12 жылдық білім беру бағдарламасы



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. 12 жылдық білім беру бағдарламасының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... 4.6
2.2. Синтаксисті оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.14
2.3 Синтаксисті оқытуда жаңа технологияларды пайдалану ... ... ... ... ... ...15.18
2.4. 12 жылдық білім беруде синтаксисті оқыту бөлімін халықтық педагогикамен ұштастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19.22
ІІІ. Іс.тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23.27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.
Қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін тәжірибе дәлелдеп отыр.
12 жылдық білім беру барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол "жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзыретті тұлға қалыптастыруды және дамытуды" алдын ала болжайды. Бүгінгі 12 жылдық білім беру қажеттілігі еліміздің игі мақсатқа жетуі үшін көзделген сара жолы десе болғандай. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек. [1, 8-11]
Менің курстық жұмысымда 12 жылдық білім беруде синтаксисті оқытуды толық зерттеп, синтаксисті оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастырдым.
Сөз тіркесі, сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді оқытудың сабақта тиімді әдіс тәсілдерін қарастырдым. Синтаксисті оқытуда пайдаланылатын жаңа технологияларды игерту жолдарын айқындадым. Синтаксисті халақтық педагогикамен ұштастырдым.
1. Адасханов А.Т. /Қазақ тілі мен әдебиеті, 5, 2007 (8-11) «12 жылдың білім беру жүйесінде «Қазақ тілі пәнінің рөлі».
2. "Техникалық және кәсіптік білім беруді, тәрбиелеуді ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдері Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары" Семей 2009, 61 бет.
3. “Қазақ тілі мен әдебиеті ” журналы 3/2012 , 122 бет.
4. "Кәсіптік білім беру жүйесінде педагогтарды даярлау: бағдар мен үрдістер" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Семей 2013, 52 бет.
5. Кәріпбаева Ш.Қ. / Ертіс өңірі – 2007 (10-13) «12 жылдық мектепке көшу».
6. "Қазақ тілінде оқытылатын 12 жылдық мектептің 6-сыныбына арналған бағдарлама", Астана 2008 , 11 бет, 19 бет.
7. Қасымова С., Исаева С. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. – Алматы, 2003
8. Ешмұхамедова Ә. Қызықты грамматика. – Алматы, Мектеп, 1972
9. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы, «Санат» 1998.
10. Қосымова Г., Құрманова Н. Қазақ тілі. Әдістемелік нұсқау. – Алматы, Мектеп, 2004 жыл
11. Білімдегі жаңалықтар. №4 (12) 2005.
12. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы // №12. 2000.
13. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы // №3. 1995.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2-3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. 12 жылдық білім беру бағдарламасының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ...4-6
2.2. Синтаксисті оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-14
2.3 Синтаксисті оқытуда жаңа технологияларды пайдалану ... ... ... ... ... ...15- 18
2.4. 12 жылдық білім беруде синтаксисті оқыту бөлімін халықтық педагогикамен ұштастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19-22
ІІІ. Іс-тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.
Қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін тәжірибе дәлелдеп отыр.
12 жылдық білім беру барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол "жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзыретті тұлға қалыптастыруды және дамытуды" алдын ала болжайды. Бүгінгі 12 жылдық білім беру қажеттілігі еліміздің игі мақсатқа жетуі үшін көзделген сара жолы десе болғандай. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек. [1, 8-11]
Менің курстық жұмысымда 12 жылдық білім беруде синтаксисті оқытуды толық зерттеп, синтаксисті оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастырдым.
Сөз тіркесі, сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді оқытудың сабақта тиімді әдіс тәсілдерін қарастырдым. Синтаксисті оқытуда пайдаланылатын жаңа технологияларды игерту жолдарын айқындадым. Синтаксисті халақтық педагогикамен ұштастырдым.
Жұмысымның өзектілігі сол ертеңгі күні 12 жылдық білім беруде синтаксис 6 сыныптан, тіпті кіріспесі 5 сыныптан беріле бастайды. Сол уақытта оқушыларға синтаксисті оқытудың жаңа тиімді жолдарын игерту менің жұмысымның өзектілігіне айналды.
Зерттеу жұмысының нысаны: Курстық жұмысының басты нысанасы етіп 12 жылдық білім беруде синтаксисті оқыту әдіс-тәсілдері алынды.
Зерттеу жұмысының пәні: қазақ тілі
Зерттеу жұмысының мақсаты: 12 жылдық білім беруде синтаксисті оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту жолдарын айқындау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- 12 жылдық білім беру бағдарламасының ерекшеліктерімен таныстыру;
- 12 жылдық білім беруде синтаксисті оқытудың жолдарын анықтау;
- синтаксисті оқытуда жаңа технологияларды пайдалануды игерту;
- 12 жылдық білім беруде синтаксисті оқыту бөлімін халықтық педагогикамен ұштастырудың тиімділігін көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер 12 жылдық білім беруде синтаксисті оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қалыптастыру ескерілсе, онда білім беру жұмыстары тиімді болар еді.
Зерттеу жұмысының базасы: мектеп кешені.
Зерттеу жұмысының әдістері: ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік, тәрбиелік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс: кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

Негізгі бөлім
2.1. 12 жылдық білім беру бағдарламасының ерекшелігі.
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі бізден 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.
12 жылдық оқытуға көшу шығармашыл, зерттеуші тұлғаны дамытуға бағытталған жаңа үлгіден тұратын қазақстандық білім беруді жаңғыртудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.[2. 61]
Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында "12 жылдық білім берудің басты мақсаты - өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру " деп нақты көрсетілген. [3. 122]
12 жылдық білім беруге көшуге байланысты Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, педагогтар қауымынан кәсіби міндеттер мен оны жүзеге асыруда жаңаша көзқарасты, яғни, инновациялық қызметті талап етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру - 12 жылдыққа көшу және кәсіби міндеттерді өздігінен, шығармашылықпен шеше алатын, қызметтің жеке және қоғамдық мәнін түсінетін және оның нәтижесіне жауапты қарайтын құзырлы, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жүйесін құруды көздейді. [4. 52]
Қазір елімізде он екі жылдық орта мектептің Білім стандарттарының және Білім туралы заңы (2007 ж.) шыққаны белгілі. Елбасы нұсқауына сүйене отырып, білім туралы бағдарламаның шыққаны да белігілі.
Білім реформалары туралы сөз болғанда, әрине білім жүйесін жаңғыртуда халқымыздың болмысына жат батыстық нұсқаларды эталон есебінде қабылдама, шынайы ұлттық білім жүйесін құруға тиістіміз. Осы тұрғыдан алғанда Президентіміз Н.Назарбаев: ...әр қоғамның өз ерекшелігі бар, ол қалайда ескерілуге тиіс қайталанбас этномәдениетке, діни, тарихи қасиеттерге ие. Ал енді кімде-кім мұны түсінбесе, кімде-кім жақындық және рухани тұрғыда өз халқының мәдени кейпінде болмаса, онда ол өз тамырын ғана жоғалтып қоймайды, сонымен бірге одан кез-келген мәдениет теріс айналады. Бұл тура мағынасында мәңгүрттікке бастайтын тура жол деген сөзінің мағынасы бар. Осы орайда жас ұрпақты тамыры терең ұлттық идея рухында тәрбиелейтін пәрменді білім жүйесін құра білген бірқатар елдердің тәжірибелеріне тоқталуға болады. Мысалы, Қытай Халық Республикасында Конфуциялық ілімге негізделген философиялық доктрина педагогикалық теория мен практиканың қазіргі күнге дейін негізгі тұғырнамасы болып табылады. Жастар тәрбиесінің идеалын және мақсаттарын анықтауда білім мазмұнын ізгілендіруде, тәрбиенің әлеуметтік-этикалық аспектілерін құрастыруда конфуциялық ілім мен Қытай халқының дәстүрлі мәдени және рухани құныдылықтары басшылыққа алынады. Ғылым мен білім мемлекетіміздің гүлденуіне әкеледі деген девизбен жұмыс істей отырып, соңғы 20 жыл ішінде Қытай елі білім парадигмасын технократтық сипаттан ізгілік педагогикасына өзгертуге, жаңа заман тұлғасын қалыптастыру мақсаттарына лайықтап құруға және постмодернизм мен ақпараттық қоғам талаптарына сай үйлестіруге бағытталған реформаларды сәтті жүзеге асыруда. [5. 10б]
Елбасының 2010 жылғы 1 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын жасады. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Бұл бағдарламаға сәйкес Қазақстанда 2020 жылға қарай білім беру жүйесінің барлық деңгейлері - мектепке дейінгі біліммен жоғары білімге дейін түбегейлі жаңғыртылатын болады.
Білім берудің әрбір деңгейінде білім алу, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіндіктері ұсынылады. Бұл бағдарлама екі кезеңде іске асырылады:
Атап айтқанда, бірінші кезеңде 2011-2015 жылдар жекелеген бағыттар бойынша білім беруді дамытудың модельдерін әзірлеу мен, оларды сынақтан өткізумен, сондай-ақ ауқымды қайта құрулар жүргізу көзделіп, нәтижесінде 2015 жылға дейін өтпелі кезең аяқталады. Қазақстанның білім беру жүйесі құрылымы, мазмұны, басқару тетіктері мен қаржыландыру дамыған елдер моделіне сәйкес келетін болады.
Сондай-ақ, екінші кезеңде 2016-2020 жылдар құрал-жабдықтарды сатып алуды, инвестицияларды көздейтін іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталады. Бағдарламаның білім беру жүйесін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларын әдістемелік, кадрлық ақпараттық қамтамасыз етуге басымдық беріледі.
2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу басталады. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.
Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына (2007 ж.), Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына, Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді. Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланады.
12 жылдық білім беру бағдарламасының ерекшелігі - 12 жылдық мектептің 7-сыныбына арналған қазақ тілі бағдарламасында тілдік материал негізінен сатылы, сызықтық және концентрлі ұстанымға байланысты құрылды. Атап айтқанда: тілдің сөзжасам, морфология, синтаксис салалары 5-7 сыныптарда сатылы түрде тақырыптарға бөлініп берілген. [6. 11]

2.2. Синтаксисті оқыту әдістемесі.
Сөз тіркесі синтаксисін оқытудың теориялық негізі.
Мектепте ана тілін оқытудағы басты мақсат - білімді азаматтар тәрбиелеу. Олардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылықпен ойлай білуге үйрету, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту. Міне, осы мақсаттарды жүзеге асыруда сөз тіркесін меңгерудің маңызы зор. Сөз тіркесінің синтаксисін жете меңгерген баланың логикалық ойлау қабілетін, тілін дамытады. Сөз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз - оқушылардың жас ерекшеліктері негізінде сөз тіркестерінің ішкі байланыстары мен мәнін оқушыларға ұғындыру заңдылықтары (сөз тіркесінің тіркесу заңдылықтары, мағыналы заңдылықтары, бір-біріне бағына байланысу заңдылығы т.б.) арқылы олардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы мен танымын арттыратын тиімді амал-тәсілдерінің жиынтығы. Сөз тіркесін зерттеген және зерттеп жүрген ғалымдар пікірлеріне, сондай-ақ тіл фактілеріне сүйене отырып, мынадай тұжырым жасап, әрі оқыту процесінде басшылыққа алуға болады.
1. Кез келген сөздер бір-бірімен ретсіз тіркесе бермейді, олар өзара тіркесу үшін белгілі заңдылыққа негізделеді. Ол, біріншіден, мағына жақындықтарына қарай тіркесу заңдылығы болса, екіншіден, сөз тіркесі құрамындағы сөздердің белгілі бір тәсілдер арқылы байланысу заңдылығы;
2. Сөз тіркесі деп танылу үшін, кемінде, толық лексикалық мағынасы бар екі сөздің тіркесуі қажет, демек, толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші етістіктердің тіркесі (ауыл маңы, үй іші, орманға шейін, таңға жуық, келе жатыр, таныс еді, жолдас болатын) сөз тіркесінің қатарына жатпайды, бұлар осы тобымен сөз тіркесінің белгілі бір сыңары ретінде ғана жұмсалады;
3. Сөз тіркесі құрамындағы сөздер бір-бірімен тең дәрежеде байланыспай, бірі екіншісіне иек арта, бағына байланысады. Бағына байланысу қасиеті, сөз тіркесіне тән ең басты қасиеттердің бірі, осы тұрғыдан әке мен бала, сабырлы да байсалды тәрізді салаласа байланысқан тіркестер сөз тіркесі қатарына енбейді;
4. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің басқа байланысынан басқа бір лексикалық мағына пайда болмайды, жаңа бір грамматикалық мағына туындайды, демек, өзара тіркесіп келіп, өзге лексикалық мағына білдіретін фразеологиялық тіркестер (қас қаққанша - тез, лезде; қаны қайнау-ызалану; ержүрек-батыл т.б.) сөз тіркесі бола алмайды;
5. Өзіне тән басты мағыналары солғындап, лексикаланып, синтаксистік қатынасы бұзылып, бір заттың атауына айналып бара жатқан немесе толық айналған, проф. С.Исаевтың термині бойынша, атаулық тіркестер, проф. М.Балақаевтың термині бойынша номинативті тіркестер (ашық хат, еңбек кітапшасы, мал қора, бас бармақ, балалар бақшасы) сөз тіркесі бола алмайды;
6. Қиыса байланысқан тіркестер (Мен келдім. Ол барды.) сөз тіркестеріне тән қатынас емес, предикативті қатынасты, яғни бастауыш пен баяндауыштың байланысынан тұратын қатынасты білдіретіндіктен, сөз тіркесінің емес, сөйлемнің нысанасында қаралады.
Мектеп бағдарламасында қазақ тілінің синтаксис саласын өткенде алдымен, сөз тіркесін, оның зерттеу нысанасын, ішкі құрылысын ерекшеліктерін талдап, онан соң байланысу тәсілдері мен формалдарын қарастыру керек. Сөз тіркесі саласында қарастырылатын әрбір тақырып бірінен-бірі туындап, бірінен-бірі өрбіп жатуы қажет. Әр тақырып өзара тығыз байланыста түсіндірілсе, оқушыларға синтаксис саласын толық меңгеру, дұрыс түсіну, ұғыну оңай соғады. Сөз тіркесін оқыту мынадай бағытта жүргізілсе дұрыс болады:
1. Сөз тіркесі туралы түсінік.
2. Сөз тіркесінің құрылысы.
3. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері.
4. Сөз тіркесінің формалары.
5. Сөз тіркесін топтастыру туралы.
6. Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасы.
7. Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар.
Оқушыларға сөз тіркесі туралы жалпы мағлұмат бергеннен кейін, оның айрықша белгілеріне, зерттеу нысанасына тоқталып, тілдегі негізгі қызметіне талдау жасау қажет. Келесі тақырып - сөз тіркесінің құрылысы. Оқулықта бұл тақырып ... сөз тіркесінің құрылысы сөздердің байланысу түрлеріне қарай анықталады деп басталады да, одан әрі сөздердің байланысу формаларына мысалдар келтіреді, соңында демек матасу, қабысу және жанасу - сөз тіркесі құрылысының байланыс түрлері болады10,79деп қорытады. Осы екі жол сөйлеммен сөз тіркесінің құрылысы түсіндірілген. Біздің пікірімізше, бұл тақырыпты өткен кезде сөз тіркесінің синтаксистік бірлік ретінде өзіне тән құрылысы болатындығын, сол арқылы ол жеке сөзден де, сөйлемнен де ажыратылып тұратынын теориялық жағынан кеңірек түсіндіріліп , мысалдар арқылы дәлелдеп, сөз тіркесінің құрылысы екі сөзден де немесе одан да көп сөзден де жасала беретіндігін айтып, оған мысалдар келтіру керек. Үш-төрт сөзден тұратын сөз тіркесінің құрылысын екі сөзден тұратын сөз тіркесінен айырмашылығы сатылай, жарыса байланысатындығында екендігін мысалдар арқылы түсіндірсе, сонда оқушылар бұл тақырыпты тез игереді. Сөз тіркесінің құрылысын түсіндірген кезде оның негізгі белгілерін ғана айтып, осы тіркескен екі сөздің байланысу ерекшеліктеріне қарай бес түрге бөлінетінін келесі сабаққа қалдырса, оқушылар бұл тақырыпты тез меңгереді.
Мұғалім сөздердің байланысу формаларының ішінде қайсысын бірінші өтерін алдын-ала жоспарлап алады да, сол жоспары бойынша мысалдар келтіре бастайды. Әдетте сөздердің байланысу формаларын өткенде мектепте болсын, жоғар оқу орындарының оқулықтарында болсын алдымен, қиысуды өтеді. Одан кейін меңгеру, матасу, қабысу, ең соңында жанасуды өтеді. Сабақты сөз тіркесі құрылысы негізінде өрбітер болса, алдымен матасуды, одан кейін меңгеру, қабысу,жанасу, ең соңында қиысуды өту дұрыс деп ойлаймыз. Сөздердің байланысу формаларын өткенде, екі мүшесі де қосымша арқылы жасалған сөз тіркесін алдымен өтіп алсақ, ал бірінші мүшесі қосымшасыз я болмаса бірінші мүшесі септеулік шылаулар арқылы жасалатын, екінші мүшесі қосымшасыз да, қосымша арқылы да жасалатын сөз тіркесін келесі кезекте өтсек, ол сол сабақты оқушының тез әрі дұрыс меңгерулеріне оңай тиер деген ой. Ал қиысуды ең соңынан түсіндірсек, себебі, тіл ғылымында қиысуды сөз тіркесі аясында қарау керек пе, не сөйлем ретінде қарастыру керек пе деген сұрақ төңірегінде айтыс-тартыс көп. Бір ғалымдар оны сөйлем аясында қарастырған жөн десе, енді біреулер оны сөз тіркесі аясында қарастыру керек деген тұжырымдар айтуда. Мәселен, проф. С.Исаев - қиысу сөз байланысудың негізгі бір түрі болса да, ондай тіркес жоқ, яғни қиысу сөз тіркесінің шеңберіне енбейді, сөйлем деп анықталады. ... қиысу сөз байланысының бір жолы (тәсілі) болып табылады. Осы жағынан қиысу сабақтаса (бір сыңары екіншісіне бағына) байланысудан да, салаласа (бір-біріне бағынбай тең дәрежеде, бірыңғай) байланысудан да өзгеше. Сондықтан қиыса байланысқан сөздер тобы сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды, байланысқа түскен сыңарлары грамматикалық меншіліктілік, қатынастық, обьектілік, мекендік, себеп-мақсаттық т.б. сияқты синтаксистік қатынастарды білдірмей, сөз тіркесінің шеңберіне енбейтін субъектілік-предикаттық (бастауыштық-баяндауыштық) қатынасты білдіреді. Сөйтіп, коммуникативті қызмет атқарады, 7, 55- дейді.
Сөздердің байланысу формаларының ішінде алдымен матасуды өту керек дейтін себебіміз, біріншіден, екі мүшесі де қосымша арқылы жасалатындықтан, екіншіден, сөз тіркесінің бірінші мүшесі ілік септігінде тұрғандықтан. Мұғалім оқушыларға матасуды өтпес бұрын өткен сабақты пысықтап алған жөн. Ол үшін тақтаға бір-екі сөз тіркесін жазады. Мысалы, жарастың досы, ауыл жастары. Содан кейін сұрақ қойса: бірінші мысалды талдаған кезде, сөз қанша мүшеден тұрады? Жай тіркес пе, күрделі тіркес пе? Сөз тіркесінің әр мүшесінде қосымша бар ма, жоқ па? т.с.с. Оқушылар бірден жай тіркес екенін айырады, оның себебін айтады (тек екі мүшеден тұрғандықтан), сонан кейін мұғалім әрбір мүшенің түбірін оған жалғанған қосымшаны сұрайды. Септік жалғауларын білетін оқушылар бірінші мүшенің ілік септігі арқылы екінші мүшемен байланысып тұрғандығын айтады, екінші мүшенің де түбірін, оған жалғанған қосымшаны да көрсетеді. Екінші мысалды талдаған кезде де мұғалім осы тәртіппен сұрақ қою керек. Сөз тіркесінің бірінші мүшесі екінші мүшемен қосымшасыз байланысып тұрғандығына оқушылардың назарын аударады. Неліктен бірінші мүше қосымшасыз тұр, ал екінші мүше қандай қосымша арқылы жасалған? Оны оқушылардың есіне салып түсіндіреді, яғни, кей жағдайда сөз тіркестерінде бірінші мүшенің ілік септігі жасырын түрде де келетіндігін, ал екінші мүшеге тәуелдік жалғауының ІІІ-жағы міндетті түрде жалғанып келетіндігін ескертеді. Кейбір жағдайда керісінше, бірінші мүшеге, ілік септігіне жалғанып, екінші мүше еш қосымшасыз байланысатын сөз тіркестерінің де кездесетіндігін мысал көрсету арқылы түсіндіреді.
Матасудан кейінгі байланыс түрі - меңгеру меңгеріле байланысқан сөз тіркесінің бірінші мүшесіне септік жалғаулары жалғанатындықтан, алдымен, септік жалғауларын қайталап, оқушылардың есіне түсіріп, содан кейін іліктен кейінгі барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының сөз бен сөзді байланыстыратын қызметін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу керек. Оқушы назарын сөз тіркесінің әр мүшесіне, яғни, бағыныңқы, басыңқы сыңарларына қандай жалғанатынына назар аудару көзделеді. Мұғалім меңгеріле байланысқан сөз тіркесіне алдын-ала дайындалған сызбаларын тақтаға іліп қойып, сабақты сол бойынша түсіндіруіне болады.
Сөздердің байланысу формаларының келесі бір түрі - қабыса байланысқан сөз тіркесі. Біз жоғарыда сөз тіркесінің байланысу формаларын шартты түрде екі топқа бөлгенбіз, яғни бағыныңқы сыңары қосымша арқылы жасалғандарын бір топқа, бағыныңқы сыңары қосымшасыз тұрғандарын екінші топқа жатқызғанбыз. Қабысу - сол екінші топқа жататын байланысу түрі, яғни, оның бірінші мүшесі де, екінші мүшесі де еш қосымшасыз қатар тұру арқылы жасалды. Оқушыға қабысу туралы түсінік бермес бұрын, сөз таптарын, олардың ішінде сын есім, сан есім, есімдіктердің зат есіммен байланысын қайталап алған жөн. Егер екі сөз еш қосымшасыз орын тәртібі арқылы байланысса, мұндай тіркестің қабысу болатынын түрлі-түрлі мысалдар келтіру арқылы оқушы түйсігіне жеткізу керек. Қабыса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде қандай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқаратындығын көрсету қажет. Мысалы: Бұл өңір ұлы күйші - Құрманғазының сүйегі жатқанымен де жүрекке өте-мөте ыстық (Р.Жұлдызбек). Мұндағы ұлы күйші тіркесі қабыса байланысқан тіркес, ұлы сөзі сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр.
Сөз тіркесінің байланысу формасының тағы бір түрі - жанасу. Мектеп оқулығында: сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысқан түрі деп берілген. Тіл ғылымының жанаса байланысқан сөз тіркестері туралы екі түрлі пікір бар. Тілшілердің бір тобы жанасуды сөз тіркесінің бірі деп жеке қарастыратын болса, екінші бір топтағы ғалымдар жанасуды қабысудың бір түрі деп қана қарастырады, яғни арасына сөз салуға келсе жанасу, келмесе қабысу деп қарастырады. Біз де соңғы пікірге қосыламыз. Ал мектепте жанасу мен қабысуды бір-бірінен ажырата түсіндіру үшін, олардың бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалып тұрғанына көңіл аудару қажет. Қабысу байланысындағы сөздердің бірінші мүшесі сын есім, сан есім, сілтеу есімдіктерінен болады да, екінші мүшесі зат есімнен тұрады және арасына сөз салуға болмайды. Ал жанасу байланысындағы сөз тіркесінің бірінші сыңары көбіне үстеуден, кейде септеулік шылаулар арқылы жұсамалады. Мысалы: қасақана айтты, шапшаң қимылдады, сабақтан соң келді, үйге дейін барды т.с.с.
Сондай-ақ қабыса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде анықтауыш, екінші мүшесі бастауыш болатындығын жоғарыда айтқанбыз. Ал жанасуда бірінші мүшесі пысықтауыш, екінші мүшесі баяндауыш болады, сондықтан, сыртқы тұлғалары бірдей сөз тіркесін ажырату үшін қай сөз табынан жасалғанын біліп алып, сұрақ қою арқылы қай сөйлем мүшесі екенін анықтап немесе екі мүшенің арасына, не бірінші мүшенің алдына сөз айтып көрсе, сонда оның қай байланысу формасына жататындығын тез айыруға болады. Сөздердің байланысу формасының ең соңғысы - қиысу. Қиысу тақырыбын өткенде морфологияны түгел қайталап шығуға болады. Бір жағынан жіктік, өздік жалпылау есімдіктерін, жинақтау сан есімнің тәуелді түрін, етістіктің ашық, бұйрық, қалау, шарты рай түрлерінің жіктелуін оқушылардың есіне салып, өздерін жекеше, көпше түрде жіктетеміз. Оқушының мұның ішінде негізгісі - жіктеу есімдіктері мен жіктік жалғаулы сөздердің байланысын жақсы меңгеруі жақтық сипаты бар сөздермен байланысуын тез меңгереді. Оқулықта жіктеу есімдігі мен жіктік жалғаулы сөздің байланысы ғана көрсетілген. Ал өздік, жалпылау есімдіктері мен жинақтау сан есімнің жіктік жалғаулы сөздермен не жақтық сипаты бар сөздермен байланысуын үлестірме қағаздар арқылы беруге болады. Қазақ тілі оқулығында қарастырылатын келесі тақырып сөздердің байланысу түрлерінің алдында берілген. Сөз тіркесі түріндегі байланыс та, сөйлем түріндегі байланыс та төрт түрлі тәсіл арқылы жүзеге асады. Оқулықта бұл тәсілдердің әр түріне мысал келтірілген, тақырыптан соң екі жаттығу жұмысы берілген. Бұдан кейін осы тақырыптардан өрбітіп, сөз тіркесінің байланысу формаларын жақсы меңгерген оқушыға сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасын меңгеру қиынға соқпайды, керісінше, жаңа тақырыпты тез әрі оңай қабылдайды. Сөз тіркесін топтастыру тақырыбын өткенде басыңқы сыңарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді 12 жылдық білім беруге даярлау мен моделі
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралары
12 жылдық білім берудегі эксперимент
Жаңа жүйедегі өтудің мәселері мен шарттары
12-жылдық мектепте білім беруді ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Білім беру мәселесі
Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі
Мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі
Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде
Пәндер