Бас миы мен ішкі ағзаларға темекі шаңымен пестицидтердің жекеленген және қосарланған әсері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми зерттеу орталығы

УДК 613. 4:632. 95/615. 015. 11-616. 1 Қолжазба құқығында

АЛШЕРИЕВА ҰЛДАНА АЛШЕРҚЫЗЫ

Бас миы мен ішкі ағзаларға темекі шаңымен пестицидтердің жекеленген және қосарланған әсері

(экспериментальді зерттеу)

14. 00. 07 - гигиена

Медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесіне орындалған

диссертация

Ғылыми кеңесші:

медицина ғылымының докторы,

профессор Омарова М. Н.

Ғылыми жетекші:

медицина ғылымының кандидаты,

Аширбеков Г. К.

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
3
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: КІРІСПЕ
3: 4
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 1 КЕЙБІР ПЕСТИЦИД ТҮРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТЕМЕКІ ШАҢЫНЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕР ЕТУ ҰСТАНЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (әдебиеттерді шолу)
3: 8
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 1. 1Никотинмен әсер еткендегі ішкі ағзалар мен бас миының жағдайы
3: 10
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 1. 2 Пестицидтермен әсер еткендегі ішкі ағзалар мен бас миының жағдайы
3: 16
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 2 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ КӨЛЕМІ МЕН ӘДІСТЕРІ
3: 24
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 2. 1 Зерттелетін химиялық заттардың қысқаша сипаттамасы мен морфологиялық зерттеулердің ерекшелігі
3: 24
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 2. 2 Материалдың жалпы сипаттамасы
3: 28
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 3 СУМИДАН, ЛОНТРИМ ЖӘНЕ ТЕМЕКІ ШАҢЫМЕН ЖЕКЕЛЕНГЕН ӘСЕРІНЕН КЕЙІНГІ ІШКІ АҒЗАЛАРЫМЕН БАС МИЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСІ
3: 31
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 3. 1 Инсектицид Сумиданның жекеленген әсерінен кейінгі ақ тышқандардың ішкі ағзаларымен бас миының морфологиялық көрініс жағдайы
3: 31
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 3. 2 Гербицид Лонтримнің жекеленген әсерінен кейінгі ақ тышқандардың ішкі ағзаларымен бас миының морфологиялық көрініс жағдайы
3: 41
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 3. 3Темекі шаңымен жекеленген әсерінен кейінгі ақ тышқандардың ішкі ағзаларымен бас миының морфологиялық көрініс жағдайы
3: 52
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 4 СУМИДАН, ЛОНТРИМ ЖӘНЕ ТЕМЕКІ ШАҢЫНЫҢ ҚОСАРЛАНҒАН ӘСЕРІНЕН КЕЙІНГІ ІШКІ АҒЗАЛАРЫМЕН БАС МИЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСІ
3: 61
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 4. 1 Сумиданмен Лонтримнің қосарланған әсерінен кейінгі ақ тышқандардың ішкі ағзаларымен бас миының морфологиялық көрініс жағдайы
3: 61
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 4. 2 Сумиданмен темекі шаңының қосарланған әсерінен кейінгі ақ тышқандардың ішкі ағзаларымен бас миының морфологиялық көрініс жағдайы
3: 70
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 4. 3 Сумидан, Лонтрим және темекі шаңының қоспасымен қосарланған әсерінен кейінгі ақ тышқандардың ішкі ағзаларымен бас миының морфологиялық көрініс жағдайы
3: 80
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
3: 90
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 98
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫС
3: 99
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМДЕРІ
3: 100

БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР

АГ - артериальді гипертония

АТФ - аденозинтрифосфат

қ/і - құрсақ ішіне енгізу

к/т - көк тамырға енгізу

а/і - асқазан ішіне енгізу

б/е - бұлшық ет ішіне енгізу

ДА - дофамин

ҚБ - қозғалу белсенділігі

ДДТ -

АҚЖ-ас қорыту жолдары

ТЭР -түйіршікті эндоплазматикалық ретикулум

LD 50 - орташа өлімге әкелу мөлшері

HCL - хлорлысутегі қышқылы

ҚО - қоршаған орта

ШЖК (ПДК) -шектеуге жіберілген концентрация

т/а - тері астына енгізу

СДГ - сукцинатдегидрогеназа

ЖҚЖ -жүрек қантамырлар жүйесі

НРБУ - никотинді рецепторларды байланыстыру учаскесі

ОНЖ - орталық нерв жүйесі

ФОҚ - фосфорорганикалық қосылыс

ХОҚ - хлорорганикалық қосылыс

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Бүгінде Казақстанда ірі ауылшаруашылық комплекстері ұдайы өсіп өркендеуде, бұл пестицид препараттарын қолданатын салалар, жыл сайын көбейіп артуда, ол қоршаған ортаның объектілерін (ҚО), тағамдық өнімдерді, өсімдік шикізаттарын тағы да басқа заттардың ластануына мүмкіндік туғызады. Агроөнеркәсіб өндірісінде пестицидтерді қолдануда қоршаған орта объектілерінің (ҚО) ластануымен адам организмінің улануы тығыз байланысты, нәтижесінде бұл адам баласын мүгедектікпен тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Көптеген пестицидтер топырақта, ашық су көздерінде ондаған жылдар бойы болуы мүмкін (хлорорганикалық қосылыстар және т. б. ) [1, 2], басқа пестицидтер, техника қауіпсіздігін сақтамаған кезде организмді жылдам зақымдауы мүмкін (фосфорорганикалық қосылыстар және т. б. ) [3, 4] .

Соған байланысты, соңғы 5 - 10 жылда, өндірісте аз улылықтағы химиялық қосылыстарды өндіре бастады, олар адам организмімен жануарлар организміне әсер етпейді, бірақта олар ауылшаруашылық паразиттерімен арам шөптерге, сонымен қатар ауру шақыратын саңырауқұлақтарға әсер етеді. Кең көлемдегі пестицид сапасының әсері, тұрмыстық құрт-құмырсқа, шыбын-шіркеймен арам шөптердің өсімдіктерін жою және оны болдыртпаумен күресуде қолданылатын препараттар. Сонымен қатар овощтық дақылдарды, сорғыш құрт-құмырсқа және бау-бақша кенелерімен күресуде қолданатын препарат инсектицид түрінде де таралған.

Фермерлік және кооперативтік шаруашылықта пестицидтерді комплексті қолдану түрінде, енгізумен тозаңдандыру көпшілікке белгілі болды, ол ауылшаруашылығында зиянкестермен күрес жүргізуде өте жақсы нәтиже берді.

Осы зерттеу мәліметтері бойынша пестицидтер адам және жануарлар организміне қолайсыз әсер көрсетеді (М. Н. Омарова, Е. Ж. Жарқынов, В. А. Козловский, 2003; С. К. Нұрбаев, Ж. В. Романова, 2001 және т. б. ) .

Организмге әртүрлі класс пестицидтерінің қосарланған әсерінің өзектілігін шешу, әсіресе агроөндірістік комплекс жағдайында, оның осы салада аз зерттелгендігінен кешеуілдеп отыр. Пестицидтердің әртүрлі класс өкілдерінің организмге қосарланған әсерін, өткен жүз жылдықтың 60 - 70-ші жылдары зерттеп анықтай бастады, алайда бұл келесі қолдануға нормалау мүмкіндіктерін енгізу үшін қажет.

Соңғы уақыттарда агроөндірістік комплекстер жағдайында кездесетін, әсіресе әртүрлі класс пестицидтерінің қосарланған әсерлерінің ұзақтығына және мөлшеріне байланысты көптеген экспериментальді зерттеулердің болғанына қарамастан, ішкі ағзаларымен бас миының морфологиялық өзгерістері аз зерттелген.

Пестицидтердің көпшілігінің биологиялық әсерлері өте ұқсас, бірақта соған қарамастан улану кезіндегі пайда болған ішкі ағзаларымен тіндердегі өзгерістерінің арнайы қасиеттері болмаған. Әсіресе әртүрлі класс пестицидтерінің қоспалық әсері ішкі ағзаларымен бас миының алдын ала айтуға болмайтын зардаптарына алып келуі мүмкін. Организмге әртүрлі класс пестицидтерінің қосарланған әсерінің биологиялық механизм әрекеті толық зерттелмеген. Әйткенмен әртүрлі класс пестицидтерінің қосарланған әсерін гигиеналық нормалау осы сұрақтардың шешімін табуға жол ашады [5, 6, 7, 8, 9, 10] . Сондықтан организмге әртүрлі класс пестицидтерінің қосарланған әсерін жан жақты зерттеп анықтау медицинада, экологияда, ветеринарияда тағы да басқа салаларда үлкен мәні бар өзекті міндеттер болып саналады.

Көптеген аурулардың қоршаған орта ҚО ластануына байланыстылығы көптен мәлім, өйткені химиялық прессинг болып төмендегі биосфера компоненттері көрсетіледі: ауа, су, топырақ, адаммен фаунаны қоса есептегенде [11, 12, 13] . Қазақстанның оңтүстік аймақтарында тұрақты өнімді астық алу үшін жылсайын көп мөлшерде минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолданады, сонымен қатар ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерін жоюға қарсы күресу шараларына әртүрлі пестицидтер қолданады [14, 15, 16] . Кейде оларды жекеленген немесе қосарланған түрінде, әсерінің жоғарлауы үшін қолданады. Пестицидтермен темекі плантациясында, темекіні жинау кезінде тікелей байланыстың әсерінен аналармен балалардың денсаулығына тигізетін әсерін анықтау [17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25], экспериментальді модельдерге эксперимент жүргізуге негіз береді.

Осыған қарамастан ауыл шаруашылығында, өндірісте, тұрмыста осы аталған пестицид қолданылуда, бұл жаңадан шыққан пестицидтің адам организміне тигізетін әсері бүгінгі таңда осы уақытқа дейін зерттелмеген .

Сондықтан бұл мәселені шешу мақсатымен, оның организмге тигізетін әсерін анықтау үшін созылмалы эксперимент жағдайында зерттеу жүргізуді жөн көрдік.

Жұмыстың мақсаты. Созылмалы эксперимент жағдайында инсектицид Сумидан, гербицид Лонтрим және темекі шаңының ақ тышқандардың ішкі ағзаларымен бас миына жекеленген және қосарланған әсерінің ерекшелігін зерттеу.

Осы мақсатқа жетуге келесі міндеттер қойылды.

- Сумидан, Лонтрим және темекі шаңының ішкі ағзаларымен бас миына созылмалы эксперименттегі жекеленген әсерімен қалпына келу кезеңіндегі улылығын анықтау.

- Сумидан, Лонтрим және темекі шаңының қосарланған әсерінің нәтижесі бойынша жануарлардың ішкі ағзаларымен (бауыр, жүрек, өкпе, бүйрек, аталық безі) бас миының созылмалы улануымен қалпына келу кезеңінен кейінгі морфологиялық өзгерісіне (анализ) талдау жүргізу.

- Сумидан, Лонтрим және темекі шаңының жекеленген улануынан қосарланған улануының ерекшелігін гистологиялық көрінісі бойынша бағалау.

Алынған нәтиженің ғылыми жаңалығы.

Диссертацияда алғаш рет жүргізілген зерттеулер барысында төменде көрсетілген негізгі нәтижелер алынды:

1. Созылмалы эксперимент жағдайында дене салмағына 15 мг/кг инсектицид Сумидан, 136 мг/кг гербицид Лонтрим және 3 мг/кг темекі шаңының жекеленген және қосарланған әсерінен морфологиялық өзгерістерінің ерекшеліктері анықталды.

2. Экспериментальді жануарлардың ішкі ағзаларымен бас миына зерттеліп отырған пестицидтер Сумидан, Лонтрим және темекі шаңының қосарланған әсерінің морфологиялық мәліметтері бойынша улану белгілері анықталды.

3. Пестицидтер Сумидан, Лонтрим және темекі шаңымен жекеленген және қосарланған созылмалы уланудан соң ақ тышқандардың ішкі ағзаларымен (бауыр, жүрек, өкпе, бүйрек, аталық безі) бас миының морфологиялық өзгерістерінің ерекшеліктері белгіленген, онда қосарланған әсерден кейінгі бұзылу ауырлығы біршама көбірек және бұл көрініс қайта қалпына келу кезеңінде де сақталынған.

Практикалық маңызы.

«Жануар организміне инсектицид Суми-альфа мен темекі шаңының қосарланған әсерін токсикологиялық бағалау (Алматы қаласы маңындағы Шелек темекі шығару шаруашылығы мысалында) » әдістемелік ұсынысы ендірілді. Сонымен қатар әртүрлі ғылыми мақалалар басылымы шығарылды және кафедрадағы практикалық сабақтар мен дәрістерді жүргізуге қолданылатын (акт внедерения) құжат ендірілді.

ҚР Министрлігіне ұсынылған, ҒЗЖ-ның қорытынды есеп беруінде диссертация материалы көрсетілген.

Диссертацияны қорғауға ұсынылатын негізгі жағдайлар.

1. Сумидан, Лонтрим және темекі шаңымен жекеленген түрде созылмалы әсер еткен кездегі микроскопиялық көрінісінде кардиомиоциттерде және аталық безі өзегінде, бүйректің шумақтарында атрофия мен ишемиялық өзгерістерге, гепатоциттерде әртүрлі сипаттағы дистрофияларға алып келеді.

2. Пестицидтер Сумидан, Лонтрим және темекі шаңының қосарланған әсерін жекеленген әсерімен салыстырғанда жоғарыда көрсетілген токсиканттардың экспериментте ішкі ағзаларымен (бауыр, жүрек, өкпе, бүйрек, аталық безі) бас миының өзгеріс ауырлығы өте терең және тұрақты болғаны морфологиялық зерттеу негізінде анықталған.

3. Қалпына келу кезеңінен соң жекеленген және қосарланған уланудың морфологиялық өзгерістерінің көрінісі сол деңгейде сақталынды.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі.

Диссертацияның негізгі нәтижелері Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланды «Проблемы, опыт и перспективы развития программы проведения скрининга, раннего выявления заболеваний, динамического наблюдения и оздоровления населения РК (Астана- Алматы, 14-15 қазанда 2004 ж. ), ҚазҰМУ-нің нерв аурулары кафедрасының 70 жылдығы және қазақтың көрнекті неврологы профессор М. Х. Фаризовтың 100 жылдық туылған күніне арналған халықаралық конференцияда (Алматы, 22, 23-қазанда 2004 ж. ), VI жылсайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Современные аспекты общественного здоровья и здравоохранения» (Алматы, 2-3 қарашада 2007ж. ), Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының лаборатория аралық сыннан өтті, бірлескен Ғылыми советте және ҚР ДМ Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының сынағынан өтті (хаттама № 7 от 15. 07. 2008 ж. ) .

Автордың жеке үлесі.

Берілген жұмыстың материалдарын жинаған, оны өңдеп талдаған, негізгі тұжырымдар мен зерттеу қорытындысын жасаған автордың өзі.

Зерттеу жұмысы бойынша жарияланған мақалалар.

Зерттеу нәтижелері бойынша 9 басылымдық еңбектер жарияланды, 1әдістемелік ұсыныс, 2 акт ендірілді.

Диссертация тақырыбының ғылыми бағдарламамен байланыстылығы.

Диссертациялық жұмыс ҚР ДСМ Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының «Өндірістегі ауылшаруашылық дақылдарын жетілдіруде, мемлекеттің ауылдық аймақтарындағы халықтың ауруының алдын-алуын ғылыми негізде өңдеп жетілдіру (темекі, бидай) » МР ГР № 0103 ҚР 00258 (2003 - 2005 жж. ) тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жұмысының үзіндісі ретінде комплексті бағдарлама түрінде орындалды.

Диссертацияның көлемі мен құрылымы.

Диссертация 110 бетті компьютерлік текстен, кіріспеден, әдеби шолудан, материал көлемі мен зерттеу әдістерінен, екі тарауы өзіндік зерттеу материалының талдау нәтижелерінен, қорытындыдан, практикалық ұсыныстан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қажетті қосымшалардан тұрады. Жұмыс 1кестемен, 6 суретпен және 69 сандық микросуретпен жабдықталған. Библиографиялық көрсеткіш 144 қолданылған әдебиеттер тізімінен, оның ішінде 40 жұмыс шетел әдебиетінен тұрады.

1 КЕЙБІР ПЕСТИЦИД ТҮРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТЕМКІ ШАҢЫНЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕР ЕТУ ҰСТАНЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

(әдебиеттерді шолу)

Көптеген экожүйелерге химиялық заттарды жаппай қолданудың зияндығы биологиялық мониторинг негізінде өткен жүзжылдықтың 50-ші жылдарында дәлелденген болатын. Химиялық заттардың адамға зияндығын бағалау үшін қоршаған орта объектілеріне түсетін барлық химиялық заттар жайында жергілікті, өлкелік және жалпылама деңгейлік дәрежеде ақпараттар жиынтығы қажет. Бұл мәліметтер химиялық заттардың физикалық-химиялық көрсеткіштері, тұрақтылықтары, өндірілімі, қолданылуы, тасталу өлшемі жайындағы мәліметтермен толықтырылуы қажет. Барлық мәліметтерді қорытындылау кейбір орталардағы әсерлесу деңгейін уақыт пен кеңістікті ескере отырып бағалауға және популяцияға сай қауіптілігін анықтауға мүмкіндік береді. Аадамға зияндығы бар химиялық заттардың токсикалық қауіптілігін қадағалау үшін токсикологтар мен экотоксикологтардың бірігіп жұмыс жасауы шарт. Олардың бірігіп жұмыс жасауы нәтижесінде химиялық заттардың қоршаған ортаға ҚО түскен мезеттен, оның жоғалып кеткеніне дейінгі токсикалық қауіпінің минимальдық деңгейін анықтау және алдын алу шаралары мен мониторинг жүйесі, және адамға, басқа да экожүйеге әсер етуші қауіптілігін төмендетудегі қажетті әрекеттер негізделеді [26, 27] .

Барлық мәліметтерді талдау уақытты есепке ала отырып бөлек ортадағы әсер ету деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Топырақтағы ерітіндімен пестицидтердің миграциясы ластану тізбегін түзуге әкеледі: топырақ-өсімдік және топырақ-су. Су көздерінің ластануы препарат толқынының бұзылу кезіндегі өңдеу уақытында пестицидтің тікелей түсуі есебінен сонымен қатар егістікпен науаның ағып кетуі немесе су қоймасына жер асты суларының түсіп қосылуынан, өз кезегінде кейбір пестицидтердің едәуір тұрақтылығы басқа объектілердің ластану көзі болып саналуы мүмкін.

Пестицидтердің топырақ ерітіндісімен көшуі келесі ластанудың түзілу ретіне әкеледі: топырақ-өсімдік және топырақ-су. Су қорлары көзінің ластануы пестицидтерді өңдеу барысында толқын ағынымен, егін алаңдарынан сіңу арқылы немесе жер асты суларымен су қоймаларына түседі, олардың өзі кейбір пестицидтердің ерекше тұрақтылығы салдарынан басқа объектілерді ластау көзі болуы мүмкін [28, 29] .

Түрлі өсімдіктерде пестицидтердің болу деңгейі мен ұзақтығының алуан түрлілігі бірнеше себептермен байланысты. Бұл жерде физикалық факторлардың маңызы зор - ұшпалылығы, су мен органикалық ерітінділерде ерігіштігі. Химиялық және биологиялық тұрақтылығы пестицидтердің УФ-сәуледен, оттегіден, ауа температурасынан ыдырау дәрежесін, гидролизге және әр өсімдікке тән өсімдік ферменттеріне тұрақтылығын анықтайды. Әсіресе пестицидтің қолдану шартының маңызы ерекше - өңдеу түрі мен әдісі, қолдану нормасы мен өңдеу саны, өңделетін өсімдіктің түрі т. с. с. Кең көлемдегі пестицид сапасының әсері, тұрмыстық құрт-құмырсқа, шыбын-шіркеймен арам шөптердің өсімдіктерін жою және оны болдыртпаумен күресуде қолданылатын препараттар. Сонымен қатар овощтық дақылдарды, сорғыш құрт-құмырсқа және бау-бақша кенелерімен күресуде қолданатын препарат инсектицид түрінде де таралған. Осыған қарамастан ауылшаруашылығында, өндірісте, тұрмыста жоғарыда аталған пестицид қолданылуда, бұл жаңадан шыққан пестицидтің адам организіміне тигізетін әсері бүгінгі таңда осы уақытқа дейін зерттелмеген.

Пестицидтердің көпшілігінің биологиялық әсерлері өте ұқсас, бірақта соған қарамастан улану кезіндегі пайда болған ішкі ағзаларымен тіндердегі өзгерістерінің арнайы қасиеттері болмаған. Әсіресе әртүрлі класс пестицидтерінің қоспалық әсері ішкі ағзаларымен бас миының алдын ала айтуға болмайтын зардаптарына алып келуі мүмкін.

Кез келген химиялық зат түрлі әсер ету салдарынан жедел, жеделдеу және созылмалы улану шақырады, ал олардың көбі мутагендік, гонадотоксикалық, эмбриотоксикалық, канцерогендік, аллергендік және цитогендік қасиеттері бар [30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41] .

Соңғы жарты ғасырдағы қоршаған орта мен тұрмыстың химиялық ластануы денсаулықсақтау саласында тіптен жаңа өзекті мәселеге әкелді - экологиялық дерттерге. Экологиялық дерттер құрылымындағы негізгі орынның бірін химиялық дерттер тобы алады. Химиялық дерттер тобына антропогендік ластану салдарынан туындайтын дерттер жатады [42, 43, 44] .

Көптеген белгілі токсикалық заттар, организмге түскеннен соң әртүрлі морфологиялық өзгерістерге алып келеді. Тәжірибелік ақ тышқандардың зерттеулерінің көрсеткіші бойынша негізінен пестицидтер паренхиматоздық ағзаларда кумуляцияға ұшырайды ( бауыр, бүйрек, жүрек және бас миы) . Әртүрлі хлор-, фосфорорганикалық қосылыстардың созылмалы улану кезінде бас миында көбінде қан тамырларының бұзылуымен дегенеративі өзгерістер ( толақандылық, қан құйылуы) дамиды.

Жүйелі түрде ұзақ уақыт аз мөлшердегі химиялық заттың организмге әсері осыған дейін өзекті болып келді, әсіресе бұл жаңа күрделі қосылысқа байланысты. Өткен жүз жылдықтың соңында, көптеген экосистемаларға арналған химиялық заттың жаппай қолдануының қауіптілігі жайлы биологиялық мониторинг негізінде дәлелді сендірерлік мәліметтер жиналған. Жергілікті, аймақтық және глобальді деңгейде қоршаған орта объектілеріне түскен көптеген химиялық заттарға байланысты адамға химиялық заттың қауіптілігіне баға беруге міндетті түрде жиналған хабарлар болу қажет. Бұл мәліметтер химиялық шығарылып тасталған заттардың мөлшерін, тұрақтылығы жайлы, өндірісте қолдануға, физико-химиялық параметрлерінің мағұлматтарын толықтыруы қажет.

Экологиялық патология - бұл түрлі зиянды заттардың (ксенобиотиктердің) әсерінен дамитын экологиялық дерттің симптомсыз кезеңінің морфологиялық эквиваленті. Сонымен қатар, бұл бейімделу үдерістерімен қатар дамитын бейімділік пен қалпына келу үдерістері фонындағы альтернативтік өзгерістер жиынтығы. «Экологиялық дерт» ұғымның ең мағынасы адам қолымен өзгертілген қошаған ортадағы әсерлерден дамитын тіндердегі, ағзалардағы және жасушалардағы жалпы патологиялық өзгерістер жиынтығы.

Бүгінгі таңда адамның қоректену ортасының химиялық өзгерістері көбіне түрлі пестицидтердің қолданылуымен байланысты. Бұл жағдай экологиямен байланысты химиялық дерттердің және жаңа экологиялық дерт түрлерінің туындауына ықпал жасайды [45, 46, 47] .

Түрлі пестицидтердің әсерінен туындайтын экологиялық дерттердің жайылуы, пестицидтердің қолдануы кезінде тазалықты қадағалау жұмысының қиындықтарымен де байланысты. Өсімдіктердің, топырақтың және судың нақты ластануы пестицидтерді қолданған кезде ғана анықталады - қолдану сатысындағы қадағалау, яғни қадағалау жүйесінің іс әрекетінің кідіруінен. Ал пестицидтерді қолданудың шарттары әр заттың экспериментальдық зерттеулеріне ғана негізделеді, ол сыртқы және ішкі факторлардың біріккен шарттарының түрлілігін ескермейді [48, 49, 50, 51] .

Сонымен, ксенобиотиктер қоршаған ортада ҚО көп жағдайда организмде полиморфты өзгерістер шақырады, биологиялық әсердің сипаты мен болжамы қиын, ал бағытты экспериментальды сарап жүргізу мүмкін емес [52, 53] .

Тірі организмге пестицидтермен әсер еткен кезде бұл әсерден еш бір ағза немесе тін тыс қалмайды [54] . Дегенмен, пестицидтердің токсикалық сараптамасын жүргізген кезде ең алдымен, ксенобиотиктердің сезімтал жылдам жауап беруші жүйлерге әсері зерттеледі - бұл қан, иммундық, нерв жүйелері және тыныс ағзалары. Басқа ішкі ағзаларымен жүйелердің жағдайы іс жүзінде тіптен зерттелмеген десе де болады. Айта кетсек, сол жоғарыдағы аталған ішкі ағзаларымен тері және тыныс алу ағзалары ең алғаш токсикалық агенттермен жанасады [55, 56, 57] .

Сонымен, жаңа химиялық заттардың әсерін зерттеу әсіресе түрлі қосындылардың ҚО қоршаған орта мен биосфераға әсері тек қана токсикологтар мен экотоксикологтардың ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік деңгейдегі өзекті мәселе болып табылады.

1. 1 Никотинмен әсер еткен кездегі ішкі ағзаларымен бас миының жағдайы

Темекі шегудің организмге кері әсері жайлы мәліметтер жеткілікті десе де болады, дегенмен темекі және махорка шаңының адамға және оның ішкі ағзаларына әсері жайында баспадағы жарияланулары жоқтың қасы. Жоғарыдағы аталғандардың қосылыстары іс жүзінде морфогенезге әсері тіптен жоқ десе де болады.

Өсімдік пестицидтер өкілдеріне анабазин алкалоидтары және никотин, құрамында күрделі эфирлері бар пиретрум жатады. Әр түрлі өсімдіктен алынатын болса да, алғашқы аталған екі заттың жалпы бірдей ұқсастықтары көп. Ол екеуі де жәндіктермен күресуде қолданылады. Никотин мен анабазин - орталық нерв жүйесі (ОНЖ) мен көбінде вегетативтік ганглияларға әсер етуші ганглионарлық улар [58, 59, 60] .

Никотиннің холинорецепторлардың суббірліктік құрылысы нерв жүйесі мен шеткері ағзаларда орналасқаны еш күмән тудырмайды. Көңіл аудартатын жайт, ол ОНЖ [Н 3 ] никотинмен және [І 125 ] бунгаротоксинмен байланысатын холинорецепторлардың гетерогендігін дәлелдейтін учаскелердің бөлінуі. Авторлардың айтуы бойынша, холинорецепторлардың микроқұрылысының суббірліктік құрамы көбіне олардың агонистер мен антогоистерімен әсерін анықтайды [61, 62] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға түскен пестицидтердің абиотикалық және биотикалық ыдырауы және улы заттардың ағзада түрленуі
Қоршаған ортаға түскен пестицидтердің абиотикалық және биотикалық ыдырауы және улы заттардың ағзада түрленуі туралы ақпарат
Қоршаған ортаға түскен пестицидтердің абиотикалық және биотикалық ыдырауы және улы заттардың ағзада түрленуі туралы мәлімет
Пестицидтердің қоршаған ортадағы айналымы
Пестицидтер және химиялық құрамы
Органикалық химиялық қосылыстардың (пестицидтердің) мутагендік әсері
Кәсіптік аурулар
Агроэкология негіздері пәні және оның міндеттері
Экология пәнінен дәрістер
Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам организміне әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz