Мұхтар әуезов шығармаларындағы қорғансыздар бейнесі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4 б
1.Мұхтар Әуезов . кемеңгер жазушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.6 б
2. Негізгі бөлім: Мұхтар Әуезов шығармаларындағы қорғансыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.9 б
2.1. Мұхтар Әуезов әлеміндегі тартыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.13 б
2.2. «Қорғансыздың күні» повесіндегі қорғансыздар тағдыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.20 б
2.3. «Жетім» әңгімесіндегі жан.сезім арпалысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21.24 б
2.4. «Қилы заман» романындағы қорғансыздар рухының биіктігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25.28 б
2.5. Іс.тәжірибе бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29.39 б
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40.41 б
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42 б

«Мұхтар Әуезов – біздің бүгінгі адамзатқа ортақ мәдениет шеруіне қатысуға жолдама алып берген елшіміз»
Н.Ә. Назарбаев.
Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар есімнің бірі – Әуезов. Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы – ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті басынан кешіріп, ХІХ ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Өйткені М.Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әрқашан именбей-ақ енген. М.Әуезов 20-30 жылдары қазақ арасындағы оқиғаларды арқау етіп, әдебиет айдынында мәңгі өшпес туындыларымен өзінің авторлық қолтаңбасын айқындап алды. Ол шығармалар суреткердің терең интуициясы мен бай қиялы арқасында тамаша өріліп шыққан туындылар еді. Бұл жайында белгілі ғалым Қайым Мұхаметжанов: «Тегінде Мұхтар Әуезов шығармасын ойдан алып, қиялмен жазған емес, оның әрбір шығармасының негізгі шын өмірде болған және болатын оқиғаның көркем әдебиетіміздегі шежіресі, оның әрбір кейіпкері, өмірде болған адамдардың, ұлы жазушының құдіретті қаламымен мүсінделген көркем образдар» деп, Әуезовтей жазушының өмірде құдіретті қаламы мен түйгені, иәрбір шығармасының негізі болғанын айтады.
Әуезов ұлы жазушы, ғалым қоғам қайраткері, сөз асылын тере білген көркем сөз шебері. Қазақ халқы шешен, дарынды халық десе, ана тілінің бары мен нәрін бойына сіңіре білген М.Әуезовке арнап айтылары анық. Оның әрбір шығармасы адамгершілікті, ізгілікті, достықты, тутулықты дәріктеу еңбекті сүюге баулу және жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын ояту әрбір еңбектерінде алға қойған болып табылады. [1. 165 б]

1.М.Әуезов тағылымы. Алматы, 1987ж.
2. Ж.Дәдебаев «Мұхтар Әуезов», Алматы «Рауан» 1991 ж
3. М.Әуезов шығармаларының 50 томдық жинағы (мақалалар, әңгімелер, аудармалар) ІІ-VІ том, Алматы 1998ж
4. Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі», Алматы «Рауан», 1997 ж
5. М.Әуезов шығармалар. 11 том, мақалалар, зерттеулер. А-1969.
6. Жүсіпов Қ. Көркем сөз құдіреті. Павлодар. 2001ж.
7. Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы – Алматы: Жазушы, 1979.-410б.
8. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.
9. Нұрғалиев Р. Әуезов және Алаш. – Алматы: Санат, 1997 – 256 б.
10. Әбдікәкімов Т. Ырауан. Алматы. 1998ж.
11. Марғұлан Ә. Алғашқы өрлеу. Кітапта: Біздің Мұхтар – Алматы: Жазушы, 1976. – 432 б.
12. Қабдолов З. М.Әуезов және оның әсемдік әлемі. Алматы: ҚазССР, Білім қоғамы, 1986ж.
13.Әуезов.М. «Қорғансыздың күні» - Атамұра, 2002ж.
14. Нұрқатов.А. «М.Әуезов» монографиясы.
15. «Парасат падишасы». Естеліктер – Атамұра, 1998ж.
16. «Әуезов үлі» ғылым-мәдени орталығының қолжазба қоры, П. №620 3-б
17. Мұхтар Әуезов. Үмітті ұрпаққа тілек ж/н «Абай» №20 1993ж
18. Қазақстан мектебі «Мұхтар Әуезов және адамды сүю мәселесі» 11/2008 48-49бет
19. М.Әуезов Үмітті ұрпаққа – игі тілек // Лениншіл жас 1957, 11 желтоқсан
20. Қабдолов з. М.Әуезов және оның әсемдік әлемі – Алматы: ҚазССР, Білім қоғамы, 1986ж
21. Қазақстан мектебі 5/2008 75-80 беттер
22. Қазақстан мектебі 6/2008 115-125 б
23. Егемен Қазақстан №2 Қаңтар айы 3-5
24. Қазақ әдебиеті 2/2005 10-12 б
25. Қазақ әдебиеті 8/2007 84-86 б

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы әкімдігінің
ҚКМК М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Мұхтар Әуезов шығармаларындағы қорғансыздар бейнесі.
Орындаған: Акишева П.О.
Мамандығы 0111013
Қазақ тілі және әдебиеті
Курсы IV. Тобы 47 ә
Ғылыми жетекші: Нұрғалиева Т.Ж.
Семей, 2012ж
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4 б
1.Мұхтар Әуезов – кемеңгер
жазушы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 5-6 б
2. Негізгі бөлім: Мұхтар Әуезов шығармаларындағы
қорғансыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..7 -9 б
2.1. Мұхтар Әуезов әлеміндегі
тартыс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .10-13 б
2.2. Қорғансыздың күні повесіндегі қорғансыздар
тағдыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-20 б
2.3. Жетім әңгімесіндегі жан-сезім арпалысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-24 б
2.4. Қилы заман романындағы қорғансыздар рухының
биіктігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25-28 б
2.5. Іс-тәжірибе бөлімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 29-39 б
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .40 -41 б
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
б
Кіріспе.
Мұхтар Әуезов – біздің бүгінгі адамзатқа ортақ мәдениет шеруіне
қатысуға жолдама алып берген елшіміз
Н.Ә. Назарбаев.
Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты
дегенде, ауызға алынар есімнің бірі – Әуезов. Заманымыздың заңғар жазушысы,
қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы – ұлы Мұхтар
Омарханұлы Әуезовтың артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой
елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным
түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген
ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы
көшпелі тіршілікті басынан кешіріп, ХІХ ғасырдың бел ортасында жол
айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры
мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз
ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса
бермек. Өйткені М.Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әрқашан
именбей-ақ енген. М.Әуезов 20-30 жылдары қазақ арасындағы оқиғаларды арқау
етіп, әдебиет айдынында мәңгі өшпес туындыларымен өзінің авторлық
қолтаңбасын айқындап алды. Ол шығармалар суреткердің терең интуициясы мен
бай қиялы арқасында тамаша өріліп шыққан туындылар еді. Бұл жайында белгілі
ғалым Қайым Мұхаметжанов: Тегінде Мұхтар Әуезов шығармасын ойдан алып,
қиялмен жазған емес, оның әрбір шығармасының негізгі шын өмірде болған және
болатын оқиғаның көркем әдебиетіміздегі шежіресі, оның әрбір кейіпкері,
өмірде болған адамдардың, ұлы жазушының құдіретті қаламымен мүсінделген
көркем образдар деп, Әуезовтей жазушының өмірде құдіретті қаламы мен
түйгені, иәрбір шығармасының негізі болғанын айтады.
Әуезов ұлы жазушы, ғалым қоғам қайраткері, сөз асылын тере білген
көркем сөз шебері. Қазақ халқы шешен, дарынды халық десе, ана тілінің бары
мен нәрін бойына сіңіре білген М.Әуезовке арнап айтылары анық. Оның әрбір
шығармасы адамгершілікті, ізгілікті, достықты, тутулықты дәріктеу еңбекті
сүюге баулу және жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын ояту әрбір
еңбектерінде алға қойған болып табылады. [1. 165 б]
Зертту жұмысымның өзектілігі: М.Әуезов әлемін түсіндіруде, оның гуманизмін
қорғансыздар тақырыбына жазылған шығармалар негізіне сүйне отырып,
жазушының авторлық көзқарасын, идеясын аша білу – курс жұмысының өзектілігі
болды.
Әр халықтың әлеуметтік рухани болмысының қалыптасып, дамуына ерекше
ықпал еткен ұлы тұлғалар болды. Олардан қалған асыл рухани қазына сол
халықты әлемге танытып, өркениетті елдердің қатарына қосылуына бірден-бір
себепкер болды. Қазақ халқының ой-өрісі мен биігін көрсететін Абайдан
кейінгі үлкен тұлға – Мұхтар Әуезов. Ол өзінің қайталанбас шығармашылық
қызметімен қазақ ұлтының мәдени шырқау биігіне көтеріліп, рухани қайта
түлеуіне мол үлес қосты.
Зерттеу жұмысымның мақсаты: Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармаларын, соныың
ішінде қорғансыздар ашып зерттеу, оның мәнін, ерекшеліктерін, мақсат-
міндеттерін анықтай отырып, мектеп бағдарламасына оларды енгізу
ерекшеліктері мен жолдарын зерттеу. Тақырыбы ортақ, сюжеті желілес
әңгімелердегі кейіпкерлерді бір жерге жиып, бәрін қосып қорғансыздардың
аянышты ауыр халдерін әр қырынан әсерлі көрсетіп қана қоймай, адамдарды
еркінен айырып, одан құтылудың жолы біреу-ақ, ол тек қана азаттық үшін
айқас екенін аңғарту.
Зерттеу жұмысымның міндеттері:
❖ Мұхтар Әуезов шығармаларын оқыту арқылы өзін-өзі көрсетуге қабілетті,
шығармашылық тұрғыдан дамыған әлеуметтік қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
❖ Оқушы бойында халықтың салт-дәстүрін, өнерін, ана-тілін қадірлейтін,
Отанын, елін, жерін сүйетін жан жақты жетілген, саналы намысқор
патриот тұлға қалыптастыру.
❖ М.Әуезовтың қорғансыздар тақырыбында жазылған шығармалары арқылы
оқушыларды әр түрлі тақырыптар төңірегінде пікірталастыра отыра
ойларын дәлелдету - оқушыны шығарманың мазмұны мен идеясына көз
жүгіртуге, проблемаларды бүгінгі күнмен байланыстырып қарастыруға,
ізденіске, өзіндік танымын ашуға, өз пікірін, көзқарасын білдіре алуға
жетелеу.
Зерттеудің көкейкестілігі: М.Әуезовті түсіндіруді Қорғансыздар күні
шығармасының негіздеріне сүйене отырып, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып,
жүзеге асыруын қамтамасыз ету.
Зерттеу әдіс-тәсілдері: оқушылармен әңгімелесу, сабақ өткізу, мәтінмен
жұмыс, пікірталас, ой қозғау, сөздікпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап,
іздендіру.
Зерттеу базасы: Семей қаласындағы № 3 орта мектеп кешені
Зерттеу объектісі: Мұхтар Әуезовтің Қорғансыздар жайлы шығармалары.
Зерттеу пәні: Әдебиет
Зерттеу болжамы:
Мектеп оқушыларына Мұхтар Әуезовтың Қорғансыздар тақырыбында жазылған
әңгімелерін оқытып, түрлі тапсырма бере отырып, ішкі мүмкіндігін, күшін,
бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару, ой-өрісін
өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйрету. Жалпы адамзаттық
адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық
дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беру.
Зерттеу құрылымы: Зерттеу жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен,
эксперименттік зерттеу жұмысынан, қорытынды және пайдалынылған
әдебиеттерден тұрады.
1.Мұхтар Әуезов – кемеңгер жазушы
Бодандықтың зілмауыр қайғы-қасіреті мен әділетсіз қараңғы қоғамның
қорлық-зорлығы салдарынан жүдеп-жадаған, арып-ашқан, кетеуі кеткен дала
тірлігінің бейшара халі Мұхтар Әуезовтің қилы қиянға сүйреп, оның жүрегін
қанжылатады, санасын, сараңға салады. Бірақ ол сары уайымға тізгін беріп,
ел-жұртының, туған даласының ертеңінен күдер үзген жоқ. Керісінше тас
қараңғы түннен кейін, қалай болғанда да, жарқырап таң атқанына дүлей қарлы
дауылдан кейін де жарқырап күн ашылатынына имандай сенеді.
Қорғансыздың күні атты әңгімесінде де қазақ аулындағы кедейлер
өмірінің бір көрінісін терең-тамырынан қопарып әкеліп, бейшара қорғансыз
жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпашылық аса
шыншылдықпен әсерлі бейнелейді. Бұнда автор қарапайым халықты, әсіресе,
қорғансыз жандарды отаршыл бір қорласа, ел жуандары ебін тауып, екі
қорлайтынын, олардың көз жасын, мұрын боғын көретін, сөзін, зарын тыңдайтын
заң, үкімет, әділет дегенің жоқ екендігін паш етеді. Осылайша бала қыз
Ғазизаның өлімі арқылы сол тұстың тағылығына көзіңді жеткізе отырып, ел
атқа мінерлерінің (Ақан болыс) халық қамын ойлауы былай тұрсын, есесіне
хайуандай жыртқыш жаудай қатыгез, топастығы қаныңды қайнатады.
Жалпы М.Әуезов өзі өмір сүрген кезеңнің ерекше сипатын дәл де анық
аңғарғаны соншалық, тура осы кезде оянып, ел қатарына қосылуда туған
халқына жылап та, жырлап та айтады. Осы тұрғыда ол сол тұстағы қазақ
ауылындағы әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, озбырлық туралы адамдар
арасындағы надандық кесірінен туындап жататын қым-қиғаш қайшылық қараңғы
тағы қоғамдық әйел жағдайы әйел-ана басындағы ауыр хал, олардағы бостандық,
махаббат еркіндігінің жоқтығы отаршылдардың зорлық-зомбылығы хақында
Қорғансыздың күнінен, Қараш-қараш оқиғасында дейінгі екі аралықта толып
жатқан, қазақ қоғамындағы, қараңғы қыр өміріндегі шырт ұйқыны бұзуды
тұтады. Атап айтқанда, Оқыған азамат, Қыр әңгімелері, Үйлену,
Ескілік көлеңкесінде, Кінәмшіл бойжеткен, Қаралы сұлу, Жуантық,
т.б. әңгімелерінде өз еліндегі өгейлік көріп, өктем күштердің әділетсіз
заманның құрбаны болған қорғансыздар тағдыры аса шебер суреттеледі.
Автордың өзіндік стильдік, суреткерлік ерекшелігі, жазу мәнері
оқырмандарының қызығушылығын оятады, көңіл-күйге үлкен әсерін тигізеді,
аяныш сезімін туғызады.
Уақыт жалына жабысып, зымырап өте шыққан кәрі заманның шудалы шаңы
сейілген шақта, туған топырағынан із кесіп жер мен елдің шежіресін
жаңғыртып, келер ұрпақты бабалар рухымен табыстыра білуі қандай ғажап!
Мұндай бақыт қаламгер атанған екінің бірінің қолынан келе бермейді. Осындай
бақытқа бөленген қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы – Мұхтар
Омарханұлы Әуезов.
Заңғар жазушының балаларға арналған шығармаларының қатарына жазушылық
өнерінің алғашқы баспалдағында жазған әңгімелері жатады. Атап айтсақ,
Жетім, Қорғансыздың күні, Қараш-қараш оқиғасы және Абай жолы
эпопеясындағы Абай мен Оспанның балалық мінездерін танытатын тараулары
жатады. Жазушының балаларға арналған әңгімелерінің негізгі лейтмотиві,
концептуалдық түйіні – қорғансыздар жайы.
Бала жанын ширықтырып, ізгілік әлеміне жетелейді. Мұхтар Әуезовтің
балалар әдебиетіне арналған мұраларының басты кейіпкерлері дала тағылығы
мен жазудағы алдында шарасыз болып, тапталса да бірақ ары мен жанының
мөлдірлігін пәк қалпында сақтаған Ғазиза, Құрмаш, Қасымдар. Өмірдің
соншалықты дәрменсіз, қарсы тұрар қауқары жоқ бейшаралығын жазу ісін
әдебиет өнерінде символизм яки модернизм деп атайды.
Бұл ағым тұсында жазушының көрсетер дәрмені жоқ сол зұлымдықпен
күресудің жолын таба алмай, еріксіз жас тағдырын құрбан еткен
кейіпкерлерінің өміріне деген жанашырлық ілтипаты ғана болады. Бұндай ағым
қоғамда саяси дағдарыстар болып, ізгілік жойылып, тағылық үстемдік
құрғанда, өзге бір қоғамдық құрылыс орнап, ескісі күйреп, жаңасы өз жолына
түсе алмай тұрған шақта жазылатын шығармашылық көркем тәсіл.
Мұхтар Әуезов туындыларына уақыт өзі өлмейтін нұр дарытқан, себебі
әрбір шығарма халқына деген ерекше махаббатынан туған. Кемеңгер жазушы
М.Әуезов шығармаларындағы қорғансыздар тақырыбы – ең негізгі тақырып.
Кемеңгер жазушы Мұхтардың 1917-1930 жылдарда жазған шығармаларында осындай
ағымдық белгілер айқын көрініс тапқан.
2. М.О.Ауезов шығармаларындағы қорғансыздар
Заңғар жазушының Жетім әңгімесіндегі тіл көремдігін, кестелілігін
ашу үшін осы туындының көтерген тақырыбы мен суреткерлік танымын ғылыми
жүйеге салып, таразылау арқылы барынша тани түспекпіз. Шығармадағы әр сөз,
әр нақыш әрі көркемдігімен, әрі ешқайсысы шашау шықпай жымдасып, өріле келе
басты түйінге, яғни негізгі идеясына, қызмет етуге бағындырылуымен назар
аудартады [6:151]. Ендеше, әр сөз бен әр көркемдік кесте үндесіп, селбесіп
келіп үлкен бір идеяға жұмылдырса, сол арқылы суреткерлік таным мен
көркемдік ойды бірден пайымдамақпыз. Сондықтан да шығарманың көркемдік
табиғатын ашу үшін әңгіменің тақырыптық, қырлары мен дүние танымдық
суреткер мүддесін сарлай зерттеуіміз өзекті болып табылады.
Мұхтар Әуезовтың балаларға арналған шығармаларының қатарына жазушылық
өнердің алғашқы баспалдағында жазған әңгімелері жатады. Атап айтсақ

Бала жанын ширықтырып, ізгілік әлеміне жетелейді. Мұхтар Әуезовтың
балалар әдебиетіне арналған мұраларының басты кейіпкерлері дала тағлығы мен
жауыздығы алдында шарасыз болып, тапталса да бірақ ары мен жауыздығы
алдында шарасыз болып, тапталса да бірақ ары мен жанының мөлдіреген пәк
қалпында сақтаған Ғазиза, Құрмаш, Қасымдар. Өмірдің соншалықта дәрменсіз,
қарсы тұрар қауқары жоқ бейшаралығын жазу ісін әдебиет өнерінде символизм
яки модернизм деп атайды. Бұл ағым тұсында жазушының көрсетер дәмені жоқ
сол зұлымдықпен күресудің жолын таба алмай, еріксіз жас тағдырын құрбан
еткен кейіпкерлерінің өміріне деген жанашырлық ілтипаты ғана болады. Бұндай
ағым қоғамда саяси дағдарыстар болып, ізгілік жойылып, тағылық үстемдік

Кемеңгер жазушы Мұхтардың 1917-1930 жылдарда жазған шығармаларында
осындай ағымдық белгілер айқын көрініс тапқан. Оған ел жағдайы да, қоғамдық
құбылыстар да сонымен қатар жазушының ішкі жан дүниесіндегі күйзелістері
бір арнаға тоғыса келіп, шығармашылық ізденіс болып көрініс табады. Осы
тұста Мүсілім Базарбаевтың осынау бір пікірін айта кету орынды. Сонау
алғашқы әңгіме, повестерінен бастап, драмалық шығармалар, атақты Абай
жолы романы – бәрі де алған кейіпкерлерінің оны мен сезімін терең
меңгертіп, солардың жүрегіне жол таба білудің, тағдыр мен жеке бас
аралығындағы дәнекер арқаудың ұзілмеуін, меңзеген маөқсатын солардың қан
тамырының соғуына қарай дәлелдегенін байқатады[7:121]
Жазушы жетім балалар тағдырына қатты толғанып, бар жүрегімен аяныш
сезімін білдіреді. Мұхтар мұншалықты жан төзгісіз тағылыққа жайбырақат
қарауды ар санайды. Ол өз қаһармандарымен іштей табысып, солармен бірге бір
күй қабылдап, бар жанымен қатты тебіренетіні әңгіменің өн бойынан анық
байқалады. Балаларға арналған сондай әңгімесінің бірі – Жетім [8:19]
Қасым – әжеме қатым түсірем, әке-шешемнің аруағына құран оқытам деп Исадан
бар болғаны бір саулық сұрауы – бас қаһарманның жан асқақтығын танытады.
Қасым – әділетті ту қылып көтерген кешегі батыл көшпенді елдің әңгімедегі
ең соңғы тұяғы. Азып-тозған озбырлықты бақыт, жан рахаты деп түсінген топас
та тас жүрек қоғамның бір ғана ізгілікті ойлаған әлсіз де бас қаһарманы
Қасым ғана.
Жетімдік тақырыбы прозада, поэзияда болмасын үнемі көтеріліп,
қоғамның індеті, мейірімсіздігі екені үнемі танылып отырса да әлі күнге
Қадиша сынды мейірімнен ада мінездер әлі күнге кездесіп отыратыны рас.
Ьосынау жетім тақырыбын бар қасыретімен ашып көрсете білген Тыныштықбек
Әбдікәкімовтың Жеке қоңыр өлеңін айта кету орынды іс.
Қайта-қайта маңырап қоңыр қозым,
Суландыра бердің-ау көңіл көзін.
Қозысы едім мен де бір қоңырлықтың,
Көп өксіктен көкірек сөгілгесін . . .
Жалғыздық тұр түріңнен байқалып шын.
Сол шындықты қосыла айталықшы,
Жетім зарын ұқпайтын жандар да бар,
Желіні жоқ мал сені қайдан ұқсын!
Жетімдікті солайша мал да сынар,
Жырым-жалғыз, мен-жалғыз,
Сен бе сыңар?...
Жүр, іздейік, біздерді түсінетін,
Кім біледі, біреулер бар да шығар?![11:10]
(Әбдікәкімов Т. Ырауан, Алматы, Атамұра, 2000) Бұл өлеңде жетімдікке
хайуанша тоң да айбат мінезін барынша жан – жақты танытқан қоғамның мерез
мінезін көрсетеді. Әсіресе күйеуін билеп алған Хадишаның қатігез типтік
бейнесін қоғамдық дерт есебінде көтерген жазушы ойы мен ақынның жан толғауы
үндестік табуы – тақырыптық бірлігінен ғана емес, сонымен бірге ізгілік
концепциялары бір болғандықтан еркін жарасым тапқан.
Әңгіменің финалы әкесі мен шешесінің, әжесінің қабірін іздеп, тау-
тасты аралап жүріп, күздің қара суығына ұрынған бала түн қараңғысында
зәресі ұшып, шошынып қазаға ұшырайды. Әңгімеде мифтік мотивт те сәтті шешім
тапқан. Ұзын бойлы қара кісінің артымнан ер деп онсыз да сорлы баланы
артынан жүгіртіп, қараңғылыққа шақыруы - нағыз археомифтік сарын.
Біздің атамыз қазақтың түсінігінде адам өлер алдында әзірлейді көрді
деген дүниетанымның сыр ұшығы жатса, екіншіден, қараңғылыққа шақырған адам
баланың көзіне көрінген ажал есебінде. Қасымның ұзынға ер жүгіруі – өлім
алдындағы бой жазу іспетті далбаса әрекет. Өлім мен өмірдің арасындағы
беймақсат сандалыс
Зұлымдықтың қанды құрсауының тұтқыны болған, қайғы мен қасіреттің
ауыр жүгін арқалай алмай шорт кеткен бейкүнә да пәк бейнесін сомдауда
суреткер Әуезов жазушылық шеберліктің озық үлгісін ұсынады. Қорғансыздың
күні турасында сөз қозғағанда сөз өнерінің ірге тасын қалаушылардың бірі
де бірігейі болған Зейнолла Қабдоловтың төмендегі пікірін айту арқылы
туындының мазмұны мен пішініне әділ баға береміз.
Задында шын мәніндегі нағыз үлкен талант өзінің өнер өрісінде
жаттығу жасап, онша ұзақ күйбеңдемейтін болса керек. Әуезовтің осынау
алғашқы әңгімесінің өзінде өзгеге ұқсамайтын өзіндік мәнер-машығы бар,
кібіртіксіз көсіле жөнелеген жорға қаламының ізі сайрап жатыр [12:27]
Қорыта айтқанда, Қорғансыздың күні әңгімесі арқылы жазушы сол
заманның қатыгез, қатыгез болса да шынай тұрмыс келбетін, зарлы да мұңлы
тағдырлар тоғысын көрсетеді. Бұл әңгіме балалар әдебиеті үшін де қосылған
сүбелі үлес. Ондағы фольклорлық үлгі болып табылатын Күшікбай батыр
әңгімесі де Ғазиза бейнесі де соншалықты астасып, сабақтасып бала жанын
ізгілікке, мейірімділікке шақыратын көркем бейнелер.
2.1. Мұхтар Әуезов әлеміндегі тартыс
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі рухани серпіліс қазақ сөз өнеріне аса
дарынды үлкен шоғырды сыйлады. Алаш қозғалысы, оның тәуелсіздікке ұмылған
қарқынды қадамдары, ұлт санасын оятудағы игілікті істері, жігерлі ұрандары
– қазақ әдебиетінің даму бағытына да оң ықпал жасағаны баршамызға мәлім.
Қоғамдағы алаштық идея – жаңа мазмұндағы сөз өнерін қалыптады десек, соны
сипаттағы әдебиеттің аса дарынды өкілі ретінде Мұхтар Әуезовті атайтынымыз
кәміл.
Қазақ сахарасы қашан да өзіндік өшпес орны бар таланттарға кенде
емес. Соның бірі – бойында қаламгерлік таланттың, шалқыған шабыттың жалыны
бар тұлға – Мұхтар Әуезов. Оның туындылары өз заманының келбетінен сыр
береді және сол дәуірдің ағымымен түрлі тағдырды арқалаған адам өмірін
сипаттайды. Мұхтар Әуезов туындыларына уақыт өзі өлмейтін нұр дарытқан,
себебі әрбір шығарма халқына деген ерекше махаббатынан туған. Суреткер
шығармаларындағы қорғансыздар тақырыбы – ең негізгі тақырып. Байырғы қазақ
аулындағы әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, озбырлық, отаршылдық, жалпы
айтқанда қорғансыздар күні жазушы шығармаларының өзекті мәселесі. Алайда
жазушы тәуелсіздікке ұмтылған халықтың қаншама қорғансыз болғанмен, рухтары
мықты, намысқор екенін әр шығармасында көрсетіп отырған.
Негізінен Мұхтар Әуезов әңгімелері трагедияға құрылған. Шығарма
тақырыбы, оқиға барысы, сюжеттік желісі, кейіпкерлер арасындағы тартыста
қарама-қайшылықтар кездесіп отырады. Аталмыш әңгімелерінде зұлымдық,
жауыздық, озбырлық үстемдікке шығады. Бас қаһармандар қайғылы халге ұшырап,
оқиға трагедиямен аяқталады.
Бұл ретте М.Әуезовтың тырнақ алды пьесасы Еңлік-Кебек туралы
айтатын болсақ, оның мазмұнына М.Әуезовтың туған өлкесінде ХҮІІІ ғасырдың
соңына таман өмірде болған қайғылы оқиға арқау болған. Ер жүрек, сері жігіт
Кебек пен ару қыз Еңліктің бірін-бірі жүрек қалауымен ұнатып, сүйіп
қосылғаны – бұрыннан бір-біріне қырғи қабақ екі рудың жуандары мен шонжар
төрелерінің ашу-ызасына тамыздық болып, екі жақтың қызыл қырғын төбелесіне,
айтыс-тартысына ұласады. Бір-біріне жеңістік бермей, ақыр соңында жан
түршігерлік, масқара мәмілеге келеді де, қараңғы елдің жабайы заңын аттап
өткен екі жасты тірідей ту биенің құйрығына байлап, сүйретіп өлтіреді.
Еңлік пен Кебектің сәбилері иен таудың жалама шатқалында жападан-жалғыз
шырылдап қала береді. Осы бір көнеден келе жатқан, тіпті аңызға айналып
кеткен оқиғаны М.Әуезов халықтың қараңғылығын, даланың мешеу салт-дәстүрін
әшкерелеу мақсатында Еңлік-Кебек трагедиясн жазып шыққан. Осылайша Еңлік-
Кебектің мазмұны ескі аңыз болғанымен, М.Әуезов қаламы арқылы ұйқыдағы
қазақ даласының ең алғашқы ұйқыашары болды. Пьесадағы өз кейпін, рухани бет-
бейнесін көрген халық тұңғыш рет бетімен жер басты. Дүркіреп оянбаса да,
ептеп ұйқысы бұзылды. Бұдан кейін жазушы бәйбіше-тоқал драмасын жазды.
Бұл да ескілікті қазақ өмірін арқау еткен туынды. Тақырыпты көркем
игерудегі жазушының сәтті табысы – пьесаның затын атына сәйкестендірем деп,
тартысты күндес қатындар арасындағы күйкі әрекеттерге құрмай, ескі ауылдағы
әйел теңсіздігінен, қалың мал қырсығынан туындаған әлеуметтік сипаттағы
қайғылы халге құрғандығы. Сөйтіп, шығарма күндес екі әйелдің арасындағы
ырың-жырың ғана емес, есесіне олардан туған балалардың арасындағы (Төлжан,
Демеужан, Қуатжан) бақастық, бақталастық, іштарлық негізгі уақиға желісі
болып шыққан. Әрине, бұл бір отбасында болып жатқан кикілжіңді өз
есептеріне пайдаланған ауыл атқа мінерлерінің (Әбділда, Бейсенбі) аярлығы,
алаяқтығы, бұлардың көкайыл тоқалға (Қайша) дем беріп, оның қолтығына су
бүркіп, туған туыстар арасын алатайдай бүлдіруі, сөйтіп ақыр-аяғында бірін-
бірі атып өлтірумен тынған жікшілдік, зұлымдық, бір ауыз сөзбен айтқанда
надандық зардабы психологиялық дәлелдермен нанымды суреттелген. Осы арқылы
жазушы күні өтіп бара жатқан ескілікті қазақ ауылындағы бірер адам
басындағы қиын халді ғана емес, қазақ қоғамындағы қараңғылықты әшкерелейді,
сол қараңғы, тағылыққа лағнет айтады.
Белгілі жазушы-драматург, филология ғылымдарының кандидаты Жолтай
Әлмашұлы - М.О. Әуезов шығармашылығымен талай жылдардан бері айналысып
жүрген ғалымдарымыздың бірі. Ғалымның сондай көлемді еңбектерінің бірі -
2005 жылы жарық көрген Әуезовтің жұмбақ әлемі атты монографиясы деп
білеміз. (Жеті жарғы, Алматы, 2005 жыл)
Ғалымның аталған еңбегі көлемді жұмыс. Монография өзара сабақтас төрт
бөлімнен құралады. Енді, ізденуші Ж.Әлмашұлының М.Әуезов шығармашылығын
талдап-саралаудағы өзіндік ерекшеліктеріне назар аударалық.
Қазақ әдебиеттану ғылымында трагизм мен комизм элементтерін жүйелеуге
арнаған жұмыстар аса көп емес. Зерттеуші Ж. Әлмашұлы Әуезовтің жұмбақ
әлемі монографиясын осы бағытқа арнаған. Кітаптың бірінші бөлімі Мұхтар
Әуезов шығармаларындағы психотрагизм деп аталып, бұл тарауда жазушы
М.Әуезовтің Абай жолы мен Өскен өркен романдарын және Қилы заман,
Қараш-қараш оқиғасы, Көксерек, Қорғансыздың күні, Оқыған азамат
сияқты әңгіме хикаяттарындағы қорғансыздар мен қорлық көрген жандардың жан-
сезім арпалысы мен ой-армандары, ішкі сезім күйзелістері мәселелері сөз
болады. Мысалы, зерттеуші жазушының Қорғансыздың күні әңгімесіндегі өз
тұжырым-пікірлерін былайша өрбітеді: Айдаладағы ескі жұрт. Онда тұрып
жатқан мұңлықтар: 80 жастағы қарт әже, 40 жастағы жанарсыз қалған әйел, 13
жасар қыз - Ғазиза. Онсыз да мына қатал тағдырдың тауқыметін аз тартып
отырмаған осы жылаулы шаңыраққа жығылған үстіне жұдырық болып, ана
адамгершіліктен жұрдай Ақан мырза мен оның жылпос серігі - Қалтайдың келе
қалуы. Олардың озбырлығы... Жас қыз Ғазизаның ары төгілуі... Періште қыздың
жан қиналысы... Ақыры, өз әкесі жатқан қабірге барып, сол жерде жаны жай
табуы... Міне, осы көріністерді М.Әуезов жай, сезімсіз бере салмаған,
барынша нанымды әрі сезімді сілкілейтіндей етіп береді. Бұл - қазақ
даласының зарлы, мұңлы әніндей әсер етеді. Бір қарағанда соншалық қою
сюжет те емес, былайша алсақ, өмірдің бір ащы суреті. Алайда талантты
суреткер сол кішкене оқиғаны жеріне жеткізе суреттеген. Кісіге ой сала
әңгімелеп, тосын түйін жасай білген. Өлімнен ұят күшті. Қазақ осылай
десе, Әуезов сол ойды тереңнен қазып, ар деген ұғымды аса биікке көтере
білген. Сосын да бұл әңгіме бұрын-соңды қазақ әдебиетінде болмаған үрдіс
болып қабылданды (зерттеу жұмысының 25-бетінде). Ал осы Қорғансыздың
күні әңгімесі жөнінде зерттеуші-ғалым А. Нұрқатов мынадай пікір білдіреді:
... жазушының адам тағдырын, оның іс-әрекетін реалистік жағдайда тұтас
алып суреттеуге ұсталығы, оның мәдениеті жоғары әдебиет дәстүріне ден
қойғандығы, суреткерлік алғырлығы бұл шығармада айқын белгі береді
(М.Әуезов творчествосы, Алматы, 1965 ж.).
М.Әуезовтің Абай жолы мен Өскен өркен романдарындағы адами
құндылықтар мәселесін, ішкі өкініш, уайым мен мұң, қайғы, психологиялық
толғаныс иірімдерін қарастырып, жалпы Әуезов шығармашылығындағы мұң мен
мысқыл, трагизм элементтеріне тоқталып өтеді.
Монографиялық жұмыстың екінші бөлімі Мұхтар мұрасындағы комизм
мәселесін талдауға арналған. Мұнда зерттеуші жазушы М.Әуезов
шығармаларындағы күлкі мен әжуа, сатира мен юмор, күлкі мен мысқыл
түрлеріне кеңінен тоқталады. Мысалы, автор өзінің талдау жұмыстарында
жазушының Абай жолы роман-эпопеясындағы күлкі мен ащы әзілге толы мынадай
үзінділер келтіреді: Шығарманың бір тұсында Абайдың Семейдегі кітапханаға
кіретін жері суреттеледі. Сонда паң жүзді көрші әйеліне Абайдың келе
жатқанын көрсетіп, чиновник Гоголь кітапханасына түйе де кіретін болған
ба? деп күледі ғой. Сонда Абай Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, бұнда
ол түгіл есек те отырыпты ғой деп жауап қайтарады. Ауыр жауаптасу, ащы
жауаптасу, әйтсе де сөзіне қарай жауабы (зерттеудің 149-беті).
Суреткер кітабының тағы бір жерінде Байкөкше ақынның аузымен
айтылатын әдемі қалжың, әсерлі кекесін бар. Молдабай дегеннің аузымен
Байкөкше деген Жай көкше емес екендігін айтып отырып, сол ақынға сөз
кезегін бергенде, Тәкежан болысты өлтіре сынайды. Абай өзі бастап, мынадай
екі жолды айтады:
- Ойпаң жерге қуаңдап шөп бітеді,
Кей жігітке мал мен бас көп бітеді, - деп дереу шығара қойғанда,
Байкөкше:
- Кей жігітті пысық деп болыс қойсаң,
Қашан түсіп болғанша жеп бітеді, - деп қайырады. Осы романда, ең
алдымен, ақын Абайдың мысқылы көзге көрінеді. Абай сөзі, Абай жыры жазушы
үшін күлкі тудырудың нағыз құралына айналған (зерттеудің 150-беті). Міне,
осылайша зерттеуші Ж.Әлмашұлы талғампаз суреткер М.Әуезов
шығармашылығындағы орынды күлкі мен әжуа түрлеріне талдаулар жасап, өз
ізденістерін жалғастырады. Ғалымның Әуезовтің жұмбақ әлемі
монографиясының үшінші бөлімінде М.Әуезов ғылыми еңбектеріндегі трагизм
мен комизм мәселелерінің зерделену жайы айтылып, мұнда Қазақ ауыз
әдебиетіндегі ащы сатира, Әлем әдебиетіндегі мұң мен мысқыл Замандас
қаламгерлер шығармасындағы трагизм һәм күлкі сияқты өзекті мәселелер сөз
болып, жүйеленеді. Ал жұмыстың төртінші бөлімі дарынды жазушы М. Әуезовтің
өз кезінде ағалы-інілі болып араласқан, сыйласқан замандастары С.Қожанов,
М.Шолохов, Б.Кенжебаев, Н.Оңдасынов сияқты қаламгерлермен рухани
байланысы, олардың болашақ талант иесіне тигізген әсерлері мен моральдық
қолдаулары туралы деректерге арналып, сипатталады.
Міне, біз жоғарыда сөз еткен талантты жазушы-суреткер М.О.Әуезов
туындыларына арналған ғалым, зерттеуші Ж.Әлмашұлының Әуезовтің жұмбақ
әлемі атты монографиялық жұмысының құрылымдық, мазмұндық сипаттары
осындай. Сондай-ақ бұл еңбекте М.Әуезов шығармашылығына қатысты эссе-
толғамдар жаңа, тың деректермен берілген. Монографиялық зерттеу жұмысы
жалпы әдебиетші қауым мен филолог мамандарға арналған. Бұған дейін де
баспасөз құралдары арқылы еңбектері жиі көрініп тұратын белгілі жазушы-
драматург, филология ғылымдарының кандидаты Ж. Әлмашұлының бұл еңбегін -
әуезовтануға қосылған тағы бір сүбелі жұмыс деп бағалаймыз. Сөз соңында
айтарымыз, бүгінгідей көркем мәтін жұмыстарын жаңаша талдап, жүйелеу ісін
жетілдіру үдерісінде, аталмыш еңбек маңызының жоғары екендігі байқалады.
2.2. Қорғансыздың күні повесіндегі қорғансыздар тағдыры
Жазушылық жолын драматургиядан бастаған және оны өнерінің өзге
салаларымен қатар жарыстыра, өмірінің аяғына дейін дамыта жетілдіріп,
құбылта құлпыртып әкелген Мұхтар Әуезов 1921 жылы Қорғансыздың күні
әңгімесін жазды.
Қорғансыздың күні оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы
кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара,
қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен
ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Қорғансыздар тұрмысы неткен
ауыр! Егер бүгінгілер өз отандастарының күні кешегі осы халін білмесе,
қазіргі жайын да жете бағалай алмас еді. Бұл ретте Қорғансыздың күнінде
зор тәрбиелік мән жатыр. Бұнда да автор қарапайым халықты, әсіресе
қорғансыз жандарды отаршылдар бір қорласа, ел жуандары ебін тауып екі
қорлайтынын, олардың көз жас, мұрын боғын көретін, сөзін, зарын тыңдайтын
заң, үкімет, әділет дегеннің жоқ екендігін паш етеді. Осылайша бала қыз

хайуандай жыртқыш, жаудай қатыгез, топастығы қаныңды қайнатады
Әңгіме аса әсерлі табиғат суретінен басталады: С. қаласының
оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық
деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге
Арқалық алыстан көрініп дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында созылып жатқан
көлденеңі он шақырымдай, бірақ ұзыны тәуір болғанмен енсіз кереге сықылды
жалғыз жал. Не бауыр, не сыртында ықтасын жер жоқ. Арқалық жағадай жалғыз
болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да панасы болмайды. Қыстың
басынан екі жағын қар алып, жұмыртқадай қылып тегістеп тастайды [13. 25б]
Жазушы даланы соншама қатігез етіп суреттеуі тегін емес. Қазақтың
жадау күйін, оған жаны ашымастық қыстан жаман қысып жіберген хал-ахуалын
бейнелеуге бұл сурет оқушыны даярлайтындай.
Алыстан қарағанда да бұдыры жоқ жалаңаш, көруге аса көңілсіз Арқалықтың осы
түрі оқырманды бірден-ақ бір түрлі оқыс, оқшау сезімге салып, сүреңсіз
табиғаттың әлдеқандай бір беймәлім сырынан секем алғызады. Құлазыған құла
тұз, жалаңаш жон, қаһарлы қыс, бұрқаған боран... Бұл өңірдегі табиғаттың
осы көрінісінің өзі-ақ әлдебір жұпыны, жоқ-жітік халдің хабаршысындай
адамға ауыр ой салады. Сонда бұл сурет тек қана табиғат көрінісі емес, сол
кездегі заман сипаты, адам тағдыр-тірлігінің түрі тәрізденеді.
Күшікбай туралы аңыздан кейін әңгіменің негізгі арқауы басталып,
өріле береді: қаңтар айының батар күні дүниені қызыл сәулесіне бөліп, тағы
да оқырман көз алдына өзгеше сурет жаяды: Күнге жақын тұрған ұзынша
жұқалаң бұлттардың түсі қалың өртке қызған темірдей қып-қызыл болса, одан
алысырақ тұрғандары асыр нұрдың буын ғана жалатқандай. Бұл бұл ма,
күннің қызыл сәулесі даланы да, тауды да өз өңіне кіргізген, тіпті
күнбатыс жақтан бораған ұсақ қар да күн астында қызғылттанып көрінеді.
Енді міне, Күшікбайдан асатын қара жолдың үстінде Арқалықты бетке алып,
қала жақтан бір пар атты келе жатыр. Жайдақ сары шанаға биіктеп салған
жеңіл жүгі бар, жақсы киінген екі жігіт [13, 7]. Екі қоңыр аттың
қажығандығын білдірмей көшір божы қаққан сайын ығыса жөнеліп, сар желіп
келе жатқанын суреттеген жерлерді оқығанда, дәл осы шана үстінде бейне
өзіңіз отырғандай боласыз. Қар үстінде жайлы жылжыған жайдақ шананы қос
қоңырдың божы қағылғанда жылдам тартып, ызғыта бере жөнелгені соншалық
түйсіндіреді. Мұндағы сурет те жадағай емес, дәл жазушы өзінің кенеулі
ойын, керек суретін беретін орамдар мен детальдарды ғана таңдап алған.
Бұл панасыз жерді мекендеген Күшікбай батырдың ұрпақтары кедей-кепшік
қонысы бес-алты үйдің қыстауы. Жазушы осы ауылға бет бұрған екі жолаушыны
суреттейді. Біреуі болыс Ақан мырза, екіншісі оның жандайшабы Қалтай. Екеуі
де оңып тұрған жандар емес. Ақан мырзаның бойын құмарлық билеген. Қалтай
соны біліп алған, кезекті жемтігі етіп он екіде бір гүлі ашылмаған
Ғазизаның үйіне әкеліп түсіреді...
Осы кім, қандай адам? Білу қиын емес, мына үзіндідегі жанды портретте
бәрі сайрап тұр: Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөңгелек
денелі, қысқалау мұрынды, шоқша сақалды сұрғылт беті дөңгелек, жалпақтау.
Суық қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде және түксиген қабағында
өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз-қабағына үйлеспейді. Бұл адамның
күлгендегі пішіні құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұрады.
Ақан болыстың сыртқы пішінінен ішкі сыр-бітімі ап-анық көрініп
қалады. Қасына ерткен серік қосшысы Қалтайдың мінезі мен ісі де Ақанға
ұштастырыла көрсетілген: Ақанның түндегі жүрісіне өте ыңғайлы, әрі жылпос,
әрі тілді ер жігіт еді.
Сырты жылтыраған Ақан мырзаның мінез-құлқы осылай ашыла келе тіпті тірі
адамдай тұлғаланып, дараланады.
Ақанға сыртқы түрімен де, ішкі сырымен де қарама-қарсы образ – Ғазиза-ақ
уыс бұл секілді жүгенсіз нәпсі, көзсіз құмарлық құлынан. Сыпайы, нәзік
өскен Ғазиза жіңішке, сұңғақ бойлы, аз ғана секпілі бар, дөңгелек ақсұр
жүзді. Ғазиза көрген көзге алғашқы жерден-ақ сүйкімділігін сездіретін уыз
жас. Жалғыз-ақ ұяң, жұмсақ қарайтын қара көзінде және ылғи шытынған,
кірбіңдеген қабағында қалың уайымның салған ізі бар. Пішіні мұңды, жүдеу.
Жас басына орнаған қайғы, жүреген жеген дерт сыртына шығып тұр.
Уыз жас Ғазиза, оның басындағы қайғы-қасірет оқырманға ерекше әсер етеді
де, оқырманның ықылас-назары осынау жас қызға ауады, онымен қалтқысыз
ұғысқан сыралғы дос, оны есіркейтін қорғаныш, оған қамқор серік боп кетеді.
Ғазиза басындағы ауыр уайым не? Жазушы оны да жан-жақты ашып, енді
оқырманды Ғазизаның сыртқы түрінен ішкі сырына алып енеді: Ғазизаның
уайымы осы үйдегі үш әйелге ортақ болған жесірлік, жетімдік. Бұлардың
басынан тағдырдың дауылы жаңада ғана соғып өткен. Қораның алдындағы жас
бейіттер сол дауылдың салдарынан туған. Бұл әйелдердің қуаныш-қызығы да,
үміт-қорғаны да сол суық қабірге өліктермен бірге көмілген. Ол қабірде
жатқан Ғазизаның әкесі Жақып және жаны туысқан жалғыз кішкене бауыры
Мұқаш... Иесіз қорада қуатсыз, қорғансыз үш әйел құлазып зарлап қалғанда,
маңайына жиналған көрші-қолаң ғазиздердің сүйегін суық қабірге бергенін
ойлағанда, әрқашан Ғазизаның жүрегі шаншып, өңі қашып, көзінен ыстық жасы
тамшылап кетуші еді
Жан түршітер ауыр хал, қатал шындық. Адам бұл тұста алуан сезімге
түседі, сан түрлі ойға шомады. Тағдыр неткен қатал? Қорғансыздар тұрмыс-
тіршілігі неткен ауыр? Тағдыр талқысы қандай шытырман!..
Осы аянышты халге кеудесінде жүрегі бар адам бір тебіренбей өтпес еді. Ал,
Ақан болыс ше?
Ақан болыс бұған міз бақпайды. Сексеннен асқан кәрі кемпір, соқыр
келіннің қасында отырып, тақырлау сұйық қабақтың астынан көрінген кішкене
өткір көздерін қажыған салқын жанармен жалтылдатып қойып, өздерінің адам
айтқысыз ауыр тағдырын шешіле баяндағанда Ақан түк шімірікпейді, ойы құла
далада: Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын дегендей...
Жас күнінен бір үйдің түгелімен еркелетіп, алақанына салған баласы.
Еш уақытта қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға шоқытқан емес. Жүрегінде ар-ұят
та, жігер-намыс та бірге өскен. Кедейлігінен, қорғансыздығынан басқа міні
жоқ, салмақты, таза тәрбиелі бала бұл күнде сол не көріп отыр? Жас қыздың
Ақан әлеміне қарсы күші жетпейді. Соның құрбаны болды. Бар қарсылығымен
намыс оты билеген қыз бұл өмірден өлім арқылы қоштасты. Жауыздықтың жас
құрбаны қасіретке толы өмірінің азапты ақтүтегінен адасып, өлімі мәңгі
толас тапқандай
...Ғазиза әкесі мен бауырының қабіріне барып үсіп өледі .
Өмірінің соңғы сағатында Ғазиза – мына қорлық сұмдыққа қандай қылығы
үшін тап болғанын – көк аспанға, адамдарға ашына сұрау салады. Сонда да
өмірінің ақтық минуттары да ол сұм тағдыры зұлымдығын кешірген секілді.
Балалық жүзінде Менде жазым жоқ, мен тазамын, - деген ашық тазалықтың
белгісі, қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар, - деп аяқталады
әңгіме.
Тегінде, шын мәніндегі нағыз үлкен талант өзінің өнер өрісінде
жаттығу жасап, онша ұзақ күйбеңдейтін болса керек. Әуезовтің осынау алғашқы
әңгімесінің өзінде өзгеге ұқсамайтын өзіндік мәнер-машығы бар; кібірткісіз
көсіле жөнелген жорға қаламның ізі сайрап атыр. Мұндағы шұрайлы тіл,
шырайлы стиль, дараланған адам характерлері, нәзік лиризм, терең
психологизм нәтижесінде, нақты әлеуметтік ортаның айқын сипатын беретін
таза, мөлдір шындық Сәбит Мұқановтың дәл айтылған тұжырымын сөзсіз
растайды: Қорғансыздың күні атты алғашқы әңгімесін Мұхтар шын
мағынасындағы европалық прозаның дәрежесіне көтерді
Әңгімені оқып шыққан оқушы үлкен ойға шомады. Бұл үйелмен ғана ма
қорғансыз? Иісі қазақ қорғаны кім?, - деген сауалдар еріксіз мазалайды.
Осындай үлкен мәселе көтерген жас жазушының кең құлашына, сезімнің, ойдың
небір нәзік иірімдерін соншалық бай тілмен дөп басатын шеберлігіне қайран
қаласың. Мұхтар Әуезов әңгімелерінен біз қазақ елінің сол кездегі хал-
ахуалын айнадай көреміз. Ол айнадан алдымен қазақтың жабырқау жүзін
көреміз.
Кім кінәлі? деген әңгіменің бас кейіпкері Ғазиза бойжеткен қыз. Ол
атастырған күйеуіне тигісі келмейді. Өйткені Ісләм деген жігітіне ғашық.
Ата-бабаларының дәстүрін бұзғаны үшін Ысмайыл ақсақал қызы мен әйелі
Қалиманға қатты ашулы. Бірақ көшпенді жұртта әйелдің орны бөлегірек. Мұны
жас жазушы айнытпай суреттейді. Қыздың өз тағдырын өз қолына алғысы
келетіні көшпенді елдің ерекшеліктеріне байланысты еді.
- Өсіргенің, асырағаның адыра қалсын! Балаға жақсылық үйрететін ақыл
бар ма? Сенің ақылың емес пе осыған жеткізіп отырған! Сенен басқа өзің
теңдес кісіде кімнің қызы бүйтіп бұзылып, ел-жұртқа жаманаты шығып еді?
Осы елде сенен ақымақ шеше, сенің қызыңнан антұрған қыз көрдің бе? Айтып
бер деймін соны, құдай ұрғыр! [14, 87] - деп зекіген шалына Қалиман жауабы
даяр.
- Бишара-ау, - дейді ол шалының мүсәпірлігін бетіне басып, - өз
балаңды өзің айттың ғой. Менің Ғазизамдай кімнің қызы бар екен осы
атырапта?! Патшаның, ханның қызы қандай болса, менің балам да сондай.
Кінәсі – қатыны өлген кәрі күйеуге бармаймын дейтіні ме? Ол үшін балам
жазықты емес. Тіпті қас-қабағыңа қарап үндемейін десем де қоймадың ғой, өл
де маған!
Бұл диалог қазақ тұрмысында ана рөлі әу бастан асыл болғандығына
айғақ. Шығыстағы көп халықтардан өзге әйелдер өздерін еркінірек ұстайды.
Сондықтан күйеуімен тең сөйлесіп, пікірін айтуға жасқанбайды.
Ғазиза Жақыпқа қосылғысы келмейді. Жақып Ғазизаның жеңгесі Айшадан
сәлемін айтып жібереді. Осы айтып отырғанымның бәрі де қалжың емес, шын
сөзім. Менің сөзімді елеп, ескеретін болсаң, шақырып кел! Одан бөтен
тілейтін тілегім жоқ. Көңілсіз болса, Ғазиза қайта кетер. Алып келіп,
менімен сөйлестір, - дейді. Ғазиза Жақыппен кездесіп, оны жақсы
көрмейтінін айтып кеткісі келеді. Саған жолдас болғым келмейді. Осы істің
бәріне көніп жүрсем – әуелі тағдырдың, екінші ата-ананың зорлығымен ғана
жүрмін. Ісләмді жақсы көретінім рас, құдайдан жасырмағанды адамнан
жасырайын ба!? [13, 98] - дейді Ғазиза.
Жақып қалыңдығының барлық сөзін естігеннен соң, ойға түскендей
болып, үндемей отырып қалады. Басына келген ой тәкаппарлық көрсетіп,
ірілікпен келген қыздың мінезіне не істесе лайық, соны іздеп еді. Жақыптың
ойынша: Ғазиза Ісләммен істеп жүрген ісінен ұялудың орнына бұған келіп,
соның үйреткен ісін айтып, менсінбеймін деп тұр. Бұлардың ісі – Жақыптың
аруағын сындыру, ел-жұртқа масқаралау. Жақыпты Ысмайылдың қызы
менсінбейді, оқыған жігіт Ісләмға кетіпті деген сөзді елге жайғалы отыр.
Ысмайыл да, Әзімхан да кеше Жақыптың әкесінің ығында жүретін әлдекімдер.
Бүгін Жақыптың тұсында солардың бірінің қызы, бірінің ұлы масқаралап,
мазақтап отыр. Бұл қорлықты көтеруге болмайды... Жақыптың аз іркілген
уақыттағы ойы осы.
Жақып қыздан қарсылық сөзді естіген соң, бұдан арғы ірілікке шыдай
алмай, орнынан ұшып тұрып, Ғазизаның қолынан қатты жұлқып, кеудесіне
жұдырықтап: Сен мені қалай басынасың, емексіткенде асқақтап кеткенің бе?
- деп жығып салып, жұдырықтап, тепкілей бастады.
Өмір бойында ешбір жаннан мұндай қаттылықты, мұндай тұрпайылықты
көрмеген Ғазиза бір жағынан қорланып, ызаланып, өксіп жылап, бір жағынан
қатты ашу қысып, Жақыпты сол минутте барлық жас жүрегімен өлердей жек
көріп: Өлтірсең де тимеймін! Саған қатын болғанша, қара жерге кіргенім
артық! Қасыңа жатуға жиіркенем! Қайт дейсің? - деп Жақыптың дамылсыз ұрып
жатқан соққысының астында қарсылық сөзінен тыйылмады.
Келесі күні ол қатты сырқаттанып жатып қалады, аз уақыттан кейін дүние
салады.
Ішінен шыққан әке-шеше дозаққа салған соң, енді кімнен көмек
табады? Кімге жылайды? Кім сүйейді? Осы ойлар басына келгенде, Ғазиза
өмірдің барлық тірегінен айырылғанын сезді. Ұйықтаған ауылда жалғыз ояу жан-
тыныштық алған дүниенің ортасында жалғыз өзі болғандықтан, Ғазизаның жүрегі
жетімсіреп, жалғыз моладай құлазыды.
Осы күйде тағы бірталай заман өткен соң Ғазизаның денесі қатты
тоңып, қалтырай бастады. Бұл уақытқа шейін ашумен көз жасына бойын билетіп
тұрғандықтан, денесіне салқын желдің жұқа көйлегінен өтіп тұрғанын да
ескермеп еді. Және отаудан алғашқы шыққан уақытта жатып қалған үйлердің
ешқайсысына барғысы келмей, таң атқанша тыста тұруды жөн көрген.
Табиғатынан нәзік қалыпта берілген қыз-ару тек алақанда аялауды ғана тілесе
керек-ті. Бірақ қатал тағдыр үнемі жылы құшағын аша бермей, сырт айналатын
кездері де болады екен. Сондай қатулы уақыт уысына Ғазизаның өмірі түскен
сияқты. Ғазиза әбден қиналды. Жан жарасы одан әрі тереңдеді. Сүйікті жан,
бақытты өмір, шаттық пен күлкі – көкейдегі түпсіз тұңғиық арман болып
қалды.
Дәл қазіргі келбеті кешегі ақ жарқын Ғазизадан мүлдем басқа. Гүлдей
құлпырған шырайлы жүзі солғын тартып, өңі қуарып кеткен. Атқан таң нұрын
емес, мұңын одан сайын ұлғайтқандай. Сол мұң көзінің жасын көлдей қылды.
Әке-шеше зорлығы, залым адамның зомбылығы жанына қатты батты. Батқан сайын
әдемі қара көздер ащы зардың жасына толды. Айналадағы мүлгіген тыныштықты
тек Ғазизаның көз жасының аққан дыбысы ғана бұзып тұрғандай.
Отырған жұрттың бәрі бірінен-бірі қарасып қойды, үндеген жоқ. Сол
түні таң ағарып атып келе жатқанда жас Ғазиза жылап-сықтап мұңайып отырған
әке-шеше, ағайын-туғандарының ортасында үзілді. Сұлу түсі ақырғы өлім
сағатына дейін қызыл гүлдей жайнаған әдемі көркінен айрылған жоқ еді.
Қазірде түсі тастай болып суынып, бетіне көкшіл таңба жайыла бастады.
Ғазиза жақындарына жұмбақ болған өліммен дүниеден қайтты. Иә, Қыздың жолы-
жіңішке деген сөздің шынайы келбеті көрінген секілді. Тағдыры талқыға
түсіп, бас бостандығы мен өзіндік еркіндігі өзгелердің үкімінен шешім
тапқан байғұс қыз өмірден өксіп өтті. Өксіп өтудің де реті бар еді. Әке-
шеше, ағайын-бауыр түсіне алмаған қыздың жан-дүниесі енді кімнен шешім
таппақ? Жан сарайы ащы зармен лайланып, шемен боп қатты. Іштегі күйік аз
болғандай, сұм Жақыптың тепкісі жығылғанға жұдырық болды. Сөйтіп
кеудедегі жалын-арман, от-сезім су сепкендей басылып, жанардағы ұшқын бір
мезетте өшті. Айналасын шарпып кететін ерекше көрік те өз табиғатынай
айырылғандай.
Мұхтар Әуезов осылайша, даланың кең мінезін тарылтқан тәртіпке
наразылық білдіреді. Ол патриархалдық тұрмыстың жақсылыққа баспайтын
тоңмойындығына да қарсы. Ғазизаның өлімі Ісләмнің сиқырынан улы болыпты -
деген өсекті Жақыптың ауылы таратса, бұл да керенаулық мінезден. Надан
елдің көбін бұл сияқты әңгіме сендіретін бір себеп – бұл сөздің ортасында
мінезі ұғымсыз, жүріс-тұрысы белгісіз оқыған жігіттен болғаны еді. Ісләм
өз ауылынан қалаға кететін болады. Кетіп бара жатқанда жігіт арбасын
тоқтатып, түсіп Ғазизаның бейітіне қарай беттеді... Жүректі жанышқан ыстық
дертпен қолы дірілдеп, құранның бір бетін ашқанда, әуелгі екі-үш бетінде
Ғазизаның қолымен жазылған Ісләмнің аты тұр екен. Ісләм жазулы жерді қайта-
қайта сүйгенде, көзінің жасы ыршып, қолынан құран түсіп қалып, Ғазизаның
қабырын құшақтай жығылып, өкіріп жылай бастады [13, 106].
Осылайша, жазушының Кім кінәлі? әңгімесі көңілсіз аяқталады.
Кінәлінің кім екендігін тек әрбір оқырман ғана анықтамақ.

аңғарғаны соншалық, тура осы кезде оянып, ел қатарына қосылуды туған
халқына жатып та, тұрып та, жылап та, жырлап та айтты. Осы тұрғыда ол сол
тұстағы қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, озбырлық
туралы, адамдар арасындағы надандық кесірінен туындап жататын қым-қиғаш
қайшылық, қараңғы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz