«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯ
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Ақпараттық жүйелерді жобалау» пәні бойынша
Тақырыбы: «Ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау»
(қолы)
(күні)
Жетекші
(қолы)
Комиссия мүшелері:
(қолы)
(қолы)
(қолы)
. К.
(фамилиясы , аты-жөні)
(фамилиясы, аты-жөні)
(фамилиясы, аты-жөні)
(бағасы)
Семей 2012
ҚАЗАҚ ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯ
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА
Студент Группа ИС-31
(фамилиясы, аты жөні)
- Тақырыбы«Ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
- Курстық жұмысты тапсыру уақыты
« » 2012 ж.
- Курстық жұмыстың алғашқы сипаты:
Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.
Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Осындай қолданбалы программалық жабдықтамалар жасау көптеген жүйелік программалар арқылы жүргізіледі, олар: Visual Basic, Delphi, Power Builder, Power Point, т. б.
Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу құралын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет.
4. Курстық жұмыстың мазмұны:
- Кіріспе
- Аналитикалық бөлім
- Конструкторлық бөлім
- Технологиялық бөлім
- Қорытынды
- Графикалық материалдаркестелер, суреттер
Курстық жұмыстың жетекшісі
қолы, мерзімі фамилиясы, аты-жөні
Курстық жұмыстың тапсырмасын алдым: « ___»
Қолы
Кіріспе
Соңғы жылдары білім беру үрдісіне ақпаратты технологияларды енгізуге, оқу бағдарламаларын және электрондық кітапханаларды құруға, желілік құрылымның дамуына, сонымен қатар білім берудің жаңаша түрлеріне көп көңіл бөлінуде. Орта білім беру, орта кәсіптік білім беру, жоғарғы оқу орындарының ақпараттандыру үрдісіне білім беру ортасын құру, яғни базалық арнайы пәндерді оқыту және білімді бақылау үдерісінің сапалы өзгерісі маңызды орын алады. Орта білім беру, орта кәсіптік білім беру, жоғарғы оқу орындарының ғылыми және оқу ақпараттық ресурстарын құру процесін автоматтандыру және дамыту нәтижесінде оқыту мүмкіндігін кеңейтуге болады. Барлық адамның жоғарғы білім алуын қамтамасыз ету қажет. Жоғарғы білім алу білімгердің қабілетін, мүмкіндігімен, табандылығымен, күшімен, табандылығымен анықталуы тиіс.
Білім берудегі оқыту үдерісін ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін материалды-техникалық және оқу әдістемелік база қажет. Соның ішінде ерекше атап өтуге болатын әдістемелік электронды оқулықтар болып табылады. Олар оқу үдерісін даралау мен дифференциялдауға, қатені тексеруді бақылау мен кері байланысты жүзеге асыруға, оқу барысында өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі түзетуді, әртүрлі жағдайда тиімді шешім қабылдай білу ептілігін қалыптастыруға, ойлаудың белгілі бір типін дамытуға (көрнекті-бейнелі, теориялық), оқуға ынтасын күшейтуге, танымдық іс-әрекетінің мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта электрондық оқулықтар мен оқу құралдарын жасау мәселесі өзекті болып табылады. Толық өңделген электронды оқулық лекция барысында-демонстрациялау құралы, компьютерлік кластарда өзіндік жұмыстарды орындау үшін-репетитор, компьютер, емтихан алушы алдында-тәжірибелі жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау ретінде қызмет атқара алады. Дегенмен, электрондық оқулық осы функциялардың барлығын орындау үшін оқулықты құрастырушы оқытушының педагогикалық шеберлігі, оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескертетін күрделі әдістемелік құрал болу қажет.
Электрондық оқулықтың оқу процесінде алатын орны оны жасаудың әдіснамасын өңдеу қажеттілігі мен толық дамымағандығы арасында қарама-қайшылық тудырады, соның нәтижесінде зерттеу мәселесі айқындала түседі.
Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақты өткізудің жаңа мүмкін-дігін - қашықтан оқытудың енуін берді. Ол біріншіден, үйренушінің өзіне оқу уақыты мен орнын тағдауына, еніншіден, қандай да бір себептермен дәстүрлі білім алудан шеттетілген адамдарға білім алуға, үшіншіден, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға, төртіншіден, оқытуға кететін шығынды белгілі бір мөлшерде азайтуға мүмкіндік береді. Басқа жағынан қашықтан оқыту білім беруді жекешелендіру мүмкіндігін арттырады.
Қашықтан оқытуда электронды оқулықтар қолданылатыны белгілі. Электрондық оқулықтарды құру ақпараттық материалдардың әркез жаңарып отыруына байланысты мәселені шешуге мүмкіндік береді. Оларда, сонымен қатар, жаттығулар мен мысалдардың мол болуы және ақпараттың әр түрінің көрнекі түрде берілуі мүмкін. Сонымен бірге электрондық оқулықтар көмегімен білімді тексеру - компьютерлік тест орындалады.
Білім беру саласында "электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электрондық оқулықтарды қолдану тәжірибесі студенттер мен оқушылардың берілген материалды сапалы түрде меңгеретінін көрсетті. Бұған тестілеу қорытындылары куә. Олай болса ақпараттық технологияның дамуы білім беруде жаңа әдістер мен әдістемелерді ойлап табуға және сол арқылы оның сапасын арттыруға толық мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін - өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады да, оларды ауылдық жерлерде, мұғалім жетіспейтін жерлерде көбіне қажет етеді.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электрондық оқулық мазмұны жағынан толық, жоғары деңгейде ақпараттанған және дарынды жазылуы қажет. Қашықтан білім алуда оқулықта барлық электрондық-методикалық құралдары кіруі керек.
Дәл осындай оқулықты кез-келген оқушыға ұсынуға болады және студенттердің өз бетінше дайындалуы кезінде жақсы көмекші құрал болып табылады. Сонымен қатар сынақтарға және әр пәннен өтетін емтихандарға дайындалуға да көмектеседі.
Қазіргі уақытта оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуда. Мұндай оқу көздеріне деген қызығушылықтың артуы мультимедиалық технологиялардың пайда болуымен және коммуникациялық құралдар, Интернет желісінің дамуымен байланысты.
1 Аналитикалық бөлім
1. 1 Электрондық оқулық туралы мәлімет
1. 1. 1. Электрондық оқу басылымына қойылатын жалпы талаптары мен міндеттері
Электрондық оқу басылымының (ЭОБ) обьектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын обьектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болуы керек.
- ЭОБ оқу мақсаттарына тікелей сәйкес келмейтін, яғни оқу курсының мазмұнына жатпайтын және пайдаланушының назарын өзіне аудартатын ақпаратты қамтымау керек.
- ЭОБ-да интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді болуы мен қатар, пайдаланушы қате іс әрекеттер жібермеу үшін ЭОБ-ның және оның жеке бөліктерінің жұмыс істеу логикасын түсінуге көмектесетін түрде болу керек.
- ЭОБ-да оқылатын обьектілер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту үшін, сонымен қатар сыртқы әрекеттерді имитациялау үшін, сонымен қатар сыртқы әрекеттерді имтациялау үшін, имитациалық компьютерлік моделдер ыңғайлы құралдармен жабдықталуы керек. Компьютерлік моделдермен өзара- әрекет мәселелері оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан оқушының көңілін бөлмей, оларды меңгеру үшін интеллектуалды ынтаны елеулі азайтатындай болуы керек.
- ЭОБ жабық та, ашық та ортада қолдану мүмкіндігіне ие болу керек .
- Жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе локалды компьютерлік желіде орыналушы программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болуы керек. ЭОБ ашық орта глобалды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа браузерлерді қолданады.
- ЭОБ қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің, соның ішінде ашық кодты операциялық жүйелердің, нұсқасын ескере отырып автоматты түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болуы керек . Орнату комплектінде мемілекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес ЭОБ-ның тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болуы керек.
- ЭОБ қажетті өзгертуді енгізуді оңайлату және сынақтан кейін программаның алғашқы кодын өзгертпей ЭОБ-ның мазмұнын жетілдіру мүмкіндіктері болуы керек, сонымен қатар оқу материалдары мен статистикалық деректерге рұқсатсыз болмауы керек.
- ЭОБ- ның құрамын: титул, мазмұн, контент, утилиталар, көмекші және құжаттама енгізу керек.
Титулда ЭОБ-ның шығу мәліметтері орналасады. Шығу мәліметтеріне қойылатын талаптар осы стандартың сәйкес тарауында келтірілген .
Тақырыпнама ЭОБ-ның құрылымен барлық семантикалық оқу бірліктерінің атаулары көрсетілуі керек.
Контентте ЭОБ -ның мақсаттары мен есептеріне қатысты, және білімді қорытынды бақылау өткізуге қажет, барлық оқу материалы берілуі керек. Оқу материалы ғылыми терминологияны пайдаланып түсінікті, дәл, толық және қарама қайшылықсыз жазылуы керек .
Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді шығару, мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту, ағымдағы, аралық, белестік және қортынды тестілеуді жүргізу үшін арналған.
Көмекшіде ЭОБ-ның жұмысын басқару бойынша ақпарат және ЭОБ-ның іске қосылуы моментінен бастап қолжетпек болуы керек.
Ақпараттық қоғамның негізгі бағыттарының бірі - білім саласын ақпараттандыру болып саналады, яғни білім жүйесін жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану методологиясымен және және оны жүзеге асыру практикасымен қамтамасыз ету процесі болып саналады.
Қазіргі кезде ашық және басқа да оқыту жүйесінде қолданылатын ақпараттық компьютерлік технологиялық (АКТ) құралдарға электронды оқыту басылымдары (ЭОБ) жатады. ЭОБ - ын жасау ҚР білім жүйесінің барлық түрлері мен деңгейлерін ақпараттандырудағы негізгі стратегиялық бағыты болып саналады. Электронды оқыту құралдарын жасау және пайдалану екі бағыт бойынша дамиды:
- Әртүрлі оқыту пәндері бойынша автоматтандырылған оқыту жүйелері құрылады. Автоматтандырылған оқыту құралдарының негізі ретінде педагог - құрушыларға өздерінің әдістемелік материалдарын мәліметтер қорына енгізіп, арнайы тіл немесе инструментальдық құралдар арқылы оларды оқытудың алгоритмін беруге болатын авторлық жүйелер жатады.
- Адамзат жұмысының әртүрлу саласын ақпараттандырумен байланысты. Бұл бағытты компьютерлік оқыту программалары, программалар пакеті, көп еңбек етуді қажет ететін есептеулерді, оптимизациялауды, математикалық модельдерді жеңілдету үшін автоматтандыру жүйелерінің элементтері дамығын.
Қазіргі заманғы ЭОБ оқушыға ыңғайлы индивидуалды қарқынмен теорияны оқуға, эксперименталды зерттеулер жүргізуге, практикалық дағдыларды қалыптастыруға, өзін - өзі тексеруге мүмкіндік береді.
- оқушының білім деңгейін, дағдысын және іскерлігін бақылауға және бағалауға арналған программалық құралдар.
- электронды жаттықтырушы
- математикалық және иммитациялық модельдеуге арналған программалық құралдыр.
- қашықтықтан лабораторияларды оқытуға арналған программалық құралдар
- ақпараттық - іздеу анықтамалық жүйелері
- электронды оқулықтар
- интеллектуалды оқыту жүйелері
- мамандық бойынша автоматтандыру құралдары (өндірістік жұйелер немесе оларды оқыту аналогтары)
- Ортақ қолдануға арналған сервистік программалық құралдар көп
ойлануды қажет ететін есептеулерде, эксперименттік бақылаулардың берілгендерін өңдеуде автоматтандыру үшін қолданылады. Олар лабораториялық, практикалық сабақтарда, студенттік өзіндік жұмысын ұйымдастыруда қолданылады.
- жаттықтырушылар іскерлік пен дағдыны өңдеуге арналған. Бұндай құралдар өте қиын және төтенше жағдайларда апатқа қарсы жағдайды өңдеуді оқытуда әсіресе тиімді. Нақты құралдарды жаттығу үшін қолдану көптеген жағдайларға байланысты қолайсыз (тоқ берудегі үзіліс, авариялық жағдайлар туғызу қаупі, үлкен қауіптілік т. б. ) . Сондай - ақ электронды жаттықтырушыны есептеулерде іскерлік пен дағдыны қалыртастыру үшін қолданылады.
- Математикалық модельдеуге арналған құралдар эксперименттік және теориялық зеттеулер шекараларын кеңейтуге, физикалық экспериментті есептеуге мүмкіндік береді. Бұндай құралдар қымбат лабораториялық құрылғыларды алуды шектеуге көмектеседі, зертханаларда жұмыс істеу қаупі азаяды.
- Ақпараттық - іздеу анықтамалық жүйелері қолданушыға әртүрлі ақпаратты енгізуге, сақтауға және беруге арналған. Оларға әртүрлі белгілері бойынша ақпаратты тез тез табуға көмектесетін иерархиялық ұйымдастырылған гиппертекстік және гипермедиялық программалар әртүрлі мәліметтер қорлары жатады.
- Автоматтандырылған оқыту жүйелеріне, әдетте аз көлемді, оқушыға теориялық материалдармен танысуды, жаттығуды және білім деңгейін тексеруді ұйымдастыратын оқыту программалары жатады.
Электронды оқыту құралдарын лекцияларда, лабораторияларда, лабораториялық жұмыстарда, өз бетімен оқуда немесе нәтижелік бақылау жүргізгенде пайдалана беруге болады. Негізінен оқушының білім деңгейін бақылауға және тестілеуге арналған программалық оқыту құралдары, сондай - ақ өзінде сондай құралдары бар ЭОБ кең тараған. Олар оқытушыны көп вариантты практикалық тапсырмалар жасаудан, бақылаудан және орындауын тексеруден босатады. Осындай жағдайдағы білімді жиі тексеру оқуға ынталануды көтереді. АКТ - ны пайдалану - оқыту және жетілдіру мақсаттарына тиімді түрдк қол жеткізуге болатын білім жүйесін құруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің артықшылығы:
- оқытудың жоғарғы нәтижелілігі
- әртүрлі білім мекемелері үшін икемділігі мен бейімделгіштігі.
- жүйенің жеңіл өзгертілуі мен толықтырылуы (тесттерді толықтыруға, файлдарды өзгертуге болады) .
1. 1. 2 Электрондық оқу құралының мазмұны мен қолданылуы туралы
Электрондық оқу басылымының мазмұн құрылымына қойылатын талаптар:
ЭОБ-ның контенті үш деңгейлі семантикалық оқыту бірліктеріне бөліну керек: 1 - модулдер, 2 - блоктар, 3 - сабақтар.
Модул блоктан блокқа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы ірі синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.
Блок сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы орташа синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.
Сабақ минималды синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі және ол бірнеше оқыту элементтерінен тұрады. Сабақтағы міндетті оқыту элементтері болып теориялық материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал мiндеттi емес элементтерге оқыту ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамасыз ететін анықтамалық, графика, аудио және видео жатады.
Теориялық материал таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және түсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.
Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерiн жаттығуды орындау, есептi шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т. б. түрiнде деталды талдауын қамтамасыз етуi керек.
Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының iшкi байланысын анықтауға, олардың әртүрлi сыртқы әсерлер кезiндегi функционалдық қасиеттерiн зерттеуге және жаттығуларды орындау мен есептердi шешудегi практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек. Тапсырмалардың тұжырымдамасында атқарылатын iс-әрекеттердiң ретi мен күтілетін нәтижеге және олардың берiлу формасына қойылатын талаптарға түсiнiктемелер болуы керек.
Сұрақ-жауаптар бiлiмдi меңгеру үшiн және практикалық жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетiлдiру үшiн қиындық деңгейі, сипаты және жауаптардың берiлу пішімі бойынша түрленуі керек.
Тестер сұрақтар мен олардың жауаптарының вариантарын қамтуы керек. Тестер дұрыс жауапты таңдау кезiнде қарапайым табу әдiсiн қолданбау үшiн мағынасын түсiнбей жауап беретiн сұрақтарды қамтымауы керек. Оқушы оқу материалын терең бiлгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшiн дұрыс емес жауаптар өздерiнiң мазмұны бойынша дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тестер оқушылардың iс-әрекеттерi мен жауаптарында болатын әдеттегi қателер туралы ескертулер мен сол қателердi жiбермеу және түзету туралы түсiнiктемелерді қамтуы мүмкiн.
Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау, есептердi шешу мен тәжiрибе өткiзуге, курстық, дипломдық және т. б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелiк, графикалық және басқа оқу-әдiстемелiк мәлiметтер қамту керек.
Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтары мен жағдайларын ашу және көрсету үшін қажеттi қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.
Тезаурус ЭОБ-ң пән аймағына байланысты терминдер және қысқартулар сөздігін қамту керек.
Соңғы уақытта компакт-дискідегі, сонымен қатар Интернет желісіндегі әртүрлі электрондық басылымдарды құру құрастырушылардың, мұғалімдердің және оқушылардың да көңілін аударуда.
Электронды оқулық мына жағдайларда өте тиімді:
- тез арадағы кері байланысты қамтамасыз етеді;
- кәдімгі оқулықтан іздегенде қиындық келтіретін керек ақпараттарды тез табуға көмектеседі,
- гипертексті анықтамаларға тоқталуда уақытты көп үнемдейді;
- қысқа мәтінмен қатар - көрсетеді, айтады, моделдейді және т. б. (бұл жерде мультимедиа технолгиясының мүмкіндіктері көрінеді) ;
- белгілі бір бөлімге сәйкес білімдерін тез арада тексеруге мүмкіндік береді.
Электронды оқулықтардың әдеттегі құрылысы: оқу материалдарын ұсыну, іс-тәжірбие, тестілеу. Курстың әрбір мағыналы фрагменттері іс-тәжірбие және бақылау жұмыстары арқылы, ал әрбір үлкен бөлімдер - тест немесе сынақ арқылы аяқталады.
Жаңа буынның электронды оқулығы мынадай жүйелерді қамтуы тиіс:
- курс ядросы;
- иллюстрациялы оқу-анықтамалық комплексі;
- виртуалды лаборатория мен интерактивті моделдер комплексі;
- тестілік комплекс;
- іздеу комплексі;
- көмек жүйесі;
- методикалық көмек жүйесі.
Жоғарыда көрсетілген жүйе интеграциясы мына негізгі қасиеттерге сәйкес интерактивті оқу курсын құру керек:
- қазіргі белсенді-іскерлі оқыту тәсілдерінен хабарар ету: әр оқушыны оқу процесіне ынталандыру, оқушылардың өз бетілік жұмысын ұйымдастыру, т. б;
- оқудың негізгі факторларын аралас қолдану;
- орта мектепте оқытылатын барлық тақырыптарға арналған оқу, анықтамалық және тестілік материалдардың ауқымды көлемі және осы материалдарды нәтижелі ұйымдастыру;
- оқу ақпараттарын берудегі көрнекіліктерді көбейту;
- оқушылардың өз бетілік шешім қабылдауына және оқу материалдарын шығармашылық игеруіне қажет ситуациялық сұрақтарды құру мүмкіндігі;
- оқушылардың өз бетілік жұмысының қорытындысына бақылау жасау;
- оқытушылардың есептер жинағын толтыруға, сабақтарды, бақылау жұмыстарын, жекелеген есептерді құруға арналған құрал-жабдықтарды жасау;
- оқушылар мен оқытушылар арасында виртуалды кеңес арқылы кері байланысты ұйымдастыру;
- оқытушыларға арналған методикалық материалдардың толық жиынын жасау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz