.3.Зырян кен орнының өнеркәсіптік отвалдарында биологиялық рекультивация
жүргізу жағдайында өсімдік қалдықтарының ыдырау жылдамдығы, гумустүзілу
және гумус жиналу 19
6.5.Микрозооценоздың топырақ түзудегі рөлі 21
7. ҚОРЫТЫНДЫ 23
8. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24
ҚОСЫМША 27
1. КІРІСПЕ
Тақырыптың маңыздылығы. Тау-кен өндіру, құрылыс өнеркәсіптерінің, қала
салу, жол салудың дамуы тау-кен ландшафтарының пайда болуына және
ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлердің қысқаруына әкеліп соғуда.
Қазақстан – қазіргі кездегі барлық минералды шикізаттардың маңызды
түрлерінің қазынасы және бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатардағы орындардың
бірін алады.
Саз балшықты, құм мен қиыршық тастарды, рудаларды өндіру әдетте ашық
әдіспен жүргізіледі, соның нәтижесінде өте үлкен қазаншұңқырлар, карьерлер,
отвалдар түзіледі, олардың мөлшері жүздеген гектарға жетсе, тереңдігі 10
метрден 150 метр, тіптен кейде одан да тереңге жетеді.(1- сурет)
Пайдалы қазбаларды өндіру топырақ, өсімдік жабынының жойылуына,
микробозооценоздардың тіршілік ету ортасының бұзылуына және құнарлы,
суармалы жерлердің қысқаруына және техногендік экожүйенің пайда болуына
әкеліп соғады. Шығыс Қазақстан облысында құнарлы жерлер негізінен мыстың,
мырыштың, кадмийдің, қорғасынның, мышьяктың қосындыларымен ластанады. Улы
қалдықтар санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін полигондарға
орналастырылған. Қорғасын аномалиясы Шемонаиха, Глубоковск және Зырян
аудандарын қамтиды. Ластанған аумақтың жалпы ауданы 30 мың км3. Осы
өнеркәсіптің әсерінен бүлінген аумақта қысқа мерзім ішінде адамның барлық
талаптарын қанағаттандыратын, жаңа өнімді және тұрақты табиғи кешендерді
құру үшін белсенді және мақсатты түрде араласу қажет. Бүлінген экожүйелерді
табиғи бүлінбеген ландшафтардың әсерімен қалпына келтіру ұзақ процесс.
Сондықтан техногендік ландшафтар бүлінген жерлерді қалпына келтіруде және
оны ауылшаруашылығына қайтару бойынша мақсатты шаралардың бірі -
рекультивация жолымен жедел оңтайластыруды талап етеді.
Өндіру нәтижесіне жер бетіне шығарылған жыныстар жаңа табиғи
техногенді түзілімдер болып табылады және олар қоршаған ортамен белсенді
әрекет жағдайында болады.
Осыдан келіп биогеоценоздардың даму заңдылықтарын зертеу, оларды
тұрақты, өнімді мәдени ландшафтарға айналдырудың табиғи техногендік
жолдарын зертеу маңызды мәселенің бірі болып табылады.
Ғылыми жұмыс Ө.Оспанов атындағы Топырақтану және агрохимия зерттеу
орталығының техногенді бүлінген жерлердің топырық құнарлылығын қалпына
келтіру зертханасының Шығыс Қазақстан облысы Зырян және Риддер кен
орындарындағы зерттеу нысанында осы биылғы жылдың маусым және тамыз
айларында биология ғылымының докторы Фарида Есенқожақызы Қозыбаеваның
басшылығымен ұйымдастырылған Халықаралық экспедиция құрамында болып,
ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, биология пәнінің мұғалімі Бейсеева
Гүлжан Бейсеқызының жетекшілігімен жүргіздім.
Жұмыстың мақсаты: Зырян және Риддер кен орындарын игерудің нәтижесінде
бүлінген жерлердің өсідігінің өздігінен қалыптасу процесін және биологиялық
рекультивацияның рөлін зерттеу болды.
Жұмыстың міндеттеріне мыналар жатады:
1. топырақтүзілу процесіне табиғи фитоценоздар мен мәдени
өсімдіктердің өздігінен өсу және биологиялық рекультивация
нәтижесінде әсерін анықтау;
2. топырақтың зоофаунасын, олардың топырақ түзудегі және бүлінген
жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтірудегі маңызын зерттеу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: бастапқы топырақ түзілу процесі зерттелді,
отвалдардағы биологиялық рекультивация жүргізген кезеңде әртүрлі
топырақ грунттарында өсімдік қалдықтарының ыдырау жылдамдығы
зерттелді, сондай-ақ топырақтүзілу процесінің бағыты, мәдени
өсімдіктер мен табиғи өсімдіктердің әсерінен техногендік
ландшафтардағы жас топырақтардың қалыптасу дәрежесі анықталды.
2. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Өсімдік жабынын және оның биологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ
рекультивацияланатын участоктың химиялық және су-химиялық қасиеттерін
зерттей отырып фитоценоздың әсерінен лесс тәрізді жыныстардың бастапқы
жағдайының өзгеру дәрежесін анықтауға болады.
Адам қызметі саласына түскен табиғи биоценоздар тез өзгереді немесе
түбімен өзгеріске ұшырайды. Б.П.Колесников, Л.В.Моторинаның (1986) көрсетуі
бойынша олар инженерлік-техникалық құрылымдармен және кешендермен, мәдени
егістіктермен, әр түрлі мақсаттағы өсімдік өсірумен, төменгі өнімді немесе
өнімсіз тақыр жерлерге, индустриялдық шөлдерге немесе басқа жаңа
түзілімдерге алмасады.
Карьердің өңделген участоктарында табиғи өсімдіктердің пайда болуы
жынысты игерудің бастапқы кезеңі болып табылады. А.П.Шенниковтың (1964)
айтуы бойынша өсімдік бірлестіктері экологиялық жағдайдың өзіндік бір
индикаторы болып табылады, сондықтан да биологиялық рекультивацияның
практикалық мәселелерін шешу үшін, әсіресе жыныстардың орман,
ауылшаруашылығы, табиғат қорғау және т.б. мақсаттар үшін пайдалануға
жарамдылығын бағалаған кезде кең түрде қолдау табады.
Табиғи өсімдік жабынының құрамы мен биологиялық ерекшеліктері бойынша
өнеркәсіптің әсерінен бүлінген жерлердің қайта қалпына келтірудегі жұмыс
бағыты туралы айтуға болады. Топырақ түзілу процесі өсімдіктің алуан
түрлілігі мен сол жерде өсу жылдамдығына тікелей байланысты болады.
В.В.Тарчевский (1968) зерттеулері өнеркәсіптің пайдаланған жерлерінде
өсімдіктің өздігінен өсу процестерін есепке алмау өнеркәсіп отвалдарын,
карьерлерін көгалдандырған кезде елеулі қателіктерге әкеліп, уақыт пен
қаражаттың босқа шығындалуына әкелуі мүмкін екенін көрсетті.
Жоғары өнімді және мәдени биоценоздармен тығыз қоршалған техногендік
ландшафтарда өнеркәсіптің қызметі нәтижесінде жойылған биогеоценоздардың
қалпына келуі тез қарқынмен жүреді (Гогатишвили, 1970; Махонина, 1976;
Трофимов, 1977).
Техногендік экожүйелердің табиғи фитоценоздарының қалыптасу мәселесі
дүние жүзінің көптеген ғалымдарының көңілін аударуда. Lowry (1952),
Fejdiova (1968) зерттеулері пионерлік алғашқы өсімдік бірлестіктерінің
түрлік құрамын және олардың отвалдар мен түрлі аймақтық географиялық
жағдайлардағы динамикасын зерттеуге бағытталған.
Қазіргі кезде өнеркәсіптік отвалдарда, карьерлерде адамның қатысуынсыз
өсімдік жабынының қалыптасуы жайлы көптеген материалдар жиналған.
(Леонтьев, 1966, Моторина, Ижевская, 1967; Тарчевский, 1968; Дзыбов,
1979,1982; Терехова, 1979; Қозыбаева және басқалары, 1988,,1989, Бейсеева,
1990 және т.б.).
Биологиялық рекультивация бойынша ең алғашқы жұмыстар карьерлерде
өсімдіктердің табиғи жолмен өсе бастау процестерін ескере отырып 1950-1951
жылдары Донбасста басталған болатын.
Табиғи жолмен өсімдіктердің карьерлерде өсе бастауының сипаты мен
қарқыны өңделген жердің жасына, жер бедерінің ерекшелігіне, климатқа,
қоршаған ортаның әсеріне тікелей байланысты.
В.В.Тарчевскийдің (1968) басшылығымен жүргізілген жұмыстарда өнеркәсіп
отвалдарында өсімдіктердің табиғи жолмен өсуі процесіне толық талдау
берілген. Өндірістік кәсіпорындардың аймағындағы өсімдіктің морфогенез
сипаты, фотосинтез, биохимиялық құрамы жағынан елеулі ауытқулары болатыны
анықталған.
Өсімдіктің табиғи жолмен өсу қарқыны мен сипаты карьердің өңделу
уақытына, жер бедерінің ерекшелігіне, климатқа, қоршаған ортаның әсеріне
байланысты.
Техногендік ландшафтарда өсімдік жабынының пайда болуын В.Н.Сукачев
(1942) сингенез, ал өсімдік жабынының қалпына келуін денудация деп атады.
Техногендік ландшафтардың өсімдігінің табиғи жолмен өсуін
зерттеушілердің (Бондарь, Додатко, 1974; Кандрашин, 1979) [19,20] көрсетуі
бойынша, техногендік ландшафтарда өсімдіктердің дамуы сингенез бойынша,яғни
бірнеше кезеңде: пионерлік, қарапайым, күрделі топтану, Шенников бойынша
(1964) диффуздық бірлестік түрінде жүреді.
Техногендік ландшафтарда өсе бастаған алғашқы өсімдіктерді, яғни
пионерлік өсімдіктерді кең түрде таралған өсімдіктер анемохоралар яғни арам
шөптер құрайды, оларда өсімді, яғни вегетативті көбею дамыған, олардың мал
қорегі үшін құндылығы жоқ. Тек тез көбейеді, тез таралады.
Өсімдіктің өсімді жолмен таралуы техногендік ландшафтардың жылжымалы
тұрақталмаған субстратында тұқыммен көбеюдің жеткілікті мөлшерде қамтамасыз
етілмегенін көрсетеді. Н.Т.Бекарьевич (1973); С.А.Таранов және басқалар
(1974) зерттеулері екінші және үшінші жылы техногендік ландшафтарда
фитоценоздардың шұбарланып өскен кезеңі байқалады, онда дәрілік бақ-бақ
сияқты рудералды түрлер басым болады, ценофобтардан аздаған мөлшерде
өгейшөп кездеседі. Бұл кезең тұқымы жел арқылы таралатын түрлермен
сипатталады, дегенмен де осы кезеңде фитоценоздың қалыптасуында өте үлкен
рөл атқаратын фитоортаның қалыптасуы жүреді.
Л.В.Моторина (1970), Е.Р.Кандрашин (1979), А.Н.Куприянов (1982)
зерттеулерінің көрсетуі бойынша техногендік ландшафтарда пайда болатын
өсімдік бірлестігінің өсуі мен құрамы климатқа, су режиміне, субстраттың
минералды қоректік элементімен және азотпен қамтамасыз етуінің
жеткіліксіздігіне байланыстылығы техногендік ландшафтарда өсімдік өсуіне,
әсіресе алғашқы кезеңде өсімдік жабынының қалыптасуына қиындықтар туғызады.
Міне, сонымен климаттық аймаққа, бүліну типіне, ашылған жыныстардың
түрлеріне тәуелсіз техногендік ландшафтарда өсімдіктердің табиғи жолмен
өсуі баяу қарқынмен жүреді және өсімдіктің табиғи жолмен өсуі техногендік
ландшафтардың өсімдігінің толығымен қалпына келтірумен қамтамасыз ете
алмайды.
Г.И.Махонина (1975), Т.С.Чибрик (1979), Дзыбовтың (1979) зерттеулері
нәтижесінде жойылған өсімдік жабынының толық қайта қалпына келуі үшін 20
жылдан 50 тіптен одан да көп жылдар керек екені анықталды.
Міне, осыдан келіп ауылшаруашылығы, табиғат қорғау және басқа
мақсаттар үшін көпжылдық бұршақ тұқымдас өсымдіктер мен олардың астық
тұқымдас дақыларымен аралас шөбін пайдалана отырып, биологиялық
рекультивация жүргізу қажеттігі туады. Көп жылдық бұршақ тұқымдас
өсымдіктер молекулярлық азотты өз тамырларындағы түйнек бактерияларымен
селбесе отырып жинайтын қасиеті бар.
Көптеген ғалымдардың (Бекаревич және басқалары, 1971; Етеревская,
1973; Пикалова, 1968; Шикула және басқалары, 1973; Масюк, 1974; Бондарь,
Додадко,1974; Узбек, 1975; Кандрашин, 1981, Қозыбаева, 2000) зерттеулері
бойынша жынысты игерудің тікелей жағдайы фитомелиорациялық кезеңді
жүргізу болып табылады.
Л.В.Етеревская (1973), Н.Т.Масюк (1974) алғашқы мекен ету ортасының
жағдайларына толық сәйкес келуші ретінде бүр түрдегі бұршақ тұқымдастарының
агроценозын егуді ұсынады.
Апплачада (АҚШ) көмір өндіргеннен кейін биологиялық рекультивацияны
жүргізуде бір жылдық және көп жылдық райграс, жима тарғақ, бетеге кең түрде
өсіріледі (Plass, 1978), Америка ғалымы W.G.Vogel (1977) отвалдарда бұршақ
тұқымдастардың қалыпты дамуы үшін 50 кгга фосфор мен азоттың аздаған
мөлшері үстеп қоректендіру үшін қажет екені анықталды. J.Palmer, L Jverion
(1983) бес жылдық зерттеулерінің нәтижелерінің көрсеуі бойынша 32,8 кгга
фосфор енгізген кезде беде 90-103 кгга азот жинады, ал 98,4 кгга енгізген
кезде 146-167 кгга азот жинады. Міне, мұның өзі фосфор тыңайтқыштарының
бұршақ тұқымдас шөптерінің азотфиксациясын арттыратынын көрсетеді.
Ұлыбританияда рекультивация кезінде гектарына 100 кг дейін азот
жинауға қабілетті азот жинайтын шөптер мен ағаш өсімдіктерін бірлесіп
отырғызу жағымды әсер беретіні байқалған (Brandshaw, 1982).
K.Werner (1966) көрсетуі бойынша ГДР-дегі ауылшаруашылығына қайтару
үшін рекультивацияланатын участоктар қолайлы қасиеттері бар лесс тәрізді
құмбалшықтардың бір метрлік қабатымен жабылады. Рекультивацияланатын
участокта алғашқы жылдары әр түрлі жоңышқа, жима тарғақ, райграс,
түйежоңышқа сияқты шөптердің қоспаларын себу ұсынылады. Әрі қарай бұл
жерлер күздік бидай, күздік қара бидай, жүгері, картоп егу үшін
пайдаланылады. K.Werner (1973) зерттеулерінің көрсетулері бойынша топырақ
грунттарын жақсарту үшін органикалық тыңайтқышпен оны байытып, оған бір
жылдық және көпжылдық ьұршақтұқымдастарын себу керек. Чиатур марганец кен
орнындағы биологиялық рекультивациядан алғашқы тәжірибелер
(Гогатишвили,1967,1975) көпжылдық шөптесін өсімдіктердің грунттардың физика-
химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартатынын көрсетті. Қарағанды
көмір бассейніндегі далалық тәжірибелер негізінде (Жандаев және
басқалары,1978,1982) отвалдарды дайындаудың экономикалық пайдалы әдісі
жынысқа 10 см жабынды құм-балшықтарды төсеу болып табылады.
Биологиялық рекультивация бойынша жүргізілген тәжірибелерінде
А.Е.Мазур (1980) техногендік ландшафтарды игеретін-дақылдарды, оларды егу
нормалары мен мерзімдерін анықтады. Оның айтуынша таза күйінде ең жақсы
игеруші дақылдар жоңышқа, түйежоңышқа, беде және олардың астық тұқымдас
шөптермен аралас қоспалары техногендік ландшафтарды ең жақсы игерушілер
болып табылады.
Шетелдік және ТМД елдерінің бүлінген жерлерді рекультивациялау
бойынша көптеген жұмыстарын қорытындылай келе, техногендік экожүйелерді
оңтайлау үшін рекультивацияның биологиялық сатысын жүргізу міндетті болып
табылады деген қорытынды жасау керек.
Техногенез жағдайындағы топырақтүзілу процесі
Техногендік экожүйе табиғи және мәдени фитоценоздаардың әсерінен, және
табиғаттың басқа компоненттерінің әсерінен топырақ түзілу процесі жүреді,
соның нәтижесінде құнарлылық қасиеттері мен белгілері бар жас топырақтар
түзіледі.
Топырақ құнарлылығы бұл алғашқы топырақта көміртегі мен азоттың болуы
маңызды көрсеткіш болып табылатын топырақ түзілу процесінің нәтижесі
(Брехов және басқалар, 1984; Махонина, 1976).
Карьерлерде, отвалдардағы алғашқы топырақтүзілу процестерін зерттеу
топырақ кескінінің түзілу заңдылығын, топырақ түзілу процесінің
жылдамдығын, сондай-ақ топырақтүзілу процесін жеделдету және құнарлылық
элементтерінің жиналуының мүмкін жолдарын анықтауға жағдай жасайды.
1-сурет. Зырян кен орнының отвалы
Донецк облысындағы табиғи өсімдік өсе бастаған 25 жылдық лесс
отвалдарын зерттеу нәтижелерінің көрсетуі бойынша онда құрамында 1,67%
гумус бар қалыңдығы 5 см топырақ қабаты пайда болған (Етеревская,
мамонтова, 1975). А.М.Бурыкиннің (1980) пікірі бойынша гумустың жиналуының
орташа көрсеткіші мен қандай да бір уақыт аралығында топырақ түзілу олардың
нақты динамикасын және олардық қалыптасуының сандық көрсеткіштерін ашпайды.
Топырақ түзу қарқындылығын топырақтың даму тарихының белгілі бір
көрсеткіштерінен емес, оның эволюциясының жеке кезеңдері бойынша – жас,
пісіп жетілген, ескі деп қарастырған дұрыс деп санайды. А.М.Бурыкин (1985
а,б,в) көрсетуі бойынша жас топырақтарда кез келген тірі организмдегі
сияқты топырақтүзілу қарқыны ескі топырақтарға қарағанда жоғарырақ болады,
топырақ құнарлылығы пісіп жетілген топырақтарда тіптен жоғары болады.
Топырақтүзілу қарқындылығын өсімдік өсіп, дамуы үшін қажетті N, C, P, Ca,
Mg, K элементтерінің жинақталу қарқындылығымен өлшеген дұрыс. Осындай
пікірді ұстай отырып Е.Н.Бекаревич және басқалары (1975) жыныстардың
құнарлылығы мен оның мөлшері онда өсетін өсімдіктердің биологиялық
ерекшеліктерімен айқындалады деп атап айтады.
Топырақ түзілу ұзақ процесс: жоғарғы 0-20 см қабат 1400±100 жыл
ішінде, ал төменгі 140-150 см қабат 6700±100 жыл ішінде пайда болады
(Ковда, 1973). Табиғи жолмен өсімдіктің өсуі кезінде отвалдық жыныстарды
аймақтық топыраққа айналдыру үшін шамамен 150-600 жыл керек (Колесников
және басқалар, 1976). Г.И.Махонина (1980) барлық жаңадан қалыптасатын
топырақтарға топырақ профилінің қысқа профилі тән.
C:N шамасы топырақтың агрономиялық құнды көрсеткіші болып табылады,
ол органикалық заттың қозғалу дәрежесін және жоғары сатыдағы өсімдіктерге
топырақ азотының мүмкіндік дәрежесін сипаттайды.
Г.И. Махонина (1979) зерттеулері бойынша өсімдік жыныстардан өзіне
керекті элементтерді сіңіріп қана қоймайды, сонымен қатар оларды өздерінің
жер бетіндегі мүшелеріне де шығарады да, кейін ол мүшелер кеуіп кеткеннен
кейін топырақтың немесе жыныстардың беткі қабаттарына жиналады яғни
биологиялық алмасу және элементтерді жинақтау процесі жүреді.
Кейбір өсімдіктер техногендік ландшафтарда гумусы жоқ жыныстарда да
өсе береді. Бұл субстраттар биологиялық белсенді орта болып табылады,
олардың қалыптасуына ең алдымен балдырлар мен микроорганизмдер қатысады.
Көптеген ғалымдардың (Неганова; Ланина, 1976; Неганова, пасынкова,
1976; Михновская және басқалар, 1975; Кулебакин, 1979; Krumbein, 1972)
зерттеулері бойынша микроорганизмдер мен балдырлар құнарсыз субстраттарда
ең алғаш қоныстанушылар болып табылады, гумустың пайда болуына және
жинақталуына қатысады. Микробиоценозды зерттеу топырақтүзілу процестерін
бақылауға жағдай жасаумен бірге, жыныстардың улылығының индикаторы болып
табылады (Напрасникова және басқалар, 1982, 1984; Красавин және басқалар,
1982, 1984, 1985).
Техногенезбен бүлінген топырақ жабынының құнарлылық құрылымын қалпына
келтіруді жеделдететін биота компоненттерінің арасында ерекше орынды
микрозоофауна алады (Стебаева, 192-82; Стебаева, Кулагин, 1984; Қозыбаева,
Бейсеева, 1990). А.Д.Гоготишвилидің (1978) зерттеулерінің көрсетуі бойынша
топырақ жануарлары топырақ түзу процесіне қатыса отырып оның қарқындылығына
әсер ете отырып, жеке топырақтардың құнарлылығының қалыптасуына әсер етеді.
В.В.Сергеевтің (1985) көрсетуі бойынша биологиялық рекультивация
топырақ фаунасына елеулі өзгерістер енгізеді. Жауын құрттары жас
топырақтардың құнарлылығының негізгі индикаторлары болып табылады. Лесс
жыныстарына ең алдымен көпаяқтар, есекқұрттар (мокрицы), өрмекшілер,
құмырсқалар мекен ете бастайды.
3. ЗЫРЯН КЕН ОРНЫНЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Шығыс Қазақстан рудалық шикізаттың қазынасы болып табылады және оны
Рудалы Алтай деп атайды. Мұнда негізгі руда өндіретін негізгі
өнеркәсіптік нысандар жинақталған. Сондықтан да, бұл аймақта өнеркәсіптік
отвалдардың құнарлылығын қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстардың
қарқынынын дамыту және арттыру керек.
Өнеркәсіптік отвалдардың қала шетінде орналасуы, табиғи-климаттық
жағдай, бүкіл ауданның жер бедері отвалдардың орнында мәдени ландшафты
орман массивтерін және демалу аймақтарын жасай отырып, бүлінген жерлерді
рекультивациялаудың табиғи-қорғау және санитарлық-гигиеналық бағытын
жасауға жағдай жасайды.
Отвалдар биік, биіктігі 150 м жетеді, механикалық құрамы бойынша
тастардан, дөңбек тастардан тұрады (2-3 суреттер). Пайдаланылмайтын
отвалдардың табиғи өсімдіктері жоқ, кейбір шамалы мөлшерде шаң-топырақтар
жиналған жерде бірлі-жарымды өсімдіктер кездеседі.
2-3 суреттер. Зырян кен орындарының отвалдары
Климаты. Тау бөктеріндегі орманды-шалғынды –далалы аймақтың климаты
континенталды және ауасының құрғақтығымен көрінеді. Облыстың климаты жер
бедеріне және жердің биіктігіне қарай елеулі өзгеріп отырады. Зырян
қаласының абсолюттік биіктігі 450 м. Қар жабынынң тереңдігі 34-40 см. Жылы
мерзімнің ұзақтығы 170-200 күн.
Жер бедері. Зырян ауданының жер бедері аңғарлы-таулы болып келелі.
Жалпы алғанда облысың жер бедері геологиялық себептермен де (тектоникалық,
құрылымдық және петрографиялық) және сыртқы себептерінің де
ерекшеліктерімен сипатталады.
Өсімдігі. Таулы, орманды-дала белдеуінің аймағы шөптесін, шөптесін-
бұталы, қарағайлы және аралас-қарағайлы ормандарды болып келеді.
Топырағы. Зырян кен орнындағы топырақтың негізгі типі сілтісізденген
қара топырақ, онда әр түрлі шөптесін өсімдіктер қалыптасады.
Топырақтүзуші жыныстары.Топырақтүзуші жыныстары борпылдақ жыныстар,
саз балшықтар, кей жерлерінде лесс тәрізді жыныстан тұрады.

ТӘЖІРИБЕ ТЕЛІМІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Осы аймақтағы өнеркәсіп жетекші, болашағы зор сала болғандықтан,
тұрғындардың негізгі бөлігі қала немесе қала маңында орналасқан. Сондықтан
бұл жерлерді рекультивациялау негізінен табиғат қорғау, санитарлық-
гигеналық бағытта, көгалдандыру сипатында болады.
Зырян кен орнындағы бүлінген жерлердің ауданы шамамен 200 га,
отвалдардың көлемі 100 млн. м3 астам. Отвалдың қасында ашық қазбалау
нәтижесінде пайда болған карьер орналасқан, мұнда руда шахта әдісімен
алынады. Негізгі отвал отвалдың шығыс бөлігінде орналасқан және Шығыс
отвал деп аталады.Қала шетінде кен байыту комбинаты орналасқан. (4-5
суреттер). Комбинатта руда жуылып, руданы жуған су құбыр арқылы ағып келіп,
ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлерге жіберіледі де, қалдықсақтағыш
немесе хвостохранилище пайда болады (6-суреттер).
4-5 суреттер. Зырян кен байыту комбинаты. 6-сурет. Қалдықсақтағыш
Жұмыстың бірінші сатысы тау-кен-техникалық рекультивациядан тұрады.
Алдымен отвалдың беткі жағы тегістеледі, содан кейін оның бетіне қиыршық
тас, құм төселеді, себебі отвалдардың ойлы-қырлы жерлері толып тегсітеу
үшін жасалады, сондай-ақ өсімдіктің тамыр жүйесінің қоректену ауданы
артады. Отвалдың, қиыршық тастың, құмның үстіне саз балшықты жыныс,
жергілікті қара топырақты және техногендік құм төселді.
Зерттелетін аймақта тәжірибе телімін жасау үшін сілтісізденген қара
топырақ, саз балшықты жыныс, техногендік құм, майда топырақ және қиыршық
тастар пайдаланылды.
а) Қара топырақ қалдықсақтағыштан алыс емес жерде бурттарда жиналған.
Химиялық және агрохимиялық қасиеттері бойынша отвалды биологиялық
рекультивациялау үшін керемет субстрат болып табылады. Құрылымы жақсы және
су-физикалық қасиеттері де жақсы болып табылады. Қара топырақты
қалдықсақтағыштың макңында сақтау оның құрамында мырыш пен қорғасынның
мөлшерінің артуына әкелген.
б) Саз балшықты жыныстар –биологиялық рекультивация жүргізу үшін
жарамды. Олардың химиялық құрамы жақсы, құрамында улы элементтер жоқ, азот
пен фосфор элементі аз. Жеткілікті түрде микроэлементтермен қамтамасыз
етілген. Су-физикалық қасиеттері қанағаттандырарлық. Саз балшықты жыныс
отвалдарды биологиялық рекультивациялау үшін жарамды жыныс болып табылады.
в) Техногендык құм – түрлі-түсті металлургия кәсіпорнының өнеркәсіптік
қайта өңдеу өнімі. Техногендік құмдарды кенбайыту фабрикасы өңдеуінен кейін
бірден рекультивация үшін пайдалануға болмайды, олар ұзақ уақыт бойы
олардың құрамындағы ауыр металдардан тазару үшін ұзақ уақыт бойы
қалдықсақтағыштарда жатуға тиіс. Одан кейін оларды улы жыныстардан
экрандаушы материал ретінде қолдануға болады.
г) Отвал жынысы деген ол руда маңындағы отвал жыныстарының үгілген
бөлігін білдіреді. Отвалдық жыныста аздаған мөлшерде азот, фосфор
кездеседі, ал калийдің жалпы мөлшері аймақитық топырақтағыдай кездеседі.
Өсімдік үшін керекті микроэлементтер мүлдем жоқ.
д) Кейбір отвал жыныстарында ауыр металдардың мөлшері өте көп
кездеседі.
Өндірістік отвалдарды топырақтың жоғарғы қабаттарына ауыр металдардың
көтерілуін болдырмау үшін қиыршық тас және құммен отвал жыныстарын міндетті
түрде экрандаған кезде жасанды субстрат жасау жолымен рекультивциялау
қажет.
Зырян рудалық аймағы бес кен орнынан тұрады. Осы кен орындары руданың
құрамы бойынша полиметалдық, алайда мысқа қарағанда мұнда қорғасын мен
мырыш көп. Рудалық аймақтың барлық бес кен орны әр түрлі сланцтар,
құмдақтар, туфтар және туффиттер арасында астасып жатады. Руданың беткі бос
жыныстарынан, кен байыту комбинатының өндірген ұсақ фракцияларынан тұратын
Зырян кен орнының өнеркәсіптік отвалдары, қалдықсағтағыш (6-сурет),
террикон бұрынғы бүлінбеген табиғи экожүйелердің орнында техногендік
ландшафт түзеді.
7-8 сурет. Террикон және отвал
Қазбалау орындарында тереңдігі 200-250 м жететін карьер пайда болған.
Пайдалы қазбалар кен орындарын қазбалау кемерленіп жүргізілген. Кеңдігі 8-
10 метрлік кемер-бермалар кен байыту фабрикасына руданы тасу үшін жол болып
табылады. Бұрынғы шахталардың орнында шахталық террикон бар. Ол Зырян
қаласының шетіне орналасқан және алыстан жақсы көрініп тұрады.
Ал Риддер кен орнында Риддер мырыш және қорғасын зауыттары орналасқан,
сондай-ақ Тишинка кен орнны орналасқан. Тишинка кен орнында тереңдігі 200-
250 м жететін карьер, отвалдар кездеседі.
Тишинка кен баыту комбинаты және карьер
5. ОБЪЕКТ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Тәжірибе участогында да, табиғи жолмен қалпына келген участоктарда да
топырақ шұңқырлары қазылып, топырақ горизонттары сипатталып жазылды, әр
қабаттан топырақ үлгілері алынды. Өсімдігі табиғи жолмен қалпына келген
телімдерден өсімдіктердің гербарийлері жинап алынды. Осы жиналған
материалдардың бәрі Топырақтану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz