Лириканы оқытудың тәсілдері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Лириканы оқытудың тәсілдері

Мазмұны 
 
 
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 
І. Лирикалық  шығармалардың түрлері және оны  оқудың мақсаттары
1.1. Лирикалық 
шығармалардың түрлері, зерттелуі... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Лириканы  оқытудың дидактикалық және әдістеме лік 
       мақсат-
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..10 
ІІ. Лирикалық  шығармаларды оқытудың жолдары
2.1. 5-9- сыныптарда  лирикалық шығармаларды оқыту жолдары ... ...14
2.2. Жоғары сынып  бағдарламасындағы лирикалық шығарма ларды 
       оқытуда педагогикалық инновацияның мүмкіндіктерін
       пайдалану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 18 
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланылғанәдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .27
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
Кіріспе 
    Тақырыптың өзектілігі. XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды,
талантты адамын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі мемлекетіміздің
басты назарында.
    Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына. оңтайлы әсер етуі үшін
дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру,
оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге,
бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда
мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі
тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға-
мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре
алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне
жұмсай алатын қазақтың ой, танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес
қосатын өлең өнерін (қазақтың қасиетті қара өлеңін) оқыту үрдісі оны
ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктейді. Сондықтан бүгінгі таңдагы
мектеп проблемасы Білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті
енгізу арқылы білім сапасын артгыру оқушылардың өз менін қалыптастыру
болса, лирикалық шығармаларды мектепте оқыту үрдісінде де педагогика
жаңалықтарын қазіргі оқытып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу -
оқыту мақсатына жетудің бір жолы. Ұзақ жылғы тәжірибе мен зерттеу жұмысының
нәтижесіндегі алдына қойған мақсат - баланы субъект ретінде оқу, ісіне
қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.
   Курстық жұмыстың негізгі тақырып
нысанына алынып отырған лирика  жанрының қазақ әдебиеттану ғылымында
әдеби процестегі алатын орнына, поэтикасына, жалпы лирика табиғатына
қатысты әр түрлі ғылыми еңбектер жазылғаны белгілі. Атап айтсақ,
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, М.Дүйсенов,
М.Базарбаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, Ә.Нарымбетов, Ә.Тәжібаев,
Т.Әбдірахманова, Б.Көрібаева, ЖДәдебаев, Қ.М.Пазылов, Т.Шапай және тағы
басқа ғалымдар еңбектерінде қазақ өлеңінің мәселелері әр қырынан жан-жақты
зерттеу объектісіне айналып, қазақ лирикасының тарихи даму жолдары, ақындық
өнердің сыры мен сипаты қарастырылып отыр.
   Лирикалық шығармаларды оқыту әдістемесі тұрғысынан зерттеу
жұмыстары кеңестік дәуір кезеңінде әдіскер-ғалымдар  М.А.Рыбникова,
В.В.Голубов, Н.И.Кудрящев, В.А.Николтский , З.Я. Рез еңбектерінде кеңінен
жүзеге асырылады.
   Курстық жұмыстың мақсаты:  Ү-ІХ сыныптардағы оқытылатын  лирикалық
шығармалардың әдістемелік тұрғыдан  негізгі сипаттарын ашу, талдау, оқыту
үлгілерін көрсету, оқыту үрдісінде лириканың табиғатын терең таныту, мектеп
бағдарламасында берілген лирикалық  шығармалардың жанрлық ерекшеліктері мен
оқушылардың  қабылдауға байланысты  жас ерекшеліктерін ескере отырып білім
негізін беру.
   Мәтін талдау барысында лириканың күрделі  ішкі құрылымына, стильдік
бітіміне, өлең сырына бойлату,  ондағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық
ой арқауын оқушыларға түсіндіру, шынайы адамдық сезім биігін ұғындыру
арқылы оқушыларға  эмоциялық , эстетикалық ләззат, әсер беру жолдарын
қарастыру. Лириканы оқыту  байланысты зерттеудің  басты мақсаты - ақынға
рухани жақындау, оны сезіну, ақынның сезім мен ой тереңдігіне бойлау, сол
арқылы оқушының оқырмандық сапасын арттырып, көркем сөздік құдіретін түсіне
білуге  тәрбиелеу, оқушылардың өлеңге деген қызығушылықтарын оятып,
құмарлығын арттыру арқылы олардың  жан дүниесін  байыта отырып,
эстетикалық, адамгершілік, ізгілік, инабаттылық тәрбие беру.
Курсттық  жұмыстың міндеттері: Ү-ІХ сыныптарда лирикалық шығармаларды
оқытуға байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей  міндеттер қойылды:
- лирикалық  шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
-  мектеп  бағдарламасына енген  лирикалық  шығармаларға шолу жасау,
жүйелеу;
- лириканың жанрлық ерекшеліктерін оқыту үрдісшдс танытудың жолдарын
саралап қарастыру;
- лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін
талдап көрсету;
- оқушыларға лириканы дұрыс қабылдай білуге үйрету;
- лирикалық  шығармалардың құрылысын меңгерту;
- лириканы оқытуда жеңілден - ауырға, түсініктіден-түсініксізге,
жалқыдан-жалпыға қарай деген дидактикалық принципті ұстаным ету
Курстық жұмыстың іс-тәжірибелік маңызы: кейбір орта мектеп мұғалімдері
мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне Әдебиетті оқыту
әдістемесі пәнін оқытуда, Лирикалық шығармалардың табиғатын таныту
тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу
нәтижелерін педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін
құруда қосьшша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептеймін
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
І. Лирикалық шығармалардың  түрлері және оны  оқудың мақсаттары
1.1. Лирикалық шығармалардың  түрлері, зерттелуі. 
    Лирикалық жанрдың да өзара түрлері бар. Бұл түрлер көрсетпек болған
өмір құбылыстарын қалай суреттеуі, ақынның көңіл күйі қалай берілуіне
байланысты. Бұл жанрға тән ақынның дүниетанушылығы, көзқарасы мен өзінің
ішкі сезімін, күйініш-сүйінішін дайым ұштастыра жырлау десек, айырмасы,
жоғарғы айтылғандар тәрізді, қалай жырлауында ғана. Кейде шаттық, қуаныш,
асқақты білдірсе, кейде мұң, зарды, кейде көңілдің бейжай қоңыр күйін
сездіруі мүмкін. Міне, осы сипаттарына қарап, лирикалық жанр әлденеше
түрлерге бөлінеді..
   XVIII ғасырда дворян әдебиетіндегі лирикалық шығарманың негізгі бір
түрі ода болады. Бір таптық топтың ең керекті санаған адамы не нәрсесі
туралы ақынның өте қуанышты, өте көтеріңкі тілмен жазған лирикалық
өлеңдерді ода деп атайды (мысалы, әскердің жеңуі, сарайда болған мейрам
т.б.). Россияда ода жазушылар Ломоносов, Державин т.б. болды.
    Қазақ хандарының дәуірлеп тұрған кезінде ханның қасындағы ақындардан
ода шығарушылар көп болған. Жәңгірдің хан боп тұрған кезінде ханның сарай
ақыны болған Байтоқ ақынның одаға жататын бірнеше өлеңдері бар.
    Әртүрлі маңызды тақырыптарға жазылған қуанышты өлеңдер олардан кейін
де болған және күні бүгінге шейін бар. Бірақ бүгінгі оданың тақырыбы,
мазмұны бұрынғы одалардан мүлде бөлек.
   XVIII ғасырдың аяқ кезі, ХІХ ғасырдың бас кезінде орыстың дворян
әдебиетіндегі оданы элегия шетке қаға бастады. Элегия деп өзінің жай
өмірімен байланысты, басында болған күйініш-сүйініштерді (сүйіспендік,
табиғат күйін т.б.) суреттеген шығармаларды айтады. Элегияда көңілдің
қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды. Сондықтан элегия қайғылы өлең деген
түсінік туды. Элегияның өрбіген дәуірі феодалдық-крепостнойлық құрылысты
капиталдық жаңа қатынас әлсіретіп, феодал құрылысы құлауға айналған
дәуірде болды. Соның салдарынан жеке бақыттылық, жеке рақатты аңсаған
қайғылы ой, жеке өмірді көксеген тілек элегияда терең із қалдырды.
    Қазақ әдебиет тарихын алсақ, элегияның күшейген кезін ХІХ ғасыр деп
айтуға болады. Қазақ хандығы жойылып, отарлау саясаты күшейіп, қазақтың
ескі феодалдық өміріне өзгеріс ене бастаған кезде кейбір қазақ
ақындарында элегияға берілушілік көп болды. Мысалы, Шәңгерей ақынның көп
өлеңдері де элегияға жатады.
   Сатиралық эпос сықылды, сатирамен жазылған лирикалық шығармалар да
болады. Сатира дворян әдебиетінде де болды. Бірақ олардың сатирасы
крепостнойлық қоғамның негізіне қарсы жұмсалған жоқ, сол қоғамның кейбір
жеке кемшіліктеріне ғана қарсы жұмсалды.
     Мысалы,  Россияда XVIIІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы жаңа туып
келе жатқан буржуазия әдебиетінде дворяндар үкіметінің жүгенсіздік
кесепаттарын мысқылдағанын көреміз.
    Бірақ сатиралық лириканың төтенше дәуірлеген кезі тап күресінің
күшейіп, нағыз шиеленіскен дәуірде болды. Мысалы, ХІХ ғасырдың 60
жылдарындағы революцияшыл разночинецтер кертартпа помещик және ымырашыл
буржуазия ақындарымен қарсы күрестерінде сатираны көп қолданды. Сатиралық
көп өлеңдер жазды (Искра ақындары және Добролюбов, Некрасов т.б.).
    Некрасовтың Ұмытылған деревня тағы осы сияқты көп өлеңдері сатираға
жатады. Бұл өлеңдерінде Некрасов феодалдық-крепостнойлық құрылыстың
кейбір кемшілігін түзеу үшін күрес ашып қана қоймай, сол құрылыстың
негізіне қарсы шығады. Революцияшыл-демократтық идеал үшін күреседі.
    ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының ішінде сатиралық лириканы көп жазған
адам Абай болды. Ол елдегі болыс, билерді шенеп-мінеп, сынға алып,
мысқылдап жазған Дүтбайға, Болыс болдым, мінекей деген өлеңдері
сатиралық лирикаға жатады.
    Қалың бұқараның революциялық қозғалысының кезінде өте өскен, көбейген
лириканың бір түрі әнмен айтылатын революциялық өлеңдер болды. Ән өлеңі
деп әнге салып айтуға арналып шығарылған өлеңді айтады. Ән өлеңі
ауыздан-ауызға көшіп жүреді. Еңбек уағында болсын, демалыс уағында
болсын, демонстрация кезінде болсын, коллектив болып ән салатыны мәлім.
Әнмен айтылатын өлеңдер, лириканың қай түрінен болса да, көпшілікке жақын
тұрады. Ән жұртшылыққа кең тарайды. Революциялық әндер арқылы қалың
бұқара жұртшылығы зорлық-зомбылыққа, қанаушылыққа қарсылығын, еңбек пен
күреске әзірлігін, қиыншылықты жеңетініне сенімін білдірді. Жұртшылыққа
белгілі көп әндердің авторы (ХІХ ғасырдың алдыңғы жарымындағы) француздың
революцияшыл ақыны Беренже болды. Пролетариаттың революциялық күресі де
өзінің әнін туғызды. Даңқты Интернационал әні жер жүзі пролетариатының
гимні болды. Сол сықылды көп жайылған әндердің бірі Коминтерн,
Заводтар, тұрыңдар, басқа да революциялық әндердің ішінен көп тараған
әндер деп Біз ұсталар, Жас қайрат, міне, осыларды айтуға болады.
     Лирикалық шығармалар кейде тақырыбы, мазмұнына қарай да бөлінеді:
саяси-азаматтық лирика (тақырыбы да, мазмұны да әлеуметтік мәні зор ірі
мәселелерді сөз етеді); сүйіспендік, махаббат лирикасы (негізі әңгіме
сүйіспендік, махаббат туралы, кейде қуанышты, кейде қайғылы болуы
мүмкін); философиялық лирика (ақын лирикалық өлеңін философиялық терең
мазмұнға құрады. Мұндай лирикалар орыстың думы дейтін, қазақтың толғау
деп аталатын кейбір өлеңдеріне жақын келеді). Осылардың ішінде ерекше
тұратыны - табиғат лирикасы. Жаз, күз, қыс, теңіз, тау, орман, тоғай
тәрізді әр алуан табиғат құбылыстарын жырлауға арналған лирикалық
өлеңдер. Әрине, лирикалық өлеңдердің мазмұны да, түрі де, оларда
байқалатын көңіл күйлері де ақынның өмірге көзқарасымен байланысты.
  Сөз өнерінің өзге тектері (эпос пен драма) тәрізді лириканың да
суреттейтін құбыльістары көп. Қандай суреткер болсын, қөркем шығарма
жазудага мақсат -өмірдегі өзекті шындықты көрсету. Осы тұрғыдан алғанда,
лириканың өзге текстерге, айталық эпосқа принциптік қайшылығы жоқ,
олардан тек тәсіл жағынан айырмасы бар Ендеше эпостық шығармалардың
өмірдегі қат-қабат, шытырман окиғаларды суреттеуде мүмкшдігі лирикадан
әлдеқайда мол, құрамы кең. Эпиқалық шығармалардың көбі сюжетке құрылады.
Адам образын жан-жақты бейнедеп, шындық сырын неғұрлым толық ашуға бейім.
   Ал лирикалық шығарма олай емес. Көлем жөнінен эпосқа қарағанда,
әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім
басымдау, күллі сюжет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер
философиялық ой маңына жинақталады. Ашуландырған, қуантқан, ренжіткен,
рақаттандырған, қинаған, мазасын алған. Не тыныштық берген нәрсенің бәрін
де лирика өзінің заңды еншісіңдей қабыл алмақ [5,343].
   Академик Қ.Жұмалиев пікірінше; Лирика - өмір құбылысына ақынның
көз-қарасы, түсіну, сезімі, күйініші — сүйініші, онда адам өмірінің
асқақтығы да кейде қоңыр күйі де көрінеді [6,69].
   Адамның психологиялық көңіл-күйі өзіңен-өзі құбылып өзгермейді.
Көңіл-күйдің, шаттық сезімнің, қуаныштың, мысқыл кекесін, ашу-ызаның,
адам бойын билеген ой-арманның пайда болуы өмірдің оралуан көрінісіне,
жағдайға, табиғатқа, әлеуметтік ортаға байланысты туады.
Мәселен,    Махамбеттің   Баймағамбетке   айтқаны   хан-сұлтандарға
деген кекті ашу-ызадан туған сөздер. Өлеңді оқығанда ақынның қандай
көңіл-күйінен туындаған не сол сөзді айту үстінде оның жанын тербеген
сезімнің көрінісі байқалғандай болады.

Өзекті жанға бір өлім,
Орданды талқан қылып шабармын...
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін, жасырман...

деген жолдарынан Баймағамбет сұлтанның алдында тұтқын дәрежесінде
тұрып-ақ қаймықпай, көтеріліс бағдарламасьша сай халықтың қайнаған кегі
мен өшпеңділігін білдіретін ерлікті айқын аңғаруға болады. Сол дәуірде
бұл мәселеге Махамбетпен ешкім таласа алмайды. Академик З.Қабдолов
лириканы: Нұрлы ой, ішкі сырлы дүние жанры. Бір өленде бірнеше сөз болуы
мүмкін. Лирикадағы бас қаһарман -ақынның өзі. Лирикалық кейіпкер, әдетте
ұнамды кейіпкер. Лирикада тартыс та болады. Лирикада негізінен мінез
болады - деп бағалайды.
   Лириканың табиғаты, сипаты, түрлсрі туралы сонау көне дәуір ойшылдары
Аристотель, Әл - Фарабиден бастап XIX ғасырда5ы орыс классикалық сыны
өкілдерінін (В.Г.Белинский т.б.), бүгінгі қазақтың белгілі
ақын-жазушылары, ғалымдары еңбектеріиде кеңінен сөз болады.
   Ұлы ағартушы, оқымысты Шоқан  Уәлиханов әдебиет теориясының да кейбір
мәселелерімеи. шұғыдданған қазақтың поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын
зерттеген, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстырмақшы
болған. қазақ өлендерін Шоқан: жыр, жоқтау, қара өлеи, қайым өлең, өлең
-деп бөледі. қайсысы ескі түр, қайсысы жаңарақ, олардың қайсысыи кімдер
айтады, міне осы жағынан талдаулар береді.
    Қ.Жұмалиев Әдебиет теориясы еңбегінде атап өтеді. Ода, элегия,
сатиралық элегия, ән өлең, ал З.Қабдолов Сөз өнерінде төмендегі
түрлерін көрсетеді: баллада, идиллия, мадригал, ода, сонет, арнау,
канцонетта, элегия, эпиталама, эпитаорма, эпиграмма т.б.
   Зерттеуші - ғалым С.Мақпырұлының  Әдебиеттің тектері мен түрлері
атты әдістемелік талдау еңбегінде (3) лирикалық шығармалардың түрлерін
(жанрларын) ақынның қоршаған орта, қоғамдық шындық туралы толғаныс
сезімдерін, оны танып, бағалауын, жалпы көңіл-күйін таныту тәсілдерінің
сипатына қарай талдап көрсетеді: ән өлеңі, ода, элегия, сонет, сатира,
арнау, эпиграмма.
   Лирикалық шығармаларды жүйелегенде тағы бір ескертетін нәрсе-оларды
тақырыптық тұрғыдан қарастырып талдау.
   Бұл ретте академик З.Қабдолов: Әуелі Көне дүние тұсында, кейін
Классицизм кезінде сыршыл өлендерді түр-түрге бөліп келгендер болды.
Бірақ бұл онша жемісті әрекет емес, әншейін сырттай ғана жеңіл-желпі
топтау, дұрысында бұлайша бұтарлау лириканың мазмұнын жеделдетеді,
сондықтан қазіргі лирика бұлай жіктелмейді. Оның орнына әдебиет
зерттеушілер шартгы түрде болса да әрбір лирикалық өлеңді тақырыбына
қарай талдап, саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы,
махаббат лирикасы деген сияқты санаулы салаларға ғана бөліп тексеріп жүр.
Лириканы бұлай салалап тексерудің бірқатар мәні бар: әр түрінен ақынның
әр қырын тануға болады. Айталық, махаббат лирикасы. Абайдың осы саладағы
лирикасынан не аңғаруға болар еді? Сөз жоқ, ақынның сұлулыққа
көзқарасынан бастап гуманизміне дейінгі талай қырын аңғарған болар едік.
Бұларды өз алдына қойғанда, ақынның творчестволық эволюциясын,
суреткерлік шеберлікке жетілу сырын таныған болар едік - дейді.
   Лирикалық шығармаларды топтастыру, жанрлық ерекшеліктерін бір ізге
түсіруде орыс галымдары М.Бахтин, В.Д.Сквозников, Л.Тимофеев,
Д.С.Лихачев, Г.Л.Абрамович, Г.Н.Поспелов, Л.Я.Гинзбург, Н.А.Гуляев,
И.Гинберг, Л.Г.Фризман еңбектерінің (8) мәні зор. Бүлардың пікір
–көзқарастарының арасында да өзара келіспеушіліктер, қайшылықтар кездесіп
отырады. Десек те, олар лириканың сыр-сипатын ашып, түрін түстеуге, қоғам
жаңарған сайын қайта-қайта оралып, жаңа қырынан келіп, құнды пікірлер
айтып отыр. Осы эергтеушіілердің тұжырымдарын жинақтап түйіндесек,
лириканы екі улкен салаға бөліп қарауға болады екен. Бірі- медиативті
(толғау) лирика, екіншісі - баяндау лирика (повествовательная лирика).  
    Соңғы кездері қазақ әдебиеттану ғылымында да қазақ лиркасының жанрлық
ерекшеліктері жайында ғылыми еңбектер жариялана бастады. Солардың бірі
Б.Кәрібозұлының Қазақ лирикасының жанрлық спецификасы атты еңбегі.
Ғалым өз еңбегінде лириканы — арнау, толғау, баяндау лирикасы деп үш
топқа бөледі.
   Бұл қазақ өлеңдерінің ерекшеліктеріне өте жақын келеді ғой деп
ойлаймыз.
Дегенмен, мектеп бағдарламасындагьі берілген лирикалық 
шығармалардың дені қалыптасқан  тақырыптық түрлеріне қарай талдауға бейім
боп келетіндігі. Бұл жерде лириканы тақырыбына қарай топтап талдау, оны
жазған ақынның творчестволық бітімін пайымдау үшін айырықша мәні бар
нәрсе: әр түрінен ақынның әр қырын тануга болады— деген академик
З.Қабдолов пікірін ескеруіміз керек. Зерттеуші ғалымдардың пікірлерін
жүйелей келгенде, лирикалық шығармалардың тақырыптық жағынан төмендегі
түрлері бойынша курстық жұымста тоқталмақпын. Ал, лирика, өлең жанрын:
баллада, толғау (монолог), арнау, жоқтау (эпитафия), мысқылдау
(эпиграмма), мадақтау (ода), бейне өлең. ой өлең, сонет, ән өлең - деп
лирикалық шығармаларды талдауда осы жүйеге сүйенетінімді айта кеткен жөн.
      Қорыта келгенде, лириканың жанрлық ерекшеліктерін оқыту үрдісінде
танытуға байланысты зерттеуші ғалымдар мен әдіскерлердің піқірлерін
саралап қарағанда байқағаным, мұғалім көркем мәтіндердің тақырыбы мен
кейіпкерлерін, идеялық мазмұнын талдап қана қоймайды. Сол мәтіннің түрін
(табиғат, көңіл күй, саяси т.б.) де атап, қай жанрға жататынын, сол
жанрдың ерекшелігін таныстырып отыруы дағдыға айналуы тиіс. Өйткені,
жанрлық ерекшелік деген - көркем мәтіннің өзге шығармалардан өзін айырып,
танытатын ерекшелік. Ол тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ғана емес,
өзіндік табиғатынан, баяндалу, бейнелену түрінен де, шығарманың
композициясы, тілі, көлемі жағынан да танылады. Әдебиетті оқытудағы
әдістемелік жұмыс түрлері көркем мәтіннің жанрлық ерекшелігіне де
байланысты өзгеріп, алмасып отырады. Осыған байланысты лирикалық жанр
табиғаты сабақта қандай әдіс-төсіддер қолдануды күні бұрын айқындауды
талап етеді. 

 
 
  
 
1.2. Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттері 
      Мектепте берілетін білім оқу үрдісінің мән-мазмұнынан, оқыту
принциптерінен, оқуды ұйымдастырудың формасынан, оқыту әдістерінен,
оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудан, сабақ жүргізетін мұғалімнің
дайындығы дәрежесінен құралса, дидактика - оқыту мен білім берудің
теориясы, оның принциптері гноселогиялық, логикалық, психологиялық
негіздерден құралатыны белгілі.
       Ал дидактика принциптеріне келсек, 1) Ғылымдылық принципі 2)
білімді саналы игеру принципі, 3) оқытудың жүйелігі мен үздіксіздігі
принципі, 5) оқытуды өмірмен байланыстыру принципі, 6) көрнекілік
принципі, 7) білім берумен тәрбиенің байланыстылық принципі.
   Әдебиетті оқытудың дидактикалық негізі — мектептегі әдебиет  пәнінен
тұтас бір тарихи кезеңді ашу, суреткердің қалыптасуына әсер еткен орта,
жазушының ішкі, сыртқы, өмірбаяны, дүние танымы, ең ақырында оның
қоғам өміріндегі және әдеби күресте алатын орнын ашу (барлық жаганан
зерттеу), мектептегі әдебиет пәні үшін әр түрлі ағымдар мен әдістердің,
әдеби топтар мен адамдардың идеялар күресін нақты тарихи дәуірдегі
күрделі мәселелерді қоғамдық жөне әдеби тартыста әр түрлі көзқарастағы
адамдар тобының қалай шешкеиін көрсету болып табылады. Бұл айту,
баяндаумен бірге көрсету, көзін жеткізу керек деген ұғымды білдіреді.
Мәселен, Абайдың саяси-өлеуметтік лирикасын өткенде ақын өмір сүрген
заман шындығы кесслді пысық, қулар мен екі жүзді болыстардың
сатиралық бейнелері мен береке-бірлігі кеткен замана бейнесін сынаған
өлеңдерінен үзінділер келтіріп, дәлелдеп отыру керек болады. Бұл сабақтың
ғылыми негізділігін сақтайды.
    Лириканы оқытуда оқытудың өмірмен байланыстылығы принципі маңызды
орын алады. Өтілетін сабақтың толық ұғылуы, есте сақталуы үшін сабақтың
мазмұны, теориялық және практикалық маңызы туралы алдын-ала мәлімет беру
педагогика ғылымында бұрыннан бар. Мұны, оқушылардың бастағалы отырған
тақырыптың ғылыми негізі мен оның өмірмен байланысына қажетгілік сезімін
оятып, назарын еріксіз аударып, қызықтыруды сабақтың кіріспе бөлімі деп
те атайды.
    Мұғалімдердің пікіріне сүйенсек, көпшілігі өтілетін тақырыптың
өмірдегі, практикадағы маңызын алдын-ала баяндау - тақырып мазмүны есте
қалуының шарты деп біледі. Өйткені теория мен практиканың бірлігі —
оқудың өмірмен байланыстылығы принципінің негізі болып табылады..
    Оқушылардың оқығалы отырған жаңа материалдарды меңгеруге бұлай
дайындау — тақырыптың мазмұны мен дидактикалық мақсатына қарай түрліше
болады. Бірінде - сабақ оқушылардың тақырып туралы бұрыннан білген
тәжірибелерін хабарлаудан басталса, екіншісінде — мұғалімнің жаңа
тақырыптың ғылымдық және практикалық маңызын алдын-ала ашуынан,
үшіншісінде — оқушылардың бақылау және практикалық жұмыстарын
ұйымдастырудан басталады.
    Лириканы оқьпуда дидактиканың жүйелік пен бір ізділік принциптері
сабақ құндылығының екінші бір қырын - әдеби материадцардың берілуі мен
орналасу ретін - жананы түсіндіру барысында бұрын оқығаңдары мен
игергендеріне сүйенуді қамтамасыз етудің тәртібін аньгқтайды. Оны
А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Өтемісов, СДөнентаев, С.Көбеев,
С.Торайғыров, С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннін, Ж.Жабаевтың т.б. оқушылар
мектептің орта сыныптарында танысқан шыгармаларының жоғарғы сыныптарда
шолу, монографиялық тақырыптарды оқуда негіз болатыны сияқты, құрылым
үдемедігінен байқауға, түсінуге де болады. Сондықтан да (дидактикалық
жағынан) фактілердің орны мен реті, оны жинақтау мен білгенін тәжірибеде
қолдана білу дағдысын жетілдіру кезеңдері сабақта ғана жүзеге асады.
Сонымен сабақта білуге тиісті факті мен элементтсрдің жинақталып, ретімен
дұрыс берілуі тақырып игерудегі негізгі үрдіс екенін ұстаз әр уақытта
есте сақтауға міндетті.
    Қазіргі уақытта мектептегі оқыту жұмысы алдына балаларға белгілі
дәрежеде білім беру, қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгерту, сонымең
қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту міндеті қойылған. Сол
себепті мектептегі оқыту үрдісі дамыта тәрбиелейтін оқыту делінеді.
Осыған байланысты оқыту мен ақыл-ойды дамытудың біртүтас үрдіс (процесс)
ретіндегі ішкі байланысын, бір-біріне жасайтын әсер-ықпалын айқындап
алудың маңызы зор. Бұл жерде барлық адамның қабілеті бірдей еместігін
ескерту қажет. Оқыту мен тәрбиелеу арқылы адамның қабілетін белгілі бір
бағытта дамытуға болады, бірақ оның шегі жоқ емес. Сондықтан әрбір
адамның өз табиғатындағы қабілет мүмкіндігін өз биігіне дайін дамытып
тәрбиелеу-оқыту процесінің басты міндеті.
    Бұл бағытта лирикалық шығармалардың алатын орны ерекше.
    Адамның сезім дүниесін оятып, өмірге құлшындыратын, сенімді
тұрақтандыратын, қиялды қанаттаңцыратын лирика-адамгершілік биік
мүраттарға тәрбиелеуші ретінде оқушылардың білуге құштарлығын арттырып,
ойлау жүйесін дамытады. Лирика сабағы - оқушыны өнерді
эмоциялық-эстетикалық тұрғыдан түйсіне білуге үйретеді. Лирика — оқушының
өмір, болмысқа эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастырушы құрал. Ол
психологиямен,     дидактикамен     астасып,     оқыту-тәрбиелеу
мәселелерінің міндетгерін орындауға белсенді ат салысады.
   Лириканы оқытудағы көрнекілік принципіне тоқталсақ, әдебиетгі оқытуда
қолданылатын көрнекіліктердің барлығы бірдей қолданылады деп айта
алмаймыз. Өйткені лирика өзіндегі ой нақтылығымен, ақындық тіл, табиғи
бояу, суреткерлік қуатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз ете алады. Бұған
қарап лирикалық шығармаларды өткенде көрнекілік атаулыны мүлдем қолданбау
керек деген ой тумау керек. Жалпы оқу-тәрбие үрдісін жүзсге асыруда
көрнекіліктердің өзіндік маңызы, орны бар. Оның үстіне таным үрдісінің
(процесінің) есту, көру, сезу арқылы жүзеге асатынын физиолог ғалымдар
өте ертеден-ақ айтқан. Сондай-ақ сабақта көрнекілік пайдаланудың
тиімділігін педагог ғалымдар, әдіскерлер дс, педагог - практиктер де өз
тәжірибелерінде дәлелдеп келеді. Осы бағытга көрнекіліктің маңызы,
тиімділігі неде? -дсген сұраққа белгілі ұстаз-әдіскер Қ. Бітібаева:
Біріншіден; көрнекілік білім мазмұнын байыта түседі, екіншіден: есту
арқылы алған білімін көру арқылы бекіте түседі, үшіншіден; көрнекіліктер
оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырады, ойлау, таным
белсенділіктсрін дамытады, төртіншіден; эмоциясына әсер етеді,
бесіншіден; алған білімдеріи практикада жүзеге асыруға жетелейді - дейді
.   
    Лириканы, оқытудағы басты көрнекілік-сыныпта бастапқы күйінде
қайталанатын ақынның үні – дыбыстық корнекілік. Лирикадағы мұңдай
табиғи көрнекілік - оқулықта шығарманың белгілі бір ерекшеліктерін
көрсететін мәтін (үзінділер, эпизодтар, баяндаулар, жеке сөздер) берумен
шектелмеуі керек. Ақынның сезімге толы сөзі мәнермен оқу кезінде
эмоциямен қайта жаңғырады, тыңдаушыны көркем шығарманың сыры өзіңе тартып
еліктірсді. Осыған байланысты оқулықта оқушылардың төменгі сыныптарда
мәнерлеп оқудан алған білімдерін, дағдыларын жинақтайтын арнайы материал
беріліп, жүйелі түрде мәнерлеп окуға, мәтіннен жаттауға тапсырмалар
ұсынылып отырады.
   Лирикалық шығармалардағы әр дыбыс, үн ырғақ, әуез, бейнелі сөздер –
бәрі де сол көрнекілік қызметін атқаратындықтан, лирика көрнекілікті көп
қажет ете бермейді. Техникалық құралдарды, альбом, көркем суреттер
қосалқы мәнде пайдалануы мүмкін, жәие шолу, кіріспе, қорытыңды сабақтарды
ғана қолданылуы тиіс. Мысалы, мәнерлеп оқу техникасын үйрету үстінде
ақыниың өленін өз басы оқуына, Абай, Мағжан, Мұқағали өлеңдерін өнер
адамдарының (К.Қожабеков, Р.Сейітметов, Ф.Шәріпова т.б.) оқуына көніл
бөлген жөн.
   Лириканы оқыту әдебиет пәнін оқытудың талабынан туыңдайды. Әдебиетті
оқыту дегеніміз - коркем шығарманың өзін оқу. Алайда күні бүгінге дейін
оқушылар арасында оқулықты бас құрал етумен шектелушілер аз емес. Әдеби
білім беру ең алдымен шығарманың өзі арқылы іске асады. Ал, оқулық
мәтінді оқудан түйгендерін баянды етуге, алған әсерді тереңдетуге,
шығарманың қыры мен сырын оң көзімен қабылдауға қажет.
   Қандай жақсы оқулық болса да, ақынның шығармасы беретін эстетикалық
ләззатты бере алмайды. Мұғалімдер мен оқушылар оқулықты ғана оқыса,
оқулықпен ғана жұмыс істесе, бұл әдеби шығарманы емес, ол жөніндегі
оқулық авторының пікірін оқығандық болып шығады. Негізгі мақсат —
ақын-жазушының туындысын оқыту, білім негізін сол арқылы беру,
жасөспірімді Отан сүйгіштік, адамгершілік мұратгарға тәрбиелеу. Лириканың
күрделі ішкі-құрылымын, стильдік бітіміне - үңілу міндетін орындау,
мәтінді талдау, жоспар жасауда, оқу материалдарын сабаққа бөлгенде де,
сабақта баяндағанда да: белгіліден белгісізге, оңайдан қиынға, жайдан
күрделіге қарай - деген дидактикалық ережені сақтау міндетті. Сабаққа
бөлінген тақырыптар бойынша бағдарламалық білімді толық және тиянақты
игеруге жердемдесетіңцей өз бетіндік жұмыс пен тапсырмалардың түрлері
жеткілікті болуы шарт. Оқушылардың өз бетінше істейтін жұмысты орындауы
үстінде ғана мұғалім және оқушының өзіне тен ерекшелігін ескере отырып
жұмыс жүргізғенде . ғана икемдік дағдысын қалыптастыра алады.
Дифференциялаудың мәні мен әсері жұмыс санының аз я көбінде емес,
дайындық дәрежесінде, оқушының ой-өрісінің жетілуі мен ойлай білу
қабілетінің артуында, есте сақтай білуі мен пәнге деген ынта-ықыласының
жетілу дәрежесінде ғана. Бұл жағдайда сабақты орташа үлгеретін оқушылар
өздеріиің шала мецгергендерін толық меңгереді де, алдыңғы қатарлы
оқушылар алған білімін тереңдетеді.
 
 
 
 
 
ІІ. Лирикалық шығармаларды оқытудың жолдары
2.1. 5-9- сыныптарда лирикалық шығармаларды оқыту жолдары. 
        Бүгінгі қоғам талабына сай егемен елімізде болып жатқаң
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Республиканың қазіргі кезеадегі
мемлекеттік білім беру саясатының жүзеге асырылуы: білім беру мен
оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарауды талап етеді. Сол ниетге
болашақ ұрпаққа жүйелі білім бсру ісінде қазақ педагогакасы мектебінің
алдына жаңа міндеттер қойылып отыр.
    Мемлекеттік мәртебеге ие болған ұлттық мәдениетке, ана тілге деген
қоғамдық сұранысқа орай қазақ әдебиеті пәнін оқыту да жаңа бағытта
жүргізіле бастады. Өйткені әдебиет пәні білім беру жүйесіндегі басты
пәндердің бірі боп саналатындықтан, оның алдына қоятын мақсаты да пәнге
қойылатын талаптар деңгсйіне сай болуы қажет.
     Бұл ретте халқымыздың данагөй  ұлдарының бірі, ағартушы - ғалым
А.Байтұрсыновтың Қазақ газетінде (1914 ж.), Мектеп керектері деген
мақаласында:... Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика,
методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім.
Екінші-оқыту ісіне керек құралдард ың қолайлы, һәм сайлы болуы. Құралс ыз 
іс істемейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы.
    Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей
болып шығуы үшіи оның үлгісі я мезгілді өлшеуі болуы керек. Үлгісіз я
өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы (9) - деп оқытудың
дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп бергеніндей,
жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, оларды өмірге білімді, жан-жақты жетілген
азамат етіп әзірлеу оп- оңай жұмыс емес. Қиын да қызық, қыр-сыры мол
ұстаздық жұмыс терең білім, озық тәжірибені, ізденгіштік пен табанды
талапкерлікті талап етеді.
     Әдебиет пәнінің негізі көркем шығармада халқымыздың елдік, ерлік
дәстүрлері, тарихи жүріп өткен жолдары, тұрмыс-салты, өзіндік ділі, тілі,
психологиясы негізінде жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік
ұғым-түсінігі көрініс табады.
    Сондықтан да заманға келбеті мен болмыс жайын жеткізетін, ұлттық
сананы тәрбиелейтін, адам мен қоғам жайындағы түсінігі мен тәжірибесін,
үйрететін әдебиет пәнінің негізі көркем шығармалар десек, дәстүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте лирикалық шығарманы оқыту
Лирикалық шығармалардың түрлері және оның оқытудың мақсаттары
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Лирикалық шығарманы талдау жолдары
Оқушыларға лирикалық шығарма оқыту
Әдебиетті оқыту әдістемесі
Поэзиялық шығармаларды оқыту
Пәндер