Талғар аймағының туризм мен демалыс саласын дамытудың негізгі



КІРІСПЕ

1 ТАЛҒАР АЙМАҒЫНА ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
6
1.1 Географиялық орны мен ерекшеліктері 6
1.2 Табиғи жағдайы мен ресурстары 9

2 ТАЛҒАР ҚАЛАСЫ МЕН АЙНАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ МЕН ДЕМАЛЫС САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
20
2.1 Туризм мен демалыс саласын дамытудың табиғи алғышарттары
20
2.2 Туризм мен демалыс саласын дамытудың әлеуметтік.экономикалық алғышарттары
29
2.2.1 Аймақ территориясының этнографиялық ерекшеліктері 29
2.2.2 Тарихи.мәдени объектілер 35
2.2.3 Өндірістік.шаруашылық объектілер 41

3 ТАЛҒАР ҚАЛАСЫ МЕН ОНЫҢ АЙНАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК.РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ

48
3.1 Туристік шаруашылық 48
3.2 Талғар қаласының туризмі 53
3.3 Аймақтың туризм мен демалыс саласын дамытудың негізгі бағыттары
59
3.3.1 Туриcтік қозғалысты ұйымдастыру 62

ҚОРЫТЫНДЫ 68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 70
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде қоғамның рекреациялы іс-әрекеті әлемде қатты дамып келе жатыр. Бұл құбылыс қызмет көрсету көлемінің кеңеюіне, халықтың білім деңгейінің көтерілуіне және халықтың материалды жағдайының жақсаруына байланысты көптеген дамыған индустриалды мемлекетерде жүріп жатыр. Қазіргі таңдағы еңбек түрінің өзгерісі, адамның жүйке жүйесіне әсер ететін қысымның көбеюі, қоршаған ортаның экологиясының бұзылуы, адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіруге деген қажеттілігінің өсуі және бос уақыттың болуы жергілікті тұратын жерден тыс рекреациялық іс-әрекетпен айналысатын халықтың санының өсуіне әсерін тигізді. Осыған орай қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі – халықтың демалуына жағдай жасау болып табылады.
Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдай-ларына әсер етеді.Туризм саласының қоршаған ортаға, аудандардың экономикасы мен халықтың тұрмыстық жағдайына жағымды қуатты әсері анықталды. Осыны негізге ала отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі туристік саланы ұзақ мерзімді бағдарламаға енгізіп, болашағы бар сала ретінде қарастырды. Туризмді дамытудың негізгі мақсаты – оның жоғарғы рентабельді индустриясын құра отырып, кіріс беретін салаға айналдыру. Қазіргі кезде бұл мақсатқа жету үшін еліміздің әр түрлі аудандарының турис-тік-рекреациялық әлеуетін тиімді түрде пайдаланудың, дамытудың негізгі бағытын жасау керек.
Туристік шаруашылықты дамыту мәселесі Талғар аймағындағы ең негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Талғар аймағы туристік-рекреация-лық ресурстарға өте бай өңір. Аудан рекреациялық сұранысты туғызатын әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің жоғарылығымен және туристік салада рационалды түрде пайдалану мен жан-жақты зерттеуді қажет ететін бай туристік-рекреациялық әлеуетімен сипатталады.
Туризм географиясы тұрғысынан алып қарасақ, Талғар аймағы табиғи және мәдени-тарихи ресурстарының бай кешенімен республикамыздың жар-тылай талап етілетін туристік-рекреациялық әлеуетіне жатқызылады. Сондықтан да ауданның туристік сферасының даму болашағын анықтау демалыс пен рекреация үшін мүмкіншіліктер мен жағдайларды терең түрде, жан-жақты талдауды қажет етеді.
1. Сәтбайұлы Ә.Б. Талғар тарихы ұрпаққа мұра. – Алма-Ата: Ғылым, 1992. – 201б.
2. Пірімбетова М.П. Талғар тарихы таным көзі. – Талғар: Руханият, 1998. – 168б.
3. Маслов В.В. Жетісу – Алматы: Ғылым, 1992. – 293б.
4. Ердавлетов С.Р. Экономическая и социальная география Казахстана. – Алматы: Қазақ Университеті, 1998. – 108с.
5. Физическая география Республики Казахстан // Под ред. К.М. Джаналиевой. – Алматы: Қазақ Университеті, 1998. – 254с.
6. Айдаров К.М. Талғар аймағының табиғаты // Талғар №128, 2001. – 4-5Б.
7. Казахстан. Природные условия и естественные ресурсы СССР. – М.: Наука, 1969. – 221с.
8. Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. – Алма-Ата: Ғылым, 1992. – 183с.
9. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы. 1 том
10. Тушинский Г.К., Давыдов М.И. Физическая география СССР. – М.: Просвещение, 1976. – 238с.
11. Пузырева А.А. Климатическое районирование Южного Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1995. – 213с.
12. Вилесов Е.Н., Уваров В.Н. Эволюция современного оледенения Заилийского Алатау в ХХ веке. – Алматы: Казак Университеты, 2001. – 174с.
13. Долгушин Л.Д., Осипова Г.Б. Пульсирующие ледники. – М.: Гидрометеоиздат, 1996. – 245с.
14. Макаревич Г.К. Заложники гор // Аргументы и факты №41, 2001. – 5-6 С.
15. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. – Алматы, 2000. – 336с.
16. Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреационная география. – М.: МГУ, 1981. – 203с.
17. Вишневская И.В. Алматинский Заповедник. – Алма-Ата, 1991. – 167с.
18. Зверьев М.Д. Алматы қорығы. – Алматы, 1995. – 138с.
19. Ковшарь А.Ф. Заповедники Казахстана. – Алма-Ата, 1989. – 275с.
20 Андреев Д.А. Минеральные ресурсы Заилийского Алатау. – М.: Наука, 1986. – 212с.
21. Кубесова Г.Т. Оценка рекреационных ресурсов для целей развития турима и отдыха Актюбинской области: Автореф. дисс. канд. географ. наук. – Алматы, 2004. – 138с.
22. Турсинбаева К.С. Развитие туризма Карагандинской области: Автореф. канд. дисс. географ. наук. – Алматы, 2003.- 129с.
23. Абдикаримов Н.С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.- 301б.
24. Ақышев А.К. Қазақстан тарихы. – Алматы: Дәуір, 1994. – 324б.
25. Савельева Т.В. Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі VIII- ХVIII ғасырлардағы отырықшылыардың мәдениеті. – Алматы, 1994. – 267б.
26. Тұрлығұлова А.М. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері. – Алматы: Рауан, 1995. – 136б.
27. Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері. – Алматы: Қазақ Университеті, 2004. – 172б.
28. Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы, Қазақстан Республикасының заңы, 02.07.1992.
29. Қозыбаев М.К. Ұлы Жібек жолы және Қазақстан. – Алматы: Рауан, 1994. – 204б.
30. Байпақов М.К. Ұлы Жібек жолындағы орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары. – Алматы, 1998. – 208б.
31. Байпақов М.К. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. – Алматы, 1992. – 219б.
32. Байпақов М.К. Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы орта ғасырда-ғы қалалардың мәдениеті. – Алматы, 1996. – 223б.
33. Ақышев К.А. Іле өзенінің аңғарындағы сақтар мен үйсіндердің ертедегі мәдениеті. – Алматы: Рауан, 1992. – 247б.
34. Пірімбетова М.П. Талғар қаласы жайлы деректер. – Талғар, 1993. – 197б.
35. Кәкішев К.Т. Талғар аймағының мәдени мұралары. – Талғар, 1995. – 163б.
36. Папирян Г.А. Экономика туризма. – М.: Финансы и статистика, 1998. – 213с.
37. Талғар ауданының 2003-2004 жылдардағы әлеуметтік-экономика-лық дамуының көрсеткіштері. – Талғар, Аудандық әкімшілік, 2004.
38. Талғар ауданының Әкімшілік Экономикалық Басқармасының даму бағдарламасы. – Талғар, 2004. – 58б.
39. Талғар ауданының Ауылшаруашылық Басқармасының 2004-2005 жылдардағы бағдарламасы. – Талғар, 2005. – 78б.
40. Бейсенбаев М.К. Талғар ауданының халқы жайлы // Жетісу, №5, 2004. – 11-12Б.
41. Биржаков М.Б. Введение в туризм. – СПб.: Издательскиий Торговый Дом “Герда”, 1999. – 448с.
42. Сәтбайұлы Ә.Б. Талғар қаласының тарихы. – Талғар, 1998. – 275б.
43. Талғар Энциклопедиясы. – Талғар, 1998. – 467б.
44. Атамекен
45. Жетісу энциклопедиясы. – Алматы: Ғылым, 2001. – 446б.
46. Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы.- Астана, 2003. – 96 б.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
Талғар аймағының туризм мен демалыс саласын дамытудың негізгі бағыттары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТАЛҒАР АЙМАҒЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
6
1.1 Географиялық орны мен ерекшеліктері 6
1.2 Табиғи жағдайы мен ресурстары 9

2 ТАЛҒАР ҚАЛАСЫ МЕН АЙНАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ МЕН ДЕМАЛЫС САЛАСЫН
ДАМЫТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ 20
2.1 Туризм мен демалыс саласын дамытудың табиғи алғышарттары
20
2.2 Туризм мен демалыс саласын дамытудың әлеуметтік-экономикалық
алғышарттары 29
2.2.1Аймақ территориясының этнографиялық ерекшеліктері 29
2.2.2Тарихи-мәдени объектілер 35
2.2.3Өндірістік-шаруашылық объектілер 41

3 ТАЛҒАР ҚАЛАСЫ МЕН ОНЫҢ АЙНАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ
РЕСУРСТАРЫН ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ
48
3.1 Туристік шаруашылық 48
3.2 Талғар қаласының туризмі 53
3.3 Аймақтың туризм мен демалыс саласын дамытудың негізгі бағыттары
59
3.3.1Туриcтік қозғалысты ұйымдастыру 62

ҚОРЫТЫНДЫ 68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 70

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде қоғамның рекреациялы іс-әрекеті
әлемде қатты дамып келе жатыр. Бұл құбылыс қызмет көрсету көлемінің
кеңеюіне, халықтың білім деңгейінің көтерілуіне және халықтың материалды
жағдайының жақсаруына байланысты көптеген дамыған индустриалды мемлекетерде
жүріп жатыр. Қазіргі таңдағы еңбек түрінің өзгерісі, адамның жүйке жүйесіне
әсер ететін қысымның көбеюі, қоршаған ортаның экологиясының бұзылуы,
адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіруге деген
қажеттілігінің өсуі және бос уақыттың болуы жергілікті тұратын жерден тыс
рекреациялық іс-әрекетпен айналысатын халықтың санының өсуіне әсерін
тигізді. Осыған орай қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі – халықтың
демалуына жағдай жасау болып табылады.

Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және
әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдай-
ларына әсер етеді.Туризм саласының қоршаған ортаға, аудандардың экономикасы
мен халықтың тұрмыстық жағдайына жағымды қуатты әсері анықталды. Осыны
негізге ала отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі туристік саланы ұзақ
мерзімді бағдарламаға енгізіп, болашағы бар сала ретінде қарастырды.
Туризмді дамытудың негізгі мақсаты – оның жоғарғы рентабельді индустриясын
құра отырып, кіріс беретін салаға айналдыру. Қазіргі кезде бұл мақсатқа
жету үшін еліміздің әр түрлі аудандарының турис-тік-рекреациялық әлеуетін
тиімді түрде пайдаланудың, дамытудың негізгі бағытын жасау керек.

Туристік шаруашылықты дамыту мәселесі Талғар аймағындағы ең негізгі
мәселелердің бірі болып саналады. Талғар аймағы туристік-рекреация-лық
ресурстарға өте бай өңір. Аудан рекреациялық сұранысты туғызатын әлеуметтік-
экономикалық даму көрсеткішінің жоғарылығымен және туристік салада
рационалды түрде пайдалану мен жан-жақты зерттеуді қажет ететін бай
туристік-рекреациялық әлеуетімен сипатталады.

Туризм географиясы тұрғысынан алып қарасақ, Талғар аймағы табиғи және
мәдени-тарихи ресурстарының бай кешенімен республикамыздың жар-тылай талап
етілетін туристік-рекреациялық әлеуетіне жатқызылады. Сондықтан да ауданның
туристік сферасының даму болашағын анықтау демалыс пен рекреация үшін
мүмкіншіліктер мен жағдайларды терең түрде, жан-жақты талдауды қажет етеді.

Жұмыс Талғар аймағының туризм мен демалыс саласын дамытудың негізгі
бағытын құрастыру, ауданның туристік әлеуетінің жиын-тығынын анықтау мен
туристік-рекреациялық ресурстарын туризм мен демалыс саласына пайдаланудың
негізгі жолдарын анықтауда жатыр. Зерттеу жұмысы өте маңызды
халықшаруашылық мәселелерді шешуге бағытталады. Аймақтың демалыс пен туризм
саласын ұйымдастыру жолдары ауданның әлеуметтік кешенінің құрылуына,
экономикалық деңгейінің өсуіне, мәдениет пен тарих объектілерінің, табиғи
ландшафттардың кешенді түрде зертте-луіне, тарихи-мәдени мұра
ескерткіштердің сақталуына, халықтың экология-лық және географиялық
мәдениетінің дамуына және халық арасында тәрбиелік маңызы бар қоршаған
ортаны қорғау туралы насихат жүргізуге үлкен мүмкіншіліктер береді.

Зерттеу объектісі Талғар аймағының туристік-рекреациялық ресурста-ры
болып табылады. Зерттеу пәні ретінде ауданның туристік-рекреациялық
ресурстарын туризм мен демалыс саласына пайдалану жолдарын зерттеу және
туристік саланың даму болашағын анықтау алынады.

Жұмыстың мақсаты аймақтың демалыс пен туризм саласын дамыту үшін
туристік-рекреациялық ресурстарды белгілеу және оларды пайдалану жолдарын
анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін жұмыс барысында жұмыстың келесі міндеттері
анықталды:

аймақтың физикалық-географиялық орнына сипаттама беру;

аймақтың туризм мен демалыс саласын дамытудың табиғи және
әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын анықтау;

аймақтың жиынтық туристік әлеуетін анықтау;

аймақтың туризм мен демалыс саласының қазіргі көрінісіне
талдау жасау;

туристік-рекреациялық ресурстарды демалыс пен туризм саласына
пайдаланудың жолдарын анықтау;

туристік саланы дамытудың бағытын жасау.

Жұмыстың методологиялық және теориялық негізін туризм және
рекреациялық геграфия облысындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың
еңбектері құрады. Жұмысты жазу барысында Қазақстандағы жаңа бағыттағы
қоғамдық географияның негізін қалаушы, география ғылымының докторы,
профессор С.Р. Ердәулетовтың еңбектері және сонымен қатар И.В. Зориннің,
В.С. Преображенскийдің, Ю.А. Ведениннің, М.Б. Биржаковтың, Г.Т.
Кубесованың, С.А. Щабельникованың, Ж.Н. Алиеваның, К.С. Турсынбаеваның және
тағы басқалардың ғылыми жұмыстары пайдаланылды.[ 25 28 35 ]

Зерттеу әдістері: салыстырмалы-аналитика, жүйелі түрдегі талдау,
синтез, тарихи тұғыдан зерттеу, экономикалық және статистикалық зерттеу,
картографиялық зерттеу әдістері қолданылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Талғар аймағының территориясындағы туристік-
рекреациялық сфераның қазіргі көрінісі мен туризм мен демалыс саласының
табиғи және әлеуметтік-экономикалық даму алғышарттарын анықтау мен
бағалауда кешенді түрде зерттеу жұмысы жүргізілді. Ауданның туристік
әлеуеті мен экскурсиялық әлеуеті анықталды. Талғар қаласы бойынша қалалық
шолу экскурсия құрастырылды. Талғардың таулы аудандары бойынша туристік
категориялы тау жорығы құрастырылды. Талғар аймағының туристік картасы
жасалынды. Ауданның территориялық-рекреациялық жүйесін дамыту мен құрастыру
кезінде негізге алынатын демалыс пен туризм саласының негізгі даму
бағыттары мен туристік-рекреациялық ресурстарды пайдаланудың жолдары
анықталды.

1 ТАЛҒАР АЙМАҒЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1. Географиялық орны мен ерекшеліктері
Талғар ауданы Алматы облысының оңтүстігінде Алматы қаласының шығысында
орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан территориясының жер аумағы – 3,8 мың км2.
Аудан жер көлемі бойынша Алматы облысы территоиясының 2,7 пайызын алып
жатыр. Талғар ауданы Алматы облысының құрамына кіретін аудандардың ішінде
территориясының көлемі бойынша 12-ші орында тұр. Аудан 450 солтүстік
ендікте орналасып, солтүстіктен оңтүстікке қарай 250 км, 760 шығыс бойлықта
батыстан шығысқа қарай 100 км шамасында созылып жатыр. Талғар ауданы Іле
Алатауының солтүстік баурайы мен Қапшағай бөгенінің оңтүстік аумағында
орналасқан.
Талғар аймағының жері Қазақстанның оңтүстік-шығысынан орын алып жатқан
таңғажайып геграфиялық жағдайы бар Жетісу өңірінде орналасқан. Жетісу
географиялық облысы деген атының өзі оның нақтылы жеті өзеннің атынан пайда
болғаны туралы айтып тұрғандай. Жеті өзеннің құрамына Іле, Шу, Ақсу,
Қаратал, Лепсі; Тентек, Көксу өзендері кіреді 1. Жеті өзеннің тізіміне
Іле мен сол жағынан келіп құятын Талғар аймағындағы Шарын, Шелек, Түрген,
Есік, Талғар, Қаскелен өзендерін де енгізген жөн деп көптеген ұсыныстар
айтылуда. Бұл ұсыныстар да шындыққа жанасымды. Жетісу атауының түпкі
негізінде “өзенге бай жер” деген ұғым жатыр 2.
Жетісу өлкесінің ең бір құнарлы жерінен орын алған Талғар аймағы
оңтүстікте Тянь-Шань тау жоталарының бірі Іле Алатаудан басталып солтүстік
жағындағы Малайсары тау жотасына дейін кең ауқымды жерді алып жатыр. Талғар
ауданының батыстағы шекарасы Шымбұлақ жотасынан басталып, шығысқа қарай –
Аюлы сай, Шыбынды сай, Түзу сай, Сұлу сай, Көлсай, Кеңсай өңірлерін
қамтиды. Бұлардың бәрі де Талғар тау торабынан басталады. Талғар аймағының
оңтүстік-шығыс шетінен Назар сайлары орын алып тұр. Одан ары Салт – атты
шатқалы айрықша көрініп тұр. Салт – атты шатқалынан 3-5 шақырым қашықтықта
Тасты, Тау теректі сай-жыралары жатыр. Ол жерлерде орман өсірушілердің өз
қолдарымен еккен, көтеген қайың-қарағайдан құралған тоғайлар, орман
шаруашылығының бау-бақшалары бар.
Талғар аймағының оңтүстігін Тянь-Шань тау жоталарының бірі Іле Алатауы
қоршап жатыр. Осы қарлы жотаның ұзындығы 350 км қашықтықта батыстан шығысқа
қарай созылып жатыр, ені 30-40 шақырымдай, орташа биіктігі 4000 м. Іле
Алаиауының ең биік шыңы – Алматы қаласының шығыс жағында 20 шақырым жерде
орналасқан Талғар тау торабының Талғар шыңы. Биіктігі 5017 м. Талғар
маңындағы Іле Алатау мұзарты, биік шыңды, шілде-тамыз айларының өзінде
шыңдарының басында мәңгі мұз қорлар жатады. Іле Алатауының Талғар тау
жотасында биіктігі 4200 м Мұхтар Әуезов шыңы ерекше бой көтеріп тұр. Осы
тау торабында Талғар асуы бар, сол арқылы Медеу аймағынан Талғар өңіріне
келуге болады. Ол асуда екі жол бар, бірі Медеу, Күйгенсай арқылы Шыңбұлақ
үстіртінен аспалы шаңғы жолымен көтеріліп, одан сол Талғар шатқалына түсуге
болады. Екінші жол Үлкен Алматы шатқалына өрлей Тоғызақ асуына асып, сол
Талғар өзенінің бас жағын ала сол жағынан шығуға болады. Іле Алатауының
солтүстік бөктері тереңде тік жартасты алқаптары бар бай шатқалдардан
тұрады.
Талғар тау торабы Іле Алатауының ең биік ауданы. Бұл жерлерде бұлттан
асқан аса биік шыңдар, әсіресе оның ішінде Талғар шоқысының орасан зор
мұзарттарының, үшкір ұштас жартастарының, үлкен үйінділерінің, мұнша
қызғылықты ұштасуын табиғат Іле Алатауының басқа аудандарындағы ешбір жерде
жасай алмапты. Мұның өзі ерекше табиғи құбылыс 3.
Талғар шыңының шоқысын Талғар тау торабы жасырып тұр. Талғар шоқысы
Талғар қаласының шығыс жақ бөлігінен көзге шалынады, ал толық суреті Құлжа
жол бойынан түгелдей көрінеді.
Іле Алатауын тұңғыш рет П.П. Сеиенов Тянь-Шаньский, географ-ғалым
Шоқан Уәлиханов және В.В. Дмитриев зерттеп, көп құнды еңбектер қалдырған.
Талғар аймағының жер бедері оңтүстікте қар мен мұз басқан биік
таулардан тұрса, орталық және солтүстік бөлігі Қапшағай бөгеніне қарай
ылдилап келеді. Территорияның үстінгі бетіне байланысты аудан аймағын
шартты түрде оңтүстік таулы бөлікке және солтүстік жазықтарға бөлуге
болады. Бұл өңір сай-жырлармен қатты тілімденген. Жерінің 25 пайызын тау-
құздар алып жатыр.
Таулы аймақтың табиғаты төменде жазықтық табиғатынан ерекшеленіп
тұрады. Таудың етегінде таңғажайып пирамида тәрізді теректермен жиектелген
бау-бақша мен жүзім егісінің кең тармақтары жатыр. Таудың төменгі бөлігінде
жабайы алма, өрік, долана және басқа да жапырақты ағаштар өседі. Таудан
жоғары көтерілген сайын бұл ағаштар тобы құрамында тянь-шань шыршасы бар
қылқан жапырақты ормандармен ауысады. Таудың одан жоғары қыраттарында
құрамында көптеген гүлдермен көмкерілген шырынды, құнарлы шөптері бар
альпілік шалғындар кездеседі. Бұл шалғындар жазғы жайылым ретінде саналады.
Альпілік шалғындардан жоғары мүк пен қынадан тұратын тамырлы батпақпен
жамылған тау тундрасы орналасқан. Тундраның үстінен өсімдік жамылғысы
мүлдем жоқ қар мен мұз басқан қыраттар бой көтеріп тұр 4.
Талғар ауданының таулы аймағынан бір күннің ішінде жылдың төрт
мезгілін кездестіруге болады. Қыркүйек айында таудың етегінен басына қарай
жорық жасауға болады. Тау етегінде ол кезде піскен жеміс-жидек пен бау-
бақшаға толы күз мезгілі көрініс тауып тұрады. Одан жоғары тауалды
жоталарда жап-жасыл ағаштарымен жаз мезгілі күтіп тұрады. Ал альпілік
шалғындарға жеткенде көктем көрініс береді. Таудың биік шыңында қарлы
ұйытқыған боранымен, мұзымен, аязымен мәңгілік қыс мезгілі жатыр. Тау
жоталарына шығу ыстық шөлден суық Антарктикаға барғандай өте қызықты. Бұл
құбылыс Іле Алатауының вертикалды белдеулігіне тән. Ғалымдар оны табиғи
ландшафттық биіктік белдеулігінің әсерінен деп түсіндіреді. Бұл таңғажайып
көрініс Қазаққстанның басқа тауларының ешқайсысында кездеспейді.
Аймақ Алматы облысының құрамында орналасқандықтан мұхиттардан алыс
қашықтықта жатыр. Сондықтан да климаты шұғыл континенталды. Климаттың
континенталдылығы таудан жоғарлаған сайын айқын біліне бастайды. Биік таулы
аймақтар суық климатпен, көп мөлшердегі жауын-шашынмен (жылына 800-1000 мм)
ерекшеленеді. Тауалды жоталар мен төменгі жазықтар жылы ауа
температурасымен және жеткілікті табиғи ылғалдылықпен (3000-600мм)
сипатталады. Ауданның қоңыржай белдеудің орташа және оңтүстік ендіктерде
орналасуы күн радиациясының үлкен ағымының таралуына себепші болады. Бұл
процесстің әсерінен ауа температурасының көрсеткіштері жоғары болады,
булану процесі тез өтеді. Осы табиғи процесстердің барлығы қосылып
територияда аридтік ландшафттардың пайда болуына жағдай жасайды.
Ауданның оңтүстігі мен солтүстік-шығысындағы биік таулар оның
климатына, гидрографиясына және топырақ-өсімдік жамылғысына елеулі әсерін
тигізеді. Іле Алатауы ендік бойынша созылып жатқан жалпақ дөңес құрып тұр.
Талғар ауданы жылы күндер санымен және ұзаққа созылатын вегетациялық
кезеңдері бар шаруашылық жүргізуге қолайлы өңір. Ауданның орналасқан
географиялық орны оның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор әсерін тигізеді.
Мұнда жазықтарда қоңыр-сұр топырақ, тауалды жоталар мен тауларда қызғылт-
қоңыр және құнарлы қара топырақ кездеседі. Ауданның Алматы облысы
территориясында орналасуы шаруашылық, әлеуметтік және рекреациялық іс-
әрекеттің әртүрлі түрлері мен формаларын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер
береді. Аймақтың орналасқан географиялық орны өндірістік шаруашылық
түрлерін жүргізуге өте қолайлы. Ауданның Алматы облысының құрамына кіруі,
аудан орталығы Талғар қаласының оңтүстік астанамыз – Алматы қаласына жақын
орналасуы табиғи байлықтарды игеруде, шаруашылық субъектілерінің үздіксіз
жұмыс істеуіне, орман шаруашылығы мен ауылшаруашылық секторын дамытуда көп
көмегін тигізеді. Ауданның солтүстік жағы Қапшағай бөгенімен шектеседі.
Бөгеннің едәуір бөлігі аудан құрамына кіреді. Бөген суымен көршілес жатқан
елді мекендердегі 250 мың гектардан астам жер суарылады. Онда күріш, бақша
дақылдары егіліп, сонымен қатар шабындық пен жайылым суладырылады. Аймақтың
шығыс жақ жағалауы Еңбекші қазақ ауданымен шектеседі. Еңбекшіқазақ ауданы
Алматы облысына кіретінэкономикалық әлеуеті жағынан алдыңғы қатардағы
аудандардың бірі. Талғар ауданы бұл ауданмен ауылшаруашылық секторындағы
біріккен шаруашылық субъектілері арқылы байланыс жасап тұрады. Аймақтың
оңтүстік жағалауы биік таулы аудан. Бұл таулы аудандар жергілікті халықтың
демалатын жері болып табылады. Осы оңтүстіктегі таулы аудандар демалыс пен
туризмнің белсенді түрлерімен айналысуға зор мүмкіншіліктер береді. Таулы
аудандар табиғи-рекреациялық ресурстарға өте бай өңір. Ауданның батыс
жағалауында Алматы қаласы орналасқан. Алматы қаласынан солтүстікке қарай
Іле ауданымен шектеседі. Батыс жағалауындағы көршілес жатқан аймақтар да
қолайлы серіктес аудандар ретінде саналады.

2. Табиғи жағдайы мен ресурстары
Демалушылардың демалу мен саяхат орнын таңдауда табиғи ресурстар
үлкен рөл атқарады. Туристер сол ауданның ландшафт пен климат ерекшелі-
гіне, өсімдік және жануар әлемдерінің әр түрлілігіне, спорт, аң мен балық
аулау мүмкіндіктеріне қатты назар аударады. Рекреациялық іс-әрекеттің
формалары мен түрін дамыту ауданның табиғи ресурс кешеніне байланысты.
Үлкен туристік кешенді дамыту және жеке туристік объектінің пайда болуына
бірдей мемлекеттің не ауданның географиялық орналасу орны маңызды рөл
атқарады. Ол дегеніміз мұхит, орман және тау массивтеріне, демалушылардың
негізгі ағымдарына, транспорттық магистраль жолдарына жақын орналасу
Жер бедері мен геологиялық құрылымы. Аудан территориясында екі негізгі
морфоқұрылым орныққан: Тянь-Шань таулы жүйесінің тау сілемдері және тау
арасындағы Іле қазаншұңқыры. Таулы аймақтардағы геоморфологиялық жағдайлар
басқа да табиғи факторлармен бірігіп интенсивті эрозия және гравитациялық,
гляциалды, қар-көшкінді және криогенді процесстердің болуына жағдай жасап
тұрады. Мұнда жиі болатын табиғи процесстер – селдер 5.
Территориясының жер бедерінің қабатына байланысты аудан аймағын шартты
түрде Оңтүстік таулы бөлікке және солтүстік жазықтарға бөлуге болады.
Ауданның шеткі оңтүстік бөлігі Іле Алатауында жатыр. Іле Алатауы Тянь-Шань
таулы жүйесінің шеткі солтүстік тізбегінде орналасып, Күнгей Алатауы
жоталарымен Солтүстік Тянь-Шань тау жүйесін құрып тұр. Ауданның таулы
бөлігі 730 пен 780 шығыс бойлық арасы мен 430 солтүстік ендікте
орналасқан. Іле Алатауы жотасы солтүстікте терең тектоникалық ойыс болып
тұрған Іле қазаншұңқырымен шектеседі. Оңтүстікте Күнгей Алатауы тау
жоталарынан ағып түсетін Шелек және Үлкен Кемин өзен аңғарларымен
шектеседі. Күнгей Алатау тау жоталары орталық бөліктерімен Шелек-Кемин
немесе Талғар тау сілемін құрады. Батыста Іле Алатауы Қастек асуынан кейін
Кеңдік тас тау бөктеріне дейін созылып жатыр. Шығыста Шелек өзенінің аңғары
кесіп өткеннен кейін биік емес тау жоталарымен жалғасады 6.
Іле Алатауы ендік бойынша созылып жатқан дөңес құрып тұр. Дөңестің
көтеріңкі жағының ұзындығы 250 км-ге созылып, оңтүстікке қарай бағытталған.
Сол 250 км ішіндегі 150 км биік орталық бөлік. Оның биіктігі 4000 м-ден
асады. Негізгі суайрықты жотадан өткір шыңды тау қырқалары меридиан
бағытында таралады. Бұл тау қырқалары негізгі өзен бассейндерін бөліп
тұрады. Мұндағы негізгі тау ыдырлары бөлшекті ыдырлар жүйесін құрып тұрады
7,8.
Аймақтағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге
дейінгі кристалды тақтатасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ
мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер және тағы басқа полеозой
жыныстары кездеседі. Тау етегі және аймақтың биіктігі орташа өңірлері
плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Аймақтағы таулардың
алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан
кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, ыдырлы жазық
қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында альпілік орогенез кезінде
пенепленге айналған өңір тектоникалық процесстер нәтижесінде кәдімгі
тауларды түзеген. Мұнда ысы кезге дейін тектоникалық процесстер жалғасуда.
Оқтын- оқтын болатын жер сілкінулер – соның айқын дәлелі 9.
Іле Алатауының осындай морфологиялық құрылымы оның солтүстік
жоталарынан ағып түсетін меридиан бағытында жатқан өзен аңғарларының
бағытын анықтайды. Іле Алатауының құрылымына солтүстік және солтүстік-батыс
ауа массалары қатты әсерін тигізеді.
Солтүстік тау жоталары құм-тасты конглометрлік, неогендік және төрттік
кезеңдердің шөгінділерінен құралған. Ежелгі палеозойлық, герциндік тау
сілемдері мезозой кезеңінің аяғына дейін пенеплендік күйге дейін қираған.
Үштік кезеңнің аяғына қарай қуатты тектоникалық қозғалыстар жиі болып
тұрады. Бұл процестің қорытындысында жергілікті полеозойлық фундамент
көлденең немесе түзу бағыттағы жеке блоктар мен блоктар жүйесіне бөлінеді.
Блоктар жүйесінің торы таудың әр түрлі биіктігінде болып тұрды. Тау
жоталарының фронталды бөлігі мен фланг бөлігінде де вертикальды сатылы
құрылым осы процесстердің нәтижесінде пайда болды 10.
Тау жотасының ұзаққа созылған көтерілу процесі кезінде, шұғыл суытатын
циклдармен алмасып келетін жылы және ылғалды кезеңдердің бірнеше рет
қайталануы үштік кезеңнің аяғында басталған төрт рет болған мұз басу
процесіне себепші болды. Бірінші реттік мұз басу жер бедерінің беткі
қабатын ғана қамтиды.екінші реттік мұз басу жер бедерін жартылай ғана
басты. Қалған үшінші реттік пен төртінші реттік мұз басу кезеңі ұзаққа
созылды. Мұз басу дәуірі аккумуляция процесінің зор көрінісімен
сипатталады. Мұз басу дәуірі аралық мұз басу дәуіріне бөлінген. Аралық мұз
басу кезінде мұз басу процесі тоқталып, эрозиялық процесстердің үлкен
масштабтағы дамуы жүрді. Бірақ мұз басудың тоқтау процесі бірқалыпты
жүрмеді. Кейбір уақыттарда мұз басу процесі шұғыл тоқтады, ал басқа
кезеңдерде тұрақты сақталынып тұрды. Мұз ерігеннен кейін артынан қуатты
мореналар қалдырып отырды. Ең соңында бұл мореналар жуылып, эрозиялық
процесстердің арқасында түгелімен жойылды. Соңғы рет болған мұз басу
дәуірінің ғана мореналары сақталды. Бұл мореналармен 2600-2700 м биіктікте
орналасқан ежелгі мұз басу цирктері мен аңғарлардың табаны толды.
Іле Алатауының геологиялық құрылымының ерекшелігі жаңа тектоникалық
процесстердің интенсивті түрде өтуі. Іле Алатауының солтүстік жотасы
түгелімен тектоникалық қалдықтармен бөлінген. Бұдан басқа таудың солтүстік-
батыс пен солтүстік-шығыс жоталары да сынықтармен бөлінген. Іле Алатауы
жер бедеріндегі негізгі ерекшелік ғасырлар бойы жиналған тау жыныстарының
тізбектеліп орналасуы. Мұның өзі жер бедерінің дамуымен даму бағытын
сипаттайтын физикалық-географиялық жайдайларға, биіктік зоналдылыққа және
территорияның тектоникалық даму ерекшелігіне себепші болды. Іле Алатауы
геологиялық құрылымында әр түрлі жыныстар басты рөлді ойнайды. Тау
жоталарының осьтік бөліктері гранитті интрузиялардан және протерезойдың
метоморфтық жыныстарынан, қыраттары палеозойдың эффузивті-шөгінді жыныстар
кешенінен құралған.
Геологиялық құрылымына протерезойлық және төменгі палеозойлық
геосинклинальді шөгінділер, тас көмірді девондық, пермдік, вулканогендік
қалдықтар қатысады. Тұндырылған шөгінді тау жыныстары мен метоморфтық қалың
болып қабаттасқан жыныстар өте қатты дислокацияланған. Тау арасындағы
қазаншұңқырларда палеоген-неогендік және төрттік кезеңнің жұмсақ бос
шөгінділері кең таралған. Бұл тау массивінің көбісі 8-9 баллды сейсмикалық
зонаға жатады. Көктемде сел тасқыны болуының қаупі бар. Қыста қар көшкіні
жиі болып тұрады.
Іле Алатауының солтүстік беткейі Талғар, Кіші Алматы шатқалдарымен
тілімденген. Биік таулы территорияларда тегістеліп әр түрлі кезеңнің
жыныстарынан құралған жазық жер бедерлері де кездеседі.
Жазық территориялардағы алдыңғы қатардағы экзогенді процестер: эрозия,
аллювиалды аккумуляция, құмды материалдардың эолдық орын алмастыруы, көл
жағалауындағы абразия және сорлардағы тұздардың мүжілуі. Бұлардың ішінде
эрозия мен абразия процестері айқын байқалады. Абразия – көлдердің және
өзге де су қоймалардың жоғалуындағы түп жыныстардың толқын мен ағын
әсерінен механикалық бұзылуы және мүжілуі 11. Жазық кеңістіктер төменгі
тау жоталарымен кезектесіп орналасады. Төменгі тау жоталарында эрозиялық
процесстер басқаша өтеді. Оларда жауын генезисінен құралған селдер, онша
үлкен емес опырылған құламалар, көшкіндер болып тұрады.
Аудан территориясына жиі және айтарлықтай жер сілкіністерін болдыратын
интенсивті неотектоникалық қозғалыстар тән. Тау жыныстарының құрамы,
олардың өзара әсері және жазықтардағы таралу ерекшелігі ежелгі дәуірден
алуан түрлі. Жазық жерлерде негізінен құрамында сары топырақты және құмды
шөгінділер басым кайназойлық кезеңнің қалдықтары кездеседі. Тауларда тау
жоталарының осьтік бөлігінің перифириялығынан оның петрографиялық фонының
өзгерістері болып тұрады. Төменгі тау белдеулеріндегі жер бедерінің
түзілуінде сары топырақтар, палеогендік, неогендік шөгінділер және
метоморфтық жыныстар басты рөлді ойнап тұр. Төменгі тау жоталары мен биік
тау жоталарында да магматикалық және метаморфтық жыныстар басты позиция
алып отыр. Жарлы тау массивтерінің құлауынан тұнба жыныстардың құрамы
өзгеріп тұрады. Тұнба жыныстардың әсерінен тектоникалық қозғалыстар жиі
болатын. Төменгі тау жоталарында сары топырақтан басқа таулы аллювий,
проллювий, көшкінді жыныстар және қыратты-баурайлы шөгінділердің кең
спектрі кездеседі. Төменгі тау жоталарында коаллювиалды шөгінділер, ежелгі
мореналық жиналған жыныстар, қар-көшкінінің тасымалдаған тас-құмдары,
құлама массивтер, жиі кездеседі. Биік таулы жоталарда мореналар,
флювиогляционалды шөгінділер, тасты глетчерлер, тас-құм жыныстары, құрымдар
кең тараған. Қазаншұңқырлардың да шөгінділері кездеседі. Тау
баурайларындағы шөгінділер негізінен шөгінді шлейфтермен құралған. Тау-
құздардағы жыныстардың ежелгі тұрақтылығы оның жарықты құрамына, желге
мүжілген деңгейіне тәуелді.
Климаттық жағдайлары. Аудан территориясындағы жазықты және таулы
аймақтардың климаты кеңістігіне байланысты ерекшеленеді. Жазық
кеңістіктерде континентальді климат, ал шеткі солтүстік облыстарында шұғыл
континентальді климат басым. Жазық жерлердегі ауа температурасының жылдық
амплитудасы 350 С-дан жоғары, ал кейбір кездерде 400 С-дан асады. Таулы
аймақтарда тау ішіндегі шұңқырларды қоспағанда әдетте ауа температурасының
жылдық амплитудасы 250 С. Биік таулы аймақта ауа температурасы төмен болып,
өзінің континентальдігімен теңіз жағалауындағы климатқа ұқсас.
Климаттың континентальдігі оның жылдан-жылға қарай өзгерісінен де
байқалады. Мысалы, аязды қыс мезгілі салыстырмалы жұмсақ қыспен алмасады;
қатты ыстық жаз қоңыржайлы салқын ауа райымен алмасады. Ертеңгі және кешкі
уақыттағы суықтық қолайлы жылы кезеңдермен кезектесіп отырады. Тауларда
мұндай өзгерістер жиі байқалмайды. Бұл жағдайларды жерді рационалды түрде
өңдеумен, мал шаруашылығымен және шаруашылықтың басқа сфераларымен
айналысқанда ескеру керек.
Тауларда термикалық жағдайлар биіктікке байланысты өзгеріп отырады.
Бұл процесстің маңызды жағы аязы жоқ, салқын ауа райының ұзаққа созылуы
болып есептелінеді 10,11.
Биік таулы аймақтарда, әсіресе теңіз деңгейінен 3000 м биіктіктен
жоғары жерде аязсыз күндер мүлде байқалмайды. 3500 м биіктіктен жоғары
жайлауларында тәулік бойы топырақта да суықтық, 4000 м биіктіктен жоғары
ауада да суықтық байқалады. Іле Алатауының теріс жылдық ауа температурасы
2600-2700 м биіктікте байқалады. Биік таулы аудандарындағы өте маңызды
термикалық жағдайлар ауа температурасының 00 С-ға төмендеуі. Бұл процесстер
әдетте жаз мезгілінде өтеді. Бірақ кейбуір кезеңдерде оңтүстік
экспозицияларда қыста қары жоқ учаскелерде де байқалады. Бұл температуралы
факторлар түрлі инжинерлік құрылымдардың беткі жағында айқын көрініс
табады. Мысалы, жол жамылғыларында анық байқалады. Оңтүстіктердегі
жарықтарда бұл құбылыстар суық кезеңдерде айтарлықтай белсенді түрде өтеді.
Іле Алатауының климаттық жағдайларына солтүстік және солтүстік-батыстағы
ауа массаларының әсері өте мол. Биіктікке көтерілген сайын ауа
температурасы келесі 100 м 0,58 – 0,60 С-ға төмендейді. Іле Алатауында
биіктік өскен сайын жауын-шашын мөлшері көбейе түседі және ылғалдылық мол
болады.
Талғар аймағының климаты қоңыржай-континентальді. Қыстың орташа
температурасы минус 10,20 С, жаздың орташа температурасы 21,60 С,
абсолютті минимум температура минус 370 С, абсолютті максимум температура
400 С.
Аудан территориясындағы жазықтардың ылғалдану таулы террито- риялармен
қарама-қарсы жүреді. Жазық жерлерде жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері
100-250мм аралығында түрленіп тұрады. Бұл территорияның аридтік ерекшелігін
анықтайды. Тауларда жауын-шашын мөлшері анықталған гипсометрлік деңгейге
(3000м) қарай көбейеді, одан кейін барып төмендейді. Жалпы тауларда
атмосфералық мөлшері 800 - 1400мм аралығында боладыӨсімдік жамылғысына
жағымды әсерін тигізетін осы жағдайдың арқасында таудың ылғалдығы
анықталады. Жазық жерлердегы жауын-шашынның аз мөлшері және буланудың
жиілігі шөлді және шөлейтті ландшафттардың құрылуына себепші болды.
Ауданның қар жамылғысы кеңістік бойынша да, уақыт бойынша да өзгеріп
тұрады. Жаздық кеңістіктердегі шөлді аймақтарда қар жамылғысының өзгерісі
айқын білінеді. Құмды массивтерде қар жамылғысы ала-құла болып мозаикалық
көрініс беріп тұрады. Жер бедерінің қарсыз жан- жақты құмды төбелері қарлы
адырлы жерлермен кезектесіп келеді. Сондықтанда құмды шөлдер ежелден қысқы
қыстау ретінде пайдаланып келген. Шөл мен шөлейттердің қар жамылғысы, оның
үзіктілігі, қуаттылығының аздығы белсенді жел салмағының және қатты шөгінді
жыныстардың болатынын көрсетеді. Жазықтықтағы қар жамылғысы жылдан-жылға
қарай өзгеріп тұрады. Ол негізінен климаттың континентальдігіне тікелей
тәуелді.
Тауларда қар жамылғысының көптеген параметрлері биіктікке байланысты
өзгеріп тұрады. Төменгі тау жоталарында жер бедерінің формасына байланысты
қар жамылғысы (салыстырмалы ойысты жер аудандары, аз тілімденегн жерлер,
баяу соғатын желдер) еркшеленеді. Төменгі тау жоталарында қар жамылғысының
кеңістік бойынша үзіктілігі тау баурайларының құлама тік болуына, тасты
сынықтар мен ірі қалдықтардың кең таралуына байланысты өседі. Ормандарда
шыршалардың ұшар басының астында әдетте қар жамылғысы болмайды. Оңтүстік
экспозициядағы қыраттарда қар жамылғысы қар көшкінінен кейін пайда болады.
Бірақ ашық күндері қар жамылғысы бірнеше тәуліктен кейін еріп кетеді.
Желдердің соғуы мен қардың басқа жерге орын алмастыруынан да қар жамылғысы
көпке дейін жатпайды.
Биік таулы аймақтарда қар жамылғысының кеңістік үзіктілігі максимум
деңгейіне жетеді. Тауда қыраттар, қатқыл шөгінділер, құрымдар кең таралған.
Оларда қар жамылғысы мүлде жоқ немесе кейбір жерлерінде ғана таралған. Қыс
мезгілінде қатты жел соғулар жиі болып тұрады. Жел айдап кеткен беткейлерде
қар айдаулары көп болып тұрады. Қар айдаған үскірік желдің биіктігі 2 м
дейін жететін қуатты болады.
Орташа тау беткейлерінде қар көшкіндері қыс пен көктем айларында жиі
болып тұрады. Биік тауларда қар көшкіні жыл бойы тоқтаусыз өтіп тұрады.
Климатты сипаттайтын маңызды факторлардың бірі жел болып табылады. Іле
Алатауының таулы аймақтарында самал жел үздіксіз соғып тұрады. Қыс пен
көктем айларында желдің арқасында біраз қолайсыз жағдайлар туындайды.
Кейбір кездерде жердің жағымды пайдалы жағы да бар. Талғар қаласы мен оның
айналасының ауасын тазартып тұрады. Сонымен ауданның климатық жағдайлары
аймақтың биіктігіне байланысты өзгеріп тұрады. Шаруашылық сферасында мұны
ескеріп отыру қажет.
Топырағы мен өсімдік жамылғысы. Аймақтың жер бедерінің морфологиялық
негізгі құрылымы литогендік негіздің және климаттың ерекшеліктері ауданның
табиғи кешенін анықтайды. Топырақ жамылғысы алуан түрлі әр түстілігімен
ерекшеленеді. Тауалды қыраттарда ашық-қызғылт және жоғарғы горизонттарда
қарашірігі 15-18 пайыз болатын тау-шалғынды альпілік топырақ таралған.
Жазықтарда қоңыр-сұр топырақ, тауға жақын учаскелерде құнарлы қара топырақ
кездеседі. Солтүстік және оңтүстік тау жоталарының өсімдік жамылғысында да
біраз ерекшеліктер бар. Солтүстік жотасы орталық, шығыс және батыстық бөлік
болып бөлінеді. Орман ағаш түрлерінен Тянь-Шань шыршасы басым болып келеді.
Тау баурайына көз шалып қарасақ тау өзендерінің шатқалдарымен ғана бөлінген
орман тізбектерін көреміз. Бұның барлығы Іле Алатауының солтүстік жотасының
экспозициясында жатыр. Ал оңтүстікке қарай бағыттасақ екпе ағаштар тізбегі
біраз сиреп тіпті мүлде жоқ жерлері де бар. Жер бедерінің мезо және микро
әр түрләілігі климаттық жағдайлардың алуан түрлілігі болуымен анықталады.
Бұл өсімдік жамылғысының белдеулік және ішкі белдеулік дифференциациясына
да себепші болады. Биіктік белдеулердің өсімдік жамылғысы ендік зоналардағы
өсімдік жамылғысындағы өсімдік түрлерімен ұқсас емес. Биіктік белдеулерде
альпілік шалғындар және биік таулы суық шөлдер жатыр. Биіктік белдеулілік –
топырақ жамылғысының, өсімдік пен жануарлар әлемінің физикалық-географиялық
кешенінің алмасуы. 250 м биіктіктен жоғары ландшафттарда тік қабырғалы
шатқалдар, орман массивтері, азиялық сирек кездесетін ормандар таралған.
Субальпілік шалғындар 3100-3200 м биіктікке дейін таралған. Тау-шалғынды
топырақта субальпілік шалғындар мен таулы-мұзды жер бедерінде биік таулы
белдеу орналасқан. 3000 м жоғары альпілік шалғындар кездеседі. Гляциальды-
нивальді белдеу 3400-3500 м биіктікте созылып жатыр. Биіктік белдеулерден
төмен қарай сары топырақты қабаттарда қалыптасқан дәнді шөптер биіктігі 900-
1200 м белдеуде орналасқан. Одан жоғары бұталы-дәнді өсімдіктер өскен. Бұл
өсімдіктер қабаты 1300 м биіктікке дейін созылған. 1500-1700 м биіктіктер
арасында орманды-жазықты белдеу жатыр. Белдеудің топырағы таулы-орманды
қара-сұр топырақ. Жапырақты ормандар бұталы ағаштармен теңіз деңгейінен 900-
1600 м биіктік аралығында кең таралған. 1600 метрден 2700 метрге дейін
таулы-орманды қара түсті, таулы-шалғынды қарашірікті топырағы бар орта
тауларда орманды-шалғынды дала белдеуі жатыр. Бұл белдеудің төменгі
бөлігінде шырша фрагменттерінің орманды формациялары таралған.
Өзендері мен жер асты сулары. Жер беті суларының бір жағынан су спорт
түрлерін дамыту, балық аулау, таза ауада шомылу маңызы болса, екінші
жағынан ландшафттың жоғары тартымдық көз қарасынан да маңызы зор. Рекреация
үшін тиімді гидрологиялық жағдайлар басты орында қажетті температурасы мен
ағысы дұрыс, ластанбаған су ағындары мен жер бетілік сулардың баршылығы,
табиғи жағажайларды жасау, не болмаса жүзу бассейндерін құру үшін
мүмкіндігін бере алады, одан басқа қозғалмайтын су көздері де су спортының
әр түрін дамытуға жағдай жасайды.
Талғар аймағының өзендер жүйесі Балқаш-Іле макрогеожүйесіне кіреді.
Мұндағы негізгі геожүйе Алматы субгеожүйесі. Алматы субгеожүйесі Үлкен және
Кіші Алматы, Қаскелен және Талғар өзендерінің аккумулятивті іс-
әрекеттерінен құралған. Бұл өзендердің сол жағалаулы сағалары Қапшағай
бөгеніне құйылады. Мұзды ағынның көлемінен геожүйенің функциясының
интенсивті деңгейі тәуелді. Алматы субгеожүйесін құратын физикалық-
геграфиялық ерекшеліктері: литогенді негізді құратын жыныстарының әр түрлі
кезеңдерге жатуы; суайрықтардан төмен қарай геожүйенің сатылы дамуы; жауын-
шашын мөлшерінің ағын зоналарына байланысты өзгеруі. Алматы қалалық
агломерация геожүйенің дамуы кері әсер ететін энергетикалық, өндірістік
және тағы басқа да антропогенді әсер етеді. Геожүйенің табиғи өмір сүруіне
техногенез қуатты факторлардың бірі ретінде әсер етеді. Ауа бассейнінің
ластануы Алматы субгеожүйесінің табиғи әлеуетіне өте үлкен зиян келтіреді.
Талғар ауданының территориясында Алматы субгеожүйесіне кіретін негізгі
өзен – Талғар өзені. Талғар өзенінің салалары – Сол Талғар, Орта Талғар, Оң
Талғар. Бұл өзендердің барлығы Іле алабына кіреді. Өзендердің барлығы
бастауын Іле Алатауының басынан алады. Талғар мұздығынан басталып Қапшағай
бөгеніне құяды. Өзендердің қоректенуінде таулы бөліктердегі су ағынын тез
арада көтеріп жіберетін жаз айларында еритін мұз сулары басты рөльді
ойнайды. Қоректену типі аралас мұз-жаңбырлы болады. Өзен суының қоректенуі
көктемгі жазғы кезеңдерде , әсіресе сәуір-қыркүйек айларының аралығында
жүреді. Қоректену процесі әр түрлі биіктік зоналарындағы қар мен мұздың
еруінен, орта ендіктердегі жаңбыр суының қосылуымен жүреді. Таулы
аймақтарда өзендер 200 құламалардан ағып түскенде ағыс жылдамдығы қатты
болып келеді. Талғар өзенінің ұзындығы 117 кс, су жинайтын алабы 444 шаршы
шақырым. Аңғары тар шатқалды, кей жерінде арнасы тік жарлы болып келеді.
Жылдық орташа су ағыны Талғар қаласының тұсында 10,6 м3сек. өзен
аңғарларының кейбір учаскелерінде су құламалары да кездеседі. өзендердің
ені 10 метрден аспайды, орташа ені 5-8 м, тереңдігі 1-2 метрге дейін. Тау
өзендерінің ағындарының жылдамдығы жазық жерлерде ағатын өзендерден
айырмашылығы олардың тасымалдау мүмкіншілігімен, эрозиялық және
аккумулятивті іс-әрекеттермен анықталады. Таулы аймақтағы өзен аңғарында
тереңдеген эрозия, жазықтағы өзендерде бүйір жақты эрозия және аккумуляция
кездеседі. Өзендердің таулы және жазықтықтағы ағып өтетін аңғар бөлігінің
температуралық және мұздық режимінде бірқатар айырмашылықтар бар. Таулы
аңғарларда су суық, жаз айларындағы температурасы 100 С жақын. Ал қыс
мезгілінде су ағынының қатты жылдамдығынан тегіс мұз жамылғысы түзілмейді.
Жазық жерлерден өтетін өзен аңғарларындағы судың температурасы жаз
айларында жоғары болады. Мысалы, өзен суының таяз жерінде су 250 С дейін
қызады. Қыста жазықтағы өзендерде тегіс мұз жамылғысы түзіледі. Су ағысы
жай, баяу ағатын болады.
Өзендердің таулы және жазықтықты бөлігінің суы минерализациясымен
ерекшеленеді. Тау өзендерінің суы әдетте 10-25 мгл дейін минералданады,
жазық жерлерден өтетін өзен сулары 900-4500 мгл минералданады.
Талғар аймағының территориясының шығыс жағынан Есік субгеожүйесі Есік
өзені ағып өтеді,. Есік субгеожүүйесі Есік өзенінің бассейнінде дамитын
геожүйелерді біріктіреді. Есік өзенінің ағысы нивальды-гляциальды геожүйесі
уақытша болатын мұз басуға тәуелді. Геожүйенің диапазоны ендік бойынша
таулы-орманды зонадан құрғақ далалыққа таралған. Оңтүстіктен солтүстікке
қарай орташа жылдық ағыс қалыңдығы 1000 мм – 2 мм азаяды. Есік геожүйесінің
флорасы көркем және эндемикті.
Шеткі өзендердің тобын “қарасу” деп аталатын кішкене өзеншелер құрады.
Бұл өзеншелер жерасты суларымен қоректенеді. Мұндай өзендерге ауданның
Тереңқара, Құлтопай, Нұра, Жалғамыс өзендері жатады. Бұлар жазық жерлерде
ағатын өзендер. Бұл өзендер тау өзендерінің конустық перифириясындағы
бұлақтардан қоректенеді.
Бұрынғы кездерде бұл таза, қауіпсіз, керекті өзен сулары үлкен
шаруашылықты маңызға ие болатын. Бұлақтардың шығып жатқан жерлерінде
уақытша тұратын үйлер, кейіннен үлкен ауылды мекендерге пайда болатын.
Бірақ күндері топырақтың ластануынан, жерасты суларына химиялық заттардың
келіп қосылуынан өзен сулары алғашқы маңыздылығын жоғалтты.
Көлдер қазаншұңқырларының құрылуына байланысты тектоникалық,
дельталық, жайылма, эолды болып бөлінеді. Таулы көлдердің құрамында құлама,
құлама-тектоникалық және тағы басқа да мұздықтар болады. Олар салыстырмалы
мөлшерімен ерекшеленеді. Бұл көлдердің түзілуінде күрделі жер сілкіністері
басты ролді атқарған. Көл орналасқан территориякөркемділігімен,
салыстырмалы жеңіл қол жетерлігімен танымал болады. Мұндай көлдер қатарына
Іле Алатауында орналасқан Есік көлі жатады. Есік көлі – Іле Алатауының
теріскей баурайындағы әсем шатқалдардың бірінде теңіз деңгейінен 1759 м
жоғарыда орналасқан. Аумағы – 0,86 шаршы километр, ұзындығы 1,8 км, ені 600
м. көл шамамен 8 мың жыл бұрын тау жыныстарының тектоникалық ығысуынан
пайда болған. Табиғи жолмен қалыптасқан бөгетке тау мұздықтары, қар, жауын-
шашын суы жиналып, тау аралығындағы әсем көлге айналған. 1963 ж шілденің
жетісінде болған сел тасқыны бөгетті бұзып кетті. 1990 жылдың ортасынан
бөгет қайта тұрғызылып, көл қалпына келтірілді. Көлдің туристік маңызы өте
зор. Соңғы жылдары көл таза сумен толғаннан кейін туристік ағымдар қайтадан
толастап жатыр.
Іле Алатауы мен Күнгей Алатау мореналарында жүздеген тоғандық-
мореналық термокарсты көлдер бар. Көлемі бойынша бұл көлдер бірнеше мыңнан
бурнеше мың ондық шаршы метрге дейін барады. Бұл көлдер 3100-

3600 м биіктікте орналасқан. Тау көлдері – тартымды табиғи туризм
объектісінің бірі болып есептелінеді. Олар жоғары сапалы ауыз судың
сақтаушысы. Бірақ екінші жағынан гляциалды, сейсмогенді селдердің пайда
болу орындары болып табылады.
Жерасты сулары. Аймақтың халықтары шаруашылық-тұрмыстық қызметтерінде
жерасты грунттық суларды пайдаланады. Талғар ауданының жерасты суларының
жалпы қоры – 850 шаршы км . Жер асты сулары жер бетіндегі атмосфералық
жауын-шашынмен, қардың еруімен, адамның шаруашылық іс-әрекетімен тікелей
байланыста. Сондықтан да жерасты суларының деңгейі уақыт пен кеңістік
бойынша өзгеріп тұрады.
Мұздықтар. Тау мұздықтары аудан территориясындағы биік таулардың
оңтүстік-шығысындағы табиғаттың бөлінбейтін маңызды элементі болып
табылады. Ауданның тау мұздықдықтарының жалпы көлемі – 12,05 км3 12.
Көлемі айтарлықтай көп болмағанымен де мұздықтар тауалды жазықтардағы
табиғи сулардың қоймасы, бұлақ көзі секілді өте құнды. Бірақ мұздықтармен
байланысты теріс құбылыстарда кездеседі. Оларға гляциалды селдер, жылжымалы
мұздықтар және мұз сынықтары жатады. Тау туристері мен альпинистер үшін
көрінбей қармен жабылып жататын жарықтар қауіп-қатер туғызады. Қазіргі
кезде биік таулардағы шаруашылық, әсіресе рекреациялық игеру жұмыстары
адамдар мен мұздықтар арасындағы байланысты кеңейтті.
Глобальді климаттың жылынуы, техносфераның қалдықтарымен мұз бетінің
шаң басуы және басқа да факторлар мұз көлемінің азаюына әкелді. Талғар
ауданының территориясында Іле Алатауының басын көмкерген бірқатар мұздықтар
бар. Планетарлы жылыну Алматы облысы тауларының мұз басу параметрлерін,
оның ішінде Талғар ауданына тиесілі Іле Алатауының да мұздықтарының көлемін
өзгертті. ХХ ғасырдың ортасындағы кезеңді 1990 жылмен салыстырғанда Іле
Алатауының солтүстік беткейіндегі мұз көлемі 20 пайызға азайыпты 12
(кесте1).
Мұздықтардың ең негізгі қасиеті олардың қозғалысы болып есептелінеді.
Мұздықтардың жылжуынан биік таулардың жер бедері: әр түрлі мореналар,
қыратар, дөңестер құрылады. Мореналық шөгінділер ағынды мұз суларына тез
арада айналады. Сондықтан да сел жүретін аймақтарда мұндай мұздар өте
қауіпті. Мұздықтардың көзге ілінбейтін мини-қозғалысына пульсация процесі
жатады. Пульсацияланатын мұздықтардың қозғалыс жылдамдығы әдеттегі мұз
қозғалысынан бірнеше рет артық болады. Мұздың қозғалыс жылдамдығы мұз
массивтеріндегі ішкі салмаққа және әсер ететін климаттық факторларға
тікелей байланысты 13,14. Іле Алатауындағы пульсацияланатын мұздық
Солтүстік Талғардағы Шокальский мұздығы. Орта Талғардың биік жоталарында
Крошка, Южный және Северный Талгар мұздықтары да пульсацияға ұшырайды 15.

Кесте 1 – Іле Алатауының солтүстік қыраттарындағы өзен бассейндері
бойынша мұздықтар көлемінің 1955-1990 жылдар аралығындағы
өзгеруі 12.

Бассейндер Мұз басқан аудандардың Мұз басқан
көлемі, км2 аудандардың
көлемінің
азаюы, км2
1955 ж. 1979 ж. 1990 ж. %
1 2 3 4 5
Ұзынқарғалы 12,2 10,31 9,169 28,9
Чемолған 2,6 2,24 1,540 40,8
Қаскелен 13,5 12,86 10,667 21
Ақсай 13,5 12,49 19,664 21,2
Қарғалы 3,9 2,89 2,439 37,5
Үлкен Алматы 33,9 25,25 21,938 35,3
Талғар 9,3 8,12 6,353 31,7
Есік 112,5 89,24 79,702 29,2
Түрген 49,5 36,77 34,755 29,8
Барлығы 35,7 28,88 26,338 26,2
287,3 229,05 203,54 29,2

Кесте 2 – Талғар ауданынң ірі мұздықтары 12.

мұздықтар Ауданы, км2 ұз Ұзындығы, км Мұз көлемі, км3
Күнгей – Іле Алатау мұздық жүйесі
Корженевский 36,1 13,7 4,18
Богатырь 30,3 8,3 3,42
Жаңғырық 16,0 6,95 1,42
Дмитриев 14,36 4,0 1,17
Новый 12,03 5,2 0,92
шокальский 11,84 5,5 0,90

Талғар ауданына кіретін тау мұздықтарының саны 16. Олардағы жалпы мұз
көлемі – 12 км3 (кесте 2).
Сонымен осы тарауда қарастырған барлық мәліметтерді қорытындылай келе,
аймақтың физикалық-географиялық орны оның тыныс-тіршілігіне өте қолайлы
екенін ескереміз. Талғар аймағының жері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы
Жетісу өңіріне кіретін Алматы облысының құрамына енеді. Жетісу өлкесінің
жайлы табиғаты бар, құнарлы топырағы бар аймағында орналасқандықтан, аудан
табиғи байлықтарға өте бай.
Аймақтың оңтүстігін Тянь-Шань тауының Іле-Алатау тау жотасы қоршап
жатыр. Бұл таулы аудан табиғатының байлығы мен туристік-рекреа-циялық
ресурстарының әр түрлілігімен, климатының жағымдылығымен ерекшеленетін
құтты өңір. Іле-Алатауының солтүстік жотасында оның ең биік – Талғар шыңы
бар. Аймақтың орналасқан географиялық орны, климаты, топырағы, өзендер
жүйесі және табиғи ресурстары оның экологиялық дамуына зор әсерін тигізеді.
Мұндағы табиғат байлықтары өндірістік-шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық,
туристік-рекреациялық іс-әрекеттердің әр түрлі түрлері мен формаларын
дамытуға үлкен мүмкіншіліктер береді. Таулы аудандары табиғи рекреациялық
ресурстарға өте бай өңір. Аймақтың Алматы облысы құрамына кіруі оның табиғи
байлықтарын игеріп, әр түрлі шаруашылық сферасында пайдалануға жағдай
жасайды. Ауданның биік таулары, климаты, гидрографиясы және топырақ-өсімдік
жамылғысы туристік сфераны дамытуға үлкен жол ашады. Тек қаражаттың
жетіспеушілігінен аймақтың көптеген жерлері игерілмей жатыр. Ауданның
табиғи жағдайы басқа көршілес жатқан аудандармен салыстырғанда жанға сая,
дертке дауа, шаруашылыққа қолайлы деп айтсақ та болады.
Осы табиғи байлықтарын игеру үшін, рационалды түрде пайдалану үшін,
аймақ көлемінде табиғи байлықтарды пайдаланудың бағдарламасы жасалуы тиіс.
Бағдарлама ауылшаруашылығының барлық сферасын қамтып, ауданның экономикасын
көтеруге зор септігін тигізер еді.

ТАЛҒАР ҚАЛАСЫ МЕН АЙНАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ МЕН ДЕМАЛЫС САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ

2.1 Туризм мен демалыс саласын дамытудың табиғи алғышарттары

Демалушылар демалыс пен саяхат аймағын таңдаған кезде табиғи ресурстар
үлкен рөл атқарады. Туристерді ландшафт пен климаттың ерекшеліктері,
өсімдік пен жануар әлемінің байлығы мен әртүрлілігі және спортпен айналысу
үшін, аң және балық аулау үшін табиғи мүмкіншіліктер қызықтырады.
Территорияның табиғи ресурстарының жиынтығына байланысты рекреациялық іс-
әрекеттің түрі ұйымдастырылады. Ірі туристік кешендерді және туристік
нысандарды құру кезінде ауданның географиялық орналасуы, яғни теңіз
жағалауына, тау мен орман массивтеріне жақындығы басты орынды алады 15.
Туризм мен демалысты дамытуда территорияның жер бедері, климаты,
табиғи ландшафттары және басқа да табиғи нысандары өте маңызды. Жер бедері
территорияның салыстырмалы биіктігін, су ағындарының құлау деңгейін
сипаттайтын табиғи ортаның маңызды элементі. Территорияның рекреациялық іс-
әрекетке жарамдығын анықтауда климат басты орын алады. Өзен суларының
торлары су спортын дамытуға, балық аулауға, таза ауада суға шомылуға
мүмкіншілік береді. Қолайлы гидрологиялық жағдайлар табиғи жағажай
туғызады. Орман жамылғысы да берілген жердің туристік функциясының даму
дәрежесін көрсетеді. Үлкен орман кешендері атмосфераны оттегімен және
озонмен толтырады, желдің жылдамдығын азайтады және ауа температурасының
тәуліктік және жылдық ауытқуын бәсеңдетеді. Орман ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік инфрақұрылымды жақсарту бағдарламасы
2011 жылғы «Азиада» ойындарының туризмдегі рөлі
Алматы қаласының қазіргі экономикалық жағдайы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Туризм және ішкі туризм индустриясының дамуының теориялық негіздемесі мен Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы
Туристік кластердің дамуын қолдау
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ
Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі
Қазақстанның көрікті жерлерінің - туризм саласындағы сапа менеджмент жүйесінің ерекшіліктері
Қазақстанның ауыл туризмін дамытуға мүмкіндіктері
Пәндер